жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: «Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?» - дейді
Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол - ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі - мұғжиза келтірсін», - деді
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу / Кітап / берілген қауымнан сұрандар
Керісінше! Біз ақиқатты жалғанның үстіне тастаймыз. Сонда ол / шындық / оны күйретеді. Сөйтіп, ол / жалған / кетеді, әрі сипаттағандарың үшін сендерге қасірет бар
Егер екеуінде / аспандар мен жерде / Аллаһтан басқа құдайлар болғанда, ол екеуі де бүлініп кетер еді. Аршының Раббысы - Аллаһ олардың сипаттағандарынан / жапқан жалаларынан / пәк
Әлде олар Одан басқаларды құдайлар етіп алды ма? Айт: «Дәлелдеріңді келтіріңдер. Бұл / ақиқат, дәлел / - менімен бірге болғандардың Еске салуы / Құран / әрі менен алдын болғандардың Еске салуы / Тәурат, Інжіл / »,- деп. Негізінде, олардың көпшілігі ақиқатты білмейді, сондықтан олар теріс бұрады
Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді / шапағат етпейді / . Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады
Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер / Аллаһқа сенуден бас тартқандар / көрмей ме / білмей ме / ? Олар сонда да сенбей ме
Ал, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» - дейді. Әрі өздері әр-Рахманның / аса Қайырымдының / еске салуын / Құранды / теріске шығарады
Сондай-ақ, саған дейінгі елшілер де келеке етілген еді. Сонда оларды / елшілерді / келеке еткендердің мазақ еткен нәрселері өздерін орап алды / бастарына келді
Анығында, Біз оларды және аталарын / бұл өмірде / оларға өмір ұзақ созылғанға дейін пайдаландырдық. Біз жерді жан-жағынан кемітіп келе жатқанымызды олар көрмей ме? Сонда, үстем болатын солар ма
Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік
Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар / жетекшілер / еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды
Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық
Әрі біз оны / дұрыс шешімді / Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық / үкім шығаруды / және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге / Аллаһты / дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік
Әрі біз оған / Дәуітке / , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме / берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме
оның тілегін қабыл етіп, ондағы зиянды кетірдік. Әрі Өз тарапымыздан мейірім етіп және құлшылық етушілерге еске салу / ғибрат / ретінде, оған оның үй ішін және олармен бірге тағы сонша қосып бердік
Әрі балық ішінде болғанға да / Йунусқа / . Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Мен әділетсіздерден болдым», - деп жалынды
оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар / пайғамбарлар / жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді
Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да / Мәриямды / . Біз оған Өзіміздегі рухтан / Жәбірейіл арқылы / үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік
Хақ уәде жақындады. Сонда, сондай күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көздері шақырайып, олар: «Сорымыз құрысын! Біз бұдан қаперсіз болдық. Иә, біз әділетсіз болдық»,- дейді
Ол күні аспанды жазба / жазуғаарналған / парақтарды орағандай ораймыз. Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз / қайта жаратамыз / . бұл, Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз / оны / істеушіміз