Kazakh

Translation: kaz-khalifahaltaich

Author: Khalifah Altai Charity Foundation

Фатиха

Surah 1

[1] Аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен

[2] Барлық мақтау әлемдердің Раббысы - Аллаһқа

[3] аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіге

[4] Есеп күнінің Билеушісіне

[5] Саған ғана құлшылық жасаймыз әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз

[6] Бізді тура жолмен жүргізе гөр

[7] игілікке бөлегендеріңнің жолымен! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолымен емес

Бақара

Surah 2

[1] Әлиф Ләм Мим

[2] Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші

[3] Олар ғайыпқа сенеді, намазды толық орындайды әрі Біз өздеріне берген ризықтан бір бөлігін жұмсайды

[4] Ей, Мұхаммед! / Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрын түсірілгенге сенеді және соңғы, ақиретке айқын сенеді

[5] Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар

[6] (Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді

[7] Аллаһ олардың жүректері мен естулерін мөрлеген және олардың көрулеріне - перде қойған. Сондай-ақ, оларға өте үлкен азап бар

[8] Әрі адамдардың кейбірі: «Аллаһқа және Ақирет күніне сендік», - деп айтады. Бірақ олар иманды адам емес

[9] Олар Аллаһты және иманға келгендерді алдамақшы болады. Бірақ олар өздерін ғана алдайды әрі оны сезбейді

[10] Олардың жүректерінде дерт бар. Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Әрі оларға өтірік айтқандары себепті күйзелтуші азап бар

[11] Ал, оларға: «Жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар!» - деп айтылса: «Шын мәнінде, біз - тек қана түзетушіміз», - дейді

[12] Біліңдер! Ақиқатында, нағыз бұзушылар - солардың өздері, алайда олар оны сезбейді

[13] Әрі оларға: «Адамдар иманға келгендей, сендер де иманға келіңдер!» - делінсе, олар: «Осы ақымақтарға ұқсап иман келтіруші боламыз ба?» - дейді. Біліңдер! Ақиқатында, нағыз ақымақ - төмендер солардың өзі. Бірақ, олар мұны білмейді

[14] Олар / мұнафиқтар / иманға келгендерді кездестірсе: «Біз де иманға келдік»,- дейді. Ал, қашан шайтандарымен оңаша қалса: «Шын мәнінде, сендермен біргеміз, біз оларды мазақ етіп қана жүрміз», - дейді

[15] Аллаһ оларды масқара етіп, шектен шығуда лағып жүрулерін арттырып қояды

[16] Міне, осылар - адасуды тура жол орнына сатып алғандар. Оларға бұл саудалары пайда бермеді әрі олар тура жолмен жүрмеді

[17] Олардың мысалы - от жағуды қалаған біреу секілді. Оның айналасын от жарық қылғанда, Аллаһ олардың нұрын алып қойып, қараңғы түнекте көрмейтін етіп қалдырды

[18] Олар / саңырау, мылқау және соқыр.Әрі олар қайтпайды

[19] Немесе аспандағы жаңбыр бұлты секілді. Оның ішінде қараңғы түнектер, күн күркірі және найзағай бар. Олар найзағайдан-өлімнен қорыққандай, саусақтарын құлақтарына тығады. Аллаһ - кәпірлерді толық Қамтушы

[20] Найзағай олардың жанарларын алып қоя жаздайды. Оларға жарық түскен сайын, олар жарықта жүреді де қараңғылық түскен кезде, олар тұрып қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың көзі мен құлағын алып қояр еді. Аллаһ әрбір нәрсені Жасай алушы

[21] Ей, адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды да жаратқан өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар - тақуа болуларың үшін

[22] Сол / Аллаһ / сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратты. Әрі аспаннан су түсіріп, сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарды. Енді біле тұра, Аллаһқа ешкімді / серік қосып / ,теңестірмеңдер

[23] Ал, егер құлымызға түсіргенімізден күмәнда болсаңдар, сол түсіргенімізге ұқсас бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге куәларыңды шақырыңдар, егер шын сөзді болсаңдар

[24] Ал, егер мұны жасамасаңдар, - сендер оны ешқашан жасай алмайсыңдар, ендеше, отыны адамдар және тастар болатын Оттан қорқыңдар. Ол кәпірлер үшін әзірленген

[25] Ей, Мұхаммед! / Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», - дейді. Оларға / Жәннатта / оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады

[26] Ақиқатында, Аллаһ масаны және одан да арғысын мысал етіп келтіруден ұялмайды. Иманға келгендер болса, оның / бұл мысалдың / өздерінің Раббысынан / келген / ақиқат екенін біледі. Ал, күпірлікеткендер: «Аллаһ осы мысал арқылы нені қалады?» - дейді. Ол осы арқылы көбін адастырып, әрі онымен көбін тура жолға түсіреді. Бірақ, Ол онымен бұзықтардан басқаны адастырмайды

[27] Олар / бұзықтар / , Аллаһқа берген серттерін бекіткеннен кейін бұзады және Аллаһ үзбей сақтауды бұйырғанды үзеді, әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасайды. Міне, солар - зиянға ұшырайтындар

[28] Сендер Аллаһқа қалай күпірлік етесіңдер? Өлі / жоқ / едіңдер, Ол сендерді тірілтті. Кейін өлтіріп, тірілтеді, одан соң Оған қайтарыласыңдар

[29] Ол / Аллаһ / сондай, сендер үшін жер бетіндегі барлық нәрселерді жаратқан. Кейін аспанға / оны жаратуға / назар аударып, оны жеті аспан етіп жасады. Ол - барлық нәрсені Білуші

[30] Кезінде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде бір халифа жасаймын!» - деді. Періштелер: «Онда / жерде / бұзу-бүлдірушілік жасап, қан төгетін біреуді жасайсың ба? Ал, біз Сені мақтап, ұлықтаймыз және / барлық кемшіліктен / пәк деп білеміз», - деді. Аллаһ: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін!»-деді

[31] Әрі Ол / Аллаһ / , Адамға барлық атауларды үйретті, кейін оларды періштелерге көрсетіп: «Шын сөзді болсаңдар, Маған мыналардың / осы нәрселердің / аттарын айтып беріңдер», - деді

[32] Олар: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Бізде, Сен үйреткеннен басқа білім жоқ. Шын мәнінде, Сен бәрін Білуші, аса Данасың!» - деді

[33] Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Адам! Оларға атауларын айтып бер»,- деп айтты. Сонда / Адам / оларға ол нәрселердің атауларын айтып бергенде, / Аллаһ / : «Мен сендерге аспандардың және жердің ғайып нәрселерін білемін, сондай-ақ, сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» - деді

[34] Әрі сонда періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар», - дедік. Сол кезде періштелер сәжде қылды. Тек Ібіліс бас тартып, өзін жоғары қойды да кәпірлерден болды

[35] Әрі Біз: «Ей, Адам! Сен және жұбайың жәннатта тұрыңдар. Одан / жемістерінен / ұнатқандарыңша, қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар. Онда әділетсіздерден боласыңдар», - дедік

[36] Шайтан ол екеуін одан сүріндіріп, қателестірді, сөйтіп оларды болған мекендерінен шығарды. Біз: «Түсіңдер! Сендер бір-біріңе жаусыңдар. Жерде сендер үшін бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», - дедік

[37] Сол кезде Адам Раббысынан бір сөздерді қабыл алып / кешірім сұрағанда / , Ол оның күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл алды. Анығында, Ол - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді

[38] «Барлығың одан / Жәннаттан / түсіңдер. Менен сендерге тура жол келген кезде, кім Менің тура жолыма ерсе, оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», - дедік

[39] Ал, аяттарымызға күпірлік еткендер / қарсы келгендер / және өтірік деп санағандар, міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар

[40] Ей, Исраил ұрпақтары! Менің сендерге берген игілігімді еске алыңдар және Менің сертіме берік болыңдар, Мен де сендерге берген сертті сақтаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар

[41] Әрі өздеріңдегінің / Тәураттың / шындығын дәлелдеуші етіп, Мен түсіргенге / Құранға / сеніңдер әрі оған күпірлік етушілердің / мойындамаушылардың / алдыңғыларынан болмаңдар. Аяттарымды түкке тұрғысыз бағаға сатпаңдар және тек Менен қорқып, сақтаныңдар

[42] Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біле тұрып жасырмаңдар

[43] Әрі намазды толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер

[44] Сендер Кітапты / Тәуратты / оқи тұра, адамдарды игілікке бұйыра отырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Ақылдарыңды істетпейсіңдер ме

[45] Сабыр және намаз арқылы / Аллаһтан / жәрдем тілеңдер. Шындығында, ол / намаз / бойсұна беріліп тұратындардан басқаларға өте ауыр келеді

[46] солар, өздерінің Раббысымен жолығатындықтарына әрі Оған қайтушы екендіктеріне айқын сенетіндер

[47] Ей, Исраилдің ұрпақтары! Сендерге берген игілігімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар

[48] Біреу өзге біреуге ешқандай пайда бермейтін, шапағат етуі / араға түсуі / қабыл етілмейтін әрі одан / күнәсін өтейтін / төлем алынбайтын және оларға көмек берілмейтін Күннен сақтаныңдар

[49] Кезінде Біз сендерді ауыр азапқа салған - ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдыратын - Фиръаунның әулетінен құтқардық. Мұнда сендер үшін өздеріңнің Раббыңнан ұлы сынақ бар

[50] Әрі кезінде сендер үшін теңізді қақ айырып, құтқардық та, фиръаун тобын көз алдарыңда суға батырдық

[51] Әрі сол уақытта Мұсаға қырық түн белгіледік. Содан соң / ол кеткен кезде / сендер оның артынан әділетсіздік етіп, бұзауды / құдай етіп / алдыңдар

[52] Содан кейін, шүкір етулерің / Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді кешірдік

[53] Әрі сол кезде сендердің тура жолға түсулерің үшін Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / және фурқанды(жақсы – жаманды айырушы) бердік

[54] Әрі сонда Мұса еліне: «Әй, елім! Ақиқатында, сендер бұзауды құдай етіп алумен өздеріңе әділетсіздік жасадыңдар! Енді күнәларың үшін өздеріңнің Жаратушыңа бойсұнуға қайтып / тәубе қылып / өздеріңді өлтіріңдер. Осыны істеулерің Жаратушыңыздың алдында өздерің үшін қайырлы»,- деді. Сонда / Аллаһ / күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Әлбетте, Ол - тәубені қабыл етуші, ерек­ше Мейірімді

[55] Әрі сол кезде сендер: «Ей, Мұса!Аллаһты ашық көрмейінше, саған сенбейміз», - дедіңдер. Сонда сендерге, өздерің қарап тұрған кездеріңде найзағай тиді

[56] Содан кейін, өлгендеріңнен соң, сен­дерді шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін қайта тірілттік

[57] Әрі сендерге бұлтты көлеңке етіп, мәнн (ол аса қиындықсыз табуға болатын азық – түлік өнімдері) және сәлуәні (Бөдене секілді құс) түсіріп: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Ал, олар Бізге әділетсіздік етпеді, алайда өздеріне әділетсіздік жасады

[58] Әрі сол кезде оларға: «Осы кентке кіріңдер де оның қалаған жерінен емін-еркін жеңдер. Ал / кентке / қақпадан иілген халде кіріп: «Хытта» / күнәмізді кешір / деп айтыңдар. Біз сонда күнәларыңды кешіреміз әрі ықыласпен жақсылық істеушілерге / сыйларын / арттырамыз», - дедік

[59] Сонда әділетсіздік жасағандар өздері - не айтылған сөзді басқа сөзге ауыстырды.Сондықтан Біз әділетсіздік істеушілерге, бұзықтықтары / бойсұнбаулары / себепті, аспаннан азап түсірдік

[60] Әрі кезінде Мұса елі үшін су сұрағанда, Біз: «Таяғыңмен тасты ұр», - дедік. Одан он екі бұлақ жарып шықты. Сөйтіп адамдардың әрбірі өздерінің су алатын жерін білетін болды. / Оларға: / «Аллаһтың берген ризығынан жеп-ішіңдер және жер жүзінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - делінді

[61] Әрі сонда сендер: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамаққа шыдай алмаймыз. Біз үшін Раббыңнан тіле, бізге жерде өсетін көкөнісінен, қиярынан, сарымсағынан, бұршағынан және пиязынан шығарып берсін», - дегендеріңде ол: «Сендер жақсы нәрсені төмен нәрселерге ауыстырасыңдар ма? Кез келген қалаға түсіңдер, сендерге сонда сұрағандарың бар», - деді. Сонда оларға қорлық пен жоқшылық түсірілді әрі Аллаһтың ашуына ұшырады. Мұның себебі - олардың Аллаһтың белгілеріне күпірлік етулері / оны теріске шығарулары / әрі пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері. бұл - олардың бойсұнбаулары мен шектен шыққандықтары үшін

[62] Ақиқатында, иманға келгендердің, сондай-ақ иудей, христиан және сабийлерден (Аллаһқа сенетін, бірақ шариғаттары болмаған халық) Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарының сыйлары - олардың Раббысында. Оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[63] Әрі кезінде Біз сендерден серт алдық және үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз сендерге бергенді мықты ұстанып, оның ішіндегіні еске алыңдар тақуалық етулерің үшін», - дедік

[64] Содан кейін, сендер бұрылып кеттіңдер. Егер де сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, зиян шегушілерден болар едіңдер

[65] Әрі сендер өздеріңнен сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Бізоларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», - дедік

[66] Біз мұны сол кездегілерге және олардан кейінгілерге көрнекі жаза, ал тақуалар үшін насихат еттік

[67] Әрі кезінде Мұса өз еліне: «Аллаһ сендерге бір сиырды бауыздауды бұйырады»,- деген еді. / Олар / : «Бізді мазақ етіп тұрсың ба?» - деді. Мұса: «Надандардан болудан Аллаһқа сиынып, қорғауын сұраймын»,- деді

[68] Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, оның қандай екенін түсіндіріп берсін», - деді. / Мұса: / «Ол / Аллаһ / айтты: «Ол кәрі де, жас та емес, осы екеуінің ортасындағы бір сиыр», - деп. Енді өздеріңе бұйырылғанды орындаңдар», - деді

[69] Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның өңі қандай екенін түсіндіріп берсін»,- деді. / Мұса: / «Ол айтты: «Ол өңі ашық сары түсті сиыр, көрушілерді сүйсіндіреді», - деп»,- деді

[70] Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның қандай екенін түсіндіріп берсін. Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Аллаһ қаласа, тура жолда боламыз.», - десті

[71] Мұса: / «Ақиқатында, Ол: «Ол жер жыртуға жегілмеген және егін суғармаған, дені сау, бойында еш дағы жоқ сиыр», - деп айтты», - деді. Олар: «Міне, енді шындықты әкелдің», - деді. Сөйтіп, олар оны бауыздады, дегенмен олар оны орындамауға жақын еді

[72] Міне, сендер біреуді өлтіріп, сол жөнінде тартыстыңдар. Ал, Аллаһ - жасырғандарыңды әшкере етуші

[73] Біз: «Оны / мүрдені / сойылған сиырдың бір бөлігімен ұрыңдар», - дедік. Осылай Аллаһ өліктерді тірілтеді және ақылды істетіп, ұғынуларың үшін Өз белгі- мұғжизаларын көрсетеді

[74] Содан кейін де жүректерің қатайды. Олар тас секілді немесе одан да қатты. Шын мәнінде, бір тастар бар, олардан бұлақтар жарып шығады. Кейбірі қақ бөлініп, одан су шығады. Әрі ақиқатында, ол тастардың кейбірі Аллаһтанқорыққанынан құлайды. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес

[75] Сендер / мұсылмандар / , шынымен олардың өздеріңе сенулерін үміт етесіңдер ме? Негізінде, олардың бір тобы Аллаһтың Сөзін тыңдап, оны түсінгендерінен кейін, біле тұрып өзгертетін еді

[76] Олар иманға келгендерге кездессе: «Біз де сендік», - дейді. Ал, егер бір-бірімен оңаша қалса: «Аллаһтың сендерге ашып бергенін, өздеріңнің Раббыңның алдында сендерге қарсы айғақ келтіруі үшін оларға айтып бересіңдер ме? Шынымен ақылдарың жетпей ме?» - деседі

[77] Ал, олар өздерінің нені жасырып, нені әшкере еткенін Аллаһтың білетінін білмей ме

[78] Әрі олардың ішінде Кітапты / Тәуратты / білмейтін, бос қиялға еретін сауатсыздар да бар. Ал, олар тек жорамалдайды

[79] Кітапты / Тәуратты / өз қолдарымен / бұрмалап / жазып, содан кейін онымен / дүниелік / болмашы бағаны сатып алу үшін: «Бұл - Аллаһтан / келген / », - дейтіндерге қасірет бар! Қолдарымен жазғандары үшін оларға үлкен қасірет бар! Әрі табыстары үшін де оларға үлкен қасірет бар

[80] Әрі олар: «От бізге санаулы күндер ғана тиеді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан уәде алдыңдар ма? Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Аллаһтың атынан білмейтіндеріңді айтасыңдар ма?» - деп

[81] Жоқ, олай емес! Кім жамандық істесе және күнәсі оны орап алса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар онда мәңгі қалады

[82] Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандар, бұлар - Жәннатқа кіретіндер.Олар онда мәңгі қалады

[83] Кезінде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан басқаға құлшылықжасамайсыңдар, ата-анаға, туысқандарға, жетімдерге және кедейлерге жақсылық істейсіңдер, адамдарға жақсы сөз айтасыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайсыңдар және зекетті бересіңдер», - деп уәдесін алдық. Содан кейін азғантайыңнан өзгелерің, / ол серттен / бас тартқан күйде, теріс айналдыңдар

[84] Әрі сонда, сендерден: «өздеріңнің / бір-біріңнің / қандарыңды төкпейсіңдер және қоныстарыңнан шығармайсыңдар», - деп уәде алдық. Кейін өздерің куәлік беріп, мойындадыңдар

[85] Содан соң да сендер өздеріңді / бір-біріңді / өлтірудесіндер, өздеріңнен бір бөлікті қоныстарыңнан шығарудасындар, оларға қарсы бір-біріңе күнә және дұшпандықтакөмектесесіңдер. Олар / діндестерің / сендерге тұтқын болып келсе, оларға төлем беріп құтқарудасыңдар.Ал, негізінде, сендерге оларды қоныстарынан шығаруға тыйым салынған / болатын / . Сонда сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, ал басқа бөлігіне күпірлік етесіңдер ме / қарсы келесіңдер ме / ? Сендерден осыны істегендерге бұл өмірде қорлықтан басқа қайтарым жоқ. Ал, Қайта тірілу күні олар азаптың ең ауырына ұшыратылады. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес

[86] Міне, осылар - осы дүниелік өмірді соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / орнына сатып алғандар. Олардан азап жеңілдетілмейді әрі оларға көмек те берілмейді

[87] Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / бердік және оның соңынан пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Мәриям ұлы Исаға да анық белгілер беріп, оны Рухул құддуспен / Жәбірейіл періштемен / қуаттадық. Сендерге бір Елші көңілдерің қаламағанды әкелген сайын, тәкаппарланып, өздеріңді жоғары санамадыңдар ма? Сөйтіп / елшілердің / бір бөлігін өтірікке шығардыңдар да бір бөлігін өлтірдіңдер

[88] Әрі олар «Жүрегіміз жабылған»,- деді. Жоқ, олай емес, Аллаһ оларды күпірліктері / имансыздықтары / үшін қарғысқа ұшыратты. Олардың азы ғана иманға келді

[89] Сондай-ақ, оларға Аллаһтан өздеріңдегінің / Тәураттың / шын екендігін дәлелдеуші Кітап / Құран / келді. Олар бұрын сондай күпірлік еткендерге / имансыздарға / қарсы жеңіс тілейтін. Ал, қашан оларға өздерінің танығаны келген кезде, оған өздері күпірлік етті / сенбеді / . Кәпірлерге Аллаһтың лағнеті болсын

[90] Олар Аллаһтың Өз кеңшілігінен құлдарының қалағанына түсіргеніне / Құранға / іштарлық етіп, Аллаһтың түсіргеніне күпірлік ету / қарсыкелу / арқылы өз жандарының орнына айырбастап алғандары қандай жаман. Сөйтіп, олар / Аллаһтың / қаһары үстіне тағы да қаһарға ұшырады. Кәпірлер үшін қорлаушы азап бар

[91] Оларға: «Аллаһтың түсіргеніне / Құранға / сеніңдер», - деп айтылса, олар: «Біз өзімізге түсірілгенге / Тәуратқа / сенеміз», - деп, одан кейін түсірілгенге күпірлік етеді / мойындамайды, қарсы болады / . Ал, ол / Құран / - ақиқат және оларға түскенді растаушы. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер иманды / мүмін / болсаңдар, неге бұрын Аллаһтың пайғамбарларын өлтірдіңдер?» - деп

[92] Ақиқатында, сендерге Мұса анық дәлелдер келтірді. Одан кейін сендер әділетсіздік істеп, бұзауды / қудай етіп / алдыңдар

[93] Кезінде үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз бергенді / Тәуратты / берік ұстаңдар да құлақ асыңдар / бойсұныңдар / », - деп, сендерден уәде алдық. Олар: «Естідік, бойсұнбадық», - деді. Күпірліктері / қарсылықтары / себепті, олардың жүректеріне бұзау сіңіп алған. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сен­дер иманды болсаңдар, имандарың сендерге қандай жаман нәрсені бұйырады», - деп

[94] Айт: «Егер Аллаһтағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы, өзге адамдарға емес, тек сендерге арналған болса, онда өздеріңе өлім тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар»,- деп

[95] Ал олар өз қолдарымен істегендері / күнәлары / себебінен, ешқашан оны / өлімді / тілемейді. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші

[96] Сен олардың / иудейлердің / өмірге - адамдардың ішінде бәрінен де, тіпті мүшріктерден де / Аллаһқа серік қосушылардан да / қатты құштар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жыл өмір берілгенін қалайды.Алайда ұзақ өмір оны азаптан алыстатпайды.Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Көруші

[97] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім Жәбірейілге / періштеге / дұшпан?» - деп. Ақиқатында, ол / Жәбірейіл / , Аллаһтың қалауымен оны / Құранды / алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы әрі имандылар / мүміндер / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және қуандырушы хабар етіп жүрегіңе түсірді

[98] Кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, елшілеріне, Жәбірейілге және Микәйілге дұшпан болса, сөзсіз, Аллаһ - кәпірлерге дұшпан

[99] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған анық аяттарды түсірдік. Оған бұзықтар / бойсұнбайтындар / ғана күпірлік етеді / сенбейді

[100] Әркез келісім түзгенде, олардан бір бөлігі оны / келісімді / тастамады ма? Негізінде, олардың көбі иманға келмейді

[101] Ал оларға Аллаһтың тарапынан өздеріңдегінің / Тәураттың / хақ екендігін дәлелдеуші Елші келгенде, Кітап берілгендердің бір бөлігі ешнәрсе білмегендей, Аллаһтың кітабын / Тәуратты / арт жақтарына лақтырып тастады

[102] Әрі олар Сүлеймен патшалығы кезіндегі шайтандар оқыған нәрсеге / сиқырға / ерді. Сүлеймен күпірлік еткен / сиқыр жасаған / жоқ. Алайда адамдарға сиқырды және Бабылдағы һарұт пен Марұт есімді екі періштеге түсірілген нәрселерді үйреткен шайтандар күпірлік етті / қарсы келді / . Ал, ол екеуі / періштелер / : «Шын мәнінде, біз / сен­дерге / сынақ үшін жіберілгенбіз, күпірлік етпе / сиқыр үйреніп, діннен шықпа / », - деп ескертіп, сақтандырмайынша, ешкімге / сиқыр / үйретпеді. Олар ол екеуінен ер кісі мен оның жұбайының арасын айыратынды үйренетін еді. Бірақ олар Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге зиян жеткізе алмайды. Негізінде, олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда бермейтін нәрселерді үйренетін еді. Олар оны / сиқырды / сатып алғанға, соңғы,мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ екенін білді. Ақиқатында, олардың өз жандарын сатып, оның орнына алған нәрселері қандай жаман. Егер олар білсе

[103] Егер де олар иманға келгенде және тақуалық еткенде / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғанда / , Аллаһ тарапынан / болатын / сауап қайырлы еді. Егер олар білсе

[104] Ей, иманға келгендер! «Раъина» (бізге көңіл бөл) - демеңдер, «Унзурна» (бізге қара) - деп айтыңдар әрі құлақ асындар. Ал, кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар

[105] Кітап берілген қауымнан және мүшріктерден күпірлік еткендер / қарсы келгендер / сендерге өздеріңнің Раббыңнан игіліктің түскенін қаламайды. Ал, Аллаһ, Өз мейірімімен қалағанын ерекшелеп таңдайды. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі

[106] Аяттардың бірін мансұқ (аятты ауыстыру) етсек немесе ұмыттырсақ, одан жақсыны, не сол секілдіні / аятты / келтіреміз. / Ей,Мұхаммед! / Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы екенін білмедің бе

[107] Аспандардың және жердің билігі Аллаһта екенін білмедің бе? Сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ

[108] Немесе сендер, Мұса / елінен / сұралғаны секілді, өз Елшілеріңнен сұрауды қалайсыңдар ма? Кім иманды күпірлікке / имансыздыққа / алмастырса, әлбетте, тура жолдан адасты

[109] Кітап берілген қауымның көбі, өздеріне ақиқат анықталса да, күншілдіктері себебінен, сендерді иманға келгеннен соң, күпірлікке / имансыздыққа / қайтаруды қалайды. Аллаһ Өз әмірін келтіргенге дейін, кешіріңдер де жөндеріне қоя тұрыңдар. Анығында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

[110] Әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар, зекетті беріңдер. Өздерің үшін қандай да бір жақсылық дайындасаңдар, оны Аллаһтың қасында табасыңдар. Шынында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші

[111] Әрі олар: «жәннатқа иудей немесе христиан болғандар ғана кіреді», - деді. бұл олардың бос қиялдары ғана. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер», - деп

[112] Жоқ, олай емес! Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаһқа бойсұндырса, онда оның сыйлығы - Раббысында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды

[113] Әрі иудейлер: «Христиандарда еш негіз жоқ», - деді, христиандар да: «Иудейлерде еш негіз жоқ», - деді. Ал, олар Кітапты оқиды. Білмейтіндер де дәл осылай, олардың айтқаны секілді сөз айтты. Қайта тірілу күні Аллаһ, олардың тартысқан нәрселері жөнінде Өз үкімін айтады

[114] Аллаһқа құлшылық етілетін орындарда, Оның есімі еске алынуын тыйғаннан және ол орындарды бұзуға ұмтылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Олар ол жерлерге / құлшылық орындарына / қорыққан күйде ғана кіруі керек еді. Оларға бұл өмірде қорлық, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар

[115] Шығыс та, батыс та - Аллаһтікі. Қай жаққа бұрылсаңдар да Аллаһтың жүзі сол жақта. Ақиқатында, Аллаһ - мейірімі Кең , бәрін Білуші

[116] Әрі олар: «Аллаһ / Өзіне / бала иемденді», - деді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Негізінде, аспандардағы және жердегілер Онікі, барлық нәрселер Оған бағынушы

[117] Ол - аспандарды және жерді жоқтан бар етуші . Егер бір нәрсенің бар болуын белгілесе,оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол болады

[118] Әрі білмейтіндер / мүшріктер / : «Аллаһ бізбен сөйлессе немесе бізге бір белгі келсе еді», - деді. Дәл осылай, олардың сөздеріне ұқсас сөзді, олардан алдын өткендер де айтқан еді. Олардың жүректері бір-біріне ұқсайды. Ақиқатында, Біз, айқын сенетін адамдарға аяттарды түсіндіріп бердік

[119] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз сені қуандырушы әрі ескертуші етіп, ақиқатпен жібердік. Сен Тозаққа түскендер жөнінде сұралмайсың

[120] Иудейлер де, христиандар да олардың діндеріне ермейінше, сенен мүлдем разы болмайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың жолы / басшылығы / - тура жол / басшылық / », - деп. Егер өзіңе келген білімнен кейін олардың көңіл құмарлықтарына ерсең, Аллаһтан саған не қамқорлық етуші, не көмек беруші болмайды

[121] Біз Кітап бергендерден оны лайықты түрде оқығандар, оған сенеді. Ал, кім оған күпірлік етсе / сенбесе, мойындамаса / , міне, солар - нағыз зиян тартушылар

[122] Ей, Исраил ұрпақтары! Сендерге берген игіліктерімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар

[123] Әрі біреу өзге біреуге ешқандай пайда бере алмайтын, одан / күнәсін өтейтін / төлем алынбайтын әрі шапағат ету / ара түсу / көмектеспейтін және оларға жәрдем берілмейтін Күннен қорқып, сақтаныңдар

[124] Кезінде Ибраһимді Раббысы бір сөздермен / бұйрық және тыйымдармен / сынағанда, ол оларды толық орындады.Ол / Аллаһ / айтты: «Ақиқатында, Мен сені адамдарға имам / жетекші / етемін», - деп. Ол: «Менің ұрпағымнан да», - деді. / Аллаһ / : «Менің уәдем әділетсіздерді қамтымайды», - деді

[125] Біз Үйді / Қағбаны / адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын / мақамын / намаз оқитын жер етіп алыңдар. Біз Ибраһим мен Исмаъилға: «Екеуің Үйімді / Қағбаны / - тәуап етушілер, құлшылық етіп / отырушылар / , рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазартыңдар», - деп тапсырдық

[126] Сонда Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы / Меккені / бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет», - деді. Ол / Аллаһ / :«Күпірлік еткендерді / қарсы келушілерді / де аз ғана пайдаландырып, кейін От / тозақ / азабына мәжбүр етемін. Ол баратын жер қандай жаман!» - деді

[127] Әрі сонда Ибраһим мен Исмаъил Үйдің / Қағбаның / ірге тасын көтеріп жатып: «Раббымыз, бізден қабыл ал! Ақиқатында, Сен - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің

[128] Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет және ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды / амал, тәртіптерін / көрсетіп, күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтуымызды / тәубемізді / қабыл ет! Күмәнсіз, Сен -тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімдісің

[129] Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен - ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », - деді

[130] Ал, Ибраһимнің дінінен өзін-өзі адастырғаннан өзге кім бет бұрады? Ақиқатында, Біз осы өмірде оны абзал етіп таңдадық әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / , ол сөзсіз, ізгілер қатарында болады

[131] Кезінде Раббысы оған: «Бойсұн!» - деді. Ол: «Әлемдердің Раббысына бойсұндым», - деді

[132] Ибраһим мұны / Аллаһқа бойсұнуды / ұлдарына өсиет етті және Йаъқуб та: «Ей, ұлдарым! Ақиқатында, Аллаһ сендерге бұл дінді таңдады. Сондықтан сендер Аллаһқа берілгеннен басқа хәлде өлмендер!», - деді. / Тек мұсылман болған күйде өліңдер

[133] Сендер әлде өлім үстінде жатқан Йаъқуб өзінің ұлдарына: «Менен кейін не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - дегенде, қасында тұрып куә болдыңдар ма? Олар: «Біз сенің құдайыңа әрі аталарың Ибраһим,Исмаъил және Исхақтың құдайы - жалғыз құдайға құлшылық етеміз. Біз - Оған бойсұнушымыз», - деді

[134] Міне, бұлар - өтіп кеткен бір үммет.Олар өздерінің істегенін алады, ал сендер өздеріңнің істегендеріңді аласыңдар. Сен­дер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар

[135] Олар (иудейлер мен христиандар): «Иудей болыңдар» немесе «христиан болыңдар, сонда тура жол табасыңдар», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, біз ханиф Ибраһимнің дініндеміз. Ол мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емес еді», - деп

[136] Айтыңдар: «Біз Аллаһқа сендік және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз әрі біз тек Оған бойсұнушымыз»,- деп

[137] Егер олар сендер сенгенге сенсе, онда әлбетте тура жолды табады. Ал, егер теріс айналса, онда олар қарама-қайшылықта. Аллаһ Сені олардан құтқарады. Ол - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білуші

[138] Түр-түс Аллаһтікі! Түр-түс беруде Аллаһтан артық кім бар? Біз - Оған құлшылық етушіміз

[139] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ біздің де Раббымыз және сендердің де Раббың бола тұрып, Ол жайында бізбен тартысасыңдар ма? Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Біз құлшылығымызды / серік қосудан / тазартып Оған ғана арнаймыз»,- деп

[140] Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және / оның / ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» - деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес

[141] Міне, осылар - өтіп кеткен бір үммет. Оның / ол үмметтің / тапқаны - өзіне, ал сендерге - өздеріңнің тапқандарың. Сендер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар

[142] Адамдардың жетесіздері: «Оларды өздері ұстанып келген қыблаларынан не бұрды?» - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді»,- деп

[143] Біз сендерді адамдарға куә болуларың және Елшінің сендерге куә болуы үшін осылай, орта / орта аралықты ұстанатын / бір үммет қылдық. Елшіге еретіндерді теріс бұрылып кететіндерден айырып білу үшінғана, сен ұстанған қыбланы белгілеген едік. Аллаһ тура жолға салғаннан басқаларға / қыбланың ауысуы / өте ауыр болды. Аллаһ имандарыңды зая кетірмейді. Шын мәнінде, Аллаһ - адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді

[144] Ей, Мұхаммед! / Біз жүзіңнің аспанға бұрылғанын көреміз. Енді сені өзің разы болатын қыблаға / бағытқа / бұрамыз.Жүзіңді «әл-Харам» мешіті жағына қарат.Қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Ақиқатында, Кітап берілгендер, оның / қыбланыңауысуының / олардың Раббысынан бір ақиқат екенін біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан хабарсыз емес

[145] Әрі Кітап берілгендерге барлық белгілерді келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді. Сен де олардың қыбласына еруші емессің. Сондай-ақ олар да бір-бірінің қыбласына еруші емес. Өзіңе білім келгеннен кейін, олардың көңіл құмарлығына ерсең, онда сен сөзсіз, әділетсіздерден боласың

[146] Ақиқатында, Біз өздеріне кітап бергендер оны / Мұхаммедті / өз ұлдарын танығандай таниды. Әрі олардың бір тобы шындықты біле тұрып жасырады

[147] Ей, Мұхаммед! / Ақиқат - Раббыңнан, сондықтан күмәнданушылардан болма

[148] Әркімнің бет бұратын бағыты бар. Қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар / жақсылыққа жарысыңдар / . Қайда болсаңдар да Аллаһ сендердің барлығыңды келтіреді / жинайды / . Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[149] Қай жақтан шықсаң да / намазда / жүзіңді әл-Харам мешітіне қарата бұр. Анығында, бұл - Раббыңнан бір ақиқат. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес

[150] Қай жақтан шықсаң да / намазда / жүзіңді «әл-Харам» мешітіне қарата бұр. Әрі қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Бұл - адамдардың әділетсіз болғандарынан басқаларында, сендерге қарсы бір дәлелболмауы үшін. Әрі сендерге деген игілігімді толықтыруым үшін және тура жолда болуларың үшін.Сондықтан олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар

[151] Сондай-ақ сендерге араларыңнан Елші жібердік. Ол сендерге аяттарымызды оқиды, сендерді тазартады және сендерге Кітап пен даналықты / сүннетті / үйретеді және білмегендеріңді үйретеді

[152] Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі шүкір етіңдер / берген игіліктеріме алғыс білдіріңдер / және күпірлік етпеңдер / серік қосу, күнә, шүкірсіздік арқылықарсы келмеңдер

[153] Ей, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы / Аллаһтан / жәрдем тілеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - сабыр етушілермен бірге

[154] Аллаһ жолында өлтірілгендерді «өлі» демеңдер. Негізінде, олар тірі, бірақ, сендер оны сезіп, біле алмайсыңдар

[155] Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, / жақын / жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле

[156] солар бір қайғы жеткенде: «Ақиқатында, біз Аллаһтікіміз әрі әлбетте, біз Оған қайтушымыз», - дейді

[157] Міне, соларға олардың Раббысынан игілік пен мейірім бар. Әрі олар-тура жолмен жүрушілер

[158] Ақиқатында, Сафа мен Мәруа - Аллаһтың белгілерінен. Кім Үйге / Қағбаға / қажылық немесе ұмра жасаса, оған екеуінің арасында жүруде ешқандай күнә жоқ. Ал, кім / өз еркімен / қосымша бір жақсылық істесе, әлбетте, Аллаһ - Алғысқа бөлеуші, бәрін Білуші

[159] Ақиқатында, Біз түсірген анық белгілерді және тура жолды - адамдарға Кітапта түсіндіріп бергенімізден кейін, оны жасыратындарды Аллаһ лағнеттейді және оларды қарғыс айтушылар да қарғайды

[160] Алайда, күнәсіне шынайы өкініп,Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзеткендер және / жасырғандарын / түсіндір- гендер бұдан бөлек. Міне, солардың тәубесін қабыл етемін. Мен - тәубелерді Қабыл етушімін, ерекше Мейірімдімін

[161] Ақиқатында, сондай күпірлік етіп / Аллаһқа қарсы келіп / және кәпір күйінде өлгендер - міне, соларға Аллаһтың лағнеті болады және періштелер мен барлық адамдардың лағнеті болады

[162] Олар онда мәңгі қалады. Олардан азап жеңілдетілмейді әрі оларға мұрсат та берілмейді

[163] Сендердің құдайларың - бір ғана құдай, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - аса Қайырымды, ерекше Мейірімді

[164] Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің алмасуында, адамдар үшін пайдалы нәрселермен теңізде жүзетін кемеде және Аллаһтың аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оны тірілтуінде әрі онда түрлі жануарларды таратуында және желдердің алмасуында, аспан мен жер арасындағы бағынышты бұлттарда – ақылыністетіп, ұғынатын адамдар үшін белгілер бар

[165] Адамдардың арасында өзге нәрселерді Аллаһпен теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйетіндер бар. Ал, имандылар, Аллаһты / бәрінен / қатты сүйеді. Әділетсіздер азапты көрген кезде, бүкіл күш-қуаттың Аллаһқа тән екенін және Аллаһтың жазалауда қатты екенін біледі

[166] Сол уақытта / Қиямет күні / соңдарынан ерушілері болғандар ергендерден бас тартады. Әрі олар азапты көреді және араларындағы байланыстары үзіледі

[167] Ал, ергендер: «Егер де бізде / дүниеге / артқа қайтар мүмкіндік болғанда, олар бізден бас тартқандай, біз де олардан бас тартар едік»,- дейді. Осылайша, Аллаһ олардың амалдарын өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Әрі олар Оттан шықпайды

[168] Ей, адамдар! Жердегі рұқсат етілген / халал / және жақсы нәрселерден жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер! Ақиқатында, ол - сендерге анық дұшпан

[169] Шын мәнінде, ол сендерге жамандық пен жиіркенішті істерді әрі Аллаһ туралы білмейтіндеріңді айтуды бұйырады

[170] Ал, оларға: «Аллаһ түсіргенге еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ, ата-бабаларымызды ненің үстінде / қай жолда / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де ата-бабалары / дін мәселесінде / ешнәрсені дұрыс ұғынбаған әрі тура жол таппаған болса да ма

[171] Күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсыкелушілердің / мысалы: оларға айқайлағанда үн мен айқайдан басқаны естімейтін біреу тәрізді - саңырау, мылқау, соқыр. Олар ақылдарын істетпейді

[172] Ей, иманға келгендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер әрі Аллаһқа шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / , егер құлшылықтарыңды тек Оған арнап жасаушы болсаңдар

[173] Шын мәнінде, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаға арнап сойылғанды тыйым салды / харам қылды / . Сонда кім / тыйым салынғанды жеуге / мәжбүр болып, оған құштарлық танытпай әрі оны рұқсат етілген мөлшерден асырмай жесе, оған күнә жоқ. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[174] Ақиқатында, Аллаһтың Кітапта түсіргенін жасырып, әрі ол үшін болмашы бағаны / дүниелік мүддені / сатып алатындар, міне солар, қарындарына от болатынды жейді. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді әрі оларды тазартпайды, әрі оларға күйзелтуші азап бар

[175] Олар тура жолдың орнына - адасуды, кешірімнің орнына - азапты сатып алғандар. Сонда олар Отқа / тозаққа / қалай сабыр етпек

[176] Бұл - Аллаһтың Кітапты ақиқатпен түсіргендігінен. Ақиқатында, Кітап жайында таласқандар - бітіспес қайшылықта

[177] Игілік - жүздеріңді шығысқа және батысқа бұруларың емес. Негізінде, игілік Аллаһқа, Ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға сенуде және мал-дүниесін өзі жақсы көре тұрып жақындарына, жетімдерге, кедейлерге, / жолда қалған / жолаушыға, қайыр сұрағандарға және құлды азат етуге беруде және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауында, зекетті беруде әрі өзара уәделескенде, уәделерін орындауда әрі таршылық, ауруға ұшыраған және соғыс кезінде сабыр етуде. Міне, солар - шын сөзділер, міне, солар - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар

[178] Ей, иманға келгендер! Сендерге өлтірілгендерге қатысты кек қайтару парыз етілді. Азат үшін - азат, құл үшін - құл және әйел үшін - әйел. Ал кімге / өлген адамның / бауыры жағынан кешірім жасалса, құпталғанға сай және оны жақсы түрде орындауы / тиіс / . Міне, бұл Раббыңыздан жеңілдік әрі мейірім. Ал, кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар

[179] Ей, ақыл иелері, әрі кек қайтаруда сендерге өмір бар, сендер тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін

[180] Араларыңнан біреуіңе өлім келген кезде, артында бір қайыр / мал-мүлік / қалдырса, / оны / ата-анасына және жақын туыстарына құпталғанға сай өсиет етуі - парыз етілді. Бұл - тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушыларға / бір міндет

[181] Ал, кім оны / өсиетті / естігенінен кейін өзгертсе, күнәсі оны өзгертушілерге болады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші

[182] Сонда, кім өсиет етушіден қателесу немесе күнәдан / орын алуынан / қорқып, олардың арасын түзетсе, оған ешбір күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[183] Ей, иманға келгендер! Тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді

[184] Санаұлы күндерде. Ал, сендерден кім ауру не сапарда болса, онда басқа күндерде / толтырсын / . Ал, шамасы келетіндерге өтем ретінде кедейді тамақтандыру / міндет / . Ал, кім / өз еркімен / қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін қайырлы. Егер білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы

[185] Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал, кім ауру немесе сапарда болса, есебін / ұстамаған күндерін / басқа күндерде / толтырсын / . Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Аллаһты ұлықтаңдар - сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін

[186] Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз, Мен өте жақынмын. Қашан менен тілесе, сұраушының тілегіне жауап беремін. Тура жолмен жүру үшін олар да маған жауап берсін / бұйрығымды орындасын / және Маған сенсін

[187] Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар - сендер үшін киім, сендер де - олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздендер Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін / ұстап / аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған хал­де, оларға / әйелдеріңе / жақындаспаңдар. Осы - Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға, олар тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін аяттарын осылай түсіндіреді

[188] Мал-дүниелеріңді өзара құқықсыз / заңсыз / түрде жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың мал-дүниесінен, күнә екенін біле тұра, жеу үшін / өз малдарыңның / бір бөлігін үкім шығарушыларға / пара етіп / ұсынбаңдар

[189] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт: «Ол - адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу / есептеу / », - деп. Үйлерге арт жағынан келулерің жақсы амал емес. Алайда кім тақуалық қылса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / міне, осы - игі іс. Үйлерге есігінен келіңдер. мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар

[190] Әрі өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар және шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді

[191] Әрі оларды көріп, ұстаған жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді шығарған жерден / Меккеден / , сендер де оларды шығарыңдар. Бүлік / Аллаһқа серік қосу / - кісі өлтіргеннен де ауыр. Олар әл-Харам мешітінің жанында сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Ал, егер сендермен соғысса, оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің қайтарым жазасы - осындай

[192] Егер олар тоқтатса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[193] Әрі олармен / мүшріктермен / бүлік қалмағанға және дін Аллаһқа болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, әділетсіздерден басқаға дұшпандық жоқ

[194] Тыйым салынған ай үшін тыйым салынған ай әрі тыйым салынғанға / бұзғанға / - кек қайтару бар. Сонда кім сендерге қарсы шектен шықса, оның сендер­ге қарсы шектен шыққанындай, сендер де оған қарсы шығыңдар. Әрі Аллаһтан/ Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және біліңдер, Аллаһ тақуалармен / Өзінің жазасынан, қорқып, сақтанушылармен / бірге

[195] Аллаһ жолында / мал-дүниелеріңді / жұмсаңдар, өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Әрі игілік істеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ ықыласпен игілік істеушілерді жақсы көреді

[196] Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер / жолда / кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін / сойыңдар / . Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу / ихрамда / науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе / уақытынан бұрын шашын алдырса / , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін / ихрамнан уақытша шықса / , онда өзіне қолайлы / жеңіл / болған бір құрбандық мал / шалуы керек / . Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, / үйіне / қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, / барлығы / толық он күн. Бұл / үкім / - үйлері әл-Харам маңында / аумағында / болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер

[197] Қажылық - белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе, онда қажылық кезінде әйеліне жақындасуға, күнә жасауға және айтысып-тартысуға бол­майды. Қандай жақсылық істесеңдер, Аллаһ оны біледі. Әрі жол азығымен қамданыңдар. Ал, жолазықтың ең жақсысы - тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану / . Ей, ақыл иелері, тек Менен / Менің жазамнан / қорқып, сақтаныңдар

[198] Раббыңыздың кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / іздеулеріңде сендерге күнә жоқ. Қашан Арафаттан қайтқан кездеріңде Мәшғәрул Харам қасында / Мұздалифада / Аллаһты еске алыңдар. Осыдан алдын сендер адасушылардан болсаңдар да Ол сендерді тура жолға салғанындай, сендер Оны еске алыңдар

[199] Содан кейін, ел қайтқан жерден қайтып, Аллаһтан кешірім тілеңдер. Күдіксіз Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[200] Қашан қажылық амалдарыңды өтеп болсаңдар, Аллаһты еске алыңдар, ата-бабаларыңды еске алғандай, тіпті одан да артық. Адамдардан кейбірі:«Раббымыз! Бізге / осы! өмірде бер!» - дейді. Оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ

[201] Сондай-ақ олардың кейбірі: «Раббы­мыз! Бізге осы өмірде игілік бер әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / игілік бер және бізді От азабынан сақта!» - дейді

[202] Міне, олар үшін тапқандарынан / істеген амалдарынан / үлес бар. Аллаһ - есеп алуда өте жылдам

[203] Аллаһты санаулы күндерде еске алыңдар, кім асықса / Минадағы құлшылықтарды / екі күн ішінде / аяқтауында / оған ешбір күнә жоқ. Ал кім қалса / үшінші күнді аяқтаса / , оған да күнә жоқ. Бұл - тақуалық етушілер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Оған жиналатындарыңды біліңдер

[204] Ей, Мұхаммед! / Адамдардың арасында бұл өмірде сөзі сені таңқалдыратын әрі жүрегіндегіге Аллаһты куә ететін бар. Әрі өзі айтыс-тартыста қайтпайтын бірбеткей

[205] Ал, қашан ол / қасыңнан / кетсе, жер бетін бүлдіруге, егін мен ұрпақты құртуға әрекет етеді. Ал, Аллаһ бұзу-бүлдірушілікті жақсы көрмейді

[206] Ал, қашан оған: «Аллаһтан қорық!»деп айтылса, оның менменсіп үстемсінуі оны күнәларға итермелейді. Оған Жаһаннам жеткілікті. Ол - қандай жаман орын

[207] Адамдардың арасында Аллаһтың ризалығын іздеп, жанын сататындар да бар. Аллаһ - құлдарына өте Мейірбан

[208] Ей, иманға келгендер! Исламға бүтіндей, толық кіріндер және шайтанның ізіне ермеңдер. Анығында, ол - сендерге анық дұшпан

[209] Ал, егер сендер анық дәлелдер келгеннен кейін / тура жолдан / тайсаңдар, Аллаһтың бәрінен Үстем , аса Дана екенін біліңдер

[210] Олар бұлттардың көлеңкесінде Аллаһтың келуін күте ме және періштелердің әрі істің шешілуін? Ал істер Аллаһқа қайтарылады

[211] Исраил ұрпақтарынан, оларға қаншама анық белгілер келтіргенімізді сұра. Ал, кім Аллаһтың игілігін өзіне келгеннен кейін өзгертсе, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда өте қатал

[212] Күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсыкелушілерге / бұл өмір көркем етіп көрсетілді және олар иманға келгендерді келеке қылады. Алайда, тақуа болғандар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / Қайта тірілу күні олардан жоғары болады. Аллаһ қалағанына өлшеусіз ризық береді

[213] Адамдар бір ғана үммет болған еді. Аллаһ адамдардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім ету үшін қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ретінде пайғамбарларды жіберді әрі олармен бірге ақиқатпен Кітап түсірді. Негізінде, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, Кітап берілгендер әділетсіздіктері себебінен өзара қарама-қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иманға келгендерді, қайшылыққа түскен нәрселеріне байланысты Өз қалауымен ақиқатқа жеткізді. Әрі Аллаһ Өзі қалағанды тура жолмен жүргізеді

[214] Ей, мұсылмандар! / Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей тұрып, жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға таршылық және пәлекеттер тиді әрі Елші және онымен бірге иманға келгендер «Аллаһтың жәрдемі қашан болады» деп айтқанға дейін олар шайқатылды. Біліңдер! Анығында, Аллаһтың жәрдемі жақын

[215] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Жақсылықтан нені жұмсасаңдар - ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, кедейлерге және жолда қалғанға жұмсаңдар. Қандай қайырлы іс істесеңдер де әлбетте, Аллаһ - оны Білуші», -деп

[216] Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер

[217] Олар сенен тыйым салынған ай, ондағы / ол айдағы / соғыс жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу - үлкен / қылмыс / . Ал, Аллаһтың жолынан қайтару және Оған күпірлік ету / Аллаһтың бірлігін теріске шығару / , сондай-ақ әл-Харам мешітінен / тосу / және оның тұрғындарын одан шығару - Аллаһтың алдында одан да үлкен / қылмыс / . Бүлік / фитна / - / кісі / өлтіруден де үлкен»,- деп. Олар шамалары келсе, діндеріңнен қайтарғанға дейін сендермен соғысуын тоқтатпайды. Сендерден кім дінінен қайтса және кәпір күйде өлсе, міне, солардың амалдары осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетеді әрі олар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы

[218] Ақиқатында, иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһ жолында күрескендер - міне, солар Аллаһтың мейірімін үміт етеді. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[219] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен мас қылушы ішімдік / хамр / және кұмар туралы сұрайды. Айт: «Ол екеуінде де үлкен күнә және адамдар үшін пайда бар. Бірақ екеуінің күнәсі пайдасынан үлкен», - деп. Әрі олар сенен / Аллаһ жолында / не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Артылғанын» / өз қажеттеріңнен артығын / - деп. Аллаһ ойлануларың үшін сендерге аяттарды осылай түсіндіреді

[220] бұл өмір және соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / туралы. Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Айт: «Оларға ізгілік ету - қайырлы. Егер олармен аралассаңдар, олар сендердің бауырларың. Аллаһ бұзушыны түзетушіден / айыра / біледі. Егер де Аллаһ қалағанда сендерді қиындыққа ұшырататын еді», - деп. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, өте Дана

[221] Аллаһқа серік қосушы / мүшрік / әйелдерге, олар иманға келгенге дейін үйленбеңдер. Ақиқатында, серік қосушы / азат / әйелден - тіпті, ол өздеріңе ұнап тұрса да, - иманға келген күң қайырлы. Сондай-ақ, иманға келгенге дейін мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / Мұсылман әйелдерді тұрмысқа бермеңдер. Сөзсіз, серік қосушыдан - ол сендерге ұнаса да, - иманды / мүмін / құл қайырлы. Олар / Аллаһқа серік қосушылар / Отқа / тозаққа / шақырады. Ал, Аллаһ Өз рұқсатымен жәннатқа және кешірімге шақырады. Әрі Ол аяттарын адамдарға, олар еске алулары үшін түсіндіреді

[222] Ей, Мұхаммед! / Әрі Олар сенен етеккір / хайыз / туралы сұрайды. Айт: «Ол жайсыздық, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден / олармен қосылудан / шеттеңдер әрі оларға тазарғандарына дейін жақындаспаңдар. Қашан олар тазарса, оларға Аллаһ өздеріңе бұйырғанындай келіңдер», - деп. Анығында, Аллаһ істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды / тәубе етушілерді / жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді

[223] Әйелдерің - сендер үшін егіндіктерің. Егіндіктеріңе өздерің қалаған түрде келіңдер.Өздерің үшін / жақсылық / әзірлеңдер және тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / әріОған кездесетіндеріңді біліңдер. Имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле

[224] Игілік істеулеріне, тақуалық етулеріңе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / және адамдардың арасын жарастыруларың үшін / берген / анттарыңа – Аллаһты кедергі қылмандар. Аллаһ – барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші

[225] Аллаһ сендерді / сөздеріңдегі / бос анттарың үшін жазаламайды. Алайда, сендерді жүректерің бекітіп, істегені үшін жазалайды. Аллаһ – өте Кешірімді, аса Ұстамды

[226] Әйелдерімен жақындаспауға ант бергендер, төрт ай күту керек. Ал, егер олар / антынан / қайтса, анығында, Аллаһ – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[227] Әрі, егер олар талақ беруге шешім қабылдаса, әлбетте, Аллаһ – әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші

[228] Ал, талақ етілген әйелдер, үш / етеккір / мерзімі өткенше күтеді. Егер олар / әйелдер/ Аллаһқа және Ақирет күніне сенсе, оларға құрсақтарында Аллаһ пайда қайтарып алуға құқылы, егер олар жарасуды қаласа. Әрі құпталғанға сай олардың міндеттері секілді, тиісті хақтары да бар. Ал, ерлері олардан бір дәреже жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана

[229] Талақ екі рет. Содан кейін / әйелдерді / құпталғанға сай ұстау немесе жақсылықпен жіберу / міндет / . Әрі оларға мәһрге сыйлап, бергендеріңнен бір нәрсе алуларыңа рұқсат етілмейді. Бірақ, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындай алмаудан қауіптенсе - ол басқа. Ал, егер екеуінің Аллаһтың тыйымдарын / бір-біріне қатысты міндеттерін / орындай алмауынан қорықсаңдар, / әйелдің мәһрді / қайтарып беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың тыйым салғандары, одан шықпаңдар. Ал, кім Аллаһтың тыйымдарынан шығатын болса, міне, солар нағыз әділетсіздер

[230] Егер ол / үшінші рет / талақ етсе, осыдан кейін ол / әйел / басқа күйеуге тұрмысқа шықпайынша / сөйтіп одан ажыраспайынша / , оған рұқсат етілмейді / халал болмайды / . Егер оны / соңғы тиген күйеуі / талақ етсе, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындаймыз деп ойлаған жағдайда, қайта табысуларында күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ол мұны білетін адамдарға түсіндіреді

[231] Ал, егер әйелдерге талақ беріп, иддасы / талақтан кейінгі күту мерзімі / жетсе, оларды құпталғанға сай ұстаңдар немесе оларды құпталғанға сай жіберіңдер. Оларға әділетсіздік ету үшін зиян тигізіп ұстамаңдар. Кім бұлай істесе, ол өзіне-өзі әділетсіздік жасаған болады. Аллаһтың аяттарын күлкіге айналдырмаңдар. Аллаһтың өздеріңе берген игілігін әрі Кітаптан және даналықтан сендерге насихат етіп, түсіргенін естерінде ұстандар. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екенін біліндер

[232] Егер әйелдерді талақ етіп, иддасы жетсе, құпталғанға сай өзара келісімге келген жағдайда, өз күйеулерімен қайта қосылуларына кедергі жасамаңдар. Осы арқылы сендерден Аллаһқа және Ақирет күніне сенгендерге насихат етіледі. Бұл - сендерге ең жақсы әрі тазасы. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер

[233] Аналар өз балаларын толық екі жыл емізеді. Емізуді ақырына жеткізуді қалағандар үшін / мерзім осы / . Ал, оларды құпталғандай азықтандыру және киіндіру перзентті болғанның / әкесінің / міндеті. Әрбір жанға оның мүмкіндігінен артығы жүктелмейді. Баласы себепті анаға әрі баласы себепті әкеге де зиян тигізуге болмайды. Сондай-ақ мұрагерге де / бала мен анасын асырауға / сол секілді міндет жүктеледі. Егер / ата-ана / өзара келісіп әрі кеңескеннен кейін, / баланы емізуден / айыруды қаласа, екеуіне де күнә емес. Ал, егер балаларыңды / бөгде әйелге / еміздіруді қаласаңдар, ақысын құпталғанға сай тиісінше берсеңдер, сендерге күнә емес. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың не істеп жатқандарыңды Көруші екенін біліңдер

[234] Сендерден біреу қайтыс болып, артында әйелдерін қалдырса, олар төрт ай он күн / идда мерзімін / күтеді. Қашан оларға көрсетілген мерзім аяқталса, олардың өздеріне қатысты құпталғанға сай істеген істері үшін сендерге күнә болмайды. Аллаһ - сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[235] Ал / күту мерзімі бітпеген / әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен / шариғат жолымен / сөйлесулеріңе болады. Идда / күту мерзімі / уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер

[236] Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды - жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл - жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет

[237] Егер оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеп, қосылудан бұрын талақ етсеңдер, оларға мәһрдің жартысы тиеді. Тек, егер, олар / әйелдер / кешірсе / белгіленген мәһрін алмаса / немесе неке түйіні қолындағы ер кісі кешірсе / мәһрді толық қалдырса / ол басқа. Ал, кешірулерің - тақуалыққа / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші

[238] Намаздарға әрі ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаһқа беріле бойсұнған күйде тұрыңдар

[239] Ал, егер, қауіптенсеңдер, жаяу немесе көлік үстінде / оқыңдар / . Қашан қауіпсіз болған кезде, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей, Аллаһты еске алыңдар

[240] Сендерден қайтыс болып / артында / әйелдері / жесір / қалатындар, әйелдері үшін бір жылға дейін / күйеулерінің үйінен / шығарып жібермей, қамтамасыз етілуі өсиет етіледі. Егер / әйелдері / өздері шығып кетсе, олардың өздеріне байланысты құпталғанға сай ісінде сендерге күнә болмайды. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[241] Әрі талақ етілген әйелдердің құпталғанға сай қамтамасыз етілуі - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін бір міндет

[242] Аллаһ сендерге Өз аяттарын ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін осы­лай түсіндіреді

[243] Ей, Мұхаммед! / Өлімнен қорқып, тұрақтарын тастап шыққан мыңдаған адамдарды білмейсің бе? Аллаһ оларға: «Өліндер», - деді. Содан кейін қайта тірілтті. Ақиқатында, Аллаһ - адамдарға кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді

[244] Аллаһ жолында соғысыңдар әрі біліңдер, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші

[245] Аллаһқа көркем қарыз беретін кім бар? Ол оған көптеген есе арттырып береді. / Ризық-несібені / тар ететін және оны кеңітетін Аллаһ. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

[246] Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының беделділері жайлы білмедің бе? Кезінде олар өздерінің пайғамбарына: «Бізге бір патша жібер, Аллаһ жолында соғысайық», - деді. Ол / пайғамбар / : «Сендерге егер соғыс парыз етілсе, соғыспай қалатын шығарсыңдар?» - деді. Олар: «Ақиқатында, үйлерімізден шығарылып, балаларымыздан айырыла тұрып, бізге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды?» - деді. Алайда, оларға соғыс парыз етілген кезде, аз бөлігінен басқасы бас тартты. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші

[247] Әрі оларға пайғамбарлары: «Ақиқатында, Аллаһ сендерге патша етіп Талұтты жіберді», - деді. Олар: «Патшалыққа оған қарағанда өзіміз лайықтырақ бола тұрып, ол қалай бізге патша болмақ?! Әрі оған жеткілікті дүние де берілмеген», - деді. Пайғамбар: «Ақиқатында, оны сендерге Аллаһтың Өзі таңдады және оны білім мен тұлға бітімінде кеңдігін арттырды. Аллаһ Өз иелігіндегі билікті / әкімшілікті / қалағанына береді. Аллаһ - рақымы Кең, бәрін Білуші », - деді

[248] Әрі Оларға пайғамбары: «Оның патшалығының белгісі - сендерге сандықтың келуі. Онда Раббыңыздан сакина / тыныштық / және Мұса әулеті мен Һарун әулетіненқалғанмұралардың бір бөлігі бар. Оны періштелер көтеріп келеді. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осында сендер үшін дәлел бар», - деді

[249] Сонда Талұт әскерімен / соғысқа / шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол - менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол - менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан / өзеннен / өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне / қарсы соғысар / күш, қауқарымыз жоқ», - деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір / са­ны / аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ - сабырлылармен бірге», - деді

[250] Олар Жалұт пен оның әскеріне көрінгенде: «Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі табандарымызды бекіт және кәпір адамдарға қарсы бізге көмек бер!» - деді

[251] Сонда / Талұттық әскері / Аллаһтың қалауымен оларды жеңді. ДәуітЖалұтты өлтірді. Әрі Аллаһ оған / Дәуітке / патшалық және даналық беріп, Өзі қалағанын үйретті. Егер де Аллаһ адамдарды бірін - бірі арқылы қайтармағанда, жер беті бүлінер еді. Ал, бірақ, Аллаһ - әлемдерге кеңшілік Иесі

[252] Ей, Мұхаммед! / Міне осылар - Аллаһтың белгілері. Оны саған ақиқатпен оқимыз. Әрі күмәнсіз, сен - елшілерденсің

[253] Бұлар - елшілер. Олардың кейбіріне, өзгелеріне қарағанда артықшылық бердік. Олардың ішінде Аллаһ сөйлескені бар әрі Ол кейбірінің дәрежелерін көтерді. Әрі Біз Мәриям ұлы Исаға анық белгілер беріп, оны қасиетті рухпен / Жәбірейілмен / қолдадық. Егер де Аллаһ қалағанда, олардан / елшілерден / кейінгілер өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, олар / адамдар / қайшылыққа түсті, олардың бірі иманға келіп, ал, кейбірі күпірлік еткендерден / қарсы келушілерден / болды. Егер де Аллаһ қалағанда, олар бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, Аллаһ Өзінің қалағанын жасайды

[254] Ей, иманға келгендер! Біз сендерге ризық етіп бергеніміздің бір бөлігін - сауда, достық және араша түсу болмайтын Күннің келуінен бұрын, / Аллаһ разылығы үшін / жұмсаңдар. Ал, кәпірлер - нағыз әділетсіздер

[255] Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Хайй / Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп Басқарушы / . Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете / араша түсе / алады ? Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны / не болатынын / және арттарындағыны / не болғанын / біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған / Аса ұлы Аллаһқа / ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол - аса Жоғары, өте Ұлы

[256] Дінде мәжбүрлеу жоқ. Ақиқатында, туралық - адасудан ажыратылып, айқындалды. Ал кім тағұтқа қарсы келіп, Аллаһқа сенсе, бұзылмайтын ең берік тұтқадан ұстаған болады. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші

[257] Аллаһ - иманға келгендердің Қамқоршысы, оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады. Ал, күпірлік етушілердің / имансыздардың / достары - тағут, оларды нұрдан қараңғылықтарға шығарады. Міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар

[258] Ей, Мұхаммед! / Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым - Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», - деді. Ол / Намруд / :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», - деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», - деді. Сонда күпірлік еткен / Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған / ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді

[259] Немесе төбелері опырылып түсіп, қабырғалары үстіне құлаған бір кенттің қасынан өткен біреуді / білмедің бе / ? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен?» - деді. Сонда Аллаһ оны өлтіріп, жүз жылдан соң тірілтті. / Одан / : «Қанша уақыт болдың?» - деп сұрады. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей болдым», - деді. / Оған / : «Олай емес, сен жүз жыл болдың. Тамағың мен сусыныңа қара! Түк бұзылмаған. Ал, енді есегіңе қара! Біз сені адамдарға белгі ету үшін / осылай еттік / . Ал, енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, содан кейін оған ет қаптаймыз», - деді. Оған / жағдай / анық болған кезде, ол: «Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетуші екенін жақсы білемін», - деді

[260] Әрі сол кезде Ибраһим: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсет», деді. Ол: «Сенбейсің бе?» - деді. Ибраһим: «Жоқ, әлбетте / сенемін / , бірақ жүрегімнің орнығуы үшін», - деді. Ол / Аллаһ / : «Құстардан төртеуін өзіңе алып / сойып, етін араластырып / жина да, содан кейін олардың бір-бір бөлігін әр таудың басына қой. Кейін оларды шақыр, сонда олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Аллаһтың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл», - деді

[261] Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсағандардың мысалы - жеті бас масақ шығарған бір түйір дән тәрізді, әрбір масақта жүз дәннен бар. Әрі Аллаһ қалағанына еселеп арттырып береді. Аллаһ - берекесі Кең , бәрін Білуші

[262] Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[263] жақсы сөз және кешірім - артынан реніш араласқан садақадан қайырлы. Аллаһ - аса Бай, өте Ұстамды

[264] Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия / көрсету / үшін жұмсап, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы - үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар / осылай / істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі Аллаһ кәпір адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[265] Ал, мал-дүниелерін Аллаһтың ризалығын іздеп және өз жандарын бекіту үшін жұмсағандар - көтеріңкі жердегі бір баққа ұқсайды. Оған мол жаңбыр жауып, жемісін екі есе берді. Ал, егер оған / мол жаңбыр! тимесе, сіркіреген жаңбыр да / жеткілікті /. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші

[266] Сендерден біреуің, астынан өзендер ағып жатқан түрлі жемісі бар құрма, жүзім бағы болып әрі өзіне кәрілік жетіп, балалары әлсіз / кішкентай / кезінде ол бағына отты құйын тиіп, оны өртеп кетуін қалай ма?! Ойлануларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді

[267] Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан / садақа етіп / жұмсаңдар. Әрі көздеріңді жұмып тұрып болмаса, өздерің де алмайтын нашар нәрсеніжұмсауға талпынбаңдар. Әрі, Аллаһтың аса Бай , өте Мақтаулы екенін біліңдер

[268] Шайтан сендерге кедейлікті уәде етеді және жиіркенішті істерді бұйырады. Ал, Аллаһ сендерге Өзінің кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді. Ақиқатында, Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші

[269] Ол / Аллаһ / қалағанына даналық береді. Ал, кімге даналық берілсе, ақиқатында, оған көп игілік берілді. Алайда, ақыл иелері ғана еске алады

[270] Қандай да бір садақа берсеңдер не­месе бір нәзір (өзіне міндетті емес нәрсені міндетіне алу) атасаңдар, анығында, Аллаһ оны біледі. Ал, әділетсіздерге көмек беруші болмайды

[271] Егер садақаларды ашық түрде берсендер жақсы. Ал, егер оны / бергендеріңді / жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы. Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар

[272] Ей, Мұхаммед! / Оларды тура жолға түсіру - сенің міндетің емес. Алайда, Аллаһ қалағанын тура жолға түсіреді. жақсылықтан не берсеңдер де, ол - өздерің үшін. Сендер тек Аллаһтың дидарын қалап қана бересіңдер. жақсылықтан бергендерің толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік етілмейді

[273] Қайыр-садақаны / Аллаһ разы болатын іс-амалдармен айналысып, мұқтаждық көрген кедейлерге / беріңдер / . Олардың өзге жерге баруға шамалары келмейді, білмейтіндер оларды қанағатшылықтары себепті, бай деп есептейді. Оларды белгі-сипаттарынан танисың: олар адамдардан тілемсектеніп сұрамайды. жақсылықтан не жұмсасаңдар да сөзсіз, Аллаһ - оны Білуші

[274] Мал-дүниелерін түнде де, күндіз де құпия және жария жұмсайтындардың сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[275] Өсім жейтіндер / қияметте / шайтан тиіп құтырған біреу секілді тұрады. Бұл олардың: «Сауда да өсім сияқты», - деп айтқандықтары себебінен. Аллаһ саудаға рұқсат етіп, өсімге тыйым салды. Кімге Раббысынан ескерту жетіп, ол / өсім алудан / тыйылса, оған бұрынғы істегендері / кешірім етіледі / . Ал, ісі - Аллаһқа тән. Ал кім / өсімге / қайтса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы

[276] Аллаһ өсімді жойып, садақаларды өсіреді / берекелі етеді / . Аллаһ әрбір қатты күпірлік етушіні / қарсылығы өте қатты / күнәға батушыны жақсы көрмейді

[277] Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал жасағандардың, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындағандардың және зекетті бергендердің сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[278] Ей, иманға келгендер! Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және өсімнің қалған бөлігін тастаңдар

[279] Ал егер олай етпесеңдер, Аллаһ және Оның Елшісінен болатын соғысты біліңдер. Ал, егер / келісілген өсімнен / бас тартып, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубеге келсеңдер / , онда бастапқы мал-дүниелерің өздеріңе. / Сонда / әділетсіздік жасамайсыңдар әрі өздеріңе де әділетсіздік жасалмайды

[280] Кімде-кім / қарыздар кісі / қиын жағдайда болса, онда жеңілдегенше күту / керек / . Ал, садақа етулерің, егер білсеңдер, өздерің үшін қайырлы

[281] Аллаһқа қайтарылатын бір Күннен қорқыңдар. Сонда әрбір жанға істегені толық беріледі етілмейді

[282] Ей, иманға келгендер! Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын. Әрі хатшы Аллаһтың оған үйреткені бойынша жазудан бас тартпасын. Ол жазсын, ал міндетті болған / борышты / жаздырсын және Раббысы Аллаһтан қорқып, сақтанып, одан ешнәрсені кемітпесін. Егер міндетті болған / борышты / ақылы кем, не әлжуаз немесе жаздыра алмайтын болса, онда оның өкіл-қамқоршысы әділдікпен жаздырсын. Ер кісілеріңнен екі куәні куәлікке тартыңдар. Егер екі ер кісі болмаса, онда өздерің разы болған куәлардан бір ер кісі мен екі әйелді / куә етіңдер / . Сонда / екі әйелдің / бірі жаңылса, екіншісі есіне салады. Әрі куәгерлер шақырылған сәтте / куә болудан / бас тартпасын. және / қарыз / кіші не үлкен болса да оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету - Аллаһтың алдында әділдірек және куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын. Тек өзара қолма-қол жасайтын нақты сауда болса, оны жазбасаңдар да сендерге күнә жоқ. Әрі өзара сауда келісімін жасасқанда куәлар шақырыңдар. Хатшыға да, куәгерге де зиян тигізілмесін. Ал, егер солай істесеңдер, сөзсіз, ол - сендердің бойсұнбауларың. Әрі Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар, ал Аллаһ сендерге үйретеді және Аллаһ барлық нәрсені Білуші

[283] Ал, егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда / қарыздардан / кепілдікке бір нәрсе алынады. Егер бір-біріңе сеніп берсеңдер, аманат тапсырылған / адам / аманатын орындасын және Раббысы - Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтансын. Әрі куәлікті жасырмаңдар. Кім оны жасырса, онда оның жүрегі күнәһар. Ал, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Білуші

[284] Аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да немесе жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһтың әрбір нәрсеге Күші жетуші

[285] Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге сенді және имандылар да / мүміндер де / . Барлығы Аллаһқа әрі Оның періштелеріне, Оның кітаптарына және Оның елшілеріне сенді: «Біз елшілердің арасын бөлмейміз»,- деді. Әрі олар: «Естідік әрі бойсұндық! Раббымыз, Сенен кешірім тілейміз әрі қайтуымыз - Саған», - деді

[286] Аллаһ ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Істеп тапқаны / жақсылығы / оған, ал өзі үшін істеп тапқаны / жамандығы / - оның өзіне қарсы болады. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізге бізден алдыңғыларға / ілгергі үмметтерге / артқаныңдай ауырлық артпа. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір және бізге рақым ет. Сен - біздің Иемізсің! Бізге кәпір адамдарға қарсы көмек бер!»

Әли Имран

Surah 3

[1] ӘлифЛәм Мим

[2] Аллаһ - одан басқа құдай жоқ. Ол - әл- Хайй / мәңгі Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп, Басқарушы

[3] Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты / Құранды / , алдындағыны растаушы етіп, ақиқатпен түсірді. Әрі Ол Тәурат пен Інжілді түсірген

[4] адамдарға бұдан алдын тура жол етіп. Әрі Фурқанды / айырушыны / түсірді. Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік еткендерге / мойындамағандарға, қарсы келгендерге / қатты азап бар. Аллаһ - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие

[5] Ақиқатында, Аллаһтан жердегі және аспандағы бірде-бір нәрсе жасырын қала алмайды

[6] Ол сендерге жатырларда Өз қалауынша бейне береді. Одан басқа ешбір құдай жоқ, Ол бәрінен үстем, аса Дана

[7] Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар - Кітаптың анасы / негізі / . Әрі өзге, мағынасы астарлы / аяттар да бар / ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік / фитна / қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», - дейді. Ал, / ескертуді / тек ақыл иелері ғана еске алады / түсінеді

[8] Раббымыз! Бізді тура жолға түсіргеннен кейін жүректерімізді ауытқытпа және бізге Өзіңнен бір мейірім сыйла. Ақиқатында, Сен - сый берушісің / әл-Уаһһаб

[9] Раббымыз! Сен, адамдарды болуы күмәнсіз бір Күнге Жинаушысың. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды

[10] Күмәнсіз, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мал-дүниелері де, балалары да Аллаһтан болатын ешбір нәрседен құтқара алмайды. Міне, солар - Оттың отыны

[11] солар / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендер секілді. Олар біздің аят-белгілерімізді өтірік санады. Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады / жазалады / . Аллаһ жаза беруде қатты

[12] Ей, Мұхаммед!! Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / айт: «Таяуда сендер жеңілесіңдер және Жаһаннамға жиналып әкелінесіндер. Ол - неткен жаман орын»,-деп

[13] Ақиқатында, / Бәдір соғысында / бір-біріне кездескен екі топта сендер үшін бір белгі-ғибрат болды. Бір топ Аллаһ жолында соғысты, ал басқасы кәпірлер болатын. Олардың көздеріне / мұсылмандар / өздерінен екі есе көрінген еді. Аллаһ Өз жәрдемімен қалағанын қолдайды. Анығында, мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар

[14] Әйелдерге, перзенттерге деген, үйме-үйме алтын-күміске, жақсы аттарға, шаруа малдарына және егіндікке деген құмарлықты жақсы көру адамдарға әдемі етіліп көрсетілді. Бұл - осы өмірдің қызығы. Ал, қайтатын жердің көркемі - Аллаһта

[15] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге осы нәрселеріңнен қайырлысын хабарлайын ба? Тақуа болғандарға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысынан астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын Жәннат бақтары, әрі пәк жұбайлар және Аллаһтың ризалығы бар»,- деп. Әрі Аллаһ - құлдарын Көруші

[16] солар: «Раббымыз! Ақиқатында, біз иманға келдік, біздің күнәларымызды кешір әрі бізді От / тозақ / азабынан сақта»,- дейтіндер

[17] солар - сабыр етушілер, шыншылдар, / Аллаһқа / берілушілер, мал-дүние жұмсаушылар және сахарда / таңсәріде / кешірім тілеушілер

[18] Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ екендігіне Аллаһтың Өзі әрі періштелер және білім иелері де куәлік береді. Ол - әділдікті Орнатушы, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана

[19] Ақиқатында, Аллаһтың алдындағы дін - Ислам. Кітап берілгендер өздеріне білім келгеннен кейін өзара іштарлық және әділетсіздіктері себебінен ғана қайшылыққа түсті. Кім Аллаһтың аяттарына күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / ақиқатында, Аллаһ - есепті жылдам алушы

[20] Ей, Мұхаммед! / Егер олар сенімен тартысса: «Мен жүзімді Аллаһқа бойсұндырдым әрі маған ергендер де», - деп айт. Әрі Кітап берілгендер мен білімсіздерге: «Сендер бойсұндыңдар ма?» - де. Егер олар бойсұнса онда тура жолда. Ал теріс айналса, шын мәнінде, саған - жеткізу ғана міндет. Аллаһ - құлдарын Көруші

[21] Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына күпірлік етушілерді / сенбей, теріске шығарушыларды / , құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіретін және әділдікке бұйырушы адамдарды өлтіретіндерді күйзелтуші азаппен «қуандыр»

[22] Міне, солар - осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / амалдары зая болғандар. Оларға ешбір жәрдем беруші жоқ

[23] Ей, Мұхаммед! / Кітаптан үлес берілгендерді көрмедің бе? Олар араларына үкім шығару үшін Аллаһтың Кітабына шақырылады. Содан кейін, олардан бір топ бас тартқан күйде, теріс айналады

[24] Бұл олардың: «Бізге От / тозақ / ешқашан тимейді, тек санаулы күндер болмаса»,- деп айтқандықтары себепті. Оларды ойдан шығарғандары / өтіріктері / діндеріне қатысты / өздерін / алдады

[25] Біз оларды болуында күмән жоқ Күн үшін жинап, әрбір жанға тапқаны толық берілген кезде / жағдайы / қалай болмақ? Оларға әділетсіздік етілмейді

[26] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Йа, билік иесі - Аллаһ! Сен билікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан билікті алып қоясың. Қалағаныңды үстем етіп, қалағаныңды қор қыласың. жақсылық / барлық қайырлы нәрсе / - Сенің қолыңда. Ақиқатында, Сен барлық нәрсені Жасай алушысың

[27] Сен түнді күндізге ендіріп, күндізді түнге ендіресің. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Әрі қалағаныңа сансыз ризық бересің», - деп

[28] Имандылар / мүміндер / имандылардың орнына кәпірлерді дос тұтпасын. Кім осыны істесе, оның Аллаһпен ешқандай байланысы қалмайды. Тек, олардан / имансыздардан / қауіптеніп, әлдебір сақтану үшін болса, онда басқа. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Әрі қайтуларың - Аллаһқа / Оған қайтасыңдар

[29] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Көкіректеріңдегіні жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да Аллаһ оны біледі. Әрі Ол аспандардағыны да, жердегіні де біледі. Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы», - деп

[30] Сол күні әрбір жан істеген жақсылығын әрі істеген жамандығын ұсынылған түрде табады. Ол өзі мен оның / жаман амалдарының / арасы алыс болуын тілейді. Аллаһ сендерді Өзінен / Өзінің жазасынан / сақтандырады. Аллаһ - құлдарына өте Мейірбан

[31] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһты жақсы көретін болсаңдар, онда маған еріңдер. Сонда Аллаһ сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп

[32] Айт: «Аллаһқа және Елшіге бойсұныңдар», - деп. Егер теріс бұрылсаңдар, ақиқатында Аллаһ кәпірлерді жақсы көрмейді

[33] Ақиқатында, Аллаһ Адамды, Нұхты, Ибраһимнің әулеті мен Имранның әулетін әлемдер ішінен тандады

[34] бір-бірінен тараған ұрпақ етіп. Аллаһ әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші

[35] Кезінде Имранның әйелі: «Раббым! Ақиқатында мен құрсағымдағыны азат етілген түрде Өзіңе атадым. Менен қабыл ал! Сен әрбір нәрсені Естушісің, бәрін Білушісің », - деген еді

[36] Ол оны босанғанда: «Раббым, мен қыз - босандым», - деді. Аллаһ оның не босанғанын жақсы біледі. Әрі ұл қыз сияқты емес. «Мен оны Мәриям деп атадым әрі оны және оның ұрпағын қуылған шайтаннан Сенің қорғауыңды тілеп, сиынамын», - деді

[37] Раббысы оны жақсы түрде қабылдап, көркем етіп өсірді және оны Зәкәрияның қарауына берді. Зәкәрия әрқашан оның алдына - михрабқа / құлшылық орнына / кірсе, оның алдынан ризық көретін. Ол: «Ей, Мәриям! Бұл саған қайдан / келуде / ?»- деді. Ол / Мәриям / : «Ол - Аллаһтан. Ақиқатында Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді», - деді

[38] Сонда Зәкәрия Раббысына жалбарынып: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен - тілекті Естушісің», - деді

[39] Ол михрабта / құлшылық орнында / намаз оқып тұрған кезде, періштелер: «Аллаһ сені Аллаһтың сөзін растаушы, ел ағасы, ұстамды әрі ізгілер қатарында пайғамбар болатын Яхиямен сүйіншілейді», - деп үн қатты

[40] Зәкәрия / . «Менде бала қалай болады?! Негізінде өзіме кәрілік жетті, ал әйелім - бедеу», - деді. / Періште / : «Міне, осылай, Аллаһ нені қаласа соны жасайды», - деді

[41] Зәкәрия / : «Раббым! Маған бір белгі бер», - деді. / Ол: / «Сенің белгің - адамдармен үш күн тек ишарамен ғана сөйлесуің. Раббыңды көп еске ал әрі кешке және таңертең Оны дәріпте», - деді

[42] Періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені таңдап алды әрі тазартты және Сені әлемдегі әйелдер арасынан таңдады

[43] Ей, Мәриям! Раббыңа бойсұна беріл, сәжде жаса және рукуғ етушілермен бірге рукуғ ет», - деді

[44] Ей, Мұхаммед! / Бұл - Біз саған уахи етіп отырған ғайып хабарлардың бірі. Негізінде, олар / ғибадатхана өкілдері / Мәриямды қарауына қайсысы алатынына / анықтау үшін / қаламдарын / жеребе етіп / тастағанда, сен олардың қасында болған жоқсың. Әрі олар тартысқан кезде де қастарында жоқ едің

[45] Сол кезде періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені Өз тарапынан болған бір Сөзбен сүйіншілейді. Оның есімі - Иса Мәсих Мәриям ұлы, ол осы өмірде әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / абыройлы әрі / Аллаһқа / жақындатылғандардан болады

[46] Әрі ол адамдарға бесікте сөйлейді және ержеткен кезінде де. Әрі ол ізгілерден болады

[47] Мәриям / '. «Раббым! Менде қалайша бала болады, егер маған ешбір адам тиіспеген болса?!» - деді. / Періште / : «Осылай, Аллаһ қалағанын жаратады. Қашан Ол бір іске шешім шығарса, оған тек қана «Бол!» - дейді, сонда ол бола қалады», - деді

[48] Әрі Ол оған жазуды, даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйретеді

[49] әрі оны Исраил / Йаъқубтың / ұрпақтарына Елші етеді. / Иса / \ «Ақиқатында мен сендерге Раббыңыздан бір белгі-мұғжизамен келдім. Сендерге лайдан құс секілді жасаймын, сөйтіп оған үрлегенімде, ол Аллаһтың қалауымен құс болады. Сондай-ақ, тума соқыр мен алапесті айықтырып, Аллаһтың қалауымен өлілерді тірілтемін әрі сендерге үйлерінде не жеп, нені сақтап жинағандарыңның хабарын беремін. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осы нәрселерде сендер үшін белгі-ғибрат бар

[50] Әрі мен сендерге алдымдағы Тәураттағыны растаушы ретінде және сендерге тыйым салынған нәрселердің кейбіріне / Аллаһтың әмірімен / рұқсат беру үшін / келдім / . Әрі мен сендердің Раббыңнан белгі-дәлелмен келдім. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі маған бағыныңдар

[51] Ақиқатында Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Міне, осы - тура жол», - деді

[52] Иса олардан / иудейлерден / күпірлік / қарсылық / сезген кезде: «Аллаһқа / Оның жолындағы / менің жәрдемшілерім кім?» - деді. Хауарилер / Исаға ерушілер / : «Біз - Аллаһ / дінінің / көмекшілеріміз. Аллаһқа сендік! Біздің мұсылман / бойсұнушы / екендігімізге куә бол

[53] Раббымыз! Түсіргеніңе сендік және Елшіге ердік, енді бізді куәлік етушілермен бірге жаз», - деді

[54] Олар / кәпірлер / айла-шарғы жасады. Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы

[55] Аллаһ айтты: «Ей, Иса! Ақиқатында, Мен сені дүниеден алып, Өз тарапыма көтеремін әрі сені күпірлік еткендерден / теріске шығарғандардан / тазартып, саған ілескендерді Қайта тірілу күніне дейін күпірлік етушілерден / қарсы келушілерден / жоғары қоямын. Содан кейін қайту - Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда, қайшылыққа түскен нәрселеріңе қатысты араларыңа үкім беремін

[56] Ал, күпірлік еткендерді / қарсы келгендерді, мойындамағандарды / осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты қинаумен азаптаймын әрі оларға ешбір көмек беруші болмайды», - деді

[57] Ал иманға келген және ізгі амал жасағандардың қайтарым сыйын Ол толық береді. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді

[58] Ей, Мұхаммед! / Саған мұны аяттар- дан және хикметті Еске салудан / Құраннан / оқимыз

[59] Шын мәнінде, Аллаһтың алдында Исаның мысалы Адамның мысалына ұқсайды. Ол оны топырақтан жаратып, «Бол» дегенде, ол болды

[60] Ақиқат - Раббыңнан. Сондықтан күмәнданушылардан болма

[61] Ал, өзіңе келген білімнен кейін кім сенімен ол / Иса / жөнінде тартысса: «Келіндер, біз өз балаларымызды әрі сендердің балаларыңды, біздің әйелдерімізді және сендердің де әйелдеріңді, әрі өзімізді және өздеріңді шақырайық та, содан кейін жалбарынып, өтірікшілерге Аллаһтың лағнетін тілейік», - деп айт

[62] Анығында, бұл - ақиқи хабарлар. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[63] Егер олар бет бұрса, күмәнсіз, Аллаһ - бұзушыларды Білуші

[64] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Аллаһтан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Аллаһтан өзге - иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар

[65] Ей, Кітап берілген қауым! Ибраһим жөнінде не үшін тартысудасыңдар? Тәурат та, Інжіл де одан кейін барып түсірілген. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[66] Міне, сендер, сол - өздеріңде білімі болған нәрсе жөнінде тартыстыңдар. Ал енді неге өздеріңде білімі болмаған нәрсе жөнінде тартысасыңдар? Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер

[67] Ибраһим иудей де, христиан да емес еді. Бірақ ол - ханиф, мұсылман еді. Әрі ол серік қосушылардан болмады

[68] Ақиқатында, адамдардан Ибраһимге сай, ең жақыны - оған ергендер әрі осы Пайғамбар / Мұхаммед / және имандылар / мүміндер / . Ал, Аллаһ - имандылардың / мүміндердің / Қамқоршысы

[69] Кітап берілген қауымның бір тобы сендерді адастыруды қалады. Алайда, олар сезбеген күйде, өздерін-өздері ғана адастырады

[70] Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұрып, Аллаһтың аяттарына не үшін күпірлік етесіңдер / мойындамайсыңдар

[71] Ей, Кітап берілген қауым! Неге ақиқатты жалғанмен араластырасыңдар және біле тұрып ақиқатты жасырасыңдар

[72] Кітап берілген қауымның бір тобы: «Иманға келгендерге түсірілгенге / Құранға / күннің алғашқы бөлігінде сеніп, ал күннің соңында күпірлік етіңдер / бас тартыңдар / . Мүмкін, олар қайтар

[73] Әрі діндеріңе ергеннен басқаға сенбеңдер», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, тура жол - Аллаһтың жолы», - деп. / Олар тағы бір-біріне / : «Сендерге берілгендей нәрсе біреуге берілмеуі немесе олар сендермен Раббыңыздың алдында тартыспауы үшін», - деді. Айт: «Анығында, кеңшілік - Аллаһта. Ол оны қалағанына береді. Аллаһ - аса Кең , бәрін Білуші», - деп

[74] Ол қалағанын Өз мейіріміне бөлейді.Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі

[75] Кітап берілген қауымның ішінде мол дүниені сеніп тапсырсаң, оны өзіңе қайтаратындары бар. Сондай-ақ, олардың ішінде бір динарды сеніп тапсырсаң, қашан басында тұрып алмағаныңша, оны саған қайтармайтындары бар. Бұл олардың: «Сауатсыздарға қатысты бізге жол / күнә / жоқ», - деп айтқандары себепті. Олар біле тұрып, Аллаһқа қатысты өтірік айтады

[76] Олай емес! Кім сертін орындаса және тақуа болса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / , сөзсіз, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан сақтанушыларды / жақсы көреді

[77] Ақиқатында, Аллаһқа берген сертін және өздерінің анттарын болмашы бағаға сататындар - міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / үлес жоқ. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді, оларға қарамайды әрі оларды тазартпайды. Сондай-ақ оларға күйзелтуші азап бар

[78] Ақиқатында, олардың ішінде Кітапта жоқ нәрсені Кітапта бар деп есептеулерің үшін Кітапты тілдерін бұрап / өзгертіп / әрі Аллаһтан болмаса да: «Бұл - Аллаһтан», - деп айтатын бір топ бар. Олар біле тұрып Аллаһ атынан өтірік айтады

[79] Аллаһ бір адамға Кітап, үкім және пайғамбарлық бергеннен кейін, оның адамдарға: «Аллаһты қойып, маған құл болыңдар», - деп айтуы лайық емес. Керісінше: «Кітапты үйреткендерің әрі өздерің үйренгендеріңдей өздеріңнің Раббыңа берілгендерден болыңдар», - / деп айтуы лайықты

[80] Әрі оның сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдайлар етіп алуды бұйыруына болмайды. Мұсылман болғандарыңнан кейін ол / Елші / сендерді күпірлікке / Аллаһқа серік қосуға / бұйыра ма

[81] Кезінде Аллаһ пайғамбарлардан: «Мен сендерге Кітап, даналық бердім, содан кейін сендерге өздеріңдегіні растаушы бір Елші келсе, міндетті түрде оған сенесіңдер және жәрдем бересіңдер», - деп серт алды. / Оларға / : «Растадыңдар ма әрі жүктегенімді қабыл алдыңдар ма?» - дегенде, олар: «Растадық!» - деді. / Аллаһ / : «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын», - деді

[82] Ал, кім осыдан кейін бет бұрса, міне, солар - нағыз бұзықтар / бойсұнбаушылар

[83] Оған / Аллаһқа / аспандардағы және жердегілер ерікті әрі еріксіз түрде бойсұнғанда, олар Аллаһтың дінінен басқаны іздей ме? Әрі олар Оған қайтарылады

[84] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Біз Аллаһқа сендік / иманға^ келдік / және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және оның әулеттеріне түсірілгенге, сондай-ақ, Мұсаға, Исаға және пайғамбарларға Раббысы тарапынан берілгенге / сендік / . Олардың ешқайсысының араларын бөлмейміз. Әрі Біз - Оған бойсұнушымыз», - деп

[85] Кімде-кім Исламнан басқа бір дін қаласа, ол одан мүлдем қабыл етілмейді әрі ол соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зиян шегушілерден болады

[86] Иманға келіп, Елшінің хақ екендігіне куәлік бергенінен кейін әрі өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін күпірлік еткен / иманнан бас тартқан / адамдарды Аллаһ қалайша тура жолмен жүргізсін? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[87] Оларға Аллаһтың лағнеті және періштелер мен барлық адамдардың лағнеті болады. Міне - олардың қайтарым жазасы

[88] Олар - онда / лағнетте / мәңгі қалушы. Оларға азап жеңілдетілмейді әрі мұрсат та берілмейді

[89] Тек, осыдан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар / тәубеге келгендер / және түзеткендер бұған кірмейді. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[90] Негізінде иманға келгенінен кейін күпірлік еткен / иманнан қайтқан / , содан соң күпірліктерін / қарсылықтарын / арттыра түскендердің Аллаһқа бойсұнуға қайтуы / тәубесі / мүлдем қабыл етілмейді. Міне, солар - нағыз адасушылар

[91] Ақиқатында, күпірлік етіп / иманнан бас тартып / , сөйтіп кәпір күйінде өлгендердің ешқайсысынан / өзін құтқару үшін / өтемге жер жүзі толған алтын берсе де қабыл етілмейді. Міне, соларға күйзелтуші азап бар. Әрі оларға бірде-бір жәрдемші жоқ

[92] Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен жұмсамайынша, игілікке жете алмайсыңдар. Әрі сендер не жұмсасаңдар да, Аллаһ - оны Білуші

[93] Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың / Йаъқуб пайғамбардың / өз-өзіне тыйым салғанынан басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына рұқсат етілген еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда Тәуратты әкеліп, оны оқыңдар», - деп

[94] Ал, кім осыдан кейін өтірікті құрастырып, Аллаһқа жала жапса, міне, солар - нағыз әділетсіздер

[95] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ шын- дықты айтты. Ханиф Ибраһимнің дініне еріңдер. Ол мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емес еді», - деп

[96] Ақиқатында, адамдарға ең алғаш салынған - Бәккедегі үй. Ол әлемдер үшін құт-береке әрі тура жол

[97] Онда анық белгілер - Ибраһимнің мақамы / орны / бар. Кім оған кірсе, аман болады. Аллаһ адамдарға Үйге қажылық жасауды, оның жолына / Қағбаға баруға / шамасы келгендер үшін міндеттеді. Ал, кім күпірлік етсе / мұны теріске шығарса / , күмәнсіз, Аллаһ әлемдерден Бай, мұқтаж емес

[98] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Аллаһтың аяттарына неге күпірлік етесіңдер / қарсы келесіңдер / ? Ал, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңа куә ғой», - деп

[99] Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Өздерің куә бола тұра, не үшін Аллаһтың жолын бұрмалауға ұмтылып, иманға келгендерді одан тосасыңдар? Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / аңдамай қалушы / емес», - деп

[100] Ей, иманға келгендер! Егер Кітап берілгендердің кейбір тобына бағынсаңдар, иманға келгендеріңнен кейін олар сендерді кәпірлікке қайтарады

[101] Сендерге Аллаһтың аяттары оқылып әрі араларында Оның Елшісі бола тұрып, қалайша күпірлік етесіңдер / сенбей, қарсы келесіңдер / ? Ал, кім Аллаһтан айрылмай ұстаса, сөзсіз, ол тура жолға түсірілген болады

[102] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын / Оған лайықты түрде болған / тақуалықпен / Оның жазасынан шын қорқып, сақтанумен / тақуалық етіңдер әрі Мұсылман күйінде болмаса, / өзге халде / өлуші болмаңдар. / Мұсылман болған күйде ғана өмірден өтіңдер

[103] Барлығың Аллаһтың арқанынан ай­рылмай ұстаңдар әрі бөлінбеңдер. Сондай-ақ, Аллаһтың өздеріңе берген игілігін еске алыңдар, сендер / бір-біріңе / жау болған кездеріңде, Ол жүректеріңнің арасын жарастырып, Оның игілігімен бауырларға айналдыңдар. Әрі сендер бір От / тозақ / шыңырауының ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Сендер тура жолмен жүрулерің үшін Аллаһ сендерге Өз аяттарын осылай түсіндіреді

[104] Сендердің араларыңда жақсылыққа / қайырлы іске / шақыратын, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтаратын бір топ болсын. Міне, солар - мұратына жетушілер

[105] Өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскен біреулер секілді болмаңдар. Міне, соларға өте үлкен азап бар

[106] Ол күні кейбір жүздер ағарып, кейбір жүздер қараяды. Жүздері қарайып кеткендерге: «Сендер иманға келгендеріңнен кейін күпірлік еттіңдер ме / иманды теріске шығардыңдар ма / ? Енді күпірлік еткендерің үшін азапты татыңдар»,- делінеді

[107] Ал, жүздері ағарғандар, Аллаһтың мейірімінде болып, онда мәңгі қалады

[108] Ей, Мұхаммед! / Міне, осы - Аллаһтың аяттары. Біз оны саған ақиқатпен оқимыз. Аллаһ әлемдерге / бүкіл жаратылыстарға / әділетсіздікті қаламайды

[109] Әрі аспандағылар мен жердегілер Аллаһтікі және барлық істер Аллаһқа қайтарылады

[110] Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үммет болдыңдар. Сендер құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарасыңдар және Аллаһқа сенесіңдер. Егер де Кітап берілгендер иманға келгенде, өздері үшін қайырлы болар еді. Олардың арасында иманға келгендер бар. Алайда, олардың көпшілігі бұзықтар / бойсұнбаушылар

[111] Олар сендерге азар беруден / ренжітуден / басқа ешбір зиян тигізе алмайды. Ал, егер сендермен соғысса, арттарына бұрылады. Содан кейін оларға жәрдем берілмейді

[112] Олар Аллаһтың жібімен / қорғауымен / болмаса және адамдардың жібімен / келісімі аясында / болмаса, қай жерде табылса да қорлыққа ұшыратылды. Әрі олар Аллаһтың ашуына тап болып, жоқшылыққа ұшыратылды. Бұл - олардың Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / мойындамаулары, қарсы келулері / және өлтіруге құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері себепті. Әрі бұл олардың бойсұнбаулары және шектен шыққандықтары үшін

[113] Олардың бәрі бірдей емес. Кітап берілген қауымның ішінде сәжде жасап, түні бойы Аллаһтың аяттарын оқитын тура тобы да бар

[114] Олар Аллаһқа және Ақирет күніне сенеді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады әрі олар игі істерде алдында / озат / болуға ұмтылады. Міне, солар - ізгілерден

[115] Олар қандай қайырлы іс істесе де ол жоққа шығарылмайды. Аллаһ тақуаларды / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанушыларды / Білуші

[116] Ақиқатында, күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / мал дүниелері де, балалары да ешбір нәрсемен Аллаһтан / Оның азабынан / құтқара алмайды. Міне, солар - Отта болатындардан, олар онда мәңгі қалушылар

[117] Олардың осы өмірде жұмсағандарының мысалы - өздеріне өздері әділетсіздік еткен адамдардың егіндігіне тиіп, оны тып-типыл еткен бір суық желге ұқсайды. Аллаһ оларға әділетсіздік істеген жоқ. Алайда, олар өздеріне әділетсіздік істеді

[118] Ей, иманға келгендер! Өздеріңнен болмаған басқаларды дос, сырлас етіп алмаңдар. Олар сендерге нұқсан келтіретін сәтті қалт жібермейді. Олар сендердің қиныншылықта қалуларыңды қалайды. Олардың / сендерді / жек көрулері көмейлерінен байқалды. Ал, көкіректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер ақылдарыңды істетіп ұғынатын болсаңдар, сендерге аяттарды анықтап түсіндіріп бердік

[119] Міне, сендер оларды жақсы көресіңдер, ал олар сендерді жақсы көрмейді. Сендер Кітапқа бүтіндей сенесіңдер. Олар сендерді кездестірсе: «Біз иманға келдік», - дейді. Ал, оңаша қалғанда, сендерге ызаланғаннан бармақтарын шайнайды. Оларға: «Ызаларыңнан өліп кетіңдер», - деп айт. Ақиқатында, Аллаһ - көкіректердегіні жақсы Білуші

[120] Егер сендерге бір жақсылық жетсе, бұл оларды қапаландырады, әрі сендерге бір жамандық жетсе, олар бұған қуанады. Ал, егер сабыр етсеңдер әрі тақуа болсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , олардың қулық-сұмдығы сендерге ешбір зиян тигізбейді. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы

[121] Кезінде, / ей, Мұхаммед / сен үйіңнен имандыларды / мүміндерді / шайқас орындарына орналастыру үшін ерте шықтың. Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші

[122] Сол кезде сендерден екі топ осалдық танытамыз ба деп уайымдады. Ал, ол екеуінің Қамқоршысы - Аллаһ. Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін

[123] Әрі Аллаһ сендерге Бәдірде, әлсіз халде болғандарыңда көмек берген еді. Шүкір ету / берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар

[124] Ей, Мұхаммед! / Сол кезде сен имандыларға / мүміндерге / : «Раббыңыз сендерге үш мың періште түсіріп қолдаса жетпей ме?» деп айтуда едің

[125] Әрине! Егер сабыр етсеңдер әрі тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, сол сәтте олар / жау әскері / сендерге бірден келіп қалса, / сонда / Раббыңыз сендерді белгісі бар бес мың періштемен қолдайды

[126] Аллаһ мұны сендерге қуанышты хабар әрі жүректеріңнің орнығуы үшін ғана жасады. Көмек тек қана бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан болады

[127] Сөйтіп, сондай күпірлік еткендердің / иманғакелмегендердің / бір жағын жойып немесе бетін қайтарып, олардың үміттері орындалмай қайтулары үшін

[128] Ей, Мұхаммед! / саған / бұл / істе ешнәрсе жоқ. Ол / Аллаһ / не олардың істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді немесе оларды азаптайды. Өйткені, олар – әділетсіздер

[129] Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[130] Ей, иманға келгендер! Еселеніп көбейген өсімді жемеңдер. Әрі мұраттарыңа жету үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар

[131] және кәпірлер үшін дайындалған Оттан / тозақтан / қорқып, сақтаныңдар

[132] әрі Аллаһқа және Елшісіне бойсұныңдар, рақымына жетулерің үшін

[133] Әрі Раббыңыздың кешіріміне және тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін дайындалған, ені аспандар мен жердей болған - жәннатқа ұмтылыңдар

[134] Солар / тақуалар / жеңілдікте де және қиындықта да / Аллаһ разылығы үшін / жұмсайтындар, ашуын ұстайтындар және адамдарды кешіретіндер. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді

[135] Әрі олар жиіркенішті іс / үлкен күнә / жасаса немесе өздеріне әділетсіздік етсе, Аллаһты естеріне алып, күнәлары үшін кешірім тілейтіндер. күнәларды Аллаһтан басқа кім кешіреді? Әрі олар істегендерін қасарысып жалғастыра бермейді және олар біледі

[136] Міне, солардың қайтарым сыйы - олардың Раббысынан кешірім және астынан өзендер ағып жататын әрі олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы

[137] Сендерден бұрын да түрлі жолдар / жағдайлар / өтті. Жер жүзін аралап, жалғанға шығарушылардың ақыры қандай болғанын қараңдар

[138] Бұл / Құран / - адамдар үшін анық түсіндіру әрі тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және насихат

[139] Босаңсымаңдар әрі қайғырмаңдар, егер иманды / мүмін / болсаңдар, сендер жоғарысыңдар

[140] Егер сендер жарақат алсаңдар, ақиқатында ол адамдар да сондай жарақат алған еді. Аллаһ иманға келгендерді білуі әрі сендерден шәһидтер таңдап алуы үшін осындай күндерді адамдардың араларында алмастырып тұрады. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді

[141] Әрі бұл Аллаһтың имандыларды / мүміндерді / тазартып, кәпірлерді жоюы үшін

[142] Әлде, Аллаһ сендерден күресушілер мен сабыр етушілерді айқындамай тұрып, жәннатқа кіреміз деп есептедіңдер ме

[143] Ақиқатында, сендер өлімге кездеспей тұрып, оны тілеуші едіңдер. Енді оны көрдіңдер де қарап қалдыңдар

[144] Мұхаммед бір Елші ғана. Одан бұрын да елшілер өтті. Егер ол өлсе, не өлтірілсе арттарыңа қайтып кетесіңдер ме? Кім артына қайтатын болса, Аллаһқа ешбір зиян келтіре алмайды. Аллаһ шүкір етушілердің / берген игіліктеріне алғыс білдірушілердің! қайтарым сыйын, әлі-ақ береді

[145] Әрбір жан тек Аллаһтың рұқсатымен ғана, анық жазылып белгіленген мерзімде өледі. Әрі кім осы өмірдің сыйын қаласа, оған одан береміз. Ал, кім соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйын қаласа, оған да одан береміз. Әрі Біз шүкір етушілердің I берген игіліктерімізге алғыс білдірушілердің / қайтарым сыйын жақында береміз

[146] Қаншама пайғамбар өтті, Раббысына берілген көптеген адамдар олармен бірге соғысты. Олар Аллаһ жолында бастарына түскенге босаңсымады, әлсіздік танытпады және мойымады. Аллаһ сабыр етушілерді жақсы көреді

[147] Олардың сөздері: «Раббымыз! Біздің күнәларымызды және ісіміздегі шек­тен шығуымызды кешір әрі табандарымызды бекіт және кәпірлерге қарсы бізге көмек бер!» - деп айтулары ғана болды

[148] Аллаһ оларға осы өмірдің сыйын әрі соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / сыйының ең көркемін берді. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді

[149] Ей, иманға келгендер! Егер күпірлік еткендерге / қарсы келгендерге, имансыздарға / бағынсаңдар, олар сендерді арттарыңа қайтарады. Сонда зиян шеккендерге айналасыңдар

[150] Ақиқатында, сендердің қамқоршыларың - Аллаһ! Ол - көмек берушілердің ең қайырлысы

[151] Аллаһқа серік етіп, Ол ешбір дәлел түсірмеген нәрсені таңғандықтары үшін күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың! жүректеріне үрей саламыз. Әрі олардың баспанасы - От / тозақ / . Әділетсіздердің тұрағы неткен жаман

[152] Ақиқатында, Аллаһтың рұқсатымен сендер оларды қырып жатқан кездеріңде, Аллаһ сендерге берген уәдесін шындыққа шығарды. Ал, Аллаһ өздеріңе ұнататын нәрселеріңді көрсеткеннен кейін осалдық таныттыңдар және берілген бұйрық жөнінде тартысып, бағынбай кеттіңдер. Сендердің іштеріңде осы өмірді қалайтындар бар әрі сендердің іштеріңде соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайтындар бар. Содан кейін Ол сендерді сынау үшін олардан кері бұрды. Әрі Ол сендерді кешірді. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / кеңшілік Иесі

[153] Сол кезде Елші арттарыңнан сендерді шақырса да ешкімге қайырылмай, / жоғарыға / қаша жөнелдіңдер. Сонда Ол / Аллаһ / жіберіп алғандарыңа және бастарыңа түскенге күйінбеулерің үшін қайғы үстіне қайғыны қайтарым ретінде берді. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[154] Кейін, қайғыдан соң, Ол сендерге бір бөлігіңді баурап алған тыныштықты қалғу / жеңіл ұйқы / түрінде түсірді. Ал, басқа бір топ Аллаһ туралы, надандық дәуіріндегідей шындыққа сай келмейтін ой ойлап: «Осы істен бізге бір нәрсе бар ма?» - деп өздері жайлы уайымда болды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында барлық іс Аллаһтың еркінде», - деп. Олар саған әшкере етпейтіндерін іштерінде жасырады да: «Осы істен бізге бір нәрсе болғанда, осы жерде өлтірілмес едік», - дейді. Айт: «Сендер үйлерінде болсаңдар да өлтірілуі / тағдырында / жазылғандар, өздері жер құшатын орынға барар еді. Бұл - Аллаһтың сендердің көкіректеріңдегіні сынауы үшін әрі жүректеріңдегіні тазартуы үшін. Аллаһ көкіректердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[155] Ақиқатында, екі топ бетпе-бет келген күні сендерден артқа бұрылғандарды, кейбір істеп өткендері / күнәлары / себебінен шайтан сүріндірген еді. Аллаһ оларды кешірді. Сөзсіз, Аллаһ - өте Кешірімді, аса Ұстамды

[156] Ей, иманға келгендер! Жер жүзінде сапарда немесе жорықта болған бауырлары туралы: «Егер де олар қасымызда болғанда өлмес те, әрі өлтірілмес те еді», - дейтін күпірлік етушілер / мұнафиқтар мен имансыздар / тәрізді болмаңдар. Аллаһ бұны / айтқан сөздерін / олардың жүректеріне қайғы-қасірет ету үшін істеді. Аллаһ тірілтеді және өлтіреді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды Көруші

[157] Егер Аллаһ жолында өлтірілсеңдер немесе өлсеңдер, әлбетте, Аллаһтың кешірімі мен мейірімі олардың / кәпірлердің / жиғандарынан қайырлы

[158] Егер өлсеңдер де, не өлтірілсеңдер де, міндетті түрде Аллаһқа жиналасыңдар

[159] Ей, Мұхаммед! / Сен оларға Аллаһтың мейірімімен жұмсақтық таныттың. Егер дөрекі, қатал жүректі болғаныңда, олар маңайыңнан тарап кетер еді. Оларды кешір және олар үшін / Аллаһтан / кешірім тіле әрі іс жөнінде олармен кеңес. Қашан / бір іске / шешім қабылдасаң, Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Шын мәнінде, Аллаһ Өзіне жүгініп, Оған істерін тапсырушыларды / тәуекел етушілерді / жақсы көреді

[160] Егер Аллаһ сендерге жәрдем берсе, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал, егер, сендерді көмексіз қалдырса, Одан кейін сендерге жәрдем беретін кім бар? Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін

[161] Ешбір пайғамбарға / олжаны / өтірікпен өзіне иемденіп алу лайық емес. Ал, кім өтірікпен алып иемденген болса, Қайта тірілу күні сол алғанымен келеді. Содан кейін әрбір жанға әділетсіздік етілмей, тапқаны толық беріледі

[162] Аллаһтың разы болғанына еруші адам Аллаһтың ашуына ұшырап, тұрағы Жаһаннам болған біреу секілді ме? Ал ол баратын жер қандай жаман

[163] Олар Аллаһтың алдында - түрлі дәрежелерде. Әрі Аллаһ - олардың не істеп жатқанын Көруші

[164] Ақиқатында, Аллаһ имандыларға / мүміндерге / Оның аяттарын оқитын, оларды тазартатын және Кітап пен даналықты / сүннетті / үйрететін өз іштерінен бір Елші жіберіп, оларға игілік жасады. Ал, олар бұрын анық адасуда болған еді

[165] Сендер / Ұхудта / бір қиындыққа ұшырағанкездеріңде, бұрын өздерің олар­ды / Бәдірде / бұдан екі есе қиындыққа ұшыратқан бола тұрып: «Бұл / жеңіліс / қай- дан келді?» - демедіңдер ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өздеріңнен» - деп. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[166] Әрі екі топ бетпе-бет келген күні сендердің бастарыңа түскен нәрсе - Аллаһтың рұқсатымен және имандыларды білу үшін болды

[167] Әрі мұнафиқ болғандарды да білуі / анықтауы / үшін. Оларға: «Келіңдер, Аллаһ жолында соғысыңдар немесе қорғаныңдар»делінген еді. Олар: «Соғысты / болатынын / білгенімізде, әлбетте арттарыңнан ерер едік»,- деді. Сол күні олар, иманға қарағанда күпірге / имансыздыққа / жақын еді. Олар тілдерімен жүректерінде жоқнәрсені айтады. Негізінде,Аллаһ олардың не жасырып тұрғандарын жақсы біледі

[168] Ей, Мұхаммед! / Өздері / жорыққа шықпай / отырып қалып, бауырлары туралы: «Егер олар бізді тыңдағанда, өлтірілмес еді»,дегендерге айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, өздеріңнен өлімді қайтарыңдаршы» - деп

[169] Әрі Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп есептеме. Негізінде, олар тірі, Раббысының құзырында ризық алуда

[170] өздеріне - Аллаһ Өз кеңшілігінен бергеніне шаттануда әрі өздеріне әлі қосылмаған арттарындағыларға / ерушілерге / еш қорқыныш жоқтығына және олардың қайғырмайтындығына қуануда

[171] Олар Аллаһтың игілігі мен кеңшілігіне және имандылардың / мүміндердің / ақысын Аллаһтың зая кетірмейтіндігіне қуанады

[172] олар өздері / Ұхуд соғысында / жарақат алғаннан кейін де Аллаһқа және Елшіге жауап бергендер / бойсұнғандар / . Олардан игілік істегендерге және тақуалық еткендерге / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / ұлы сый бар

[173] Оларға адамдар: «Расында адамдар сендерге қарсы жиналды, олардан қорқыңдар!» - дегенде, бұл олардың имандарын күшейте түсіп: «Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол қандай жақсы - әл-Уакийл / тапсырылғанды қорғап, сақтаушы / », - деп жауап берді

[174] Әрі оларға еш жамандық тимей Аллаһтың игілігі және кеңшілігімен қайтып оралды және олар Аллаһтың ризалығына ерді. Аллаһ - ұлы кеңшілік иесі

[175] Шын мәнінде, сол - шайтан, өзіне ерушілерді ғана қорқытады. Сондықтан олар­дан қорықпаңдар, иманды / мүмін / болсаңдар Менен қорқыңдар

[176] Ей, Мұхаммед! / Күпірлікке / иманды теріске шығаруға / асыққандар сені қайғыртпасын. Ақиқатында, олар Аллаһқа ешқандай зиян келтіре алмайды. Аллаһ оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес бермеуді қалайды. Әрі оларға өте үлкен азап бар

[177] Ақиқатында, иманның орнына күпірлікті / имансыздықты / сатып алғандар Аллаһқа ешқандай зиян тигізе алмайды. Әрі оларға күйзелтуші азап бар

[178] Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келуден бас тартқандар / , оларға уақыт беруімізді, өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Негізінде, оларға күнәларының көбеюі үшін ғана уақыт береміз. Оларға қорлаушы азап бар

[179] Ей, Мұхаммед! / Аллаһ жақсыдан жаманды айырғанға дейін имандыларды / мүміндерді / сендер болған осы халде / жағдайда / қалдырып қоюшы емес. Аллаһ сендерге ғайыпты білдірмейді. Бірақ, Аллаһ елшілері арасынан Өз қалағанын таңдап алады. Ендеше Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер! Егер иманға келсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сендерге ұлы сый бар

[180] Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергеніне сараңдық ететіндер, оны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Керісінше, бұл - оларға жамандық. Қайта тірілу күні олар сараңдық етіп, бермеген нәрселерімен оратылады. Аспандар мен жердің мирасы Аллаһтікі. Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[181] Ақиқатында, Аллаһ олардың / иудейлердің / : «Аллаһ кедей, біз баймыз», - деген сөздерін естіді. Олардың айтқандарын және құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз әрі / Оларға / : «Өртеуші оттың азабын татыңдар!» - дейміз

[182] Бұл - өз қолдарың дайындағаны / істеген күнәларың / себепті, өйткені Аллаһ құлдарына еш әділетсіздік етуші емес

[183] Ей, Мұхаммед! / Сондай: «От жалмап қоятын бір құрбандық алып келмейінше, Аллаһ бізден Елшіге сенбеуіміз жайлы серт алды», - дегендерге айт: «Ақиқатында сендерге менен бұрын да анық дәлелдермен және өздерің айтқан нәрсемен елшілер келген еді. Шын сөзді болсаңдар, сонда оларды не үшін өлтірдіңдер?» - деп

[184] Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікке шығарса, ақиқатында, анық белгі- дәлелдермен, жазбалармен және нұрландырушы Кітаппен келген сенен бұрынғы елшілер де өтірікке шығарылған еді

[185] Әрбір жан өлім / дәмін / татады. Шын мәнінде, Қайта тірілу күні сендер­ге ақыларың толық беріледі. Сонда кім Оттан / тозақтан / алыстатылып, Жәннатқа кіргізілсе, ол шынымен табысқа жетті. Ал, бұл өмір - бар болғаны алдамшы рахаттың / өткінші пайдаланудың / ғана нәрсесі

[186] Сендер міндетті түрде мал-дүниелеріңмен және өздеріңмен сыналасыңдар әрі өздеріңнен бұрынғы Кітап берілгендер мен серік қосушылардан көп реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер және тақуалық қылсаңцар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / ақиқатында, бұл шешімді / табандылықтанытатын / істерден

[187] Кезінде Аллаһ, Кітап берілгендерден: «Оны міндетті түрде адамдарға түсіндіресіңдер әрі жасырмайсыңдар», - деп серт алды. Алайда, олар оны / сертті / арттарына тастап, орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алды. Олардың сатып алғандары қандай жаман

[188] Ей, Мұхаммед! / Істегендеріне мәз болып, істемегендері үшін өздеріне мақтау айтылуын ұнататындарды азаптан құтылады деп ойлама. Оларға күйзелтуші азап бар

[189] Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[190] Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің ауысуында ақыл иелері үшін белгілер бар

[191] солар Аллаһты түрегеп тұрып, отырған күйі және жамбастап жатып еске алады, әрі аспандардың және жердің жаратылуы жайында ойланып: «Раббымыз! Сен бұны босқа жаратпадың! Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Бізді От / тозақ / азабынан сақта

[192] Раббымыз! Ақиқатында Сен кімді Отқа кіргізсең, оны шынымен қорлыққа ұшыратасың. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ

[193] Раббымыз! Біз «Өздеріңнің Раббыңа сеніңдер» - деп, иманға үндеп жүрген үндеушіні естіп, иманға келдік. Раббымыз! Біздің күнәларымызды кешір, жамандықтарымызды өшір / тазарт / әрі біздің жанымызды ізгілермен бірге ал

[194] Раббымыз! Бізге елшілерің арқылы уәде еткеніңді бер және бізді Қайта тірілу күні қорлама. Ақиқатында, Сен уәдеңді бұзбайсың», - деп тілейді

[195] Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер - бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Бұл - Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі - Аллаһта», - деп жауап берді

[196] Ей, Мұхаммед! / Сені күпірлік етушілердің / Аллаһтың дінін мойындамағандардың / елді аралап жүруі еш алдандырмасын

[197] бұл / аз ғана пайдалану. Одан соң олардың «паналайтын жайы» - Жаһаннам. Ол қандай жаман орын

[198] Алайда, Раббысынан / Оның жазасы­нан / қорқып, сақтанғандарға, астынан өзендер ағып жатқан / Жәннаттағы / бақтар бар, олар онда мәңгі қалушы. Бұл - Аллаһтан сый-сияпат ретінде. Әрі Аллаһтағы нәрселер ізгілер үшін қайырлы

[199] Ақиқатында, Кітап берілген қауымның ішінде Аллаһқа әрі сендерге түсірілгенге / Құранға / және өздеріне түсірілгенге / Тәурат пен Інжілге / сенетіндер, Аллаһқа берілгендер, Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмайтындар бар. Міне, солардың сыйы - олардың Раббысында. Негізінде, Аллаһ - есепті жылдам алушы

[200] Ей, иманға келгендер! Сабыр етіңдер әрі сабырда үстем болыңдар. Шепті күзетіңдер және мұраттарыңа жету үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар

Ниса

Surah 4

[1] Ей, адамдар! Сендерді бір адамнан / Адам ғ.с. / жаратқан әрі одан оның жұбын жаратып, ол екеуінен көп ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыңызға тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Бір-біріңнен Ол арқылы / Оның атымен / сұрасатын Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және туыстық байланыстарды / үзуден сақтаныңдар / ,Ақиқатында, Аллаһ - сендерді толық Бақылаушы

[2] Жетімдерге өз мал-мүліктерін беріңдер және нашарды жақсыға алмастырмаңдар. Олардың мал-мүліктерін өздеріңнің мал-мүліктеріңе қосып жемеңдер. Өйткені ол - үлкен күнә

[3] Егер жетімдерге / жетім қыздарға үйленуге / қатысты туралық ете алмаудан қорықсаңдар, онда өздеріңе ұнаған әйелдерден екі, үш және төртеуіне үйленіңдер. Ал, егер әділдік ете алмаудан қорықсаңдар, онда бір әйел немесе қолдарындағы күндерің болады. бұл - әділеттіктен ауытқымауларыңа көбірек жақын

[4] Әйелдерге мәһрлерін / қалыңдыққа берілетін сыйды / шын көңілден / бір міндет ретінде / беріңдер. Егер олар өздері сендерге одан бір нәрсені ұсынса, оны қош күйде жеңдер / пайдаланыңдар

[5] Аллаһ өздеріңе күнкөріс еткен мал-дүниелеріңді ақыл тоқтатпағандарға бермеңдер. Әрі оларды одан тамақтандырыңдар және киіндіріңдер. Сондай-ақ оларға жақсы сөз сөйлеңдер

[6] Жетімдерді неке / балиғат / жасына жеткендерінше сынаңдар. Егер олардан естиярлық байқасаңдар, мал-дүниелерін өздеріне тапсырыңдар. Оны ысырап етіп, олардың есеюлерінің алдын орап жемеңдер. Әрі кім бай болса, сақтансын / одан пайдаланбасын / . Ал, кім кедей болса, құпталғанға сай, жөнімен ғана жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, куәгерлерді қатыстырыңдар. Аллаһ - Есеп алушы ретінде жеткілікті

[7] Ата-ана және жақын туысқандардың қалдырған нәрселерінен ер адамдар үшін үлес бар. Сондай-ақ, ата-ана және жақын туысқандар қалдырған нәрселерден әйелдер үшін де үлес бар. Аз немесе көп болсын, бүл бір міндетті үлес

[8] Егер / мирасты / бөлу кезінде жақындар, жетімдер және кедейлер келсе, оларға одан бір нәрсе беріңдер және оларға жақсы сөз сөйлеңдер

[9] Артында әлсіз ұрпақ қалдыруға қандай қорықса, / өздері де солай / сақтансын. Олар Аллаһтан қорқып, тура сөз айтсын

[10] Ақиқатында, жетімдердің мал-дүниелерін әділетсіздікпен жейтіндер, шын мәнінде қарындарында отты ғана жейді. Таяуда олар Саъирда (жалындаған от) жанады

[11] Аллаһ балаларыңа қатысты сендерге тапсырады: бір ер кісіге екі әйелдің үлесіндей тиісті. Егер әйелдер екіден көп болса, Оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Егер біреу болса, оған жартысы тиісті. Егер / марқұмның / баласы болса ата-анасының әрқайсысына ол қалдырғаннан алтыдан бірі тиісті. Ал, егер баласы болмай, оған ата-анасы / ғана!мұрагер болса, онда анасына үштен бірі тиісті. Егер оның бауырлары болса, анасына алтыдан бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін / беріледі / . Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. бұл - Аллаһтың парыз еткені. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[12] Сендерге баласы болмаған жұбайларың қалдырғанның жартысы тиісті. Ал, егер олардың баласы болса, сендерге олар қалдырғанның төрттен бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттері немесе қарыздарынан кейін / беріледі / . Сондай-ақ Оларға да / әйелдеріңе / балаларың болмаса, сендер қалдырғанның төрттен бірі тиесілі. Ал, егер сендерде балалар болса, Оларға сендер қалдырғанның сегізден бірі тиесілі. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттерің немесе қарыздарыңнан кейін / беріледі / . Егер ата-анасы немесе балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер немесе қыз бауыры болса, олардың әрбіріне алтыдан бірі тиісті. Егер олар бұдан көп болса, олар / мирастың / үштен біріне ортақ болады. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырылған өсиет не қарыздан кейін, ешкімге залал келтірілмей / беріледі / . Бұл - Аллаһтан / бекітілген / бір өсиет. Аллаһ - бәрін Білуші / ’Алим / , аса Жұмсақ, Ұстамды / Халим

[13] Міне, бұлар - Аллаһтың белгілеген шектері. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы табыс

[14] Ал, кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе және Оның шектеулерінен шықса, Ол оны ішінде мәңгі қалатын Отқа / тозаққа кіргізеді әрі оған қорлаушы азап бар

[15] Әйелдеріңнен жиіркенішті іс / зина / жасағандарға, өздеріңнен оларға қарсы төрт куәгер келтіріңдер. Егер олар куәлік берсе, бұларға өлім келгенге дейін немесе Аллаһ олар үшін бір жол көрсеткенге дейін үйлерде ұстаңдар

[16] Сендерден осыны істегендердің екеуін де қинаңдар. Егер екеуі де істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзелсе, оларды қалдырыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді

[17] Шын мәнінде, білместікпен жаман іс жасап қойып, содан кейін жақын арада істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтатындардың / тәубеге келетіндердің / тәубесін қабылдау Аллаһқа тән. Міне, солардың тәубесін Аллаһ қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[18] Жаман істер жасап жүріп, ал өздеріне өлім келген кезде: «Енді мен істеген күнәма өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайттым / тәубе қылдым / », - деп айтатындардың және кәпір күйлерінде өлгендердің тәубелері қабыл етілмейді. Міне, соларға Біз күйзелтуші азап әзірледік

[19] Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар / өз әйелдерің / анық азғындық-жиіркенішті іс / ойнастық / істемесе, оларға бергендеріңнің / мәһрдің / бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай / жақсы / қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар / сабыр сақтаңдар / ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр / игілік / жасап қоюы мүмкін

[20] Ал, егер бір әйелмен ажырасып, ор­нына басқа әйелді алуды қаласаңдар, сонда олардың біріне мол дүние берген болсаңдар да одан ешнәрсе алмаңдар. Оны жалғандықпен және анық күнә жасап аласыңдар ма

[21] Оны / әйелге бергендеріңді / қалай аласыңдар? Ақиқатында, сендер бір-біріңе қосылып әрі олар сендерден қатаң серт алған еді

[22] Әкелерің үйленген әйелдерге үйленбеңдер. Бірақ, бұрын / исламға дейін / өткені өтті. Өйткені бұл бір жиіркенішті әрі жек көрінішті іс және жолдың жаманы

[23] Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, шешелеріңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бір еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің / бұрынғы күйеуінен болған / қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйлену - тыйым салынды. Егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Әрі туған балаларыңның әйелдеріне және әпке-сіңліліге қатар үйленулеріңе тыйым салынды. Бірақ бұрын өткені өтті. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[24] Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулеріңе / тыйым салынды / . Бірақ қол астарыңдағы / соғыстан түскен / күңдерің бұған жатпайды. Сендерге Аллаһтың жазғаны / үкімі / осы. Ал, бұлардан басқа әйелдерге мал-дүниелеріңмен / мәһр беріп / талпынуларың, ар-намыстарыңды сақтаған халде, зина жасамай үйлену - сендерге рұқсат етілді. Олармен қосылған болсаңдар, мәһр ретінде ақыларын беріңдер. мәһрді бекіткеннен кейін, / оның көлемін / өзара келісулеріңде сендер үшін күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[25] Сендерден басы азат иманды / мүмін / әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды / мүмін / күңдердің біріне / үйленсін / . Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер - бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс / ойнастық / істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың / жазаның / жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[26] Аллаһ сендерге түсіндіріп беруді және сендерді өздеріңнен бұрын өткендердің жолдарымен жүргізуді әрі сендердің күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[27] Аллаһ сендердің істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Ал, тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / еретіндер болса, сендердің / хақ жолдан / қатты ауытқуларыңды қалайды

[28] Аллаһ сендерге жеңілдетуді қалайды. Ал адам баласы әлсіз етіп жаратылған

[29] Ей, иманға келгендер! Мал-дүниелеріңді өзара жалғандықпен жемеңдер. Тек келісімдеріңмен болған / араларыңдағы / сауданың жөні бөлек. және өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер. Ақиқатында, Аллаһ сендерге ерекше Мейірімді

[30] Ал, кім осыны дұшпандық және әділетсіздікпен істесе, кейін оны Отта жағамыз. Бұл - Аллаһ үшін жеңіл

[31] Егер өздеріңе тыйым салынған нәрселердің үлкендерінен қашық болсаңдар, онда жамандықтарыңды өшіріп, сендерді құрметті бір орынға / жәннатқа / кіргіземіз

[32] Аллаһ біріңді-біріңнен артық еткен нәрселерді қаламаңдар. Ерлерге тапқандарынан үлес бар, сондай-ақ, әйелдерге де тапқандарынан үлес бар. Аллаһтан, Оның кеңшілігінен сұраңдар. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

[33] Әрбір адамға ата-анасы мен туыстары қалдырған нәрседен - / мирас / алатындарды белгіледік. Өздеріңмен ант арқылы байласқандарға үлестерін беріңдер. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә / Шаһид

[34] Ер адамдар әйелдерді - Аллаһ Оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті - басқарады. Ізгі әйелдер - бойсұнушы әрі Аллаһтың қорғауымен / күйеуі / жоқ кезде / аманатты / сақтаушы. Ал, өздерің бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде / бір уақыт! тастап қойындар және оларды / батырмай / ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен

[35] Егер де екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, ер жағынан бір төреші мен әйел жағынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі / төрешілер / жарастыруды қаласа, Аллаһ Оларға көмектеседі. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар

[36] Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Оған ешнәрсені серік етпеңдер. Ата-анаға жақсылық жасаңдар, сондай-ақ жақындарға, жетімдерге, кедейге, туыс көршіге, өзге туыс емес көршіге, жанындағы жолдасқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға да. Ақиқатында, Аллаһ менменшілді, мақтаншақты жақсы көрмейді

[37] солар, сараңдық ететін және адамдарға да сараңдық етуді бұйырып әрі Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергенін жасыратындар. Біз, кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік

[38] Әрі солар мал-дүниелерін адамдарға көрсету үшін ғана жұмсайтын және Аллаһқа да, Ақирет күніне де сенбейді. Кімнің бірге жүретіні / жолдасы / шайтан болса, ол - жолдасы қандай жаман

[39] Егер де олар Аллаһқа және Ақирет күніне сеніп, Аллаһтың өздеріне ризық етіп бергендерінен жұмсаса, не зиян көрер еді? Аллаһ - оларды Білуші

[40] Ақиқатында, Аллаһ заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай да әділетсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, Ол оны еселеп арттырады және Өзінен бір ұлы сый береді

[41] Біз әрбір үмметтен бір куә келтіргенімізде және сені осылардың үстінен куә етіп келтіргенімізде жағдайлары қалай болар екен

[42] Сол күні күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / әрі Елшіге бағынбағандар жердің өздерімен тегістеліп кетуін қалайды. Олар Аллаһтан бір де бір сөзді жасыра алмайды

[43] Ей, иманға келгендер! Mac болған күйлеріңде, не айтып жатқандарыңды білгендеріңе дейін әрі жүніп күйлерінде ғұсыл құйынғанға дейін намазға жақындамаңдар. Бірақ, жолдан өтуші / бір себеппен мешіттен өтуші / болса, жөні бөлек. Ал, егер, науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу әжетке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңдыұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді

[44] Ей, Мұхаммед! / Кітаптан бір үлес берілгендердің / иудейлердің / өздеріне адасуды сатып алғандарын және сендердің де жолдан адасуларыңды қалайтынын көрмедің бе

[45] Аллаһ жауларыңды жақсы біледі. Аллаһ - қамқоршы болуға жеткілікті әрі Аллаһ - көмек беруші ретінде жеткілікті

[46] Иудейлердің арасында сөзді өз орындарынан өзгертетіндер және тілдерін бұрап әрі дінге тіл тигізіп «Естідік те қарсы келдік», «құлақ ас, тыңдалусыз қалғыр» және «Раъина» / Бізге көңіл бөл / деп айтатындар бар. Егер олар «Естідік те бойсұндық», «Тыңда» және «Үнзүрна» / Бізге қара / - деп айтқанда, өздері үшін қайырлы әрі туралыққа жақын болар еді. Алайда, Аллаһ оларды күпірлік еткендері / иманнан бас тартқандықтары / үшін лағнеттеді / мейірімінен алыстатты / . Олардың азы ғана иманға келеді

[47] Ей, Кітап берілгендер! Біз беттерді сүріп, оны арттарына бұрып жіберуімізден немесе сенбі күнге қатысты тыйымды бұзғандарды лағнет еткеніміздей, оларды лағнет етуімізден бұрын өздеріңдегіні / Тәуратты / растаушы етіп түсіргенімізге / Құранға / сеніңдер, Аллаһтың әмірі міндетті түрде орындалады

[48] Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал одан өзгені / күнәларды / қалағанына кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа бір нәрсені серік етсе, ол үлкен күнәні ойдан құрастырған болады

[49] Ей, Мұхаммед! / Өздерін таза санайтындарды көрмедің бе? Жоқ! Керісінше, Аллаһ қалаған пендесін тазартады. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік етілмейді

[50] Олардың Аллаһқа қалай өтірікті құрастырып / жала жауып / отырғандарына қара. Ал, бұл - анық күнә ретінде жеткілікті

[51] Кітаптан үлес берілгендердің сиқырға әрі тағұтқа сенетінін және күпірлік етушілер / серік қосушы имансыздар / туралы: «Бұлар жол ұстануда иманға келгендерден әлдеқайда тура», - деп айтатындарын көрмедің бе

[52] Міне, соларды Аллаһ лағнет еткен. Ал, Аллаһ кімді лағнеттесе, оған ешбір көмек беруші таба алмайсың

[53] Әлде оларға биліктен қандай да бір үлес бар ма? Олай болғанда, олар адамдарға құрма дәнінің ойығындай да / ешнәрсе / бермес еді

[54] Әлде олар Аллаһтың адамдарға Өз кеңшілігінен бергенін күндей ме? Ақиқатында, Біз Ибраһимнің әулетіне Кітап және даналықты бердік әрі оларға зор билік тарту еттік

[55] Олардың / Кітап түсірілгендердің! ішінде оған сенгені де бар және олардың ішінде одан бет бұрғандары да бар. Ал Жаһаннам (тозақ)/ кәпірлерге / - жалын ретінде жеткілікті

[56] Күмәнсіз, аяттарымызға күпірлік еткендерді / қарсы шыққандарды, мойындамағандарды / Отта / тозақта / жандырамыз. Олар азапты татулары үшін терілері күйіп піскен сайын, оны басқа теріге алмастырып отырамыз. Анығында, Аллаһ - бәрінен Үстем / ’Азиз / , аса Дана / Хаким

[57] Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ, Оларға онда тап-таза жұбайлар бар әрі оларды қалың көлеңкелі жайларға кіргіземіз

[58] Шын мәнінде, Аллаһ сендерге - аманатты өз иелеріне тапсыруды және адамдардың арасына үкім етсеңдер, әділдікпен үкім етулеріңді бұйырады. Аллаһтың сендерге насихат еткендері / бұйырғандары мен тыйымдары / қандай жақсы! Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші

[59] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бағыныңдар және Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған билік иелеріне / басшыларға / Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, бір нәрсе жөнінде тартысып қалғанда, ол жайында Аллаһқа және Елшіге жүгініңдер. Міне, осы - қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да ең жақсысы

[60] Ей, Мұхаммед! / Саған түсірілгенге / Құранға / және сенен бұрын түсірілгенге / кітаптарға / сендік дей тұра, тағұтқажүгініп, шешім сұрауды қалайтындарды көрмедің бе? Негізінде, олар оған / тағұтқа / қарсы болуға бұйырылған еді. Шайтан оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды

[61] Қашан оларға:«Аллаһ түсіргенге/ Құранға / және Елшіге келіңдер», - делінсе, мұнафиқтардың сенен түгелдей бет бұрғанын көресің

[62] Ал, оларға қолдары істегендерінің салдарынан, бастарына бір қиындық келгенде / жағдайы / қалай болады? Сонда олар саған келіп: «Біз бар болғаны жақсылық жасауды және келістіруді ғана қалап едік», - деп, Аллаһпен ант ішеді

[63] Ондайлардың жүректерінде не барын Аллаһ біледі. Сен олардан бет бүр / өзіңді тарт / әрі Оларға насихат ет және олардың өздеріне әсерлі сөз айт

[64] Әрі біз әрбір Елшіні Аллаһтың рұқсатымен, / адамдардың / оған бағынулары үшін ғана жібердік. Егер де олар / адамдар / өздеріне әділетсіздік еткен кезде, саған келіп Аллаһтан кешірім тілесе әрі Елші де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді екенін көретін еді

[65] Жоқ! / Ей, Мұхаммед! / Раббыңмен ант етемін! Олар өзара дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнғанға дейін иманға келмейді

[66] Егер де Біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер немесе жұрттарыңнан шығыңдар!» - деп міндеттегенде, мұны олардың азырағынан басқасы орындамас еді. Олар өздеріне наси­хат етілгенді орындағанда, бұл өздері үшін қайырлы болып, оларды бекіте түсер еді

[67] Сонда оларға Өз қасымыздан бір ұлы сый беретін едік

[68] Әрі оларды тура жолмен жүргізетін едік

[69] Кім Аллаһқа және Елшіге бойсұнса, міне, солар - Аллаһ игілікке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар шәһидтер және ізгілермен бірге болады. Олар - қандай жақсы жолдас

[70] Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі. Аллаһ - Білуші ретінде жеткілікті

[71] Ей, иманға келгендер! Сақтық шараларын ұстаныңдар да / жауға / топтармен аттаныңдар немесе жаппай аттаныңдар

[72] Ақиқатында, сендердің араларында аялдап, қалып қоятын бар. Сонда сендерге, егер бір қиыншылық келсе, ол: «Аллаһ мені олармен бірге болдырмай, маған игілік көрсеткен екен», - деп айтады

[73] Ал, егер сендерге Аллаһтан жеңіс келсе, ол сендер мен өзінің арасында ешбір достық байланыс болмағандай: «Қап! Олармен бірге болсам ғой, сонда бір зор табысқа кенелер едім», - деп айтады

[74] Осы өмірдің орнына соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / сатып алатындар Аллаһ жолында шайқассын. Кім Аллаһ жолында шайқасып, өлтірілсе немесе жеңіс жетсе, жақында оған бір ұлы сый береміз

[75] Сендерге Аллаһ жолында және: «Раббымыз! Бізді тұрғындары әділетсіз болған осы қаладан шығар және бізге Өз тарапыңнан бір қамқоршы қыла гөр әрі бізге Өз тарапыңнан бір жәрдемші бере гөр», - деп айтатын шамасыз қалған ерлер, әйелдер және балалар үшін соғыспайтындай не болды

[76] Иманға келгендер Аллаһтың жолында соғысады. Ал, күпірлік етушілер / имансыздар / болса, тағұт / шайтан / жолында соғысады. Ендеше, сендер шайтанның жақтастарымен соғысыңдар! Ақиқатында шайтанның айла-тәсілі әлсіз

[77] Өздеріне: «Қолдарыңды / соғыстан / тыйыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар және зекетті беріңдер» - деп айтылғандарды көрмедің бе? Қашан оларға соғыс міндеттелген кезде, олардың бір тобы адамдардан Аллаһтан қорыққандай немесе одан да қатты қорқады. Сондай-ақ олар: «Раббымыз! Бізге не үшін соғысуды жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктіргеніңде еді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өмірден пайдалану - арзымас нәрсе ғана. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін қайырлы, сендерге құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды», - деп

[78] Қайда болсаңдар да өлім сендерді табады. Тіпті биік қамалдарда болсаңдар да. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «бұл - Аллаһтан», - дейді, ал егер, бір жамандық жетсе: «Бұл - сенен», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бәрі де - Аллаһтан», -деп. Бұл топ неге сөзді ұғуға жақындамайды

[79] Ей, Мұхаммед! / Саған жақсылықтан бір нәрсе келсе, ол - Аллаһтан. Ал, жамандықтан бір нәрсе келсе, ол - өзіңнен. Біз сені адамдарға Елші / Расул / етіпжібердік. Аллаһ куә ретінде жеткілікті

[80] Кім Елшіге бағынса, онда Аллаһқа бағынған болады. / Ей, Мұхаммед/ Ал кім бет бұрса, Біз сені оларға күзетуші етіп жібермедік

[81] Олар / мұнафиқтар / : «Бойсұндық»,- деп айтады. Ал, қашан сенің қасыңнан кетсе, олардың бір тобы түнделетіп сенің айтқаныңнан басқаны ойластырады. Ал, Аллаһ олардың түнде ойластырғандарын жазады. Сондықтан олардан теріс бұрыл және Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сенім артып, Оған ісіңді тапсыруға / тәуекел етуге / Аллаһ жеткілікті

[82] Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол / Құран / Аллаһтан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді

[83] Қашан оларға тыныштық немесе қауіп-қатер жайлы бір іс / хабар / келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның / мән-жайын / білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер

[84] Ей, Мұхаммед!/ Аллаһтың жолында шайқас! Сен тек өзің үшін жауаптысың. Әрі имандыларды / мүміндерді / үнде. Аллаһ күпірлік етушілердің / қарсы келушілердің / соққысын қайтарады. Аллаһ - соққы беруде өте күшті әрі жазалауда өте күшті

[85] Кім жақсылықпен араға түссе, содан оған игі үлес бар. Ал, кім жамандықпен араға түссе, содан оған жаман үлес бар. Аллаһ - барлық нәрсені Бақылаушы

[86] Қашан сендерге қандай да бір амандасу сөзімен сәлем берілсе, сендер одан жақсысымен жауап беріңдер немесе сол сәлемнің өзін қайтарыңдар. Анығында, Аллаһ - әрбір нәрсенің есебін алушы

[87] Аллаһ - Одан басқа құдай жоқ. Ол сендерді Қайта тірілу күніне міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Аллаһтан / артық / тура сөзді кім бар

[88] Мұнафиқтарға қатысты екіге бөлінетіндей, сендерге не болды? Істеген істері үшін Аллаһ оларды арттарына / кәпірлікке / қайтарды. Аллаһ адастырған біреуді тура жолға салғыларың келе ме? Аллаһ біреуді адастырса, ол үшін ешқашан жол таба алмайсың

[89] Олар / мұнафиқтар / өздері күпірлік еткендей / жүректерінде иманды теріске шығарғандай / , сендердің де күпірлік еткендеріңді / имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар

[90] Бірақ, сендермен араларында келісім болған бір елге қосылғандар немесе сендермен де, өз қауымдарымен де соғысуға жүректері тарылып, сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Аллаһ қалағанда, оларды сендерден үстем етер еді, сөйтіп олар өздеріңмен соғысар еді. Ал, егер олар сендерді жөндеріңе қойып, соғыс-паса және сендерге бейбіт келісім ұсынса, онда Аллаһ сендерге, оларға қарсы бір жол қоймайды / рұқсат бермейді

[91] Жақында сендер басқа біреулерін кездестіресіңдер. Олар сендерден де аман болуды әрі өз қауымдарынан да аман болуды қалайды. Қашан олар бүлікке қайтарылса, оған дендей түседі. Егер олар сендерді жайларыңа қалдырмаса, сендерге' бейбіт келісім ұсынбаса және қолдарын тыймаса, оларды ұстаңдар да кездескен жерлерінде өлтіріңдер. Міне, осыларға қарсы сендерге анық дәлел кетірдік

[92] Иманды жанның / мүміннің / иманды адамды / мүмінді / өлтіруіне болмайды, тек жаңсақтықпен болмаса. Кім иманды адамды қателесіп өлтіріп қойса, онда бір иманды құлды азат етуі және / өлген кісінің / туыстарына, олар кешпеген жағдайда, құн төлеуі / тиіс / . Егер ол сендермен жауласқан бір елдің ішіндегі иманды кісі болса, онда бір иманды құлды азат етуі керек. Ал, егер ол араларыңда келісім болған ел ішінен болса, онда / оның / туыстарына құн төлеу және бір иманды құлды азат етуі ләзім. Мұны таба алмаған кісі Аллаһ оның істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі үшін екі ай бойы үздіксіз ораза ұстауы керек. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[93] Кім бір иманды адамды / мүмінді / әдейілеп өлтірсе, оның жазасы Жаһаннам болып, ол онда түпкілікті қалады. Әрі Аллаһ оған ашуланып, оны лағнеттейді және ол үшін өте үлкен азап әзірлейді

[94] Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына / жорыққа / шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге / исламның / сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам / мүмін / емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа / табыс / бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[95] Иманға келгендерден себепсіз / соғысқа шықпай / отырушылар мен Аллаһ жолында мал-дүниелері және жандарымен күресушілер тең болмайды. Ал, ауыртпашылықтары / себебі / барлар бұған кірмейді. Аллаһ мал-дүниелері және жандарымен күресушілерді / үйлерінде / отырушылардан дәрежеде артық етті. Аллаһ олардың әрқайсысына жақсылықты уәде етті. Сондай-ақ Аллаһ күресушілерді отырушылардан ұлы сыйда артық етті

[96] Өз тарапынан болған дәрежелерде, кешірімде және мейірімде. Аллаһ - өте Кешірімді / ,ерекше Мейірімді

[97] Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» - дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», - дейді. / Періштелер / : «Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» - дейді. Міне, солардың «баспанасы» - Жаһаннам. Ол баратын орын - қандай жаман

[98] Алайда, айла-шараға шамасы келмейтін және жол таба алмайтын шамасыз ерлер, әйелдер және балалардың жөні бөлек

[99] Міне, соларды Аллаһ кешіреді. Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді

[100] Кім Аллаһ жолында / иманын сақтау үтін / қоныс аударса, ол, қоныстану үшін жер жүзінде көптеген орын әрі молшылық табады. Кім үйінен Аллаһ және Оның Елшісіне қарай қоныс аударып шығып, содан кейін оған өлім жетсе, ақиқатында, оның сыйы - Аллаһта. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[101] Жер жүзінде сапарда болғандарыңда, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / өздеріңе бүлік тудыруынан қауіптенсеңдер, сендерге намазды қысқартуларыңда айып жоқ. Ақиқатында, кәпірлер - сендерге анық дұшпан

[102] Ей, Мұхаммед! / Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі

[103] Қашан намазды орындап болсаңдар, Аллаһты тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар. Қашан алаңсыз болғандарында, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар. Анығында, намаз - имандылар / мүміндер / үшін уақыттары белгіленген парыз

[104] соғысқан / елдің соңына түсуде осалдық танытпаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, негізінде олар да сендер секілді күйзеледі. Ал сендер болсаңдар, Аллаһтан олар үміт етпейтінді үміт етесіңдер. Аллаһ - бәрін Білуші , аса Дана

[105] Ей, Мұхаммед! / Анығында, Біз саған Кітапты адамдардың арасына Аллаһтың өзіңе көрсеткені бойынша үкім етуің үшін ақиқатпен түсірдік. Қиянатшылар үшін тартысушы болма

[106] Аллаһтан кешірім сұра. Негізінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[107] Сен өздеріне опасыздық / қиянат / жасағандар жайында тартыспа. Шын мәнінде Аллаһ қиянатшы, күнәһарды жақсы көрмейді

[108] Олар адамдардан жасырады да, ал Аллаһтан жасырмайды. Өйткені олар түнде Ол разы болмайтын сөздерін ойластырғанда, Аллаһ олармен бірге еді. Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы

[109] Міне, сендер осы өмірде олар / опасыздар / жайында тартыстыңдар. Ал енді, Қайта тірілу күні олар жайында Аллаһпен кім тартыспақ? Немесе оларға кім қорғаушы болып араша түспек

[110] Кім бір жамандық істеп немесе өзіне әділетсіздік етіп, содан кейін Аллаһтан кешірім сұраса, Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін көреді

[111] Кім бір күнә істесе, шын мәнінде оны өзінің зиянына істейді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[112] Ал кім бір қателік немесе күнә жасап, оны жазықсыз біреуге жапса, анығында, ол өзіне жаланың жүгін және анық күнәні артады

[113] Ей, Мұхаммед! / Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты / сүннетті / түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен

[114] Құпия сұхбаттардың көбінде еш қайыр жоқ. Тек кім Аллаһқа жақындау мақсатында садақа беруді немесе құпталғанды, не адамдардың арасын жарастыруды бұйырған болмаса. Кім бұны Аллаһтың ризалығын іздеп істесе, жақында оған ұлы сый береміз

[115] Кім өзіне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы келсе, сондай-ақ имандылардың / мүміндердің / жолынан басқа жолға ерсе, оны бұрылған жағына бұрып қоямыз да кейін Жаһаннамда жандырамыз. Ол - қайтар орын ретінде қандай жаман

[116] Анығында, Аллаһ Өзіне серік қосуды кешірмейді. Ал одан өзгені / күнәларды / қалағанына кешіреді. Кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, өте ұзақ адасумен адасты

[117] Олар/ Аллаһқа серік қосушылар / Оны қойып, ұрғашыларға / әйел есімді пұттарға / ғана табынады. Анығында, олар тек қасарысқан шайтанға ғана табынады

[118] Аллаһ оны / шайтанды / лағнеттеді. Сонда, ол: «Міндетті түрде, құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын

[119] Әрі оларды әлбетте адастырамын және оларда / жалған / арман, / бос / қиялдарға үміттерін оятамын / дәмелендіремін / . Әрі мен міндетті түрде бұйырамын, сонда олар малдардың құлақтарын тіледі. Әрі әлбетте бұйрық беремін, сөйтіп олар Аллаһтың жаратқанын өзгертеді», - деді. Кім Аллаһты қойып, шайтанды дос, жақтас етіп алса, әлбетте анық зиян шегумен шығынға батты

[120] Ол / шайтан / оларға уәде береді және оларды құр үміттендіреді. Негізінде, шайтан оларға тек бос нәрселерді уәде етеді

[121] Міне, солардың баратын орны - Жаһаннам. Олар одан қашар жер таба алмайды

[122] Иманға келген және ізгі амал жасағандарды, жақында астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземіз. Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, олар онда мәңгі қалады. Сөзде Аллаһтан тура кім бар

[123] Бұл игілікке / сендердің / мұсылмандардың / қиял-армандарыңмен де, Кітап берілген қауымның қиял-армандарымен де / жету мүмкін / емес. Кім бір жамандық істесе, сол үшін жазаланады. Әрі өзіне Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де таппайды

[124] Ер кісі немесе әйел кісіден кім иманды / мүмін / болған түрде ізгі амалдар жасаса, міне, солар жәннатқа кіреді және оларға кұрма дәнінің ойығындай да / ешқандай / әділетсіздік жасалмайды

[125] Дінде жүзін Аллаһқа бойсұндыра беріліп және жақсылықты ықыласпен істеуші болып, ханиф Ибраһимнің дініне ергеннен кім жақсырақ бола алады? Аллаһ Ибраһимді жақын дос етіп алды

[126] Аспандар мен жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - барлық нәрсені Қамтушы

[127] Ей, Мұхаммед!! Олар сенен әйелдер жайында бекітілгенді сұрайды. Айт: «Олар жайында Аллаһ сендерге шешім береді әрі өздеріңе Кітапта оқылатын - жетім әйелдерге тиісті болған нәрсені бермей, оларға үйленуді қалайтындар жайлы және әлсіз жас балалар жайлы әрі жетімдерге әділдікпен қарауларың жөнінде де», деп. Қандай да бір қайыр жасасаңдар, ақиқатында Аллаһ - ол жайлы біледі

[128] Егер бір әйел күйеуінің / өзімен / қарым-қатынасы бұзылуынан не теріс айналуынан қорықса, араларын келісіммен түзетулерінде екеуіне де айып емес. Өйткені келісім - қайырлы. Адам жаны сараңдыққа бейім. Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, анығында Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[129] Сендер қанша тырыссаңдар да / әрекеттенсеңдер де / әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[130] Ал, егер екеуі ажырасса, Аллаһ әрқайсысын Өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. Аллаһ - мейірім, ризығы Кең , аса Дана / Хаким

[131] Әрі аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Ақиқатында, Біз сендерден бұрынғы Кітап берілгендерге де және сендерге де: «Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / !» - деп өсиет еттік. Ал егер, күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер / , онда біліңдер, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Әрі Аллаһ - Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, аса Мақтаулы

[132] Аспандар мен жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ бәрін қорғап, сақтауда жеткілікті

[133] Ей, адамдар! Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкеледі. Анығында, бұған Аллаһтың күші жетуші

[134] Кім осы өмірдің сыйын қалайтын болса, осы өмір мен соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы - Аллаһта. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші

[135] Ей, иманға келгендер! Аллаһ үшін куәлік еткендеріңде туралықтан айнымаңдар, тіпті өздеріңе не ата-аналарыңа немесе жақындарыңа қарсы куәлік етсеңдер де. Ол - / ісі қаралушы / бай не кед ей болсын, Аллаһ қай-қайсысына да жақынырақ. Сондықтан әділдіктен ауытқып кетпеу үшін көңіл кұмарлығына ермендер. Егер бұрмаласаңдар не бас тартсаңдар, әлбетте, Аллаһ. - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[136] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа әрі Оның Елшісіне және Елшісіне түсірген Кітапқа және Ол / одан / алдын түсірген Кітапқа сеніңдер. Ал кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Ақирет күніне күпірлік етсе / сенбесе / , ақиқатында ол ұзақ адасумен адасты

[137] Анығында, иманға келіп, содан кейін күпірлік еткен / имансыздыққақайтқан / ,кейін тағы иманға келіп, қайта күпірлік еткендер / иманнан қайтқандар / , содан кейін күпірлігін / қарсылығын / арттыра түскендерді Аллаһ кешірмейді және / тура / жолмен жүргізбейді

[138] Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтарды оларға болатын күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»

[139] солар имандыларды қойып, кәпірлерді дос, жақын тұтады. Сонда олардан күш-құдірет іздей ме? Шын мәнінде күш-құдірет түгелімен Аллаһтікі

[140] Анығында, Ол сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келіп, келеке еткенін естігендеріңде, бұдан басқа сөзге ауыспайынша, олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе, сендер де сондай боласыңдар», - деп түсірді. Күмәнсіз, Аллаһ мұнафиқтар мен кәпірлерді түгелімен Жаһаннамда (тозақ) жинаушы

[141] Солар / мұнафиқтар / сендерді аңдып, егер сендерге Аллаһтан бір жеңіс болса: «Біз де сендермен бірге емес пе едік?» - дейді. Ал, егер кәпірлерге бір үлес тисе: «Біз сендерден үстем болып, өздеріңдіиманға келгендерден қорғамадық па?» - дейді. Аллаһ араларыңа Қайта тірілу күні үкім қылады. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / қарсы ешқашан кәпірлерге жол бермейді

[142] Ақиқатында мұнафиқтар Аллаһты алдамақшы болады, алайда Аллаһ олардың өздерін алдандырып қояды. Олар намазға тұрғандарында, салғырт күйде адамдарға көріну үшін тұрады әрі олар Аллаһты өте аз еске алады

[143] Олар / мұнафиқтар / не бұлардың / Мұсылмандардың / не олардың / кәпірлердің / жағында болмай, екі арада екіұшты күйде / құбылып / жүреді. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешқашан жол таппайсың

[144] Ей, иманға келгендер! Имандыларды / мүміндерді / қалдырып, кәпірлерді қамқоршы, дос тұтпаңдар. Сендер Аллаһта өздеріңе қарсы анық бір айғақ болғанын қалайсыңдар ма

[145] Анығында, мұнафиқтар Оттың ең түпкі қабатында болады. Олар үшін ешбір жәрдемші таппайсың

[146] Алайда, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , өздерін түзеткен және Аллаһтан мықты ұстап әрі діндерін бір Аллаһ үшін ықыласпен арнағандардың жөні бөлек, міне, солар - имандылармен бірге. Жақында Аллаһ имандыларға / мүміндерге / ұлы сый береді

[147] Егер шүкір етсеңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсеңдер / және иманға келсеңдер, Аллаһ сендерді неге азаптасын? Аллаһ - алғысқа Бөлеуші , бәрін Білуші

[148] Аллаһ жаман сөздің жария айтылуын жақсы көрмейді, бірақ әділетсіздікке ұшырағанның жөні басқа. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші

[149] Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер не жасырсаңдар немесе жамандықты кешірсеңдер, ақиқатында Аллаһ - жазаламай, Кешіріп жіберуші, барлық нәрсені Жасай алушы

[150] Анығында, Аллаһқа және Оның елшілеріне күпірлік ететіндер / сенбейтіндер, мойындамайтындар / және Аллаһ пен елшілерінің арасын айыруды қалап, «кейбіріне сенеміз, ал кейбіріне сенбейміз», - дейтіндер және осының арасында бір жол табуды қалайтындар

[151] міне, бұлар - нағыз кәпірлер. Ал, Біз кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік

[152] Аллаһқа сеніп және Оның елшілеріне / сеніп / әрі олардан ешбірінің арасын айырмағандарға, міне, соларға жақында Ол сыйларын береді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[153] Ей, Мұхаммед! / Кітап түсірілгендер / иудейлер / сенен аспаннан бір кітап түсіруіңді сұрайды. Негізінде, олар Мұсадан одан да үлкенін сұрап: «Бізге Аллаһты ашық түрде көрсет!» - деген еді. Сонда оларға өздерінің әділетсіздіктері себепті саъиқа тиді. Содан соң өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін де олар бұзауды / табынатын зат етіп / алды. Сонда да Біз бұны кешірдік. Әрі Мұсаға анық бір айғақ бердік

[154] Біз олардан серт алу үшін төбелеріне тауды көтердік және оларға: «Қақпадан сәжде еткен күйде кіріңдер», - дедік. Әрі оларға: «Сенбі күніне қатысты шектен шықпаңдар!» - дедік. Әрі олардан қатаң серт алдық

[155] Сөйтіп, олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / қарсы келулері, мойындамаулары / ,құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері және: «Жүректеріміз перделенген» - деп айтулары себепті, әрине оны / жүректерін / күпірліктері / шүкірсіздіктері / салдарынан Аллаһ мөрлеген. Сондықтан олардың азынан басқасы иманға келмейді

[156] Әрі күпірліктері / имансыздықтары / және Мәриям жайында үлкен жала айтқандары себепті

[157] және: «Біз Аллаһтың Елшісі, Мәриям ұлы Иса Мәсихты өлтірдік», - деп айтқандары себепті. Негізінде, олар оны өлтірген де жоқ, айқыш ағашқа керген де жоқ. Бірақ, оларға / басқа біреу / ұқсас көрінді. Әрі анығында, ол жайында қайшылыққа түскендер, одан бір күмәнда. Оларда ол жайында жорамалға ілесуден басқа ешқандай білім жоқ. Әрі олар оны анық біліп өлтірмеді

[158] Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз жағына көтерді. Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана

[159] Кітап берілген қауымнан оның / Исаның / өлуінен бұрын оған сенім келтірмейтіндері болмайды. Ал, Қайта тірілу күні ол, оларға куә болады

[160] Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың / адамдарды / Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген / халал / жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік

[161] Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік

[162] Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және / ей, Мұхаммед, / саған түсірілгенге / Құранға / әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, - міне, соларға ұлы сый береміз

[163] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік. Сондай-ақ, Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа, оның әулетіне әрі Исаға, Айубқа, Йунусқа, Һарунға әрі Сүлейменге де уахи еттік. Ал Дәуітке Зәбурді бердік

[164] Әрі олардан, саған бұрын хабарын берген елшілер де және хабарын бермеген елшілер де бар. Әрі Аллаһ Мұсамен сөйлескен

[165] Елшілерді қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп, олардан кейін адамдарда Аллаһқа қарсы ешқандай дәлел болмауы үшін жібердік. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[166] Алайда Аллаһ, саған түсіргенімен / Құранмен / Өзі куәлік етеді. Ол оны / Құранды / Өз білімімен түсірді. Сондай-ақ, періштелер де куәлік береді. Аллаһ куә болуда жеткілікті

[167] Ақиқатында, сондай күпірлік еткен / пайғамбардымойындамаған / және Аллаһтың жолынан тосқандар, ұзақ адасумен адасты

[168] Анығында, күпірлік етіп / иманға келмеген! және әділетсіздік еткендерді Аллаһ кешірмейді және оларды тура жолға түсірмейді

[169] тек Жаһаннамның жолына / салып / , олар онда мәңгілік қалады. Бұл - Аллаһ үшін жеңіл

[170] Ей, адамдар! Елші сендерге Раббыңыздан ақиқат алып келді. Ендеше өздеріңе қайырлы / түпкілікті жақсы / болуы үшін иманға келіңдер. Ал, егер күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер, сенбесеңдер / , ақиқатында, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - бәрін Білуш, аса Дана

[171] Ей, Кітап / Інжіл / берілгендер! Діндеріңде артық кетпендер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде, Мәриям ұлы Иса Мәсих - Аллаһтың Елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарапынан болған бір рух. Сондықтан,Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Тыйылыңдар, өздерің үшін қайырлы болады. Шын мәнінде, Аллаһ - жалғыз құдай. Ол - баласы болудан пәк. Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Аллаһ бәрін қамтуда жеткілікті

[172] Мәсих Аллаһқа құл болуды / өзіне! қорлық санамайды және / Аллаһқа / жақындатылған періштелер де. Ал, кім Оған құлшылық етуден бас тартып, өзін жоғары санаса, жақында Ол, оларды түгелімен Өзіне жинайды

[173] Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарға Ол сыйларын толық береді әрі оларға Өз кеңшілігінен арттырады. Ал, бас тартып, өздерін жоғары санағандарды күйзелтуші азаппен азаптайды. Әрі олар өздері үшін Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды

[174] Ей, адамдар! Міне, сендерге Раббыңыздан бір дәлел келді. Әрі Біз сендерге анық бір Нұр / Құран / түсірдік

[175] Ал, Аллаһқа сеніп, Одан берік ұстағандарды Ол, жақында Өзінен болған бір мейірімге әрі кеңшілікке бөлейді. Әрі оларды Өзіне қарай тура жолмен жүргізеді

[176] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен бір шешім / жайлы / сұрайды. Айт: «Аллаһ сендерге артында не ата-анасы, не балалары қалмаған марқұм жайында үкім береді. «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, қыз туысы / қарындасы / болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиісті. Ер кісі де, егер қыз туысы / қайтыс болып / баласы қалмаса, оған мирасқор болады. Ал, егер / ер кісінің / қыз туысы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Ал, егер олар / мирасқорлар / ер және әйел туыстар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Маида

Surah 5

[1] Ей, иманға келгендер! Келісімдерді толық орындаңдар. Сендерге өздеріңе тыйымы оқылатыннан басқа шаруа малдары рұқсат етілді. Бірақ ихрамда болған кездеріңде, аңшылыққа рұқсат етілмейді. Ақиқатында Аллаһ қалағанын үкім етеді

[2] Ей, иманға келгендер! Аллаһтың белгілеген / хаж / рәсімдеріне, тыйым салынған айға, құрбандық малдарына, алқа тағылғандарға / құрбандық малдарға / және тыйым салынған Үйге / Қағбаға / Раббысынан кеңшілік әрі ризалық іздеп келушілерге қатысты / тыйымдарды / өздеріңе рұқсат етілген етіп алмандар / тыйымдарды бұзбаңдар / . Қашан ихрамнан шықсаңдар, аң аулай беріңдер. Әл- Харам мешітінен тосқаны үшін бір қауымды жек көрулерің, сендерді қылмысқа итермелеп, шектен шығармасын. Бір-біріңе игілікте әрі тақуалықта / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануда / көмектесіңдер, күнәда және дұшпандықта көмектеспеңдер. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - қатты азап Иесі

[3] Сендерге өлексе, қан, доңыз еті және Аллаһтан басқаға арналып шалынған, буынып өлген, ұрылып өлген, құлап өлген, сүзіліп өлген малдар және жыртқыштар жеп кеткен малдар тыйым етілді. Бірақ / жаны шықпай / бауыздап алғандарың / рұқсат етіледі / . Сондай-ақ / Аллаһтан басқағақұрбандық шалу үшін / орнатылған тастар үстінде сойылған малдар және жебелермен бал ашуларың да / тыйым салынды / . Бұлай істеу - бұзықтық / бойсұнбаушылық / . Бүгін сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / сендердің діндеріңнен күдерін үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін сендерге діндеріңді толық еттім және игілігімді соңына жеткіздім. Әрі сендерге Ислам дінімен риза болдым / Исламды дін ретінде қош көрдім / . Кім аштық кезінде күнәға көңілі аумай / тыйым салынған нәрселерді жеуге / мәжбүр болса, ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[4] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен өздеріне не рұқсат етілгені жайлы сұрайды. Айт:«Сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді әрі Аллаһтың өздеріңе үйреткені бойынша, үйреткендеріңнің аулағаны да. Олардың өздеріңе ұстап бергенінен жендер әрі оған / аңшы ит не құсты салғанда / Аллаһтың есімін атаңдар», - деп айт. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, ақиқатында Аллаһ есепте өте жылдам

[5] Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы / бауыздаған малы / сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды Оларға / беруге / рұқсат етілген. Сондай-ақ имандылардан / мүміндерден /әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге және сендерден бұрын Кітап берілгендердің ішінен әйелдік пәктігін сақтайтын әйелдерге мәһрлерін берсеңдер, өздеріңнің еркектік адалдықтарыңды сақтаған түрде ойнастық жасамай, көңілдес ұстамасаңдар / үйленулеріңе рұқсат етілді / . Кім иманға күпірлік етсе / иман шарттарын теріске шығарса / ақиқатында, оның амалы зая болып, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зиян шегушілерден болады

[6] Ей, иманға келгендер! Қашан намазға тұратын болсаңдар, беттеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар, бастарыңа мәсих тартыңдар / сұлы қолмен сипаңдар / әрі аяқтарыңды тобықтарға дейін / жуыңдар / . Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдар /ғұсыл құйыныңдар / . Ал, егер науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу дәретке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңды ұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге ауыртпашылықты қаламайды, Ол сендердің шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін сендерді тазартуды әрі сендерге деген игілігін соңына жеткізуді қалайды

[7] Әрі Аллаһтың сендерге берген игілігін және: «Естідік, бойсұндық», - деп айтқан кездеріңде, Оның өздеріңмен бекіткен сертін еске алыңдар. Тақуа болыңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Ақиқатында, Аллаһ - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[8] Ей, иманға келгендер! куәлік еткендеріңде, әділдікпен Аллаһ үшін мықты тұрыңдар. Бір адамдарды жек көрулерің сендерді әділетсіздік етуге итермелемесін. Әділдік істеңдер. бұл тақуалыққа / Аллаһтың тыйғандарынан қорқып, сақтануға / ең жақыны. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[9] Аллаһ иманға келген және ізгі амал жасағандарға кешірім және ірі сый / жәннат / болатынын уәде етті

[10] Ал, күпірлік етіп / иманды теріске шығарып / , Біздің аяттарымызды өтірік санағандар - міне солар Жахимда (тозақ) болатындар

[11] Ей, иманға келгендер! Бір ел сен­дерге / жамандықпен / қолдарын созуды ойластырған кезде, Аллаһтың сендерден олардың қолдарын қайтарып, өздеріңе көрсеткен игілігін еске алыңдар. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар/ ! Имандылар / мүміндер / тек Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін

[12] Ақиқатында, Аллаһ Исраил ұрпақтарынан серт алды әрі олардың ішінен он екі / тайпа / басшысын жібердік. Аллаһ: «Ақиқатында, Мен сендермен біргемін. Егер намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындасаңдар, зекетті берсендер, елшілеріме сеніп, Оларға көмектессеңдер әрі Аллаһқа көркем қарыз берсендер, міндетті түрде жаман істеріңді өшіріп, сендерді асты­нан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Сендерден кім осыдан кейін де күпірлік етсе / қарсы келсе / , негізінде ол тура жолдан адасқан болады», - деді

[13] Сонда серттерін бұзғандары үшін оларды лағнет еттік әрі жүректерін қатты етіп қойдық. Олар / Тәураттағы / сөзді өз орындарынан өзгертіп, өздеріне ескертілгеннің бір бөлігін ұмытты. Сен олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін әрқашан көресің. Дегенмен / ренжітулерін елемей / кешір әрі кең бол. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді

[14] Сондай-ақ: «Біз - христианбыз», - деп айтқандардың да сертін алған едік. Олар да өздеріне ескертілгеннің бір бөлігін ұмытты. Сонда олардың араларына Қайта тірілу күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Жақын арада Аллаһ Оларға не істегендерін хабарлайды

[15] Ей, Кітап берілген қауым! Ақиқатында сендерге Біздің Елшіміз келді. Ол / Елші / Кітаптан сендер жасырып келгендеріңнің көбін өздеріңе түсіндіреді әрі көбісін елеусіз қалдырады. Негізінде сендерге Аллаһтан нұр, анық Кітап / Құран / келді

[16] Аллаһ онымен / Құранмен / Өзінің ризалығын іздегендерді амандық жолдарына салады және оларды Өз рұқсатымен қараңғылықтардан жарыққа шығарады және тура жолмен жүргізеді

[17] Ақиқатында, «Аллаһ, ол - Мәриям ұлы Мәсих», - деп айтқандар кәпір бол­ды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер Аллаһ Мәриям ұлы Мәсихті әрі оның анасын және жер жүзіндегілердің барлығын жойып жіберуді қаласа, Аллаһтан болған нәрсеге / азапқа / кім иелік ете алады?!» - деп. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта. Ол қалағанын жаратады әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

[18] Әрі иудейлер мен христиандар: «Біз - Аллаһтың ұлдарымыз және Оның сүйіктілеріміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олай болса, Ол неге сендерді күнәларың үшін азаптайды? Керісінше, сендер Ол жаратқан / өзгелер секілді / адамсыңдар. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта әрі қайту да - Оған

[19] Ей, Кітап берілген қауым! Ақиқатында, сендерге елшілердің келуінің арасы үзілген кезде: «Бізге қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ешкім келмеді», - деп айтпауларың үшін сендерге түсіндіріп беруші Елшіміз / Мұхаммед! келді. Шын мәнінде, сендерге қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші келді! Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

[20] Кезінде Мұса өз еліне: «Әй, елім! Аллаһтың сендерге берген игілігін еске алыңдар. Ол сендердің араларыңа пайғамбарлар бекітті, сендерді / құлдықтан құтқарып / , патша / өз-өздерін еркін басқарушы / етті әрі әлемдерде ешкімге бермегенін сендерге берді

[21] Әй, елім! Аллаһтың сендерге жазған қасиетті жеріне кіріңдер де арттарыңа қайтпаңдар, әйтпесе зиян шегушілерден боласыңдар», - деді

[22] Олар: «Ей, Мұса! Онда қуатты бір ел бар. Солар ол жерден шықпайынша, біз ол жерге мүлдем кірмейміз. Олар сол жерден шығып кетсе ғана кіреміз», - деді

[23] Аллаһтан қорыққандардан болған, өздерін Аллаһ игілікке бөлеген екі кісі: «Оларға қақпадан кіріндер! Қашан оған кірсеңдер, әлбетте жеңіске жетесіңдер. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһқа жүгініп, Оған істерінді тапсырыңдар / тәуекел етіңдер / » - деді

[24] Олар / : «Ей, Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған ешқашан кірмейміз. Сен және Раббың барып екеуің соғысыңдар. Ал біз, осында отыра тұрамыз», - деді

[25] Мұса / :«Раббым! Анығында мен өзімнен және бауырымнан басқаға иелік ете алмаймын. Біз бен бұзық / бойсұнбаушы / адамдардың арасын ажырата гөр!» - деді

[26] Аллаһ / : «Енді ол / сол қасиетті жер / оларға қырық жылға тыйым салынды. Олар жер бетінде қаңғырып жүреді. Сондықтан бұзық адамдар үшін күйінбе», - деді

[27] Ей, Мұхаммед!! Оларға Адамның екі ұлының хабарын ақиқатпен оқып бер. Сол кезде ол екеуі Аллаһқа жақындау үшін беретіндерін / құрбандықтарын / ұсынды. Сонда олардың бірінен қабыл етіліп, екіншісінен қабыл етілмеді. / Қабыл етілмегені / : «Мен сені міндетті түрде өлтіремін», - деді. / Қабыл етілгені / : «Шын мәнінде, Аллаһ тақуалардан / Раббысың жазасынан қорқып, сақтанушылардан / ғана қабыл етеді

[28] Егер де сен мені өлтіру үшін қолыңды созсаң да / көтерсең де / , мен сені өлтіру үшін қолымды созбаймын / көтермеймін / . Анығында, мен әлемдердің Раббысы Аллаһ­тан қорқамын

[29] Мен сенің, маған қарсы жасаған күнәңді және өз күнәңді көтеріп, оттағылардан / тозақтағылардан / болуыңды қалаймын», - деді. бұл - әділетсіздердің жазасы

[30] Сол кезде оның / құрбандығықабыл етілмегенінің / жаны оған өз бауырын өлтіруге итермелеп, ол оны өлтірді де зиян шегушілерден болды

[31] Сонда Аллаһ оған бауырының мүрдесін қалай жасыруды көрсету үшін жер қазған бір қарға жіберді. Ол: «Қап, мен бауырымның мүрдесін жасыру үшін мына қарға құрлы бола алмадым ба?» - деп, өкінушілерден болды

[32] Осы себептен Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны / бір адам­ды / тірілтсе / тірі қалуына септігі тисе / , адамдардың барлығын тірілткендей бола­ды», - деп жаздық. Ақиқатында оларға елшілеріміз анық дәлелдермен келді. Содан кейін де олардың көбісі жер жүзінде шектен шығады

[33] Ақиқатында, Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы соғысатындардың әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылатындардың жазасы - олардың өлтірілуі не керіп тасталуы, не қол-аяқтарының қиғашталып / оң қол мен сол аяқ, сол қол мен оң аяқ / кесілуі немесе жер айдалуы. Бұл - олар үшін осы өмірдегі қорлық. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте! оларға өте үлкен азап бар

[34] Бірақ, сендер олардан үстем болғанға дейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар / mәyбеге келгендер / басқа. Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін біліңдер

[35] Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / , Оған жақындауды іздеңдер әрі мұраттарыңа жету үшін Оның жолында күресіңдер

[36] Ақиқатында, сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа сенбегендер, қарсы шыққандар / , егер жер жүзіндегі барлық нәрсе және сонымен бірге тағы да сонша нәрселер өздерінде болып, оны Қиямет күнінің азабынан құтылу үшін төлемге берсе де олардан қабыл етілмес еді. Әрі оларға күйзелтуші азап бар

[37] Олар Оттан / тозақтан / шығуды қалағанымен, одан шыға алмайды. Сондай-ақ, олар үшін тұрақты азап бар

[38] Еркек ұры және әйел ұрының қылмыстарына сай қайтарым жаза және Аллаһ­тан ескерту ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[39] Кім әділетсіздік істегеннен кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзетсе, әлбетте, Аллаһ оныңтәубесін қабыл етеді. Аллаһ - өте Кешірімді / Ғафур / , ерекше Мейірімді / Рахим

[40] Аспандардың және жердің билігі Аллаһтікі екенін білмедің бе? Ол қалағанын азаптап, қалағанын кешіреді. Әрі Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[41] Ей, Елші! Тілдерімен «Біз иманға келдік» деп айтқандарымен, жүректері сенбейтіндерден / мұнафиқтардан / күпірлікке / имансыздыққа! ұмтылғандар сені қайғыртпасын. Әрі иудейлерден де. Олар - өтірікті тыңдаушылар әрі олар саған келмеген / сені тыңдамаған! басқа адамдарды тыңдаушылар. Олар сөзді өз орындарынан өзгертеді де: «Егер сендерге осы берілсе - алыңдар, ал егер берілмесе - сақтаныңдар», - дейді. Аллаһ кімнің бүлікке түсуін қаласа, сен ол үшін Аллаһтан болған нәрсеге иелік ете алмайсың. Міне, Аллаһ жүректерін тазартуды қаламағандар - осылар. Олар үшін осы өмірде қорлық бар. Әрі оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар

[42] Олар - өтірікті тыңдаушылар, тыйым салынған / харам / нәрселерді жеушілер. / Ей, Мұхаммед! / Егер олар алдыңа келсе, олардың арасына үкім айт немесе олардан бет бұр. Егер олардан бет бұрсаң, олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Ал, егер үкім ететін болсаң, олардың арасына туралықпен үкім ет. Ақиқатында, Аллаһ туралық етушілерді жақсы көреді

[43] Ішінде Аллаһтың үкімі бар Тәурат өздерінде бола тұрып, олар сені үкім беруші етіп алып, содан кейін қалай бет бұрып кетеді? Әрі, олар имандылар / мүмін / емес

[44] Ақиқатында, Біз Тәуратты түсірдік. Онда тура жол және нұр бар. Аллаһқа бойсұнған / Мұсылман / пайғамбарлар иудейлерге онымен үкім етеді. Сондай-ақ, Аллаһтың Кітабынан өздеріне сақтау міндеті жүктелген иудейлердің ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары да / Аллаһтың Кітабы бойынша үкім айтты / әрі олар оған / Кітаптың ақиқатына / куә болды. Сендер адамдардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар және аяттарымның орнына аз бағаны / бұл дүниелікті / сатып алмандар! Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - кәпірлер

[45] Біз Оларға / Тәуратта / : «Жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құ­лақ, тіске тіс және жарақаттар үшін кек алу - міндет», - деп жаздық. Алайда, кім оны / кек алуды / кешіп, қайыр жасаса, бұл ол / қылмыскер / үшін қылмысына өтем болады. Ал кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - әділетсіздер

[46] Олардың / пайғамбарлардың / соңынан өзінің алдындағы Тәураттың шын екендігін айтушы етіп, Мәриям ұлы Исаны жібердік. Әрі оған тура жол мен нұр болған, өзінен алдыңғы Тәураттағыны растаушы және тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі насихат ретінде Інжілді бердік

[47] Інжіл берілген қауым Аллаһтың ондағы түсіргенімен үкім етсін! Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[48] Ей, Мұхаммед! / Біз саған Кітапты / Құранды / ақиқатпен, өзінен алдыңғы кітаптарды растаушы әрі оларға куәлік етуші ретінде түсірдік. Енді олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Өзіңе келген ақиқаттан ауытқып, олардың көңіл құмарлығына ерме. Сендерден әрбір / үммет / үшін шариғат және жол белгіледік. Аллаһ қалағанда, сендерді бір үммет етер еді. Бірақ Ол сендерді Өзінің берген нәрселерінде сынамақшы. Сондықтан қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар / жақсылықтарға жарысыңдар / ! Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендердің қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді

[49] Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім етіп, олардың көңіл құмарлығына ерме. Әрі Аллаһтың өзіңе түсіргенінің кейбіріне қатысты, олардың сені бүлікке салуынан сақ бол! Егер олар / сен шығарған үкімнен / бет бұрса, біл, шын мәнінде, Аллаһ оларды кейбір күнәлары себебінен пәлекетке ұшыратуды қалайды. Негізінде, адамдардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[50] Олар жәһилияттың / исламға дейінгі кезеңнің / үкімін іздей ме? Анық сенетін адамдар үшін Аллаһтан жақсы үкім беретін кім бар

[51] Ей, иманға келгендер!Иудейлерді және христиандарды қамқоршы, дос тұтпаңдар! Олар бір-біріне дос. Сендерден кім оларды қамқоршы, дос тұтса, ол шын мәнінде солардан болады. Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[52] Жүректерінде дерті болғандардың оларға ынтығып: «Біз / жамандықтың / басымызға қайта айналып келуінен қорқамыз», - деп айтатынын көресің. Аллаһ / имандыларға / жеңіс берер не бір іс / жағдай / берер, сонда олар іштерінде жасырғандарына өкінеді

[53] Сонда имандылар / мүміндер бір-біріне / : «Өздерінің сендермен бірге екеніне барын салып, Аллаһпен ант ішетіндер осылар ма?» - дейді. Олардың амалдары зая кетіп, зиян шегушілерден болды

[54] Ей, иманға келгендер! Сендерден кім дінінен қайтса, онда Аллаһ жақында, Өзі оларды жақсы көретін және олар да Оны жақсы көретін адамдарды әкеледі. Олар имандыларға / мүміндерге / ізетті, кішіпейіл, кәпірлерге қатты. Аллаһ жолында күреседі және жазғырушының жазғыруынан қорықпайды. Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі. Оны қалағанына береді. Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші

[55] Шын мәнінде, сендердің қамқоршыларың - Аллаһ және Оның Елшісі әрі иманға келгендер. Солар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындайтын және зекетті беретін әрі солар - / Раббысына беріле / рүкуғта иілетіндер

[56] Аллаһты және Оның Елшісі мен иманға келгендерді қамқоршы, дос тұтқандар - Аллаһтың жақтастары. Міне, солар - сөзсіз жеңіске жетушілер

[57] Ей, иманға келгендер! Сендерден алдын Кітап берілгендерден діндеріңді келеке және ермек етіп алғандарды әрі кәпірлерді қамқоршы, дос тұтпаңдар. Егер имандылардан / мүміндерден / болсаңдар, Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар

[58] Әрі қашан намазға шақырсаңдар, олар оны мазақ және ермек етеді. Себебі олар - ақылдарын істетпейтін / ұғынбайтын / адам­дар

[59] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер бізді Аллаһқа сенгеніміз және өзімізге түсірілгенге / Құранға / әрі ілгеріде түсірілгенге / кітаптарға / сенгеніміз үшін айыптайсыңдар ма? Анығында, сендердің көбің бұзықсыңдар / бойсұнбайсыңдар / ?» - деп

[60] Айт: «Сендерге, Аллаһтың алдында «сый» / қайтарым жаза / ретінде бұдан да жаман болатынның хабарын берейін бе? / Олар / - Аллаһтың лағнетіне әрі ашуына ұшырағандар және Ол олардың кейбірін маймылдар мен доңыздарға айналдырғандар әрі олар тағұтқа / Аллаһтан басқаға / табынғандар. Міне, солардың орны өте жаман. Әрі олар - тура жолдан қатты адасқандар», - деп

[61] Ал қашан олар сендерге келсе: «Иманға келдік», - дейді. Негізінде, олар / дінге / күпірлікпен / сенбеген күйде / кіріп және сонымен шықты. Аллаһ олардың жасырғандарын жақсы біледі

[62] Сен олардың көбінің күнә істеуде, дұшпандық жасауда және тыйым салынған нәрселерді жеуде бір-бірінен асыққанын көресің. Олардың істегендері қандай жаман

[63] Олардың ғибадатшыл ұстаздары мен дін ғалымдары, / оларды / күнәлі сөздері мен тыйым салынғандарды жеуінен неге қайтармайды?! Олардың жасағандары өте жаман

[64] Иудейлер: «Аллаһтың қолы байлаулы / тар / », - деді. Олардың өздерінің қолдары байлаулы / сараң / , олар айтқан сөздері үшін лағнетке ұшырады. Жоқ, олай емес, Оның екі қолы да ашық, Ол қалағанынша жұмсайды. / Ей, Мұхаммед! / саған Раббыңнан түсірілген / Құран / олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін / имансыздығын / арттыра түседі. Біз олардың арасына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Олар әркез соғыс өртін жаққан сайын, Аллаһ оны өшіреді. Олар жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылады. Аллаһ бұзу-бүлдірушілік істеушілерді жақсы көрмейді

[65] Егер де Кітап түсірілгендер иманға келгенде және тақуалық еткендерінде / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарында / , Біз сөзсіз олардың жамандықтарын өшіріп, міндетті түрде Нәъим жәннаттарына кіргізер едік

[66] Егер олар / өз уақытында / Тәурат пен Інжілді әрі олардың Раббысы тарапынан өздеріне түсірілгенді орындағанда, төбелерінен және аяқтарының астынан / берілген ризықтарды / жеген болар еді. Олардың арасында орташа бір топ бар. Алайда олардың көбінің істейтін істері өте жаман

[67] Ей, Елші! Өзіңе Раббыңнан түсірілгенді жеткіз. Егер / олай / істемесең, Оның жібергенін жеткізбеген боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді тура жолға салмайды

[68] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Сендер Тәурат пен Інжілді және өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенді / Құранды / орындамайынша, ешқандай нәрсенің / хақ нәрсенің / үстінде емессіңдер», - деп. Саған Раббыңнан түсірілген / Құран / олардың көбінің шектен шығуы мен күпірлігін / имансыздығын / арттыра түседі. Сондықтан кәпірлер үшін күйінбе

[69] Ақиқатында, иманға келгендерге / Мұсылмандарға / , сондай-ақ / Мұхаммед пайғамбарға дейінгі! иудей, христиан және сабийлерден Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[70] Ақиқатында, Біз Исраил ұрпақтарының сертін алдық әрі оларға елшілер жібердік. Әркез оларға қандай да бір Елші, көңілдері қаламаған нәрсені келтірген сайын, олар / елшілердің / бір бөлімін өтірікке шығарып, бір бөлімін өлтіретін еді

[71] Әрі олар ешқандай сынақ болмайды деп есептегендіктен, соқыр әрі саңырау болып алды. Содан кейін Аллаһ олардың істеген күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етті. Содан кейін де олардың көбі / ақиқатқа / соқыр әрі саңырау болды. Аллаһ - олардың не істеп жатқанын Көруші

[72] Анығында: «Аллаһ - Мәриям ұлы Мәсих», - деп айтқандар, кәпір болды. Ақиқатында, Мәсих: «Ей, Исраил ұрпақтары! Менің Раббым әрі сендердің Раббың - Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Өйткені, кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, Аллаһ оған Жәннатты тыйым / етіп / салып, оның тұрағы От / тозақ / болады. Әділетсіздерге ешбір жәрдемші жоқ», - деп айтты

[73] Шын мәнінде: «Аллаһ - үштіктің үшіншісі», - дегендер күпірлік етті / Аллаһтың бірлігін теріске шығарды / . Жалғыз құдайдан / Аллаһтан / басқа құдай жоқ. Егер олар айтқандарынан қайтпаса, олардан күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / , міндетті түрде күйзелтуші азап тиеді

[74] Олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубе етіп / және Одан кешірім тілемей ме? Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[75] Мәриям ұлы Мәсих - бір Елші ғана. Негізінде, одан бұрын да елшілер өткен. Ал, оның анасы шыншыл еді. Екеуі де тамақ жейтін еді. Біз оларға аяттарды қалай анық баян еткенімізге қара да, кейін олардың қайда бұрылып бара жатқандарына назар сал

[76] Ей, Мұхаммед! / Айт / серік қосушыларға / : «Сендер Аллаһты қойып, өздеріңе зиян жеткізуге, не пайда келтіруге шамасы жоқ нәрсеге табынасыңдар ма?» - деп. Аллаһ - бәрін Естуші , бәрін Білуші

[77] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, Кітап берілген қауым! Діндеріңде ақиқаттан аттап, артық кетпендер және өздері бұрын адасып әрі көпшілікті адастырған, сондай-ақ тура жолдан ауытқыған адамдардың құмарлықтарына ермеңдер», - деп

[78] Исраил ұрпақтарынан күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / , Дәуіттің және Мәриям ұлы Исаның тілімен лағнет / қарғыс / айтылды. Бұл олардың бойсұнбағандықтары әрі шектен шығуларының себебінен

[79] Олар бір-бірін теріс істерінен қайтармайтын еді. Олардың істегендері өте жаман

[80] Сен олардың / иудейлердің / көбінің күпірлік етушілерді / Аллаһқа серік қосушыларды / дос, жақтас тұтатынын көресің. Олардың өздері үшін алдын ала дайындағаны өте жаман, Аллаһ оларға сол үшін ашуланды әрі олар азапта мәңгі қалады

[81] Егер де олар Аллаһқа және Пайғамбар мен оған түсірілгенге / Құранға / сенгенде, оларды дос, жақтас тұтпас еді. Алайда, олардың көбі - бұзықтар

[82] Ей, Мұхаммед! / , сен анығында, иманға келгендерге дұшпандық етуде адамдардың ішіндегі ең қаттысы - иудейлер мен мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / екенін көресің. Ал, иманға келгендерге сүйіспеншілікте ең жақыны, олардың: «Біз насаралармыз / христианбыз / », - дейтіндер екенін көресің. бұл - олардың ішінде қиссистері / дін ғалымдары / және рухбандары / тәркі дүниелік ғибадатшылдары / болғандығы әрі олардың астамсынбаулары себебінен

[83] Олар / христиандар / Елшіге түсірілгенді / Құранды / тыңдаған кезде, шындықты танып, көздерінің жасқа толғанын көресің. Олар: «Раббымыз! Сендік, бізді куә болушылар қатарында жаза гөр

[84] Раббымыздың бізді ізгі адамдармен бірге етуін қалайтын болсақ, Аллаһқа сенбейтіндей және өзімізге келген ақиқатқа сенбейтіндей бізге не болды?» - дейді

[85] Сонда Аллаһ оларды айтқан сөздері үшін - астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтармен марапаттады, олар - онда мәңгі қалушы. жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйы, міне - осы

[86] Ал, сондай күпірлік еткендер / қарсы келгендер / әрі аяттарымызды өтірікке шығарғандар болса, олар - Жахимда (тозақ) болатындар

[87] Ей, иманға келгендер! Аллаһ рұқсат берген / халал / жақсы нәрселерге тыйым салмаңдар әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді

[88] Аллаһ сендерге рұқсат / халал / етіп, жақсы етіп берген ризықтарынан жеңдер. Әрі өздерің сенген Аллаһтан / Оның тыйғандарынан! қорқып, сақтаныңдар

[89] Аллаһ анттарыңдағы бос сөздер үшін сендерді жазаға тартпайды. Бірақ, Ол сендерді бекіткен анттарың үшін жазаға тартады. / Анттарыңды бұзғанжағдайда / оның өтемі / кәффәраты / - үй іштеріңді тамақтандыратын орташа есеппен он кедейді тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Кім / мұны / таппаса, үш күн ораза тұтады. Ант ішсеңдер, анттарыңның өтемі / кәффәраты / - осы. Анттарыңды сақтаңдар. Аллаһ сендерге шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін аяттарын осылай анық баян етеді

[90] Ей, иманға келгендер! Анығында мас қылатын ішімдіктер / хамр / және құмар ойындары / майсир / әрі табыну үшін қойылған нәрселер / ансаб / және бал ашатын таяқшалар / әзләм / - жиіркенішті нәрселер, шайтанның ісінен. мұраттарыңа жету үшін оған жоламаңдар

[91] Негізінен, шайтан мас қылатын ішімдіктер және құмар ойындар арқылы, араларыңа дұшпандық пен жек көрушілік салып, сендерді Аллаһты еске алудан және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаудан тосуды қалайды. Енді тыйыларсыңдар

[92] Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар әрі сақ болыңдар. Егер бет бұрсаңдар, біліңдер, Біздің Елшімізге - анық түрде жеткізу ғана міндет

[93] Иманға келген және ізгі амал жасағандарға жеген нәрселерінде күнә жоқ, егер, қашан олар тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса! және сеніп, ізгі амал істесе содан кейін де тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / және сеніп, одан кейін және тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / әрі жақсылық істесе. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді

[94] Ей, иманға келгендер! Аллаһ кім Өзінен ғайып түрде / Өзін көрмей-ақ / қорқатынын анықтау үшін - Аллаһ сендерді / ихрамда болғандарыңда / аңшылық олжаға қатысты бір нәрсемен сынайды. Кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар

[95] Ей, иманға келгендер! Ихрамда болған кездеріңде аңдарды өлтірмеңдер. Сендерден кім оны әдейілеп өлтірсе, оның жазасы / өтемі / - өлтіргеніндей бір мал. Ол туралы сендерден екі әділ кісі Қағбаға жеткізілетін құрбандық ретінде үкім береді. Немесе ісінің жазасын тартуы үшін оның кәффәраты / күнәсінің өтемі / - кедейлерді тамақтандыру не оның орнына ораза ұстауы. Аллаһ өткенді кешірді. Ал кім / осы істерге / қайтса, Аллаһ оны жазалайды. Аллаһ - бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие

[96] Сендерге / жергіліктілерге / және жолаушыларға пайдалануларың үшін / ихрам кезінде / теңіз аңы мен тағамдары рұқсат етілді. Ал, құрлықтағы аң ихрамда болған кездеріңде, сендерге тыйым салынды. Өздерің алдына жиналатын Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар

[97] Аллаһ тыйым салынған үй - Қағбаны адамдар үшін тірек етті, сондай-ақ тыйым салынған айды және құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған / белгіленген / құрбандық малдарды да. бұл - Аллаһтың аспандардағы және жердегілердің бәрін білетіндігін әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екендігін білулерің үшін

[98] Біліңдер, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда қатты және шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[99] Елшінің міндеті - жеткізу ғана. Аллаһ сендердің әшкере жасағандарыңды және жасырғандарыңды біледі

[100] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сені жаман нәрсенің көптігі таңырқатса да, жаман мен жақсы бірдей болмайды», - деп. Ей, ақыл иелері! Бақытқа жету үшін Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар

[101] Ей, иманға келгендер! Анықталған кезде, сендерді қапаландыратын нәрселер жайлы сұрамаңдар. Құран түсіріліп жатқан кезде олар жайлы сұрасаңдар, олар сендерге ашылып / айқын болып / қалады. Аллаһ оны / сұраған нәрселеріңді / кешірді. Аллаһ - өте Кешірімді , аса Жұмсақ

[102] Негізінде, сендерден бұрынғы бір қауым олар жайлы / өз елшілерінен / сұрап, сонан кейін / оны орындамай / , кәпірлерден болды

[103] Аллаһ «бахира», «саиба», «уәсила» және «хамға» / ырымдалған түйелерге / қатысты еш нұсқау бермеді. Бірақ, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырады. Олардың көбі ақылдарын істетпейді

[104] Қашан оларға: «Аллаһтың түсіргеніне / Құранға / және Елшіге келіндер», - делінсе, олар:«Аталарымызды неде / қай сенім-нанымда / тапсақ, бізге сол жетеді», - дейді.Сонда, егер аталары еш нәрсені білмеген және тура жолды таппаған болса да ма

[105] Ей, иманға келгендер! Сендер өздеріңді-өздерің / қолға алып / түзелтіңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқандар сендерге зиян тигізе алмайды. Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді

[106] Ей, иманға келгендер! Біреуіңе өлім келіп, бір нәрсені өсиет етіп қалдырған кезде, өздеріңнен болған екі әділ кісі немесе жер бетінде сапар шегіп жүргендеріңде өлім ауыртпашылығы келсе, өздеріңнен басқалардан екі куә араларында куәгер болсын. Егер күмәндансаңдар, оларды намаздан кейін тоқтатып, екеуі: «Егер жақынымыз болса да антымызды ешбір бағаға сатпаймыз әрі Аллаһтың куәлігін жасырмаймыз, олай етсек, әлбетте күнәһарлардан боламыз», - деп Аллаһпен ант етсін

[107] Егер ол екеуінің күнәһар екендіктері анықталса, онда құқығы барлардан өзге екі жақын туыс кісі олардың орнына тұрып: «Біздің куәлігіміз ол екеуінің куәліктерінен гөрі шындыққа көбірек жақын. Әрі біз шектен шықпадық. Егер олай істесек, әрине, әділетсіздерден боламыз», - деп Аллаһпен ант ішсін

[108] Бұл олардың куәлікті шынайы берулеріне немесе олардың берген анттарынан кейін қайта ант берілуінен қорқуларына көбірек жақын. Әрі Аллаһтан / Оның жаза­сынан / қорқып, сақтаныңдар және құлақ асындар. Аллаһ бұзық адамдарды тура жол­мен жүргізбейді

[109] Сол / қайта тірілу / Күні Аллаһ елшілерді жинап: «Сендерге / үмметтеріңнен / не жауап берілді?» - дейді. Олар: «Бізде білім жоқ. Ақиқатында, Сенің Өзің ғана ғайыптарды Білушісің», - дейді

[110] Сонда Аллаһ айтады: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Менің саған әрі анаңа берген игілігімді есіңе ал. Сол уақытта сені қасиетті рух / Жәбірейіл / арқылы қолдадым. Сен адамдарға бесікте және ересек кезіңде сөйледің. Сонда Мен саған жазу мен даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйреттім. Әрі сонда сен Менің рұқсатыммен лайдан құстың мүсіні тәріздіні жасап, оған үрлегеніңде, ол Менің рұқсатыммен құс болып кететін. Әрі Менің рұқсатыммен тума соқырды және алапесті айықтыратын едің. Әрі сонда Менің рұқсатыммен өлгендерді / тірілтіп / шығаратын едің. Әрі Исраил ұрпақтарына анық белгілермен келгеніңде, олардың ішіндегі күпірлік еткендері / қарсы келгендері / : «Бұл - анық сиқырдан басқа нәрсе емес», - деген кезінде, оларды сенен қайтардым», - / деп

[111] Әрі сонда хауарилерге / Исаның жәрдемшілеріне / : «Маған және Менің Елшіме сеніңдер», - деп білдіргенімізде, олар: «Біз сендік, біздің мұсылман / бойсұнушы / екенімізге куә бол», - деді

[112] Сол уақытта хауарилер / Исаның жәрдемшілері / : «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Раббың бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсіре ала ма?» - деген еді. / Иса / : «Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / », - деді

[113] Хауарилер / : «Біз одан жегіміз келеді және жүректеріміздің орнығуын, сенің бізге шындықты айтқаныңды білуді және ол жайлы куә болушылардан болуды қалаймыз», - деді

[114] Мәриямның ұлы Иса: «Йа, Аллаһ! Раббымыз! Бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсір! Алғашқыларымызға және кейінгілерімізге бір мейрам әрі Сенен бір белгі болсын. Сондай-ақ, бізге ризық бер! Сен ең қайырлы ризық Берушісің», - деді

[115] Аллаһ: «Ақиқатында, Мен оны сен­дерге түсіремін. Бірақ содан кейін сендерден кім күпірлік етсе / иманды теріске шығарса / , оны әлемдердің ішінде ешкімді азаптамайтын азаппен азаптаймын», - деді

[116] Әрі / Қиямет күні / Аллаһ: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан басқа екі құдай етіп алыңдар», - деп айтқан сен бе?» - дегенде, / Иса / : «Сен / кемшілік атаулыдан / пәксің! Өзімнің құқым болмаған нәрсені айту маған лайық емес. Егер айтқан болсам, ақиқатында, Сен оны, әлбетте білуші едің. Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сендегіні білмеймін. Ақиқатында, Сен - Өзің ғана ғайыптарды Білушісің

[117] Мен оларға: «Менің Раббым әрі сендердің Раббың - Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер», - деп, Сен бұйырғанды ғана айттым. Әрі олардың ішінде болған кезімде, оларға куә болдым. Ал мені Өзіңе алғанда, оларды Өзің бақыладың. Сен барлық нәрсеге куәсің

[118] Егер оларды азаптасаң, әлбетте олар - Өзіңнің құлдарың. Ал, егер оларды кешірсең, ақиқатында, әлбетте Сен - бәрінен Үстем, аса Данасың», - дейді

[119] Аллаһ: «бұл - шын сөзділерге шындықтары пайда беретін күн. Оларға астынан өзендер ағып жататын / жәннат / бақтары бар. Олар онда мәңгі қалады. Аллаһ олардан разы болды, олар Одан / Аллаһтан / разы болды. Міне, осы - ұлы жетістік», - дейді

[120] Аспандардың және жердің әрі олардағы нәрселердің билігі - Аллаһтікі. Әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

Әнғам

Surah 6

[1] Барлық мақтау аспандарды және жерді жаратқан әрі қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаһқа! Ал, содан кейін күпірлік етушілер / қарсы келушілері, өздерінің Раббысына / өзгелерді / теңестіреді

[2] Ол сендерділайдан жаратып, содан кейін бір мерзім белгіледі. Әрі белгіленген мерзім де / Қайта тірілу күні / - Онда / Аллаһта / . Ал, сендер осыдан кейін күмәнданудасыңдар

[3] Әрі Ол - аспандарда және жерде бір Аллаһ. Ол сырларыңды және жария еткендеріңді әрі не істейтіндеріңді де біледі

[4] Оларға / мүшріктерге / Раббысының белгілерінен қандай да бір белгі келсе де, олар міндетті түрде одан бет бұрды

[5] Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде, оны өтірікке шығарды. Олардың келеке еткен нәрселерінің хабары жақында өздеріне келеді

[6] Олар өздерінен ілгері өткен қанша халықты құртып жібергенімізді көрмеді ме? Біз оларға жер жүзінде сендерге бермеген күш-қуат бердік. Оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік әрі астынан өзендерді ағызып қойдық. Содан кейін күнәлары себебінен оларды құртып жібердік те, олардан соң жаңадан басқа халықтарды пайда қылдық

[7] Ей, Мұхаммед! / Егер де Біз саған парақтағы бір Жазбаны түсіріп, олар оны қолдарымен сипап көрсе де күпірлік етушілер / иманды теріске шығарушылар / : «Бүл - анық сиқырдан басқа нәрсе емес», - деп айтар еді

[8] Олар / : «Оған періште түсірілмеді ме?» - дейді. Егер Біз періште түсірсек, / онда / іске шешім шығарылып, содан кейін оларға мұрсат берілмес еді

[9] Егер де оны / Елшіні / періште еткенімізде, онда оны бір ер адам / бейнесінде / етіп, олардың шатасып жүрген нәрселерін шатастыра түсер едік

[10] Ей, Мұхаммед! / Негізінде сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Сонда тәлкек еткендерді өздерінің келеке еткен нәрселері орап алды / бастарына жетті

[11] Айт: «Жер жүзін аралап өтірік санаушылардың соңы қалай болғанын көріңдер», - деп

[12] Олардан / : «Аспандардағы және жердегі нәрселер кімдікі?» - деп сұра да: «Аллаһтікі», - деп айт. Ол Өзіне мейрімділікті жазған. Ол сендерді Қайта тірілу күні міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Өздері-өздеріне зиян келтірушілер иманға келмейді

[13] Түнде және күндіз тыным тапқан нәрселер - Оның иелігінде. Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[14] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандарды және жерді жасап шығарған Аллаһтан басқаны қамқоршы етіп аламын ба? Ол / барлығын / қоректендіреді, ал Оны / ешкім / қоректендірмейді», - деп. «Ақиқатында мен бойсұнушы болғандардың алғашқысы болуға бұйырылдым», - деп. Әрі мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / болма

[15] Айт: «Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», - деп

[16] Сол Күні кімнен ол / азап / алыстатылса, / Аллаһ / оған рақым қылады. Міне, осы - анық жетістік

[17] Ей, Мұхаммед! / Егер, Аллаһ саған бір К зиян тигізетін болса, онда ол зиянды Одан өзге кетіруші жоқ. Ал, егер Ол бір жақсылық жеткізсе, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

[18] Ол - құлдарының үстінен Үстемдік етуші / әл-Қаһир / . Әрі Ол - аса Дана, бәрінен Хабардар

[19] Ей, Мұхаммед! / Айт: «куәлікте қай I нәрсе үлкен?» - деп. Айт: «Аллаһ менімен сендердің араларыңа куә. Маған осы Құран сендерді және хабар жеткендерді ескертуім үшін уахи етілді. Сендер Аллаһпен бірге басқа құдайлар бар деп шынымен куәлік бересіңдерме? Ал мен куәлік бермеймін!» - деп. Айт: «Шын мәнінде, Ол - жалғыз құдай. Сендердің Оған бір нәрсені серік етіп қосуларыңа менің қатысым жоқ», - деп

[20] Біз өздеріне кітап бергендер оны / пайғамбарды / өз ұлдарын танығандай таниды. Өздерін зиянға ұшыратқандар иманға келмейді

[21] Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? Негізінде әділетсіздік етушілер мақсат-мұраттарына жетпейді

[22] Ол / қайта тірілу / күні Біз олардың барлығын жинаймыз, содан кейін мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / : «Сендердің / бар деп / санаған серіктерің қайда?» - дейміз

[23] Сонда олардың: «Раббымыз! Аллаһпен ант етеміз! Біз Аллаһқа серік қосушылардан болмадық», - деуден басқа бүліктері / өтірік ақталулары / болмайды

[24] Өздеріне қарсы олардың қалай өтірік айтқандарына қара! Олардың өтіріктен құрастырғандары жоқ болып кетті

[25] Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде сені тыңдап көретіндер де бар. Бірақ Біз олардың / серік қосушылардың / ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Олар әрбір белгіні көрсе де оған сенбейді. Тіпті өзіңмен тартысуға алдыңа келген кезде, сол күпірлік еткендер / аяттарды теріске шығарушылар / : «Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілерінен басқа нәрсе емес», - дейді

[26] Олар одан / Құраннан адамдарды / қайтарады әрі өздері де одан алыстайды. Негізінде, олар өздерін ғана құртады әрі оны өздері сезбейді

[27] Қайта тірілу күні / олар Оттың алдына тоқтатылған кезде, олардың: «Қап! Біз кері / дүниеге / қайтарылсақ еді, Раббымыздың аяттарын өтірікке шығармас едік және иманға келгендерден болар едік», - деп айтқанын бір көрсең

[28] Жоқ, керісінше! Олардың бұрын жасырып келгендері өздеріне әшкере болды. Егер олар / дүниеге / кері қайтарылғанда да, өздеріне тыйым салынғанға қайта оралар еді. Ақиқатында, олар - нағыз суайттар

[29] Олар / : «Бұл / өмір / - осы дүниелік өмірден ғана тұрады. Әрі біз қайта тірілтілмейміз», - деді

[30] Ей, Мұхаммед! / Оларды Раббысы алдында тоқтатылған кездерін көрсең еді! Сонда / Ол / : «Бұл шындық емес пе?» - дейді. / Олар / : «Әлбетте, Раббымызбен ант етеміз»,-дейді. Ол: «Күпірліктерің / имансыздықтарың / үшін енді азапты татыңдар», - дейді

[31] Аллаһпен болатын кездесуді өтірік санағандар, зиянға ұшырады. Ал өздеріне Сағат / қиямет / кенеттен келгенде, олар: «Ол өмірімізде жіберіп алғандарымыз үшін біз қандай қасіретке тап болдық», - дейді. Әрі олар жүктерін / күнәларын / арқаларына көтеріп жүреді. Олардың көтерген нәрсесі неткен жаман

[32] бұл дүние өмірі - ойын және бос ермектен басқа ешнәрсе емес. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[33] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз олардың айтқандарының сені қапаландыратынын білеміз. Негізінде, олар сені өтірікші санап отырған жоқ. Алайда әділетсіздер Аллаһтың аят-белгілерін теріске шығаруда

[34] Анығында, сенен бұрынғы елшілер де өтірікшіге шығарылған еді. Сонда олар өздерінің өтірікшіге шығарылғанына және көрген зәбірлеріне Біздің жәрдеміміз келгенге дейін сабыр етті. Аллаһтың сөздерін өзгертуші жоқ. Ақиқатында, жіберілген елшілер жайындағы хабарлардан кейбірі саған келді

[35] Егер саған олардың теріс бұрылулары ауыр тисе, қолыңнан келсе, жерде / өтетін / бір саңылау немесе аспанда / шығатын / бір саты іздеп тауып, оларға белгі-мұғжиза әкел! Аллаһ егер қалағанда, оларды тура жолда жинар еді. Сондықтан, сен надандар қатарында болма

[36] Анығында, ден қойып тыңдайтындар / шақыруыңа / жауап береді. Ал, өлгендерді болса, Аллаһ тірілтеді, кейін олар Оған қайтарылады

[37] Олар: «Оған Раббысынан бір белгі түсірілмей ме?» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың белгі түсіруге күші жетеді», - деп. Алайда, олардың көпшілігі білмейді

[38] Жер бетіндегі барлық жаны бар және екі қанатымен ұшатын құс - өздерің секілді қауымдар. Біз Кітапта / Ләухул-махфузда / еш нәрсені қалдырмадық / бәрін жаздық / . Содан кейін олар Раббысының алдына жиналады

[39] Аяттарымызды өтірікке шығарғандар - қараңғылықтар ішіндегі саңырау әрі мылқаулар. Аллаһ қалағанын адастырады, ал қалағанын тура жолға салады

[40] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын сөзді болсаңдар, айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы келсе, немесе Сағат / қайта тірілу күні / келсе, Аллаһтан басқаны / көмекке / шақырасыңдар ма?» - деп

[41] Жоқ, керісінше! Сендер тек Оны / Аллаһты / ғана шақырасыңдар / Оған жалбарынасыңдар / . Сонда сендер не нәрседен көмек сұраған болсаңдар, Ол қаласа содан құтқарады әрі сендер серік етіп қосқандарыңды ұмытасыңдар

[42] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында сенен бұрын өткен үмметтерге де елшілер жібердік. Сөйтіп, бойсұнсын деп, оларды таршылық пен қиыншылыққа ұшыраттық

[43] Сонда, азабымыз келген кезде, олар бойсұнса еді. Алайда, олардың жүректері қатайып кеткен әрі шайтан оларға істеп жатқан істерін әдемі етіп көрсетті

[44] Олар өздеріне еске салынғанды ұмытқан кезде, Біз оларға әрбір нәрсенің / түрлі ризықтардың / есіктерін ашып қойдық. Сөйтіп олар өздеріне берілген нәрсеге мәз-мейрам болғандарында, Біз оларды кенеттен қолға алдық та олар не істерін білмей, күдерлерін үзді

[45] Әділетсіздік істеген адамдардың соңы кесілді / толығымен жойылды / . Барлық мақтау - әлемдердің Раббысы Аллаһқа

[46] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендердің есту және көрулеріңді алып қойып, жүректеріңді мөрлеп тастаса, сендерге оны беретін Аллаһтан басқа құдай бар ма?» - деп. Біздің аяттарды қалай түсіндіретінімізге назар сал, ал олар содан кейін де бет бұрып кетеді

[47] Айт: «Айтыңдаршы, егер сендерге Аллаһтың азабы кенеттен немесе ашық түрде келсе, әділетсіз адамдардан басқа кім жоқ етіледі?» - деп

[48] Біз елшілерді қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібереміз. Кім иманға келіп, түзетсе, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[49] Аяттарымызды өтірікке шығарғандарға бойсұнбағандықтары үшін азап тиеді

[50] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге: «Менің қасымда Аллаһтың қазыналары бар», - деп айтпаймын әрі мен ғайып / жасырын / нәрселерді білмеймін және сендерге өзімді періштемін деп те айтпаймын. Мен өзіме уахи етілетінге ғана еремін», - деп. «Соқыр мен көре алатын адам бірдей бола ала ма? / Ақылдарыңды істетіп / , ойланбайсыңдар ма?» - де

[51] Раббысының алдына жиналудан қорыққандарды олардың тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін онымен / Құранмен / ескерт / насихат ет / . Оларға Одан басқа қамқоршы да, шапағатшы да / ара түсуші / жоқ

[52] Ей, Мұхаммед! / Таңертең және кешке Раббысына жалбарынып, Оның дидарын қалайтындарды / қасыңнан / қума. Сен олардың есебінен жауапты емессің, олар да сенің есебіңнен жауапты емес. Егер оларды қусаң, әділетсіздерден боласың

[53] «Біздің арамыздағы Аллаһ игілік еткен адамдар осылар ма?» - деп айтулары үшін олардың кейбірін өзгелерімен осылай сынадық. Аллаһ шүкір етушілерді / берген игіліктеріне алғыс білдірушілерді / жақсы біледі емес пе

[54] Ей, Мұхаммед! / Қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сендерге амандық болсын. / Сәләмун ъалайкум! / Раббыңыз Өзіне мейірімді жазған. Сендерден біреу білместікпен бір жамандық істеп, содан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және түзетсе, ақиқатында, Ол - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт

[55] Күнәһарлардың жолы анықталуы үшін Біз аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз

[56] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, маған сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңе құлшылық етуге тыйым салынды», - деп. «Сендердің көңілқұмарлықтарыңа ермеймін. Олай істесем, адасқан және тура жолда жүрмегендерден боламын», - деп

[57] Айт: «Ақиқатында, мен Раббымнан берілген анық дәлел үстіндемін. Ал сендер оны өтірікке шығардыңдар. Сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе / жаза / менің қолымда емес. Үкім беру - тек Аллаһта. Ол ақиқатты айтады әрі Ол - үкім беріп айырушылардың ең қайырлысы», - деп

[58] Айт: «Егер де сендер тез болуын сұрап отырған нәрсе / жаза / менің қолымда болғанда, менімен сендердің арамыздағы мәселе біткен болар еді», - деп. Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші

[59] Ғайыптың кілттері Ода / Аллаһта / , оны тек Ол ғана біледі / басқа ешкім білмейді / . Ол құрлықтағыны да, теңіздегіні де біледі. Оның білуінсіз бірде-бір жапырақ түспейді. Жердің қараңғылықтарындағы бір дән болсын, сұлы немесе құрғақ нәрсе болсын, барлығы да анық Кітапта / жазулы

[60] Ол / Аллаһ / түнде сендердің жандарыңды алады және күндіз не істегендеріңді біледі. Ол сендерді белгіленген мерзім / өмір / аяқталуы үшін, онда / күндіз / қайта тірілтеді. Кейін Оған қайтасыңдар. Содан кейін, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді

[61] Ол - әл-Қаһир / құлдарының үстінен үстемдік етуші / әрі Ол сендерге сақтаушыларды / амалдарды жазып сақтаушы періштелерді / жібереді. Қашан біреуіңе өлім келген кезде, елшілеріміз / жан алушы періштелер / оның жанын еш кемшілік жібермей алады

[62] Содан кейін олар, өздерінің шын Иелері - Аллаһқа қайтарылады. Біліңдер, үкім ету - Оның ғана билігінде. Ол - есеп алушылардың ең жылдамы

[63] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Оған жалбарына әрі құпия түрде: «Ол бізді осыдан / апаттан / құтқарса, әлбетте біз шүкір етушілерден / Оның берген игіліктеріне алғысбілдірушілерден / боламыз», - деп / көмекке / шақырған кездеріңде, сендерді құрлық және теңіз қараңғылықтарынан кім құтқарады?» - деп

[64] Айт: «Сендерді бұдан және әрбір қайғыдан Аллаһ қана құтқарады. Сонда да сендер Оған / әр нәрсені / серік етіп қосасыңдар!» - деп

[65] Айт: «Ол, сендерге төбелеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге не сендерді гүрлі топтарға бөліп, шиеленістіруге және кейбіреулеріне өзгелеріңнің қатыгездігін таттыруға күші жетеді», - деп. Олардың ұғулары үшін аяттарымызды қалай түсіндіретінімізге назар сал

[66] Қауымың оны / Құранды / , ол ақиқат болса да, өтірікке шығарды. Айт: «Мен сендерге жауапты емеспін

[67] Әрбір хабардың өз уақыты бар. Жақында білесіңдер», - деп

[68] Ей, Мұхаммед! / Қашан олардың Біздің аяттарымызға байланысты / бос сөзге / кіріскенін көрген кезде, олар басқа әңгімеге ауысқандарына дейін олардан теріс бұрыл. Егер шайтан саған ұмыттырса, есіңе түскеннен кейін, әділетсіз адамдармен бірге отырма

[69] Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / тақуалық етушілер / , олардың / мүшріктердің / есебінен сұралмайды. Тек, олар Аллаһтың жазасынан сақтанулары үшін еске салу / ескерту / керек

[70] Өз діндерін ойын әрі бос ермек етіп алғандарды және осы өмір алдағандарды жайына қалдыр. Әрі онымен / Құранмен / жанның істеп тапқандары / күнәлары / салдарынан құритындығын еске сал. Оған Аллаһтан өзге ешбір қамқоршы да, арашашы да болмайды. Әрі қандай төлем берсе де одан алынбайды. Міне, солар - істеген істерінің салдарынан, өздерін жойылуға душар еткендер. Оларға, күпірліктері / иманды теріске шығарғандықтары / үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі күйзелтуші азап бар

[71] Ей, Мұхаммед / / Айт: «Аллаһтан басқа бізге не пайда, не зиян келтіре алмайтын бір нәрседен тілейміз бе? Әрі Аллаһ бізді тура жолға түсіргеннен кейін, жолдастары: «Біз жаққа кел», - деп, тура жолға шақырып тұрса да, жер бетінде шайтандар азғырып, дал болған / өзін жоғалтқан / біреу секілді, артымызға қайтарыламыз ба?» - деп. Айт: «Аллаһтың жолы - анық тура жол. Біз әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдық

[72] және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауға әрі Одан қорқып, сақтануға», - деп. Әрі сендер Оның құзырында жиналасыңдар

[73] Әрі ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол: «Бол», - деген күні болады. Оның сөзі - ақиқат. Сүр үрілетін / қиямет / Күні билік тек Онікі. Ол - құпия мен айқын нәрсені Білуші әрі Ол -аса Дана, бәрінен Хабардар

[74] Әрі кезінде Ибраһим әкесі Азарға: «Пұттарды / қолдан жасалған мүсіндерді / құдайлар етіп аласың ба? Ақиқатында, мен сені және еліңді анық адасуда көремін», - деді

[75] Әрі айқын сенушілерден болуы үшін біз осылай Ибраһимге аспандардың және жердің билігін көрсеттік

[76] Түн / қараңғылығы / оны жапқан кезде, ол бір аспан денесін / ғаламшарды / көріп: «Міне, осы - менің Раббым», - деді. Ол батқан кезде: «Батушыларды жақсы көрмеймін», - деді

[77] Шығып келе жатқан айды көрген кез­де: «Осы - менің Раббым», - деді. Ол батқан кезде: «Егер Раббым мені тура жолмен жүргізбесе, мен де адасқан адамдардан болар едім»,-деді

[78] Шығып келе жатқан күнді көрген кезде: «Осы - менің Раббым, ол үлкенірек»,- деді. Ол батқан кезде: «Әй, елім! Сендердің / Аллаһқа / серік етіп қосқандарыңа менің қатысым жоқ

[79] Ақиқатында, мен аспандарды және жерді жасап шығарғанға, ханиф күйімде жүзімді бұрдым әрі мен мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емеспін», - деді

[80] Сөйтіп, елі онымен тартысқа түсті. Ол: «Сендер мені тура жолға түсірген Аллаһ жайында тартысасыңдар ма? Мен сендердің Оған серік етіп қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Тек Раббым бір нәрсені қаласа ғана / оның қалағаны болады / . Раббымның білімі барлық нәрсені қамтыған. Еске алмайсыңдар ма / ескермейсіңдер м

[81] Сендер, Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені, Оған серік етіп қосуға қорықпағанда, мен сендердің серік етіп қосқан нәрселеріңнен қалайша қорық-пақпын?» - деді. Егер білетін болсаңдар, екі топтың қайсысы амандыққа / өзін қауіпсіз сезінуге / лайықты

[82] Иманға келген және имандарына әділетсіздікті / серік қосуды / араластырмағандар міне соларға амандық бар әрі олар - тура жолдағылар

[83] Бұл Біздің Ибраһимге берген, оның қауымынақарсы дәлеліміз. Біз қалағанымызды дәрежелерде көтереміз. Ақиқатында, сенің Раббың - аса Дана , бәрін Білуші

[84] Әрі Біз оған Исқақ пен Йаъқубты сыйладық және олардың барлығын тура жолмен жүргіздік. Сондай-ақ, бұрын Нұхты да тура жолмен жүргізгенбіз. Әрі оның ұрпақтарынан Дәуітті, Сүлейменді, Айубты, Иусуфты, Мұса және Һарұнды да. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз

[85] Әрі Зәкәрияны, Яхияны, Исаны, Илиясты да / тура жолмен жүргіздік / .Олардың бәрі де ізгілерден еді

[86] Әрі Исмаъилды, Әлясағты, Юнусты және Лұтты да / тура жолмен жүргіздік / .Әрбірін әлемдерде артық еттік

[87] Сондай-ақ олардың әкелерінен, ұрпақтарынан және бауырларынан да таңдап алдық және тура жолға салып, жүргіздік

[88] Аллаһтың тура жолы - осы. Ол онымен қалаған құлдарын жүргізеді. Егер олар / пайғамбарлар / Оған серік қосқанда, істеген амалдары зая кетер еді

[89] Міне, бұлар - Кітап, үкім және пайғамбарлық берілгендер. Егер бұлар / мүшріктер / осы нәрселерге күпірлік етсе / қарсы келсе / , Біз оны осыған күпірлік етпейтіндерге тапсырғанбыз

[90] Міне, бұларды / пайғамбарларды / - Аллаһ тура жолмен жүргізді! / Ей, Мұхаммед! / Сен де солардың жолына ілес. Айт: «Мен сендерден бұл / Құран /үшін ақы сұрамаймын. бұл - әлемдерге еске салу, / ескерту / ғана», - деп

[91] Олар / : «Аллаһ адам баласына еш нәрсе түсірмеді», - деп, Аллаһтың қадірін лайықты түрде білмеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Адамдар үшін нұр және тура жол ретінде Мұса әкелген Кітапты кім түсірді? Сендерге / онымен / өздерің және әкелерің білмеген нәрселер үйретілген еді. Ал сендер оны бөлек-бөлек парақтар етіп, бір бөлігін көрсетесіңдер де және көбісін жасырып қаласыңдар?» - деп және: « / Оны түсірген / Аллаһ!» - деп айт. Содан кейін оларды жалғанға батқан халде жайында қалдыр

[92] Біз түсірген бұл Кітап / Құран / - берекелі, / оны / өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы және елді мекендердің анасы / Мекке тұрғындарын / және оның айналасындағыларды ескертуің үшін / түсірдік / . Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндер, оған / Құранға / сенеді әрі олар әрқашан намаздарын сақтайды / барлық шарттарын орындайды

[93] Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе өзіне еш нәрсе уахи етілмесе де: «Маған уахи етілді», - деп айтқаннан және: «Мен Аллаһтың түсіргені сияқтыны түсіремін», - дегеннен өткен әділетсіз біреу бар ма? Әділетсіздерді өлім жанталасында жатқанда, періштелер қолдарын созып: «Жандарыңды / рухтарыңды / шығарыңдар! Аллаһ жайында ақиқаттан өзге сөз айтқандарың әрі Оның аяттарынан өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін, бүгін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлық азабы беріледі», - дегенде көрсең

[94] Міне, сендер Бізге, алғашқыда жаратқанымыздай жалғыз / болып / келдіңдер. Әрі Біз сендерге берген нәрселерді арттарыңа қалдырдыңдар. Енді өз араларыңда / Аллаһқа / серік деп санаған «қолдаушыларыңды» сендермен бірге көрмей тұрмыз. Араларың үзілді әрі «қолдайды» деп есептеген нәрселерің сендерден жоқ болып кетті

[95] Ақиқатында, Аллаһ - дән мен дәнекті жарып шығарушы. Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады. Міңе, осы - Аллаһ. Сонда, қайда ауып бара жатырсыңдар

[96] Ол - таңның жарығын шығарушы. Ол түнді - тыным етіп жасады, ал күн мен айды есеппен / қозғалатын / етті. Бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің бекіткен өлшеуі

[97] Әрі Ол / Аллаһ / сендерге, жұлдыздарды - құрлық және теңіз қараңғылықтарында жол табуларың үшін жасаған. Анығында, Біз аяттарды білетін адамдар үшін анық-айқын етіп түсіндірдік

[98] Әрі Ол сендерді бір жаннан өсіріп шығарған және сендерге тұратын орын және сақталатын орын / жасаған / .Біз түсінетін адамдар үшін аяттарды анықтап түсіндірдік

[99] Әрі Ол аспаннан су түсірген. Біз ол арқылы әртүрлі өсімдікті шығардық. Одан көк шығарып, ал одан шоғырланған дән шығарамыз. Құрманың түйінінен иілген жемісті шақтар шығарамыз. Сондай-ақ жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтынзәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар

[100] Ал, олар Аллаһқа жындарды серік етіп қосты, оларды Оның Өзі жаратқан болса да. Әрі олар ешбір білімсіз / білімі болмаса да / , Оған ұлдар мен қыздарды таңды. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың сипаттағандарынан жоғары

[101] Ол - аспандарды және жерді жоқтан бар Етуші. Оның жұбайы болмаса,Оның баласы қалайша болады?! Сондай-ақ, Ол әрбір нәрсені жаратты және Ол - барлық нәрсені Білуші

[102] Міне осы Аллаһ - сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Әрі Ол - барлық нәрсені Жаратушы. Оған құлшылық қылыңдар. Ол - әрбір нәрсені қорғап, Сақтаушы

[103] Көздер Оған жете алмайды. Ол көздерге жетеді / қамтиды / ,Ол өте Жұмсақ, бәрінен Хабардар

[104] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, сендерге Раббыңыздан көрнекі / ашық көрінетін / дәлелдер келді. Кім оны көріп, таныса, өзі үшін. Ал кім оған соқыр болса, зияны өзіне. Мен сендерді күзетуші емеспін», - деп

[105] Біз аят-белгілерімізді осылай жанжақты етіп түсіндіреміз, әрі олар: «Оқып үйренгенсің»,- деп айтуы үшін және білетін адамдарға анықтап беруіміз үшін

[106] Раббыңнан саған уахи етілгенге ер Плес / . Одан / Аллаһтан / басқа құдай жоқ. Әрі серік қосушылардан теріс бұрыл

[107] Егер Аллаһ қалағанда, олар / мүшріктер / серік қоспас еді. Сені оларға күзетуші қылмадық. Сондай-ақ сен олар үшін жауап беруші емессің

[108] Олардың Аллаһтан өзге табынып жатқандарын балағаттап, сөкпеңдер. Олар онда дұшпандықпен ешқандай білімсіз Аллаһқа тіл тигізеді. Осылайша әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Содан кейін олар өздерінің Раббысына қайтады. Сонда, Ол оларға не істегендерінің хабарын береді

[109] Олар өздеріне бір мұғжиза келтірілсе, оған / ол белгіге / міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһпен үлкен ант берді. Айт: «Мұғжизалар - Аллаһта» - деп. Оларға мұғжиза келсе де сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме

[110] Ал, Біз олардың жүректерін, көздерін олар оған алдын сенбегендіктері секілді теріс айналдырып, өздерінің шектен шығуларында көзсіз қаңғыртып қоямыз

[111] Егер біз оларға / серік қосушыларға / періштелер түсірсек және олармен өлілер сөйлессе де әрі барлық нәрсені олардың алдына жинасақ та, Аллаһтың қалауы болмай тұрып олар иманға келмейді. Алайда олардың көбі білмейді

[112] Осылайша әрбір пайғамбарға адамдар мен жынның шайтандарын жау етіп қойдық. Олардың кейбірі өзгелерін алдап-арбау үшін көркемделген / өтірік / сөзді айтып иландырады. Егер де Раббың қалағанда, олар оны істемес еді. Енді оларды және олардың ойдан құрастыратындарын да жайына қалдыр

[113] мұны / оған / ол сөздерге / соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері ауып және оған разы болулары әрі жасап жүрген істерін / күнәларын / жалғастыра берулері үшін / жасадық

[114] Ей, Мұхаммед!!'. «Ол сендерге анық түсіндірілген Кітапты / Құранды / түсірген болса да Аллаһтан өзгені төреші етуді қалайын ба?» - де. Ал, Бізден Кітап берілгендер / иудей, христиандар / , оның / Құранның / Раббыңнан ақиқатпен түсірілгенін біледі. Сен мүлде, күмәнданушылардан болма

[115] Раббыңның сөзі - шындықпен және әділдігімен кемел болған. Оның сөздерін өзгертуші жоқ. Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[116] Егер сен жер бетіндегілердің көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар болжамға ғана ереді. Әрі олар тек өтірік айтады

[117] Ақиқатында, Раббың Өз жолынан кімнің адасатынын жақсы біледі. Әрі Ол кімнің тура жолмен жүретінін жақсы біледі

[118] Егер Оның / Аллаһтың / аяттарына сенуші болсаңдар, Аллаһтың есімі аталған / бисмиллаһ деп, сойылған / нәрселерден жендер

[119] Аллаһтың есімі аталғанды жемейтіндей сендерге не болды? Ол сендерге, егер / жеуге / мәжбүр болмасаңдар, ненің тыйым салынғанын / харам етілгенін / анықтап түсіндірді. Әрі ақиқатында, көпшілік ешбір білімсіз өздерінің көңіл құмарлықтарына еріп / өзгелерді / адастырады. Анығында, Раббың шектен шығушыларды жақсы біледі

[120] Сыртқы күнәларды да, ішкі күнәларды да тастаңдар. Анығында, күнә жасайтындарға, істегендері үшін жақында қайтарым жазасы беріледі

[121] Аллаһтың есімі аталмағаннан жемеңдер. Шын мәнінде, бұл / олай істеу / - анық бұзықтық / бойсұнбаушылық / . Анығында, шайтандар сендермен тартысу үшін өзіне ерушілердің көкейлеріне азғыру салады. Егер Оларға бағынсаңдар, сендер серік қосушы боласыңдар

[122] Өлі / имансыздықта / болған кезінде, Біз оны тірілтіп, оған нұр / иман / беріп, ол нұрмен адамдардың арасында жүретін біреу, қараңғылықтар ішінде қалып, одан шыға алмай жатқан біреуге ұқсай ма? Кәпірлерге істеп жүргендері осылай, әдемі етіп көрсетілді

[123] Міне солай, әрбір елді мекенде, онда айла-шарғы жасаулары үшін оның қылмыскерлерін үлкендер / басшылар / еттік.Алайда, олар айла-шарғыларын өздеріне ғана жасайды әрі оны өздері сезбейді

[124] Қашан оларға бір белгі келсе, олар: «Бізге Аллаһтың елшілеріне берілгендей нәрсе берілмейінше, мүлдем сенбейміз»,- деді. Аллаһ елшілікті қайда қоятынын / кімге беретінін / жақсы біледі. Қылмыс жасағандар жасаған айла-шарғылары үшін жақында Аллаһтың алдында қорлыққа және қатты азапқа душар болады

[125] Аллаһ кімді тура жолмен жүргізуді қаласа, оның көкірегін Исламға кеңітіп ашады. Ал, кімді адастыруды қаласа, оның көкірегін, бейне бір аспанға көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысады. Аллаһ иманға келмегендерге, осылай азап береді

[126] Ей, Мұхаммед! / Міне, бұл - Раббыңның тура жолы. Біз еске алатын адамдарға аяттарымызды анықтап түсіндірдік

[127] Олар үшін Раббысының қасында «дарус салам» / амандық мекені / бар. Әрі Ол істеген амалдары үшін оларға қамқоршы

[128] Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинаған Күні: «Ей, жындар тобы / жынның шайтандары / ! Сендер адамдардан көбейттіңдер!» - дейді. Олардың адамдардан болған көмекшілері: «Раббымыз! Біз бір-бірімізден пайдаландық және біз үшін Өзің белгілеген мерзімге жеттік», - дейді. Ол: «Сендердің тұрақтарың - От. Онда мәңгі қаласыңдар, егер тек Аллаһ басқаны қаламаса», - дейді. Ақиқатында, Раббың - аса Дана, бәрін Білуші

[129] Жасаған / күнәлі / істері үшін әділетсіздерді бір-біріне осылай үстем етіп қоямыз

[130] «Ей, жын және адамдар тобы! Сендерге өздеріңнен Менің аяттарымды баян ететін әрі сендерді осы күндеріңе жолығудан сақтандыратын елшілер келмеді ме?» - / деп айтылады / . Олар: «Біз өзімізге қарсы, өзіміз куәлік етеміз», - дейді. Оларды осы өмір алдады. Олар өздерінің кәпір болғандарына куә болды

[131] Мұның себебі - Раббың тұрғындары хабарсыз болған елді мекендерді әділетсіздікпен жоймайды

[132] Әркімге жасаған амалдарына қарай дәрежелер бар. Раббың олардың не істеп жатқандарынан ғапыл / аңдамай қалушы / емес

[133] Раббың - әл-Ғани / өте Бай / , мейірім Иесі. Егер қаласа, өздеріңді басқа адамдардың ұрпақтарынан пайда қылғандай, сендерді кетіріп, кейін орындарыңа Өзі қалағанын келтіреді

[134] Ақиқатында, сендерге уәде етіліп жатқан / Қиямет / міндетті түрде келеді. Сендер / Аллаһты / әлсірете алмайсыңдар

[135] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, елім! Осы жағдайларыңда / ақиқатқа қарсы келулеріңде / әрекет жасай беріңдер, мен де әрекет жасаймын. Жақында соңғы тұрақ кімдікі болатынын білесіңдер. Анығында, әділетсіздер жетістікке жетпейді», - деп

[136] Олар Аллаһқа, Оның Өзі жаратқан егін мен малдардан үлес ажыратып, жалаң ойларымен: «бұл - Аллаһқа, ал бұл - серіктерімізге», - деді. Серік еткендеріне арналғанды Аллаһқа деп бөлген үлестеріне қоспай, ал Аллаһқа арналғанды серік еткендерінің үлестеріне қоса беретін. Олардың ұйғарғандары неткен жаман

[137] Әрі осылайша мүшріктердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көбіне олардың серіктері / шайтандары / оларды құрту үшін, әрі діндерін шатастыру үшін, балаларын өлтіруді әдемі етіп көрсетті. Егер Аллаһ қалағанда, олар мұны істемес еді. / Ей, Мұхаммед! / Енді оларды да, олардың ойдан құрастырғандарын да жайына қалдыр

[138] Олар өздерінің негізсіз пайымдаулары бойынша: «Мына малдар мен мына егінді біз қалағаннан басқаның жеуіне тыйым салынған», - дейді. Сондай-ақ, олар кейбір малдарды мінуге тыйым салды. Олар кейбір малдарға Оның есімін атамайды. Бұл - Оған қатысты өтірік, жала. Ойдан құрастырған өтіріктері үшін, Ол жақында оларды жазалайды

[139] Олар: «Бұл малдардың құрсағыңдағылар біздің еркектеріміз үшін арналып, жұбайларымызға тыйым салынған. Ал, егер ол өлі болып / туылса / , онда оған олардың бәрі ортақ болады», - деді. Осылай сипаттағандары үшін Ол / Аллаһ / оларға жақында жазасын береді. Ақиқатында, Ол - аса Дана , бәрін Білуші

[140] Өз балаларын жетесіздіктен, / имани / білімсіздіктен өлтіргендер және Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып / жала жауып / , Оның ризық етіп берген нәрселеріне тыйым салғандар күмәнсіз зиянға ұшырады. Олар адасты да тура жолмен жүрушілерден болмады

[141] Әрі Ол / Аллаһ / аспалы және өзге бақтарды - құрмалар, өнімдері әртүрлі егіндер, зәйтүн мен анарды, бір-біріне ұқсайтын және ұқсамайтын етіп пайда қылды. / Олар / жеміс бергенде оның жемісінен жеңдер және жинап алған күні оның хақысын / құшырын / беріңдер. Әрі ысырап қылмаңдар. Ақиқатында, Ол ысырап қылушыларды жақсы көрмейді

[142] Сондай-ақ, малдардан жүк таситын және ұсақ малдарды да / пайда қылды / . Аллаһ сендерге ризық етіп бергеннен жеңдер және шайтанның іздеріне ермеңдер. Шын мәнінде, ол - сендерге анық дұшпан

[143] Ол малдар - жұбымен сегіз. Қойдан / еркек-ұрғашысымен / екеу және ешкіден де екеу. / Ей, Мұхаммед! / Айт ((Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашысын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? Егер шын сөзді болсаңдар, маған біліммен хабарын беріңдер»)

[144] Сондай-ақ, түйеден екеу және сиырдан екеу. Айт: «Екі еркегін тыйым салды ма, әлде екі ұрғашсын ба? Немесе екі ұрғашының жатырыңдағыны ма? әлде Аллаһ сендерге осыны бұйырып, сонда сендер куә болдыңдар ма?» - деп. Адамдарды білімсіз адастыру үшін, Аллаһ туралы / ойдан / өтірік шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар?! Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[145] Айт: «Өзіме уахи етілгеннің ішінде, азықтанушы үшін - өлекседен, ағызылған қаннан, доңыз етінен немесе бойсұнбаушылық ретінде, Аллаһтан өзгеге арналып сойылғаннан басқаны азық етуге тыйым салынғанын таппадым. Ал, бұл аталғандар - харам / тыйым салынған / . Алайда кім мәжбүр болып, бірақ өзі қаламай әрі шектен өтпей / жесе / , ақиқатында Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді » - деп

[146] Иудейлікті ұстанғандарға әрбір / мал, құстан / тырнақтыны тыйым салдық. Сондай-ақ сиырдың және қойдың жон арқасындағы қатпар майы, ішек майы, не жілік майынан басқа майларына тыйым салдық. Бұны Оларға шектен шыққандықтары үшін жаза етіп бердік. Ақиқатында, Біз - шын сөздіміз

[147] Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса, айт: «Раббыңыз - өте кең мейірім Иесі. Ал, Оның азабы қылмыскер / күнәһар / адамдардан қайтарылмайды»,деп

[148] Аллаһқа серік қосушылар / мүшріктер / : «Егер Аллаһ қалағанда, біз де, аталарымыз да серік қоспас едік, әрі еш нәрсеге тыйым салмас едік», - дейді. Олардан бұрынғылар да біздің азабымызды тартқанға дейін, осылай өтірік санаған болатын. Айт: «Сендерде қандай да бір білім бар ма? Онда оны бізге шығарыңдар. Негізінде, сендер бос ой-жорамалға ғана ересіңдер әрі тек өтірік айтасыңдар», - деп

[149] Ей, Мұхаммед! / «Ең айқын дәлел - Аллаһта. Ол қалағанда, барлығыңды да тура жолға салар еді», - деп айт

[150] Айт: «Аллаһтың бұған тыйым салғанына куәлік беретін куәларыңды әкеліңдер», деп. Олар куәлік берсе де, сен олармен бірге куәлік берме. Сондай-ақ аяттарымызды өтірік санағандардың және соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтін әрі Раббысына теңдес қосатындардың көңіл құмарлығына ерме

[151] Айт: «Келіңдер, Раббыңыздың сен¬дерге тыйым салған нәрселерін оқып берейін: «Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар және кедейліктен / қорқып / балаларыңды өлтірмеңдер. Сендерге де, оларға да Біз ризық береміз.Жиіркенішті істерге және оның ашық та,жасырын да түріне жақындамаңдар.Сондай-ақ өлтірілуіне Аллаһ тыйым салған жанды өлтірмеңдер, тек, егер құкықты түрде / заң бойынша / болмаса. Ол мұны сендерге, ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін өсиет етіп тапсырды

[152] Жетімнің мал-дүниесіне жақындамаңдар. Алайда, ол балиғатқа жеткенінше / зиян келтірмей / , жақсы түрде пайдалансаңдар болады. Өлшеуді және таразыға тартуды туралықпен толық орындаңдар. Біз әрбір жанға шамасы келетінді ғана жүктейміз. Сөйлегендерінде әділ болыңдар, тіпті жақындарың болса да. Әрі Аллаһ алдындағы сертті толық орындаңдар. Ол мұны сендерге еске алуларың үшін бұйырды

[153] Ақиқатында, осы - Менің тура жолым. Ендеше оған еріңдер де басқа жолдарға ермеңдер, өйткені олар / басқа жолдар / сендерді Оның жолынан айырады. Ол сендерге мұны Өзінің азабынан қорқып, сақтануларың / тақуалық етулерің / үшін / өсиет етіп / тапсырды»

[154] Әрі Біз Мұсаға Кітапты - жақсылық істеушіге / игіліктерімізді / толықтыру және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесі және жетекші әрі мейірім етіп, Раббысымен жолығуға сенулері үшін бердік

[155] Әрі, Біз түсірген бұл Кітап / Құран / - берекелі / көп игілікті, мол білім мен даналықты қамтыған / , / Аллаһтың / мейіріміне жетулерің үшін оған / Құранға / еріңдер және тақуа болыңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар

[156] «Кітап бізден алдын тек екі үмметке ғана түсірілген, ал біз олардың оқып үйренгендерінен ғапыл болдық», - деп айтпауларың үшін

[157] не болмаса: «Егер де бізге Кітап түсірілгенде, біз жолды олардан да тура ұстаған болар едік», - деп айтпауларың үшін !де түсірілді / .Анығында, сендерге Раббыңыздан анық дәлел, тура жол және мейірім келді. Аллаһтың аяттарын өтірік санаған және одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аяттарымыздан бет бұрғандарға, теріс айналғандары үшін, жақында қайтарым жаза ретінде азаптың ең ауырын береміз

[158] Ей, Мұхаммед! / Олар өздеріне періштелердің келуін не Раббыңның келуін немесе Раббыңның белгілерінен кейбірінің келуін күте ме? Раббыңның белгілерінің кейбірі келетін күні ешбір жанға, егер ол алдын сенген болмаса, не иманымен бір игілік істеген болмаса, оған сенімі пайда бермейді. Айт: «Күтіңдер! Біз де күтеміз», - деп

[159] Ақиқатында діндерін жік-жік етіп, ағымдарға бөлінгендерге сенің ешқандай қатысың жоқ. Шын мәнінде олардың ісі Аллаһта. Кейін Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын береді

[160] Кім жақсы амалмен келсе, оған сондайдың оны / еселеніп / беріледі. Ал, кім бір жаман амалмен келсе, оған қайтарым жаза ретінде сондай ғана беріледі. Әрі оларға ешбір әділетсіздік жасалмайды

[161] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, мені Раббым тура жолға, тұп-тура дінге, ханиф Ибраһимнің дініне салып, жүргізді. Ол / Ибраһим / серік қосушылардан болмады», -деп

[162] Айт: «Шын мәнінде, намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін

[163] Оның ешбір серігі жоқ. Мен осыған бұйырылдым әрі мен - бойсұнушылардың / мұсылмандардың / алғашқысымын», - деп

[164] Айт: «Аллаһ - барлық нәрсенің Раббысы бола тұра, Одан басқаны Раббы / Ие / ретінде іздейін бе?» - деп. Әрбір жанның істеген зияны өзіне ғана. Бір де біреу басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Ал кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге қайшылыққа түскен нәрселеріңнің хабарын береді

[165] Ол сендерді жердің халифалары еткен және сендерді Өзінің бергенінде сынау үшін дәрежелерде біріңді-біріңнен жоғары көтерген. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сондай-ақ, шын мәнінде Ол - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Ағраф

Surah 7

[1] Әлиф Ләм Мим Сад

[2] Ей, Мұхаммед! / Саған, / Құран / ол арқылы ескертуің үшін әрі имандыларға еске салу ретінде түсірілген Кітап. Сондықтан одан кеудең қысылмасын

[3] Өздеріңе Раббыңыздан түсірілгенге еріндер. Әрі Одан өзгені қамқоршы етіп ермеңдер. Сендер / бұйырылғанды, өсиетті / өте аз еске аласыңдар

[4] Біз қаншама елді мекенді жойып жібердік. Оларға азабымыз түн ішінде немесе тал түсте, дем алып жатқандарында келді

[5] Азабымыз келген кезде олар: «Ақиқатында, біз әділетсіз болған екенбіз», - дегеннен басқа сөз айтпады

[6] Біз міндетті түрде өздеріне / Елші / жіберілгендерді сұраққа аламыз және жіберілген елшілерден де сұраймыз

[7] Біз оларға біліммен баян етеміз. Әрі Біз оларды қатысуымызсыз, сырт қалдырған жоқпыз

[8] Ол Күні таразыға тарту - ақиқат. Сон­да таразылары / жақсылықта / ауыр тартқандар, міне, солар - нағыз жетістікке жетушілер

[9] Ал, таразылары жеңіл тартқандар, міне, солар - аяттарымызға әділетсіздік еткендіктері үшін өздеріне зиян келтіргендер

[10] Ақиқатында, Біз сендерді жерде орнықтырдық. Әрі өздеріңе онда тіршілікке қажетті нәрселерді жасадық. Сендер аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер

[11] Біз сендерді жараттық, одан соң сендерге кескін-келбет бердік. Содан кейін періштелерге «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек, / жыннан болған / Ібіліс сәжде етушілерден болмады

[12] Аллаһ / айтты: «Мен бұйырғанымда, сәжде етуге саған не кедергі болды?» - деп. / Ібіліс / «Мен одан қайырлымын / артықпын, пайдалымын / . Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», - деді

[13] Аллаһ / айтты: «Одан түс. Сенің мұнда өзіңді жоғары санап, менменсуіңе орын жоқ. Шық! Сен - қор етілгендерденсің», - деді

[14] Ол / :«Маған олар қайта тірілетін күнге дейін мерзім бер», - деді

[15] Аллаһ: «Сен - уақыт берілгендерденсің», - деді

[16] Ол / : «Сен мені адастырғаның үшін мен оларға қарсы Сенің тура жолыңда міндетті түрде / тосып / отырып аламын

[17] Содан кейін оларға алдынан, артынан, оң жағынан және сол жағынан келемін. Сөйтіп, Сен олардың көпшілігін шүкір етушілер / Раббыңның берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірушілер / ретінде таппайсың», - деді

[18] Аллаһ / айтты: «Одан айыпталған және қуылған түрде шық! Олардан / адамдардан / кім саған ерсе, міндетті түрде сендердің барлығыңмен Жаһаннамды (Тозақты) толтырамын», -деп

[19] Аллаһ / айтты: «Ей, Адам! Сен және жұбайың Жәннатта орналасыңдар. Қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар, онда әділетсіздерден боласыңдар», - деп

[20] Сонда шайтан оларға жасырын етілген ұятты жерлерін ашып көрсету үшін екеуін азғырып: «Сендердің Раббың, сендерді періште болып кетпеулерің не болмаса мәңгі қалушылардан болмауларың үшін ғана мына ағаштан қайтарды», - деді

[21] Әрі ол екеуіне: «Мен - сендерге шынайы кеңес берушілерденмін», - деп ант ішті

[22] Сөйтіп ол / Ібіліс / оларды алдау арқылы түсірді. Олар ол ағаштан татқан кезде, екеуінің ұятты жерлері көрініп қалды да үстеріне Жәннат жапырақтарын жаба бастады. Сон­да Раббысы оларға: «Сендерді бүл ағаштан қайтармадым ба әрі шайтан сендерге анық дұшпан деп айтпадым ба?» - деп үндеді

[23] Олар: «Раббымыз, біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз»,- деді

[24] Аллаһ / айтты: «Түсіңдер, сендер біріңе-бірің жаусыңдар. Жерде сендерге бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», - деп

[25] Аллаһ / '. «Ол жерде өмір сүресіңдер әрі ол жерде өлесіңдер және ол жерден қайта / тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деді

[26] Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік әрі сәндік киімдерді де. Ал, тақуалық киімі - қайырлы. Бұл олардың еске алулары үшін Аллаһтың белгілерінен

[27] Ей, Адам ұрпақтары! Шайтан ата-аналарыңды Жәннат тан шығарғаны секілді, сендерді де бүлікке салып азғырмасын. Ол олардың ұятты жерлерін өздеріне көрсету үшін киімдерін шешкен еді. Негізінде ол және оның тектестері / жын тайпасы / сендерді, сендер оларды көре алмайтын жерден көреді. Біз шайтандарды имансыздарға дос, жақтаушылар еттік

[28] Олар / имансыздар / жиіркенішті іс жасаған кезде: «Аталарымыздың осы­лай жасайтынын көрдік әрі бізге мұны Аллаһ бұйырды», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, Аллаһ жиіркенішті іске бұйырмайды. Өздерің білмейтін нәрсені Аллаһқа жала етіп таңасыңдар ма?» - деп

[29] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір сәжде жасайтын орында жүздеріңді / қыбылаға / бұрыңдар әрі Одан - дінді тек Ол үшін ықыласпен ұстаған / ширктен тазартқан / халде - тілеңдер. Ол сендерді о баста жаратқаны секілді қайтасыңдар

[30] Ол бір топты тура жолға салды, ал, бір топқа, / лайықты түрде / адасуды жазды. Ақиқатында, олар / адасқандар / Аллаһты қойып, шайтандарды жолдас етіп алды және өздерін тура жолдамыз деп есептейді

[31] Ей, Адам ұрпақтары! Әрбір сәжде жасайтын орында көрікті / киімдеріңді / киіңдер. Жендер, ішіңдер әрі ысырап етпеңдер. Ақиқатында, Ол ысырап етушілерді жақсы көрмейді

[32] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың құлдарына шығарған көрікті нәрселеріне және берген жақсы несібелеріне кім тыйым салды?» - деп. / Әрі / : «Бұл / несібе / осы өмірде иманға келгендер үшін, ал Қайта тірілу күні тек иманға келгендер үшін ғана», - деп айт. Біз аяттарды білетін адамдарға осылай анықтап түсіндіреміз

[33] Айт: «Шын мәнінде, Раббым жиіркенішті істерге, оның әшкере істелгеніне және жасырын істелгеніне де тыйым салды. Әрі күнәға, құқығы болмаса да өзгелердікін қалап, шектен шығуға және Аллаһ ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Оған серік етіп қосуларыңа әрі Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрселерді айтуларыңа тыйым салды», - деп

[34] Әрбір халықтың бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәт артқа да кешеуілдетіп, не алға да ілгерілете алмайды

[35] Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян ететін елшілер келсе, сонда кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / және / өзін / түзетсе, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[36] Ал, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар, олар Отта болатындар. Олар - онда мәңгі қалушылар

[37] Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан / жала жапқаннан / немесе Оның аяттарын өтірік санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Міне, соларға Кітаптан үлестері тиеді. Ал, оларға елшілеріміз / жан алушы періштелер! жандарын алу үшін келген кезде: «Аллаһты қойып, табынғандарың қайда?» - дейді. олар / : «Олар бізден жоқ болып кетті» - деп, өздерінің кәпірліктеріне өздері айғақ болады

[38] Аллаһ: «Өздеріңнен бұрын өткен жын мен адамдар қауымдары қатарында Отқа кіріңдер», - дейді. Бір ел оған кірген сайын, алдыңғы өткендерді қарғайды. Қашан олар, оның ішінде түгелімен жиналған кезде, кейінгілері алдыңғылары жайлы: «Раббымыз, бізді мыналар адастырды, оларға Оттан еселенген азап бер», - дейді. / Аллаһ / : «Әркімге еселі / азап / бар. Бірақ сендер білмейсіңдер», дейді

[39] Олардың алдыңғылары кейінгілеріне: «Сендердің бізден ешқандай артықшылықтарың болған жоқ. Енді істегендерің үшін азапты сендер де татыңдар», - дейді

[40] Ақиқатында, аяттарымызды өтірікке шығарған және өздерін одан жоғары санағандар үшін аспан есіктері ашылмайды. Әрі олар түйе иненің көзінен өтпейінше, жәннатқа кірмейді. Қылмыскерлердің / күнәһарлардың / қайтарым жазасын осылай береміз

[41] Оларға Жаһаннамда / оттан / төсек әрі үстерінде жамылғы болады. Әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз

[42] Ал, иманға келген әрі ізгі амал жасағандар болса, міне, солар - жәннаттықтар. Олар - онда мәңгі қалушы. Анығында, Біз ешбір жанға шамасы келмейтін нәрсені жүктемейміз

[43] Біз олардың кеуделеріндегі реніш, қарсылықты шығардық. Олардың асты­нан өзендер ағып жатады, олар: «Барлық мақтау - бізді осыған алып келген Аллаһқа. Егер Аллаһ бізді тура жолмен жүргізбегенде, біз тура жолды таба алмас едік. Анығында, Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді», - дейді. / Оларға / : «Міне, осы істеген амалдарың үшін сендерге мирас етіп берілген жәннат», - деп үнделеді

[44] жәннаттықтар оттағыларға / тозақтағыларға / дауыстап: «Негізінде, біз Раббымыздың уәде еткенін ақиқат түрінде таптық. Ал, сендер өздеріңнің Раббың уәде еткенін ақиқат түрінде таптыңдар ма?» - дейді. олар. «Иә», - дейді. Сонда олардың екі арасында бір жаршы жар салады: «Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге

[45] Солар Аллаһтың жолынан тосатын, оны бұрмалауды қалайтын әрі соңғымәңгілік өмірге Ақиретке сенбейтіндер», - деп

[46] Ол екі топтың арасында бөгет бар. Ағрафтың үстінде әрқайсысын / жәннаттың пентозақтықтарды / белгісінен танитын адамдар бар. Олар жәннаттықтарға: «Сендерге амандық болсын!» - деп үн қатады. Олар оған кірмеген, / оны / үміт етеді

[47] Қашан олардың көздері оттағылар / тозақтағылар / жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді әділетсіз адамдармен бірге ете көрме!»- дейді

[48] Ағрафтағылар (жәннат пен тозақтың арасындағы бөгет. Ол жерде әлі не Жәннатқа, не тозаққа кіретіні белгісіз адамдар тұрады. Олардың ізгі амалдарымен жаман істері тең) өздері белгілерінен та­нитын / тозақтағы / адамдарға дауыстап: «Сендерге өздеріңнің көптіктерің және менменсіп, өздеріңді жоғары санауларың пайда бермеді

[49] Сендердің Аллаһтың мейірімі тимейді деп, ант ішкендерің осылар ма?» - дейді./ Ағрафтықтарға / : «жәннатқа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар!» - делінеді

[50] Оттағылар / тозақтағылар / Жәннаттықтарға: «Бізге судан төгіп немесе Аллаһ өздеріңе ризық етіп берген нәрселерден / беріңдерші / », - деп дауыстайды. Олар / жәннаттағылар / : «Ақиқатында, Аллаһ бұл екеуін кәпірлер үшін тыйым салған

[51] Олар діндерін ермек етті және ойынға айналдырды әрі оларды осы өмір алдады», - дейді. Бүгін олар осы Күнге жолығудыұмытқандықтары секілді және аяттарымызды мойындамағандары үшін, Біз оларды үміт қалдырамыз / тастаймыз

[52] Әрі Біз оларға - иманға келген адамдар үшін / тура жолға / басшылық әрі мейірім ретінде Кітап келтіріп, оны біліммен анықтап түсіндірдік

[53] Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші / шапағат етуші / бар ма екен, бізге ара түссе / шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», - дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды

[54] Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату және Әмір ету - Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі

[55] Өздеріңнің Раббыңа бойсұна, берілген күйде, құпия түрде / іштеріңнен / тілетілеңдер. Ақиқатында, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді

[56] Әрі жер беті түзетілгеннен кейін, онда бұзу-бүлдірушілік істемеңдер. Одан / Аллаһтан / - қорыққан күйде әрі үмітпенен тілеңдер. Негізінде, Аллаһтың мейірімі жақсылықты ықыласпен істеушілерге жақын

[57] Әрі Ол - мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар етіп жібереді. Ал қашан, ол / желдер / ауыр бұлттарды көтерсе, оны өлі өлкеге айдап барып, оған су түсіреміз де осы арқылы жемістердің әрбір түрінен шығарамыз. Біз өлілерді де осылай шығарамыз. Бұл еске алуларың / ғибраттануларың / үшін

[58] жақсы жердің өсімдігі Раббысының рұқсатымен / жақсы / шығады. Ал, нашар болғандікі жұтаң болып шығады. Біз аяттарды Аллаһтың игіліктеріне алғыс білдіретін / шүкір ететін / адамдар үшін, осылай етіп түсіндіреміз

[59] Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деді

[60] Оның елінің уәзірлері мен бектері: «Анығында, біз сені анық адасуда көреміз», - деді

[61] Нұх / : айтты «Әй, елім! Менде ешқандай адасушылық жоқ. Анығында, мен әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін

[62] Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін әрі өздеріңе ізгі кеңес беремін және мен Аллаһ тарапынан сендер білмеген нәрсені білемін

[63] Сендерге Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / тақуалық етулерің / әрі мейірімге жетулерің үшін, араларыңнан шыққан бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма?» - деп

[64] Олар оны өтірікші санады. Сонда оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық та, белгілерімізді өтірікке шығарғандарды суға батырдық. Анығында, олар соқыр ел еді

[65] Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һудты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» - деді

[66] Оның еліндегі күпірлік етуші / қарсы болған / уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», - деді

[67] Һуд / : «Әй, елім! Мен - жетесіз емеспін. Анығында, мен - әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін

[68] Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін

[69] Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, / ескерту / келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа / олардың орнын басушылар / еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», - деді

[70] Олар / : «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз Өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», - деді

[71] Һуд / : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың / пұт құдайларды! атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», - деді

[72] Сонда Біз оны және онымен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік / толық жойдық / . Олар иманға келмеген еді

[73] Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты / жібердік / . / Ол / \ «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады

[74] Оның сендерді Ад елінен кейін ха­лифа / орнын басушылар / еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», - деді

[75] Оның қауымынан өздерін жоғары санап тәкәппарланған уәзірлері мен бектері әлсіз саналғандардың ішіндегі иманға келгендерге: «Сендер Салихты өзінің Раббысынан жіберілген деп білесіңдер ме?» - деді. Олар: «Ақиқатында, біз онымен жіберілгенге сенеміз», - деді

[76] Өздерін жоғары санағандар: «Ал, біз сендер сенген нәрсеге сенбейміз», - деді

[77] Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді / азапты / келтір!» - деді

[78] Сонда, Оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды

[79] Салих / олардан жүзін бұрып: «Әй, елім! Сендерге Раббымның жолдағанын жеткіздім әрі сендерге адал кеңес бердім. Бірақ сендер кеңес берушілерді / жақсылыққалаушыларды / ұнатпадыңдар», - деді

[80] Сондай-ақ Лұтты да / жібердік / . Сол кезде ол еліне: «Сендер бұрын әлемдерден ешкім істемеген жиіркенішті істі істейсіңдер ме

[81] Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қатысты тәнқұмарлықтарына / шәһуәттарына / ересіңдер. Шын мәнінде, сендер - шектен шыққан елсіңдер», - деді

[82] Ал, оның елінің: «Бұларды жұрттарыңнан шығарыңдар, бұлар тазасынған адамдар екен», - деп айтқаннан басқа жауабы болмады

[83] Сонда Біз оны және әйелінен өзге үй ішіндегілерін құтқардық. Әйелі қалушылардан болды

[84] Әрі Біз оларға / тастан / жаңбыр жаудырдық. Қылмыскерлердің соңы немен біткеніне назар сал

[85] Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеуді және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы

[86] Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллам жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар

[87] Әрі сендерден бір топ мен арқылы жіберілгенге сеніп, ал бір тобы сенбесе, Аллаһ арамызға үкім шығарғанға дейін сабыр етіңдер. Ол - үкім шығарушылардың ең қайырлысы», - деді

[88] Оның еліндегі өздерін жоғары санаған уәзірлері мен бектері: «Әй, Шұғайып! Біз сені және сенімен бірге иманға келгендерді елімізден міндетті түрде шығарамыз немесе біздің дінімізге қайтасыңдар», - деді. Шұғайып айтты: «Жек көріп, қаламасақ та ма

[89] Аллаһ бізді / ұстанған / діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайтсақ, онда Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырған / жала жапқан / боламыз. Бізге оған / діндеріңе / қайтуға мүлде болмайды, егер тек Раббымыз Аллаһтың қалауы болмаса. Раббымыз барлық нәрсені білімімен қамтыған. Біз Аллаһқа жүгініп, Оған өзімізді тапсырдық / тәуекел еттік / . Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен шешіп бер. Сен - шешім шығарушылардың ең қайырлысысың», - деді

[90] Әрі оның елінің күпір келтірген / қарсыкелген, имансыз / уәзірлері мен бектері / халқына! / «Егер Шұғайыпқа ерсеңдер, міндетті түрде зиянға ұшыраушы боласыңдар», - деді

[91] Сонда оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды

[92] Шұғайыпты өтірікші деп санағандар, ол жерде тіптен тұрмағандай болды. Шұғайыпты өтірікші санағандар - өздері зиянға ұшырады

[93] Шұғайып олардан бетін бұрып: «Әй, елім! Ақиқатында, мен Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіздім әрі ізгі кеңес бердім. Енді кәпір адамдар үшін қалай қайғырамын?!» - деді

[94] Қайсы бір елді мекенге Пайғамбар жібергенімізде, оның тұрғындарын бойсұнулары үшін таршылыққа және қиындыққа ұшыраттық

[95] Кейін жамандықтың орнына жақсылық әкелдік. Тіпті асып-тасығандары сонша: «Қиындық пен қуаныш әкелерімізге де келген еді», - деді. Сонда оларды өздері сезбеген хәлдерінде күтпеген жерден қолға алдық

[96] Егер де ол мекендердің тұрғындары иманға келіп, тақуалық еткендерінде / Аллаһтың / жазасынан қорқып, сақтанғандарында / , онда Біз Оларға аспаннан да, жерден де берекелер ашып қоятын едік. Алайда олар өтірікке шығарғандықтан, істеп тапқандары / күнәлары / үшін оларды ұстадық

[97] Елді мекендердің тұрғындары, азабымыз оларға түн ішінде, ұйқыда жатқандарында келуінен қауіпсіз болды ма

[98] Әлде, елді мекендердің тұрғындары азабымыз оларға сәскеде, ойнап жүрген кездерінде келуінен қауіпсіз болды ма

[99] Олар Аллаһтың амал-тәсілінен қауіптенбеді ме? Аллаһтың амал-тәсілінен зиянға ұшырайтын ел ғана қауіптенбейді

[100] Өздерінен алдыңғы тұрғындардан кейін жерге мирасқор болғандарға, егер қаласақ, оларды күнәлары үшін қиыншылыққа ұшырататынымызды көрсетпедік пе? Біз олардың жүректерін мөрлейміз де олар / ақиқатты / ести алмайтын болады

[101] Ей, Мұхаммед! / Сол елді мекендердің кейбірінің хабарларын саған баян етеміз. Оларға елшілер анық дәлелдермен келген еді. Бірақ өздері бұрын өтірікке шығарғандарына олар сенбеді. Аллаһ кәпірлердің жүректерін осылай мөрлейді

[102] Олардың көпшілігінің сертін / сақтағанын / таппадық. Әрі олардың көбінің бұзық / бойсұнбаушы / екенін көрдік

[103] Кейін, олардан соң Мұсаны белгі-дәлелдерімізбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Сонда олар ол белгілерге әділетсіздік істеді. Бұзу-бүлдірушілік істеушілердің соңы немен біткеніне назар сал

[104] Мұса: «Ей, Фиръаун! Ақиқатында, мен - әлемдердің Раббысынан / жіберілген / Елшімін

[105] Аллаһ жайлы ақиқатты ғана айтуға міндеттімін. Сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел әкелдім. Исраил ұрпақтарын менімен бірге жібер», - деді

[106] Фиръаун: «Егер сен бір белгімен келсең, бізге оны келтір, егер шын сөзділерден болсаң», - деді

[107] Сонда ол таяғын тастады. Сол бойда ол анық жыланға айналды

[108] Әрі қолын шығарды, ол қарап тұрғандарға аппақ болып көрінді

[109] Фиръаун қауымының билері мен бектері: «Шынында да бұл білгір сиқыршы екен

[110] Ол сендерді жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды» / ,- деді / . / Фиръаун / : «Енді не дейсіңдер?» - деді

[111] Олар: «Сен оны және бауырын тоқтатып, қалаларға жинаушыларды жібер

[112] Олар саған бүкіл білгір сиқыршыларды келтірсін», - деді

[113] Сонда сиқыршылар Фиръаунға келіп: «Егер жеңіп шықсақ, бізге сыйақы бола ма?» - деді

[114] Фиръаун / : «Иә, әрине, сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», деді

[115] сиқыршылар / : «Ей, Мұса! Сен тастайсың ба, әлде біз тастайық па?» - деді

[116] Мұса / : «Сендер тастаңдар», - деді. Олар / қолдарындағыны / тастаған кезде, адамдардың көздерін сиқырлап, оларда үрей тудырды әрі үлкен сиқыр келтірді / көрсетті

[117] Сонда / Біз Мұсаға: «Таяғыңды таста», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / таяғы / , олардың / көзді алдап / көрінген, жасанды нәрселерін жалмай бастады

[118] Ақиқат орнап, олардың істегендерінің өтірігі ашылды

[119] Олар сол жерде жеңіліп, қор болғандарға айналды

[120] Сонда сиқыршылар сәждеге жығылып

[121] «Әлемдердің Раббысына сендік

[122] Мұса және Һарунның Раббысына!» - деді

[123] Фиръаун: «Сендер оған менің рұқсатымсыз сендіңдер ме? Негізінде, бұл - осы қаладан оның тұрғындарын шығару үшін ойластырған, - сендердің бір құлықтарың. Жақында білесіңдер

[124] «Мен сендердің қолдарың мен аяқтарыңды айқыштап / оң қол сол аяқ,сол қол оң аяқ / кесемін, содан кейін бәріңді керіп тастаймын», - деді

[125] Сиқыршылар / : «Ақиқатында, біз - Раббымызға қайтушымыз

[126] Сен бізден Раббымыздың белгілері келген кезде, оған сенгеніміз үшін ғана өш алып отырсың. Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі бізді / жанымызды / Мұсылман / бойсұнушы / күйімізде ал», - деді

[127] Фиръаун елінің бектері: «СенМұсаны және оның елін жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істеулері үшін, әрі сені және сенің құдайларыңды тастауы үшін қоя бересің бе?» - деді. / Фиръаун / : «Біз олардың ұл балаларын өлтіріп отырамыз да әйелдерін тірі қалдырамыз. Әрі, ақиқатында, біз олардан үстембіз», - деді

[128] Мұса еліне: «Аллаһтан жәрдем тілеңдер және сабыр етіңдер. Шын мәнінде, жер - Аллаһтікі. Ол оны құлдарынан Өзі қалағанға мұраға береді. Соңғы нәтиже тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін», - деді

[129] Исраилдіктер / : «Бізге сен келместен бұрын да және сен келгеннен кейін де зәбір көрсетілуде!» - деді. / Мұса / : «Мүмкін, сендердің Раббың дұшпандарыңды құртып, қалай амал жасайтындарыңды бақылауы үшін сендерді / бұл / жерде / олардың / орнын басушы етеді», - деді

[130] Біз Фиръаунның әулетін, олар ескерту алуы үшін құрғақшылық жылдармен және өнімдерді кемітумен қолға алдық

[131] Қашан оларға бір жақсылық келсе: «бұл - біздің хақымыз», - деді. Егер оларға! бір жамандық жетсе, оны Мұса және онымен | бірге болғандардан деп санайды. Шын мәнінде оларға келген нәрсе - Аллаһта. Алайда олардың көпшілігі білмейді

[132] Олар: «Сен бізге, бізді сиқырлау үшінқандайда бір белгі-мұғжиза әкелсең де біз [ саған сенбейміз», - деді]

[133] Біз оларға анық көрсетілген белгі-мұғжизаларды: шегіртке, бит, құрбақа және қан жібердік. Бірақ олар менменсіп, өздерін жоғары санады әрі олар қылмыскер ел еді

[134] Олар өздеріне азап түскен кезде: «Ей,' Мұса! Өзіңе берген уәдесі бойынша, Раббыңнан біз үшін тіле. Егер бізден азапты кетірсең, саған сенеміз және Исраил ұрпақтарын сенімен бірге жібереміз», - деді

[135] Ал сонда олардан азапты олар жететін бір мерзімге дейін кетірген кезімізде, олар уәдені бұзып отырды

[136] Міне, сонда белгілерімізді өтірік санағандары және оған немқұрайлы болғандары үшін олардан кек алып теңізге батырдық

[137] Әлсіз саналған / езілген / елді Өзіміз берекелі еткен жердің шығыс жақтары мен батыс жақтарына мұрагер еттік. Исраил ұрпақтарына, сабырлық қылғандары үшін Раббыңның берген игі сөзі орындалды. Сөйтіп, Біз Фиръаун және оның елінің жасағандарын және олардың тұрғызғандарын қираттық

[138] Біз Исраил ұрпақтарын теңізден алып өттік. Сонда олар пұттарына табынып жатқан бір елге келді. / Исраилдықтар / : «Ей, Мұса! Мыналардың құдайлары сияқты, бізге де бір құдай жасап бер», - деді. / Мұса / : «Негізінде, сендер білмейтін / надан / ел екенсіңдер

[139] Бұлардың табынып, ұстанғаны жойылады, олардың жасаған амалдарының бәрі өтірік», - деді

[140] Мұса / : «Аллаһ сендерді әлемдерден артық еткен бола тұрып, сендер үшін Одан басқа құдай іздейін бе?» - деді

[141] Кезінде, Біз сендерді ұл балаларыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі қалдырып, азаптың ең жаманына салып отырған Фиръаун әулетінен құтқарғанымызды естеріңе алыңдар / Ей, Исраил ұрпақтары / . Міне, осыларда өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар

[142] Әрі Біз Мұсаға отыз түн / белгілеп / , уәде еттік. Кейін оны онмен толықтырдық. Оның Раббысы белгілеген уақыт қырық түнге толды. Мұса бауыры Һарунға: «Елде менің орныма қалып түзуле / туралыққа шақыр / және бұзушы-бүлдірушілердің жолына ерме», деді

[143] Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа келгенде, Раббысы онымен сөйлесті. Сон­да ол: «Раббым! Маған Өзіңді көрсетші, Саған қарайын», - деді. / Аллаһ / : «Сен Мені көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол өз орнында қалса, сонда Мені көре аласың»,-деді. Раббысы тауға тәжәлли болған / Өзіне ғана мәлім сипатта көрінген / сәтте, оны күл-талқан етті, ал Мұса есінен танып құлады. Ол есін жиған соң: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің, тәубе келтірдім / істеген күнәма шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттым / , әрі мен иманға келгендердің алғашқысымын», - деді

[144] Аллаһ / : «Ей, Мұса! Мен сені адамдардың үстіне елшілікке әрі сөз айтуыма таңдадым. Ендеше өзіңе бергенімді ал және шүкір етушілерден / берген игіліктерім үшін алғыс білдірушілерден / бол», - деді

[145] Біз оған әрбір нәрсені насихат етіп және әрбір нәрсенің анық түсіндірмесін тақтайшаларға жазып бердік. Мұсаға. «Оны мықты ұста және еліңе оның ең жақсысын ұстануларын бұйыр», - деді. Жақында сендер­ге бұзықтардың / бойсұнбаушылардың / мекенін көрсетемін

[146] Жер бетінде өздерін, құқығы болмаса да жоғары санағандарды белгілерімнен теріс бұрамын. Олар қандай да бір белгіні көрсе, оған сенбейді. Егер түзу жолды көрсе, оны жол етіп ұстанбайды. Ал, адасу жолын көрсе, соны өздеріне жол етіп алады. бұл олардың белгілерімізді өтірікке шығарғандары әрі одан қаперсіз, немқұрайлы болғандары себепті

[147] Белгілерімізді және соңғы, мәңгілік өмірдегі Ақиреттегі кездесуді өтірік санағандардың амалдары зая кетті. Оларға істеп өткендерінен басқа қайтарымы беріле ме

[148] Мұсаның елі - ол кеткеннен кейін әшекей заттарынан ыңыранған үн шығаратын бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар оның / мүсіннің / өздеріне сөйлемейтінін әрі тура жол көрсетпейтінін көрмеді ме? Олар оны / құдай / тұтып әділетсіздерден болды

[149] Олар қолдары төмен түскен / қатты өкінген және өздерінің анық адасқандарын көрген кезде: «Егер Раббымыз бізге мейірім етпесе және кешірмесе, әлбетте, зиян көрушілерден боламыз», - деді

[150] Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» - деді. Сөйтіп, / қолындағы / тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. / Һарун / : «Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» - деді

[151] Мұса / : «Раббым! Мені және бауырымды кешір әрі бізді Өз мейіріміңе кіргізе гөр! Сен мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», - деді

[152] Күдіксіз, бұзауды / құдай етіп / алғандар, жақында Раббысының ашуына және осы өмірде қорлыққа ұшырайды. Өтірікті құрастырушылардың қайтарым жазасын Біз осылай береміз

[153] Ал, жаман істер жасап, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубе етіп әрі иманға келген болса, ақиқатында, Раббың - содан кейін де өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[154] Мұсаның ашуы басылған кезде, ол тақтайларды қолына алды. Онда тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін / тура жолға / басшылық және мейірім бар еді

[155] Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа қауымынан жетпіс кісіні таңдап алды. Оларға бір сілкініс тұтқан кезде, / Мұса / : «Раббым! Егер де қаласаң оларды және мені бұрын жоқ етер едің. Сен бізді жетесіздеріміздің істегені үшін жоясың ба? Негізінде бұл - Сенің сынағың ғана. Ол арқылы Сен қалағаныңды адастырып, қалағаныңды тура жолға түсіресің. Сен - біздің Қамқоршымызсың! Бізді кешір әрі бізге рақым ет! Кешірушілердің ең қайырлысы - Сенсің

[156] Бізге осы өмірде жақсылық жаза гөр және соңғы, мәңгілік өмірде де Ақиретте де / Біз істеген күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубеге келдік / »,-деді. / Аллаһ / : «Мен кімді қаласам азабыма ұшыратамын. Ал мейірімім барлық нәрсені қамтиды. Мен оны тақуалық ететіндерге / жазамнан қорқып, сақтанатындарға / , зекетті беретіндерге және аяттарымызға сенетіндерге жазамын

[157] солар, оқу-жазу білмеген Пайғамбарға / Нәбиге / - өздеріндегі Тәурат пен Інжілде ол туралы жазылғанын табатын - Елшіге / Расулға / ереді. Ол / Елші / оларды құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Оларға жақсы нәрселерге рұқсат беріп, жаман нәрселерге тыйым салады. Оларды үстеріндегі жүктен және бұғауларынан арылтады. Оған сенген, құрмет көрсеткен, жәрдем берген және онымен бірге түсірілген нұрға / Құранға / ергендер, міне солар - жетістікке жетушілер», - деді

[158] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Ақиқатында мен - сендердің барлығыңа / жіберілген / Аллаһтың Елшісімін. Аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Тура жол табу үшін Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісіне, - Аллаһқа әрі Оның сөздеріне сенуші, оқу жазуды білмейтін, Пайғамбарға - сеніңдер және оған еріндер», - деп

[159] Мұсаның елінің ішінде де ақиқатпен тура жолға бастайтын әрі онымен әділдік ететін бір топ бар

[160] Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді

[161] Кезінде Оларға: «Осы кентте тұрыңдар, оның кез келген жерінен ұнатқандарыңды жеңдер, «Хытта» / күнәмізді кешір / - деп, қақпадан сәжде жасаған күйде кіріңдер. Біз қателіктеріңді кешіреміз және жақсылықты ықыласпен істеушілерге арттырып береміз», деп айтылды

[162] Олардың арасындағы әділетсіздік еткендер, өздеріне айтылған сөзді басқаға ауыстырды. Сонда Біз Оларға әділетсіздік еткендіктері үшін аспаннан азап жібердік

[163] Ей, Мұхаммед! / Олардан теңіз маңында болған ауыл туралы сұра. Сол кезде олар сенбі күнгі тыйымға катысты шектен шығушы еді. Оларға сенбі күні балықтар ашық келіп, ал сенбі күнгі тыйымды ұстанбайтын өзге күндері келмейтін еді. Біз оларды бұзық болғандықтары / бойсұнбағандықтары / үшін осылай сынаймыз

[164] Сол кезде олардың бір бөлігі: «Аллаһ құртатын немесе қатты азаппен азаптайтын адамдарды сендер не үшін үгіттейсіңдер?» - деді. Олар. «Раббыңыздың алдында ақталуымыз үшін / насихат етеміз!.Мүмкін олар Аллаһтан қорқып сақтанар», - деді

[165] Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жамандықтан қайтарушыларды құтқардық және әділетсіздік істегендерді бұзық істері үшін қатты азаппен жазаладық

[166] Олар өздеріне салынған тыйымнан шыққан кезде, оларға: «Жеккөрінішті маймыл болыңдар!» - дедік

[167] Ей, Мұхаммед! / Сол кезде Раббың Қайта тірілу күніне дейін оларға міндетті түрде азап тигізетіндерді жіберетінін жариялады. Ақиқатында, Раббың жаза беруде жылдам. Сонымен бірге Ол - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[168] Біз оларды / исраилдықтарды / топтарға бөліп, жер жүзіне таратып тастадық.Олардың ішінде ізгілері де бар және ондай еместері де бар. Біз оларды / бойсұнуға / қайтулары үшін игіліктермен және қиыншылықтармен сынадық

[169] Олардан кейін, орындарына Кітапқа мұрагер болған бір ұрпақ келді. Олар ең жақынның / осы өмірдің / көрінген нәрсесін алады да: «Бізге кешірім етіледі», - дейді. Егер оларға осы секілді кездессе, олар оны тағы да алады. Олардан Аллаһқа қатысты шындықтан басқаны айтпаулары үшін әрі ондағыны оқып үйрену жайлы Кітапта айтылған серт алынбады ма? Соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[170] Ал, Кітапты ұстанып, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар болса - ақиқатында, Біз түзетушілердің / игілік істеушілердің / сыйларын босқа жібермейміз

[171] Кезінде тауды қалқа тәрізді етіп, олардың үстерінен көтердік. Олар оны үстеріне түседі деп ойлады. «Сендерге бергенімізді / Тәуратты / мықтап ұстаңдар және тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін оның ішіндегіні еске алыңдар», - дедік

[172] Ей, Мұхаммед! / Сенің Раббың Адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: «Мен Сендердің Раббың емеспін бе?» деп, олардың өздерін-өздеріне куә етті. Олар: «Әлбетте, біз куә болдық», - деді. / Бұл / - Қайта тірілу күні: «Біз бұдан хабарсыз болдық», - деп айтпауларың үшін

[173] Немесе: «Шын мәнінде, бұрында да әкелеріміз серік қосқан еді, біз де солардың ұрпағымыз. Өтірікшілердің істегені үшін бізді жоясың ба? - / демеулерің үшін

[174] Олардың / серік қосушыларың / ақиқатқа / қайтуы үшін Біз аяттарымызды осы­лай анықтап түсіндіреміз

[175] Ей, Мұхаммед! / Біз аяттарымызды бергенде, ол оны ысырып тастап кеткен біреудің хабарын оқып бер. Сонда шайтан оны өзіне ерушілерден етті. Әрі ол адасушылардан болды

[176] Егер қаласақ, оны сол / аяттар, иман / арқылы жоғары көтерер едік. Алайда, ол жерге / дүние қызықтарына / жабысып, өзінің көңіл құмарлығына ерді. Оның сиқы - оған тиіссең де тілін салақтататын, тиіспесең де тілін салақтатып тұратын бір ит секілді. Аяттарымызды өтірік санаған адамдардың мысалы - осы. Оларға ойланулары / ғибрат алулары / үшін хабарларды айтып жеткіз

[177] Аят-белгілерімізді өтірік санаған және өздеріне-өздері әділетсіздік еткен адамдардың мысалы қандай жаман

[178] Аллаһ кімді тура жолға салып жүргізсе, сол - тура жолмен жүруші. Ал, кімді адастырса, міне, солар - нағыз жеңіліске ұшыраушылар

[179] Ақиқатында, Біз Жаһаннам (Тозақ) үшін көп жын мен адамдарды жараттық. Олардың жүректері бар, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар мал тәрізді, жоқ одан да әрі. Міне, солар - нағыз қаперсіздер

[180] Ең көркем есімдер - Аллаһтікі. Сол есімдері арқылы Одан тілеңдер. Оның есімдеріне қатысты ауытқығандарды қалдырып, тәрк етіңдер. Жақында оларға істеп өткен амалдарының қайтарымы беріледі

[181] Жаратқандарымыздың ішінде ақиқат бойынша тура жолға бағыттайтын әрі онымен әділдік істейтін бір үммет бар

[182] Әрі аяттарымызды өтірік санағандарды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте тартып түсіреміз

[183] Әрі оларға уақыт беремін. Негізінде, Менің амал-тәсілім өте мықты

[184] Олар ойланып қарамады ма? Жолдастарың / Мұхаммед / жынды емес. Ол - тек, анық ескертуші ғана

[185] Олар аспандардың және жердің мүліктеріне әрі Аллаһ жаратқан әрбір нәрсеге назар салмады ма? Сондай-ақ, мүмкін олардың мерзімдері / ажалдары / жақындаған шығар? Осыдан кейін олар қай сөзге сенер екен

[186] Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ту­ра жолға салушы жоқ. Ол / Аллаһ / оларды өздерінің шектен шығуларында қаңғыртып қояды

[187] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағаттың / Қияметтің / қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», - деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», - деп

[188] Айт: «Аллаһ қаламайынша, мен өзім үшін пайда, зиян / келтіру / билігіне ие емеспін. Егер де ғайыпты / жасырын нәрселерді / білетін болғанымда, жақсылықты көбейтіп алар едім және маған ешбір жамандық тимес еді. Мен бар болғаны иманға келген адамдар үшін ескертуші және қуанышты хабар жеткізушімін», - деп

[189] Ол / Аллаһ / сендерді бір жаннан / Адам атадан / жаратты және одан жұбайын жасады, / сөйтіп / оның онымен тыныштық табуы үшін. Ол оны жапқанда / жақындасқанда / жұбайы жеңіл жүкті болып, сонымен жүрді. Сонда / жұбайының / аяғы ауырлаған кезде, екеуі өздерінің Раббысы Аллаһтан: «Егер бізге ізгі / перзент / берсең, біз, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп тіледі

[190] Аллаһ / екеуіне түзу перзент берген кезде, екеуі Оның өздеріне бергенінде Оған серіктер қосты. Аллаһ олардың серік етіп қосатындарынан жоғары

[191] Олар еш нәрсені жарата алмайтын, керісінше, өздері жаратылатын нәрселерді / Аллаһқа / серік етеді ме

[192] Әрі олардың / серік етіп қосқандары / оларға көмектесуге күштері жетпейді және өздеріне де көмектесе алмайды

[193] Егер оларды / қосқан серіктерді / тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды шақыруларың да, не үндемей қалуларың да сендер үшін бірдей

[194] Сендердің Аллаһтан басқа шақыратындарың / табынатындарың / - өздерің сияқты құлдар. Шын сөзді болсаңдар, оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін

[195] Олардың жүретін аяқтары бар ма, әлде олардың ұстайтын қолдары бар ма, не олардың көретін көздері бар ма немесе олардың еститін құлақтары бар ма? Айт: «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар, содан кейін маған мұрсат бермей, айла-шарғы істеңдер

[196] Ақиқатында менің қамқоршым - Кітапты түсірген Аллаһ. Ол ізгілерге қамқорлық етеді

[197] Ал, Одан өзге шақыратындарыңның / табынатындарың / сендерге көмек беруге күші жетпейді. Әрі олар өздеріне де көмектесе алмайды», - деп

[198] Егер оларды тура жолға шақырсаңдар, олар естімейді. Сен оларды өзіңе қарап тұрғандай көресің. Бірақ, олар көрмейді

[199] Ей, Мұхаммед, / кешірімділікті ұстан, құпталғанға бұйыр және надандардан теріс бұрыл

[200] Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса, Аллаһқа жүгініп, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші

[201] Тақуалық етушілер / Аллаһтың бұйырғандарын орындап, жазасынан қорқып, сақтанушылар / өздеріне шайтаннан бір азғыру тисе, / Аллаһты / еске алады да, сөйтіп көзі ашылады / түсінеді

[202] Олар / шайтандар / серіктеріне адастыруда көмектеседі, сөйтіп олар / азғыруларын / тоқтатпайды

[203] Ей, Мұхаммед! / Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» - дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», - де. Міне, осы / Құран / - сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім

[204] Құран оқылған кезде, мейірімге бө­лену үшін оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар

[205] Ей, Мұхаммед! / Әрі Раббыңды таңертең және күн батардан алдын бойсұна жалбарынып, қорыққан түрде әрі бәсең үнмен іштей есіңе ал және қаперсіздерден болма

[206] Ақиқатында, Раббыңның алдындағылар / періштелер / , Оған Құлшылық қылудан өздерін жоғары қоймайды, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді әрі Оған сәжде жасайды

Әнфал

Surah 8

[1] Ей, Мұхаммед! / Олар / сақабалар / се­нен олжалар туралы сұрайды. Айт: «Олжалар Аллаһқа және Оның Елшісіне тән. Тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және араларыңдағыны түзетіңдер. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар»-деп

[2] Шын мәнінде, имандылар / мүміндер / - олар Аллаһ еске алынған кезде, жүректері / Раббысының жазасынан қорқып / діріл қағатындар, және Оның аяттары оқылғанда, ол / аяттар / оларда иманды арттырады әрі олар Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер

[3] Солар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергендерден / тиісті орынға / жұмсайтындар

[4] Міне, солар - шын имандылар / мүміндер / . Олар үшін олардың Раббысының алдын­да дәрежелер, кешірім және кең ризық бар

[5] Ей, Мұхаммед! / Раббың сені үйіңнен ақиқатпен шығарғанда, имандылардың / мүміндердің / бір тобы / мұны / қаламаған еді

[6] Олар сенімен ақиқат анықталғаннан кейін де ол жөнінде тартысқан еді, бейне бір өлімге айдалып бара жатқанын көріп тұрғандай

[7] Сонда, Аллаһ сендерге екі топтың / керуен мен әскер / бірі сендердікі болатынын уәде еткен еді. Сендер қарусыз топтың / керуеннің / өздеріңдікі болуын қаладыңдар. Ал, Аллаһ Өзінің сөздері арқылы ақиқатты шындыққа шығаруды және кәпірлердің соңын үзуді / жоюды / қалайды

[8] қылмыскерлер жек көрсе де ақиқатты шындыққа шығару және жалғанды бекер ету үшін

[9] Сол кезде, сендер өздеріңнің Раббыңнан жәрдем тілегендеріңде Ол: «Сендерге бірінен кейін бірі ерген мың періштемен көмек беремін», - деп жауап берді

[10] Аллаһ мұны сендерге қуанышты ха­бар ретінде әрі осы арқылы жүректеріңнің орнығуы үшін істеді. Көмек - тек қана Аллаһтан. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[11] Сонда, Ол сендерге Өз тарапынан бір тыныштық ретінде қалғу / жеңіл ұшы! жіберді. Әрі сендерге өздеріңді тазарту және шайтанның азғыруын кетіру әрі жүректеріңді орнықтыру және табандарыңды бекіту үшін аспаннан су / жаңбыр / түсірген еді

[12] Сол уақытта Раббың періштелерге: «Мен сендермен біргемін. Иманға келгендерді бекемдеңдер», - деп уахи еткен еді. Мен күпірлік еткендердің / имансыздардың / жүректеріне үрей тастаймын. Олардың мойындарынан ұрыңдар әрі оларды әрбір саусақтарынан / буынынан / ұрыңдар

[13] Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шықса, шын мәнінде Аллаһ - жаза беруде қатты

[14] Міне, бұл / жаза / - сендерге, енді оны татыңдар. Әрі күмәнсіз, кәпірлерге От / тозақ / азабы бар

[15] Ей, иманға келгендер! Қашан күпірлік етушілермен / кәпірлермен / әскери сап түзеп кездессеңдер, оларға ту сырттарыңды бермеңдер / қашпаңдар

[16] Кім сол күні соғыс барысын өзгерту немесе өзге топқа қосылудан басқа түрде қашса, сол Аллаһтың ашуына ұшырап қайтады. Оның орны - Жаһаннам (Тозақ). Ол баратын орын қандай жаман

[17] Оларды сендер өлтірмедіңдер, алайда оларды Аллаһ өлтірді. Сондай-ақ, / ей,Мұхаммед, топырақты! лақтырған кезінде, сен лақтырған жоқсың, оны имандыларды Өз жағынан жақсы бір сынақпен сынау үшін Аллаһ лақтырды. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[18] Міне, бұл - сендерге. Ақиқатында, Аллаһ - кәпірлердің айла-шарғысын осалдатушы

[19] Ей, мүшріктер, / егер сендер жеңіс / шешім шығарылуын / сұраған болсаңдар, міне сендерге жеңіс / шешім шығарылды / . Егер тыйылсаңдар, бұл өздерің үшін қайырлы. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Топтарың қанша көп болса да, сендерге ешқандай пайда бермейді. Анығында, Аллаһ имандылармен бірге

[20] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар. Әрі естіп тұрып одан теріс бұрылмаңдар

[21] Әрі өздері құлақ аспаса да, «естідік» дегендер тәрізді болмаңдар

[22] Шын мәнінде, Аллаһтың алдында / жерде / жүретіндердің ең нашары - ақылмен ұғынбайтын саңырау, мылқауы

[23] Егер оларда бір игілік бар болғанда, Аллаһ оларға міндетті түрде құлақ астыратын еді. Ал егер Оларға / осы жағдайында / естірткен күнде де олар бет бұрған күйде, теріс айналып кетер еді

[24] Ей, иманға келгендер! Сендерді тірілтетін / жандандыратын / нәрсеге шақырған кезде, Аллаһқа және Елшіге жауап беріңдер / бойсұныңдар / . Адам мен оның жүрегінің арасын Аллаһтың бөліп тұратынын және Оған жиналатындарыңды біліңдер

[25] Араларыңдағы әділетсіздерге ғана тиіп қоймайтын бүліктен сақтаныңдар. Сондай-ақ, Аллаһтың жаза беруде қатты екенін біліңдер

[26] Сендер жер бетінде аз әрі әлсіз бо­лып, адамдардың сендерді басып алуынан қорқып тұрған кездеріңде, Оның сендерге пана бергенін, Өз жәрдемімен қолдағанын және шүкір етулерің / берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін жақсы нәрселерден ризықтандырғанын естеріңе алыңдар

[27] Ей, иманға келгендер! Біле тұрып Аллаһқа және Елшіге опасыздық / сатқындық / жасамаңдар, сондай-ақ аманаттарыңа қиянат етпеңдер

[28] Біліңдер! Шын мәнінде, мал-дүниелерің және балаларың - бір сынақ. Ал Аллаһта ұлы сый бар

[29] Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / , Ол сендерге фурқанды береді, жамандықтарыңды өшіреді әрі сендерге кешірім етеді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі

[30] Ей, Мұхаммед! / Кезінде күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / сені ұстау не өлтіру немесе / Меккеден / шығарып жіберу үшін айла-шарғы жасады. Олар айла-шарғы жасады, сонда Аллаһ та амал-тәсіл жасады. Ал, Аллаһ - амал-тәсіл жасаушылардың ең қайырлысы

[31] Оларға аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Естідік, егер қаласақ, осы тәріздіні біз де айта алар едік. Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана», - деді

[32] Сол кезде олар: «Ей, Аллаһ! Егер бұл / Құран / Сенің қасыңнан түскен шындық болса, онда үстімізге аспаннан тас жаудыр немесе бізге күйзелтуші азап келтір», деді

[33] Ей, Мұхаммед! / Сен олардың арасында тұрған кезде, Аллаһ оларды азаптамайды. Әрі Аллаһ кешірім тілеп тұрған кездерінде де оларды азаптаушы емес

[34] Аллаһ оларды неге азаптамасын, олар әл-Харам мешітінен - оған жақын / құлшылық етуге лайықты / болмай тұрып, одан тосып тұрса. Анығында, оған / әл- Харамға / жақын / лайықтылар / - тақуалар / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / ғана. Алайда, олардың көбі білмейді

[35] Олардың Үйдің / Қағбаның / жанындағы намаздары / құлшылықтары / - ысқыру мен қол шапалақтау ғана еді. Енді күпір келтіргендерің / Бір Аллаһқа құлшы-лық етпегендерің / үшін азапты татыңдар

[36] Ақиқатында, күпірлік еткендер / Аллаһқа серік қосушылар / мал-дүниелерін Аллаһтың жолынан тосу үшін істетеді. Сөйтіп олар оны солай жұмсайды, ал кейін бұл олар үшін қасіретке айналады, содан кейін олар жеңіліске ұшырайды. Күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / Жаһаннамға (Тозаққа) жиналдырылады

[37] бұл - Аллаһтың жаманды жақсыдан бөлуі және жаманды бір-бірінің үстіне барлығын үйіп, Жаһаннамға салуы үшін. Міне, солар - нағыз жеңіліске ұшырағандар

[38] Ей, Мұхаммед! / Күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосушыларға / айт, егер олар тыйылса, олардың бұрынғы істеріне кешірім жасалады. Ал, егер қайта оралса, онда бұрынғылардың да жолы / осылай / өткен

[39] Олармен бүлік қалмай және дін бүтіндей Аллаһқа арналғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, ақиқатында Аллаһ - олардың не істейтіндерін Көруші

[40] Ал, егер олар теріс бұрылса, қамқоршыларың Аллаһ екенін біліндер. Ол - қандай жақсы Қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші

[41] Егер сендер Аллаһқа сенген болсаңдар және Айыру күні - екі топ / Бәдірде / кездескен күні құлымызға түсіргенімізге сенсеңдер, онда біліңдер, олжалап алған заттарыңның бестен бірі Аллаһқа және Елшіге, сонымен бірге / Елшінің / жақын туыстарына, жетімдерге, кедейлер мен / жолда қалған / жолаушыға тиісті. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[42] Сол кезде сендер алқаптың / Мәдинаға / жақын жағында болсаңдар, олар / мүшріктер әскері / алыс жағында, ал керуен сендерден төмен жақта еді. Егер де уәделескендерінде де келіскен уақыт пен орында кездесе алмайтын едіңдер. Алайда, құрыған адам анық дәлелмен құруы үшін әрі өмір сүрген адам анық дәлелмен өмір сүруі үшін - Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асырды. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші

[43] Ей, Мұхаммед! / Сонда Аллаһ, түсінде саған оларды аз етіп көрсеткен еді. Егер оларды саған көп етіп көрсеткенде, әлсіздік танытып, іс жайында тартысар едіңдер. Алайда, Аллаһ сақтап қалды. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[44] Сендер / жаумен / кездескен кезде, Аллаһ орындалуы тиіс істі жүзеге асыруы үшін оларды сендердің көздеріңе аз етіп көрсетті, сендерді де олардың көздеріне аз етіп көрсеткен еді. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады

[45] Ей, иманға келгендер! Қашан бір / қарсы / топпен бетпе-бет келсеңдер, мақсатқа жету үшін берік болыңдар да Аллаһты көп еске алыңдар

[46] Әрі Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұныңдар және өзара тартыспаңдар. Олай болса рухтарың түсіп, күш-қуаттарың кетіп қалады / тастап кетеді / . Сабыр етіңдер! Ақиқатында, Аллаһ сабыр етушілермен бірге

[47] Үйлерінен менменсінген түрде және адамдар көруі үшін шығып, Аллаһтың жолынан тосатындар секілді болмаңдар! Аллаһ олардың не істеп жатқандарын толық Қамтушы

[48] Сол кезде шайтан оларға / мүшріктерге / : «Бүгін адамдардың ішінде сендерден үстем келуші жоқ. Шын мәнінде, мен сендер жақта боламын», - деп істерін көрікті етіп көрсетті. Екі топ бірін-бірі көрген кезде, / шайтан / теріс айналып: «Менің сендерге мүлдем қатысым жоқ. Мен сендер көрмейтінді көремін. Ақиқатында, мен Аллаһтан қорқамын. Аллаһ жаза беруде қатты», - деді

[49] Сол уақытта мұнафиқтар және жүректерінде дерті барлар / иманы әлсіздер / : «Оларды діндері алдап қойды», - деді. Негізінде, кім Аллаһқа жүгініп, Оған өзін тапсырса / тәуекел етсе / , ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[50] Періштелер күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / беттері мен арт жақтарынан ұрып: «Күйдіріп, жандырушы оттың азабын татыңдар!» - деп, жандарын алып жатқан кезде көрсең еді

[51] Бұл / азап / сендердің өз қолдарыңмен істегендеріңнің салдары, Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес

[52] олардың істері / Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің істегендері секілді. Олар Аллаһтың белгілеріне күпірлік етті / сенбеді, теріске шығарды / . Сонда Аллаһ оларды күнәлары себепті ұстады. Аллаһ - өте Күшті, жаза беруде қатты

[53] Бұның себебі, Аллаһ адамдарға берген игілігін, ол адамдар өздеріңдегіні өзгертпейінше, өзгертуші еместігі және Аллаһ барлық нәрсені Естуші, әрбірнәрсені Білуші / ’Алим / болғандығынан

[54] Фиръаун әулеті мен олардан бұрынғы өткендердің де істері осы секілді болды. Олар өздерінің Раббысының аяттарын өтірікке шығарған еді. Біз оларды күнәлары себебінен құртып, Фиръаун тобын суға батырдық. Олардың барлығы да әділетсіздер еді

[55] Негізінде, Аллаһтың алдында, қозғалатын жаны барлардың ең жаманы - күпірлік етушілер / аманатқа қиянат етуші имансыздар / ', Олар иманға келмейді

[56] Ей, Мұхаммед! / Солар, сен олармен келісім жасасқаннан кейін, келісімдерін әрқашан бұзып отырады әрі олар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанбайды

[57] Сондықтан, олармен соғыста кездессең / соққы беріп / , олар арқылы артындағыларды да үрей салып ыдырат, мүмкін олар ескерту алар

[58] Ап, егер бір елдің сатқындығынан қауіптенсең, / келісімді / олармен тең түрде таста / бұз / . Ақиқатында, Аллаһ опасыздарды жақсы көрмейді

[59] Әрі күпірлік еткендер / иманға келуден бас тартқандар / өздерін құтылдық деп ойламасын. Олар әлсірете / Аллаһтың жаза­сынан қашып құтыла / алмайды

[60] Оларға қарсы шамаларың келгенше күш-қуат және атты әскер әзірлеңдер, онымен Аллаһтың жауын және өз жауларынды әрі өзгелерді де сескендіру үшін. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі. Аллаһ жолында не нәрсе жұмсасаңдар да өздеріңе толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік жасалмайды

[61] Ей, Мұхаммед! / Егер олар бейбіт келісімге бейімділік танытса, сен де бұрыл әрі Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[62] Егер олар сені алдамақшы болса, негізінде, саған Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол сені Өз жәрдемі және имандылар / мүміндер / арқылы қолдады

[63] әрі олардың жүректерін біріктірді. Егер / сен / жердегі барлық нәрселерді жұмсасаң да олардың жүректерін қоса алмас едің. Алайда, Аллаһ олардың араларын біріктірді. Ақиқатында, Ол - барлығынан Үстем , аса Дана

[64] Ей, Пайғамбар! Саған және өзіңе ерген имандыларға / мүміндерге / Аллаһ жетіп асады

[65] Ей, Пайғамбар! Имандыларды / мүміндерді / шайқасқа үнде. Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / мыңын жеңеді. Өйткені олар – түсінбейтін адамдар

[66] Енді Аллаһ сендерге жеңілдік жасады, өйткені сендерде әлсіздік бар екені Оған белгілі. Егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүз кісіні жеңеді. Ал егер сендерден мың болса, Аллаһтың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Негізінде, Аллаһ сабырлылармен бірге

[67] Бірде-бір пайғамбарға жерде / өз жерінде / басымдылыққа жеткенге дейін тұтқын ұстау жөн емес. Сендер дүниенің өткінші нәрсесін қалайсыңдар. Ал, Аллаһ - соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / қалайды. Әрі Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[68] Егер Аллаһтың алдын ала жазып бекіткені болмағанда, сендерге / олжа / алғандарың үшін өте үлкен азап болар еді

[69] Олжа ретінде алған нәрселеріңнің халалын / рұқсат етілгенін / , жақсысын жеңдер / пайдаланыңдар әрі Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / . Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді / , ерекше Мейірімді

[70] Ей, Пайғамбар! Қолдарыңдағы тұтқындарға: «Егер де жүректеріңде бір қайыр болса, Аллаһ оны біледі және сендерге өздеріңнен алынғаннан қайырлысын береді әрі сендерді кешіреді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді » - деп айт

[71] Егер олар саған қиянат істегісі келсе, олар бұрын Аллаһқа қиянат істеген еді. Сонда Ол / сендерді / олардан үстем етті. Аллаһ - бәрін Білуші / , аса Дана

[72] Ақиқатында иманға келгендер, қоныс аударғандар, Аллаһтың жолында малдары әрі жандарымен күрескендер және пана бергендер мен көмектескендер, міне, бұлар - бір-бірінің жақыны. Ал, иманға келген, бірақ қоныс аудармағандар болса, қоныс аудармайынша, сендер олармен ешбір жақын бола алмайсыңдар. Егер олар сендерден дін үшін көмек сұраса, тек сендермен араларыңда келісімі бар елге қарсы болмаса, көмектесуге міндеттісіңдер. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші

[73] Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / - бір-біріне дос, жақтас. Егер сендер осыны орындамасаңдар жер жүзінде бүлік / фитна / және зор бүлініс / бәрі астаң-кестең / болады

[74] Ал, иманға келгендер әрі қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында күрескендер әрі пана беріп және көмектескендер, міне, солар - шын имандылар / мүміндер / . Оларға кешірім және мол ризық бар

[75] Әрі иманға келген, кейін қоныс аударған және сендермен бірге соғысқандар - өздеріңнен. Содай-ақ, туысқандар - Аллаһтың Кітабы бойынша бір-біріне жақынырақ. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

Тәубе

Surah 9

[1] Бұл хабар / Аллаһ және Оның Елшісінен, сендер келісім жасасқан мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / бас тартуы жайлы

[2] Ей, мүшріктер, / жер бетінде төрт ай бойы жүріңдер де Аллаһты әлсірете / Аллаһтың жазасынан құтыла / алмайтындарыңды әрі Аллаһтың кәпірлерді қор ететінін біліңдер

[3] Әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен адамдарға үлкен қажылық күні бір хабар: «Аллаһтың әрі Оның Елшісінің мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қатысы жоқ. Егер істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубегекелсеңдер / , ол - өздерің үшін қайырлы. Ал егер, теріс бұрылсаңдар, онда Аллаһты әлсірете алмайтындарыңды біліңдер!» / Ей, Мұхаммед! / Күпірлік етушілерді / Аллаһқасерік қосушыларды / күйзелтушіазаппен«сүйіншіле»

[4] Тек мүшріктерден / Аллаһқа серікқосушылардан / сендермен келісім жасасып, кейін сендерге еш нәрседе нұқсан келтірмеген және сендерге қарсы ешкімге жақтасып көмектеспегендер басқа. Олардың келісімін мерзіміне дейін толық орындаңдар. Сөзсіз Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді

[5] Ал, тыйым салынған айлар өткен соң, мүшріктерді тапқан жерлеріңде өлтіріңдер,тұтқындаңдар, қоршауға алыңдар және әрбір жолда оларды торуылдаңдар. Егер олар істеген күнәсына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , намазды толық орындаса және зекетті берсе, олардың жолдарын босатыңдар. Анығында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[6] Ей, Мұхаммед / / Егер мүшріктердің бірі сенен өзін қорғауға алуыңды сұраса, Аллаһтың сөзін естуі үшін оны қорғауыңа ал. Содан кейін оны қауіпсіз орынға жеткіз. мұның себебі олар - білмейтін адамдар

[7] Аллаһтың алдында және Оның Елшісінің алдында мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / қалайша келісім болады? Бірақ, сендермен әл-Харам мешіті аймағында келісім жасасқандардың жөні бөлек. Олар сендерге / келісімге қатысты / туралық етсе, сендер де Оларға туралық етіңдер. Шын мәнінде, Аллаһ тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / жақсы көреді

[8] Қалай ғана? Егер олар сендердің үстеріңнен жеңіске жетсе, сендерге қатысты туысқандықты да, келісімді де сақтамайды. Олар сендерді разы етеді де бірақ жүректері қабылдамайды. Әрі олардың көпшілігі - бұзықтар

[9] Олар Аллаһтың аяттарының орнына болмашы бағаны / дүниелікті / сатып алып, Оның жолынан / адамдарды / тосты. Олардың істегендері қандай жаман

[10] Олар иманды жанға / мүмінге / қатысты туысқандықты да, келісімді де, сақтамайды. Міне, солар - шектен шығушылар

[11] Олар - істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқан / тәубе­ге келген / , намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаған және зекетті берген жағдайда - сендердің діндегі бауырларың. Біз білетін адамдарға аяттарымызды анықтап түсіндіреміз

[12] Егер олар келісімдерінен кейін анттарын бұзса және діндеріңе тіл тигізсе, олардың тыйылуы үшін күпірлікте / келісімді бұзуда, діндеріңе тиісуде / басшы болғандармен соғысыңдар. Өйткені олар үшін ант жоқ

[13] Анттарын бұзған әрі Елшіні шығаруды көздеген және өздері алдымен бастаған елмен соғыспайсыңдар ма? Олардан қорқасыңдар ма? Иманға келген болсаңдар, қорқуларыңа Аллаһ қана лайықты

[14] Олармен соғысыңдар! Аллаһ оларды сендердің қолдарыңмен азаптайды, қорлыққа салады және оларға қарсы сендерге жәрдем береді. Әрі Ол иманға келген адамдардың көкіректеріндегіні айықтырады

[15] және олардың жүректеріндегі ашу-ызаны кетіреді. Аллаһ Өзі қалаған жанды күнәсінен бойсұнуға қайтарады / тәубеге келтіреді / . Әрі Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[16] Әлде сендер Аллаһ араларындағы күресуші болғандарды әрі Аллаһтан және Оның Елшісінен, сондай-ақ, иманға келгендерден өзгені сүйеніш тұтпағандарды анықтамай тұрып, / өз бетімізше / қалдырыламыз деп есептедіңдер ме? Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[17] Мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / өздерінің қарсылықтарына куәлік келтіре тұрып, Аллаһтың мешіттерін жандандыруға лайықты емес. Міне, солардың амалдары зая кетті әрі олар – Отта мәңгі қалушылар

[18] Шын мәнінде, Аллаһтың мешіттерін Аллаһқа және Ақирет күніне сенген, намазды / барлық шарттарын сақтап,беріле / толық орындаған, зекетті берген әрі Аллаһтан өзгеден қорықпағандар ғана жандандырады. Міне, солар тура жолмен жүрушілерден болады

[19] Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітіне қарауды - Аллаһқа және Ақирет күніне сенген әрі Аллаһтың жолында соғысқанмен бірдей көресіңдер ме? Олар Аллаһтың алдында бірдей болмайды. Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[20] Иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһтың жолында малдары, жандарымен күрескендер, Аллаһтың алдында дәреже тұрғысында өте жоғары. Міне, солар - табысқа жетушілер

[21] Оларды Раббысы Өзінен болған мейірімімен, разылығымен және / жәннат / бақтарымен сүйіншілейді. Онда олар үшін таусылмайтын рахат бар

[22] Олар - онда мәңгі қалушылар. Ақиқатында, ұлы сый - Аллаһта

[23] Ей, иманға келгендер! Егер әкелерің мен бауырларың иманнан гөрі күпірлік етуді / имансыздықты / артық көрсе, оларды қамқоршы тұтпаңдар. Сендерден кім оларды / имансыздарды / қамқоршы, дос тұтса, міне, солар - әділетсіздер

[24] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туыстарың және тапқан дүниелерің, тоқтап қалуынан қорқатын сауда мен өздерің ұнататын үйлерің сендер үшін Аллаһтан және Оның Елшісінен әрі Аллаһ жолында күресуден артық болса, онда Аллаһ Өз әмірін / жазасын / келтіргенге дейін күтіңдер! Аллаһ бұзық адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[25] Аллаһ сендерді көптеген жерлерде және Хунайн күні де жеңіске жеткізді. Сол кезде сендер сандарыңның көптігімен масайраған едіңдер. Бірақ ол / сендерге / еш пайда бермеді де жер кеңдігіне қарамастан, өздеріңе тар келді. Одан кейін сендер теріс бұрылдыңдар / қаштыңдар

[26] Одан соң Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және иманға келгендердің үстінен сакинасын / тыныштық / түсірді. Әрі сендер көрмейтін бір сарбаздар түсірді де күпірлік еткендерді / Аллаһқа қарсы келгендерді / азапқа ұшыратты. кәпірлердің қайтарым жазасы - осы

[27] Кейін Аллаһ Өзі қалағанды күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға / тәубеге / келтіреді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[28] Ей, иманға келген дер! Шын мәнінде мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / - нәжас / таза емес / . Сондықтан олар осы жылдан кейін әл-Харам мешітіне жақындамасын. Егер жоқшылықтан қорқатын болсаңдар, жақында Аллаһ қаласа сендерді Өз кеңшілігінен байытады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[29] Кітап берілгендерден, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін, Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған нәрселерді тыйым салынған деп есептемейтін әрі хақ дінді ұстанбайтындармен, олар кішірейген / бағынған / күйде өз қолдарымен / арнайы / салық / жизия / бергенге дейін, соғысыңдар

[30] Иудейлер: «Ұзайыр - Аллаһтың баласы», - деді. Ал, христиандар: «Масих - Аллаһтың баласы», - деді. Бұл - олардың құр ауыздарымен айтқан сөздері. Олар бұрынғы сондай күпірлік еткендердің / Аллаһқақарсы келгендердің / сөзіне ұқсас сөз айтады. Оларға Аллаһтың лағнеті болсын! Олар / ақиқаттан / қайда бұрылып бара жатыр

[31] Олар өздерінің дін ғалымдарын және монахтарын Аллаһтан өзге ие / құдай / етіп алды. Әрі Мәриямның ұлы Мәсихті де. Негізінде, оларға бір ғана құдайға / Аллаһқа / құлшылық етуі бұйырылған еді. Одан басқа / құлшылық етуге лайықты / құдай жоқ. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан пәк

[32] Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен өшіргісі келеді. Алайда, кәпірлер жек көрсе де Аллаһ Өз нұрын толық етуді қалайды

[33] Ол / Аллаһ / , серік қатушылар / мүшріктер / жек көрсе де Өз Елшісін тура жол әрі хақ дінмен, оны / ислам дінін / барлық діндерден үстем ету үшін жіберді

[34] Ей, иманға келгендер! Анығында, / Кітап берілген қауымның / дін ғалымдары мен монахтарының көпшілігі адамдардың дүниелерін жалған жолдармен жейді және / оларды / Аллаһтың жолынан қайтарады. / Ей, Мұхаммед / / Сондай, алтын мен күмісті жинап, оны Аллаһ жолында жұмсамайтындарды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»

[35] Сол / қиямет / Күні ол / алтын-күмістері / Жаһаннам отында қыздырылып әрі онымен олардың маңдайлары, бүйірлері және арқалары күйдіріледі. / Оларға / : «Бұл өздерің үшін жиғандарың. Енді жинағандарыңды татыңдар», - делінеді

[36] Ақиқатында, айлардың саны Аллаһта - он екі. Аллаһтың кітабында, Ол аспандар мен жерді жаратқан күні / белгілеген / . Олардың төртеуі тыйым салынған / айлар / . Міне, осы - тұп-тура дін. Осы айларда өздеріңе әділетсіздік істемеңдер. Мүшріктер сендермен жаппай соғысатыны секілді, сендер де олармен бәрің соғысыңдар. Әрі Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / бірге екенін біліңдер

[37] Шын мәнінде, / айларды / кейінгежылжыту - күпірлік етуді / Аллаһқа қарсыкелуді / арттыра түседі. Күпірлік етушілер / имансыздар / - осы арқылы адастырылады. Аллаһ тыйым салған айлардың санын сәйкестендіру үшін, олар оны / кез келген айды / бір жылы халал / рұқсат етілген / етіп, бір жылы харам / тыйым салынған / етеді. Сөйтіп Аллаһтың харам еткенін халал етеді. Оларға істерінің жамандығы әдемі етіпкөрсетілді. Ал, Аллаһ кәпірлерді тура жолмен жүргізбейді

[38] Ей, иманға келгендер! «Аллаһтыңжолына шығындар» делінгенде, сендер неге жерге жабысып қалдыңдар? Сендер соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / гөрі осы / өткінші / жақын өмірді қанағат тұтасыңдар ма? Негізінде, осы жақын өмірдегі пайдалар мен рахаттар, соңғы, мәңгілік өмірдегімен / ақиреттегімен / салыстырғанда болмашы ғана

[39] Егер сендер шықпасаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен азаптайды және сендерді басқа елмен алмастырады әрі сендер Оған ешқандай зиян жеткізе алмайсыңдар. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[40] Егер сендер оған / Елшіге / көмектеспесеңдер, / онда біліңдер, / күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігін мойындамайтындар / оны екеудің екіншісі етіп /Меккеден / шығарған кезде, оған Аллаһ көмектескен еді. Екеуі үңгірде болған кезде, ол жолдасына / Әбу Бәкірге / : «Қайғырма, ақиқатында, Аллаһ бізбен бірге»,- деп айтты. Сонда оның үстінен Аллаһ сакинасын / тыныштық / түсірді және оны сендер көрмеген әскермен / періштелермен / қолдады. Әрі күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келгендердің / сөзін ең төменгі етті. Ал, Аллаһтың сөзі, ол — бәрінен де жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана

[41] Жеңіл күйде не ауыр күйде болсаңдар да шығындар және Аллаһ жолында дүниелерің әрі жандарың арқылы күресіңдер. Егер білсеңдер, осы - өздерің үшін қайырлы

[42] Ей, Мұхаммед! / Егер де жақын бір олжа және жеңіл бір сапар болса, олар / мұнафиқтар / саған ілесер еді. Алайда, оларға сапар қашық көрінді. Олар жақында саған: «Егер де шамамыз келгенде, сендермен бірге шығар едік», - деп Аллаһпен ант ішеді. Сөйтіп олар өздерін өздері құртады. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екенін біледі

[43] Ей, Мұхаммед! / Аллаһ сені кешірсін. Сен, шын сөзділер анықталмайынша әрі өтірікшілерді білмейінше, не үшін оларға / жорықтанқалуға / рұқсат бердің

[44] Аллаһ жолында дүниелері және жандарымен күресу үшін Аллаһқа және Ақирет күніне сенушілер / қалу үшін / сенен сұранбайды. Аллаһ - тақуаларды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / Білуші

[45] Негізінде, сенен Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтіндер әрі жүректері күмәнданғандар ғана сұранады. Сөйтіп олар өздерінің күмәндарындаекіұдай болып жүреді

[46] Егер олар / мұнафиқтар / шығуды қаласа, ол үшін бір дайындық көрер еді. Алайда, Аллаһ олардың шыққанын ұнатпай, бөгеді. Сондай-ақ / оларға / : «Отырушылармен бірге отырыңдар», - делінді

[47] Егер олар сендермен бірге шыққанда да бұзып-бүлдіруден басқаны арттырмас еді және сендерге іріткі салуға ұмтылып, араларыңда асығып жүретін еді. Сендердің іштеріңде оларға құлақ асатындар да бар. Ал, Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші

[48] Ей, Мұхаммед! / Олар ілгеріде де - ақиқат келіп, Аллаһтың ісі үстем болғанға дейін - жек көріп, іріткі салуға ұмтылатын және саған / қарсы / істерді аударып, төңкеретін / айла құратын / еді

[49] Олардың / мұнафиқтардың / ішінде: «Маған рұқсат бер, мені бүлікке салма», - дейтіндер де бар. Негізінде, олар әлдеқашан бүлікке түскен. Шын мәнінде, Жаһаннам (тозаққа) кәпірлерді қоршап тұрады

[50] Ей, Мұхаммед! / Егер саған бір жақсылық келсе, бұл оларды ренжітеді. Ал, егер саған бір ауыртпалық жетсе, олар: «Негізінде, біз ісімізді алдын ала ыңғайлапалған едік», - деп, қуанған түрде бұрылып кетеді

[51] Айт: «Бізге Аллаһтың жазғанынан басқа нәрсе тимейді. Ол - біздің Иеміз! Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, өздерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін / », - деп

[52] Айт, / ол мұнафиқтарға / : «Сендер бізге екі жақсылықтың біреуінің болуын күтудесіңдер ме? Ал, біз сендерге Аллаһтың Өз тарапынан немесе біздің қолдарымыз арқылы азап жеткізілуін күтудеміз. Ендеше, күтіңдер. Біз де сендермен бірге күтушіміз», - деп

[53] Айт, / ол мұнафиқтарға / : «Ерікті немесе еріксіз түрде / дүниелеріңді / жұмсаңдар. Сендерден ешқашан қабыл етілмейді. Өйткені сендер - бұзық / бойсұнбаушы / адамсыңдар», - деп

[54] Негізінде, олардың жұмсаған дүниелерінің / садақаларының / қабыл етілуіне, олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етулері / жүрекпен сенбеуі / әрі намазға жалқауланып келулері мен / садақаларын / тек еріксіз түрде жұмсаулары кедергі болды

[55] Ей, Мұхаммед! / Сені олардың / мұнафиқтардың / дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ Оларға бұл өмірде, осы нәрселер себепті азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды

[56] Олар / мұнафиқтар / : «Біз - сендерденбіз», - деп, Аллаһпен ант ішеді. Бірақ олар сендерден емес. Керісінше, олар - қорқақ адамдар

[57] Егер де олар бір пана, не үңгір неме­се кіретін жай тапқанда, солай қарай асыға жөнелер еді

[58] Ей, Мұхаммед! / Олардың ішінде садақаларға / зекет және нәпіл садақалар / қатысты сені айыптайтындар бар. Оларға одан берілсе, разы болады, ал одан берілмеген кезде, олар ашуланып наразы болады

[59] Олардың Аллаһ және Оның Елшісінің өздеріне бергеніне разы болуы әрі: «Бізге Аллаһ жеткілікті. Жақында Аллаһ бізге Өз кеңшілігінен береді және Оның Елшісі де. Анығында, біз Аллаһқа қарай ұмтылушымыз!» - деп айтулары / қайырлы еді

[60] Анығында, садақалар / зекеттер / жоқ-жітікке, кедейлерге және оған / зекетті жинауға / қатысты жұмыс істеушілерге, жүректері бұрылатындарға / ислам дінін жаңа қабылдағандарға / , құлдарды азат етуге, қарызы барларға, Аллаһ жолына және / жолда қалған / жолаушыға, Аллаһ тарапынан / белгіленген / бір парыз ретінде, / осыларға / тән. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[61] Олардың / мұнафиқтардың / ішінде Пайғамбарды ренжітіп: «Ол - құлақ»,- деп айтатындар бар. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендер үшін қайырлы құлақ. Ол Аллаһқа сенеді әрі имандыларға / мүміндерге / сенеді және сендерден иманға келгендер үшін - бір мейірім. Ал, Аллаһтың Елшісін ренжіткендерге күйзелтуші азап бар», - деп

[62] Олар / мұнафиқтар / сендерді разы қылу үшін Аллаһпен ант ішеді. Егер олар иманды / мүмін / болған болса, Аллаһ және Оның Елшісі, олардың разы етулеріне көбірек құқылы

[63] Олар Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келгенге, ішінде мәңгі қалатын Жаһаннам оты бар екенін білмей ме? Міне, осы өте үлкен қорлық

[64] Мұнафиқтар өздеріне қатысты, жүректеріндегіні хабарлайтын бір сүренің түсірілуінен қауіптенеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Келеке ете тұрыңдар. Негізінде, Аллаһ - сендердің қауіп етіп жүргендеріңді сыртқа шығарушы», - деп

[65] Егер олардан сұрасаң, олар әлбетте: «Біз бар болғаны бос нәрселерге батып, ойнадық», - дейді. Оларға: «Аллаһты, Оның аяттарын және Оның Елшісін келеке еттіңдер ме

[66] Ақталмай-ақ қойыңдар. Сендер иманға келгеннен кейін күпірлік келтірдіңдер / діннен шықтыңдар / . Егер Біз сендерден бір топты кешірсек, бір топты қылмыске болғандары үшін азаптаймыз», - деп айт

[67] Мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдер - бір-бірінен. Олар айыпталғанға бұйырып, құпталғаннан қайтарады және қолдарын жұмып алады / сараңдық етеді / . Олар Аллаһты ұмытты, сондықтан Ол да оларды ұмытты / тастады / . Анығында, мұнафиқтар - нағыз бұзықтар / бойсұнбаушылар

[68] Аллаһ мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерге және кәпірлерге Жаһаннам отын уәде етті. Олар онда мәңгі қалады. Ол / тозақ / Оларға жеткілікті. Аллаһ оларды лағнет етті / мейірімінен алыстатты / әрі оларға бітпейтін азап бар

[69] Сендер өздеріңнен алдыңғылар сияқтысыңдар / ей, мұнафиқтар / . Олардың күш-қуаты сендерден артық және дүниелері мен балалары да көп еді. Олар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көрді. Өздеріңнен алдыңғылар өз үлестерінен пайдаланып, рахатын көргендей, сендер де өз үлестеріңнен пайдаланып, рахатын көрдіңдер. Олар / өтірікке / батып берілгендей, сендер де / ақиқаттан өзгеге / сүңгіп берілдіңдер. Олардың амалдары бұл өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетті. Міне, солар - нағыз зиянға ұшырағандар

[70] Оларға өздерінен бұрынғы Нұх, Ад жәнеСәмүд елдерінің, Ибраһим елінің, Мәдиян тұрғындарының және ойрандалған елді мекендердің хабары келмеді ме? Елшілер Оларға анық дәлелдермен келген еді. Аллаһ Оларға әділетсіздік жасаған жоқ. Алайда, олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады

[71] Иманды / мүмін / ерлер мен иманды / мүмін / әйелдер - бір-біріне дос, қамқоршы. Олар құпталғанға бұйырады, тыйым салынғаннан қайтарады, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және Аллаһ пен Оның Елшісіне бойсұнады. Міне, осыларды Аллаһ мейіріміне бөлейді. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана

[72] Аллаһ иманды ерлер мен иманды әйелдерге астынан өзендер ағып жататын, ол жерде олар мәңгі қалатын бақтарды және ’Адн жәннаттарындағы көркем үй-жайларды уәде етті. Ал, Аллаһтың разылығы одан да үлкен. Міне, осы - шын, ұлы табыс

[73] Ей, Пайғамбар! кәпірлермен және мұнафиқтармен күрес әрі Оларға қатты бол. Олардың орны - Жаһаннам. Ол - баратын орын қандай жаман

[74] Олар / мұнафиқтар / : «Айтпадық / дінге, Елшіге тіл тигізбедік / » - деп, Аллаһпен ант ішеді. Ал, анығында, олар ислам дініне кіргеннен кейін күпірлік / қарсылық / сөзін айтып, күпірлік етті / діннен шықты / . Сондай-ақ, олар қолдары жете алмағанды көздеген еді.Аллаһ Өз кеңшілігінен байытқанына болмаса, олардың Аллаһ және Оның Елшісіне / басқа / тағар кінәсі болмады. Егер олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / , өздері үшін жақсы болады. Ал, егер теріс бұрылса, Аллаһ оларды бұл өмірде де және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / де күйзелтуші азаппен азаптайды. Оларға жер бетінде қамқоршы да, көмек беруші де жоқ

[75] Олардың ішінде: «Егер Ол, бізге Өз кеңшілігінен берсе, міндетті түрде садақа береміз әрі ізгілерден боламыз» - деп, Аллаһқа серт бергендер де бар

[76] Ал оларға Өз кеңшілігінен берген кезде, олар оған / Аллаһтың бергеніне / сараңдық етті әрі / серттерінен / жалтарып, теріс бұрылды

[77] Сонда Аллаһ олардың берген уәделерін бұзғандықтары әрі өтірік айтқандықтары үшін Өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне мұнафиқтық үялатты

[78] Олар білмеді ме, Аллаһ олардың сырлары мен құпия әңгімелерін білетіндігін және Аллаһтың ғайыпты / барлық жасырын нәрселерді / білуші екенін

[79] Мүміндерден өз еркімен садақа берушілерді және шамаларының жеткенін ғана тауып бергендерді айыптап, оларды келеке ететіндерді Аллаһ масқара етеді. Әрі олар үшін қинаушы азап бар

[80] Ей, Мұхаммед! / Олар / мұнафиқтар / үшін кешірім тілесең де, не кешірім тілемесең де, тіпті олар үшін жетпіс рет кешірім тілесең де Аллаһ оларды ешқашан кешірмейді. Бұл - олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік еткендіктері / сенбегендіктері, қарсылықтары / себебінен. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[81] Артта қалдырылғандар, Аллаһтың Елшісіне қайшы келіп, қалып қойғандарына мәз болды және Аллаһ жолында дүниелері әрі жандарымен соғысуды жек көрді. Әрі «Мына ыстықта / соғысқа / шықпаңдар», - деді. Айт:«Жаһаннамның оты бұдан да қатты ыстық!» - деп. Егер олар оны түсінетін болса

[82] Ендеше олар / мұнафиқтар / істегендерінің қайтарым жазасы ретінде аз күліп, көп жыласын

[83] Ей, Мұхаммед! / Ал, егер Аллаһ сені олардан / мұнафиқтардан / болған бір топқа-қайтарып, олар сенен / соғысқа / шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Сендер ешқашан менімен бірге шықпайсыңдар және менімен бірге жаумен соғыспайсыңдар. Ақиқатында, сендер алғашқы рет қалып қоюды қош көрдіңдер. Ал, енді қалып қойғандармен бірге отырыңдар» - деп айт

[84] Әрі ешқашан олардан өлген біреуге / жаназа / намазын оқыма және оның қабірінің басында тұрма! Өйткені олар Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік етті / сенбеді, қарсы болды / әрі бұзық болған / бойсұнбаған / күйлерінде өлді

[85] Сені олардың / мұнафиқтардың / дүниелері, балалары таңырқатпасын. Шын мәнінде, Аллаһ оларға бұл өмірде, осы нәрселер арқылы азап беруді және олардың кәпір күйлерінде өлгендерін қалайды

[86] «Аллаһқа сеніңдер және Оның Елшісімен бірге соғысыңдар» делінген бір сүре түсірілген кезде, олардың ішіндегі дәулеттілері сенен сұранып: «Бізді қалдыр, отырушылармен / соғысқа бара алмайтындармен / бірге болайық», - деді

[87] Олар / мұнафиқтар / қалушылармен бірге болғанға разы болды. Олардың жүректері мөрленіп бітелген. Олар түсінбейді

[88] Ал, Елші және онымен бірге иманға келгендер - мал-дүниелері әрі жандарымен соғысты. Осыларға / осы өмірде және ақиретте / жақсылықтар бар. Міне, нақ осылар-жетістікке жетушілер

[89] Аллаһ олар үшін астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннат / бақтарын әзірледі. Міне, осы - ұлы жетістік

[90] Әрі бәдәуилерден уәж айтушылар өздеріне / соғысқа шықпауға / рұқсат берілуі үшін келді. Сондай-ақ Аллаһқа және Оның Елшісіне өтірік айтқандар да қалып қойды. Олардан күпірлік еткендер / Елшіге өтірік айтқандар / жақында қинаушы азапқа ұшырайды

[91] Әлсіздерге, ауруларға және / жорыққа бару үшін / жұмсауға еш нәрсе таба алмағандарға, егер олар Аллаһқа және Оның Елшісіне адал болса ешбір күнә жоқ. Жақсылықты ықыласпен істеушілерге қарсы жол жоқ. Аллаһ - өте Кешірімді ,ерекше Мейірімді

[92] Ей, Мұхаммед! / Әрі мінетін көлік беруің үшін саған келіп, сен: «Сендерге мінер көлік тауып бере алмаймын», - деп айтқаныңда, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмағандықтан күйінген түрде көз жастарын төгіп қайтқандарға да кінә жоқ

[93] Шын мәнінде, өздері бай бола тұра сенен рұқсат сұрап, кейін қалушылармен бірге болуды қоштағандарға қарсы жол ашық. Аллаһ олардың жүректерін мөрлеп бітеген. Олар білмейді

[94] Ей, Мұхаммед! / Сендер / жорықтан / қайта оралып келгендерінде, олар ақталады. / Оларға!: «Ақталмаңдар, біз сен­дерге бәрібір сенбейміз. Негізінде, сендердің хабарларыңды бізге Аллаһ хабарлап қойды. Аллаһ сендердің амалдарыңды көреді және оның Елшісі де. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді», - деп

[95] Оларға / мұнафиқтарға / қайтып келген кездеріңде, өздерінен бет бұруларың / айыптамауларың / үшін сендерге Аллаһпен ант ішеді. Олардан теріс бұрылыңдар. Өйткені олар - рижс / жаман, жиіркенішті / . Әрі істегендерінің қайтарым жазасы ретінде, олардың орны - Жаһаннам (Тозақ)

[96] Олар сендердің өздерінен разы болуларың үшін ант ішеді. Егер сендер олардан разы болсаңдар да, ақиқатында, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан разы болмайды

[97] Бәдәуилер, күпірлікте / қарсылықта / және мұнафиқтықта қаттырақ. Сондай-ақ олар Аллаһтың Өз Елшісіне түсіргенінің шектерін білмеуге өзгелерден көбірек бейім. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[98] Бәдәуилердің ішінде өздерінің жұм-сайтындарын / садақаларын / шығын деп есептейтіндер әрі сендерге жамандықтың айналып келуін күтетіндер бар. Жамандық олардың өздеріне. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[99] Әрі бәдәуилердің ішінде Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндер және жұмсағандарын / садақа, зекеттерін / Аллаһқа жақындатады деп санайтындар бар әрі Елшінің дұғасына да. Біліңдер, шын мәнінде, бүл оларды жақындатады. Аллаһ оларды Өз мейіріміне кіргізеді. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[100] Мұһажирлер мен ансарлардың ішінен алғашқы озық болғандардан және оларға жақсылықпен ергендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Одан разы болды. Ол олар үшін астынан өзендер ағып жататын / Жәннәт / бақтарын әзірледі, олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы жетістік

[101] Сендердің жандарыңдағы бәдәуилердің ішінде, сондай-ақ Медине тұрғындарының ішінде де мұнафиқтар бар. Олар мұнафиқтықта сірескен. Сен оларды білмейсің, оларды Біз білеміз. Жақында оларды екі рет азаптаймыз. Содан кейін олар үлкен азапқа қайтарылады

[102] Сондай-ақ күнәларын мойындаған басқа адамдар да бар. Олар түзу істі жаман іспен араластырған еді. Аллаһ олардың тәубелерін / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтуларын / қабыл етеді. Сөзсіз, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[103] Ей, Мұхаммед! / Сен олардың дүниелерінен садақа / зекет / ал. Онымен оларды тазартасың әрі оларды берекелендіресің. Олар үшін тілек тіле. Ақиқатында сенің тілегің - олар үшін тынышталып орнығу. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[104] Олар Аллаһтың Өзіқұлдарынан / олардың / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл ететіндігін әрі садақаларды қабыл алатындығын және тәубені Қабыл етуші де , ерекше Мейірімді де сол - Аллаһтың Өзі екендігін білмеді ме

[105] Әрі айт: «Амал істеңдер, Аллаһ амалдарыңды көреді әрі Оның Елшісі мен мүміндер де. Сондай-ақ, жақында сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар, сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», - деп

[106] Сондай-ақ / жорықтан қалушылардың ішінде / басқа біреулер де бар. Аллаһ олар жайлы үкім бергенге дейін / Оларға қатысты шешім! кешіктіріледі. Ол оларды не азаптайды, не істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[107] Ал, сондай зиян тигізу және күпірлік ету / қарсылықты қолдау / әрі имандылардың арасын ажырату үшін және Аллаһ пен Елшісіне бұрыннан қарсы соғысқан біреу үшін / мұсылмандарды / торуылдайтын орын етіп мешіт салғандар, әлбетте: «Біз жақсылықтан басқаны қаламадық», - деп ант ішеді. Аллаһ олардың суайт екендігіне куәлік береді

[108] Ей, Мұхаммед! / Сен онда / ол мешітте / ешқашан тұрма. Сенің тұруыңа алғашқы күннен тақуалық / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылық / негізінде құрылған мешіт, көбірек лайықты. Онда тазаруды ұнататын адамдар бар. Ал Аллаһ тазарушыларды жақсы көреді

[109] Өзінің / салып жатқан / құрылысын Аллаһтан қорқып, сақтанып әрі Оның разылығы үшін қалаған біреу жақсы ма, әлде оның құрылысынқұлағалытұрған бір жардың шетіне қалап, онымен бірге Жаһаннамның отына құлаған біреу ме? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолмен жүргізбейді

[110] Олардың жүректері бөлшектеніп кетпейінше, салған құрылыстары / мешіті / , жүректерінде үнемі күмән болып қала береді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[111] Ақиқатында, Аллаһ имандылардан / мүміндерден / - олардың жандары мен дүниелерін Жәннатпен айырбастап, сатып алды. Олар Аллаһтың жолында соғысып, өлтіреді және өлтіріледі, Оның Тәурат, Інжіл және Құрандағы хақ уәдесі бойынша. Аллаһтан артық уәдесін кім орындайды? Онымен жасаған саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы - ұлы жетістік

[112] Олар! істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушылар / тәубе етушілер / , Құлшылық жасаушылар, / Аллаһқа / мақтау айтушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ жасаушылар, сәжде етушілер, құпталғанға бұйырушылар, тыйылғаннан қайтарушылар және Аллаһтың белгілеген шегін сақтаушылар. / Ей, Мұхаммед, / әрі имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле

[113] Пайғамбардың және иманға келгендердің, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / үшін тіпті олар жақындары болса да, олардың Жахимдық екендігі өздеріне анық болғаннан кейін кешірім тілеулеріне болмайды

[114] Ал, Ибраһимнің өз әкесі үшін кешірім тілеуі, оның оған / әкесіне / берген уәдесі бойынша ғана еді. Өзіне / әкесінің / Аллаһқа жау екендігі анық болғанда, ол одан бас тартты. Негізінде, Ибраһим көп жалбарынып дұға етуші, ұстамды еді

[115] Аллаһ бір елді тура жолға салып жүргізгеннен кейін оларға неден сақтанулары керек екендігін анық түсіндірмейінше, оларды адастырушы емес. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

[116] Аспандардың және жердің билігі Аллаһта. Ол тірілтеді және өлтіреді. Сендер үшін Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ

[117] Аллаһ Пайғамбарды және қиындық сағатында оған еріп шыққан мұһажирлер мен ансарларды, олардың кейбіреулерінің жүректері ауытқуға жақын қалғаннан кейін,Өзіне бойсұнуға қайтарды / тәубеге келтірді / . Ол олардың тәубесін қабыл етті, өйткені Ол - оларға аса Мейірбан, ерекше Мейірімді

[118] Әрі / өздеріне қатысты үкім / кейінге қалдырылған үшеудің де / тәубелерін қабыл етті / . Сол кезде оларға жер кең бола тұра тарылып, жандары сығылып,' Аллаһтың Өзінен басқа пана жоқтығына көздері анық жеткен еді. Содан кейін Ол / Аллаһ / олардың істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтулары / тәубеге келуі / үшін күнәларынан арылуына алып келді / тәубеге келтірді / . Ақиқатында, Аллаһ - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді

[119] Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және шын сөзділермен бірге болыңдар

[120] Медине тұрғындарына және оның маңайындағы бәдәуилерге, Аллаһ Елшісінен қалып қоюларына, сондай-ақ, өз жандарын оның жанынан артық көрулеріне болмайды. Мұның себебі, олар Аллаһ жолында шөлге душар болса, шаршап-шалдықса және бір аштыққа ұшыраса әрі кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және жаудан бір нәрсені қолға түсірсе, онда оларға осы үшін ізгі амал жазылады. Шын мәнінде, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді

[121] Олар аз не көп дүние жұмсамасын және бір алқапты кесіп өтпесін, Аллаһ оларға қайтарым сыйын, істегендерінен жақсы етіп беруі үшін міндетті түрде бүл оларға жазылады

[122] Имандылардың / жорыққа / бәрі бірдей аттануларына болмайды. Олардың әр бөлігінен бір топтың шығып дінді үйренулері және оралған кездерінде адамдарға - олардың сақтанулары үшін насихат етулеріне жеткілікті

[123] Ей, иманға келгендер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендер­ден бір қатаңдық байқасын. Әрі күмәнсіз, Аллаһтың тақуалармен / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен! бірге екенін біліңдер

[124] Бір сүре түсірілген кезде олардың арасынан: «Бұл қайсыларыңның имандарыңды арттырды?» - дейтіндер бар. / Бұл / иманға келгендердің иманын арттырды әрі олар қуанышқа бөленуде

[125] Ал, жүректерінде дерті барларғабұл сүре күмәндарының үстіне күмән қосады да олар кәпір / имансыз / күйлерінде өледі

[126] Олар өздерінің әр жылы бір не екі рет сыналатындарын көрмей ме? Содан кейін де олар істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпайды / тәубеге келмейді / әрі ескерту де алмайды

[127] Бір сүре түсірілген кезде, олар біріне-бірі қарап: «Сендерді біреу көріп тұрған жоқ па екен», - деп бұрыла жөнеледі. Аллаһ, олардың жүректерін теріс бұрып қойды. Анығында, олар - түсінбейтін адамдар

[128] Ақиқатында, сендерге өздеріңнен бір Елші келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Ол-сендерге / дінді қалап / ұмтылушы, имандыларға жанашыр, мейірімді

[129] Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса: «Маған Аллаһ жеткілікті, Одан басқа ешбір құдай жоқ, мен Оған жүгініп, өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Әрі Ол-ұлы Аршының Раббысы», - деп айт

Жүніс

Surah 10

[1] Әлиф, Ләм, Ра. Міне, осы - дана Кітаптың аяттары

[2] Олардың ішіндегі бір адамға: «Адамдарға ескерт және иманға келгендерді оларға Раббысының алдында шын озушылықболатынымен сүйіншіле», - деп уахи еткеніміз, адамдарға таңқаларлық көрінді ме? Кәпірлер: «Әлбетте, бұл - анық сиқыршы», - деді

[3] Ақиқатында, сендердің Раббың - Аллаһ, Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға көтерілді. Ол барлық істі басқарады. Ол рұқсат бергенге дейін, ешкім де / біреу үшін / ара түсе алмайды. Міне, осы - Аллаһ, сендердің Раббың, Оған құлшылық қылыңдар! Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алсаңдар болмай ма

[4] Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, сендердің барлығың Оған қайтасыңдар. Ақиқатында, Ол жаратылысты бастап жаратады, содан кейін иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйларын әділдікпен беру үшін оларды қайтарады. Ал, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / күпірліктері үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі қинаушы азап бар

[5] Ол / Аллаһ / күнді жарық әрі айды нұр етіп жасаған. Әрі оны / айды / жылдардың санын және есепті білулерің үшін орындармен белгілеген. Аллаһ бұларды ақиқатпен жаратты. Ол, білетін адамдар үшін аяттарды анық етіп түсіндіреді

[6] Ақиқатында, түн мен күннің ауысып тұруында және Аллаһтың аспандар мен жердегі жаратқандарында, тақуалық ететін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатын / адамдар үшін белгі-дәлелдер бар

[7] Анығында, Бізбен жолығуды үміт етпегендер және осы өмірге / ғана / разы болып, оған көңілдері жай тапқандар әрі белгі-дәлелдерімізден қаперсіз болғандар

[8] міне, солардың істеп жиғандары / күнәлары / үшін орындары - От

[9] Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істегендерді, олардың имандары себебінен, Раббысы тура жолмен жүргізеді. Нәъимбақтарында (жәннаттың бір аты) олардың астарынан өзендер ағып жатады

[10] Олардың ол жердегі дұғалары: «Йа, Аллаһ, Сен - пәксің», ал ондағы сәлемдесулері: «Сәлем» / Амандық / және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау - әлемдердің Раббысы, Аллаһқа!» - деу болады

[11] Егер де Аллаһ адамдарға жақсылықты тез бергеніндей, жамандықты да тездеткенде, олардың белгіленген мерзімдері шешілген болар еді. Бізбен кездесуді үміт етпейтіндерді, Біз адасуларында қаңғыртып, тастап қоямыз

[12] Қашан адамға бір зиян тисе, ол жамбастап жатса да, отырса да немесе түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады. Қашан Біз одан зиянын кетірсек, ол өзіне тиген зиян үшін Бізге жалбарынбағандай өте шығады. Осылай, ысырап етушілерге, істеп жүргендері көрікті етіп көрсетілді

[13] Біз сендерден алдыңғы ұрпақтарды, - олар әділетсіздік еткенде және анық дәлелдермен келген елшілерге сенбеген кезде жойғанбыз. Біз қылмыскер адамдардың қайтарым жазасын осылай береміз

[14] Кейін, олардан соң, қалай амал жасайтындарыңды көру үшін Біз сендерді жерде / олардың / орнын басушы еттік

[15] Оларға анық аяттарымыз оқылған кез­де, Бізбен жолығуды үміт етпейтіндер: «Сен бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!» - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған оны өздігімнен өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Раббыма бойсұнбасам, ақиқатында, ұлы Күннің азабына ұшыраудан қорқамын», - деп

[16] Айт: «Егер Аллаһ қалағанда, мен оны сендерге оқымаған болар едім және Ол оны сендерге білдірмес еді. Негізінде, мен сендердің араларында бұдан алдын да / бірге / өмір сүрдім. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма?» - деп

[17] Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырғаннан немесе Оның аяттарын жалған санағаннан өткен әділетсіз кім бар? Негізінде, қылмыскерлер мақсаттарына жетпейді

[18] Олар, Аллаһтан өзге өздеріне зиян да жеткізбейтін және пайда да келтірмейтін нәрсеге құлшылық етеді әрі: «Бұлар Аллаһтың алдында бізге шапағат етушілер», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сонда сендер Аллаһқа, аспандарда және жерде Ол білмейтін бір нәрсе бар деп, оның хабарын бермекшісіңдер ме?» - де. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосатындарынан пәк әрі жоғары

[19] Адамдар бір үммет еді, кейін олар қарама-қайшылыққа түсті. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір Сөз болмағанда, қайшылықта түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына шешім шығарылған болар еді

[20] Олар: «Неге оған / Пайғамбарға / Раббысынан бір белгі-мұғжиза түсірілмейді?»—дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, ғайып-Аллаһтікі. Ендеше күтіңдер! Мен де сендермен бірге күтушілерденмін!» - деп

[21] Адамдарға өздеріне тиген қиыншылықтан кейін мейірімімізден таттырсақ, олар аят-белгілерімізге байланысты айлакерлік істейді. Айт: «Аллаһ амал-тәсілде / бәрінен / жылдам», - деп. Ақиқатында елшілеріміз / періштелер / сендердің айла-шарғыларынды жазып отырады

[22] Ол / Аллаһ / сондай, сендерді құрылықтажәне теңізде жүргізеді. Сендер кемеде болғандарыңда әрі ол / кеме / бір жайлы желдің көмегімен оларды алып жүзгенде олар бұған қуанады. Оған бір дауылды жел соғып әрі әр тараптан толқындар келіп, олар өздерін қоршауда қалып, құрыдық деп ойлаған сәтте дінін / құлшылықтарын / тек Оған / cepiк қосу, риядан / тазартқан күйде: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады

[23] Ал, Ол / Аллаһ / оларды құтқарған кезде, олар жер бетінде / олай етуге / құқығы болмаса да әділетсіздік істейді. Ей, адамдар! Шын мәнінде, сендердің әділетсіздіктерің өздеріңе қайтады. Ол / істеген әділетсіздіктерің / осы өмірдің пайда, рахаты үшін ғана. Содан кейін, қайтуларың - Бізге. Сонда сендерге не істегендеріңнің хабарын береміз

[24] Шын мәнінде осы дүниелік өмір - Біз аспаннан түсірген бір су секілді. Онымен адамдар мен малдар жейтін, жерден шығатын өсімдіктер араласа / өсіп / , жер жүзі түрленіп құлпырған кезде әрі оның тұрғындары оған / өнімге / қолдары жетті деп ойлаған кезде, Біздің әміріміз түнде не күндіз келіп, оны кеше мүлдем көркеймеген тәрізді, орылғандай еттік. Біз, ойланатын адамдарға аяттарды осылай анық етіп түсіндіреміз

[25] Аллаһ амандық мекеніне / Дарус-Сәламға / шақырады әрі қалаған құлын Өзі тура жолмен жүргізеді

[26] Жақсылықты ықыласпен істегендерге ең жақсысы / Жәннат / дайындалған және оған артығы қосылады. Олардың беттерінде шаң да, қорлық та болмайды. Міне, солар Жәннаттықтар. Олар - ол жерде мәңгі қалушылар

[27] Ал, жамандық жинағандардың қайтарым жазасы - сол жамандықтың өзіндей болады. Әрі оларды қорлық басады. Оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмайды. Олардың беттері түннің бір түнектерімен қапталғандай. Міне, солар - От / тозақ / тұрғындары. Олар - ол жерде мәңгі қалушылар

[28] Сол / есеп / Күні оларды түгелдей жинаймыз. Содан кейін Аллаһқа серік қосқандарға / мүшріктерге / : «Сендер және серік етіп қосқандарың, орындарыңда тұрыңдар!» - дейміз. Біз олардың арасын бөлдік. Сонда олардың серік етіп қосқандары оларға: «Сендер құлшылықты бізге істеген жоқсыңдар

[29] Аллаһ - біздің арамызға куәлікте жеткілікті. Негізінде, біз сендердің құлшылық етулеріңнен хабарсыз едік», - дейді

[30] Сол жерде / есеп алаңында / әрбір жан алдын істегені үшін сыналады / сұралады / . Олар шын иелері - Аллаһқа қайтарылады әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоғалады

[31] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспаннан және жерден кім ризық береді? Есту және көру кімнің иелігінде? Тіріні өліден шығаратын және өліні тіріден шығаратын кім? Әрі істі кім басқарады?» - деп. Олар: «Аллаһ», - деп айтады. Айт: «Ендеше Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?» - деп

[32] Міне, осы Аллаһ - сендердің шын Раббың. Ақиқаттан кейін адасудан басқа не бар? Сонда қалай бұрылудасындар

[33] Раббыңның бұзықтарға / бойсұнбаушыларға! байланысты: «Олар иманға келмейді», деген сөзі осылай шындыққа шықты

[34] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан, жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жарататын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ жаратылысты әуел баста пайда етіп, кейін оны қайта жаратады. Сонда, қайда бұрылып барасыңдар?!» - деп

[35] Айт: «Аллаһқа серік етіп қосқандарыңның арасынан ақиқатқа алып баратын біреу бар ма?» - деп. Айт: «Аллаһ ақиқатқа апарады. Ілесуге, ақиқатпен Жүргізуші құқылырақ па, әлде өзін тура жолға салып жүргізбесе, өзі тура жолмен жүре алмайтын біреу ме? Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар

[36] Олардың көпшілігі болжам-жорамалға ереді. Шын мәнінде, жорамал шындықтың бір бөлігін де алмастыра алмайды. Ақиқатында, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Білуші

[37] Бұл Құран - Аллаһтан, оның ойдан шығарылуы / өтіріктен құрастырылуы / мүмкін емес. Ол, өзінен алдын болғандардың растауы және Кітаптың анық түсіндірмесі. Ол әлемдердің Раббысынан, онда күмән жоқ

[38] Әлде олар ол оны ойдан шығарды дей ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, осы секілді бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарынды шақырыңдар», - деп

[39] Негізінде, олар білімі жетпеген және өздеріне әлі түсіндірмесі келмегенді өтірікке шығарды. Олардан бұрынғылар да осылай өтірікке шығарған еді. Енді, әділетсіздердің соңы қалай болғандығына назар сал

[40] Олардың арасында оған / Құранға / сенетіндер де бар. Әрі олардың арасын­да оған сенбейтіндер де бар. Сенің Раббың - бұзушы-бүлдірушілерді жақсы Білуші

[41] Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса: «Менің ісім өзіме, ал сендердің істерің өздеріңе. Сендер менің істеп жатқаныма қатысты емессіңдер әрі мен де сендердің істеп жатқандарыңа қатысты емеспін», - деп айт

[42] Олардың ішінде саған құлақ түретіндер де бар. Егер ақылдарын істетпесе, сен кереңдерге естірте аласың ба

[43] Әрі олардың ішінде саған қарайтындар да бар. Егер көрмесе, сен соқырларға жол көрсете аласың ба

[44] Ақиқатында, Аллаһ адамдарға ешбір нәрседе әділетсіздік етпейді. Бірақ адамдар өздеріне-өздері әділетсіздік етеді

[45] Оларды жинаған сол / Есеп / Күні, олар / осы дүниеде / күндізден бір аз мезгіл ғана тұрғандай болады да бір-бірін тани бастайды. Аллаһпен кездесуді өтірік санағандар шынымен зиянға ұшырады. Әрі олар тура жолда жүрушілерден болмады

[46] Ей, Мұхаммед! / Біз саған оларға Өзіміз уәде етіп отырғанның кейбірін көрсетсек те немесе сені дүниеден алсақ та - олар Бізге қайтады. Содан кейін Аллаһ олардың не істеп жатқандарына куә болады

[47] Әрбір үмметтің Елшісі бар. Олардың елшілері келген кезде, олардың араларына әділдікпен шешім шығарылады әрі оларға әділетсіздік етілмейді

[48] Олар / имансыздар / : «Егер сендер шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан / орындалады / ?» - дейді

[49] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтың қалауынан басқа, мен өзім үшін зиян да, пайда да келтіре алмаймын. Әрбір үмметтің бір мерзімі бар. Мерзімдері келген кезде, олар оны бір сәтке кері ысыра да алмайды және ілгерілете де алмайды», - деп

[50] Айт: «Айтыңдаршы! Егер сендерге Оның азабы түн ішінде немесе күндіз келсе, қылмыскерлер оның қайсыбірінің тез болуын сұрайды?» - деп

[51] Ол / азап / түскеннен кейін Оған сенесіңдер ме? Оларға: «Енді / сенесіңдер / ме, сендер осының тез болуын сұраған едіңдер», - делінеді

[52] Содан кейін әділетсіздік еткендерге: «Мәңгілік азабын татыңдар! Сендерге қайтарым / ретіндегі / жаза істегендерің үшін ғана беріліп жатқан жоқ па?» - деп айтылады

[53] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен: «Бүл шындық па?» - деп сұрайды. Айт: «Әрине, Раббыммен ант етемін, бүл - ақиқат, сендер әлсірете / Аллаһқа кедергі келтіре / алмайсыңдар», - деп

[54] Егер де өзіне әділетсіздік еткен әрбір жанда - жер бетіндегі нәрселердің барлығы болғанда, ол оны / азаптан құтылу үшін / өтемге берер еді. Әрі олар азапты көргендерінде іштей өкінеді. Олардың араларына әділдікпен үкім етіледі әрі оларға әділетсіздік жасалмайды

[55] Біліңдер, ақиқатында, аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Біліндер, шынында, Аллаһтың уәдесі - хақ. Бірақ олардың / адамдардың / көбі білмейді

[56] Ол тірілтеді және өлтіреді әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

[57] Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар / мүміндер / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім / Құран / келді

[58] Ей, Мұхаммед! / Айт: «бұл - Аллаһтың кеңшілігі және мейірімі», - деп. Олар осыған қуансын, бұл олардың жиғандарынан қайырлы

[59] Айт: «Аллаһ өздеріңе түсірген ризықтың бір бөлігін - харам / тыйым салынған / , бір бөлігін - халал / рұқсат етілген / етіп алғандарың жайында не айтасыңдар?» - деп. Айт: «Сендерге / оны / Аллаһ білдірді ме, әлде сендер Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырып тұрсындар ма?» - деп

[60] Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындардың Қайта тірілу күні туралы не жорамалдары бар? Ақиқатында, Аллаһ -адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді

[61] Ей, Мұхаммед! / Сен қандай да бір істе болсаң не Құраннан оқысаң немесе сендер бір амал жасасандар, оны орындап жатқан кездеріңде, әлбетте, Біз сендерге куә болып тұрамыз. Жердегі және аспандағы заттың ең кішкентай бөлігі де Раббыңнан жасырын қалмайды. Әрі одан кіші болсын не үлкені болсын барлығы анық бір Кітапта

[62] Біліңдер! Ақиқатында, Аллаһқа жақын болғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[63] Олар - иманға келген және тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар

[64] Оларға осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / сүйінішті хабар бар. Аллаһтың сөздері өзгермейді. Міне, осы -ұлы жетістік

[65] Ей, Мұхаммед! / Олардың сөзі сені қайғыға салмасын. Ақиқатында, бүкіл үстемдік - Аллаһқа тән. Ол - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[66] Біліңдер! Ақиқатында, аспандардағы және жердегі әркім де - Аллаһтікі. Аллаһтан өзгені Оған серік етіп шақыратындар не нәрсеге ереді? Олар ой - жорамалдарына ғана ереді әрі олар тек өтірікті ғана айтады

[67] Ол сендерге түнді тынығуларың үшін, ал күндізді көретін / жарық / етіп жасаған. Ақиқатында, Мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар

[68] Олар: «Аллаһ өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Ол - әл- Ғани / бай, еш нәрсеге мұқтаж емес / . Аспандардағы және жердегілердің барлығы Онікі. Сендерде бұған / Аллаһтың бала иемденуіне / ешбір дәлел жоқ. Сендер Аллаһқа қатысты өздерің білмейтін нәрсені айтасыңдар ма

[69] «Негізінде, Аллаһ туралы өтірікті құрастыратындар / жала жабатындар / мақсаттарына жетпейді», - де

[70] Осы өмірде / Оларға / пайдалану, рахат бар. Кейін олар Бізге қайтады. Содан кейін оларға күпірліктері / имансыздықтары / үшін қатты азап таттырамыз

[71] Ей, Мұхаммед! / Оларға Нұх жайлы хабарды оқы. Ол еліне: «Әй, елім! Егер менің араларыңда болуым және Аллаһтың белгілерін ескертуім сендерге ауыр келсе, онда мен Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Сендер / қосқан / серіктеріңмен бірігіп, кейін маған байланысты ашық әрекет етіңдер әрі маған мұрсат бермеңдер

[72] Егер сендер теріс бұрылсаңдар, мен сендерден / ол үшін / ақы сұраған жоқпын. Менің сыйым - Аллаһта әрі мен Мұсылмандардан болуға бұйырылдым», - деп айтқан еді

[73] Сонда олар, оны өтірікші санады. Содан соң Біз оны және онымен бірге болғандарды кемеде құтқардық әрі оларды халифалар / алдыңғылардың орнын басушылар / еттік. Ал белгілерімізді өтірік санағандарды суға батырдық. Енді ескерту берілгендердің соңы қалай болғанына қара

[74] Одан / Нұхтан / кейін елшілерді өз елдеріне жібердік. Олар / елдеріне / анық белгілермен келді. Алайда олар / қауымы / , өздері алдын өтірікке шығарған нәрселерге сенуді қаламады. Біз шектен шығушылардың жүректерін осылай бітеп, мөрлейміз

[75] Олардан кейін Мұса мен Һарұнды Фиръаун және оның уәзір, бектеріне мұғжиза-белгілерімізбен жібердік. Алайда олар өздерін жоғары санап, менменсіді әрі олар қылмыскер адамдар еді

[76] Оларға Бізден ақиқат келген кезде, олар: «бұл - анық сиқыр», - деді

[77] Мұса: «Сендер өздеріңе келген ақиқат жайлы осылай деп айтасыңдар ма? Осы сиқыр ма? Сиқыршылар мақсатына жетпейді», - деді

[78] Олар: «Сен бізді ата-бабаларымыздың ұстанғанынан бұру үшін және жер бетінде / жерімізде / ұлылық екеуіңе болсын деп келдіңдер ме? Біз екеуіңе сенбейміз», - деді

[79] Фиръаун: «Маған барлық білгір сиқыршыларды әкеліңдер», - деді

[80] Сиқыршылар келген кезде, Мұса оларға: «Тастайтындарынды тастаңдар», - деді

[81] Олар тастаған кезде, Мұса: «Сендердің істегендерің сиқыр, күмәнсіз, Аллаһ оны бекер етеді. Аллаһ бұзушы-бүлдірушілердің амалын түзетпейді

[82] Әрі Аллаһ, Өз сөздерімен шындықты орнатады, қылмыскерлер мұны жақтырмаса да», - деді

[83] Фиръаун және оның уәзір, бектерінің бүлік салуынан / жазалауынан / қорыққандықтан, Мұсаға оның елінен бір ұрпаққана сенді. Өйткені, Фиръаун / ол / жердеөктемшіл әрі ол ақиқатында шектен шығушылардан еді

[84] Мұса: «Әй, елім! Аллаһқа сенсеңдер, онда Оған жүгініп, істерінді Өзіне тапсырыңдар / тәуекел етіңдер / , егер мұсылманболсаңдар», - деді

[85] Олар: «Біз Аллаһқа жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік / . Раббымыз, бізді әділетсіз елге фитна / сынақ / етпе

[86] Әрі бізді Өз мейіріміңмен кәпір елден құтқара гөр!» - деді

[87] Біз Мұсаға және оның бауырына: «Қауымдарың үшін Мысырда үйлер алыңдар және үйлеріңді намаз оқитын орын етіп, намаз оқыңдар. Әрі имандыларды / мүміндерді / қош хабармен қуандыр», - деп уахи еттік

[88] Мұса: «Раббымыз! Ақиқатында, Сен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне бүл өмірде сән-салтанат және байлық бердің. Раббымыз! Олар оны жолыңнан адастырулары үшін / пайдаланды / Раббымыз, олардың дүниелерін жой және олардың жүректерін қатайт! Олар қинаушы азапты көргендерінше иманға келмесін», - деді

[89] Ол / Аллаһ / : «Екеуіңнің тілектеріңе жауап берілді. Туралықты ұстаныңдар және білмейтіндердің жолына ермеңдер!» - деді

[90] Біз Исраил ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда Фиръаун мен оның әскері әділетсіздік әрі дұшпандықпен, олардың соңынан қуды. Ал, ол / Фиръаун / суға батар кезінде: «Исраил ұрпақтары сенген құдайдан басқа ешбір құдайдың жоқтығына сендім. Мен де Мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - деді

[91] «Енді ғана ма? Ал бұрын бойсұнбаған едің әрі бұзушы-бүлдірушілерден болдың

[92] Бүгін сені өзіңнен кейінгілерге бір белгі болуы үшін мүрдеңді / сенің тәніңді / құтқарамыз». Негізінде, адамдардың көбі Біздің белгілерімізден қаперсіз / ғибрат алмайды

[93] Біз Исраил ұрпақтарын игі мекенге орналастырдық және оларға жақсы нәрселерден ризық бердік. Әрі олар, өздеріне білім келгенге дейін қарама-қайшылыққа түспеді. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қарама-қайшылыққа түскен нәрселері жайында олардың араларына үкім береді

[94] Ей, Мұхаммед! / Егер Біз өзіңе түсіргеннен күмәнда болсаң, алдын Кітап / түсіріліп / оқығандардан сұра. Саған Раббыңнан ақиқат келді, сондықтан күмәнданушылардан болма

[95] Сондай-ақ, Аллаһтың аяттарын өтірікке шығарушылардан болма. Онда зиян көрушілерден боласың

[96] Ақиқатында, Раббыңның сөзі тиісті болғандар иманға келмейді

[97] сондай қинаушы азапты көргендеріне дейін, тіпті оларға қандай бір белгі - мұғжизалар келсе де

[98] Йунустың елінен басқа / азапты көргенде / иманға келген әрі имандары пайда берген бірде-бір елді мекен болды ма? Олар иманға келген кезде, Біз олардан осы өмірде қорлық азабын кетірдік әрі оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық

[99] Егер Раббың қалағанда, жер жүзіндегілердің барлығы, түгелдей иманға келер еді. / Ей, Мұхаммед, / сен, адамдарды иманды / мүмін / болуға мәжбүрлейсің бе

[100] Әрбір жан Аллаһтың рұқсатымен ғана иманға келеді. Ол, ақылдарын істетіп, ұғынбайтындарға рижс жібереді

[101] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандар және жердегі нәрселерге қараңдаршы», - деп. Имансыз адамдарға дәлелдер мен ескертулерпайда бермейді

[102] Олар өздерінен бұрынғы өткендерге келген тәрізді күндерді күтеді ме? Айт: «Күтіңдер! Мен де - сендермен бірге күтушімін!» - де

[103] Содан кейін Біз елшілерімізді және иманға келгендерді құтқарамыз. Осылай, имандыларды / мүміндерді / құтқару - Біздің міндетіміз

[104] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, адамдар! Егер сендер менің дінімнен күмәнда болсаңдар, мен сендердің Аллаһтан өзге табынатындарыңа табынбаймын, алайда мен сендердің жандарыңды алатын Аллаһқа құлшылық етемін әрі мен имандылардан / мүміндерден / болуға бұйырылдым», - деп

[105] Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған түрде, жүзінді / хақ / дінге бұр. Әрі Аллаһпен қатар, өзгелерге табынушылардан / мүшріктерден / болма

[106] Аллаһтан өзге саған пайда да, зиян да келтіре алмайтын нәрсеге жалбарынба. Егер олай істесең, онда әлбетте әділетсіздерден боласың

[107] Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, оны Оның Өзінен басқа кетіруші жоқ. Ал, егер Ол саған бір жақсылық қаласа, Оның кеңшілігін қайтарушы жоқ. Ол, оны құлдарынан Өзі қалағанына нәсіп етеді. Ол - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[108] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, адамдар! Сендерге өздеріңнің Раббыңнан ақиқат келді. Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, тек өз зиянына адасады. Мен сендерге жауапты / кепіл / емеспін», - деп

[109] Әрі өзіңе уахи етілгенге ер, әрі Аллаһ үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол - үкім берушілердің ең қайырлысы

Һуд

Surah 11

[1] Әлиф, Ләм, Ра. Бұл - аяттары аса Дана, бәрінен Хабардардан анық баяндалып, түсіндірілген Кітап

[2] Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер. Анығында, мен сендерге Одан / жіберілген / ескертуші әрі қуанышты хабар жеткізушімін

[3] Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ол сендерді белгілі бір мерзімге / өлім келгенге / дейін көркем несібемен пайдаландырады. Әрі Ол, әрбір кеңшілік етушіні Өз кеңшілігіне бөлейді. Егер теріс бұрылсаңдар, сендерге болатын ұлы Күннің / Қияметтің / азабынан қорқамын

[4] Сендер Аллаһқа қайтарыласыңдар. Ал, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

[5] Біліндер, олар, Одан жасыру үшін кеуделерін бүрістіреді. Анығында, олар киімдерін бүркеніп алғандарында да Ол / Аллаһ / олардың нені жасыратындарын және нені әшкере ететіндерін біледі. Анығында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[6] Жер бетінде ризығы Аллаһтан болмаған бірде-бір жаны бар жоқ. Ол, оның / осы өмірдегі / тұрағын және / өлгеннен кейінгі / сақталатын орнын біледі. Барлығы анық Кітапта / Ләухул махфузда / жазулы

[7] Ол сендерді, амал етуде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін аспандарды және жерді алты күнде жаратқан. Әрі Оның Аршысы су үстінде еді. Егер оларға: «Сендер өлгеннен кейін, әлбетте, қайта тірілесіңдер» - десең, күпірлік еткендер / қайта тірілуді мойындамайтындар / : «бұл - бар болғаны анық бір сиқыр», - дейді

[8] Егер Біз азапты олардан санаулы бір мерзімге дейін кешіктірсек, олар: «Оны / азапты / не ұстап тұр?» - дейді. Біліңдер, оларға ол / азап / келген күні, олардан қайтарылмайды әрі олардың мазақ етіп келгендері өздерін қоршап алады

[9] Егер Біз адамға мейірімімізден бір нәрсе беріп, содан кейін оны алып қойсақ, ол мүлде үмітін үзіп, Аллаһтың бергенін мойындамай, жоққа шығарады

[10] Ал, егер оған өзіне келген қиыншылықтан кейін бір игілігімізден тигізсек, ол: «Жамандықтар менен кетті» - деп, қуанып, мақтанады

[11] Тек қана сабыр еткен және ізгі амал істегендердің жөні бөлек. Оларға кешірім әрі үлкен сый бар

[12] Ей, Мұхаммед! / Бәлкім сен олардың: «Оған бір қазына түсірілмей ме? Немесе онымен бірге періште келмей ме?» - деп айтатындары үшін өзіңе уахи етілгеннің кейбірін / кейінге / қалдырғың келер әрі оған кеудең сығылған болар. Анығында, сен - тек ескертушісің. Ал, Аллаһ - әрбір нәрсеге Өзі кепіл

[13] Әлде олар: «Ол оны ойдан құрастырды», - деп айта ма? Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда сендер осыған / Құранға / ұқсас, ойдан құрастырған он сүрені әкеліндер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарыңды шақырыңдар

[14] Егер олар / шақырғандарың / сендерге жауап бермесе, онда оның / Құранның / Аллаһтың білімімен түсірілгендігін әрі Одан басқа құдайдың жоқ екендігін біліңдер. Енді бойсұнбайсыңдар ма?» - деп

[15] Кім осы өмірді және оның сән-салтанатын қаласа, оларға онда / осы дүниеде / амалдарын толық қайтарамыз әрі оларға кемітілмейді

[16] Міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / Оттан басқа еш нәрсе болмайды. Олардың ондағы / дүниедегі / жасағандары жойылады әрі істегендері босқа кетеді

[17] Раббысынан келген / Құран / және оған Оның тарапынан бір куә / Жәбрейіл / ерген әрі одан бұрын жетекші және мейірім түріндегі Мұсаның кітабы / Тәурат / куәлік еткен анық дәлелді ұстанғандар - міне солар оған / Құранға / сенеді. Ал, қалған топтардан кім оған / Құранға / күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / , оның уәделі орны - От. / Ей, Мұхаммед, / сондықтан одан / Құраннан / күмәнда болма, өйткені ол Раббыңнан келген ақиқат, алайда адамдардың көбі сенбейді

[18] Аллаһ туралы өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Солар / қайта тірілу күні / өздерінің Раббысының алдына қойылады әрі куәгерлер: «Өздерінің Раббысы туралы өтірік айтқандар осылар», - дейді. Біліңдер, Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге болады

[19] Олар / адамдарды / Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға / бұрмалауға / тырысады. Әрі олар - соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбеушілер

[20] Міне солар жер бетінде / Аллаһтың азабын / әлсірете алмайды. Әрі оларда Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Оларға азап еселеніп арттырылады. Олар / ақиқатты / еститін хәлде болмады әрі көрмеді

[21] Міне, солар - өздерін-өздері жоғалтқандар / зиянғаұшыратқандар / . Әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоқ болып кетті

[22] Сөзсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / бәрінен көп зиян көретіндер

[23] Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істеген әрі өздерінің Раббысына беріле бағынғандар, олар - жәннаттық. Олар онда мәңгі қалады

[24] Екі топтың мысалы: соқыр және керең әрі көруші мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан бұл екеуі тең бе? Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алмайсыңдар ма

[25] Біз Нұхты еліне жібердік. Ол: «Мен - сендер үшін анық бір ескертушімін

[26] Аллаһтан басқаға құлшылық етпеңдер.Шын мәнінде, мен сендер үшін күйзелтуші Күннің азабынан қорқамын», - деді

[27] Оның елінің күпірлік еткен / Оған сенбеген / уәзірлері мен бектері: «Біз сені өзіміз секілді адам көреміз әрі саған арамыздағы тек ең нашарлардың ойланбай-ақ ергенін байқаймыз. Сондай-ақ, сендердің бізге қарағанда бір артықшылықтарыңды көрмейміз. Керісінше, біз сендерді өтірікші деп ойлаймыз», - деді

[28] Нұх: «Әй, елім! Егер мен Раббымнан келген анық дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен, сендер көре алмайтын бір мейірім / пайғамбарлық / берсе, сонда оны жақтырмасаңдар да сендерге міндеттейік пе

[29] Әй, елім! Мен сендерден бұл үшін дүние сұрамаймын. Анығында, менің сыйым бір Аллаһта. Сондай-ақ, иманға келгендерді қасымнан қуушы емеспін. Ақиқатында, олар - өздерінің Раббысына жолығушылар. Ал, сендерді надандық етушілер ретінде көремін

[30] Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алмайсыңдар ма

[31] Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», - деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», - деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні / жүректеріндегіні / жақсы біледі. Әйтпесе, / егер, олай десем / , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», - деді

[32] Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды / айтқан азапты / келтір», - деді

[33] Ол: «Оны / азапты / сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер / Оның азабын / әлсірете алмайсыңдар

[34] Мен сендерге кеңес беруді қалағаныммен, егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, онда насихатым сендерге пайда бермейді. Ол - сендердің Раббың. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар», - деді

[35] Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - деп айта ма? - / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер оны ойдан шығарған болсам, қылмысым өзіме. Ал, сендер істеп жатқан қылмысқа менің қатысым жоқ», - деп

[36] Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма

[37] Әрі Біздің көз алдымызда және уахиымыз бойынша кеме жаса. Әрі әділетсіздік еткендер жөнінде Менен сұрама! Анығында, олар суға батырылады

[38] Ол кемені жасап жатқанда, елінің уәзірлері мен бектері оның жанынан өт-кен сайын, оны келеке етті. Ал, ол: «Егер бізге күлсеңдер, сендер бізді келеке еткендей, біз де сендерге күлетін боламыз

[39] Сендер жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және тұрақты / мәңгілік / азаптың кімнің басына түсетінін білесіңдер!» - деді

[40] Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған / кемеге / әрбір түрден жұбымен және үйішіңнен / өздеріне байланысты / сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», - дедік. Онымен бірге иманға аз ғана / адам / келген еді

[41] Әрі ол: «Оған мініңдер. Ол Аллаһтың есімімен жүзеді және тоқтайды. Ақиқатында, Раббым өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», - деді

[42] Ол / кеме / оларды таулардай толқындарда алып жүзді. / Сонда / Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге / кемеге / мін әрі кәпірлермен бірге болма!» - деп үн қатты

[43] Ол: «Мен тауға / шығып / паналаймын, ол мені судан сақтайды», - деді. / Нұх / : «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана / апаттан құтқарылады / », - деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды

[44] Кейін / : «Ей, жер! Суынды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» - делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол / кеме / Жуди / тауына / тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!» - делінді

[45] Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен - ең әділ үкім етушісің», - деді

[46] Ол / Аллаһ / : «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», - деді

[47] Ол / Нұх / : «Раббым! Өзім білмеген нәрсенісұраудан Өзіңе сыйынып, қорғауыңды тілеймін. Егер мені кешірмесең және маған рақым етпесең, зиян көрушілерден боламын», - деді

[48] «Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге / болған / үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге / кәпір / қауымдарды / дүниеде / пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», - делінді

[49] Ей, Мұхаммед! / Міне, осы ғайып хабарлардан, оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын сен де, қауымың да, бұл туралы білмеген едіңдер. Ендеше, сабыр ет, анығында соңғы нәтиже - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін

[50] Ад еліне ағайындары Һұдты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Негізінде, сендер - өтірікті ойдан шығарушысыңдар

[51] Әй, елім! Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, менің сыйымды өзімді жаратқан береді. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[52] Әй, елім! Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер. Әрі Оған тәубе етіңдер / істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуғақайтыңдар / . Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді және сендердің күш-қуаттарыңа күш-қуат қосады. Қылмыскер болып, теріс бұрылмаңдар», - деді

[53] Олар: «Ей, Һүд! Сен бізге анық дәлел келтірмедің. Біз сенің сөзіңе бола құдайларымызды тастамаймыз әрі саған сенуші емеспіз

[54] Біз тек, саған құдайларымыздың бірінің кесірі тиген екен дейміз», - деді. / Һүд / : «Мен Аллаһты куә етемін және сендер де куә болыңдар. Менің қатысым жоқ, сендердің серік қосып

[55] Одан басқаға табынғандарыңа. Барлығың маған қарсы айла-шарғы жасап, мұрсат бермендер

[56] Ақиқатында, мен өзімнің Раббым және сендердің де Раббың - Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Ол кекілінен ұстамаған бірде-бір тірі жан жоқ. Ақиқатында, Раббым тура жолда

[57] Егер теріс бұрылсаңдар, мен шынында сендерге немен жіберілсем, соны өздеріңе жеткіздім. Әрі Раббым сендерді басқалармен алмастырады да, сендер Оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Ақиқатында, Раббым - әрбірнәрсені Сақтаушы», - деді

[58] Әміріміз келген кезде, Һұдты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі Біз оларды ауыр азаптан құтқардық

[59] Міне, осы Ад елі өздерінің Раббысының белгі - дәлелдерін теріске шығарды және Оның елшілеріне бағынбады. Әрі олар әрбір өктемшіл қасарушының әміріне ерді

[60] Олар осы өмірде де және Қайта тірілу күні де лағнетте қалды. Біліңдер, Ад елі өздерінің Раббысына күпірлік етті / сенбеді, қарсы келді / .Һұдтың қауымы - Аддықтар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын

[61] Сәмүд еліне ағайындары Салихті / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ақиқатында, Раббым - өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», - деді

[62] Олар: «Ей, Салих! Сен осыған дейін біздің арамызда үміт күтілген жан едің. Енді бізді аталарымыз табынған нәрсеге табынудан тиясың ба? Негізінде, біз сенің шақырғаныңнан күмән-күдіктеміз», - деді

[63] Ол / Салих / : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім нәсіп етіп, мен Оған бойсұнбасам, сонда мені Аллаһтан кім қорғайды? Сендер маған зияннан басқа еш нәрсе арттырмайсыңдар

[64] Әй, елім! Мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір мұғжиза-белгі. Ол Аллаһтың жерінде жайылып жүрсін, оны жайына қалдырыңдар. Оған жамандық істеп, тиіспеңдер. Әйтпесе, сендерге жақын тұрған азап тиеді», - деді

[65] Олар оның сіңірін кесіп тастады / өлтірді / . Салих: «тұрақтарыңда үш күн рахаттана тұрыңдар. бұл - жалған болмаған бір уәде», - деді

[66] Әміріміз келген кезде, Салихты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі сол күннің қорлығынан да. Ақиқатында Раббың - бәрінен Күшті, өте Үстем

[67] Әділетсіздік еткендерді бір сайха алып, олар үйлерінде етпеттеген / бетін жерге қаратып өлген / күйі қалды

[68] Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Біліңдер! Сәмүд елі Раббысына күпірлік етті / иманға келуден бас тартты / . Сәмүдтықтар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын

[69] Біздің елшілеріміз Ибраһимге хош хабармен келді. Олар: «Сәлем» / амандық болсын / , - деді. Ол да: «Сәлем» / амандық болсын / , - деді. Сөйтіп, ол көп күттірмей, отқа қыздырылып пісірілген бұзауды әкелді

[70] Олардың / тамаққа / қолдарын созбағанын көріп, оларды жатырқап, қауіптеніп қалды. Олар: «Қорықпа! Негізінде, біз Лұттың еліне жіберілгенбіз», - деді

[71] Оның / Ибраһимнің сол жерде / тұрған әйелі күліп жіберді. Біз оны Исхақпен және Исхақтың артынан Яғқұппен сүйіншіледік

[72] Ол / Ибраһимнің жұбайы / : «бұл бір ғажап екен?! Өзім кемпір, ал мына күйеуім шал болса, сонда да туамын ба? Анығында, бұл таңқаларлық нәрсе екен!» - деді

[73] Олар / періштелер / : «Сен Аллаһтың әміріне таңқалып тұрсың ба? Ей, үй иелері! Сендерге Аллаһтың мейірімі және берекелері болсын. Шын мәнінде, Ол - аса Мақтаулы, өте Даңқты», - деді

[74] Ибраһимнен қорқыныш кетіп, оған сүйінішті хабар келген кезде, ол Бізбен Лұт елі жайында сөз қозғай бастады

[75] Анығында, Ибраһим ұстамды, беріле бойсұнушы әрі / Раббысына әрдайым / қайтушы еді

[76] Олар / періштелер / : «Ей, Ибраһим! мұны қой! Ақиқатында, Раббыңның әмірі келді, оларға кері қайтарылмайтын азап келе жатыр», - деді

[77] Біздің елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олардың келуімен қынжылып әрі шарасыздана: «бұл - бір ауыр күн», - деді

[78] Сонда қауымы оған асыға жетіп келді. Олар жаман істерді бұрыннан жасайтын. Ол / Лұт / : «Әй, елім! Мына менің қыздарым, олар - сендер үшін таза. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / ! Әрі қонақтарыма қатысты мені қорламаңдар. Араларыңда бір дұрыс кісі болмағаны ма?» - деді

[79] Олар: «Қыздарында біздің хақымыз / олардың бізге, біздің Оларға қажетіміз / жоқ екенін білесің ғой. Негізінде, біздің не қалайтынымызды сен жақсы білесің», - деді

[80] Ол / Лұт / : «Әттең! Менде сендерге қарсы бір күш-қуат болса еді. Немесе мықты бір таянышым болса еді», - деді

[81] Олар / періштелер / : «Ей, Лұт! Ақиқатында, біз - Раббыңның елшілеріміз. Олар саған жете алмайды. Түннің бір бөлімінде үй-ішіңді алып шық. Әрі сендерден ешкім бұрылмасын. Тек сенің әйеліңе ғана, оларға тиетін / апат / тиеді. Ақиқатында, олардың белгіленген мезгілі - таң. Таң жақын емес пе?» - деді

[82] Біздің әміріміз келген кезде, олардың ауылдарын / төңкеріп / астын үстіне келтірдік. Әрі үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық

[83] сондай, Раббыңның құзырында таңбаланған / тастармен / . Әрі ол / жаза / әділетсіздерден алыс емес

[84] Мәдиян еліне, ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуді және таразығатартуды кемітпеңдер. Мен сендердің жағдайларыңның жақсы екенін көрудемін. Бірақ, мен сендерді орап алушы Күннің / Қияметтің / азабы тұтуынан қорқамын

[85] Әй, елім! Өлшеуді және таразыға тартуды әділдікпен, толық орындаңдар және адамдардың заттарын өлшеуде кемітпеңдер! Әрі жер бетінде бұзушылық жасап бүлдірмеңдер

[86] Егер иманды болсаңдар, Аллаһтың сендерге қалдырғаны өздерің үшін қайырлы. Ал, мен сендерді күзетуші емеспін», - деді

[87] Олар: «Ей, Шұғайып! Ата-бабаларымыз табынып келгенге табынуды немесе өз дүниелерімізге қалағанымызды істеуден бас тартуымызды, саған сенің намазың бұйыра ма? Негізінде, сен «ұстамды, тура жолды тапқан адамсың», - деді / келеке етіп

[88] Ол / Шұғайып / : «Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған жақсы бір ризық берген болса, мен сендерге тыйым салған нәрсені өзім істеп, сендерге айтқаныма өзім кереғар келуді қаламаймын. Негізінде, мен шамам жеткенше, түзетуді ғана қалаймын. Әрі менің табысты болуым / маған көмек / тек бір Аллаһтан. Мен Аллаһқа • жүгініп, өзімді Оған тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі істеген күнәм үшін шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтамын / тәубе етемін

[89] Ей, елім! Менімен келіспей бөлінулерің, сендерді Нұх елі, не Һүд елі немесе Салих елі ұшыраған сияқтыға ұшыратпасын! Әрі Лұт елі де сендерден алыс емес

[90] Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер / . Ақиқатында, Раббым - ерекше Мейірімді, жақсы көруші»

[91] Олар: «Ей, Шұғайып! Біз сен айтқанның көбін түсінбейміз. Әрі сені арамызда әлсіз көреміз. Егер де ағайындарың болмағанда, саған қатты ұрысушы едік. Сондай-ақ, сенің біздің алдымызда қадірің жоқ», - деді

[92] Ол: «Әй, елім! Сендерге менің ағайындарым Аллаһтан қадірлі ме? Сендер оны / Аллаһтың бұйрықтарын / ІШ арттарыңда қалдырдыңдар. Ақиқатында, Раббым не істеп жатқандарыңды Қамтушы

[93] Әй, елім! Әрекеттеріңді білгендеріңше жалғастыра беріңдер, мен де әрекет етушімін. Қорлайтын азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін жақында білесіңдер. Енді күтіңдер! Мен де - сендермен бірге күтушімін», - деді

[94] Ал, әміріміз келген кезде, Шұғайып және онымен бірге иманға келгендерді Өз мейірімімізбен құтқардық. Әрі әділетсіздік еткендерге бір сайха тұтты. Сөйтіп, олар үйлерінде етпеттеген күйде қалды

[95] Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Міне, солай, Самуд елі алыстатылғандай, Мәдиян елі де / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын

[96] Біз Мұсаны белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік

[97] Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Олар Фиръаунның әміріне ерді. Ал, Фиръаунның әмірі дұрыс емес еді

[98] Ол / Фиръаун / Қайта тірілу / қиямет / күні елінің алдында жүріп, оларды Оттағысуатқа алып келеді. Олар баратын суатнеткен жаман

[99] Олардан осы өмірде де, Қайта тірілу / қиямет / күні де қарғыс қалмайды. Бұл берілген сый неткен жаман

[100] Ей, Мұхаммед! / Міне, осы елді мекендердің кейбір хабарларын саған баян етеміз. Олардың кейбірі орнында тұр, ал кейбірі орылған / жойылған

[101] Біз оларға әділетсіздік етпедік. Олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті. Раббыңның әмірі келген кезде, Аллаһтан өзге жалбарынған құдайлары оларға ешбір пайда келтірмеді. Әрі Оларға зияннан басқаны арттырмады

[102] Әділетсіз елді мекендерді ұстаған кезде, Раббыңның ұстауы / жазалауы / осындай болды. Ақиқатында, Оның ұстауы / жазалауы / -күйзелтуші, қатты

[103] Ақиқатында, мұнда соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабынан қорыққандар үшін ғибрат бар. Бұл - барлық адамдар жиналатын күн. Әрі барлығы қатысатын күн

[104] Біз оны / қайта тірілетін күнді / белгіленген бір мерзімге дейін ғана кешіктіреміз

[105] Ол / қайта тірілетін күн / келген күні, ешбір жан Оның рұқсатынсыз сөйлемейді. Олардың ішінде бақытсызы да, бақыттысы да болады

[106] Сонда бақытсыз болғандар Отта болады. Оларға ол жерде ыңырану мен өкіру бар

[107] Олар - аспандар мен жер тұрғанынша, онда / тозақта / мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Ақиқатында, Раббың - Өзінің қалағанын Орындаушы

[108] Ал, бақытты етілгендер - Жәннатта. Олар - аспандар мен жер тұрғанынша, он­да мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Бұл - бір толассыз сый

[109] Ей, Мұхаммед! / Олардың табынғандарына қатысты күмәнда болма. Олар ата-бабалары бұрын табынғандары секілді табынады. Біз олардың үлестерін кемітпей, толық қайтарамыз

[110] Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітап бердік, ал ол туралы / қауымы арасында / келіспеушілік туды. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір сөз болмағанда, олардың араларына шешім шығарылған болар еді. Негізінде, бұлар бұған / Құранға / қатысты күмән - күдік ішінде

[111] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың барлығына, олардың амалдарына сай толық қайтарымын береді. Шын мәнінде, Ол - олардың не істеп жатқандарынан Хабардар

[112] Сен өзіңе бұйырылғандай туралықты ұстан әрі сенімен бірге тәубе еткендер де / туралықты ұстансын / . Әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші

[113] Әділетсіздік еткендерге сүйенбеңдер. Онда сендерге тозақ оты тиеді әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Содан кейін сендерге көмек көрсетілмейді

[114] Ей, Мұхаммед! / Күндіздің екі шетінде және түннің белгілі мезгілдерінде намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Ақиқатында, жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Міне, осы - еске алушылар үшін еске салу, / ескерту

[115] Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді

[116] Сендерге дейінгі ұрпақтардың ішінде, жер бетінде бұзықтықтан қайтаратын даналық иелері болғанда / елдеріне зор пайда әкелер еді / . Алайда құтқарғанымыздан олардан өте азы болды. Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қылмыскер болды

[117] Тұрғындары түзу болып тұрған елді мекендерді, сенің Раббың әділетсіздікпен жоймайды

[118] Егер де Раббың қалағанда, адамдарды бір-ақ үммет етер еді. Ал, олар қайшылыққа түсулерін үнемі жалғастыруда

[119] {тек Раббыңның рақым еткендері ғана / одан аман / }т Ол / Аллаһ / оларды осы үшін жаратты. Раббыңның: «Мен Жаһаннамды жындар және адамдардың бәрімен толтырамын», - деген сөзі орындалды

[120] Ей, Мұхаммед! / Біз саған елшілер жайлы хабарларды, жүрегінді орнықтыру үшін баян етеміз. Саған Мұнда ақиқат және иманға келгендер үшін насихат әрі еске салу / ескерту / келді

[121] Иманға келмегендерге: «Әрекеттеріңді осылайша жалғастыра беріңдер, біз де әрекет етеміз

[122] Күтіңдер, анығында біз де күтушіміз», - деп айт

[123] Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Әрі істердің барлығы Оған қайтарылады. Оған құлшылық ет және Оған жүгініп, өзіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сендердің Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес

Жүсіп

Surah 12

[1] Әлиф, Ләм, Ра. бұлар - анық Кітаптың аяттары

[2] Ақиқатында, Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран етіп түсірдік

[3] Ей, Мұхаммед! / Біз саған осы Құранды уахи етіп, оқиғалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде, сен бұдан бұрын хабарсыздардан едің

[4] Кезінде Йусуф әкесіне: «Әкешім! Мен түсімде он бір аспан денесін / ғаламшарды / , күнді және айды көрдім. Олардың маған сәжде етіп тұрғанын көрдім», - деді

[5] Ол / әкесі / : «Әй, балам! Түсіңді бауырларыңа айтпа! Әйтпесе, олар саған бір құлық ойластырар. Анығында, шайтан - адам баласына анық жау», - деді

[6] Міне, осылай Раббың сені таңдап, саған түстердің жоруын үйретеді. Әрі алдыңғы аталарың Ибраһим және Исқаққа игілігін толық етіп бергендей, саған және Йаъқубтың әулетіне де игілігін жеткізіп, толық етіп береді. Ақиқатында, Раббың - бәрін Білуші, аса Дана

[7] Шын мәнінде, Йусуф пен оның бауырларында сұраушылар үшін белгі-ғибраттар бар

[8] Кезінде олар / ағалары / : «Біз бір топ болсақ та, Йусуф және оның інісі әкеміз үшін бізден гөрі сүйіктірек. Негізінде, әкеміз анық адасуда», - деді

[9] «Йусуфты өлтіріңдер немесе оны бір жерге апарып тастаңдар. Сонда әкелеріңнің жүзі сендерге бұрылады. Ал, содан кейін түзу адамдардан боласыңдар»

[10] Олардың ішіндегі біреуі: «Йусуфты өлтірмеңдер, егер бірнәрсе істейтіндей болсаңдар, оны құлықтың түбіне тастаңдар, жүргінші керуеннің бірі тауып алсын», - деді

[11] Олар / Йаъқубқа келіп / : «Әй, әкеміз! Йусуфке байланысты бізге сенбейтіндей саған не болды? Негізінде, біз - оған жақсылық тілеушіміз

[12] Ертең оны бізбен бірге жібер. Жүгірсін, ойнасын. Біз оны қорғаушымыз», - десті

[13] Ол / Йаъқуб / : «Сендердің оны алып кетулерің мені уайымға салады. Әрі сендер қаперсіз қалғандарыңда, оны қасқыр жеп кетуінен қорқамын», - деді

[14] Олар: «Біз бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, онда біз зиянға ұшыраушылардан боламыз», - десті

[15] Сонда олар оны алып кетіп, құлықтың түбіне тастауға келісті. Біз оған / Йусуфке / : «Әлбетте, сен / әлі / оларға осы істерінің хабарын бересің, олар сені сезбейді», - деп уахи еттік

[16] Олар кешке әкелеріне жылап келді

[17] Олар: «Уа, әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Йусуфты заттарымыздың қасында қалдырған едік, сонда оны қасқыр жеп кетіпті. Енді шын сөзділерден болсақ та, сен бізге сенбейсің», - деді

[18] Сондай-ақ олар оның көйлегіне өтірік қан жағып әкелді. Ол: «Жоқ, олай емес! Сендерге көңілдерің бір істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр / керек / . Сендер айтқан жағдайға байланысты тек бір Аллаһтан ғана көмек сұралады», - деді

[19] Сонда бір керуен келіп, су тасушысын жіберді де ол қауғасын құдыққа са­лып: «Ой, сүйінші! Бұл - бір ұл бала», - деді. Олар оны сауда заты ретінде жасырып қойды. Ал, Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Білуші

[20] Сөйтіп / ағалары / Олар одан құтылу үшін оны болмашы бағаға - санаулы дирхамға сатты

[21] Оны сатып алған мысырлық өз әйеліне: «Оған жақсылап қара. Мүмкін ол бізге пайда әкелер немесе бала етіп алармыз», - деді. Осылай оны ол жерде / Мысырда / орнықтырдық әрі оған түстердің жоруын үйрету үшін. Аллаһ - ісін соңына жеткізуші, алайда, адамдардың көбі білмейді

[22] Ал, ол ержеткен кезде, Біз оған үкім және білім бердік. Жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын Біз осылай береміз

[23] Ол тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақшы болды. Сөйтіп есіктерді жауып: «Бері кел!» - деді. Ол: «Пана тілеп, Аллаһқа сиынамын. Ақиқатында, ол / күйеуің / менің қожайыным, маған қарап, жақсы орын берді. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді

[24] Ол / әйел / оны қалады. Егер Раббысының белгісін көрмегенде, оның да / Йусуфтың да / оған ойы кетер еді. Біз одан жамандықты және жиіркенішті нәрсені бұруымыз үшін осылай еттік. Өйткені, ол тазартылған, ықыласты құлдарымыздан еді

[25] Сонда екеуі есікке жүгірді де әйел оның көйлегін арт жағынан жыртты. Есік алдында екеуі оның / әйелдің / қожайынына тап болды. Ол / әйел еріне / : «Сенің жұбайыңа жамандық қалаған біреуге түрме немесе қинаушы азаптан басқа жаза жоқ», - деді

[26] Йусуф / : «Ол менің көңілімді өзіне тартпақ болды», - деді. Әйелдің үй-ішінен біреуі куәлік беріп: «Егер оның көйлегі алдынан жыртылса, онда әйел шын айтты, ал, ол өтірікшілерден

[27] Ал, егер оның көйлегі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да, ол - шын сөзділерден», - деді

[28] Оның көйлегінің арт жағынан жыртылғанын көрген кезде ол / күйеуі / : Негізінде, бұл - сендердің / әйелдердің / қулық-сұмдықтарыңнан. Ақиқатында, сендердің қулық-сұмдықтарың өте үлкен

[29] Йусуф! бұл істен теріс бұрыл. Ал сен / қатын / , күнәң үшін кешірім тіле. Анығында, сен әдейі қателесушілерден / күнәһарлардан / болдың», - деді

[30] Қаладағы әйелдер: «құрметті кісінің әйелі жас қызметшісін еліктіріп, азғырғысы келіпті. Ол әйел оған қатты құмар болыпты. Біз оны анық адасушылықта көреміз», - десті

[31] Ол / әйел / олардың құлықтары жайлы естіген кезде, оларға / шақыру / жіберді. Әрі олар үшін сүйеніп отыратын орын әзірледі. Сөйтіп әрбіреуіне / жемістерді аршу, кесу үшін / пышақ беріп, / Йусуфке / олардың алдына: «Шық», - деді. Олар оны көрген кезде / таңырқай / оны ұлы санап, өз қолдарын кесіп алды. Олар: «Аллаһ пәк! Мынау адам емес, бұл ір құрметті періште ғой», - деді

[32] Ол / әйел / : «Мені осы себепті айыптадыңдар. Мен оны азғырғым келді, алайда, ол өзіне берік болды. Егер ол мен бұйырғанды істемесе, түрмеге жабылады әрі қор болушылардан болады», - деді

[33] Йусуф / : «Раббым! түрме маған олардың шақырып тұрғанынан сүйкімдірек. Егер, Сен менен олардың қулық-сұмдықтарын бұрмасаң, онда мен оларға қарай ауып, надандардың қатарында боламын», - деді

[34] Сонда Раббысы оның тілегіне жауап беріп / тілегін қабыл етіп / , одан олардың қулық-сұмдықтарын қайтарды. Ақиқатында, Ол - бәрін Естуші ,бәрін Білуші

[35] Содан соң, дәлелдерді көргендерінен кейін де, олар оны уақытша түрмеге жабуды жөн көрді

[36] түрмеге онымен бірге екі жігіт түсті. Олардың бірі: «Мен түсімде шарап сығып жатқанымды көрдім», - деді. Екіншісі: «Мен басымда нан көтеріп жүргенімді көрдім. Одан құстар жеп жатыр екен. Бізге оның жоруын айтып бер. Ақиқатында, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», - деді

[37] Ол: «Сендерге ризық етіп берілетін қандай да бір тағам келмесін, әлбетте ол келгенге дейін, оны түсіндіріп, екеуіңе айтып беремін. бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Ақиқатында, мен Аллаһқа сенбейтін адамдардың дінін тәрк еттім және олар Ақирет күніне күпірлік етушілер / оны теріске шығарушылар

[38] Әрі мен аталарым Ибраһимнің, Исқақтың және Йаъқубтың дініне ердім. Бізге Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосуымызға болмайды. бұл Аллаһтың бізге әрі адамдарға жасаған ұлы кеңшілігінен. Алайда, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді / т

[39] Ей, түрмелес жолдастарым. Бөлек-бөлек, түрлі иелер жақсы ма, әлде Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһ жақсы ма

[40] Сендердің Одан өзге табынатындарың өздерің және аталарың ат қойып алған бір есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірмеген. Үкім ету билігі тек бір Аллаһта. Ол Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді бұйырды. Міне, осы - тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді

[41] Ей, түрмелес жолдастарым. Сендердің бірің қожайынына шарап құйып беретін болады. Ал, екіншің дар ағашқа керіліп, оның басынан құстар шоқиды. Сендер менен жайын сұраған іс шешіліп қойылған

[42] Ол өзі құтылады деп білген біреуіне: «Қожайыныңның жанында мені еске ал», - деді. Алайда, шайтан оған қожайынының алдында оны еске алуды ұмыттырды да ол түрмеде бірнеше жыл қалып қойды

[43] Патша / бір күні / : «Мен түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық / сиырдың / жеп жатқанын және жеті жасыл масақты тағы сонша қурағандарын көрдім. Ей, уәзір, бектер! Егер түс жоритын болсаңдар, маған түсімнің жай-жапсарын айтып беріңдер», - деді

[44] Олар: «Бұл шым-шытырық түс екен. Біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», - деді

[45] Сонда әлгі екеудің құтылғаны, біршама уақыт өткеннен соң есіне / Йусуфты / алып: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін, мені / Йусуфке / жіберіңдер», - деді

[46] «Ей, Йусуф! Ей, шыншыл! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арығы жеп жатқандығын және жеті жасыл масақ пен сонша қурағандарының мәнісін айтып бер. Мен адамдарға қайта барармын, мүмкін олар / қадіріңді / білер», - деді

[47] Ол / Йусуф / : «Жеті жыл қатарынан егін егесіңдер. Орып алғандарыңды, тек өздерің жейтін азынан басқасын масағында қалдырыңдар

[48] Одан кейін жеті ауыр жыл келеді де, алдын ала жинап қамдағандарыңды жейді, тек сақтап қойған азынан басқа

[49] Осыдан кейін адамдарға жаңбыр жаудырылып және олар / жеміс / сығатын жыл келеді», - деді

[50] Патша: «Оны маған алып келіндер», - деді. Өзіне жіберілген кісі келген кезде, ол / Йусуф / : «Қожайыныңа қайтып бар. Одан, қолдарын кескен әйелдердің жай-жапсарын сұра. Ақиқатында, Раббым олардың қулық-сұмдығын Білуші», - деді

[51] Патша: «Сендер Йусуфты азғырған кезде не жағдай болған еді», - деп стра­ды. Олар / әйелдер / : «Аллаһ пәк! Біз ол жайында ешбір жамандық білмедік», - десті. Уәзірдің әйелі: «Қазір шындық ортаға шықты. Мен оны азғырған едім. Ал, ол шын сөзділерден», - деді

[52] Йусуф / : «Бұл оның / уәзірдің / менің оған жасырын / сыртынан / қиянат жасамағанымды білуі үшін. Аллаһ қиянатшылдардың қулық-сұмдығын оңғармайды / көмектеспейді

[53] Мен өз жанымды ақтамаймын. Егер Раббым мейірім етпесе, шын мәнінде, адам жаны - жамандыққа бұйырушы. Ақиқатында, Раббым - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[54] Патша: «Оны маған алып келіңдер. Мен оны өз адамым етіп аламын», - деді. Ол онымен сөйлескен кезде: «Анығында, сен бүгін біздің алдымызда мәртебеге ие, сенімді адамсың», - деді

[55] Ол / Йусуф / : «Мені осы жердің / елдің / қазыналарын үстінен / басқарушы етіп / қой. Негізінде, мен сақтауды / дұрыс жұмсауды / білушімін», - деді

[56] Біз осылай Йусуфты сол жерде / Мысырда / , өзі қалаған орынға жайғаса алатын етіп орнықтырдық. Біз мейірімімізді қалаған адамымызға нәсіп етеміз. Әрі Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейміз

[57] Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / сыйы болса - иманға келгендер және тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / үшін одан да қайырлы

[58] Бірде / Йусуфтың бауырлары келіп, оның алдына кірді. Сонда, ол оларды таныды. Ал, олар оны танымады

[59] Ол олардың жүктерін әзірлеткен кезде: «Бір әкедентуған бауырларыңды маған алып келіңдер. Менің өлшеуді толықтырып беретінімді әрі қонақ қабылдаушылардың қайырлысы екенімді көрдіңдер ғой

[60] Егер оны маған әкелмесеңдер, менің сендерге өлшеп берерім жоқ әрі маған жақындамаңдар», - деді

[61] Олар: «Біз оның әкесінің көңілін аулап, оны сұрап алуға тырысамыз әрі мұны, әлбетте, орындаймыз», - деді

[62] Ол / Йусуф / қызметкерлеріне: «Олардың / бидайға төлеген / заттарын жүктерінің ішіне салып жіберіңдер. Бәлкім, олар үйлеріне оралған кезде, мұны таныр әрі мүмкін қайтып келер», - деді

[63] Сөйтіп олар әкелеріне қайтып барғандарында: «Әй, әке! Бізге өлшеу тоқтатылды / астық берілмейтін болды / . Бауырымызды бізбен бірге жібер, сонда өлшемімізді аламыз. Анығында, біз - оны қорғаушымыз», - деді

[64] Ол / Йаъқуб / : «Бұдан бұрын оның бауырын сендерге сеніп тапсырғаным секілді, оны да сеніп тапсырайын ба? Аллаһ қорғауда бәрінен жақсы. Ол - мейірімділердің ең Мейірімдісі», - деді

[65] Олар жүктерін ашқан кезде, заттарының өздеріне қайтарылғанын көріп: «Әй, әкеміз! Енді не қалаймыз! Міне, мына заттарымыз да өзімізге қайтарылыпты, біз отбасымызды азықпен қамдаймыз және бауырымызды қорғаймыз. Әрі бір түйелік өлшеуді артық аламыз. Бұл - бір жеңіл өлшеу», - деді

[66] Ол / Йаъқуб / : «Мен оны маған қайтып алып келетіндеріңе Аллаһпен уәде бергендеріңе дейін сендермен бірге жібермеймін, бірақ өздерің қоршауға түсіп қалсаңдар, амал жоқ», деді. Олар уәделерін берген кезде, ол: «Айтқан сөздерімізге Аллаһ кепіл», деді

[67] Ол: «Әй, балаларым! Бір қақпадан кірмеңдер, бөлек-бөлек қақпалардан кіріндер. Мен сендерге Аллаһтан келгенге көмек бере алмаймын. Үкім ету иелігі Аллаһта ғана, мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / . Біреуге жүгініп, сенім артушылар / тәуекел етушілер / Оған / Аллаһқа / жүгініп, істерін тапсырсын / тәуекел етсін / », деді

[68] Олар, әкелері бұйырған жерден кірген кезде, бұл оларды Аллаһтан келгеннен құтқара алмады. Тек Йаъқубтың көңіліндегі бір қажеті орындалды. Ақиқатында, Біз үйреткендігімізден ол білім иесі болды, алайда адамдардың көбі білмейді

[69] Сонда олар Йусуфке кірген кезде, ол інісін қасына алып: «Шынында, мен сенің бауырыңмын. Олардың істегендеріне қайғырма», деді

[70] Олардың жүктерін әзірлеген кезде, ол / Йусуф / тостағанын інісінің жүгінің ішіне салып қойды. Кейін бір жаршы: «Әй, керуендегілер! Сендер ұрысыңдар!» деп айғайлады

[71] Оларға / ағалары / бұрылып: «Не жоғалттыңдар?» деді

[72] Олардың бірі: / «Патшаның ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Ал мен осыған жауаптымын», деді

[73] Ағалары: / «Аллаһпен ант етеміз. Біздің бұл жерге бұзықтық тарату үшін келмегенімізді сендер білесіңдер. Біз ұры емеспіз», деді

[74] Олар: «Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не болмақ?» деді

[75] Ағалары: / «Оның жазасы кімнің жүгінде табылса, соның өзі қайтарым болады. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз», деді

[76] Ол інісінің жүгінен алдын, олардың жүгін ақтара бастады. Кейін оны / ұрланған затты / бауырыныңжүгінен шығарды. Біз осылай Йусуфкеәдіс жасауды білдірдік. Патшаның заңы бойынша, ол бауырын алып қала алмайтын еді, егер Аллаһтың қалағаны болмағанда. Біз қалаған құлымыздың дәрежесін жоғарылатамыз. Әрбір білім иесінің үстінде білуші бар

[77] Ағалары: / «Егер ол ұрласа, ілгеріде оның бауыры да ұрлық жасаған еді», деді. Сонда Йусуф бұны көңілінде жасырып, оларға жарияламай / ішінен / : «Сендердің орындарың бұдан да жаман. Аллаһ айтып тұрғандарыңды жақсы Білуші», деді

[78] Олар: «Уа, мырза! Бұның жасы келген қарт әкесі бар. Сондықтан оның орнына біздің біреуімізді ал. Шын мәнінде, біз сені жақсылықты ықыласпен істеушілерден көреміз», деді

[79] Ол: «Затымызды жанынан тапқанның орнына өзгені алудан бізді Аллаһ сақтасын. Біз онда, әлбетте әділетсіздерден боламыз», деді

[80] Олар үмітсіздікке түсіп, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Әкелерінің сен­дерден Аллаһтың алдында серт алғанын білмейсіңдер ме? Әрі бұрын Йусуфке байланысты қателік жасадыңдар. Әкем рұқсат бергенге немесе мен үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін осы жерден кетпеймін. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы

[81] Әкелеріңе қайтып барып: «Әй, әкеміз! Шын мәнінде, ұлың ұрлық жасады. Біз білгенімізге ғана куәміз. Әрі біз ғайыпқа күзетші емеспіз / ғайыпты білмейміз

[82] Біз болған қаладан және біз бірге кел­ген керуеннен сұра. Негізінде, біз шын сөздіміз», деп айтыңдар», деді

[83] Ол / Йаъқуб / : «Сендерге көңілдерің бұл істі әдемі көрсетіп, қызықтырған екен. Енді көркем сабыр / керек / . Аллаһ олардың бәрін өзіме әкелуін үміт етемін. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , аса Дана », деді

[84] Ол олардан теріс бұрылып: «Ах, Йусуф!» деп күйінгенде, көздеріне ақ түсті, ол / қайғысын жұтып / төзімділік танытты

[85] Олар: «Аллаһқа ант етеміз, ауру болғаныңа немесе құрып таусылғаныңа дейін Йусуфты еске алуды қоймайсың», деді

[86] Ол: «Мен күйзелісімді де, күйінішімді де Аллаһқа ғана шағамын. Әрі Аллаһ­тан сендер білмейтін нәрсені білемін», деді

[87] «Әй, ұлдарым! Барып Йусуф пен оның бауырын іздеңдер! Әрі Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Анығында, Аллаһтың мейірімінен кәпір адамдар ғана үмітін үзеді», деді

[88] Олар оның / Йусуфтың / алдына кірген кезде: «Уа, мырза! Бізге және үй-ішімізге қиыншылық тиді. Әрі біз аз затпен келген едік. Сонда да бізге толық өлшеп әрі бізге қайыр-садақа бер. Ақиқатында, Аллаһ садақа берушілерге қайтарым сыйын береді», деді

[89] Йусуф: / «Сендер надан болған кездерінде Йусуфке және оның інісіне не істегендеріңді білесіңдер ме?»-деді

[90] Олар: «Сен, шынымен Йусуфсың ба?»-деді. Ол: «Мен Йусуфпын, ал мынау інім. Аллаһ бізге игілік етті. Кім тақуалық етсе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақ­танса / және сабыр етсе, ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің ақысын зая кетірмейді», деді

[91] Олар: «Аллаһпен ант етеміз. Аллаһ сені бізден жоғары қойды. Ал біз біле тұра қателесушілерден / күнәһарлардан / болдық»,-деді

[92] Ол: «Бүгін сендер жазғырылмайсыңдар. Аллаһ сендерді кешірсін, өйткені Ол мейірімділердің ең Мейірімдісі

[93] Менің көйлегімді алып барып, әкемнің бетіне тастаңдар, сонда ол көретін болады. Әрі барлығың үй-іштеріңмен маған келіңдер», деді

[94] Керуен шыққан кезде олардың әкесі: «Егер мені алжыды демесеңдер, ақиқатында, мен Йусуфтың иісін / тынысын / сезіп тұрмын», деді

[95] Олар / жанындағылар / : «Аллаһпен ант етеміз. Әрине, сен бұрынғы адасуыңдасың», деді

[96] Сүйінші хабар жеткізуші келген кезде ол көйлекті оның бетіне тастады, сонда ол қайтадан көретін болды. Ол: «Мен сендерге Аллаһ тарапынан сендер білмейтінді білемін демеп пе едім?» деді

[97] Олар / ұлдары / : «Әй, әкеміз! Біз үшін күнәларымыздың кешірілуін тіле! Шын мәнінде, біз біле тұра қателесушілерден болдық», деді

[98] Ол: «Сендер үшін Раббымнан кешірім тілейтін боламын. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», деді

[99] Олар Йусуфқа келгенде, ол ата-анасын жанына алды. Әрі: «Мысырға кіріңдер, Аллаһ қаласа амандықта болып», деді

[100] Сөйтіп ол ата-анасын жоғары, биік орынға отырғызды. Әрі олар оған / құрмет ретінде / маңдайларын жерге тигізді. Ол:«Уа, әкешім! Міне, бұрынғы көрген түсімнің жоруы осы. Раббым оны шындыққа шығарды. Әрі мені мен бауырларымның арасын шайтан наз'ғ (бұзу, араны бұзу) қылғаннан кейін / іріткі са­лып, бұзған соң / , Ол / Аллаһ / мені түрмеден шығарып сендерді шөл даладан келтіріп, маған игілік жасады. Ақиқатында, Раббым қалаған құлына өте Мейірбан.Ол бәрін Білуші, аса Дана

[101] Раббым! Сен маған билік бердің және түстердің жоруын үйреттің. Аспандар мен жердің Жаратушысы! Сен осы дүние және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / қамқоршымсың. Менің жанымды Мұсылман / Өзіңе бойсұнған / күйімде ал әрі мені ізгілерге қос!» / деді

[102] Ей, Мұхаммед! / Міне, бұлар ғайып хабарлардан, саған оны уахи етіп жеткіземіз. Олар құлық ойлап, не істейтіндеріне шешім қабылдаған кезде сен олардың қасында болмаған едің

[103] Әрі сен қанша қалап, тырыссаң да адамдардың көбі иманға келмейді

[104] Сондай-ақ сен ол / Құран / үшін олардан ақы сұрамайсың. Ол бүкіл әлемдер үшін еске салу / ескерту / ғана

[105] Әрі аспандарда және жерде қанша белгі-дәлелдер бар.Олар / имансыздар / оның жанынан өткенмен, оған назар салмайды

[106] Әрі, олардың көбі Аллаһқа, Оған серік қатқан түрде ғана сенеді

[107] Олар өздеріне Аллаһтың орап алушы азабының келуінен немесе Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / кенеттен, өздері сезбеген түрде келіп қалуынан қауіпсіз болды ма

[108] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Менің жолым осы. Мен Аллаһқа айқын дәлел үстінде шақырамын әрі маған ергендер де. Аллаһ / барлық кемшіліктен / пәк. Мен Аллаһқа біреуді / Оның иелігіндегі бір нәрседе үлесі бар деп / серік етіп қосушылардан емеспін», деп

[109] Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да, Біз тек елді мекен тұрғындарынан болған ер адамдарға уахи түсіріп, жібердік. Ал, енді олар жер бетінде жүріп, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанына назар салмай ма? Шын мәнінде, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[110] Елшілер үмітін үзген және өздерін өтірікшіге шығарылдық деп есептеген кезде, оларға жәрдеміміз келіп, Біздің қалағандарымыз ғана құтқарылды. Біздің азабымыз қылмыскер адамдардан қайтарылмайды

[111] Олар / пайғамбарлар / жайлы хабарларда ақыл иелері үшін ғибрат бар. бұл / Құран / ойдан шығарылған әңгіме емес, ол өзінен алдыңғыны растаушы, барлық нәрсенің анық түсіндірмесі әрі иманға келген адамдар үшін / тура жолды ұстануға / басшылық және мейірім

Рағыд

Surah 13

[1] Әлиф Ләм Ра. / Ей, Мұхаммед! / Бұл Кітаптың аяттары. Әрі Раббыңнан саған түсірілгендер ақиқат. Алайда, адамдардың көбі сенбейді

[2] Аллаһ Ол аспандарды тірексіз көтерген, оны / тіректі / болғанда көретін едіңдер, кейін Аршыға көтерілді. Әрі күн мен айды бағынышты етті. Олардың әрқайсысы белгіленген бір мерзімге дейін қозғалады. Ол бүкіл істерді басқарады әрі өздеріңнің Раббыңа жолығуға айқын сенулерің үшін белгі-дәлелдерді анық етіп түсіндіреді

[3] Әрі Ол жерді созып / жайып / және он­да берік орнатылғандарды / тауларды / әрі өзендерді пайда қылған және онда жемістердің әрбірінен жұп етіп екеу жасаған. Ол түнмен күндізді жабады. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-дәлелдер бар

[4] Әрі жерде бір-біріне көршілес жатқан бөліктер бар және жүзім бақтары, егіндер, бір тамырдан бірнеше болып және жалғыз болып шығатын құрма ағаштары бар. Олар бір сумен суғарылады, бірақ оларды тамақ ретінде бірінен-бірін артық етеміз. Ақиқатында, бұларда ақылмен ұғынатын адамдар үшін дәл елдер бар

[5] Ей, Мұхаммед! / Егер сен таң қалатын болсаң, олардың: «Біз топырақ болып кеткенімізде, жаңадан жаратыламыз ба?» дегендері таң қаларлық сөз. Міне, солар өздерінің Раббысына күпірлік еткендер / сенбеген, қарсы келгендер / . Әрі олар мойындарында бұғаулар болатындар және солар оттағылар. Олар ол жерде мәңгі қалушылар

[6] Олар сені жақсылыққа қарағанда жамандыққа / оның тез болуын сұрап / асықтырады. Оларға дейін осы секілді ғибрат аларлық жазалар болып өткен еді. Анығында, Раббың адамдарға, олардың әділетсіздік етіп жатқанына қарамастан кешірім Иесі. Негізінде, Раббың жазаны беруде де қатты

[7] Әрі сондай күпірлік етушілер / қарсы келушілер / : «Неге оған Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Шын мәнінде, сен бір ескертуші ғанасың. Әрі әрбір ел үшін / тура жолға шақыратын / жетекші бар

[8] Аллаһ әрбір ұрғашының нені көтеріп жүргенін және жатырлардың нені кемітіп, арттыратынын біледі. Әрбір нәрсе Оның алдында өлшеулі

[9] Ол ғайып пен анық нәрсені Білуші, өте Үлкен, бәрінен Жоғары

[10] Сендерден кім сөзді жасырса да, не оны жария сөйлесе де және кім түнде жасырынып, күндіз ашық шықса да / Оған / бәрі бірдей

[11] Оның / әрбір адамның / алдында әрі артында, Аллаһтың әмірі бойынша қорғайтын муъаққибат / одан айрылмай жүретін періштелер / пбар. Анығында, адамдар өздеріңдегіні / иман, бойсұну, ізгі амалдар, шүкіршілігін т. б. / 1178 өзгертпейінше, Аллаһ олардағыны өзгертпейді. Ал, Аллаһ бір елге жамандық қаласа, онда оны еш нәрсе қайтара алмайды. Әрі Одан өзге оларға ешбір қамқорлық етуші жоқ

[12] Ол / Аллаһ! сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді әрі ауыр бұлттарды пайда қылады

[13] Күннің күркіреуі Оны мақтап, дәріптейді және Одан қорыққандықтан періштелер де. Әрі Ол саъиқа жіберіп, онымен қалағанын ұрады. Ал олар / мүшріктер / болса, Аллаһ жайында сөз таластырады. Ал, Ол жазалауда өте қатты

[14] Ақиқаттың шақыруы / сиыну, дұға-тілектер / Оған / арналады!. Ал Одан өзге шақырылғандар еш нәрсемен жауап бермейді. / Серік қосушылар / суды аузына әкелу үшін екі қолын созған біреу тәрізді, алайда су оның аузына жетпейді. Кәпірлердің тілегі тек адасушылық ішінде

[15] Аспандардағы және жердегі әрбіреу ерікті және еріксіз түрде, таңертең және күндіздің соңында'84 Аллаһқа сәжде жасайды әрі олардың көлеңкелері де

[16] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аспандардың және жердің Раббысы кім?» деп. Айт: «Аллаһ!» деп. Айт: «Сендер өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтын біреулерді, Одан өзге қамқоршылар етіп алдыңдар ма?» деп. Айт: «Соқыр мен көруші тең бе немесе қараңғылықтар мен жарық тең бе? Я болмаса, олар Аллаһқа, Оның жаратқанындай жарататын, жаратулары Аллаһтың жаратуына ұқсас келетін ортақтар қоса ма?» деп. Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы. Әрі Ол Жалғыз, Біреу , бәрін Бағындырушы / »

[17] Ол аспаннан су түсіріп, аңғарлар өз мөлшеріне сай суға толды. Сонда, сел көпірген көбіктерді алып кетті. Сондай-ақ олардың әшекей немесе бір бұйым / жасауды / қалап, от ішіне салып еріткендерінен де сондай көбік / пайда / болады. Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылай етіп келтіреді. Көбік тарап жоғалады да адамдарға пайда келтіретін нәрсе жерде қалады. Аллаһ мысалдарды міне осылай береді

[18] Өздерінің Раббысына жауап бергендер үшін ең жақсысы / Жәннат / бар. Ал, Оған жауап бермегендер, жердегі нәрселердің барлығы және сонымен бірге тағы сондай нәрсе өздерінде болса, / құтылу үшін / оны өтем етіп төлер еді. Міне, осыларға есептің жаманы болады, олардың тұрағы Жаһаннам. Ол неткен жаман орын

[19] Ей, Мұхаммед! / Саған Раббыңнан түсірілгеннің ақиқат екенін білетін адам, соқыр адам секілді ме? Негізінде, мұны ақыл иелері естеріне алады

[20] Солар Аллаһпен болған уәделерін орындайтын әрі келісімдерін бұзбайтындар

[21] және солар Аллаһ жалғануын бұйырғанды жалғайтын және өздерінің Раббысынан қорқатын әрі Есептің жаман болуынан қауіптенетіндер

[22] және солар өздерінің Раббысының дидарын / разылығы мен сыйын / іздеп сабыр ететін және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын әрі өздеріне ризық етіп бергенімізден құпия және жария түрде жұмсайтын және жамандықты жақсылықпен кетіретіндер. Міне, солар үшін соңғы мекен

[23] ’Адн Жәннатының бақтары. Оған олар әкелері / ата-аналары / , жұбайлары және ұрпақтарының ізгі болғандарымен бірге кіреді. Оларға періштелер барлық қақпалардан кіріп

[24] «Сабыр еткендерің үшін сендерге «сәлем» / амандық болсын / !» дейді. бұл соңғы тұрақ қандай керемет

[25] Ал, Аллаһпен уәде бекіткеннен кейін оны бұзатындар және Аллаһ жалғауды бұйырғанды / туыстық қатынасты / үзетіндер әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндерге лағнет және тұрақтың жаманы / тозақ / бар

[26] Аллаһ қалаған құлына ризықты кеңітіп не тарылтып қояды. Ал, олар / қарсы келушілер / осы өмірге қуанып, мәз болуда. Бірақ осы өмір кейінгі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / қарағанда уақытша пайдалану ғана

[27] Әрі сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / : «Оған неге Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ қалаған құлын адастырып, ал Өзіне бойсұнып қайтушыны / тәубеге келушіні / тура жолға салады», деп

[28] Солар иманға келгендер және Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Аллаһтың Еске салуымен / Құранмен / тыныштық тауып, орнығады

[29] Сондай иманға келген және ізгі амал жасағандарға Туба (Жәннаттағы игі ағаш) әрі қайтар орынның көркемі бар

[30] Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын / өзге / үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / күпірлік етуде / сенбеуде, қарсы келуде / . Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / әрі Оған тәубе етемін / бойсұнуға қайтамын / », деп

[31] Әрі олар / : «Егер, бір Кітап болып, ол арқылы таулар жүргізіліп, немесе онымен жер тілімдене айрылып немесе онымен өліктер сөйлетілетін болғанда?» деді. Жоқ! Барлық әмір / билік, бұйрық, іс / Аллаһта. Иманға келгендер, Аллаһ егер қалағанда, адамдардың барлығын тура жолмен жүргізетінін білмей ме? Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / істеген істері үшін пәлекеттер тиеді немесе олардың тұрақ, мекендеріне жақын жерде болады. Бұл Аллаһтың уәдесі келгенге дейін жалғасады. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды

[32] Ей, Мұхаммед! / Анығында, сенен бұрынғы елшілер де келеке етілген еді. Мен сондай күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Жазалауым қандай екен

[33] Барлық жанды істеген ісімен бірге бақылап тұрушы Ол өзгелермен бірдей ме? Ал, олар Аллаһқа серіктер қосты. Айт: «Оларды атаңдаршы. Әлде сендер Оған жер бетінде Ол білмейтін бір нәрсенің хабарын бермекшісіңдер ме, әлде бұл бос сөз бе?» деп. Жоқ, керісінше, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа серік қосқандарға / қулықтары әдемі етіп көрсетіліп, олар жолдан тосылды. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ

[34] Оларға осы өмірде азап бар. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да ауыр. Әрі оларды Аллаһтан қорғаушы жоқ

[35] Тақуаларға / Аллаһқабойсұнып, жаза­сынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген жәннат бақтарының мысалы оның астынан өзендер ағып жатады, оның жемістері және көлеңкелері әрдайым тұрақты. Тақуалардың / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанатындардың / нәтижесі міне осындай. Ал, кәпірлердің соңы От / тозақ

[36] Ей, Мұхаммед! / Біз Кітап бергендерден саған түсірілгенге / Құранға / қуанатындар әрі / Аллаһтың Елшісіне қарсы / одақтас топтардың ішінде оның / Құранның / бір бөлігін теріске шығаратындар бар. Айт: «Шын мәнінде, мен Аллаһқа құлшылық етуге және Онымен қатар өзгелерге табынбауға / серік қоспауға / бұйырылдым. Әрі мен Оған шақырамын және Оған қайтамын», деп

[37] Осылай Біз оны / Құранды / үкім етіп, арабша түсірдік. Егер өзіңе білім келгеннен кейін олардың көңілқұмарлығына ерсең, сені Аллаһтан / Оның жазасынан / арашалайтын бір жәрдемші де, қорғаушы да болмайды

[38] Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да елшілер жібердік әрі оларға жұбайлар мен ұрпақтар бердік. Бірде-бір Елшінің Аллаһтың рұқсатымен болмаса, қандай да бір белгі-мұғжиза келтіруі мүмкін емес. Әрбір мерзімнің уақыты жазулы

[39] Аллаһ қалаған нәрсесін өшіреді әрі / қалағанын / бекітеді. Кітаптың анасы / түпнұсқасы / Оның құзырында

[40] Ей, Мұхаммед! / Саған оларға уәде етіп отырғанымыздың кейбірін көрсетсек те, немесе сенің жаныңды алсақ та, негізіңде саған жеткізу ғана міндет. Ал есеп алу Біздің міндетімізде

[41] Біздің жерді әр тарапынан кемітіп жатқанымызды олар көрмей ме?! Аллаһ үкім етеді, Оның үкімін қайтарушы жоқ. Ол есеп алуда жылдам

[42] Негізінде олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Ал, амал-тәсілдердің барлығы Аллаһта. Ол әрбір жанның не жинап жатқанын біледі. Кәпірлер жақында, соңғы тұрақтың / Жәннаттың / кімдікі болатынын біледі

[43] Ей, Мұхаммед! / Әрі сондай күпірлік етушілер / Елшіні теріске шығарушылар / : «Сен жіберілген / елші / емессің», дейді. Айт: «Мені мен сендердің арамызға, куә ретінде Аллаһ жеткілікті және өздерінде Кітап білімі барлар», деп

Ибраһим

Surah 14

[1] Әлиф, Ләм, Ра. / Ей, Мұхаммед! / Біз саған бұл Кітапты, адамдарды олардың Раббысының рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа шығаруың үшін түсірдік. Өте Үстем, аса Мақтаулының жолына

[2] Ол Аллаһ сондай, аспандардағы және жердегі барлық нәрсе Онікі. Ал, кәпірлерге ауыр азаптан қасірет бар

[3] Олар осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / артық көреді әрі Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға / бұрмалауға / ұмтылады. Міне, солар ұзақ адасуда

[4] Біз әрбір Елшіні, анық түсіндіруі үшін өз елінің тілімен жібердік. Аллаһ қалаған адамын адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол өте Үстем, аса Дана

[5] Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен: «Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар және Аллаһтың күндерін олардың естеріне сал», деп жібердік. Ақиқатында, Мұнда әрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушіге / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушіге! ғибраттар бар

[6] Сонда Мұса өз еліне: «Аллаһтың сендерді Фиръаунның әулетінен құтқарып, өздеріңе жасаған игілігін еске алыңдар. Олар, сендерді ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдырып, ең жаман азапқа салатын еді. Міне, осында сендерге, өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар», деген еді

[7] Әрі сонда сендердің Раббың: «Егер шүкір етсеңдер / берген игіліктеріме алғыс білдірсеңдер!, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер / игіліктерімді мойындамасаңдар / , шын мәнінде азабым өте қатты», деп жариялады

[8] Мұса: «Егер сендер және жер жүзіндегілердің барлығы күпірлік етсе де / Раббысының игіліктерін мойындамаса да / , анығында, Аллаһ онсыз да өте Бай, аса Мақтаулы

[9] Сендерге өздеріңнен ілгері өткен Нұх, Ад және Сәмүд елдерінің әрі олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Оларға елшілері анық дәлелдермен келді. Сонда олар қолдарымен ауыздарын жауып әрі: «Біз сендер арқылы жіберілгенге сенбейміз және сендер бізді шақырып жатқан нәрседен күмән-күдіктеміз», деді

[10] Оларға / жіберілген / елшілер: «Аспандарды және жерді жоқтан бар еткен Аллаһ жайында / сендерде / күмән бар ма? Ол сендерді күнәларыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беру үшін шақырады», деді. Олар: «Сендер бар болғаны біз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер», деді

[11] Оларға / жіберілген / елшілер: «Біз бар болғаны сендер секілді адамбыз. Бірақ Аллаһ құлдарынан Өзі қалағанына игілік көрсетеді. Біз сендерге Аллаһтың рұқсатымен болмаса, белгі дәлел келтіре алмаймыз. Имандылар / мүміндер / Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін

[12] Бізді тура жолымызбен жүргізген Аллаһқа, біз ісімізді қалайша сеніп тапсырмаймыз / тәуекел етпейміз / . Біз сендердің көрсеткен жәбірлеріңе міндетті түрде сабыр етеміз. Біреуге жүгініп, сенім артушылар / тәуекел етушілер / , Аллаһқа ғана жүгініп, Оған істерін тапсырсын / тәуекел етсін / », деді

[13] Әрі сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / өз елшілеріне: «Біз сендерді міндетті түрде өз жерімізден шығарамыз немесе сендер біздің дінімізге қайтасыңдар», деді. Сонда оларға / елшілерге / Раббысы уахи етті: «Біз әділетсіздерді міндетті түрде жоямыз

[14] және олардан кейін сендерді сол жерге орналастырамыз. Бұл Менің алдымда тұрудан қауіп еткендер және Менің ескертуімнен қорыққандар үшін», -деп

[15] Әрі олар шешім шығаруын сұрады, алайда, әрбір қасарысқан зәбір көрсетуші зиянға ұшырады

[16] Оның артынан / зияннан кейін / Жаһаннам (Тозақ) бар. Әрі оған іріңнен су ішкізіледі

[17] Ол оны жұтады, бірақ тамағынан зорға өткізеді және оған өлім / азабы / барлық жақтан келеді. Бірақ ол өлмейді. Ал, осының артынан ауыр азап бар

[18] Раббысына күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / амалдарының мысалы дауылды күнде жел ұшырған күл тәрізді. Жинағандарынан / істеген амалдарынан / ешбір нәрсеге иелік етуге олардың шамасы келмейді. Міне, осы - мүлдем адасу

[19] Аллаһтың аспандарды және жерді ақиқатпен жаратқанын көрмедің бе? Ол қаласа сендерді кетіріп, жаңадан жаратылғандарды әкеледі

[20] Ал, бұл Аллаһқа қиын емес

[21] Олардың барлығы Аллаһтың алдына шығады. Сонда әлсіздер өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге ілескен едік, енді сендер бізді Аллаһтың бірер азабынан құтқара аласыңдар ма?» дейді. Олар: «Егер де Аллаһ бізді тура жолға салғанда, біз де сендерге тура жолды көрсетер едік. Шыдамасақ та, не сабыр етсек те, біз үшін / екеуі де / бірдей бізге қашып құтылар жер жоқ», дейді

[22] Ал, іс біткен кезде шайтан: «Ақиқатында, Аллаһтың сендерге берген уәдесі хақ уәде еді. Мен де сендерге уәде еттім, алайда, сендерді алдадым. Менің өздеріңді шақырғаным ғана болмаса, сендерге ешқандай билігім жоқ еді. Сонда да сендер маған жауап бердіңдер. Енді мені кінәламаңдар, керісінше, өздеріңді кінәлаңдар. Мен сендерге көмек бере алмаймын, сондай-ақ, сендер де маған көмек бере алмайсыңдар. Сендердің бұрын мені Аллаһқа серік етіп қосқандарыңнан бас тартамын», дейді. Ақиқатында, әділетсіздерге қинаушы азап бар

[23] Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізіледі. Олар Раббысының рұқсатымен ол жерде мәңгі тұрады. Ол жердегі олардың сәлемдесулері: «Сәләм!» / амандық болсын / болады

[24] Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың жақсы сөзді қалай мысал етіп келтіргенін көрмедің бе? Жақсы сөз жақсы ағаш секілді, оның тамыры мықты, бұтағы аспанда

[25] Ол Раббысының рұқсатымен жемісін әрдайым беріп тұрады. Аллаһ мысалдарды адамдар ескеріп, ғибрат алулары үшін келтіреді

[26] Ал, жаман сөздің мысалы жердің бетінен жұлып алынған, / тамыры / орнықсыз жаман ағаш сияқты

[27] Аллаһ иманға келгендерді осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / жақсы сөзбен / “Лә иләһә иллаллаһ” куәлігімен / мықтап бекітеді. Ал, әділетсіздерді Аллаһ адасуға ұшыратады әрі Аллаһ Өз қалағанын жасайды

[28] Аллаһтың берген игілігін күпірлікке / теріске шығаруға, қарсы келушілікке / ауыстырып әрі қауымын апат мекеніне жайғастырғандарды көрмедің бе

[29] Сондай, өздері жанатын Жаһаннамға (Тозаққа)? Ол неткен жаман орын

[30] Олар Аллаһтың жолынан адастыру үшін, Оған өзгелерді теңдес етті. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Пайдалана тұрыңдар, қайтатын жерлерің От!» деп

[31] Ей, Мұхаммед! / Иманға келген құлдарыма айт: «Намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындасын және сауда да, достық та болмайтын Күн келмей тұрып, Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жасырын әрі жария түрде жұмсасын», деп

[32] Аллаһ, Ол аспандарды және жерді жаратты әрі аспаннан су түсіріп, онымен сендерге азық етіп түрлі жемістерді шығарды және Өз әмірімен теңізде жүзуі үшін сендерге кемелерді бағындырды әрі сендерге өзендерді бағындырды

[33] Әрі Ол сендерге / пайдаларың үшін / күн мен айды белгілі тәртіппен қозғалатын етіп бағындырды және түн мен күндізді бағындырды

[34] Ол сендерге сұрағандарыңның барлығын берді. Аллаһтың игіліктерін санайтын болсаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Негізінде, адам баласы тым әділетсіз, тым шүкірсіз / Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірмейді

[35] Кезінде Ибраһим: «Раббым, осы қаланы қауіпсіз ет, мені және балаларымды пұттарға табынудан аулақ ет

[36] Раббым! Олар / пұттар / адамдардың көпшілігін адастырды. Енді кім маған ерсе, ол менен. Ал кім мені тыңдамаса, ақиқатында Сен өте Кешірімді, ерекше Мейірімдісің

[37] Раббымыз! Ақиқатында, мен ұрпағымнан / бір бөлігін / қасиетті етілген Үйіңнің / Қағбаның / жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері / берген игіліктеріңе алғыс білдіру / үшін оларды жемістермен ризықтандыр

[38] Раббымыз! Ақиқатында, Сен біздің нені жасыратынымыз, нені жария ететінімізді білесің. Жерде де, аспанда да еш нәрсе Аллаһтан жасырын қалмайды

[39] Барлық мақтау, маған қартайған шағымда Исмаъил мен Исхақты сыйлаған Аллаһқа! Ақиқатында, Раббым тілекті Естуші

[40] Раббым! Мені және ұрпағымды на­мазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал

[41] Раббымыз! Мені және ата-анамды әрі имандыларды Есеп алынатын күні кешіре гөр», деп тіледі

[42] Ей, Мұхаммед! / Әділетсіздердің не істеп жатқандығынан Аллаһты ғапыл / аңдамай қалушы / деп ойлама. Анығында, Ол оларға көздер қарап, қатып қалатын Күнге дейін мұрсат береді

[43] Сол күні / олар бастары кекшиіп асыға жүгіреді. Көздерімен қарағандары өздеріне қайтпайды, ал жүректерінде еш нәрсе болмайды / боп-бос болып қалады

[44] Ей, Мұхаммед! / Адамдарды, оларға азап келетін Күннен сақтандыр. Сон­да әділетсіздік еткендер: «Раббымыз! Бізге жақын бір мерзімге дейін мұрсат бер, Сенің шақыруыңа жауап беріп / бойсұнып / , елшілерге ереміз», дейді. / Оларға / : «Сен­дер бұрын өзгеру / жойылу / болмайды деп ант еткен жоқсындар ма

[45] Әрі сендер өздеріне әділетсіздік істегендердің мекендерінде / жұрттарында / тұрдыңдар және оларға не жасағанымыз сендерге белгілі болды. Әрі сендерге мысал-тәмсілдер келтірдік», деп жауап беріледі

[46] Олар өздерінше қулық • жасады. Егер айла-шарғылары тауларды жылжытса да, олардың барлық айла-шарғылары Аллаһтың билігінде

[47] Ей, Мұхаммед! / Аллаһ елшілеріне берген Өзінің уәдесін бұзады деп ойлама. Ақиқатында, Аллаһ өте Үстем, жазалау күшіне Ие

[48] Ол / Қиямет / күні жер басқа жерге ауыстырылады, сондай-ақ, аспандар да. Олардың барлығы Жалғыз, бәрін Бағындырушы Аллаһтың алдында тұрады

[49] Әрі ол күні сен қылмыскерлердің шынжырлармен бір-біріне қосақталып байланғанын көресің

[50] Олардың киімдері шайырдан / смоладан / болып, ал беттерін от орайды

[51] Аллаһ әрбір жанға істегенінің қайтарымын беруі үшін / осылай етеді / .' Ақиқатында, Аллаһ есепті тез алушы

[52] Бүл / Құран / адамдардың онымен ескертілуі және Оның жалғыз құдай екендігін білуі әрі ақыл иелері еске алулары / ғибраттанулары / үшін / жіберілген / бір хабар

Хижр

Surah 15

[1] Әлиф, Ләм, Ра. Бұл Кітаптың және анық Құранның аяттары

[2] Сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / өздерінің мұсылман болғанын қалайтын болады

[3] Ей, Мұхаммед! / Оларды жайына қалдыр. Жесін, рахаттансын, үміттері алдандыра тұрсын. Олар жақында біледі

[4] Біз ешбір елді мекенді, мерзімін алдын ала белгілемей тұрып жоймадық

[5] Бірде бір ел белгіленген мерзімінен оза алмайды және оны кейінге қалдыра алмайды

[6] Олар / мүшріктер / : «Әй, өзіне Еске салу / Құран / түсірілген! Негізінде, сені жын соққан

[7] Егер шын сөзділерден болсаң, бізге періштелерді әкелмейсің бе?» деді

[8] Біз періштелерді ақиқатпен ғана түсіреміз. Сонда оларға / имансыздарға / мұрсат берілмейді

[9] Ақиқатында, бұл Еске салуды / Құранды / Біз түсірдік әрі міндетті түрде оны Өзіміз сақтап-қорғаушымыз

[10] Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын, әуелгі өткен топтарға да / елшілер / жібергенбіз

[11] Әрі өздеріне қандай да бір Елші кел­се, олар / өткен қауымдар / сөзсіз оны келеке етті

[12] Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты / , міне, осылай ендіреміз

[13] Олар оған / Елшіге / сенбейді. Әрі олар­дан бұрынғылардың да басынан осындай жағдай өткен еді

[14] Егер Біз оларға аспаннан есік ашып, олар одан жоғары көтерілсе де

[15] олар: «Біздің көздеріміз байланған. Тіпті, Біз сиқырланған адамдармыз», деп айтар еді

[16] Біз аспанда жұлдыздар / аспан денелерін / жасап, қарайтындар үшін оны көріктендірдік

[17] Әрі оны / аспанды / әрбір қуылған шайтаннан қорғадық

[18] Ал, кім ұрланып тыңдаса, оны анық бір жалындаған аспан денесі қуады

[19] және жерді жайып, оған берік тұрғандарды / тауларды / тастадық / орнаттың / . Әрі онда өлшемі белгілеген әрбір нәрсені өсірдік

[20] Әрі онда / жерде / сендер үшін және сендер қоректендірмейтіндер үшін күн көріс негіздерін / тіршілік қажеттерін! жасадық

[21] Қазыналары Бізде болмаған бірде-бір нәрсе жоқ және Біз оны белгілі мөлшермен ғана түсіреміз

[22] Әрі Біз желдерді тозаңдандырушы / құнарландырушы / етіп жібердік. Аспаннан су түсіріп, онымен сендерді қамтамасыз еттік. Ал, оны сақтаушы сендер емессіңдер

[23] Ақиқатында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз әрі / барлығыжойылғанда / Біз / ие болып / қалушымыз

[24] Біз сендерден бұрын өткендерді де білдік әрі кейінгілерді де білдік

[25] Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Раббың, оларды жинайды. Ол аса Дана, бәрін Білуші

[26] Біз адамды қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жараттық

[27] Ал, жынды / адамнан / алдын, қызуы қатты / түтінсіз / оттан жараттық

[28] Раббың періштелерге: «Мен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен адам жаратамын

[29] Оны / тұла бойын жасап, / тіктегеннен кейін, оған Өзімдегі / иелігімдегі / рухтан үрлеген кезде, сәжде етіңдер», деді

[30] Сонда періштелердің барлығы түгелдей сәжде жасады

[31] Тек Ібіліс қана сәжде етушілермен бірге болудан бас тартты

[32] Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Ібіліс! Сәжде етушілермен бірге болмайтындай саған не болды?» деді

[33] Ібіліс / \ «Сен қара балшықтың өзгертіліп, кепкенінен жаратқан адамға сәжде етуіме болмайды», деді

[34] Аса ұлы Аллаһ / : «Ол жерден шық, сен енді қуылдың

[35] Саған Есеп күніне дейін лағнет бар», деді

[36] Ібіліс / : «Раббым! Маған, олар қайта тірілетін күнге дейін мерзімімді ұзарт», -деді

[37] Аса ұлы Аллаһ / : «Анығында, сен мерзімі ұзартылғандардансың

[38] Уақыты белгілі күнге дейін», деді

[39] Ібіліс / '. «Раббым, мені адастырғаның үшін оларға жерде / бойсұнбаушылықты / көрікті етіп көрсетемін және олардың барлығын адастырамын

[40] Бірақ, олардың ішіндегі тазарған құлдарыңды ғана адастыра алмаймын», деді

[41] Аса ұлы Аллаһ / : «Осы тура жол - Менде

[42] Ақиқатында, Менің құлдарыма / Маған шынайы құл болғандарға / олардың үстінен сенде билік жоқ. Тек адасқандардан, сондай саған ергендерге ғана / бар / »,- деді

[43] Ақиқатында, олардың барлығына уәде етілген орын - Жаһаннам (Тозақ)

[44] Оның жеті қақпасы бар. Әрбір қақпада олардан бөлінген бір бөлігі болады

[45] Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтарында

[46] Оларға / : «Оған бейбіт түрде, амандықпен кіріңдер», - / делінеді

[47] Біз олардың көкіректеріндегі реніш, қарсылықты алып тастаймыз. Олар өзара бауыр болып, жайлы орындарда, жүзбе-жүз қарап отырады

[48] Оларға ол жерде шаршау тимейді әрі олар ол жерден шығарылмайды

[49] Ей, Мұхаммед! / Құлдарыма Менің өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенімді хабарла

[50] әрі шын мәнінде, Менің азабымның да өте күйзелтуші азап екенін

[51] Оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы хабар бер

[52] Сол кезде олар оған кіріп: «Сәләм» / Амандық болсын / , деген еді. / Ибраһим / : «Анығында, біз сендерден қорқып тұрмыз»,- деді

[53] Періштелер / : «Қорықпа! Ақиқатында, Біз сені білімді бір ұлменен сүйіншілейміз»,- деді

[54] Ибраһим / : «Сендер мені, маған кәрілік жеткенде сүйіншілеп тұрсыңдар ма?! Немен сүйіншілемексіңдер?»- деді

[55] Олар / \ «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Үміт үзушілерден болма!»- деді

[56] Ибраһим / '. «Раббысының мейірімінен адасқандардан өзге кім үмітін үзеді?» -деді

[57] Ол / : «Ей, елшілер! Қандай жұмыспен жіберілдіңіз?» -деді

[58] Олар / \ «Анығында, Біз қылмыскер елге жіберілдік

[59] Лұттың үй-ішінен өзгелерге. Ақиқатында, Біз олардың / үй-ішінің / бәрін құтқарамыз

[60] тек оның әйелінен басқа»- / деді / . Біз оның қалуын үкім еттік

[61] Елшілер Лұттың үйіне келген кезде

[62] ол: «Сендер бейтаныс жандар екенсіңдер», -деді

[63] Періштелер / '. «Негізінде, біз саған олар / елің / күмән келтірген нәрсемен келдік

[64] Әрі біз саған ақиқатпен келдік және біз шын сөздіміз

[65] Түннің бір бөлігінде үй-ішіңді алып шық та өзің олардың соңынан жүр. Сендерден ешкім бұрылып қарамасын. Өздеріңе бұйырылған жаққа қарай жүріңдер», - деді

[66] Әрі Біз оған осы істі олардың соңы таң уақытында кесілетінін / жойылатынын / білдірдік

[67] Ал, қала халқы мәз болып жетіп келді

[68] Лұт / : «Анығында, бұлар менің қонақтарым. Мені масқара қылмаңдар

[69] Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / . Мені қорламаңдар», -деді

[70] Олар / : «Біз сені әлемдерден / бөгде адамдардан / тыймап па едік?»- деді

[71] Лұт / : «Егер сендер бұл тірлікті жасайтын болсаңдар / қажет болса / , мыналар - қыздарым», - деді

[72] Ей, Мұхаммед!! Сенің өміріңмен ант етемін! Негізінде, олар / құмарлыққа / мас болып / естерінен айрылып / , лағып жүр

[73] Сонда күн шыға бастағанда оларды сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) алды

[74] Біз оның / ол мекеннің / үстін астына келтірдік және олардың үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық

[75] Күмәнсіз, көре алатындар үшін Мұнда белгі-ғибраттар бар

[76] Анығында, ол / ел / белгілі жолдың бойында еді

[77] Әлбетте, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-ғибраттар бар

[78] Әрі шын мәнінде, Әйке елінің тұрғындары да әділетсіз болды

[79] Сондықтан Біз оларды жазаладық. Бұл екі қала да белгілі бір жолдың бойында орналасқан еді

[80] Сондай-ақ Хижр тұрғындары (Салих пайғамбардың қауымы) да елшілерді өтірікші санады

[81] Біз оларға белгілерімізді келтірдік. Бірақ олар одан теріс бұрылды

[82] Олар амандықта / жүріп / , таулардан үйлер қашайтын

[83] Сонда оларды таң уақытында сайха (азап, айқай-шу,қатты дауыс деген мағналарды қамтиды, яғни бір ащы дауыстан олар өлді) тұтты

[84] Сөйтіп, оларға / дүниеде / тапқандары пайда бермеді

[85] Біз аспандарды және жерді әрі ол екеуінің арасындағыларын ақиқатпен ғана жараттық. Шын мәнінде, Сағат / қиямет / сөзсіз келеді. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан сен көркем сыңай байқат

[86] Ақиқатында, Раббың Жаратушы, бәрін Білуші

[87] Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құрандағы / қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік

[88] Біз адамдардың кейбіріне берген нәрселерімізге көзіңді салма. Әрі олар үшін қайғырма. Ал, имандыларға / мүміндерге / қанатыңды игін

[89] Әрі: «Ақиқатында, мен тек анық етіп түсіндіретін ескертушімін», - де

[90] Серт бергендерге / азап / түсіргеніміз секілді

[91] Құранды бөліктерге ажыратқандарға да / азап түсіреміз

[92] Раббыңмен ант етемін! Біз олардың барлығын сұраққа тартамыз

[93] не істегендері жайында

[94] Ей, Мұхаммед! / Өзіңе бұйырылғанды ашық жарияла және Аллаһпен қатар өзгеге табынушылардан / мүшріктерден / теріс бұрыл

[95] Ақиқатында, Біз сені келеке етушілерден құтқардық

[96] сондай, өзге біреуді Аллаһпен қатар құдай етіп алатындардан. Жақында олар біледі

[97] Олардың айтып жатқандарынан сенің көкірегіңнің сығылатынын білеміз

[98] Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп мақтаумен дәріпте әрі сәжде жасаушылардан бол

[99] Өзіңе айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін Раббыңа құлшылық ет

Нахл

Surah 16

[1] Аллаһтың әмірі келді. Сондықтан оның тез болуын сұрамаңдар. Ол - пәк әрі олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары

[2] Ол періштелерді рухпен / уахимен / Өз әмірімен, құлдарынан қалағандарына / пайғамбарларға / : «Менен басқа ешбір құдай жоқ екенін ескертіңдер. Әрі Менен қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / »,- деп түсіреді

[3] Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты. Ол - олардың Оған қосқан серіктерінен жоғары

[4] Ол адам баласын бір тамшы / ұрық / судан жаратты. Міне, / енді /ол - анық қарсыласушы

[5] Әрі Ол малдарды жаратты. Оларда сендерге жылу / беретін / және өзге пайдалар бар. Әрі олардан азықтанасыңдар

[6] Сендер үшін оларда - кешке / өрістен алып / қайтқан кездеріңде және ертемен шығарған кездеріңде бір ұнамды көрік бар

[7] Әрі олар жүктеріңді артып, сендер жандарыңды қинап, әрең жететін өлкелерге жеткізеді. Ақиқатында, сендердің Раббың аса Мейірбан, ерекше Мейірімді

[8] Әрі жылқыларды, қашырларды және есектерді мінулерің үшін, сонымен бірге зейнет ретінде де / жаратты / . Сондай-ақ Ол сендер білмейтін нәрселерді де жаратады

[9] Тура жолды - / жолдың мақсатын / түсіндіру Аллаһқа тән. Әрі ол жолдан ауытқитын / жолдар / бар. Егер де Ол қалағанда сендердің барлығыңды да тура жолмен жүргізер еді

[10] Ол, / Аллаһ / аспаннан су түсірді. Сендер үшін одан сусын бар және одан мал жаятын өсімдіктер өседі

[11] Онымен / сумен / сендерге егін, зәйтүн, құрма ағаштарын, жүзім және барлық жемістерді өсіреді. Ақиқатында, осыларда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[12] Әрі Ол сендерге түн мен күндізді, күн мен айды бағындырды. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынышты. Ақиқатында, Мұнда ақылдарын істететін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[13] Сондай-ақ, Ол сендерге жерде алуан түсті етіп жаратқан нәрселерін де бағындырды. Міне, осы нәрседе еске алатын / ғибраттанатын / адамдар үшін белгі-дәлел бар

[14] Әрі Ол / Аллаһ / сондай жас ет жеулерің үшін және одан / теңізден / өздерің тағынатын әшекейлер шығарып алуларың үшін теңізді / пайдалануларыңа / бағындырды. Оның кеңшілігін / игіліктерін / іздеулерің және шүкір етулерің / бергендеріне алғыс білдірулерің / үшін кемелердің суды жарып бара жатқанын көресің

[15] Әрі Ол жерде, оның сендерді шайқалтпауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / тастады / орнатты / және бағыт-бағдар / жол / табуларың үшін өзендерді және жолдарды

[16] Сондай-ақ, / басқа да! белгілерді жасады. Әрі олар жұлдыздар арқылы да бағыт-бағдар / жол / табады

[17] Жаратушы жарата алмайтын біреу сияқты ма? Неге еске алмайсыңдар / ғибрат алмайсыңдар

[18] Аллаһтың игіліктерін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[19] Әрі Аллаһ сендердің нені жасырғандарыңды және нені жария еткендеріңді біледі

[20] Ал олардың Аллаһтан өзге шақыратындары / табынатындары / еш нәрсе жарата алмайды, керісінше, олардың өздері жаратылған

[21] Олар! тірі емес, өлілер. Олар қашан қайта тірілетіндерін де білмейді

[22] Сендердің құдайларың - жалғыз құдай. Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері / мұны / теріске шығарады әрі олар өздерін жоғары санайтын тәкаппарлар

[23] Ақиқатында, Аллаһ олардың жасыратындары мен жария істейтіндерін біледі. Ол өздерін жоғары қоятындарды жақсы көрмейді

[24] Ал Оларға: «Сендердің Раббың не түсірді?» - делінсе, олар: «Бұрынғылардың аңыз-ертегілері»,- дейді

[25] Сондықтан Қайта тірілу күні олар өз күнәләрін толығымен әрі өздері білімсіз адастырғандардың күнәларынан арқалайды. Біліңдер! Олардың арқалайтындары қандай жаман

[26] Олардан бұрынғылар да айла-шарғы жасаған еді. Сонда Аллаһ олардың ғимараттарын іргетасынан опырып, төбесі олардың үстіне құлады. Әрі оларға азап өздері күтпеген жақтан келді

[27] Содан кейін, Қайта тірілу күні Ол / Аллаһ / оларды қор етеді және: «Маған қосқан серіктерің қайда?! Сендер соларға бола қарсыласқан едіндер», дейді. Өздеріне білім берілгендер: «Ақиқатында, бүгін қорлық пен азап кәпірлердің үстіне / түседі / / » - деп айтады

[28] Солар, өздеріне әділетсіздік еткен күйде жандарын періштелер алатындар. / Олар сонда!: «Біз ешқандай жамандық істеген жоқпыз»,- деп, бойсұна қалады. / Оларға / :«Олай емес! Ақиқатында, Аллаһ - сендердің не істегендеріңді жақсы Білуші

[29] Енді Жаһаннамның қақпаларынан кіріңдер, ол жерде мәңгі қаласыңдар!»- делінеді. Өздерін жоғары санағандардың / тәкаппарлардың / орны қандай жаман

[30] Ал, тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / : «Сендердің Раббың не түсірді?»- делінеді. Олар: «Жақсылық»,- дейді. Жақсылықты ықыласпен істегендерге осы өмірде жақсылық бар. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / мекені одан да қайырлы. Тақуалық еткендердің / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / соңғы тұрағы қандай жақсы

[31] Олар астынан өзендер ағып жататын ’Адн жәннатының бақтарына кіреді. Ол жерде оларға қалағандары бар. Аллаһ тақуалық еткендердің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардың/ қайтарым сыйын осылай береді

[32] Періштелер олардың жандарын таза күйлерінде алып: «Сәләмун алейкум! / Сен­дерге амандық болсын! / Істеген амалдарың үшін жәннатқа кіріңдер», -дейді

[33] Олар / мүшріктер / өздеріне періштелердің келуін немесе Раббыңның әмірі келуін күте ме? Олардан бұрынғылар да осылай жасаған еді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, керісінше олар өздеріне өздері әділетсіздік етті

[34] Сөйтіп, оларға істеген амалдарының жамандығы жетті. Әрі олардың келеке етіп күлген нәрселері өздеріне тиді

[35] Сондай-ақ, Аллаһпен қатар өзгеге табынғандар / серік қосушылар / : «Егер де Аллаһ қалағанда біз де, әкелеріміз де Одан өзге ешбір нәрсеге табынбас едік әрі Онсыз / Оның рұқсатынсыз / еш нәрсеге тыйым салмас едік»,- деді. Олардан бұрынғылар / серік қатушылар / да осылай жасаған еді. Елшілерге анық түрде жеткізуден басқа міндет жүктелген бе

[36] Ақиқатында, Біз әрбір үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттан (шайтан) аулақ болыңдар», -деген Елші жібердік. Сонда Аллаһ олардың кейбірін тура жолмен жүргізді, ал кейбірі адасуға лайық болды. Сендер жер жүзін аралап, өтірікке шығарушылардың соңы қандай болғанына назар салыңдар

[37] Ей, Мұхаммед / / Оларды тура жолға салуға қанша ұмтылсаң да, анығында Аллаһ Өзі адастыратын құлын тура жолға салмайды. Әрі оларға ешбір жәрдем беруші жоқ

[38] Әрі олар: «Аллаһ өлгенді қайта тірілтпейді», -деп, анттарының күштісі -Аллаһпен ант ішті. Жоқ! бұл, Оның хақ уәдесі. Бірақ, адамдардың көбі білмейді

[39] Аллаһ / оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіру және сондай күпірлік еткендер / Ақиретті теріске шығарғандар / өздерінің өтірікші болғандарын білулері үшін / қайта тірілтіледі

[40] Біз бір нәрсенің болуын қалағанымызда оған тек «Бол» дейміз, сонда ол бола қалады

[41] Ал, өздеріне әділетсіздік жасалғаннан кейін, Аллаһ үшін қоныс аударғандарды осы дүниеде жақсылыққа / жайлы қонысқа / жайғастырамыз әрі соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы одан да үлкен, егер білетін болса

[42] Солар / қоныс аударғандар / сабыр қылған әрі өздерінің Раббысына жүгініп, істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер

[43] Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да тек ер адамдарды ғана уахимен жібердік. Білмейтін болсаңдар, Еске салатын / Тәурат, Інжіл / түсірілгендерден сұраңдар

[44] Елшілерді / анық белгі-дәлелдермен және Кітаптармен / жібердік / . Әрі адамдарға өздеріне не түсірілгенін түсіндіруің үшін және олардың ойланып қараулары үшін саған да Еске салатынды / Құранды / түсірдік

[45] Айлакерлікпен жамандықты ойластырғандар өздерін Аллаһтың жерге жұттырып жіберуінен немесе өздеріне азаптың сезбеген жақтан келуінен қауіпсіз болды ма

[46] Немесе ол / азап / өздерін тіршілік әрекеті үстінде ұстап, Одан қашып құтыла алмай қалуларынан

[47] немесе оларды қауіптеніп тұрғанда тұтуынан / қауіпсіз болды ма / ? Ақиқатында, сендердің Раббың өте Мейірбан, ерекше Мейірімді

[48] Әрі олар / қарсы келушілер / Аллаһ жаратқан әрбір нәрсенің көлеңкелері оңға және солға ауып, Аллаһқа сәжде етіп иілетіндерін көрмеді ме

[49] Әрі аспандардағы және жердегі барлық жаны бар және періштелер Аллаһқа сәжде етеді. Және олар / періштелер / өздерін жоғары санап, менменсімейді

[50] Олар өздерінен жоғарыдағы / үстеріндегі / Раббысынан қорқады және өздеріне бұйырылғанды орындайды

[51] Әрі Аллаһ: «Екі құдай жасап алмаңдар. Шын мәнінде, Ол жалғыз құдай! Тек Менен ғана қорқыңдар!» деді

[52] Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. құлшылық та әрдайым Оған арналып жасалынады. Сонда Аллаһтан өзгеден қорқып, сақтанасыңдар ма

[53] Әрі сендердегі кез келген / барлық / игілік - Аллаһтан. Кейін өздеріңе бір зиян келсе, Оған ғана жалбарынасыңдар

[54] Ал, ол сендерден зиянды айықтырған кезде, араларыңнан бір бөлік өздерінің Раббысына серік қосады

[55] сөйтіп, өздеріне бергенімізді мойындамау үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақында білесіңдер

[56] Әрі олар Біздің ризық етіп бергенімізден өздері білмейтін нәрселерге үлес белгілейді. Аллаһпен ант, сендер сөзсіз ойдан шығарған өтіріктерің жайлы сұраққа тартыласындар

[57] Сондай-ақ, олар «қыздары бар» деп Аллаһқа өтірікті телиді. Ол / бұдан / пәк. Ал, өздеріне қалағандарын қалдырады

[58] Ал, олардың біреуі қыз перзентпен сүйіншіленген кезде, жүзі қарайып, ашу-ызасын ішінде сақтайды

[59] Ол өзіне жеткізілген хабардың салдарынан елден жасырынады. Ол оны / қызын / қорлыққа шыдап қалдыра ма, әлде жерге көміп тастай ма? Біліңдер! Олардың берген үкімдері қандай жаман

[60] Соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің сипаты өте нашар, ал Аллаһ ең жоғарғы сипатқа ие. Ол өте Үстем, аса Дана

[61] Аллаһ адамдарды әділетсіздіктері үшін жазалайтын болғанда, жер бетінде ешбір жандыны / жаны барды / қалдырмас еді. Алайда, оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан мерзімдері келсе, олар оны бір сәтке артқа да, ілгері де жылжыта алмайды

[62] Олар / мүшріктер / Аллаһқа өздері ұнатпайтынды таңады. Ал, олардың тілдері болса өздеріне жақсылық болады деп өтірікті айтады. Ақиқатында, оларға От / тозақ / болады әрі олар онда тасталып, ұмытылады

[63] Аллаһпен ант етемін! / Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да үмметтерге / елшілер / жібердік. Сонда шайтан оларға істерін әдемі етіп көрсетті. Ол / шайтан / бүгін / осы өмірде / олардың жақыны, досы әрі олар үшін / ақиретте / қинаушы азап бар

[64] Біз саған Кітапты оларға қайшылыққа түскендерін түсіндіруің және имандылар / мүміндер / үшін / тура жолды ұстануға / басшылық әрі мейірім етіп түсірдік

[65] Аллаһ аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оған жан бітірді. Міне, мұнда құлақ асатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар

[66] Ақиқатында, сендер үшін малдарда да ғибрат бар. Сендерге олардың қарнындағы қорытылып жатқан мен қанның арасынан ішушілерге сіңімді болған таза сүтті ішкіземіз

[67] Сондай-ақ, сендер құрма және жүзім жемістерінен де мас қылушы ішімдік және жақсы азық аласыңдар. Міне, Мұнда ақылдарын істетіп, ұғынатын адамдар үшін белгі-ғибрат бар

[68] Әрі Раббың бал арасына білдіріп: «Таулардан, ағаштардан және олардың / адамдардың / тұрғызғандарынан ұя жасап ал

[69] Содан кейін әрбір жемістерден жеп, Раббыңның бағындырған жолдарымен жүр», деді. Олардың іштерінен алуан түсті ішетін зат шығады. Онда адамдар үшін шипа бар.Міне, мұнда ойланып қарайтын адамдар үшін белгі-ғибрат бар

[70] Аллаһ сендерді жаратты. Кейін жандарыңды алады. Сендерден кейбіреулер білгеннен кейін өмірдің ең нашарына / кәрілікке / , ешнәрсе білмей қалатын / кезеңіне / қайтарылады. Анығында, Аллаһ бәрін Білуші, аса Құдіретті , Оның «Бол!» дегенінің бәрі болады

[71] Аллаһ ризық-несібеде біріңді біріңнен артық етті. Бірақ / ризықта / артықшылық берілгендер қол астындағыларын өздерімен тең ету үшін оларға өз үлестерінен бермейді. Сонда олар Аллаһтың берген игілігін жоққа шығара ма

[72] Аллаһ сендерге өздеріңнен жұбайлар жасады әрі жұбайларыңнан сен­дерге балалар мен немерелер беріп, сондай-ақ сендерді жақсы нәрселерінен ризықтандырды. Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігіне күпірлік ете ме / теріске шығара ма

[73] Әрі олар / мүшріктер / Аллаһтан өзге өздері үшін аспандардан және жерден ешқандай ризыққа ие емес әрі бұған шамалары да келмейтін - біреулерге табынады

[74] Аллаһқа ұқсастар келтірмеңдер / Аса ұлы Аллаһқа ешкімді ұқсатпаңдар / .Анығында, Аллаһ біледі, - сендер білмейсіңдер

[75] Аллаһ, біреудің иелігінде болып, еш нәрсеге шамасы келмейтін бір құлды және Біз жақсы ризық беріп, ол одан жасырын әрі ашық түрде жұмсайтын бір адамды мысалға келтірді. Бұлар тең бола ма? Барлық мақтау - Аллаһқа! Алайда, олардың көбі білмейді

[76] Аллаһ және екі кісіні мысалға келтірді: олардың біреуі мылқау, сондай еш нәрсеге күші жетпейтін әрі иесіне масыл. Оны қай жаққа жіберсе де одан қайыр жоқ. Сонда ол тура жолда болып, әділдікке бұйырған кісімен тең бола ма

[77] Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Ал Сағаттың / қайта тірілу күнінің / келуі бір көз салу сәтіндей ғана немесе одан да жақын. Ақиқатында, Аллаһ – әрбір нәрсені Жасай алушы

[78] Әрі Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан / құрсағынан / еш нәрсені білмейтін күйлеріңде шығарды және алғыс білдірулерің үшін есту, көруді және жүректерді берді

[79] Олар аспан кеңістігіндегі бағынышты құстарды көрмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім де ұстап тұрған жоқ. Міне, Мұнда иманға келгендер үшін белгі-ғибраттар бар

[80] Аллаһ сендерге үйлеріңді жайлы тұрақ етті. Малдардың терілерінен көшіп-қонғанда жеңіл алып жүретін үйлерді жасады. Әрі сендерге олардың жүнінен, түбітінен және қылынан жабдықтар мен бір уақытқа дейін пайдаланатын бұйымдарды да / пайда етті

[81] Әрі Аллаһ сендерге Өзі жаратқандардан көлеңкелер жасады, сендерге тауларда паналайтын орындар, сендерді ыстықтан қорғайтын киімдер және зияннан қорғайтын киімдер / сауыттар / жасады. Ол сендерге бойсұнуларың үшін игілігін осылай етіп, соңына жеткізеді

[82] Ей, Мұхаммед! / Егер олар / әділетсіз күнәһарлар / теріс бұрылса, шын мәнінде саған анық түрде жеткізу ғана міндет

[83] Олар Аллаһтың игілігін таниды / мойындайды / , ал кейін оны теріске шығарады. Сондай-ақ олардың / әділетсіз күнәһарлардың / көбі -кәпірлер

[84] Әрі сол / қайта тірілу / күні әрбір үмметтен куә жібереміз. Кейін, сондай, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / рұқсат берілмейді және талап етілмейді

[85] Ал, әділетсіздер азапты көрген кезде оларға жеңілдетілмейді әрі Оларға мұрсат та берілмейді

[86] Аллаһқа серік қосқандар, сол қосқан серіктерін / қайта тірілу күні / көрген кез­де: «Раббымыз! Біздің Сенен өзге тілеп-табыңғандарымыз осылар», дейді. Сонда олар бұларға: «Шындығында, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», -деп тіл қатады

[87] Әрі ол / қайта тірілу / күні олар Аллаһқа бойсұна қалады. Ал олардың ой­дан шығарған нәрселері жоқ болып кетеді

[88] Сондай күпірлік еткендерге / Аллаһтың бірлігін мойындамағандарға / әрі Аллаһтың жолынан тосқандарға бұзу-бүлдірушіліктері үшін азап үстіне азап арттырдық

[89] Ол күні әрбір үмметтің ішіне, оларға қарсы өз араларынан куә / елшілерді / жібереміз. / Ей, Мұхаммед! / Әрі сені мыналарға қарсы куә етіп келтіреміз. Біз саған Кітапты / Құранды / әрбір нәрсенің түсіндірмесі және Мұсылмандар / бойсұнушылар / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / ,мейірім әрі қуанышты хабар етіп түсірдік

[90] Ақиқатында, Аллаһ әділдікті, ықыласпен жақсылық етуді және туысқандарға / жақсылық істеуді / пъбұйырады. Әрі Ол жиіркенішті істерден және қайтарылған нәрселерден әрі зиян келтіруден тыяды. Ол сендерге осыларды еске алуларың үшін насихат етеді

[91] Серт берсеңдер, Аллаһқа берген серттеріңді орындаңдар. Әрі анттарыңды бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Сендер Аллаһты өздеріне кепіл еткенсіңдер. Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңды біледі

[92] Сендер жібін мықтап иіргеннен кейін оны тарқатқан бір әйел сияқты болмаңдар. Сол сияқты бір топ басқа топтан көп болғаны үшін анттарыңды өзара алдау етпеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ сендерді осы арқылы сынайды әрі Қайта тірілу күні, Ол сендерге қайшылыққа түскендеріңді түсіндіріп береді

[93] Егер де Аллаһ қалағанда сендерді бір ғана үммет етер еді. Бірақ Ол қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Сендер істеген амалдарың жайлы міндетті түрде сұраққа тартыласыңдар

[94] Анттарыңды өзара алдау етпеңдер, әйтпесе, табандарың орныққаннан кейін сүрініп, Аллаһтың жолынан қайтарғандықтарың үшін жамандық татасыңдар әрі сендерге орасан ауыр азап болады

[95] Аллаһқа берген серттеріңнің орнына болмашы бағаны / дүниелік нәрсені / сатып алмандар. Егер білген болсаңдар, Аллаһтағы нәрсе / қайтарым сый / сендер үшін қайырлы

[96] Сендердегі нәрселер таусылады, ал Аллаһтағы- мәңгілік. Біз сабырлық танытқандардың сыйын олардың істегендерінен артық етіп қайтарамыз

[97] Ер немесе әйелден кім иманды / мүмін / болған күйде ізгі амал істесе, онда оны жақсы өмірмен жандандырамыз / игілікті өмір сүргіземіз / .Әрі олардың сыйын істеген амалдарынан артық етіп қайтарамыз

[98] Құранды оқыған кезіңде, қуылған шайтаннан Аллаһқа сиынып, Оның қорғауын сұра

[99] Анығында, ол / шайтан / иманға келген және Раббысына жүгініп, істерін Оған тапсырғандарға / тәуекел еткендерге / билік жүргізе алмайды

[100] Ақиқатында, оның / шайтанның / билігі оны өзіне дос, қамқоршы тұтатындарға және сондай онымен серік қосатындарға ғана жүреді

[101] Ал, қашан Біз бір аятты басқа аятпен алмастырсақ, Аллаһ Өзінің не түсіретінін жақсы Білуші. Олар: «Сен бар болғаны ойдан шығарушысың / өтірікшісің / »,- деді. Олай емес. Олардың көбі білмейді

[102] Ей, Мұхаммед!Айт: «Оны / Құранды / қасиетті Рух / Жәбірейіл / Раббыңнан ақиқатпен - мүміндері / имандыларды / бекіту үшін және Мұсылмандарға / бойсұнушыларға / жолбасшы әрі қуанышты хабар етіп түсірді», деп

[103] Әрі Біз олардың: «Негізінде, оған оны / Құранды / бір адам үйретеді»,-деп айтатындарын білеміз. Олар меңзеген адамның тілі бөтен, ал бұл- анық араб тілі

[104] Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына сенбейтіндерді Аллаһ тура жолға салмайды әрі оларға күйзелтуші азап бар

[105] Өтірікті - Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер ғана ойдан шығарады. Міне, солар - нағыз өтірікші, суайттар

[106] Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе / қарсы шықса / , - ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап / тілімен бас тартып / , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке / имансыздыққа / көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады

[107] Мұның себебі - олардың осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден / ақиреттен / артық көргендіктерінен. Әрі күмәнсіз, Аллаһ кәпір адамдарды тура жолға салмайды

[108] Міне, солар -Аллаһ жүректерін, естуін және көруін мөрлеп / бітеп / тастағандар. Олар - нағыз қаперсіздер

[109] Күмәнсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / нағыз зиян көрушілер болады

[110] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бүлікке ұшырағаннан кейін қоныс аударып, одан соң / Аллаһ жолында! күрескен және сабыр еткендерге - содан / бүліктен / кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[111] Ол / қайта тірілу / күні әрбір жан өзі үшін дауласады және әркімге істегені толық беріліп, оларға әділетсіздік жасалмайды

[112] Аллаһ бір кентті мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті / Раббысының бергендерін мойындамады / . Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды

[113] Анығында, оларға өз іштерінен Елші келген еді. Алайда олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларға азап тиді әрі олар / өздері-өздеріне / әділетсіздік етті

[114] Аллаһқа құлшылық ететін болсаңдар, Аллаһ сендерге ризық етіп берген халал / рұқсат етілген / , жақсы нәрселерден жендер әрі шүкір етіңдер / Оның игіліктеріне алғыс білдіріңдер

[115] Анығында, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан өзгеге арналып бауыздалғанды тыйым салды. Алайда кім қаламаса да жеуге мәжбүр болып, шектен шықпаса, онда Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[116] Тілдеріңнің «бұл халал / рұқсат етілген / , бұл - харам / тыйым салынған / » -деп, өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Онда Аллаһқа жала жапқан боласыңдар. Ақиқатында, Аллаһқа қатысты өтірікті құрастыратындар / жала жабатындар / мұратына жетпейді

[117] Оларға дүниеде / аз ғана уақытша пайдалану бар. Әрі / ақиретте / оларға күйзелтуші азап болады

[118] Ей, Мұхаммед! / Ал, иудейлерге, Біз саған бұрын баян еткен нәрселерімізді ғана тыйым салдық. Біз оларға әділетсіздік етпедік, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік жасады

[119] Ақиқатында, / ғапылдықпен / білмей жамандық істеп қойып, артынан істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтатын / тәубеге келетін / және түзеткендерге Раббың содан кейін де өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[120] Ақиқатында, Ибраһим / үлгі тұтатын / жетекші, Аллаһқа беріле бойсұнушы, ханиф еді. Әрі ол серік қосушылардан / Аллаһпен қатар өзгелерге табынушы / болмады

[121] Ол / Ибраһим / Оның игіліктеріне шүкір етуші / Раббысының бергендеріне алғыс білдіруші / еді. Ол / Аллаһ / оны таңдады әрі тура жолмен жүргізді

[122] Біз оған осы өмірде жақсылық бердік. Әрі әлбетте, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол ізгілерден болады

[123] Ей, Мұхаммед! / Кейін саған: «Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған әрі серік қосушылардан болмаған / Аллаһпен қатар өзгелерге табынбаған / Ибраһимнің дініне ер», -деп уахи еттік

[124] Ақиқатында, «сенбі күн» - ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді

[125] Ей, Мұхаммед! / Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс. Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқанды жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі

[126] Сондай-ақ, егер / өздеріңе зиян келтіргенді / жазалайтын болсаңдар, өздеріңе зиян тигізгендей ғана жазалаңдар. Ал, егер сабырлық танытсаңдар, сабыр етушілер үшін бұл қайырлы

[127] Ей, Мұхаммеді / Сабыр ет! Сенің сабыр етуің Аллаһ арқылы / Оның көмегімен / ғана. Оларға бола қайғырма және олардың жасаған қулық-сұмдықтарына қысылма

[128] Ақиқатында, Аллаһ тақуалармен / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылармен / және жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге

Исра

Surah 17

[1] Құлын бір түнде әл-Харам мешітінен белгілеріміздің кейбірін көрсетуіміз үшін, Біз төңірегін берекелі еткен әл-Ақса мешітіне алып барған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Күмәнсіз, Ол бәрін Естуші, әрбір нәрсені

[2] Біз Мұсаға Кітапты бердік әрі оны / Кітапты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / басшылық етіп: «Сендер Менен басқаны өздеріңді сеніп тапсыратын Ие / Уакил / етіп алмаңдар!» - дедік

[3] Ей, Нұхпен бірге / кемеде / алып жүргендеріміздің ұрпағы! Негізінде, ол / Нұх / шүкір етуші / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдіруші / құл еді

[4] Біз Исраил ұрпақтарына Кітапта: «Сен­дер бұл жерде екі рет бұзғыншылық істейсіңдер және тым өрескел астамшылық етесіңдер», -деп алдын ала жаздық / белгіледік

[5] Бұл екеуінің алғашқысының уәдесі келген кезде Біз сендерге қарсы өте қуатты құлдарымызды жібердік те олар үйлердің арасын шарлады. Сөйтіп ол орындалған бір уәде болды

[6] Содан кейін сендер үшін оларға қарсы қайта жеңіс беріп әрі сендерді байлық және ұлдармен қолдап, жасақтарыңды көбейттік

[7] Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасадыңдар. Ал жамандық жасасандар, ол да өздеріңе. Соңғы уәде келген кезде, жүздеріңе қайғы орнату үшін / жауларың / мешітке алдын кіргендей кіреді де, өздері басып алғанды қиратады

[8] Сендерге Раббыңыз рақым етер. Ал, егер қайталасаңдар, Біз де қайталаймыз. Біз Жаһаннамды кәпірлерге қамалатын орын етеміз

[9] Анығында, бұл Құран ең тура / дұрыс / болғанға бастайды әрі ізгі амал істейтін имандыларға - оларға үлкен сый болатыны жайлы қуанышты хабар жеткізеді

[10] Әрі соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер үшін қинаушы азап әзірледік

[11] Ал, адам жамандықты жақсылықты тілейтіндей тілейді. Әрі адам баласы асыққыш

[12] Әрі түн мен күндізді екі белгі еттік. Өздеріңнің Раббыңның кеңшілігін іздеулерің және жылдардың саны мен есепті білулерің үшін Біз түннің белгісін кетіріп, күндіздің белгісін жарық етеміз. Әрі Біз барлық нәрсені анықтап түсіндірдік

[13] Әрі Біз әрбір адамның мойнына оның амалдарын ажырамайтындай етіп бекіттік және Қайта тірілу күні оған бір кітап шығарамыз, ол оны ашылған түрде көреді

[14] Оған / : «Өз кітабыңды оқы, бүгін сен өз есебіңді есептеуде жеткіліктісің»,-делінеді

[15] Кім тура жолмен жүрсе, тек өзі үшін / өз пайдасына / жүреді. Ал, кім адасса, өз зиянына адасады. Ешбір жан басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Әрі Елші жібермей тұрып, Біз ешкімді де азаптаушы емеспіз

[16] Ал, бір елді мекенді / күнәлары үшін / жоюды қаласақ, ондағы сән-салтанатта, рахатта шалқып / дәулетте мастанып / жүргендерін көбейтеміз, сонда олар бұзық істер таратып, оларға қатысты / жазылған / сөз жүзеге асады. Сөйтіп оны / күнәғабатқан елді мекенді / біржола күйретеміз

[17] Біз Нұхтан кейін де қаншама халықтарды жойдық. / Ей, Мұхаммед! / Раббың, құлдарының күнәларынан Хабардар болуда, оны көруде жеткілікті

[18] Кім тез өте шығатынды / осы өмірді / қаласа, Біз Өзіміз бергіміз келгенге қалаған нәрсемізді осы өмірде жедел береміз. Кейін Біз оған Жаһаннамды әзірледік. Ол оған айыпталған, / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде түседі

[19] Ал, кім соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / қаласа және иманды болған күйде оған лайықты түрде ұмтылса, міне, солардың талпынысы / Аллаһтың алдында / алғысқа бөленеді

[20] Ей, Мұхаммед! / Біз Раббыңның сыйынан барлығына - аналарға да / осы өмірді көксегендерге / , мыналарға да / мәңгілік өмірді қалағандарға / береміз. Әрі Раббыңның сыйына шектеу қойылмайды

[21] Біз оларды / бұл дүниеде / бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен

[22] Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың

[23] Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», - деме / көңіл толмаушылық білдірме / , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле

[24] Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені' кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», - де

[25] Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол - күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді

[26] Сондай-ақ жақындарға, кедейлерге және / жолда қалған / жолаушыға хақысын бер, бірақ тым шашылма

[27] негізінде, ысырапшылар - шайтанның ағайындары. Ал, шайтан Раббысының игіліктерін мүлдем мойындамайды

[28] Ал, егер олардан Раббыңның мейірімін үміт еткен халде бет бұратын болсаң / бір нәрсе бере алмасаң / , оларға жұмсақ сөз сөйле

[29] Әрі қолыңды мойныңа байлаулы етпе және оны барынша жайып та жіберме. Онда жазғырылып, тарыққан хәлде қаласың

[30] Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды / тарылтады / . Ол - құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы

[31] Әрі балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризықты Біз береміз. Ақиқатында, оларды өлтіру үлкен - күнә

[32] Әрі зинаға жақындамаңдар, өйткені ол жиіркенішті іс және жаман жол

[33] Әрі құқықты / заңды / түрде болмаса, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмеңдер. Кім әділетсіздікпен өлтірілсе, Біз оның / өлгеннің / ең жақын туысына билік бердік. Бірақ ол өлтіруде / кек алуда / шектен шықпасын. Негізінде, оған жәрдем беріледі

[34] Және жетімнің дүниесіне ең жақсы жолмен болмаса, ол балиғатқа толғанша жоламаңдар. Келісімді орындаңдар. Өйткені уәдесұралады

[35] Сондай-ақ, өлшеген кездеріңде өлшемді толық орындаңдар және тура таразылармен тартыңдар. Бұл қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да жақсы

[36] Әрі өзіңде білімі болмаған нәрсеге ерме. Анығында, есту, көру және жүрек - бұлардың әрқайсысысұраққа тартылады

[37] Әрі жер бетінде өзіңді жоғары санап, кердеңдеп жүрме, өйткені сен жерді тесіп жібере алмайсың және биіктікте де тауларға жете алмайсың

[38] Осылардың / қайтарылған амалдардың / барлығы жаман, Раббыңның алдында жеккөрінішті

[39] Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббың саған уахи еткен даналықтан. Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алма, онда жазғырылып,ь / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылған түрде Жаһаннамға тасталасың

[40] Сендердің Раббың ұл балаларды тек сендерге беріп, ал Өзіне періштелерден қыздар алды ма? Негізінде, сендер өте үлкен / ауыр / сөз айтудасыңдар

[41] Ақиқатында, Біз осы Құранда / үкімдер мен насихаттарды / олар еске алулары үшін түсіндірдік. Бірақ бұл олардың безінуін ғана арттырды

[42] Айт: «Егер де олар айтып жүргендей, Онымен / Аллаһпен / бірге басқа құдайлар болғанда, ол құдайлар Аршының иесіне қарай бір жолды / табуды / қалар еді

[43] Ол / Аллаһ / - олардың айтып жатқандарынан пәк әрі өте жоғары

[44] Жеті аспан мен жер және онда болғандар Оны / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптейді. Оны мақтап, / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптемейтін ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың дәріптеулерін түсінбейсіңдер. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді

[45] Ей, Мұхаммед! / Сен Құранды оқыған кезіңде сені мен соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер арасында көрінбейтін бір шымылдық жасадық

[46] Біз олардың ұқпаулары үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Сен Құранда Раббыңның жалғыз екенін еске алған кезіңде, олар жиренген күйі арттарына бұрылады

[47] Біз, олардың сені тыңдаған кездерінде нені тыңдайтындарын жақсы білеміз. Олар құпия сөйлескендерінде, әділетсіздер: «Сен­дер сиқырланған кісіге еріп жүрсіңдер», -дейді

[48] Олардың саған қалай мысалдар келтіргенін назар сал. Олар сөйтіп адасты, енді жол таба алмайды

[49] Әрі олар: «Біз сүйек және күйреп қоқым болып кеткен кезімізде, жаңадан жаратылып, қайта тірілтілеміз бе?» - деді

[50] Ей, Мұхаммед! / Оларға: «Тас не темір болыңдар

[51] не көңілдеріңде үлкен көрінген бір жаратылыс болыңдар / бәрібір тірілтілесіңдер / », -де. Олар: «Бізді кім қайта тірілтеді?» дейді. Айт: «Өздеріңді алғашқы ретте жаратқан», - деп. Олар саған бастарын шайқап: «Ол қашан?» - дейді. Айт: «Ол жақында болады », -деп

[52] Ол сендерді шақырған / Есеп / күні, сен­дер Оған мақтау айтып жауап бересіңдер әрі / дүниеде / аз ғана болдық деп ойлайсыңдар

[53] Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз'ғ қылады / іріткі салып, бұзады / .Анығында, шайтан адам баласына анық дұшпан

[54] Сендерді Раббың жақсы біледі. Қаласа, сендерге мейірім етеді, қаласа азаптайды. Біз сені олар үшін жауапты етіп жібермедік

[55] Сондай-ақ, сенің Раббың аспандардағы және жердегілерді жақсы біледі. Біз пайғамбарлардың кейбіріне өзгелерінен артықшылық бердік. Әрі Дәуітке Забурды бердік

[56] Ей, Мұхаммед / / Оларға: «Одан өзге / құдай деп / ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден зиянды кетіруге, бұрып жіберуге шамасы жоқ», - деп айт

[57] Олардың табынғандарының өздері Раббысына қарай жақындататын жол іздеп, Оған жақынырақ болуға ұмтылады. Олар Оның мейірімін үміт етеді әрі азабынан қорқады. Ақиқатында, Раббыңның азабы - қорғанып, сақтануға тиіс / қажетті / болған нәрсе

[58] Біз Қайта тірілу күніне дейін / күнәларының себебінен / жойып жібермейтін немесе қатты азапқа ұшыратпайтын бірде-бір елді мекен жоқ. Бұл - Кітапта / Ләухул-Махфузда / жазылып қойылған

[59] Әрі Біз мұғжизаларды алдыңғы өткендердің оны / мұғжизаны / өтірікке шығарғандығы үшін жібермедік. Біз Сәмүд еліне анық көрінетін / мұғжиза ретінде / түйе бердік, бірақ олар оған әділетсіздік жасады. Әрі Біз мұғжизаларды / кереметтерді / тек қорқыту үшін ғана жібереміз

[60] Ей, Мұхаммед!! Кезінде саған: «Ақиқатында, Раббың адамдарды барлық жағынан қамтыған», -дедік. Әрі саған / Исра кешінде! көрсеткенімізді адамдар үшін сынақ еттік. Сондай-ақ, Құрандағы лағнеттелген ағашты да. Біз оларды қорқытамыз, бірақ бұл олардың қатты шектен шығуларын ғана арттырады

[61] Әрі кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» - дедік. Сонда олар сәжде етті. Тек Ібіліс / сәжде етпей / : «Сен лайдан жаратқан біреуге сәжде жасаймын ба?» - деді

[62] Ібіліс / : «Маған хабар берші, Өзің менен құрметті еткенің мынау ма? Егер маған Қайта тірілу күніне дейін уақыт берсең / кешіктірсен / , мен оның ұрпағының азынан басқасын жүгендеп аламын», - деді

[63] Аллаһ: «Кет! Олардан кім саған ерсе, сендердің қайтарым жазаларың - Жаһаннам, ол - / іс-амалдардың / қайтарымы ретіндегі толық жаза

[64] Олардан әлің келгенді дауысыңмен еліктіріп қозғау сал. Оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді сал. Әрі олардың мал-дүниелері және перзенттеріне араласып, ортақ бол. Әрі оларға уәде бер», - деді. Негізінде, шайтан оларға жалған нәрсеге үміттендіруден / алдаудан / басқа нәрсені уәде ете алмайды

[65] Ақиқатында, құлдарыма / Маған шы­найы құл болғандарға /- олардың үстінен сенде билік жоқ. Әрі Раббың - қорғап, сақтаушы ретінде жеткілікті

[66] Сендердің Раббың, Өзінің кеңшілігін іздеулерің үшін кемелерді теңізде жүргізеді. Шын мәнінде, Ол сендерге Мейірімді

[67] Сендерге теңізде бір зиян келген кезде, Одан / Аллаһтан / өзге жалбарынғандарың жоқ болып кетеді. Ал, Ол өздеріңді құрлыққашығарып құтқарған кезде, сендер теріс бұрыласыңдар. Сондай-ақ, адам баласы / өзіне / берілген игіліктерді мойындамаушы

[68] Оның сендерді құрлықта жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты дауыл жіберуінен қауіпсіз бе едіңдер? Кейін өздерің үшін қорғаушы таба алмайсыңдар

[69] Әлде Оның сендерді оған / теңізге / тағы да қайтарып әрі қатты дауыл жіберіп, күпірліктерің / қарсы келгендіктерің / үшін суға батыруынан қауіпсіз бе едіңдер? Кейін Бізге қарсы кектеріңді даулаушы таппайсыңдар

[70] Ақиқатында, Біз Адамның ұрпақтарын қадірледік. Оларды құрлықта және теңізде жүргіздік әрі оларға жақсы нәрселерден ризық бердік және оларға жаратқандарымыздың көбінен басым артықшылық бердік

[71] Сол / ақирет / күні барлық адамдарды басшыларымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе, солар кітаптарын оқиды. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды

[72] Кім / бүл дүниеде / соқыр болса, ол кейінгі мәңгілік өмірде де / ақиретте де / соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады

[73] Ей, Мұхаммед! / Әрі олар Бізге қатысты басқа нәрсені құрастыруың үшін сені өзіңе уахи еткенімізден бұруға жақын тұрды. Сонда олар сені жақын дос етіп алар еді

[74] Егер Біз сені бекітпегенде, оларға аздап болса да келісім танытуға жақын болған едің

[75] Онда Біз саған өмірдің де, өлімнің де / азабының / екі есесін таттырар едік. Содан кейін өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің

[76] Әрі олар сені, ол жерден шығарып жіберу үшін орныңнан қозғауға жақын тұрды. Сонда сенен кейін олар аз ғана тұратын еді

[77] Бұл сенен бұрын жіберген елшілеріміздің жолы. Ал, Біздің жолымызға / бекіткендерімізге / өзгерту таба алмайсың

[78] Күн ауғаннан түннің қараңғылығына дейін / бесін, аср, ақшам, құптан / ' намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / орында. Әрі таңның Құранын / намазын / . Анығында, таңның Құранына қатысады

[79] Және түннің бір бөлігін ұйықтамай, өзіңе қосымша намазға тұр, Раббың сені бір мақтаулы орынға жібереді

[80] Әрі айт: «Раббым! Мені кіретін орныма шындықпен кіргізіп және шығатын орнымнан шындықпен шығар. Әрі Өз қасыңнан маған көмек беретін күш бер», - деп

[81] Әрі: «Ақиқат келді және жалған / негізсіз нәрселер / жойылды. Анығында, жалған / негізсіз нәрселер / сөзсіз жойылушы», - деп айт

[82] Біз Құраннан имандылар / мүміндер / үшін шипа және мейірім түсіреміз. Ал әділетсіздер үшін ол / Құран / тек зиянға ұшырауларын ғана арттырады

[83] Әрі қашан Біз адам баласына игілік берсек, ол теріс бұрылып, менменси түседі. Ал оған жамандық келсе, ол мүлде күдер үзеді

[84] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әркім өзіне лайықты амал істейді. Сендердің Раббың жолда кімнің ең тура екенін жақсы біледі», - деп

[85] Әрі олар / иудейлер / сенен рух жайында сұрайды. «Рух - Раббымның әмірінен. Ал сен­дерге білімнен аз ғана берілді», - деп айт

[86] Ал, егер қаласақ, саған уахи етіп бергенімізді алып қояр едік. Кейін бұған байланысты Бізге қарсы қорғаушы таба алмас едің

[87] Бірақ, Раббыңнан бір мейірім ретінде / оны алмады / . / Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Оның саған деген кеңшілігі үлкен

[88] Егер адамзат пен жын осы Құранға ұқсасты келтіруге жиналып, бір-біріне көмекші болса да оған ұқсас нәрсе әкеле алмайды

[89] Негізінде, Біз адамдарға осы Құранда әрбір мысалды жан-жақты етіп түсіндірдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірлік етуден / қарсы келуден / басқаның бәрін теріске шығарды

[90] Олар: «Бізге жерден бір бұлақ жарып шығармағаныңша, саған сенбейміз

[91] Не болмаса сенде құрмадан әрі жүзімнен бір бағың болып, олардың арасынан өзендер ағызып қоймағаныңша

[92] не болмаса айтқанындай, аспанды үстімізге бөлшектеп түсірмегеніңше, не Аллаһты және періштелерді қарсы алдымызға әкелмегеніңше

[93] не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым - / барлық кемшіліктерден / пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп

[94] Адамдарға тура жол келген кезде, олардыңиманға келуіне: «Аллаһ Елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды

[95] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болғанда, Оларға аспаннан Елші етіп періште түсіретін едік»,- деп

[96] Айт: «Аллаһ мені мен сендердің араларыңа куә болуда жеткілікті. Ақиқатында, Ол - құлдарынан Хабардар, бәрін Көруші», деп

[97] Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, олар үшін Одан өзге қамқоршылар таппайсың. Оларды Қайта тірілу күні жүзімен / етпеттеп / жатқан күйлерінде соқыр, мылқау әрі керең етіп жинаймыз. Олардың орны - Жаһаннам. Ол толастаған сайын, оның жалынын арттыра түсеміз

[98] Бұл - олардың аяттарымызға күпірлік еткендері / сенбегені, теріске шығарғандықтары / және: «Біз сүйек әрі уатылған қоқым болған кезімізде, жаңадан жаратылып, тірілтілеміз бе?» - деп айтқандықтары үшін берілген қайтарым жазасы

[99] Олар аспандарды және жерді жаратқан Аллаһтың, олар сияқтыны да жаратуғақұдіреті жететінін білмей ме? Әрі Ол олар үшін бір мерзім белгіледі. Оның болуында күмән жоқ. Бірақ әділетсіздер күпірліктен / имансыздықтан / басқаны теріске шығарады / қаламайды

[100] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер Раббымның мейірімінің қазыналарына ие болғандарыңда да оның жұмсалып кетуінен қорқып, өздерінде ұстап қалатын едіңдер. Адам баласына сараңдық тән»,- деп

[101] Ақиқатында, Біз Мұсаға тоғыз анық белгі-мұғжиза бердік. Исраил ұрпақтарынан сұра, ол / Мұса / оларға келген кезде, Фиръаун: «Ей, Мұса, мен сені сиқырланған деп есептеймін», - деді

[102] Мұса / : «Негізінде, сен бұларды көрнекі белгілер етіп, аспандардың және жердің Раббысы түсіргенін білдің. Анығында, мен сені, ей Фиръаун, құриды деп ойлаймын»,- деді

[103] Ол / Фиръаун / оларды ол жерден шығарып / жойып / жіберуді қалады. Сонда Біз оны және онымен бірге болғандардың барлығын суға батырдық

[104] Әрі одан кейін Исраил ұрпақтарына: «Осы жерде тұрыңдар. Ал, қашан соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / уәдесі келген кезде, барлығыңды бірге жинаймыз», - дедік

[105] Әрі Біз оны / Құранды / ақиқатпен түсірдік және ол ақиқатпен түсті. Ал сені қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші ғана етіп жібердік

[106] Әрі Құранды адамдарға асықпай, анықтап оқып беруің үшін оны / бұл уаһиларды / бөліктерге бөлдік. Әрі Біз оны біртіндеп / рет-ретімен / түсірдік

[107] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Оған сеніңдер не сенбеңдер. Ақиқатында, бұданбұрын өздеріне білім / Кітап / берілгендер, оларға ол / Құран / оқылған кезде иектерімен / жүздерімен / сәждеге жығылады», - деп

[108] Олар!: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Раббымыздың уәдесі әлбетте орындалды», - дейді

[109] Олар жылап, иектерімен / жүздерімен / жығылады және ол / Құран / олардың бойсұна берілуін арттырады

[110] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ деп тілеңдер / шақырыңдар / не әр-Рахман деп тілеңдер, қайсысымен тілесеңдер де ең көркем есімдер - Онікі. Намаз оқығаныңда дауысыңды көтеріп те және сыбырлап та оқыма, осының арасынан бір жол таңда», - деп

[111] Және айт: «Барлық мақтау ешбір бала иемденбеген және билікте ешбір серігі болмаған әрі әлсіздіктен көмекшіге мұқтаж болмаған - Аллаһқа!» - деп. Әрі Оны дәріптей ұлықта

Кәһф

Surah 18

[1] Барлық мақтау Аллаһқа, сондай құлына Кітапты / Құранды / түсірген және онда / Құранда / ешбір қисықтық, ауытқу / кемшілік / жасамай

[2] тура еткен. / Ол арқылы / Өзінен болатын қатты азапты ескерту және ізгі амал істейтін имандыларды / мүміндерді / - оларға болатын көркем сыймен қуандыру үшін

[3] Олар / имандылар / онда мәңгі тұрады

[4] Әрі: «Аллаһ бала иемденді», - деп айтқандарды ескерту үшін

[5] Бұл туралы оларда ешбір білім жоқ әрі олардың әкелерінде де. Олардың ауыздарынан шыққан сөз өте үлкен / ауыр / . Олар тек өтірікті ғана айтады

[6] Ей, Мұхаммед! / Олар осы сөзге Құранға сенбесе, сен қайғырып, олардың соңынан / соларға бола / , өзіңді құрта жаздайсың

[7] Ақиқатында, олардың қайсысы амал етуде жақсы екенін сынау үшін Біз жер үстіндегі бар нәрселерді, оның көркі етіп қойдық

[8] Әрі шын мәнінде, Біз оның / жердің / үстіндегілердің барлығын құр топыраққа айналдырамыз

[9] Ей, Мұхаммед! / әлде сен үңгір және Рақим иелері Біздің белгілеріміздің ішіндегі таңғажайыбы деп ойладың ба

[10] Кезінде жас жігіттер үңгірді паналап: «Раббымыз! Бізге Өзіңнен мейірім нәсіп ет! Әрі ісімізде бізге туралық бер», - деді

[11] Сонда Біз олардың құлақтарын бірнеше жылға бекіттік

[12] Содан кейін екі топтың қайсысы мерзімді дәлірек есептейтінін білу үшін оларды қайтадан тірілттік / ояттық

[13] Ей, Мұхаммед! / Саған олардың хабарын ақиқатпен баян етеміз. Күдіксіз, олар өздерінің Раббысына сенген жігіттер еді, Біз олардың туралықтарын арттыра түстік

[14] Олар тұрып: «Біздің Раббымыз - аспандардың және жердің Раббысы. Біз Одан өзгені құдай етіп ешқашан тілемейміз. Онда біз шектен шыққан сөзді айтқан боламыз», - деген кезде, Біз олардың жүректерін бекіткен едік

[15] Олар бір-біріне / : «Мына еліміз Одан өзгені құдайлар етіп алды. Олар соларға / құдайларына / қатысты неге анық дәлел келтірмейді? Аллаһқа қатысты / ойдан / өтірікті құрастырғаннан әділетсіз кім бар?» - деді

[16] «Енді олардан және олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан бөлініп шыққан соң, үңгірді паналаңдар. Сендердің Раббың өздеріңе мейірімін жаяды әрі істеріңе көмек беріп, жеңілдетеді», - деді

[17] Ей, Мұхаммед! / Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның / үңгірдің / ортасында болды. Бұл - Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың

[18] Оларды ояу деп ойлайсың, негізінен олар ұйқыда. Біз оларды оң жағына және сол жағына аударып тұрамыз. Ал иттері үңгірдің кіре берісінде, алдыңғы екі аяғын созып жатты. Егер де оларды көргеніңде, олардан бұрылып қашып, сені қорқыныш басар еді

[19] Сөйтіп Біз оларды бір-бірінен сұрасулары үшін қайта тірілттік / ояттық / . Олардан біреуі «Қанша болдыңдар?» деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі»,- деді. «Қанша болғандарыңды өздеріңнің Раббың жақсы біледі. Біреулеріңді мына күміс теңгелеріңмен қалаға жіберіңдер. Тағамның қайсысы таза екенін қарап, сендерге азық алып келсін. Әрі сыпайы, сақ болсын, сендерді ешкімге байқатпасын

[20] Егер олар сендерді көріп қойса, тас атады немесе діндеріне қайтарады. Онда сендер ешқашан мұраттарыңа жетпейсіңдер», - деді

[21] Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың / қайта тірілудің / шәксіз болатындығын / адамдар / білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына / үңгірдің аузын бекітіп / құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді

[22] Бұлар: «Олар үшеу, төртіншісі олардың иті», -деді және: «Олар бесеу, алтыншысы олардың иті», -деп жорамалдап, ғайыпты білмекші болды. Сондай-ақ олар: «Жетеу, сегізіншісі олардың иті»,-деді. Айт: «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Оларды тек азынан басқа ешкім білмейді»,- деп. Олар жайында ашық түрде ғана сөзге бар әрі олар жайлы бұлардың / кітап иелерінің / ешқайсысынан сұрама

[23] Әрі ешбір нәрсеге байланысты: «Мен мұны ертең істеймін», - деп айтпа

[24] тек: «Аллаһ қаласа» - / «Инша Аллаһ» / ,- деп қана айт. Ұмытқансәтте Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның маған туралыққа бұдан да жақын жол көрсетуін үміт етемін»,- деп айт

[25] Олар үңгірде үш жүз жыл болды және тоғыз / қосылады

[26] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олардың қанша болғанын Аллаһ жақсы біледі. Аспандардың және жердің құпиясы Оған тән. Ол - қандай керемет Көруші және Естуші! Оларда Одан өзге қамқоршы жоқ әрі Ол билігіне ешкімді ортақтастырмайды», - деп

[27] Ей, Мұхаммед! / Раббыңның кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге / пана / қорғаныш таппайсың

[28] Өздерінің Раббысына таңертең әрі кешке Оның дидарын / разылығын / қалап, тілек етушілермен бірге сабыр ет, әрі осы өмірдің көркін қалап, көздеріңді олардан бұрма. Сондай-ақ, Біз жүрегін Өзімізді еске алудан қаперсіз еткен әрі көңілқұмарлығына ерген және ісі шектен шыққан біреуге бағынба

[29] Әрі айт: «Ақиқат - сендердің Раббыңнан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, күпірлік етсін / иманға келмесін / »,- деп. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәрдем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын

[30] Ақиқатында, иманға келіп және ізгі амал істегендерге,- ықыласпен істеген амалдарының сыйын зая кетірмейміз

[31] Оларға ’Адн Жәннатының бақтары бар, олардың астынан өзендер ағып жатады. Олар онда алтыннан болған білезіктермен сәнденеді, жұқа және қалың жібектен жасыл киімдер киіп, перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Бұл не деген жақсы сый әрі неткен көркем мекен

[32] Әрі оларға екі адамның мысалын баян ет. Біз олардың біреуіне екі жүзім бағын бердік. және ол екеуін құрма ағаштарымен қоршап, араларын егіндік еттік

[33] Екі бақ та жемістерінен ешнәрсе азайтпай берді. Әрі олардың араларынан өзен ағызып қойдық

[34] Сондай-ақ оның / басқа да / өнімдері бар еді. Сонда жолдасымен сөйлесіп тұрғанда ол: «Менің сенен дүнием көп әрі адамдарымның саны жағынан да қуаттымын», - деді

[35] Сөйтіп ол бағына өз-өзіне әділетсіздік еткен күйі кіріп: «Бұл ешқашан құриды деп ойламаймын

[36] Әрі Сағат та / қайта тірілу күні / болады деп ойламаймын. Егер Раббыма қайтарыла қалсам, онда бұдан да жақсысын табамын», - деді

[37] Сонда сөйлесіп тұрған жолдасы оған: «Сонда сен өзіңді / алдымен / топырақтан, кейін тамшыдан жаратқан, кейін / рет-ретімен / теңестіріп, ер адам етіп қалыптастырғанға күпірлік етесің бе / сенбей, қарсы келесің бе

[38] Ал, мен үшін Ол Аллаһ - менің Раббым / Ием / , мен Оған ешкімді серік етіп қоспаймын

[39] Әрі сен бағыңа кірген кезде неге: «Бұл - Аллаһтың қалауы, Аллаһтан басқа ешбір қуат жоқ», - деп айтпадың? Егер сен мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең

[40] онда Раббым маған сенің бағыңнан жақсырағын беруі, ал сенікінің үстіне көктен апат жіберуі мүмкін, сонда ол мүлде тақырға айналады

[41] Немесе суы тартылып, оны таба алмай қаласың», - деді

[42] Сөйтіп / жолдасының айтқаны келіп / , оның өнімін апат орады, ол аспаларымен бірге құлап жатқан бағына сарп еткеніне / шығынына / өкіне, алақандарын аударып қалды / сан соғыпқалды / . Ол: «Қап, Раббыма ешкімді серік етіп қоспағанымда еді», -деді

[43] Әрі оның Аллаһтан өзге жәрдем беретін адамдары / жақтастары / болған жоқ және ол өзі-өзіне көмектесе алмады

[44] Мұндайда көмек / қамқорлық /- хақ Аллаһта ғана. Ол, қайтарым сыйда да қайырлы, әрі нәтижеде де қайырлы

[45] Ей, Мұхаммед! / Оларға осы өмір жайлы мысал келтір. Ол бейне бір Біз аспаннан түсірген су секілді. Онымен жердің өсімдіктері араласып / өніп-өскеннен / кейін ол, жел ұшыратын құрғақ үгіндіге айналды. Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетеді

[46] Байлық пен балалар - осы өмірдің сәні. Ал, / ақиретке / қалатын ізгі амалдар болса, Раббыңның қасында қайтарым сый ретінде қайырлы әрі үміт тұрғысынан да қайырлы

[47] Сол / қайта тірілу / күні тауларды жүргіземіз де сен жерді тегіс, ашық түрде көресің. Біз оларды / бүкіл адамзатты / жинаймыз да, олардан ешкімді қалдырмаймыз

[48] Әрі олар Раббыңның алдынақатарланып қойылады. / Кәпірлерге / : «Міне, сендер Бізге, өздеріңді алғашқы рет жаратқанымыздай келдіңдер. Негізінде, сендер уәделі мерзімді / қайта тірілу күнін / Біз белгілей алмайды деп есептеген едіндер», - делінеді

[49] Әрі Кітап / амал дәптері / қойылады, сонда қылмыскерлердің ондағы нәрседен / тіркелген күнәларынан / қорыққанын көресің. Олар: «Сорымыз құрысын! Кішісін де, үлкенін де қалдырмай сақтаған бұл қандай кітап?» - дейді. Әрі олар істеген амалдарын қарсы алдарынан табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді

[50] Кезінде біз періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», - деген едік. Сонда олар сәжде етті, тек жыннан болған Ібіліс қана Раббысының бұйрығын тыңдамады. Сонда, олар сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны / шайтанды / және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма? Әділетсіздердің айырбастап алғандары қандай жаман

[51] Аспандарды және жерді жаратуда да, әрі олардың өздерін жаратуда да Мен оларды куә еткен жоқпын. Әрі Мен адастырушыларды Өзіме көмекші етіп алмаймын

[52] Сондай-ақ ол / қайта тірілу / күні Ол: «Өздерің Маған серік деп санағандарыңды шақырыңдар», - дейді. Сонда олар / серік еткендерін / шақырады, алайда / табынғандары / Оларға жауап бермейді. Біз олардың арасына жойылатын орын жасаймыз

[53] Әрі қылмыскерлер Отты көріп, өздерінің оған түсетіндіктеріне көздері жетеді. Сондай-ақ, олар одан құтылар жол таба алмайды

[54] Біз бұл Құранда адамдарға әрбір мысалды жан-жақты етіп, анықтап түсіндірдік. Ал, адам бәрінен көп таласушы-керісшіл

[55] Адамдарға тура жол келген кезде олардың иманға келулеріне және өздерінің Раббысынан кешірім тілеулеріне - бұрынғылардың жолымен жүруі не олардың азап­ты алдарынан келуін күтулері ғана кедергі болды

[56] Әрі Біз елшілерді қуандырушы және ескертуші етіп қана жібереміз. Ал, сондай күпірлік етушілер / иманнан бас тартқандар / ақиқатты жоққа шығару үшін жалғанның көмегімен дауласады. Олар Менің аят-белгілерімді және өздеріне ескертілгендерді келеке етеді

[57] Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген / теріс / амалдарын / күнәларын / ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. / Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді

[58] Әрі Раббың әл-Ғафур / өте кешірімді / , кең мейірім Иесі. Егер де Ол оларды істеп тапқандары / күнәлары / үшін қолға алар болса, онда оларға азапты тездетер еді. Алай­да, олар үшін уәделі бір мерзім бар. Олар Одан өзге пана / қорғаныш / таба алмайды

[59] Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз

[60] Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», - деді

[61] Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол / балық / із салып теңізге жол алды

[62] Екеуі ілгері кеткен кезде, ол жанындағы жігітке: «Түскі тамағымызды әкел, бұл сапарымызда шаршадық», - деді

[63] Ол: «Жартасты паналаған кезіміз есіңде ме? Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды. Ал ол / балық / болса, теңізге таңғажайып түрде жол алды», - деді

[64] Мұса / : «Біздің қалағанымыз осы», деп, екеуі ізінше кері қайтты

[65] Сонда екеуі, Біз оған Өзімізден мейірім берген және Өзімізден білім үйреткен құлдарымыздың бірін тапты

[66] Мұса оған: «Саған үйретілген тура нәрселерден / пайдалы білімнен / маған да үйретуің үшін саған еріп жүрсем бола ма?» - деді

[67] Хидр / : «Сен менімен бірге / жүруге / сабырлылық көрсете алмайсың

[68] Білімің қамтымаған нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді

[69] Мұса / : «Егер Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Әрі мен саған ешбір істе қарсы келмеймін», - деді

[70] Хидр / : «Егер маған еріп жүретін болсаң, өзім саған айтып бергеніме дейін, менен еш нәрсе сұрама»,- деді

[71] Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Бір кемеге мінгендерінде, ол / Хидр / оны тесті. / Мұса / : «Сен оның ішіндегілерді суға батыру үшін тестің бе? Негізінде сен айыпталған іс жасадың», - деді

[72] Ол: «Сен менімен бірге сабырлық ете алмайсың деп айтпадым ба?» - деді

[73] Мұса / : «Ұмытқаным үшін мені айыптама. Әрі маған бұл ісімде қиындық тудырма»,- деді

[74] Сөйтіп олар жолға шықты. Олар бір баланы кездестірген кезде, ол / Хидр / оны өлтіріп тастады. / Мұса / : «Сен бір таза жанды кек қайтару үшін болмаса да өлтірдің бе? Негізінде сен өте теріс іс жасадың»,- деді

[75] Хидр / : «Мен саған менімен бірге / болуға / сабыр ете алмайсың деп айтпадым ба?»- деді

[76] Мұса / : «Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам, мені өзіңе серік етпей-ақ қой. Менің алдын сұраған кешірімімді қабыл еткен едің»

[77] Сөйтіп олар жолға шықты. Бір ауылдың тұрғындарына келген кезде, олардан тамақ сұрады. Ал, олар, екеуін қонақ етуден бас тартты. Екеуі сол жердегі құлағалы тұрған бір дуалды көрді. Сонда ол / Хидр / оны тұрғызып қойды. / Мұса / : «Егер қаласаң, бұл үшін ақы алар едің»,- деді

[78] Хидр / : «Міне, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы - осы. Енді саған өзің сабыр ете алмаған жайттардың мән-жайынан хабар берейін

[79] Кемеге қатысты, ол теңізде кәсіп ететін кедейлердікі еді. Мен оған бір нұқсан келтіргім келді, өйткені, олардың алдында әрбір / жарамды / кемені тартып алушы бір патша бар еді

[80] Ал балаға келсек, оның ата-анасы иманды адамдар еді. Біз оның ол екеуін / ата-анасын / шектен шығуға және күпірлікке / Аллаһқа қарсы келуге! итермелеуін / Аллаһтың білдіруімен / біліп, қауіп еттік»

[81] Сондықтан Раббысы оларға, оны тазалықта одан жақсы және мейірімділікте одан жақынмен / перзентпен / ауыстыруын қаладық

[82] Ал, дуал болса сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады. Мен мұны өз шешіміммен / өздігімнен / істеген жоқпын. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істердің мән-жайы»

[83] Ей, Мұхаммед! / Әрі олар сенен Зұлқарнайын жайында сұрайды. Айт: «Сендерге одан / оған қатысты / бір хабар оқып беремін», - деп

[84] Анығында, Біз оны жерде мықты етіп нығайттық және оған барлық нәрсеге / жетуге! мүмкіндік бердік

[85] Сөйтіп ол бір жолға түсті

[86] Күн бататын жаққа жеткенде, оны лайлы су көзіне батып бара жатқан түрде көрді. Әрі оның қасында бір елді тапты. Біз: «Ей, Зұлқарнайын, не жазалайсың, не болмаса оларға қатысты жақсылық ұстанасың», - дедік

[87] Ол: «Кім әділетсіздік ететін болса, оны жазалаймыз, кейін ол Раббысына қайтарылып, Ол оны қатты азаппен жазалайды

[88] Ал кім иманға келсе және ізгі амал істесе, оған көркем қайтарым сый беріледі. Әрі оған істеріміздің жеңілін айтамыз», - деді

[89] Содан кейін ол бір жолға түсіп

[90] күн шығатын жаққа жеткенде, оны, бір елдің үстінен шыққан түрде тапты. Біз оларға одан / күннен / пана болатын еш нәрсе жасамадық

[91] Осылай болды! Біз онымен / Зұлқарнайынмен / болған нәрсенің бәрін біліммен қамтыдық

[92] Содан кейін ол / тағы да / бір жолға түсті

[93] Ол екі / тау / бөгетінің арасына жеткен кезде, олардың арасынан сөзді / өзге тілді / түсінбейтін бір елді кездестірді

[94] Олар: «Ей, Зұлқарнайын! Яжұж бен Мажұж бұл жерде бұзғыншылық істеп жатыр. Біз бен олардың арасына бір бөгет жасауың үшін саған төлем / салық / жинап берейік пе?» - деді

[95] Ол: «Раббымның маған бергені одан қайырлы. Сендер маған өз күштеріңмен көмектесіңдер, мен сендер мен олардың арасына бір бөгет жасаймын

[96] Маған темір бөліктерін әкеліңдер», деді. Екі қапталдың арасын толтырған кезде: «Көрік басып үрлеңдер», - деді. Оны отқа айналдырған кезде: «Маған балқытылған мысты беріңдер, оның үстіне құямын»,- деді

[97] Сонда олар / Яжұж бен Мажұж / , оған шыға алмады әрі оны тесіп те өте алмады

[98] Ол / Зұлқарнайын / : «Бұл - Раббымнан бір мейірім. Раббымның уәдесі келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі шындыққа айналады»,- деді

[99] Сол күні Біз оларды бір-бірімен / лек-легімен / араласқан түрде қоямыз. Әрі сүр үріліп, Біз олардың барлығын жинаймыз

[100] Сол күні кәпірлерге тозақты анық көрсетеміз

[101] солар, көздері Менің еске салуымнан перделенгендер және оны ести алмайтындар

[102] Сол күпірлік етушілер / Раббысына серік қосушылар / Менің орныма құлдарымды қамқоршылар етіп алуды ойлады ма? Анығында, Біз, Жаһаннамды кәпірлер үшін тұрақ етіп әзірледік

[103] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге амалдарында ең көп зиян табатындар туралы хабарлайық па

[104] сондай, осы өмірдегі әрекет-ұмтылыстары адасып / жоқ болып / , ал өздері жақсы іс жасап жүрміз деп ойлайтындар / жайлы / », - деп

[105] Міне, солар - Раббысының аят-белгілеріне әрі Оған кездесетініне күпірлік еткендер / сенбегендер / . Олардың амалдары босқа кетіп, Қайта тірілу күні оларға салмақ бермейміз

[106] Күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері, мойындамағандықтары / және Менің аят-белгілерім мен елшілерімді келеке еткендіктері үшін олардың қайтарым жазасы - Жаһаннам

[107] Күмәнсіз, иманға келген және ізгі амал істегендер үшін, олардың мекені Фирдаус / жәннатының / бақтары болады

[108] Олар онда мәңгі қалып, одан / өзге жаққа / ауысуды қаламайды

[109] Ей, Мұхаммед / / Айт: «Егер де теңіз Раббымның сөздерін / жазатын / сия болғанда, тіпті тағы қосымша сол секілдіні әкелсек те Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді»,- деп

[110] Айт: «Анығында, мен де сендер секілді адаммын. Маған: «Сендердің құдайларың - жалғыз құдай», - деп уахи етілді. Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал істесін және Раббысына құлшылық етуде Оған ешкімді серік етіп қоспасын»,- деп

Мәриям

Surah 19

[1] Кәф, Ха, Йа, 'Айн, Сад

[2] Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббыңның Өз құлы Зәкәрияға / жасаған / игілігін еске салуы

[3] Міне, кезінде ол Раббысына / өзгелерден / жасырын түрде жалбарынды

[4] Ол: «Раббым! Менің сүйегім қаусады, басымды ақ шалды. Раббым! Саған дұға еткенімде бақытсыз болған жоқ едім

[5] Мен артымда қалатын ағайындарымнан қорқамын / қауіптемін / . Әйелім бедеу. Маған өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр

[6] Маған да мұрагер әрі Яғқұптың әулетіне де мұрагер болатын. Раббым! Оны Өзің разы болатын / ізгілерден / ет», - деді

[7] «Ей, Зәкәрия! Біз сені ұлмен сүйіншілейміз, есімі Йахйа. Бұған дейін ешкімді ол секілді атамадық»

[8] Зәкәрия / : «Раббым!? Әйелім бедеу, ал, өзім қатты қартайған болсам, менде қалай бала болмақ?» - деді

[9] Періште / : «Міне осылай. Раббың айтты: «Ол маған оңай. Сені, бұрын сен ешнәрсе болмағаныңда да жараттым», - деді

[10] Зәкәрия / : «Раббым, маған бір белгі бер»,- деді. Ол: «Сенің белгің - сау бола тұра адамдарға қатарынан үш түн сөйлемеуің»,- деді

[11] Сөйтіп ол, құлшылық ететін орнынан қауымының алдына шығып, оларға: «Таңертең және кешке Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер»,- деп / ишарамен / білдірді

[12] Оған / : «Ей, Йахйа! Кітапты мықтап ұста!» - дедік. Әрі Біз оған бала кезінен даналық бердік

[13] Әрі оған Өз тарапымыздан мейірбандық пен тазалық бердік. Ол тақуа / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы! еді

[14] Әрі ол ата-анасына игілік істеуші болып, өктемшіл, бойсұнбаушы емес еді

[15] Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады

[16] Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып

[17] олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды / Жәбірейілді / жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді

[18] Мэриям / :«Мен әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы / тақуа / болсаң / тиіспе / », -деді

[19] Періште / : «Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», - деді

[20] Мәриям / : «Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?» - деді

[21] Періште / : «Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі / мұғжиза / және мейірім етеміз. Бүл - шешіліп қойылған іс», - деп айтты»,- деді

[22] Сөйтіп, ол оған жүкті болып, онымен / кұрсағындағымен / алыс бір орынға барып оңашаланды

[23] Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: «Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді», - деді

[24] Періште / оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды

[25] Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі

[26] Құрмадан / же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: «Мен әр-Рахман / аса Мейірімді / үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін», - деп айт»,- деді

[27] Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің

[28] Ей, Һарұнның қарындасы! Әкең жаман кісі емес еді, әрі анаң да теріс жолда емес еді»,-деді

[29] Сонда ол оған / балаға / меңзеді. Олар: «Біз құндақтағы нәрестемен қайтып сөйлесеміз?» - деді

[30] Иса / : «Мен - Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітапты берді әрі мені Пайғамбар етті

[31] Әрі қайда болсам да мені берекелі етті. Өмір сүріп тұрған кезімде намазды және зекетті / өтеуді / бұйырды

[32] Әрі анама игілік етуші / перзент / етті және мені өктемшіл, бақытсыз етпеді

[33] Әрі маған, мен туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық / болады / », - деді

[34] Міне бұл - олар күмәнданып, тартысатын Мәриямның ұлы Иса жайлы хақ сөз

[35] Аллаһтың бала иемденуі мүмкін емес. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол бір істің болуын үкім етсе, оған тек қана «бол» дейді. Сонда ол, болады

[36] Иса / «Ақиқатында, Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың. Оған құлшылық етіңдер. Міне осы тура жол», - деді

[37] Ал айда топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай күпірлік етушілерге / хақ дінді бұрмалаушы ағымдарға / Ұлы күннің / Қияметтің / көрінісінен үлкен қасірет бар

[38] Бізге келген күні, олардың есту, көрулері өте анық болады. Алайда бүгін әділетсіздер ашық адасуда

[39] Ей, Мұхаммед! / Оларға барлық іс шешілетін - қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда / бейғамдықта / әрі сенбеуде

[40] Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады

[41] Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді

[42] Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың

[43] Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын

[44] Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбаушы болды

[45] Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», - деді

[46] Әкесі / : «Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр», - деді

[47] Ибраһим / : «Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан

[48] Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді

[49] Сөйтіп ол олардан және олардың Аллаһтан өзге табынатындарынан алыстап, бөлек кеткенде, Біз оған Исхақ пен Яғқұпты тарту еттік әрі олардың барлығын пайғамбар қылдық

[50] Әрі оларға Өз мейірімізден тарту етіп, олар жайлы ақиқат сөзін жоғары еттік

[51] Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Ол таңдалған және Елші / расул / әрі Пайғамбар / нәби / еді

[52] Біз оған таудың оң жағынан үн қаттық және сөйлесу үшін оны жақындаттық

[53] Әрі Өз мейірімізбен оған бауыры Һарұнды пайғамбар етіп сыйладық

[54] Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді

[55] Ол үй-ішін намазға / оны орындауға / және зекетке / парыз, нәпіл садақа беруге / бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді

[56] Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді

[57] Біз оны жоғары орынға көтердік

[58] Міне осылар - Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның / аса Қайырымдының / аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады

[59] Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / ергендер келді. Жақында олар Ғайға / тозақтағы терең шұңқырға / тасталады

[60] Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып / тәубе етіп / , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды

[61] Олар ’Адн / жәннатының / бақтарына / кіреді / , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде / көрсетпестен / уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады

[62] Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек «Сәлам» / Амандық болсын / - деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де / қалаған кездерінде

[63] Құлдарымыздан тақуа болғандарға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / мұра ететін Жәннат - осы

[64] Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! / : «Біз / періштелер / Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың - ұмытушы емес

[65] Ол - аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», - деп

[66] Әрі адам баласы: «Мен өлгеннен кейін, / қайтадан / тірі күйімде шығарыламын ба?» - дейді

[67] Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді

[68] Раббыңмен ант етемін! Біз оларды және шайтандарды әлбетте жинаймыз. Содан кейін оларды Жаһаннамның айналасына тізерлетіп қоямыз

[69] Кейін әрбір топтан, олардың ішіндегі әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбауда ең қатты болғандарын шығарып аламыз

[70] Одан кейін, әлбетте онда жандырылуға ең лайықтылардың кім екенін Біз жақсы білеміз

[71] Сендерден әрбіреу оған келеді. Бұл - Раббыңның міндетіндегі, шешілген бір үкім

[72] Кейін, тақуа болғандарды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізерлеген күйінде қалдырамыз

[73] Оларға анық түрдегі аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік еткендер / имансыздар / иманға келгендерге: «Екі топтың / имандылар мен имансыздардың / қайсысы жағдайы және жиыны / құрамы / тұрғысында артық?» - дейді

[74] Ал, олардан бұрын қанша халықтарды жойған едік. Олар байлықтарында және түр-тұрпатында жақсырақ еді

[75] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім адасуда болса, әр-Рахман оларға оны / адасуларын / өздеріне уәде етілген - не азап, не Сағатты / қияметті / көргендеріне дейін ұзартып қойсын. Сол кезде олар, кімнің орын тұрғысынан жаман әрі әскері әлсіз екенін біледі»,- деп

[76] Әрі Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттырады. Ал, қалатын / жойылмайтын / ізгі амалдар - Раббыңның құзырында қайтарым сый әрі нәтиже ретінде одан қайырлы

[77] Аяттарымызға күпірлік етіп / сенбей / : «Маған мал және балалар беріледі»,- дегенді көрдің бе

[78] Ол ғайыпты білді ме, әлдеәр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / серт алды ма

[79] Жоқ! Олай емес! Біз оның айтқанын жазып қоямыз әрі оған азапты арттырамыз

[80] Әрі оның айтқан нәрселері Бізге қалады да, ол Бізге бір өзі келеді

[81] Олар өздеріне абырой / күш-құдірет / болуы үшін Аллаһтан өзгелерді құдай етіп алды

[82] Жоқ! Олай емес! Олар / табынғандары / бұлардың құлшылықтарын теріске шығарады және бұларға қарсы болады

[83] Ей, Мұхаммед! / Біз кәпірлердің үстінен шайтандарды, оларға түрткі салып, итермелеуші етіп жібергенімізді көрмедің бе

[84] Сондықтан оларға / жазаның келуіне / асықпа. Біз олар үшін / нақты / есеп жүргізушіміз

[85] Сол / қайта тірілу / Күні, тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / әр-Рахманға таңдаулы өкілдер тобы етіп жинап

[86] ал қылмыскерлерді қатты шөлдеген халдерінде Жаһаннамға айдаймыз

[87] Әр-Рахманнан уәде алғандардан басқалары арашалық ету / шапағат ету / құқығына ие болмайды

[88] Әрі олар: «әр-Рахман / аса Қайырымды / Өзіне бала алды», - деді

[89] Расында сендер өрескел нәрсе істедіңдер

[90] Бұдан аспандар жарылып әрі жер айрылып және таулар күйреп, құлап түсе жаздайды

[91] олардың әр-Рахманға бала таңғандықтары үшін

[92] Өзіне бала иемдену әр-Рахманға лайықты емес / үйлеспейді

[93] Аспандар мен жердегілердің барлығы әр-Рахманға бар болғаны құл ғана болып келеді

[94] Ол / Аллаһ / оларды санап, есептеп қойған

[95] Олардың барлығы Қайта тірілу күні Оған жалғыз келеді

[96] Иманға келген және ізгі амал істегендерге әр-Рахман / аса Қайырымды / сүйіспеншілік салады

[97] Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Біз бұны / Құранды / өз тіліңде жеңіл еттік, сенің онымен тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / қуандыруың және қасарысқан керісшіл адамдарды ескертуің үшін

[98] Әрі олардан бұрын қанша халықтарды жоқ еттік. Енді сен олардың бірін сезіп, біле аласың ба немесе олардың сыбдырын естисің бе

Таһа

Surah 20

[1] Та, Ха

[2] Біз саған Құранды ауыртпашылық салу / бақытсыз болуың / үшін түсірген жоқпыз

[3] тек / Аллаһтан / қорқатындар үшін еске салу / ескерту, насихат / етіп

[4] жерді және биік аспандарды Жаратқанның түсіргені

[5] Әр-Рахман / аса Қайырымды / Аршыға көтерілді

[6] Аспандардағы және жердегілер әрі ол екеуінің арасындағылар және жердің астындағылардың барлығы - Онікі

[7] Егер сен қатты сөйлесең де, анығында, Ол жасырын нәрсені әрі одан да арғы құпияны біледі

[8] Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ең көркем есімдер - Онікі

[9] Ей, Мұхаммед! / Саған Мұса жайлы хабар келді ме

[10] Кезінде ол бір от көргенде, үй ішіне: «тұра тұрындар. Мен бір от көрдім. Мүмкін сендерге одан бір тамызыққа от әкелермін немесе оттың қасында, бір жол көрсетуші табармын»,- деді

[11] Ол оған барған кезде, үн қатылды: «Ей, Мұса

[12] Ақиқатында, Мен - сенің Раббыңмын. Аяқ киіміңді шеш. Анығында, сен қасиетті Туа алқабындасың

[13] Мен сені тандап алдым. Енді / өзіңе / уахи етілетінді тыңда

[14] Анығында, Мен - Аллаһпын. Менен басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық ет және Мені еске алу үшін намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында

[15] Әрбір жанға, әрекет-ұмтылыстарына лайықты қайтарым сыйы не жазасы берілу үшін Мен құпия еткен Сағат / қайта тірілу күні / анық келеді

[16] Оған / қайта тірілуге / сенбей, көңілқұмарлығына ергендер, сені одан қайтармасын. Онда сен құрисың

[17] Ей, Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?» - деді

[18] Мұса / : «Бұл менің таяғым. Оған сүйенемін және онымен қойларыма талдан жапырақ қағып беремін. Әрі онда басқа да қажеттерім бар», - деді

[19] Аллаһ / : «Ей, Мұса! Оны таста!»- деді

[20] Ол оны тастады. Сонда ол ирелеңдеген жыланға айналды

[21] Аллаһ / '. «Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі қалпына қайтарамыз

[22] Әрі қолыңды қолтығыңа қыс. Ол, зиянсыз аппақ / нұрлы / болып шығады. Бұл - тағы бір белгі

[23] ұлы белгілеріміздің кейбірін саған көрсетуіміз үшін

[24] Фиръаунға бар. Ол, шектен шықты», деді

[25] Ол: «Раббым! Көкірегімді кеңіте гөр

[26] әрі маған ісімді жеңілдет

[27] және тілімнің түйінін шеш

[28] олар сөзімді түсінуі үшін

[29] Әрі әулетімнен маған бір көмекші бер

[30] Һарұн бауырымды

[31] Онымен мені қуаттап

[32] осы істерімде / пайғамбарлық міндетімде / оны маған қоса гөр

[33] Сені / кемшіліктен / пәк деп көп дәріптеуіміз

[34] әрі Өзіңді көп еске алуымыз үшін

[35] Анығында, Сен - бізді көрушісің», - деді

[36] Аллаһ / : «Ей, Мұса! Саған сұрағандарың берілді

[37] Біз / ілгеріде / саған бұдан басқа да игілік жасаған едік

[38] Сол кезде анаңның көкейіне білдірілуі тиісті нәрсені салған едік

[39] «Оны сандыққа салып, өзенге қоя бер. Өзен жағаға шығарып, оны Маған дұшпан болған әрі оған да дұшпан болған біреу / тауып / алсын», - деп. Әрі көз алдымда өсуің үшін Мен саған Өз тарапымнан сүйіспеншілік салдым

[40] Сол кезде әпкең / артыңнан / еріп жүріп: «Сендерге оған қамқорлық ететін / емізетін / біреуді көрсетейін бе?» - деді. Сөйтіп анаңның көзайым болуы әрі қайғырмауы үшін сені оған қайтардық. Кейін сен бір адамды өлтірдің. Сонда сені уайымнан құтқардық және түрлі сынаққа салдық. Ей, Мұса, содан кейін Мәдиян елінде бірнеше жыл болып, белгіленген мерзімде / қайтып / келдің

[41] Мен сені Өзім үшін таңдадым

[42] Сен және бауырың белгілеріммен барыңдар, әрі Мені еске алуда әлсіздік танытпаңдар

[43] Фиръаунға барыңдар, өйткені ол шектен шықты

[44] Оған жұмсақ сөз сөйлеңдер, мүмкін ол еске алар, не қорқар», - деді

[45] Олар: «Раббымыз! Біз оның бізді дереу жазаға тартуынан не шектен шығуынан қорқамыз», - деді

[46] Аллаһ / : «Қорықпаңдар! Мен сен екеуіңмен біргемін, естимін және көремін

[47] Оған барып: «Біз - Раббыңның елшілеріміз. Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер әрі оларды қинама. Біз саған Раббыңнан белгі алып келдік. Тура жолға ергенге амандық болады

[48] Анығында, өтірікке шығарғандар және теріс бұрылғандар азапқа тартылатыны жайлы Бізге уахи етілді» - деп айтыңдар», - деді

[49] Фиръаун / : «Ей, Мұса, сендердің Раббың кім?» - деді

[50] Мұса / : «Біздің Раббымыз сондай, әрбір нәрсеге жаратылысын / бейне-бітімін / берген, кейін жолдарын белгілеп көрсеткен», -деді

[51] Фиръаун / : «Өтіп кеткен ұрпақтардың жағдайы қандай болмақ?» - деді

[52] Мұса / : «Олар жайлы білім Раббымдағы Кітапта / Ләухул-Махфузда / . Раббым жаңылмайды әрі ұмытпайды

[53] Ол сендер үшін жерді жазық етті және онда сендер үшін жолдар жасады. Әрі аспаннан су түсірді», - деді. Сөйтіп онымен түрлі өсімдіктерді жұбымен шығардық

[54] Олардан / жеңдер әрі малдарыңды жайыңдар. Ақиқатында, мұнда - ақыл иелері үшін белгілер бар

[55] Одан / топырақтан / сендерді жараттық және / өлгендеріңнен кейін / оған қайтарамыз әрі / қайта тірілу күні / одан қайта шығарамыз

[56] Ақиқатында, Біз оған / Фиръаунға / белгілеріміздің барлығын көрсеттік. Бірақ ол өтірік санап, бас тартты

[57] Фиръаун / : «Ей, Мұса! Сен бізді сиқырың арқылы жерімізден шығаруға келдің бе

[58] Біз де саған, міндетті түрде осы секілді сиқыр әкелеміз. Бізбен өзіңнің аранда бір уәделі мерзім белгіле. Одан біз де, сен де айнымайтын болайық. Ол ашық бір жер болсын», -деді

[59] Мұса / : «Сендермен уәделі мерзім мереке күні / болсын / . Әрі адамдар сәске мезгілінде жиналсын»,- деді

[60] Сөйтіп, Фиръаун қайтып кетті де, кейін өзінің қулық-сұмдығын / сиқыршыларын / жиып келді

[61] Мұса оларға: «Ей, сорың құрғырлар! Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырмаңдар. Әйтпесе Ол сендерді азаппен жойып жібереді. Кім ойдан өтірікті құрастырса, ол зиянға ұшырайды», - деді

[62] Сонда олар / сиқыршылар / бұл іс жайлы тартысып, сөздерін құпия қалдырды

[63] Олар: «Анығында, бұл екеуі сиқыршы. Сендерді сиқырлары арқылы жерлеріңнен шығаруды және үлгілі жолдарыңды жоюды қалайды

[64] Айла-тәсілдеріңді жиып, қатарланып келіңдер. Әлбетте, бүгін үстем болғандар мұратына жетеді»,- деді

[65] Олар: «Ей, Мұса! Сен тастайсың ба, әлде алғашқы тастаушы біз болайық па?» - деді

[66] Мұса!: «Жоқ, сендер тастаңдар», - деді.Сол кезде оған олардың жіптері мен таяқтары сиқырларының әсерінен ирелеңдеп жүрген секілді көрінді

[67] Мұса іштей бір қорқыныш сезді

[68] Біз: «Қорықпа! Сен әлбетте үстем боласың

[69] Оң қолыңдағыны таста! Ол олардың жасағандарын жұтады. Негізінде, олардың жасағандары -сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда барса да мақсатына жетпейді», - дедік

[70] Сонда сиқыршылар, сәждеге жығылып: «Біз Һарұн мен Мұсаның Раббысына сендік»,- деді

[71] Фиръаун / : «Мен сендерге рұқсат бермей тұрып сендіңдер ме? Әлбетте ол сендерге сиқыр үйреткен өздеріңнің үлкендерің екен. Енді, сендердің қол-аяқтарыңды қарама-қарсы / оң қол сол аяқ, сол қол оң аяқ / етіп кесемін және сендерді құрма ағаштарына керіп тастаймын. Сонда сендер біздің қайсымыздың азабымыз қатты және тұрақты екенін білетін боларсыңдар»,- деді

[72] Олар: «Біз өзімізге келген анық дәлелдерден және бізді Жаратқаннан сені ешқашан жоғары қоймаймыз. Шығаратын үкіміңді шығар. Сен бар болғаны осы өмірде ғана үкім шығарасың

[73] Ақиқатында,біз Раббымызға сендік, Оның қателерімізді әрі сен мәжбүр еткен сиқырымызды кешіруі үшін. Әрі Аллаһ қайырлы және мәңгілік

[74] Кім Раббысына қылмыскер / күнәһар / болған күйде келсе, оғанкүмәнсіз, Жаһаннам бар. Ол онда не өлмейді, не өмір де сүрмейді

[75] Ал, кім Оған иманды / мүмін / болып, ізгі амал істеген күйде келсе, міне соларға ең биік дәрежелер

[76] астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын ’Адн / жәннатының / бақтары бар. Тазарғандардың қайтарым сыйы -осы

[77] Әрі біз Мұсаға: «Түнде құлдарымды алып жүр де оларға теңізде құрғақ жол аш. Қуып жетуінен қауіптенбе және қорықпа», - деп уахи еттік

[78] Сонда Фиръаун әскерімен олардың соңына түсті. Сөйтіп оларды теңізден жабатын нәрсе / су / жапты

[79] Фиръаун елін адастырды әрі тура жолға бастамады

[80] Ей, Исраил ұрпақтары! Біз сендерді жауларыңнан құтқардық және сендермен таудың оң жақ баурайында уәделестік. Әрі сендерге мәнн мен сәлуаны түсірдік

[81] Біз сендерге ризық етіп бергеннің жақсыларынан жеңдер. Әрі онда шектен шықпаңдар. Әйтпесе, сендерге қаһарым түседі. Ал, кімге Менің ашуым түссе, ол сөзсіз құрыды

[82] Күмәнсіз, Мен, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Мағанбойсұнуға қайтқанды / тәубеге келгенді / әрі иманға келген және ізгі амал істеген, кейін тура жүргендерді көп Кешірушімін / Ғаффар

[83] Аллаһ / айтты: «Ей, Мұса! Сені қауымыңды / қалдыруға / не асықтырды?»

[84] Ол: «Олар менің соңымда жақын жерде келе жатыр. Ал мен, Раббым, разы болуың үшін саған асықтым», -деді

[85] Аллаһ / айтты: «Біз, сенен кейін еліңді сынаққа салдық. Оларды, сәмірилік адастырды», - деп

[86] Сонда Мұса ашуланған, қайғырған түрде, еліне қайтты. Ол: «Әй, елім! Сендердің Раббың сендерге жақсы уәде бермеп пе еді? Сендерге белгіленген мерзім ұзақ келді ме? Немесе өздеріңнің Раббыңның сендерге қаһары түсуін қалап, маған берген уәделеріңненайныдыңдар ма?»- деді

[87] Олар: «Біз саған берген уәдемізді өздігімізше бұзған жоқпыз. Бірақ бізде, ол елдің / Мысырдың / әшекей бұйымдарынан едәуір жүк бар еді. Сонда оларды тастадық. Осылайша сәмірилік те тастады», - деді

[88] Сонда ол / сәмірилік / оларға мөңірейтін үні бар бұзау мүсінін / жасап / шығарды. Олар / оған ергендер / : «Міне, мынау сендердің құдайларың әрі Мұсаның кұдайы. Бірақ ол оны ұмытты»,- деді

[89] Олар шынымен-ақ, оның / мүсіннің / өздеріне сөз қайтара алмайтынын әрі не зиян, не пайда тигізуге жарамсыз екенін көрмей ме

[90] Һарұн оларға бұған дейін: «Әй, елім! Шын мәнінде сендер осы / жасалған мүсін / арқылы сыналудасыңдар. Ақиқатында сендердің Раббың әр-Рахман / аса Қайырымды / . Сондықтан сендер маған еріңдер әрі бұйрығыма бағыныңдар»,- деді

[91] Қауымы / : «Мұса қайтып келгенше, біз оған / мүсінге / табынуды тоқтатпаймыз», -деді

[92] Мұса келіп / : «Ей, Һарұн! Олардың адасқанын көрген кезіңде, саған не кедергі болды

[93] соңымнан маған келуіңе. Әлде бұйрығыма бағынбадың ба?»- деді

[94] Һарун / : «Ей, анамның ұлы! Менің сақалым мен басымнан жармаспа. Негізінде, мен сенің: «Исраил ұрпақтарының арасын бөлдің және сөзімді ескермедің», - деп айтуыңнан қорықтым»,- деді

[95] Мұса / : «Ей, сәмірилік! Бұл не істегенің?» - деді

[96] Ол / сәмірилік / : «Мен олардың көрмегенін көрдім және елшінің ізінен бір уыс алып, оны / мүсінге / тастадым. Көңілім маған осылай істеуді әдемі көрсетті»,- деді

[97] Мұса / : «Бар, кет! Енді сен бұл өмірде: «Жақындамаңдар»,- деп айтатын боласың. Әрі саған, сен өзгерте алмайтын белгіленген мерзім бар. Енді беріліп табынған құдайыңа қара, біз оны өртеп, кейін теңізге шашып жібереміз

[98] Ақиқатында, сендердің құдайларың - Аллаһ, одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның білімі барлық нәрсені қамтыған», - деді

[99] Ей, Мұхаммед! / Біз саған осылай, бұрын болып өткен хабарларды айтып береміз. Әрі саған Өз тарапымыздан Еске салатынды / Құранды / бердік

[100] Кім одан / Құраннан / бет бұрса, әлбетте, Қайта тірілу күні ол ауыр жүк / күнә / арқалайды

[101] Олар онда мәңгі қалады. Қайта тірілу күні олардың жүгі неткен жаман еді

[102] Ол күні сүр үрленеді. Әрі сол күні қылмыскерлерді көгерген халде жинаймыз

[103] Олар өзара сыбырласып: «Сендер небары он болдыңдар», - дейді

[104] Біз олардың не айтатындарын жақсы білеміз. Сол кезде олардың ішінен жол тұрғысынан дұрыс болғандары: «Сендер небары бір күн болдыңдар»,- дейді

[105] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен таулар жайлы сұрайды. Айт: «Раббым оларды / түбінен жұлып / , шашып жібереді

[106] Сөйтіп оны теп-тегіс жазық етіп қалдырады

[107] Онда ешбір ойпаң да, дөңес те көрмейсің», - деп

[108] Сол күні олар шақырушыға ереді. Одан жалтарып қалуға мүмкіндік жоқ. Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / алдында дауыстар тынып, сыбдырдан басқаны естімейсің

[109] Сол күні ешбір араға түсушілік / шапағат ету / пайда бермейді, тек әр-Рахман рұқсат еткеннің және сөзінен разы болғанның ара түсуі пайда береді

[110] Ол / Аллаһ / олардың алдындағысын әрі артындағысын біледі. Ал олар мұны біліммен қамти алмайды

[111] Әрі жүздер әл-Хайй / мәңгі Тірі / және әл-Қаййумға / бәріне тіршілік беріп Басқарушыға / бағынып, төмен қарайды. Әділетсіздікті арқалап келген үмітсіздікке ұшырайды

[112] Ал, кім иманды болған күйде ізгі амал істесе, ол әділетсіздіктен де, / жақсылықтарының / кемітілуінен де қорықпайды

[113] Міне, Біз осылай, оны / еске салатынды / арабша Құран етіп түсірдік. Әрі олардың тақуалық етуін / Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануын / не еске алуларын ояту / пайда ету / үшін онда түрлі ескерту-қорқытуларды келтірдік

[114] әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / әрі әл-Хақ / кемел Хақ / Аллаһ өте жоғары. / Ей, Мұхаммед! / Саған уахи етілуі аяқталмай тұрып, Құранмен / оны қайталауға / асықпа. Әрі айт: «Раббым! Менің білімімді арттыр»,- деп

[115] Біз бұрын Адамнан серт алған едік, бірақ ол ұмытты. Одан беріктік таппадық

[116] Әрі кезінде Біз періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», - дедік. Сонда олар сәждеетті. Ал, Ібіліс бас тартты

[117] Сонда Біз: «Ей, Адам! Шын мәнінде бүл / Ібіліс / саған және сенің жұбайыңа жау. Ол екеуіңді Жәннаттан шығарып жібермесін. Онда бақытсыз боласың

[118] Сен онда / жәннатта / аш болмайсың әрі жалаңаш та болмайсың

[119] Сен онда шөлдемейсің және ыстықтан да қиналмайсың», - дедік

[120] Сонда шайтан оны азғырып: «Ей, Адам! Саған мәңгілік ағашын және бітіп таусылмас билікті көрсетейін бе?» - деді

[121] Екеуі одан жеді. Сонда оларға ұятты жерлері көрініп, олар өздеріне жәннаттың жапырақтарын жапсыра бастады. Адам Раббысына бойсұнбай адасты

[122] Кейін Раббысы оны таңдап, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етті әрі тура жолға түсірді

[123] Аллаһ / айтты: «Екеуің / Адам менХауа / одан / жәннаттан / бірге түсіңдер, сендер бір-бірлеріңе жаусыңдар. Ал, енді Менен сендерге тура жол келіп, кім Менің басшылығыма / тура жолыма / ерсе, онда ол адаспайды әрі бақытсыз болмайды», - деді

[124] Ал, кім Менің еске салуымнан / Құраннан / теріс бұрылса, оған тар өмір болады әрі Қайта тірілу күні оны соқыр күйде тірілтеміз

[125] Ол: «Раббым! Мені не үшін соқыр күйде тірілттің?! Мен көретін едім ғой»,- дейді

[126] Аллаһ / айтты: «Міне, осылай. Саған аяттарымыз келген еді, бірақ сен оларды ұмыттың. Сол секілді бүгін сен де ұмытыласың», - дейді

[127] Әрі шектен шыққан және Раббысының аяттарына сенбегендердің де қайтарым жаза­сын осылай береміз. Ал соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы өте қатты әрі үздіксіз / тұрақты

[128] Оларға дейін болған, бүгін өздері жұрттарынан өтіп жүрген, қаншама халықты жойып жіберуіміз, Оларға тура жол көрсетпеді ме? Ақиқатында, Мұнда ақыл иелері үшін белгі-ғибраттар бар

[129] Ей, Мұхаммед! / Раббыңнан алдын-ала Сөз және белгіленген мерзім болмағанда, әлбетте / жазаның бірден болуы / міндетті түрде болар еді

[130] Сондықтан олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі ризалыққа жету үшін Раббыңды күн шығардан және күн батардан алдын мақтап, дәріпте және түннің бір уақыттары мен күндіздің айналасында дәріпте

[131] Біз олардың кейбіреулеріне сынақ үшін берген осы өмірдің сән-салтанаты болған түрлі нәрселерге көзіңді салма. Ал, Раббыңның ризығы қайырлы әрі тұрақты

[132] Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз. Соңғы нәтиже тақуалардікі / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушылардікі

[133] Олар / кәпірлер / : «Неге ол бізге Раббысынан бір белгі-мұғжизалар келтірмейді?»- деді. Оларға бұрынғы жазбалардағы / сухуфтардағы / анық дәлелдер келген жоқ па

[134] Егер де оларды осыған дейін бір азаппен жойып жібергенімізде, олар: «Раббымыз! Қор болып және қасірет шекпей тұрып, аяттарыңа еруіміз үшін бізге неге бір Елші жібермедің?» - дейтін еді

[135] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Барлығы күтуде. Сендер де күтіңдер. Жақында тура жолдың иелері кім екендігін және кімнің тура жолмен жүргенін білесіңдер», - деп

Әнбия

Surah 21

[1] Адамдарға есеп / уақыты / жақындады, ал олар қаперсіздікте, бет бұрған күйлерінде жүр

[2] Оларға Раббысынан қандай да бір жаңа еске салу келсе, олар оны тек ойын, ермек етіп қана тыңдайды

[3] жүректері бос, бейқам күйде. Әділетсіздер өзара құпия сөйлесіп: «Бұл, бар болғаны өздерің сияқты адам емес пе? Көріп тұрып, сиқырға ересіңдер ме?» - дейді

[4] Ол / Мұхаммед / : «Раббым аспандағы және жердегі айтылған сөзді біледі. Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді

[5] Олар: «Олай емес, бұл бір шым-шытырық түстер. Жоқ, ол оны ойдан шығарған. Жоқ, ол - ақын. Ол бізге бұрынғыларға түсірілгендей бір белгі - мұғжиза келтірсін», - деді

[6] Оларға дейін Біз жойып жіберген елді мекендердің ешбірі иманға келмеген еді. Енді бұлар / мұғжизаны көргенде / иманға келе ме

[7] Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да оларға уахи етіп, тек ер адамдарды жібердік. Егер өздерің білмесеңдер, Еске салу / Кітап / берілген қауымнан сұрандар

[8] Әрі біз оларды / пайғамбарларды / тамақ ішпейтін бір дене етіп жаратқан жоқпыз және олар мәңгі қалушы да емес

[9] Кейін оларға берген уәдені шындыққа шығарып, оларды / пайғамбарларды / және қалағандарымызды құтқардық. Ал шектен шыққандарды жойып жібердік

[10] Біз сендерге Кітап түсірдік. Онда сен­дерге еске салу бар. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[11] Әрі біз / халқы / әділетсіз болған қаншама елді мекендерді жойдық және олардан кейін басқа халықтарды пайда еттік

[12] Сонда, қашан олар Біздің азабымызды сезген кезде, одан / тұрған жерлерінен / қаша бастады

[13] Оларға: «Қашпаңдар! Өздеріне мол етіп берілгенге / сән-салтанаттарыңа / және үйлеріңе қайтыңдар, мүмкін сендерге өтініш жасайтын болар», - делінді

[14] Олар: «О, сорымыз кұрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық»,- деді

[15] Біз оларды орып бастырылған шөптей еткенге дейін олар осылай деулерін тоқтатпады

[16] Біз аспан мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп жаратқан жоқпыз

[17] Егер де ермек етуді қалағанымызда, бұны істейтін болсақ, оны Өзімізден алар едік

[18] Керісінше! Біз ақиқатты жалғанның үстіне тастаймыз. Сонда ол / шындық / оны күйретеді. Сөйтіп, ол / жалған / кетеді, әрі сипаттағандарың үшін сендерге қасірет бар

[19] Аспандардағы және жердегі әркім де - Онікі. Оның құзырыңдағылар / періштелер! Оған құлшылық етуден өздерін жоғары санамайды әрі жалықпайды

[20] Олар түнде және күндіз / күндіз-түні / шаршамастан Оны дәріптейді

[21] Бұлар жер бетінен қайта тірілте алатын құдайлар / жасап / алды ма

[22] Егер екеуінде / аспандар мен жерде / Аллаһтан басқа құдайлар болғанда, ол екеуі де бүлініп кетер еді. Аршының Раббысы - Аллаһ олардың сипаттағандарынан / жапқан жалаларынан / пәк

[23] Ол / Аллаһ / не істегенінен сұралмайды. Ал, олар / жаратылғандар / сұралады

[24] Әлде олар Одан басқаларды құдайлар етіп алды ма? Айт: «Дәлелдеріңді келтіріңдер. Бұл / ақиқат, дәлел / - менімен бірге болғандардың Еске салуы / Құран / әрі менен алдын болғандардың Еске салуы / Тәурат, Інжіл / »,- деп. Негізінде, олардың көпшілігі ақиқатты білмейді, сондықтан олар теріс бұрады

[25] Ей, Мұхаммед! / Біз сенен алдын бір Елші жіберсек, оған: «Менен басқа құдай жоқ. Сондықтан Маған құлшылық етіңдер», - деп уахи етпей тұрып жібермедік

[26] Сондай-ақ, олар / мүшріктер / : «Әр-Рахман Өзіне бала алды», - деді. Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Анығында, / періштелер / құрметтелген құлдар

[27] Олар / періштелер / Одан / Аллаһтан / бұрын бір сөз айтпайды. Әрі олар Оның бұйрығы бойынша амал жасайды

[28] Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар Ол разы болғаннан басқаға араша түспейді / шапағат етпейді / . Олар Одан қорыққаннан діріл қағып тұрады

[29] Ал олардан кім: «Мен Одан басқа құдаймын», - десе, оны Жаһаннаммен жазалаймыз. Біз әділетсіздердің қайтарым жазасын осылай береміз

[30] Аспандар мен жер біртұтас болып, Біз оларды ажыратқанымызды және әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды күпірлік етушілер / Аллаһқа сенуден бас тартқандар / көрмей ме / білмей ме / ? Олар сонда да сенбей ме

[31] Біз жерде, оның олармен бірге шайқалмауы үшін берік тұрғандарды / тауларды / орнаттық. және онда олардың жол табулары үшін кең жолдар жасадық

[32] Әрі аспанды қорғаулы шатыр еттік. Ал, олар Оның белгілерінен теріс айналуда

[33] Әрі Ол / Аллаһ / сондай - түн мен күндізді және күн мен айды жаратты. Әрбірі өз жолымен / орбитасымен / жүзіп жүреді

[34] Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да адамдардың ешқайсысына мәңгілікті / мәңгі өмірді / бермедік. Сен өлсең, олар мәңгі қала ма

[35] Әрбір жан - өлімді татушы. Біз сендерден емтихан алу үшін өздеріңді жамандықпен және жақсылықпен сынаймыз. Әрі Бізге қайтарыласыңдар

[36] Ал, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» - дейді. Әрі өздері әр-Рахманның / аса Қайырымдының / еске салуын / Құранды / теріске шығарады

[37] Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Жақында сендерге белгілерімді көрсетемін. Мені асықтырмаңдар

[38] Сондай-ақ, олар / мүшріктер / : «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан?»- дейді

[39] Күпірлік етушілер / имансыздар / беттері мен арқаларын оттан қорғай алмайтын және оларға көмек берілмейтін кезді білсе еді

[40] Негізінде ол / азап / оларға кенеттен келіп, састырып қояды. Сонда олар оны қайтара алмайды әрі оларға мұрсат та берілмейді

[41] Сондай-ақ, саған дейінгі елшілер де келеке етілген еді. Сонда оларды / елшілерді / келеке еткендердің мазақ еткен нәрселері өздерін орап алды / бастарына келді

[42] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерді түнде және күндіз әр-Рахманнан кім қорғайды?»- деп. Алайда олар Раббысын еске алудан теріс бұрылуда

[43] Әлде оларда өздерін Бізден қорғайтын құдайлары бар ма? Олар өз-өздеріне көмек бере алмайды әрі оларды ешкім де Бізден құтқара алмайды

[44] Анығында, Біз оларды және аталарын / бұл өмірде / оларға өмір ұзақ созылғанға дейін пайдаландырдық. Біз жерді жан-жағынан кемітіп келе жатқанымызды олар көрмей ме? Сонда, үстем болатын солар ма

[45] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында мен сендерді уахимен ғана ескертемін», - деп. Кереңдер ескертіліп жатқан кезде шақыруды / үгіт-ескертуді / естімейді

[46] Егер Оларға Раббыңның азабынан бір титтейі ғана тисе, олар: «Сорымыз құрысын! Шын мәнінде біз әділетсіз болдық», - дейді

[47] Әрі Біз Қайта тірілу күні үшін әділ таразыларды орнатамыз. Сонда бірде-бір жанға ешбір нәрседе әділетсіздік етілмейді. Тіпті қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болса, оны да әкелеміз. Біз есептеуде жеткіліктіміз

[48] Әрі Біз Мұса мен Һарұнға тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін фұрқанды (ақиқат пен жалғанды ажыратушы, яғни бұл жерде Тәурат), нұрды және еске салатынды бердік

[49] Олар / тақуалар / өздерінің Раббысын көрмей-ақ Одан қорқады әрі олар Сағаттан / Есеп күнінен / зәресіұшып тұрады

[50] Біз түсірген бұл / Құран / - берекелі Еске салушы. Сендер оны теріске шығарасыңдар ма

[51] Әрі Біз бұрын Ибраһимге туралықты бердік әрі оны білдік

[52] Кезінде ол әкесі мен еліне: «Сендер ынталана табынып жүрген мына мүсіндер не?» -деді

[53] Олар: «Біз әкелерімізді осыларғатабынған күйде көрдік», - деді

[54] Ибраһим / : «Онда сендер де, әкелерің де анық адасуда болғансыңдар», - деді

[55] Олар: «Сен бізге ақиқатпен келдің бе, әлде ермек етушілерденсің бе?»- деді

[56] Ибраһим / : «Жоқ, / әзіл емес / : Сендердің Раббың аспандардың және жердің Раббысы. Соларды жаратқан - Ол. Мен осыған куәлік берушілерденмін»,- деді

[57] Әрі: «Аллаһпен ант етемін! Сендер кеткеннен кейін табынатын заттарыңа, міндетті түрде айла-амал жасаймын»,- деді

[58] Сөйтіп ол оларды қиратып тастады да, олар оған оралар деп, тек үлкенін қалдырды

[59] Олар: «құдайларымызға мұны кім істеді? Ол - әділетсіздерден»,- деді

[60] Олардың кейбірі / : «Ибраһим дейтін бір жігіттің оларды сөз етіп жүргенін естіген едік», - деді

[61] Олар / басшылары / : «Оны адамдардың көз алдына алып келіңдер, олар куә болуы үшін»,- деді

[62] Олар: «Ей, Ибраһим! құдайларымызға мұны сен істедің бе?» деді

[63] Ол: «Жоқ. Бұны олардың мына үлкені істеді. Егер олар сөйлей алса, олардың өздерінен сұраңдар»,- деді

[64] Олар өз-өздеріне: «Негізінде, сендер - әділетсізсіңдер», - деді

[65] Содан кейін олар, қайтадан бастарына кері аударылып / бұрынғы теріс халдеріне қайта оралып / : «Сен бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой»,- деді

[66] Ол / Ибраһим / : «Сендер Аллаһтан өзге, өздеріңе ешбір пайда не зиян келтіре алмайтын нәрселерге табынасыңдар ма

[67] Сендер де және Аллаһтан өзге табынғандарың да құрысын! Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?»- деді

[68] Олар: «Бір нәрсе істейтін болсаңдар, оны жағыңдар, сөйтіп құдайларыңа көмектесіңдер»,- деді

[69] Біз: «Ей, от! Ибраһимге салқын әрі қауіпсіз бол»,- дедік

[70] Сондай-ақ, олар оған айла-шарғы жасауды қалады. Ал, Біз оларды ең үлкен зиян шегушілерден еттік

[71] Әрі біз оны / Ибраһимды / және Лұтты әлемдер үшін берекелі еткен жерге шығарыпқұтқардық

[72] Және Біз оған Исхақты, әрі оған қоса Йаъқубты сыйладық, олардың барлығын ізгілерден еттік

[73] Әрі Біз оларды әміріміз бойынша тура жол бастайтын имамдар / жетекшілер / еттік. Біз оларға жақсылық істеуді және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауды және зекетті беруді уахи еттік. Сондай-ақ, олар Бізге құлшылық етушілер болды

[74] Әрі Лұтқа даналық және білім бердік. Оны жиіркенішті істер жасайтын кенттен құтқардық. Олар жаман, бұзық / бойсұнбайтын / ел еді

[75] Әрі біз оны Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында, ол ізгілерден еді

[76] Әрі Нұхқа да, ол бұрын жалбарынып сұраған кезде, Біз оған жауап беріп / тілегін қабылдап / , оны және үй ішін үлкен қасіреттен құтқардық

[77] Біз оған белгілерімізді өтірік санаған елге қарсы көмек бердік. Олар жаман адамдар еді, сонда олардың барлығын суға батырдық

[78] Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық

[79] Әрі біз оны / дұрыс шешімді / Сүлейменге ұқтырдық. Әрқайсысына даналық / үкім шығаруды / және білім бердік. Әрі тауларды және құстарды Дәуітпен бірге / Аллаһты / дәріптейтін етіп бағындырдық. Мұны Біз істедік

[80] Әрі біз оған / Дәуітке / , сендер үшін өздеріңді зияннан қорғайтын сауыт жасау өнерін үйреттік. Сендер шүкір етушісіңдер ме / берген игіліктерге алғыс білдірушісіңдер ме

[81] Ал, Сүлейменге күшті желді / бағындырдың / . Ол / жел / оның бұйрығымен Біз берекелі еткен жерге қарай еседі. Біз - барлық нәрсені Білушіміз

[82] Әрі оған шайтандардың ішінен суға сүңгитіндерді және басқа да жұмысты істейтіндерді / бағындырдық / . Әрі оларды Біз күзеттік

[83] Әрі Айубқа да, ол Раббысына: «Маған бір пәлекет келді. Ал, Сен - мейірім етушілердің ең Мейірімдісісің», - деп сұраған кезде

[84] оның тілегін қабыл етіп, ондағы зиянды кетірдік. Әрі Өз тарапымыздан мейірім етіп және құлшылық етушілерге еске салу / ғибрат / ретінде, оған оның үй ішін және олармен бірге тағы сонша қосып бердік

[85] Әрі Исмаъил, Идрис және Зүлкифлге де. Олардың әрбірі сабыр етушілерден болды

[86] Әрі біз оларды Өз мейірімімізге кіргіздік. Анығында олар ізгілерден еді

[87] Әрі балық ішінде болғанға да / Йунусқа / . Ол ашуланған күйі шығып кеткен кезде, Біз оған тарлық жасамайды деп ойлады. Сонда ол қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Мен әділетсіздерден болдым», - деп жалынды

[88] Біз оның тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Біз имандыларды осылай құтқарамыз

[89] Әрі Зәкәрияға да. Ол Раббысына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ие болып қалушылардың ең қайырлысысың»,- деп жалынған кезде

[90] оның тілегін қабыл етіп, оған Йахйаны сыйладық және әйелін түзеттік. Олар / пайғамбарлар / жақсы істерді істеуге ұмтылатын. Бізден үміт және қорқумен тілейтін әрі Бізге беріле бойсұнушы еді

[91] Әрі әйелдік пәктігін сақтағанға да / Мәриямды / . Біз оған Өзіміздегі рухтан / Жәбірейіл арқылы / үрледік. Әрі оны және оның баласын әлемдерге белгі-ғибрат еттік

[92] Ақиқатында сендердің үмметтерің - бір үммет. Мен - сендердің Раббыңмын. Маған құлшылық етіңдер

[93] Ал олар / адамдар / істі / дінді / өз араларында бөлшектеді. Барлығы Бізге қайтады

[94] Кім иманды болған күйде ізгі амал жасаса, оның әрекет-талпынысы зая кетірілмейді. Әрі күдіксіз, Біз оған / амалдарын / жазып қоямыз

[95] Әрі Біз жойып жіберген кез келген елді мекеннің / халқының / қайтуына тыйым салдық

[96] Яжұж бен Мажұж / алдындағы тосығы / ашылып, олар әрбір қыраттан ағылғанға дейін

[97] Хақ уәде жақындады. Сонда, сон­дай күпірлік еткендердің / Аллаһқа серік қосушылардың / көздері шақырайып, олар: «Сорымыз құрысын! Біз бұдан қаперсіз болдық. Иә, біз әділетсіз болдық»,- дейді

[98] Күмәнсіз, сендер және сендердің Аллаһ­тан өзге табынғандарың - Жаһаннамның отынысыңдар, сендер оған түсесіңдер

[99] Егер де олар / табынғандарың / құдайлар болғанда, онда оған кірмес еді. Олардың барлығы ол жерде мәңгілікке қалады

[100] Оларға онда ыңыранып күйзелу бар, әрі олар ол жерде естімейді

[101] Ал, Бізден өздеріне алдын жақсылық белгіленгендер, одан / тозақтан / алыстатылады

[102] Олар оның / тозақтың / сыбдырын да естімейді. Олар жандары қалағандары ішінде / жәннатта / мәңгі қалады

[103] Оларды ең үлкен қорқыныш қайғыртпайды. Әрі періштелер оларды қарсы алып: «Өздеріңе уәде етілген күн міне - осы!» - дейді

[104] Ол күні аспанды жазба / жазуғаарналған / парақтарды орағандай ораймыз. Жаратылысты әуел баста қалай бастасақ, оны солай қайтарамыз / қайта жаратамыз / . бұл, Біз міндетімізге алған бір уәде. Біз / оны / істеушіміз

[105] Әрі Біз Еске салатыннан / Ләухул-махфуздан / кейін кітаптарда: «Анығында, жерге ізгі құлдарым мұрагер болады», - деп жазғанбыз

[106] Ақиқатында, мұның ішінде құлшылық етуші адамдар үшін - / жеткілікті / хабар бар

[107] Ей, Мұхаммед! / Әрі біз сені әлемдерге мейірімнен өзге нәрсе етіп жібермедік

[108] Айт: «Шын мәнінде, маған «Сендердің құдайларың - бір ғана құдай екені» уахи етілді. Енді мұсылман болмайсыңдар ма / бойсұнбайсыңдар ма / ?»- деп

[109] Егер олар теріс бұрылса: «Мен сендердің бәріңе, бірдей хабарладым. Әрі сендерге уәде етілген нәрсенің жақын не алыс екенін білмеймін

[110] Күмәнсіз, Ол / Аллаһ / сөздің жа­рия айтылғанын біледі, әрі нені жасыратындарыңды да біледі

[111] Мүмкін бұл сендер үшін бір сынақ және белгілі мерзімге дейін пайдалану болар, мен оны білмеймін», - деп айт

[112] Ол / Мұхаммед / : «Раббым! Ақиқатпен үкім ет. Сендердің сипаттағандарыңа / өтірік, жалаларыңа / қарсы Раббымыз - әр-Рахманнан жәрдем тілейміз», - деді

Хаж

Surah 22

[1] Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан қорқыңдар. Ақиқатында, Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / сілкінісі - үлкен нәрсе

[2] Оны көрген күні, әрбір емізуші емізулісін ұмытады, әрбір жүкті ішіндегісін тастайды. Әрі сен адамдарды мас болған күйде көресің, ал олар мас емес, бірақ Аллаһтың азабы қатты

[3] Әрі адамдардың ішінде Аллаһ жайында білімі болмаса да сөз таластыратындар және әрбір бүлікшіл шайтанға еретіндер бар

[4] Оған / шайтанға / қатысты: «Кім оны дос, жақын етіп алса, ол оны адастырады және оны Саъир тозағының азабына жетелейді», - деп алдын ала бекітіліп жазылды

[5] Ей, адамдар! Егер қайта тірілуге күмәнда болсаңдар, күмәнсіз Біз сендерге баяндап түсіндіру үшін, сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / тамшы судан / ұрық суынан / , содан кейін ұйыған қаннан, содан соң жаратылуы кескінделген не кескінделмеген / шайналған секілді / еттен жараттық. Әрі Біз қалағанымызды жатырларда белгіленген мерзімге дейін орналастырамыз. Содан соң сендерді ержетулерің үшін нәресте күйлеріңде шығарамыз. Сендерден / кейбірің / қайтыс болып және / кейбірің / білгенінен кейін еш нәрсені білмей қалатын / дәрежедегі / өмірдің ең нашарына / қаусағанкәрілікке / қайтарылатындар бар. Сен жерді қуарған, тіршіліксіз күйде көресің. Ал, қашан оған су түсіргенімізде, / тіршілік бітіп / ол қопсып, көтеріліп, әрбір түрден көркем етіп / өнім / өсіреді

[6] Осы - Аллаһтың ақиқат екендігінен. Әрі, күмәнсіз Ол өлілерді тірілтеді, әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы

[7] Әрі Сағат / Қайта тірілу күні / сөзсіз келеді, онда күмән жоқ және Аллаһ қабірдегілерді күмәнсіз тірілтеді

[8] Сондай-ақ, адамдардың арасында білімсіз, / тура жолға бастайтын / басшылықсыз және жарық беруші Кітапсыз Аллаһ жайында тартысатын бар

[9] Ол, Аллаһтың жолынан адастыру үшін паңсына бетін теріс бұрады. Оған осы дүниеде қорлық бар. Ал, Қайта тірілу күні оған жандырушы оттың азабын таттырамыз

[10] Бұл / азап /- қолдарыңның алдын ала әзірлегендері үшін, өйткені Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес

[11] Әрі адамдардың ішінде / иман мен имансыздықтың / ара шегінде тұрып Аллаһқа құлшылық етуші де бар. Егер оған бір жақсылық келсе, ол онымен тынышталады. Ал, егер бір сынақ келсе, ол артына бет бұрып, бұл дүниесін де әрі соңғы мәңгілік өмірін де / ақиретін / жоғалтады. Міне, осы - анық зиян

[12] Ол Аллаһтан өзге, өзіне зиян да, пайда да келтіре алмайтын нәрседен тілейді. Міне, осы - ұзақ / қатты / адасу

[13] Ол зияны пайдасынан жақын біреуден тілейді. Ол қандай жаман көмектесуші! Ол -қандай жаман жолдас

[14] Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Әрі шын мәнінде, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды

[15] Кімде-кім, Аллаһ оған / Мұхаммедке / осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / көмектеспейді деп ойласа, / қолынан келсе / аспанға бір арқанды созып, содан кейін / оны / үзсін. Сөйтіп қарасын, айласы өзін ызаландырған нәрсені кетіре ме екен

[16] Міне осылай, Біз оны / Құранды / анық аяттар түрінде түсірдік. Аллаһ Өзі қалағанын тура жолмен жүргізеді

[17] Күмәнсіз, Аллаһ Қайта тірілу күні иманға келгендердің және иудейлер, сабилер, христиандар, мәжусилердің / отқа табынушы­лар / әрі серік қосушылардың арасында үкім етеді. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә

[18] Ей, Мұхаммед! / Сен аспандардағы және жердегілердің, күн мен ай, жұлдыздар, таулар, ағаштар, жануарлар әрі көп адамдардың Аллаһқа сәжде ететінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Сондай-ақ, көбіне азап хақ / лайық / болды. Аллаһ кімді қор етсе, онда оны кұрметтеуші болмайды. Ақиқатында, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды

[19] Міне, екі жақ өздерінің Раббысы жайында тартысты. Сондай күпірлік етушілер үшін / имансыздарға, қарсы келушілерге / оттан киім пішіледі, бастарының үстінен қайнап тұрған су құйылады

[20] Одан олардың ішкі ағзалары мен терілері ерітіледі

[21] Әрі олар үшін темірден шоқпарлар бар

[22] Олар әр кез ондағы қайғы-қасіреттен шығуды қаласа, оған кері қайтарылады. Оларға: «Өртеуші оттың азабын татыңдар»,- делінеді

[23] Күмәнсіз, Аллаһ иманға келген және ізгі амал жасағандарды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда алтын білезіктер және інжумен безендіріледі. Ал ондағы киімдері жібектен болады

[24] Әрі олар сөздің жақсысына бағытталды / Оларға сөздің жақсысы айтқызылды / әрі олар әл-Хамидтың / аса Мақтаулының / жолымен жүргізілді

[25] Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / және Аллаһтың жолынан тосушыларға әрі Біз адамдар үшін - ол жерде тұрушылар және сырттан келушілерге - бірдей еткен әл-Харам мешітінен тосатындарға, сондай-ақ, кім ол жерде әділетсіздік етіп / ақиқаттан / ауытқуды қаласа, Біз оған қинаушы азапты таттырамыз

[26] Міне, кезінде Біз Ибраһимге Үйдің / Қағбаның / орнын көрсетіп: «Маған ешнәрсені серік етіп қоспа және Үйімді тәуап етушілер, / намазда / тұрушы, рукуғ, сәжде жасаушылар үшін тазала

[27] Әрі адамдардың арасында қажылық жайында хабарла. Олар саған жаяу және түрлі жүдеген / жануарлар / үстінде алыс жерлерден / жердің түкпір-түкпірінен / келеді

[28] Олар өздері үшін пайдалы нәрселерге куә болсын және белгілі күндерде өздеріне Ол / Аллаһ / ризық етіп берген малдардың үстінен / шалатын кезде / Аллаһтың атын еске алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке жегізіңдер

[29] Содан кейін олар / денелеріндегі / таза еместен арылсын, нәзірлерін орындасын және ежелгі Үйді / Қағбаны / тәуап етсін»,- дедік

[30] Міне, осы / сендерге Аллаһтың бұйырғаны / ,Әрі кім Аллаһтың тыйым салғандары өте үлкен нәрсе деп білсе, бұл Раббысының алдында оның өзі үшін қайырлы. Сендерге / тыйым салынғаны туралы / оқылғаннан басқа малдар рұқсат / халал / етілді. Пұттардың ластығынан аулақ болыңдар әрі өтірік сөзден аулақ болыңдар

[31] Аллаһқа ханиф (бұл жерде жалпы тыйым салынған амалдардан аулақ жүрушілер) болған және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйлеріңде. Ал, Аллаһқа біреуді серік етіп қосқан, ол бейне бір аспаннан құлап түсіп, оны кұс іліп әкеткен не жел алысқа ұшырып кеткен бір нәрсе секілді

[32] Міне, осылай. Ал, кім Аллаһтың белгі-рәсімдерін ұлы деп білсе, сөзсіз, бұл жүректердің тақуалығынан / Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануынан

[33] Сендерге оларда белгілі уақытқа дейін пайда бар. Кейін олардың шалынатын орны - ежелгі Үйдің / Қағбаның / маңы

[34] Әрбір үммет үшін өздеріне ризық етіп берген малдарды / шалатын кезде / Аллаһтың атын еске алу үшін Біз, / қажылықтағы / құрбандық шалу орнын / Мекке маңайын / белгіледік. Сендердің құдайларың бір ғана құдай. Оған бойсұныңдар. / Ей, Мұхаммед! / / Аллаһқа / беріле бойсұнушыларды сүйіншіле

[35] солар, Аллаһ еске алынғанда жүректері діріл қагатындар және өздеріне келген ауыртпашылыққа сабыр ететіндер және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергеннен жұмсайтындар

[36] Біз құрбандыққа / сою үшін / алынған ірі малдарды / түйе мен сиырды / Шсендерге Аллаһтың белгілерінен еттік. Сендер үшін оларда қайыр бар. Тұрғызылып қойылған кезде / сойылғанда / олардың үстінен Аллаһтың атын еске алыңдар. Ал, жамбастары жерге тиген / жан шығарған / кезде, олардан жеңдер және сұрауға ұялып / азға да / қанағат етуші мен мұқтаждығы себепті сұрайтындарға жегізіңдер. Біз оларды / малдарды / шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін сендерге осылай бағындырдық

[37] Аллаһқа олардың / құрбандыққа сойылған малдардың / еттері де, қандары да жетіп бармайды. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандықтарың / жетеді. Сендерді тура жолмен жүргізгендігіне, Аллаһты ұлықтауларың үшін оларды / малдарды / сендерге осылай бағындырып берді. IЕй, Мұхаммед!! Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр

[38] Күмәнсіз, Аллаһ иманға келгендерді қорғайды. Шын мәнінде, Аллаһ әрбір қиянатшыл, / берілген игіліктерді / жоққа шығарушыны жақсы көрмейді

[39] Өздеріне қарсы соғыс ашылғандарға, әділетсіздікке ұшырағандықтары себепті / соғысуға / рұқсат етілді. Сөзсіз, Аллаһ оларға көмектесуге Құдіретті

[40] Олар елдерінен, «Раббымыз - Аллаһ» дегендері үшін жазықсыз шығарылды. Аллаһ адамдардың бірін өзгелері арқылы қорғамағанда монахтар табынатын орындар / келья / , шіркеулер, синагогтар және ішінде Аллаһтың аты көп еске алынатын мешіттер қиратылар еді. Аллаһ Өзіне / дініне / көмек көрсеткенге, әлбетте көмектеседі. Ақиқатында Аллаһ өте Күшті, аса Үстем

[41] Егер оларды / Аллаһ жолына көмектесетіндерді / жер бетінде орнықтырып, бекемдесек, олар намазды толық орындайды, зекетті береді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Ал, істердің соңы - Аллаһта

[42] Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікшіге шығарса, бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад және Сәмұд елі де / елшілерді / өтірікшіге шығарған еді

[43] Ибраһимның елі мен Лұттың елі де

[44] Мәдиян тұрғындары да / Шұғайыпты / . Мұса да өтірікшіге шығарылды. Мен кәпірлерге уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаладым / . Сонда Менің құптамауым / жазалауым / тқалай болды

[45] Қаншама елді мекендерді әділетсіз болған күйлерінде жойып жібердік. Олардың қабырғалары іргесіне құлаған шатырына жығылды. Қаншама құлықтар мен биік сарайлар / иесіз / қалды

[46] Олар жер бетінде сапарға шықпады ма, сонда олардың үғынатын жүректері не еститін құлақтары болмады ма? Негізінде соқыр болған көздер емес, керісінше кеуделердегі жүректер соқыр болды

[47] Әрі олар сенен азаптың тез болуын сұрайды, бірақ Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Әрі ақиқатында, Раббыңның қасындағы бір күн, сендердің есептеулеріңмен мың жылға тең

[48] Ал, қаншама әділетсіз болған елді мекендерге мұрсат беріп, кейін оларды ұстадым / жазаладым / . Әрі қайту - Маған / Олар аса ұлы Аллаһқа қайтады

[49] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, адамдар! Шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін»,- деп

[50] Иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім және мол ризық бар

[51] Ал, сондай Біздің аят-белгілерімізді әлсіретуге тырысқандар, міне солар - Жахимға (Тозаққа) түсушілер

[52] Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да бір Елші / расул / не Пайғамбар / нәби / жіберсек, ол оқыған кезде шайтан оның оқығанына / бір нәрсе / лақтырады. Бірақ, Аллаһ шайтанның тастайтынын жояды. Кейін Аллаһ Өз аяттарын бекітеді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана

[53] Шайтанның тастайтынын жүректерінде дерті барларға және жүректері қатып қалғандарға фитна / сынақ / ету үшін / жасады / . Ақиқатында, әділетсіздер ұзақ / қатты / қайшылықта

[54] Әрі / бұл / білім берілгендер мұның Раббыңнан ақиқат екенін білуі, оған сенулері және жүректерінің бойсұна берілуі үшін. Ақиқатында, Аллаһ иманға келгендерді тура жолмен жүргізеді

[55] Ал, сондай күпірлік етушілер / Пайғамбарға түсірілгенге күмән келтірушілер / өздеріне кенеттен Сағат / Қайта тірілу күні / келгенге дейін немесе қысыр / жалғаспайтын / күннің азабы келгенге дейін оған күмәнда болуда қала береді

[56] Ол күні билік - Аллаһта, Ол олардың арасына үкім шығарады. Сонда иманға келген және ізгі амал істегендер Наъим бақтарында болады

[57] Ал, күпірлік еткендерге / Аллаһ пен Оның Елшісіне сенбегендерге / , Біздің аяттарымызды өтірік санағандарға, міне, соларға қорлаушы азап болады

[58] Сондай-ақ, Аллаһ жолында қоныс аударып / һижра жасап / , содан кейін / соғыста / өлтірілген немесе / үйінде / қайтыс болғандарға сөзсіз, Аллаһ көркем ризық береді. Ақиқатында, Аллаһ -ризық берушілердің ең қайырлысы

[59] Ол / Аллаһ / оларды міндетті түрде, олар разы болатын жайға кіргізеді. Аллаһ бәрін Білуші, өте Ұстамды

[60] Міне осылай, кім өзі жазаланғандай жазалап, содан кейін оған әділетсіздік жасалса, Аллаһ оған міндетті түрде жәрдем береді. Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді

[61] Ақиқатында, Ол түнді күндізге кіргізеді, күндізді түнге кіргізеді. Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші

[62] Өйткені, Аллаһ әл-Хаққ / Ақиқат / , ал олардың Одан өзге жалынып сұрағандары жалған. Әрі Аллаһ аса Жоғары, өте Үлкен

[63] Аллаһтың аспаннан су түсіргенін, сөйтіп жердің жап-жасыл болатынын көрмедің бе? Ақиқатында, Аллаһ - өте Жұмсақ , бәрінен Хабардар

[64] Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Онікі. Анығында Аллаһ Бай, аса Мақтаулы

[65] Аллаһтың сендерге жердегі нәрселерді және теңізде Өзінің әмірімен жүзетін кемелерді бағындырғанын көрмедің бе? Ол аспанды, Өзінің рұқсатынсыз жерге құлап түсуден ұстап тұрады. Ақиқатында, Аллаһ адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді

[66] Әрі Ол сондай -сендерге өмір береді, кейін жандарыңды алады, содан кейін қайтатірілтеді. Негізінде адам баласы шүкіршілік етпеуші / игіліктерге алғыс білдірмеуші

[67] Біз әрбір / пайғамбар жіберілген / үммет үшін - олар ұстанатын құлшылық ету ереже-қағидаларын белгіледік. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан олар бұл мәселе жайында сенімен таласпасын. / Адамдарды / Раббыңа шақыр. Ақиқатында сен тура жолдасың

[68] Ал егер олар сенімен тартысса: «Аллаһ не істеп жатқандарыңды жақсы біледі

[69] Қайта тірілу күні Аллаһ қайшылыққа түскен нәрселерің жайында араларыңа үкім шығарады»,- де

[70] Аллаһтың аспан мен жердегінің барлығын білетінін сен білмейсің бе? Ақиқатында бұл - Кітапта бар. Шын мәнінде бұл - Аллаһқа жеңіл

[71] Әрі олар Аллаһтың орнына, Ол ешбір дәл ел түсірмеген әрі өздерінде / ол жай­лы / білімі болмаған нәрсеге табынады. Әділетсіздерге көмек беруші болмайды

[72] Ей, Мұхаммед! / Ал, Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік етушілердің / оны мойындамаушылардың / жүзінен теріске шығаруды байқайсың. Олар өздеріне аяттарымызды оқығандарға қарсы күш көрсетуге дайын. Айт: «Сендерге бұдан жаман нәрсені хабарлайын ба? Ол - От. Аллаһ оны күпірлік етушілерге / имансыздарға / уәде етті. Ол - баратын жердің өте жаманы»,- деп

[73] Ей, адамдар! Бір мысал келтірілді, енді оған құлақ салыңдар. Негізінде, солар, Аллаһтан өзге тілек етіп табынғандарыңның, барлығы бірігіп жиналса да ешқашан бір шыбынды да жарата алмайды. Егер шыбын олардан бір нәрсені алып кететін болса, олар одан / шыбыннан / оны кері қайтарып ала алмайды. Талап етуші де, талап етілуші де әлсіз

[74] Олар Аллаһты, Оны / қадіріне сай / лайықты түрде бағалаған / қадірлеген / жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - өте Күшті, аса Үстем

[75] Аллаһ періштелерден және адамдардан елшілер таңдайды. күмәнсіз, Аллаһ бәрін Естуші , бәрін Көруші

[76] Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Барлық іс Аллаһқа қайтарылады

[77] Ей, иманға келгендер! мұраттарыңа жету үшін рукуғ жасаңдар және сәжде етіңдер және өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар әрі жақсылық істеңдер

[78] Аллаһ жолында,Оған лайықты түрде болған ынта-жігермен күресіңдер, Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады. Бұл - аталарың Ибраһимның діні. Елшінің сендерге куә болуы әрі сендердің адамдарға куә болуларың үшін Ол бұдан бұрын және осында сендерді Мұсылмандар / бойсұнушылар / деп атады. Намазды / барлық шарттарын сақтап, ықыласпен, беріле! толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһтан мықтап ұстаңдар. Ол - сендердің қамқоршыларың. Ол - қандай жақсы қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші

Муминун

Surah 23

[1] Ақиқатында имандылар / мүміндер / жеңіске / бақытқа, мұраттарына / жетті

[2] Олар намаздарында беріле бойсұнатындар

[3] және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар

[4] және олар зекетті беретіндер

[5] Әрі олар жыныс ағзасын қорғайтындар

[6] тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды

[7] ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар - шектен шығушылар

[8] Әрі олар аманаттарын / өздеріне сеніп тапсырылғанды / және келісімдерін сақтайтындар

[9] және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар

[10] Міне, осылар мұрагерлер

[11] Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар

[12] Ақиқатында, Біз адамды / Адам атаны / лайдың негізінен жараттық

[13] Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы / ұрық су / еттік

[14] Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ - аса Берекелі

[15] Осыдан соң сендер / туылып / ,кейін әлбетте өлесіңдер

[16] Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер

[17] Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл / қапы қалушы / емеспіз

[18] Біз аспаннан суды белгілі мөлшермен түсіріп, оны жерге орналастырдық. Әрі оны Біз кетіре де аламыз

[19] Біз онымен сендерге құрма және жүзім бақтарын өсірдік. Сендер үшін оларда / бақтарда / көп жемістер бар әрі сендер олардан жейсіңдер

[20] Әрі Синай тауында өсетін ағашты да / зәйтүнді өсірдік / . Одан жеушілер үшін май және / дәм беретін / дәмдеуіш шығады

[21] Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін / сүтті / ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар

[22] Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар

[23] Біз Нұхты өзінің еліне / Елші етіп / жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме? / »- деді

[24] Сонда оның елінің күпірлік еткен / Аллаһтың бірліген мойындамаған / мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз

[25] Бұл - бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді

[26] Ол / Нұх / : «Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!» - деді

[27] Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз / үйретуіміз / ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған / кемеге / әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа / сұрама / . Олар - суға батырылатындар», - деп уахи еттік

[28] Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: «Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!» - деп айт

[29] Тағы да айт: «Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы - Өзіңсің», - деп

[30] Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз

[31] Кейін, олардан соң басқа халықтарды пайда еттік

[32] Оларға өз іштерінен Елші жіберіп, ол: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ, Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деді

[33] Оның елінен күпірлік еткен / Аллаһқа қарсы келген / және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / кездесуді өтірік санаған әрі өздерін осы өмірде Біз сән-салтанат, рахатқа кенелткен мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты, сендердің жегендеріңді жеп, ішкендеріңді ішетін адам

[34] Егер өздерің сияқты бір адамға бағынсаңдар, онда сендер сөзсіз зиян шегесіңдер

[35] Ол сендерге: «Сендер өліп, топырақ пен сүйекке айналғандарыңда, әлбетте / қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деп уәде ете ме

[36] Сендерге уәде етілген нәрсе алые, тым ұзақ

[37] Осы өмірімізден басқа / ешнәрсе / жоқ. Өлеміз, өмір сүреміз, бірақ қайта тірілмейміз

[38] Ол - бар болғаны Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарған бір адам ғана. Біз оған сенбейміз», - деді

[39] Ол / Елші / : «Раббым! Олар мені өтірікшіге шығарғандықтары үшін маған көмек бер!» - деді

[40] Ол: «Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады», - деді

[41] Сонда оларды сайха алып, Біз оларды / ағынсудағы секілді / қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын

[42] Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік

[43] Ешбір ел / өзіне белгіленген / мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра / кешіктіре / алмайды

[44] Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін / құртып / жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын

[45] Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік

[46] Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді

[47] Сонда олар: «Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?» - деді

[48] Олар ол екеуін өтірікшіге шығарды да, сөйтіп жойылғандардан болды

[49] Әрі Біз Мұсаға олар / елі / тура жолмен жүруі үшін Кітап / Тәуратты / бердік

[50] Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік

[51] Ей, елшілер! Таза / халал / нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен - не істеп жатқандарыңды Білушімін

[52] Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен - сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер / Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар

[53] Ал, олар / имансыздар / араларында істерін / діндерін / бөліктерге бөлді. Әрбір / бөлінген / ағым өздеріндегіге мәз болуда

[54] Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр

[55] Олар ойлайды ма, Біздің өздерін дүние және балалармен / сынақ үшін / қамтамасыз етуімізді

[56] олар үшін жақсылықтармен асыққанымыз деп. Олай емес. Олар оны / сынағымызды / сезбейді

[57] Ақиқатында Раббысынан қорыққандықтан зәресі ұшып тұратындар

[58] әрі Раббысының аяттарына сенетіндер

[59] және Раббысына серік қоспайтындар

[60] әрі өтегендерін өтеп, өздерінің Раббысына қайтатын болғандықтан жүректері қорқатындар

[61] міне, осылар жақсылықтарды істеуде алдында болуға ұмтылады әрі олар онда / жақсы істерде / озық болады

[62] Әрі Біз әрбір жанға шамасы келетін нәрсені ғана жүктейміз. / Күші келмейтін істі міндеттемейміз / Бізде ақиқатты айтушы Кітап бар, әрі оларға әділетсіздік жасалмайды

[63] Алайда, олардың / қарсы келушілердің / жүректері бұдан / Құраннан / ұзақ / қатты / адасуда. Олардың бұдан басқа да амалдары бар, олар соны істейді

[64] Ал, қашан Біз олардың сән-салтанат, рахатта шалқып жүргендерін азаппен ұстағанымызда, олар зар илейді

[65] Оларға / Бүгін зарламаңдар, сендерге Бізден жәрдем берілмейді

[66] Менің аяттарым сендерге оқылатын еді, алайда сендер сонда арттарыңа қарап кері кеттіңдер

[67] онымен / Қағбамен / менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер

[68] Олар Сөзге / Құранға / зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме

[69] Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма

[70] Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды

[71] Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды / Құранды / бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан / Құраннан / бас тартуда

[72] Әлде сен олардан ақы сұраудасың ба? Раббыңның беретін сыйы одан қайырлы және Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы

[73] Әрі шын мәнінде, сен оларды тура жолға шақырудасың

[74] Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер міндетті түрде жолдан ауытқиды

[75] Егер де Біз оларға рахым етіп, зияннан айықтырсақ та олар көзсіз сенделуін жалғастырып, шектен шығуларынан қайтпайтын еді

[76] Әрі Біз оларды азаппен жазаладық, бірақ олар өздерінің Раббысына бағынбады және Оған жалынып, сұрамады

[77] Ал, оларға қатты азаптың есігін ашқанымызда, сол сәтте олар күдер үзеді

[78] Әрі Ол / Аллаһ / , сендер үшін естуді, көруді, жүректерді пайда қылды. Ал, сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер

[79] Әрі Ол сендерді жер бетіне таратты және сендер Оған / Есеп күні / жиналасыңдар

[80] Әрі Ол - тірілтеді және өлтіреді. Түн мен күндіздің алмасуы Оның иелігінде. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма

[81] Алайда, олар бұрынғылардың айтқан сөздеріне ұқсас нәрсені айтады

[82] Олар: «Біз өліп, топырақ және сүйектерге айналған кезімізде, қайтадан тірілтілеміз бе

[83] Бұл бізге де және біздің аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері ғана», - деді

[84] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?» - деп

[85] Олар: «Аллаһтікі», - дейді. Айт: «Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»- деп

[86] Айт: «Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» - деп

[87] Олар: « / Барлығы да / Аллаһтікі»,- дейді. Айт: «Ендеше Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деп

[88] Айт: «Барлық нәрсенің иелігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын / кім / ? Егер білсеңдер / айтыңдар / », - деп

[89] Олар: «Аллаһтың», - дейді. Айт: «Қаншалықты алданудасыңдар / көздерің байланып қалған / »-деп

[90] Иә, Біз оларға ақиқатты келтірдік, ал олар мүлде өтірікшілер

[91] Аллаһ Өзіне ешбір бала алмады әрі Онымен бірге ешқандай құдай болған жоқ. Егер болған жағдайда, әрбір құдай Өзі жаратқандарын алып кетер еді, әрі міндетті түрде олар бір-біріне үстемдік ететін еді. Аллаһ олардың / Оған / таңғандарынан пәк

[92] Ол - ғайыпты да, айқын нәрсені де Білуші. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан жоғары

[93] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым! Егер оларға уәде етілгенді маған көрсетсең

[94] Раббым, онда мені әділетсіз адамдардың ішінде қалдырма!» - деп

[95] Анығында оларға уәде еткенімізді саған көрсетуге Біздің құдіретіміз жетеді

[96] Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатын дарын жақсы білеміз

[97] Ей, Мұхаммед! / Әрі айт: «Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын

[98] Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған жүгініп, қорғауыңды сұраймын», - деп

[99] Олардың / күпірлік етушілердің / біріне өлім келген кезде, ол: «Раббым! Мені артқа қайтар

[100] Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін», - дейді. Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, бұл ол айтқан жай сөз ғана. Олардың алдында қайта тірілтілетін күнге дейін бөгет бар

[101] Сүр үрілгенде, сол күні олардың арасында туыстық қатынас болмайды және олар бір-бірі жайында сұраспайды

[102] Сонда кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар - мұратына жеткендер

[103] Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, солар - өздеріне зиян келтіргендер, олар Жаһаннамда мәңгі қалады

[104] Олардың беттерін от шарпиды және олар түнерген / сұрықсыз / күйде болады

[105] Оларға / : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді, бірақ сендер оны өтірікке шығардыңдар», / -делінеді

[106] Олар: «Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізден үстем келді, біз адасқан бір ел болдық

[107] Раббымыз! Бізді бұдан шығар, егер / имансыздыққа, күнәға / қайтар болсақ, әлбетте әділетсіз болған боламыз»,- дейді

[108] Оларға / : «Ол жерде қор болып қалыңдар әрі Маған тіл қатпаңдар

[109] Анығында, Менің құлдарымнан бір тобы: «Раббымыз! Біз иманға келдік, бізді кешір, бізге мейірім ет, Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деген еді

[110] Сонда сендер оларды келеке еттіңдер, тіпті, / бұл істерің / сендерге Мені еске алуды ұмыттырды. Әрі сендер олардың үстінен күлетін едіңдер

[111] Мен бүгін оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сыйын бердім. Расында, олар - жетістікке жетушілер», - дейді

[112] Тозақтықтарға / : «Жер бетінде қанша жыл болдыңдар?» - дейді

[113] Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі болдық. Есеп жүргізушілерден сұра», - дейді

[114] Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, егер білген болсаңдар

[115] Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, / ермек етіп / жаратты, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» - дейді

[116] Әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / , әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / Аллаһ аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Ұлы Аршының Раббысы / Иесі

[117] Кім Аллаһпен бірге - / құдай екендігі жайында, / өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді

[118] Ей, Мұхаммед!I Айт: «Раббым! Кешір, рақым ет! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деп

Нұр

Surah 24

[1] Бұл сүре, оны Біз түсірдік және парыз еттік. Әрі онда сендердің еске алуларың үшін анық белгі-дәлелдерді түсірдік

[2] Зина жасаған әйел мен зина жасаған еркектің әрқайсысына жүз дүреден соғыңдар. Егер Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, оларға қатысты Аллаһтың үкімін орындауда, сендерді аяушылық ұстамасын. Әрі иманға келгендерден бір топ олардың жазалануына куә болсын

[3] Зина жасаған еркек зина жасаған немесе мүшрік / Аллаһқа серік қосушы / әйелге ғана үйленеді. Сондай-ақ зина жасаған әйел де, зина жасаған немесе мүшрік еркекке ғана күйеуге шыға алады. Бұл / үйленулер / имандыларға тыйым / харам / етілген

[4] Ал, әйелдік пәктігін сақтаған әйелдерді айыптап, содан кейін төрт куә келтіре алмағандарға сексен дүре соғыңдар және олардың куәліктерін ешқашан қабылдамаңдар. Міне, солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[5] Алайда, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және түзеткендер басқа. Ақиқатында Аллаһ -өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[6] Ал, әйелдерін / зинамен / айыптап, бірақ өздерінен басқа куәлары болмағандардың әрбірінің куәлігі өзінің шындықты айтып тұрғанын төрт рет / қайталап / Аллаһпен куәлік беруі

[7] ал бесіншісінде, егер өзі өтірік айтушылардан болса, онда өзіне «Аллаһтың лағнеті болсын», - / деп айтуы

[8] Ал одан / әйелден / жазаны, оның ол / күйеуі / туралы өтірік айтушылардан екеніне төрт рет Аллаһпен куәлік беруі қайтарады

[9] Бесіншісінде, әйел, егер ол / күйеуі / шындықты айтқандардан болса, / әйел / өзіне «Аллаһтың қаһары болсын», - / дейді

[10] Егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмаса және Аллаһ тәубені / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуғақайтуды / қабыл етуші, әрі аса Дана болмағанда еді / онда жазаға тез тартылар едіңдер

[11] Ақиқатында, / ‘Айша туралы / жаланы айтып келгендер, өздеріңнен болған бір топ. Оны өздерің үшін жамандық деп есептемеңдер. Жоқ, олай емес, ол сендер үшін қайырлы. Олардан әрбір кісіге осы күнәдан / жала, өсектерінен / тапқаны тиеді. Ал олардан оның үлкен бөлігін алғанға / жаланы бастағанға / өте үлкен азап бар

[12] Сендер мұны / жаланы / естіген кездеріңде, - иманды ерлер мен иманды әйелдер іштерінен жақсыны ойлап: « Бұл - анық жала», - демедіңдер ме

[13] Олар бұған неге төрт куә келтірмеді? Егер куәлар келтіре алмаса, олар - Аллаһтың алдында нағыз өтірікшілер

[14] Егер Аллаһтың осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиреттегі / сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, онда өздерің / сөзбен / батқандарың / жала, өсектерің / үшін сендерге үлкен азап тиер еді

[15] Сонда сендер оны / өсекті / тілдеріңе алып әрі өздерің білмеген нәрсені ауыздарыңмен айтуда едіндер және оны жеңілге санадыңдар. Бірақ, ол Аллаһтың алдында өте үлкен

[16] Оны естіген кездерінде: «Біз үшін Мұндай сөздерді айту дұрыс емес. / Йа, Аллаһ! / Сен / барлық кемшіліктен / пәксің. Бұл-үлкен жала», - демедіңдер ме

[17] Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһ сендерге, осындай нәрселерге ешқашан қайтпауларыңды насихат етеді

[18] Әрі Аллаһ сендерге аяттарды түсіндіреді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана

[19] Анығында, иманға келгендер жайлы жиіркенішті нәрсенің таралуын жақсы көретіндерге, осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер

[20] Әрі егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі және Оның мейірімі болмағанында еді, анығында, Аллаһ өте Мейірбан, ерекше Мейірімді

[21] Ей, иманға келгендер! Шайтанның ізімен жүрмеңдер. Кім шайтанның ізімен жүрсе, ол жиіркенішті іске және қайтарылған / тыйым салынған / нәрселерге бұйырады. Егер де Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, сендерден ешкім де ешқашан тазармаған болар еді. Алайда Аллаһ Өзі қалағанды / Өз кеңшілігімен / тазартады. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші

[22] Сендердің араларыңдағы жомарт әрі дәулеттілер жақындарына, кедейлерге және Аллаһ жолында қоныс аударғандарға / ешнәрсе / бермеуге ант етпесін. Кешірімді болып, кеңшілік етсін. Сендер Аллаһтың өздеріңді кешіргенін жақсы көрмейсіңдер ме? Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[23] Әйелдік пәктігін сақтаған, қаперіне / күнә істерді / алмаған иманды әйелдерді айыптайтындар осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / лағнетке ұшырайды әрі оларға үлкен азап бар

[24] Ол / Қайта тірілу / күні олардың тілдері және қолдары мен аяқтары істегендері туралы өздеріне қарсы куәлік береді

[25] Сол күні Аллаһ оларға есептерін толық береді әрі олар Аллаһтың - анық әл-Хақ / айқын Ақиқат / екенін білетін болады

[26] Жаман сөз бен істер - жаман адамдар үшін, жаман адамдар - жаман сөз бен істерге лайық. Жақсы сөз бен істер - жақсы адамдар үшін, жақсы адамдар - жақсы сөз бен істерге лайық. Олардың / өсекшілердің / айтқандарына бұлардың / жақсылардың / қатысы жоқ. Бұларға кешірім және кең ризық бар

[27] Ей, иманға келгендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат алмай және үй иелеріне сәлем бермей тұрып кірмеңдер. бұл сендерге еске алуларың / ғибраттануларың / үшін қайырлы

[28] Егер ол үйден ешкімді таппасаңдар, өздеріңе рұқсат берілгенге дейін оған кірмеңдер. Ал, егер сендерге: «Қайтыңдар» - делінсе, кері қайтыңдар. Бұл - сендер үшін тазасы. Аллаһ - сендердің не істеп жатқандарыңды Білуші

[29] Ешкім тұрмайтын, ішінде өздеріңнің заттарың бар үйге кірулерің сендер үшін айып емес. Аллаһ сендердің нені жария, нені жасырын істейтіндеріңді біледі

[30] Ей, Мұхаммед!! Иманды ер кісілерге айт, көздерін / өзге әйелдерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан қорғап / төмен қаратсын және әуреттерін / жыныс агзаларын шариғат тыйған барлық іс-әрекеттерден / қорғасын. Бұл - олар үшін тазасы. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан Хабардар

[31] Әрі иманды әйелдерге айт, көздерін / өзге еркектерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан тыйып, / төмен қаратсын, жыныс ағзаларын қорғасын және көрініп тұрғаннан / сыртқы киімдерінен / басқа көріктерін көрсетпесін. Жаулықтарын көкіректеріне түсіріп жапсын және көріктерін көрсетпесін. Тек, күйеулерінің, әкелерінің, күйеулерінің әкелерінің, ұлдарының, күйеулерінің ұлдарының, бір туған аға-інілерінің әрі олардың ұлдарының, бір туған әпке-сіңлілерінің ұлдарының, өздерінің әйелдерінің, қоластындағылардың / күңдердің / , еркектік күш-қалаудан айрылған қызметшілерге, әйелдердің әуреттерін аңғармайтын кішкентай балалардың алдында / толық етіп жамылмай-ақ / жүрсе болады. Жасырған көрік-зейнеттері білінуі үшін аяқтарын тырсылдатпасын. Ей, иманға келгендер! мұраттарыңа жетулерің үшін барлығың істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер

[32] Әрі араларыңдағы некеге тұрмағандарды және құлдарың мен күндеріңнің түзулерін үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды Өз кеңшілігімен байытады. Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші

[33] Әрі Аллаһ Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, үйленуге мүмкіндік таба алмағандар, / күнәдан тыйылып / өздерін ұстасын. Қолдарың иеленген құлдар мен күңдердің ішінен келісім жаздыруды / белгілі бір дүние беріп азаттығын алуды / қалайтындармен, егер оларда бір жақсылық барын байқасаңдар оларға келісім жазыңдар әрі Аллаһтың өздеріңе берген дүниесінен Оларға беріңдер. Ар-абыройын сақтауды қалаған күндеріңді, осы өмірдің пайдасын қалап, жеңіл жүріске мәжбүрлемеңдер. Ал, кім оларды / осыған / мәжбүрлесе, олар мәжбүрленгеннен кейін де Аллаһ / мәжбүрленгендерді / өте Кешіруші, / Оларға / аса Мейірімді

[34] Ақиқатында Біз, сендерге анық белгілерді әрі өздеріңнен бұрын өткендердің мысалын / ғибрат етіп / және тақуалар / Аллаһтыңжазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін насихатты түсірдік

[35] Аллаһ - аспандар мен жердің нұры / нұр берушісі / . Оның нұры - / қабырғадағы / қуыста орналасқан шамға ұқсайды. Шам болса әйнектің ішінде, ал әйнек жарық, інжу жұлдыздай. Ол Шығыстан, батыстан ғана емес, / оған күн, күні бойы түсетін / берекелі зәйтүнағашымайынан жағылады. Оның майы от тимесе де лап етіп, жарқ етуге дайын. Нұрдың үстіне нұр. Аллаһ қалаған құлын Өз нұрына қарай жүргізеді. Аллаһ адамдарға / осылай / мысалдар келтіреді. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

[36] Аллаһ салынуына рұқсат еткен әрі Оның есімі еске алынатын ол үйлерде / мешіттерде / таңертең әрі кешке Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтін

[37] адамдарды Аллаһты еске алудан, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаудан және зекетті беруден сауда да, сату да алаңдатпайды. Олар жүректер мен көздер / қорыққаннан / аударылып тұратын Күннен / қайта тірілу күнінен / қауіптенеді

[38] Сөйтіп / Аллаһтың оларға істеген амалдарынан да жақсы қайтарым сый беруі әрі Өз кеңшілігімен арттырып беруі үшін. Аллаһ қалағанына есепсіз / өте мол / ризық береді

[39] Ал, күпірлік етушілердің / иманға келмегендердің / іс-амалдары шөл даладағы сағым сияқты. Шөлдеген адам оны су деп ойлайды. Ал оның қасына келген кезде, ештеңе таппайды. Әрі өзінің жанынан / Қиямет күні / тек Аллаһты тауып, Ол одан есебін толық алады. Аллаһ - есеп алуда жылдам

[40] Немесе / амалдары / терең теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Біреу қолын шығарса да, ол көрінер-көрінбестей. Аллаһ нұр бермегеннің нұры болмайды

[41] Ей, Мұхаммед! / Аспандардағы және жердегі әрбіреудің әрі қанаттарын жайған құстардың да Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтінін көрмейсің бе? Олардың әрқайсысы өздеріне тән намазы мен дәріптеуін / құлшылықтарын / біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші

[42] Әрі аспандардың, жердің билігі - Аллаһта. Және қайта оралу да - Аллаһқа

[43] Сен Аллаһтың бұлттарды айдап, кейін оны біріктіретінін, содан кейін оны жинап, қабаттастырып топтағанын көрмедің бе? Сөйтіп, оның арасынан жаңбыр шыққанын көресің. Әрі Ол / Аллаһ / аспаннан бұршағы бар тауларды / бұлттарды / түсіріп, оның / зиянын / қалағанына тигізеді де қалағанынан бұрып қояды. Оның найзағайының жарқылы көздерді ала жаздайды

[44] Аллаһ түн мен күндізді ауыстырып тұрады. Ақиқатында мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар

[45] Аллаһ барлық жаны барды / тіршілік иесін / судан жаратты. Олардың ішінде бауырымен жорғалайтындар бар әрі олардың ішінде екі аяқпен жүретіндер бар және олардың ішінде төртеумен / төрт аяқтап / жүретіндер бар. Аллаһ қалағанын жаратады. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге Құдіретті

[46] Біз анық аяттарды түсірдік. Аллаһ Өзі қалағанын тура жолмен жүргізеді

[47] Олар: «Аллаһқа және Елшіге сендік әрі бойсұндық», - дейді. Содан соң олардың бір тобы осыдан кейін теріс айналады. Міне, осылар - иманды / мүмін / емес

[48] Әрі олар араларына үкім беруі үшін Аллаһқа және Оның Елшісіне шақырылса, олардан бір топ теріс бұрылып кетеді

[49] Ал, егер ақиқат олар жақта болса, онда олар оған / Елшіге / бас иіп келер еді

[50] Олардың жүректерінде дерт бар ма? әлде олар күмәндана ма? Немесе Аллаһ және Оның Елшісі өздеріне әділетсіздік етеді деп қорқа ма? Негізінде, олардың өздері әділетсіздер

[51] Имандылар / мүміндер / Аллаһқа және Оның Елшісіне араларына ол үкім беруі үшін шақырылғанда: «Естідік және бойсұндық», деп қана айтады. Міне, осылар - мұраттарына / бақытына / жетушілер

[52] Әрі кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі Аллаһтан қорықса және Одан сақтанса, солар - жеңіске жетушілер

[53] Ал, олар / мұнафиқтар / , егер бұйырсаң, міндетті түрде / жорыққа / шығатындары туралы Аллаһпен қатты ант ішеді. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ант ішпеңдер. Бұлай бойсұну белгілі. Анығында, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар», - деп

[54] Айт: «Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар»,- деп. Егер олар теріс бұрылса, оған / елшіге / өзіне жүктелгені ғана, ал сендер­ге өздеріңе жүктелгені. Егер оған бағынсаңдар, тура жолмен жүресіңдер. Елшінің міндеті тек, анық жеткізу ғана

[55] Аллаһ сендерден иманға келген және ізгі амал істегендерді - олардан бұрын өткендерді жер бетінде басқарушы еткені секілді, оларды да жер бетінде басқарушы ететінін әрі олар үшін Өзі құптаған дінді нығайтатынынжәне қорқыныштарын қауіпсіздікпен алмастыратынын уәде етті. «Олар Маған құлшылық етеді және Маған еш нәрсені серік етіп қоспайды. Ал кім осыдан кейін күпірлік етсе / қарсы келсе / , міне солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар / »

[56] Өздеріңе рақым етілуі үшін намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар және зекетті беріңдер және Елшіге бағыныңдар

[57] Ей, Мұхаммед! / Сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / жер бетінде әлсірете / Аллаһтың азабынан құтыла / алады деп ойлама. Олардың орны - От. Ол қайтатын жер қандай жаман

[58] Ей, иманға келгендер! Қол астыларыңдағы және сендерден балиғатқа жетпегендер / балаларың / үш уақытта: таң намазынан алдын, түсте киімдеріңді шешетін кездеріңде және құптан намазынан кейін сендерден / алдарыңа кіруге / рұқсат сұрасын. Осы үш / уақыт / сендерге денелерің ашық уақыт. Осыдан басқа / кезде рұқсатсыз кіруде / сендерге де, оларға да күнә жоқ. Сендер олармен бір-біріңе / кіріп-шығып / жүресіңдер. Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[59] Қашан сендердің балаларың балиғатқа жетсе, олардан алдыңғылар рұқсат сұрағандай, олар да / алдарыңа кіруге / рұқсат сұрасын. Аллаһ аяттарын сендерге осылай түсіндіреді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана

[60] Тұрмысқа шығуды үміт етпейтін егде әйелдерге көріктерін көрсетпестен, сыртқы киімдерін / жаулықтарын / шешу күнә емес. Бірақ тартынулары өздері үшін қайырлы. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші

[61] Соқырға күнә емес және ақсаққа да күнә емес әрі ауруға да күнә емес әрі сендерге де өз үйлеріңнен, не әкелеріңнің үйлерінен, не аналарыңның үйлерінен, не бауырларыңның үйлерінен, не әпке-қарындастарыңның үйлерінен, не әкелеріңнің бауырларының үйлерінен, не әкелеріңнің әпке-қарындастарының үйлерінен, не нағашыларыңның үйлерінен, не нағашы апайларыңның үйлерінен, не кілттеріне / сендерге сеніп тапсырылып / өздерің ие болған / үйлерден / , не достарыңның / үйлерінен / тамақ жеулерің айып емес. Сендердің бірге немесе жеке тамақтануларыңда кінә жоқ. Үйлерге кіргенде, Аллаһтан болған берекелі әрі игі амандасу сөздермен / «Ассаламу ъалайкум» -/ деп. Өздеріңе / бір-біріңе / бейбітшілік-амандық тілеңдер. Ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді

[62] Ақиқатында имандылар / мүміндер / Аллаһқа және Оның Елшісіне сенген адамдар. Олар онымен / пайғамбармен / бірге ортақ жұмыста болғанда, одан рұқсат сұрамай кетпейді. / Ей, Мұхаммед! / Анығында сенен рұқсат сұрайтындар міне солар Аллаһқа және Оның Елшісіне сенгендер. Олар сенен өздерінің істері үшін рұқсат сұраса, олардан өзің қалағаныңа рұқсат бер және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[63] Елшінің шақыруын өзара бір-біріңді шақыру секілді етпеңдер. Аллаһ сендердің іштеріңнен / пайғамбардың жиналысынан / жасырынып, ұрлана шығып кететіндерді біледі. Оның бұйрығын орындамайтындар өздеріне бір сынақтың келуінен не күйзелтуші азаптың келуінен сақтансын

[64] Біліңдер, аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Ол сендердің нені ұстанғандарыңды / жағдайларыңды / біледі. Әрі Өзіне қайтарылған күні, Ол оларға істегендерінің хабарын береді. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

Фұрқан

Surah 25

[1] Әлемдерге / насихат етіп / ескертуші болуы үшін Өз құлына Фұрқанды / Құранды / түсірген Ол -аса Берекелі

[2] Аспандардың және жердің билігі - Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі

[3] Ал олар / мүшріктер / ешнәрсе жарата алмайтын, / керісінше / өздері - жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды

[4] Әрі күпірлік етушілер / Құранды мойындамаушылар / : «бұл / Құран / - бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты

[5] Сондай-ақ олар: « / Бұл / - бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады», - деді

[6] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мұны / Құранды / аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол - кешірімді, мейірімді», - деп

[7] Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді

[8] Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», - деді

[9] Ей, Мұхаммед! / Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды

[10] Ол / Аллаһ / аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан / олардың айтқанынан / жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді

[11] Жоқ! / Негізінде / олар Сағатты / Қияметті / жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік

[12] Қашан ол / тозақ / оларды алыс жер­дей көргеннен, олар оның / ашу-ызамен / бұрқылдағанын әрі өкірік үнін естиді

[13] Ал, олардың қолдары мойындарына байланып, / тозақтағы / тар орынға тасталған кезде, ол жерде олар өздерінің жойылып кетуін тілейді

[14] Оларға / : «Сендер бүгін жойылуды бір рет қанатілемеңдер, коп жойылуды тілеңдер», -делінеді

[15] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін / істегендерінің / қайтарымы әрі қайтар орны», - деп

[16] Олар онда / жәннатта / мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл - Раббың міндетіне алған, ол туралы / құлдары / тілейтін уәде

[17] Әрі ол күні оларды / мүшріктерді / және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» - дейді

[18] Олар / олардыңтабынғандары / : «Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің / пайдаландырдың / , олар тіпті еске алуды / ескертуді / ұмытты. Олар құритын ел еді», - дейді

[19] Серік қосушыларға / : «Олар / табынған заттарың / сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер / жазаны / бұрып жіберуге де әрі / өздеріңе / көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», - делінеді

[20] Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, / осыған / сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші

[21] Бізге жолығуды үміт етпегендер: «Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?» - дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты

[22] Олар періштелерді көретін / қайтатірілу / күні сол күні - күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда / періштелер / оларға: «Тыйым салынды», -дейді

[23] Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз

[24] Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады

[25] Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі

[26] Сол күні хақ билік - әр-Рахманда / аса Қайырымдыда / . Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады

[27] Ол күні әділетсіз / адам / қолдарын тістеп: «Қап, әттең! Елшімен бірге / оған еріп / , бір жолды ұстанған болсам еді

[28] Қап, сорым құрысын! Пәленшені өзіме жақын дос етіп алмағанымда еді

[29] Маған Еске салу / Құран / келгеннен кейін, ол / имансыз досым / мені / Құраннан / бұрып адастырды», - дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді

[30] Әрі Елші: «Раббым! Қауымым бұл Құранды шет қалдырды»,- деді

[31] Осылай әрбір пайғамбарға Біз, бұзықтардан жау шығарғанбыз. Сенің Раббың тура жолмен жүргізуде және көмек беруде жеткілікті

[32] Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Оған Құран бірден түсірілсе еді?» - деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен / анық етіп / оқып бердік

[33] Ей, Мұхаммед! / Олар саған қандай да бір мысал келтірсе, Біз саған ақиқатты әрі ең жақсы / мән-мағынасын ашатын / түсіндірмені келтіреміз

[34] Сондай, Жаһаннамға беттерімен сүйретіліп жиналатындар, олар ең жаман орындағылар және жолдан қатты адасқандар

[35] Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік

[36] Әрі / Оларға / : «Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»,-дедік. Кейін оларды / фиръаундықтарды / жойып, жоқ еттік

[37] Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік

[38] Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да / жойдық

[39] Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және / сенбегендердің / барлығын құртып, жойып жібердік

[40] Әрі олар / мүшріктер / пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді

[41] Ей, Мұхаммед! / Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма

[42] Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі

[43] Ей, Мұхаммед! / Өзінің құмарлығын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Сен ол үшін жауапкер боласың ба

[44] Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар - жолдан қатты адасушы

[45] Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны / көлеңкені / тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік

[46] Кейін оны Өзімізге қарай біртіндеп жинаймыз

[47] Әрі Ол / Аллаһ / сендерге түнді - жамылғы, ұйқыны - тынығу етті және күндізді - / жан-жаққа / таралу еткен

[48] Және Ол / Аллаһ / Өз мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар ретінде жіберді. Әрі аспаннан таза су түсірдік

[49] онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін

[50] Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны / жаңбыр суын / араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен / игіліктерді теріске шығарудан / басқасын қаламайды

[51] Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік

[52] Ей, Мұхаммед! / Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол / Құран / арқылы үлкен күрес жүргіз

[53] Әрі Ол / Аллаһ / бірі сүйкімді - тұщы, ал бірі тұзды - ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты

[54] Әрі Ол адамзатты судан / ұрық суынан / жаратып, оны / әке жағынан / туыстар және / неке жағынан /жекжатетті. Сенің Раббың - барлық нәрсеніЖасай алушы

[55] Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір - өзінің Раббысына қарсы көмектесуші

[56] Ей, Мұхаммед! / Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік

[57] Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын» - деп

[58] Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге / әл-Хаййға / жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / және Оған мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол / Оның Өзі / жеткілікті

[59] Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды / . Ол туралы бәрінен Хабардардан / Хабирден / сұра

[60] Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» - дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады

[61] Аса Берекелі Ол, аспанда шоқжұлдыздарды орнатты, әрі онда шырақ / күн / және сәулеленген айды жасады

[62] Әрі Ол / Аллаһ / еске алуды және шүкір етуді / Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді / қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады

[63] Әрі әр-Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе: «Сәләм / Тыныштық болсын / !» - деп айтатындар

[64] және түндерін өздерінің Раббысына / намазда / сәжде жасап және тік тұрып / қиямда / өткізетіндер

[65] және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты

[66] Шын мәнінде, ол - тұрақтың және орынның ең жаманы!» - дейтіндер

[67] Әрі олар / дүниелерін / жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар

[68] Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады

[69] Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады

[70] алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубе етсе / әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[71] Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады

[72] Әрі олар / әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің / пайдасыз боссөздермен істердің / жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді

[73] және солар - өздерінің Раббысының аяттары естеріне салынғанда, оған керең және соқыр күйде жығылмайды

[74] және солар:«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың / Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың / алды ете гөр», - дейтіндер

[75] Оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сый ретінде Жәннаттағы жоғарғы орындар беріледі. Олар ол жерде сәлеммен және амандықпен қарсы алынады

[76] Олар онда мәңгі қалады. Ол мекен әрі тұрақ жай ретінде қандай жақсы

[77] Ей, Мұхаммед! / Айт / мүшріктерге / : «Егер тілек, сиынуларың / Аллаһқағанаарналғанқұлшылықтарың / болмаса, Раббым сендерге қарамайды. Сендер өтірікке шығардыңдар, енді / сендерге азап / міндетті түрде болады», - деп

Шұғара

Surah 26

[1] Та. Син. Мим

[2] Бұл - анық Кітаптың аяттары

[3] Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың

[4] Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді

[5] Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды

[6] Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді

[7] Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік

[8] Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады

[9] Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді

[10] Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар

[11] Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді

[12] Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын

[13] әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер

[14] Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді

[15] Аллаһ / : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз

[16] Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз

[17] Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді

[18] Фиръаун / : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой

[19] Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді

[20] Мұса / : «Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім

[21] Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті

[22] Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді

[23] Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді

[24] Мұса / : «Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббы­сы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді

[25] Фиръаун / айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» - деді

[26] Мұса / : «Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді

[27] Фиръаун / : «Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», - деді

[28] Мұса / : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді

[29] Фиръаун / : «Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді

[30] Мұса / : «Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» - деді

[31] Фиръаун / : «Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», - деді

[32] Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды

[33] Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды

[34] Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы

[35] Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді

[36] Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер

[37] Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді

[38] Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды

[39] Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма

[40] Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді

[41] Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді

[42] Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», - деді

[43] Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», - деді

[44] Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді

[45] Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады

[46] Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды

[47] Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік

[48] Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді

[49] Фиръаун / : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді

[50] Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз

[51] Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді

[52] Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік

[53] Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді

[54] Ол / : «Негізінде олар аз ғана топ

[55] Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді

[56] және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді

[57] Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық

[58] әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан

[59] Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік

[60] Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді

[61] Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді

[62] Мұса / : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді

[63] Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды

[64] Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық

[65] Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық

[66] Содан кейін басқаларды суға батырдық

[67] Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады

[68] Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді

[69] Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы

[70] Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - деді

[71] Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», - деді

[72] Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме

[73] Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді

[74] Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік», -деді

[75] Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма

[76] өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның

[77] Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым

[78] Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді

[79] және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады

[80] Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді

[81] Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді

[82] Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін

[83] Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет

[84] Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет

[85] және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр

[86] Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды

[87] және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді

[88] Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді

[89] тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа

[90] Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады

[91] Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі

[92] Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда

[93] Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді

[94] Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады

[95] әрі Ібілістің / жын мен адамнан болганШ / әскерлерінің барлығы да

[96] Олар онда тартысқан күйлерінде

[97] «Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз

[98] сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде

[99] Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды

[100] Енді бізге ара түсушілер жоқ

[101] жанашыр дос та жоқ

[102] Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді

[103] Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді

[104] Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді

[105] Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды

[106] Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма

[107] Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін

[108] енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[109] Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында

[110] Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді

[111] Олар: «Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» - деді

[112] Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ

[113] Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда

[114] Әрі мен иманға келгендерді қумаймын

[115] Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді

[116] Олар: «Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», - деді

[117] Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады

[118] Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді

[119] Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық

[120] Содан кейін қалғандарды суға батырдық

[121] Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді

[122] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[123] Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды

[124] Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма

[125] Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін

[126] енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[127] Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында

[128] Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма

[129] Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар

[130] Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар

[131] Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[132] Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар

[133] Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді

[134] бақтар мен бұлақтарды

[135] Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді

[136] Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір

[137] Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана

[138] әрі біз азапталмаймыз», - деді

[139] Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді

[140] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[141] Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды

[142] Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма

[143] Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін

[144] енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[145] Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында

[146] Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма

[147] бақтар мен бұлақтардың

[148] және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында

[149] Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар

[150] Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[151] Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар

[152] сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді

[153] Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің

[154] Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді

[155] Ол / Салих / : «Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді

[156] Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді

[157] Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды

[158] Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді

[159] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[160] Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды

[161] Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма

[162] Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін

[163] енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[164] Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында

[165] Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып

[166] өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді

[167] Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың», - деді

[168] Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін

[169] Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді

[170] Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық

[171] тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын

[172] Содан кейін, басқаларын жойып жібердік

[173] Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман

[174] Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді

[175] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді

[176] Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды

[177] Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма

[178] Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін

[179] енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[180] Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында

[181] Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар

[182] әрі тура таразымен тартыңдар

[183] және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар

[184] Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді

[185] Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің

[186] Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз

[187] Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді

[188] Ол / Шұғайып / : «Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді

[189] Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді

[190] Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді

[191] Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[192] Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені

[193] Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді

[194] ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе

[195] анық араб тілінде / түсірді

[196] Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар

[197] Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма

[198] Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп

[199] ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді

[200] Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз

[201] Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді

[202] Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді

[203] Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» - дейді

[204] Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма

[205] Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер олар­ды жылдар бойы пайдаландырсақ

[206] содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде

[207] сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды

[208] Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз

[209] Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз / . Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз

[210] Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ

[211] Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды

[212] Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген

[213] Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың

[214] Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт

[215] Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін

[216] Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де

[217] Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет

[218] Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады

[219] әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді

[220] Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші

[221] Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе

[222] Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі

[223] Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші

[224] Әрі ақындарға адасушылар ереді

[225] Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін

[226] әрі өздері істемейтінді айтатындарын

[227] Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі

Нәмл

Surah 27

[1] Та. Син. Бұл - Құранның және анық Кітаптың аяттары

[2] иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі қуанышты хабар

[3] Олар - намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар, зекетті беретіндер және соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / айқын сенетіндер

[4] Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге Біз амалдарын әдемі етіп көрсеттік, сөйтіп олар / адасуларында / лағып жүреді

[5] Міне, солар - азаптың жаманына ұшырайтындар, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / олар бәрінен көп зиян шегеді

[6] Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен Құранды аса Дана, бәрін Білушіден алудасың

[7] Кезінде Мұса үй ішіне: «Мен бір от көрдім, сендерге ол жақтан бір хабар немесе жылынуларың үшін тамызық етуге шоқ алып келейін»,- деді

[8] Ол оған келген кезде: «Отта / нұрда / болғанға және оның айналасындағыға береке болсын. Әлемдердің Раббысы Аллаһ / барлық кемшіліктен / пәк

[9] Ей, Мұса! Ақиқатында, Мен бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһпын

[10] Таяғыңды таста», - / деп үнделді / . Ол оның жылан тәрізді ирелендегенін көргенде, теріс бұрыла қашты әрі қайрылып қарамады. / Аллаһ айтты / : «Ей, Мұса! Қорықпа, өйткені елшілер Менің алдымда қорықпайды

[11] Ал, егер кім әділетсіздік жасап, кейін жамандықты жақсылықпен алмастырса, ақиқатында, Мен - өте Кешірімді , ерекше Мейірімдімін

[12] Қолыңды қойныңа кіргіз, ол зиянсыз аппақ болып шығады. Бүл Фиръаунға және оның еліне / жіберілетін / тоғыз белгінің бірі. Шын мәнінде, олар - бұзық / бойсұнбайтын / ел», - / деді

[13] Белгілерімізді оларға көрінетін түрде алып келгенде, олар: «Бұл - анық сиқыр»,- деді

[14] Олар іштей көздері жетіп тұрса да әділетсіздік етіп әрі менменси өздерін жоғары қойып, оларды / белгілерді / мойындамады. Қара, бұзушы-бүлдірушілердің соңы қалай болды

[15] Біз Дәуіт пен Сүлейменге білім бердік. Ол екеуі: «Барлық мақтау иманды құлдарының көбісінен бізге артықшылық берген Аллаһқа!» деді

[16] Сүлеймен Дәуітке мұрагер болды. Ол: «Әй, адамдар! Бізге құстардың тілі үйретілді әрі бізге әрбір нәрседен берілді. Әлбетте, бүл - айқын кеңшілік», -деді

[17] Әрі Сүлейменнің жындардан, адамдардан және құстардан болған әскерлері топтарға бөлінген түрде / тізіліп / оның алдына жиналды

[18] Қашан олар құмырсқалар алқабына келгендерінде, бір аналық құмырсқа: «Ей, құмырсқалар! Илеулеріңе / тұрақтарыңа / кіріндер. Сүлеймен және оның әскерлері сендерді байқамай таптап кетпесін!» - деді

[19] Сонда ол / Сүлеймен / оның сөзіне жымиып күлді де: «Раббым! Сенің маған және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс білдіруімді / әрі Өзің разы болатын ізгі амалдар істеуімді көкейіме салып, нәсіп ет. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз», - деді

[20] Әрі ол / Сүлеймен / құстарды түгендеді де: «Неге бәбісекті / һудһудты / көрмей тұрмын, әлде ол келмей қалғандардан болды ма

[21] Сөзсіз, мен оны қатты азаппен қинаймын немесе оны бауыздаймын, не ол маған / үзірі үшін / анық бір дәлел келтірсін», - деді

[22] Сонда ол / бәбісек / көп кешікпей келіп: «Мен сен білмеген бірнәрсені білдім әрі саған Сәба жұртынан бір анық хабар алып келдім

[23] Ақиқатында Оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. Оған барлық нәрседен берілген және оның орасан үлкен тағы бар

[24] Мен оның елінің Аллаһқа емес, күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі көрсету арқылы, жолдан бұрған. Олар тура жолмен жүріп келе жатқан жоқ

[25] Бұл - олардың аспандар мен жердегі жасырын нәрсені әшкерелеуші және сендердің жасырғандарың мен әшкере еткендеріңді білуші Аллаһқа сәжде етпеуі үшін / жасалған

[26] Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол ұлы Аршының Раббысы», - деді

[27] Ол / Сүлеймен / : «Сенің шындықты айтқаныңды не өтірікшілерден екеніңді көреміз

[28] Мына хатымды апарып, оларға таста. Кейін бір шетте тұрып, олардың не жауап қайтаратынын байқа»,- деді

[29] Ол / патша әйел / : «Ей, уәзірлер! Маған бір құрметті хат тасталды

[30] Ол - Сүлейменнен. Онда: «Бисмилләһир Рахманир Рахим / аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

[31] Сендер менің алдыма тәкаппарланбай, бойсұнған күйде келіңдер», деп жазылған», - деді

[32] Ол: «Ей, уәзірлер! Менің ісіме қатысты кеңес беріңдер. Сендер менімен бірге болмайынша, ешбір мәселені шешкен емеспін», - деді

[33] Олар: «Біз қуатқа иеміз әрі дайындығымыз күшті. Алайда әмір ету сенің қолыңда. Бізге не бұйыратыныңды өзің қарап көр», - деді

[34] Ол: «Патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және елдің құрметтілерін қор етеді. Бұлар да осылай істейді

[35] Мен оларға бір сыйлық жіберіп, елшілердің немен қайтатынын көрейін»,.- деді

[36] Сүлейменге / олардың елшісі / келгенде, ол: «Сендер маған дүниемен көмек бермекшісіңдер ме? Аллаһтың маған бергені сендердің ұсынғандарыңнан артық. Негізінде сыйлыққа өздерің ғана мәз боласыңдар

[37] Оларға қайтып бар. Біз олар қарсы тұра алмайтын әскермен барамыз да ол жерден оларды қорланған күйлерінде, бейшара етіп қуып шығарамыз», - деді

[38] Ол / Сүлеймен / : «Ей, уәзірлер! Олар маған бойсұнып келуден бұрын, оның тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» - деді

[39] Жындардан бір күштісі: «Мен оны саған орныңнан тұрғаныңнан бұрын алып келемін. Бұл іске күшім жетеді әрі сеніп тапсыруға лайықтымын», - деді

[40] Өзінде Кітаптан білімі болған біреу: «Мен саған оны жанарың өзіңе қайтқанша әкелемін», - деді. Ол / Сүлеймен / оның / тақтың / өзінің алдында орныққанын көргенде: «Бұл- Раббымның кеңшілігі. Шүкір етемін бе / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіремін бе / әлде күпірлік етемін бе / шүкіршілік білдірмеймін бе / мені сынау үшін берген. Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсе / , өз пайдасы үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік етсе / өзіне берілгенді мойындамаса / , ақиқатында Раббым - бәрінен Бай, мұқтажсыз , аса Жомарт », - деді

[41] Ол: «Оның тағын, танымайтындай етіп өзгертіңдер. Ол / әйел / жол табар ма екен, әлде тура жолмен жүрмегендерден болар ма екен, көрейік?» - деді

[42] Ал, ол / патша әйел / келген кезде, оған / оның өзінің тағын сәл өзгертіп / : «Сеніңтағың осындай ма еді?» - деп айтылды. Ол / патша әйел / : «Дәл өзі сияқты», - деді. / Сүлеймен / : «Бізге білім одан / ол әйелден / бұрын берілді және біз мұсылман болдық / бойсұндық / », - деді

[43] Ал, оны / ол әйелді иманнан / Аллаһтан өзге табынғандары тосқан еді. Анығында, ол кәпір елден болатын

[44] Оған: «Сарайға кір», - делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, / етегін түріп / балтырын ашты. / Сүлеймен / : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», - деді. / Сонда ол / : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», - деді

[45] Сәмұд еліне Аллаһқа құлшылық етіңдер деп ағайыны Салихты жібердік. Сонда олар өзара тартысқан екі топқа бөлінді

[46] Ол: «Әй, елім! Сендер неге жақсылықтан бұрын жамандықты асықтырасыңдар? Өздеріңе рақым етілуі үшін Аллаһтан кешірім сұрамайсыңдар ма?» - деді

[47] Олар: «Біз сені және сенімен бірге болғандарды жамандықтың нышаны деп есептейміз»,- деді. Ол: «Жаман белгі дегендерің Аллаһтан. Керісінше сендер сынаққа ұшырап жатқан елсіңдер», - деді

[48] Ал, сол қалада тоғыз кісі бар еді. Олар жер бетінде / елінде / бұзық іс таратып, еш нәрсе түзетпейтін

[49] Олар: «Бір-біріңе Аллаһпен ант етіңдер, біз, міндетті түрде оған және оның үй-ішіне түнде шабуыл жасаймыз. Содан кейін жақын туыстарына: «Оның үй-ішінің өлтірілуіне қатысқан жоқпыз әрі біз шындықты айтып тұрмыз», деп айтамыз», -деді

[50] Әрі олар / Салихқа қарсы / айла-шарғы жасады, сонда Біз де амал-тәсіл жасадық, ал олар оны сезбеді

[51] Олардың айлакерліктерінің соңы не болғанына қара! Біз оларды да, елін де бірге жойып жібердік

[52] Міне, олардың әділетсіздік еткендіктері себебінен қирап, бос қалған үйлері. Ақиқатында, мұнда білетін адамдар үшін белгі бар

[53] Біз иманға келіп, тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық

[54] Сондай-ақ Лұт та өз еліне: «Сендер өздерің көре тұрып, жиіркенішті іс істейсіңдер ме

[55] Сендер әйелдердің орнына, еркектерге тәни құмарлық / шаһуат / танытасыңдар ма? Иә, сендер- надан елсіңдер», - деді

[56] Оның елінің жауабы: «Лұттың үй-ішін кенттеріңнен шығарып жіберіңдер. Өйткені олар таза болуды қалайтын адамдар», - дегеннен басқа сөз болмады

[57] Сонда Біз оны және үй-ішін құтқардық, тек әйелінен басқа. Оның артта қалушылардан болуын алдын ала белгіледік

[58] Сөйтіп, Біз олардың үстіне тастан жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры қандай жаман

[59] Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Әрі Оның таңдаған құлдарына сәлам / амандық / болсын! Аллаһ жақсы ма, не сендердің Оған серік етіп қосқандарың ба?»- деп

[60] Серік етіп қосқандарың ба,! әлде аспандарды және жерді жаратқан және сендерге аспаннан су түсірген бе? Біз онымен әдемі бақтарды өсірдік, сендер оның ағашын өсіре алмайтын едіндер. Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?! Негізінде, олар / Аллаһқа өзгелерді! теңестіріп, қатар қоюшы ел

[61] Серік етіп қосқандарың ба / , әлде жерді тұрақ еткен, оның жылғаларымен / ара-арасынан / өзендер өткізген және оған / жерге / берік тұрғандарды / тауларды / орналастырған әрі екі теңіздің арасына / көрінбейтін / тосық орнатқан ба? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Негізінде олардың көбі білмейді

[62] Әлде қиыншылыққа тап болып Одан тілегенде, оған жауап беретін / тілегін қабыл алатын / , жамандықты кетіретін және сендерді жерге халифалар / бір-бірінің орнын басушылар / жасаған ба, / әлде серік етіп қосқандарың жақсы ма / ? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Сендер аз еске аласыңдар

[63] Әлде құрлық пен теңіз қараңғылықтарында сендерді жолмен жүргізетін және желдерді Өз мейірімінің алдында қуанышты хабар етіп жіберетін бе?! Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан жоғары

[64] Әлде алғаш жаратуды бастайтын, кейін оны / қайта тірілу күні / қайта жарататын әрі сендерге аспаннан және жерден ризық беретін бе? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді әкеліңдер»,- деп

[65] Айт: «Аспандарда және жерде Аллаһтан басқа ешкім де ғайыпты білмейді», - деп. Әрі олар қашан қайта тірілтілетіндіктерін де білмейді

[66] Дәл солай, олардың соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жайлы білімі жеткіліксіз. Иә, олар одан күмәнда. Солай, олар ол жөнінде мүлде соқыр

[67] Әрі күпірлік еткендер / қайта тірілуге сенбегендер / : «Біз және аталарымыз топыраққа айналғанымызда, / қайта тірілтіліп / шығарыламыз ба

[68] Бұл бізге және аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана»,- деді

[69] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер жүзін аралап, қылмыскерлердің соңы қалай болғанын көріңдер?» - деп

[70] Әрі олар үшін күйінбе және олардың айла-шарғыларынан сығылма

[71] Олар және: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде / жаза / қашан?» - дейді

[72] Айт: «Өздерің асықтырғанның кейбірі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін»,- деп

[73] Ақиқатында, Раббың адамдарға кеңшілік иесі, бірақ олардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді

[74] Әрі сенің Раббың олардың көкіректерінің не жасыратынын және олардың нені әшкере ететінін де біледі

[75] Аспанда және жерде анық Кітапта / жазулы / болмаған ешбір ғайып / жасырын нәрсе / ЖОҚ

[76] Ақиқатында, бұл Құран Исраил ұрпақтарына олар қайшылыққа түскен нәрселердің көбі жайлы хабар береді

[77] Күмәнсіз, бұл / Құран / - имандылар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / т әрі мейірім

[78] Ей, Мұхаммед! / Раббың олардың арасына Өз үкімі бойынша шешім шығарады. Ол бәрінен Үстем, бәрін Білуші

[79] Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сөзсіз, сен анық ақиқатты ұстанудасың

[80] Ақиқатында, сен өлгендерге естірте алмайсың, сондай-ақ кереңдерге де, олар кері бұрылып кеткенде шақыруыңды естірте алмайсың

[81] Сондай-ақ сен соқырларды да адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сеніп, мұсылман болғандарға / бойсұнғандарға / ғана естірте аласың

[82] Ал, оларға / қияметтің алдында белгіленген / сөз түскен кезде, олар үшін жерден бір жануар / даббатул-ард / шығарамыз. Ол адамдардың аят-белгілерімізге сенбегендіктерін айтады

[83] Әрі ол күні Біз әрбір үмметтен аят-белгілерімізді өтірікке шығарған топты жинаймыз. Олар тосылып тоқтатылады

[84] Олар келген кезде, Ол: «Сендер белгілерімді біліммен қамтымай тұрыпжалған санадыңдар ма? Әлде не істедіңдер?» - дейді

[85] Әрі оларға әділетсіздік еткендіктері үшін / жаза туралы / сөз келді, енді олар үндей алмайды

[86] Біз түнді оларға тынығу үшін, ал күндізді жарық етіп жасағанымызды көрмеді ме? Ақиқатында, Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[87] Әрі сол күні Сүр үрілгенде, Аллаһтың қалағанынан басқа, аспандардағы және жердегі әрбіреу қатты үрейге түседі. Әрі барлығы Оған бойсұнып, кішірейген күйде келеді

[88] Әрі сен қозғалмайды деп ойлаған таулардың бұлттар секілді қозғалып бара жатқанын көресің. Бұл - барлық нәрсені кемел етіп жасаған Аллаһтың ісі. Ол сендердің не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар

[89] Кім жақсы амалымен келсе, оған одан қайырлысы беріледі әрі олар сол күннің үрейінен аман болады

[90] Ал, кім жаман амалмен келсе, олар отқа беттерімен тасталады да: «Сендерге істеген амалдарыңның ғана қайтарымы берілмей ме?» - / делінеді

[91] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен / қан төгуге, әділетсіздік істеуге, аң аулауға, ағаштарды кесуге / тыйым салған осы қаланың / Меккенің / Раббысына құлшылық етуге бұйырылдым. Әрбір нәрсе- Онікі. Әрі мен мұсылмандардан / бойсұнушылардан / болуға бұйырылдым

[92] сондай-ақ Құранды оқуға», - деп. Кім тура жолмен жүрсе, ол өзі үшін тура жол­мен жүрген болады. Ал, кім адасса, оған: «Анығында, мен тек ескертушілерденмін», -де

[93] Әрі айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Ол сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Сендер оларды танисыңдар», - деп. Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес

Қасас

Surah 28

[1] Та. Син. Мим

[2] Бұл - анық Кітаптың аяттары

[3] Ей, Мұхаммед! / Біз сенетін адамдар үшін саған Мұса мен Фиръаунның хабарынан ақиқат бойынша оқып береміз

[4] Негізінде, Фиръаун жер бетінде / өз елінде / өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол / Фиръаун / олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды

[5] Ал, Біз ол жерде / Мысырда / әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз

[6] сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фиръаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған / қауіптенген / нәрселерін көрсетуді

[7] Әрі Біз Мұсаның анасына: «Оны еміз. Егер ол үшін / оны өлтіреді деп / қорықсаң, оны / сандыққа салып / өзенге таста. Қорықпа және қайғырма. Біз оны өзіңе, әлбетте қайтарамыз және оны елшілерден етеміз», - деп көкейіне салдық

[8] Сонда оны Фиръаунның әулеті өздеріне жау әрі қайғы болуы үшін тауып алды. Өйткені Фиръаун мен Һаман әрі екеуінің әскері біле-тұра қателесушілерден еді

[9] Әрі Фиръаунның әйелі: « / Бұл / менің де, сенің де көз қуанышымыз болсын. Оны өлтірмеңдер. Мүмкін ол бізге пайдасын тигізер немесе оны бала етіп алармыз», - деді. Сөйтіп, олар сезбеді

[10] Ал, Мұсаның анасының жүрегі / қайғыға батып / боп-бос болып қалды. Егер Біз оның жүрегін имандылардан болуы үшін бекітпегенімізде, ол білдіріп қоятын еді

[11] Әрі ол / Мұсаның анасы / оның әпкесіне: «Оның артынан жүр»,- деді. Сонда ол оларға байқатпай, сырттай бақылады

[12] Әрі Біз оған алғашында емізуші әйелдерді / емуден / тыйдық. Сонда / оның әпкесі / : «Сендерге, оны сендер үшін қамқорлығына алып әрі оған жақсы қарайтын бір үйді көрсетейін бе?» - деді

[13] Сөйтіп оны анасына оның көзайым болуы әрі қайғырмауы және Аллаһтың уәдесі шын екендігін білуі үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді

[14] Әрі ол ержетіп, жетілген кезде, оған үкім / даналық / және білім бердік. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз

[15] Ал ол қалаға, оның тұрғындары жайбарақат, қаперсіз болған / түскі демалыс / уақытта кірді. Ол жерде төбелесіп жатқан екі кісіні көрді. Бірі өз жағынан, ал өзгесі оған дұшпан жақтан еді. Өз жағынан болғаны, одан дұшпан жағынан болғанға қарсы көмек сұрады. Сонда Мұса оны жұдырығымен бір ұрып, өлтіріп қойды. Ол: «Бұл - шайтанның ісінен. Өйткені - ол жау, анық адастырушы», -деді

[16] Ол: «Раббым! Мен өзіме-өзім әділетсіздік істедім. Мені кешір», - деді. Сонда Ол оны кешірді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[17] Ол: «Раббым! Маған берген игілігің үшін енді қылмыскерлерге ешқашан жақтасушы болмаймын», - деді

[18] Ал, таңертең ол қалаға қорқып, алаңдай кірді. Сонда кеше өзінен көмек сұраған адам, оны тағы да көмекке шақырды. Мұса оған: «Негізінде, сен анық адасқан екенсің»,- деді

[19] Сөйтіп ол екеуіне жау болғанды ұстағысы келгенде, / исраилдық оны түсінбей / : «Ей, Мұса! Кеше біреуді өлтіргеніңдей, мені де өлтіргің келе ме? Негізінде, сен бұл жерде өктем болуды ғана қалап, түзетушілерден / жарастырушылардан / болғың келмейді», - деді

[20] Қаланың шет жағынан бір адам жүгіріп келіп: «Ей, Мұса! Уәзірлер саған қатысты, сені өлтіру үшін кеңесіп жатыр. / бұл жерден / кет! Ақиқатында, мен -саған адал кеңес берушілерденмін», - деді

[21] Сонда ол / Мұса / қорқып, жан-жағын байқаған күйде ол жерден шықты. Әрі ол: «Раббым! Мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деді

[22] Әрі Мәдиянға қарай бет алған кезде, ол: «Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етемін», - деді

[23] Ол мәдияндықтардың суатына келген кезде, оның басында / мал / суғарып жүрген бір топ адамдарды кездестірді. Әрі олардан басқа, / қойларын / қайырып, оқшауланып тұрған екі әйелді көрді. Ол: «Сендер не істеп тұрсыңдар?» - деді. Ол екеуі: «Біз бақташылар суғарып болғанға дейін су ала алмаймыз. Ал, әкеміз жасы үлкен қария», - деді

[24] Сонда ол екеуіне / қойларын / суғарып берді. Кейін көлеңкеге қайтты да: «Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын»,- деді

[25] Сонда оған екі әйелдің бірі ұялған халде келіп: «Бізге / қойларды / суғарып бергенің үшін әкем сені ақы беруге шақырып жатыр», деді. Ол оған келген соң, болған оқиғаны баяндап берді. Ол / қыздардың әкесі / : «Қорықпа! Сен әділетсіз адамдардан құтылдың»,- деді

[26] Екі әйелдің бірі: «Уа, әкетайым! Оны жалдап / жұмысқа / ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең қайырлысы - күшті әрі сенімді болғаны»,- деді

[27] Ол / әкесі / : «Сен маған сегіз жыл жұмыс істеп беретін болсаң, мына екі қызымның біріне сені үйлендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, онда ол өзіңнен / бір қайыр / . саған бір ауыртпашылық түсіруді қаламаймын. Инша Аллаһ / Аллаһ қаласа / , менің түзулерден екенімді көресің», - деді

[28] Мұса / : «Бұл - мені мен сенің арамыздағы / келісім / . Екі мерзімнің қайсысын өтесем де маған қарсылық болмасын. Айтқанымызға / келісімімізге / Аллаһ кепіл», - деді

[29] Мұса / келісілген / мерзімді аяқтап, үй-ішімен / еліне қарай / жолға шыққанда, тау жақтан бір от көрді. Ол үй-ішіне: «Тұра тұрыңдар. Мен бір от көрдім. Мүмкін ол жерден бір хабар немесе жылынуларың үшін оттан бір тамызық әкелермін»,- деді

[30] Ол оған / отқа / барған кезде, қасиетті жердегі жазықтың оң жағындағы ағаштан: «Ей, Мұса! Мен әлемдердің Раббысы - Аллаһпын

[31] Таяғыңды таста», - деп үн қатылды. Ол / таяғын тастағанда / оның жылан тәрізді ирелеңдегенін көріп, теріс бұрылып қашты да, артына қарамады. / Аллаһ: / «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Ақиқатында, сен - амандықта болғандар қатарындасың

[32] Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан / арылу үшін / қанатыңды / қолыңды / өзіңе тартып қыс. Бұл / мұғжиза / - Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне / жіберілген / екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», - / деді

[33] Мұса / : «Раббым! Менолардыңбіреуін өлтірдім. Енді олардыңмені өлтіруінен қорқамын

[34] Әрі бауырым Һарунның тілі маған қарағанда анық. Сондықтан оны менімен бірге мені растайтын көмекші етіп жібер. Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын», -деді

[35] Аллаһ / айтты: «Біз сенің қолыңды бауырыңмен қуаттаймыз және олар екеуіңе жете алмайтындай сендерге мықты дәлел / үстемдік / береміз. Біздің белгілерімізбен екеуің әрі сендерге ергендер жеңіске жетушісіңдер», - деді

[36] Мұса оларға / фиръаундықтарға / анық белгілерімізбен келген кезде, олар: «Бұл - бар болғаны жасанды бір сиқыр ғана. Біз алдыңғы бабаларымыздан мұндайды естімеппіз», -деді

[37] Әрі Мұса: «Раббым кімнің Оның Өзінен болған тура жолмен келгенін және көркем нәтиженің кімдікі болатынын жақсы біледі. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді

[38] Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып / кірпіш құйып / , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз. Анығында, мен оны өтірікшілерден деп ойлаймын»,- деді

[39] Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады

[40] Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап / жазалап / , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал

[41] Әрі Біз оларды Отқа / тозаққа / шақырушы жетекшілер еттік, ал Қайта тірілу күні Оларға көмек берілмейді

[42] Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс еретін етіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар / Аллаһтың мейірімінен / шеттетілгендерден /ұсқынсыз, жиіркеніштілерден / болады

[43] Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітапты бердік

[44] Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға істі әмір еткенімізде, сен / таудың / батыс жағында емес едің және көріп тұрушылардан да болған жоқсың

[45] Алайда, Біз / Мұсадан кейін көптеген / ұрпақтарды пайда еттік әрі оларға ұзын өмірлер / замандар / өтті. Сен Мәдиянтұрғындары арасында тұрып, Оларға аяттарымызды оқыған жоқсың, бірақ Біз жіберушіміз

[46] Біз / Мұсаға / үн қатқан кезде, сен сол таудың жанында болған жоқсың. Алайда, сенен бұрын ескертуші келмеген қауымға ескертуің үшін және олар еске алулары үшін Раббыңнан бір мейірім / ретінде сені жібердік

[47] Оларға / Мекке мүшріктеріне / қолдарымен жасаған істеріне орай бастарына бір қасірет келгенде: «Раббымыз! Егер бізге бір Елші жібергеніңде, аяттарына ерер едік жәнеиманға келгендерден болар едік!» деп айтпауы үшін

[48] Оларға Бізден ақиқат келгенде, олар: «Егер Мұсаға берілгендер / мұғжизалар / оған да берілгенде еді?» - деді. Олар бұрын Мұсаға берілгенді теріске шығармаған ба еді? Олар / Мекке мүшріктері / : «Бұл - бірін-бірі қолдаған екі сиқыр», - деді. Әрі: «Біз / бұлардың / ешқайсысына сенбейміз», - деді

[49] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, Аллаһтан екеуінен де тура болған бір кітап келтіріңдерші, мен соған ерейін», -деп

[50] Егер олар саған жауап бермесе, біл, анығында олар көңілқұмарлығына ғана ереді. Аллаһтың тура жолынсыз көңілқұмарлығына ергеннен өткен адасушы бар ма? Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды

[51] Біз Оларға еске алулары үшін Сөзді / Құранды / жеткіздік

[52] Бұдан бұрын Кітап бергендеріміз бұған сенеді

[53] Оларға / Құран / оқылғанда, олар: «Біз бұған сендік. Шын мәнінде, бұл - Раббымыздан / келген / ақиқат. Негізінде, біз бұған дейін Мұсылман / бойсұнушы / болғанбыз», -дейді

[54] Сабыр еткендіктері үшін Оларға сый екі есе беріледі. Олар жамандықты жақсылықпен кетіреді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергендерімізден жұмсайды

[55] Қашан олар бос сөз естісе, одантеріс бұрылып: «Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Сендерге бейбітшілік болсын! Біз надандардан болуды қаламаймыз», - дейді

[56] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың, ал Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Әрі Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі

[57] Әрі олар / меккеліктер / : «Егер біз сенімен бірге тура жолға ерсек, онда жерімізден ұсталып әкетілеміз», дейді. Біз оларды Бізден ризық ретінде әрбір нәрсенің өнімдері жиналатын осы қасиетті әрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді

[58] Өздеріне берілген тіршілікке масайраған қаншама елді мекендерді жойып жібердік. Міне, олардың қоныстары, - олардан кейін онда ешкім тұрмайды, тек олардың азы ғана болмаса. Әрі / соңында бәрі / Бізге қалады

[59] Ей, Мұхаммед! / Раббың елді мекендердің анасына / Меккеге / , аяттарымызды оқитын Елші жібермейінше, оларды жоюшы емес. Біз тек халқы әділетсіз болған елді мекендерді ғана жойдық

[60] Сендерге берілгендердің барлығы бар болғаны осы өмірде пайдаланатын нәрселер әрі оның сәні ғана. Ал Аллаһтағы қайырлы әрі тұрақты. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма

[61] Біз өзіне көркем уәде беріп, әрі оған кездесетін бір адам, Біз оны осы өмірдің қызығына кенелтіп, ал кейін Қайта тірілу күні / жазаға / келтірілетіндердің қатарындағы біреумен тең бе

[62] Әрі сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларды шақырғанда:«Маған серік деп есептегендерің қайда?» - дейді

[63] Өздеріне / жаза туралы / Сөз орындалғандар: «Раббымыз! Мыналар - біздің адастырғандарымыз. Біз оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан бас тартып, саған бет бұрамыз. Олардың табынғаны біз емес», - дейді

[64] Әрі, оларға / серік қосушыларға / : «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар», -делінеді. Сонда олар шақырады, алайда олар / серік етіп қосқандары / жауап бермейді және олар азапты көреді. Егер олар тура жолда болғанда

[65] Әрі, сол күні Ол / Аллаһ / оларға: «Елшілерге не жауап бердіңдер?» - деп үндейді

[66] Сол күні Оларға хабарлар жасырын болады және олар бір-бірінен ешнәрсе сұрамайды

[67] Ал, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және иманға келсе әрі ізгі амал істесе, сол мұратына жетушілерден болады

[68] Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ - пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары

[69] Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі

[70] Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Алдыңғы әрі соңғы, мәңгілік өмірдегі барлық мақтау Оған. Үкім шығару билігі - Онікі. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

[71] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендерге түнді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге жарықты Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер естімейсіңдер ме?»- деп

[72] Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сен­дерге күндізді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге тынығатын түнді Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер көрмейсіңдер ме?» - деп

[73] Ол сендерге түн мен күндізді, онда / түнде / тынығуларың және / күндіз / Оның игілігін / ризық, несібесін / іздеулерің әрі игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін беруі - Оның мейірімінен

[74] Сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларға: «Маған серік деп есептегендерің қайда?» -деп үндейді

[75] Біз / ол күні / әрбір қауымнан бір куәні шығарып: «Дәлелдеріңді келтіріңдер», - дейміз. Сонда олар ақиқаттың Аллаһ жағында екенін біледі және ойдан шығарғандары / құдайлары / олардан жоғалады

[76] Ақиқатында, Қарун Мұсаның елінен болып, оларға тәкаппарлық танытты. Біз оған күш-қуаты мол бір топ адамға кілттері ауыр жүк болатындай қазыналар бердік. Сол кезде елі оған: «Масаттанба, анығында, Аллаһ масаттанушыларды ұнатпайды

[77] Аллаһтың өзіңе бергенімен / жақсылықтарымен / мәңгілік тұрақ мекенін ізде әрі осы өмірдегі үлесіңді де ұмытпа. Аллаһтың саған жақсылық жасағаны секілді, сен де жақсылық ет. Жер бетінде бүлдірушілікке ұмтылма, күмәнсіз Аллаһ бұзушы-бүлдірушілерді ұнатпайды», - деді

[78] Ол / Қарун / : «Бұл / мал-дәулет / маған білімім үшін берілді», - деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғыұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қылмыскерлер күнәлары жайлы сұралмайды

[79] Сонда ол елінің алдына сән-салтанатымен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол - сөзсіз, үлкен үлес иесі», - деді

[80] Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады»,- деді

[81] Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады

[82] Кеше ғана оның орнында болуды көксегендер ертесіне: «Міне, ғажап! Аллаһ ризықты құлдарынан қалағанына кеңітіп және тарылтып қояды екен. Егер Аллаһ бізге игілік етпегенде, бізді де жерге жұтқызар еді. Иә, солай, кәпірлер мұратқа жетпейді екен»,- деді

[83] Міне, бұл - соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы. Біз оны жер бетінде өзін жоғары қоюды және бұзу-бүлдірушілікті қаламайтындарға береміз. Ал, нәтиже - тақуалардікі /Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардікі

[84] Кім жақсылықпен келсе, ол үшін одан да қайырлысы бар. Ал кім жамандықпен келсе, жамандық істегендерге жасаған істерінің ғана қайтарымы беріледі

[85] Ей, Мұхаммед! / Кім саған Құранды / жеткізуді / міндеттесе, Сол сені қайтар орынға қайтарады. Айт: «Раббым кімнің / тура жолды көрсететін / басшылықпенкелгенін және кімнің анық адасуда екенін жақсы біледі», - деп

[86] Сен өзіңе Кітаптың түсуін үміт етпеген, күтпеген едің. Алайда, ол Раббыңнан бір мейірім ретінде / түсірілді / . Сондықтан кәпірлерге болысушы / көмек беруші / болма

[87] Өзіңе Аллаһтың аяттары түсірілгеннен кейін, олар сені одан тоспасын, Раббыңа шақыр және Оған серік қосушылардан болма

[88] Аллаһпен қатар басқа құдай шақырма / Одан өзгеге құлшылық етпе / ,Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның дидарынан / Өзінен / басқа барлық нәрсе жоқ болады. Үкім ету -Оған тән әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

Анкәбут

Surah 29

[1] Әлиф. Ләм. Мим

[2] Адамдар: «Иманға келдік», - деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма

[3] Біз оларға дейінгілерді де сынағанбыз. Күмәнсіз, Аллаһ шын сөзділерді біледі әрі Ол өтірікшілерді де біледі

[4] Әлде жамандық істейтіндер Бізден озып / құтылып / кетеміз деп ойлады ма? Олардың шешімдері қандай жаман

[5] Кім Аллаһпен жолығуды үміт етсе, сөзсіз, Аллаһтың белгілеген мерзімі келеді Ол барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші

[6] Ал, кім ынта-жігерімен әрекет етсе, өзі үшін ынталанған болады. Ақиқатында, Аллаһ- әлемдерден Бай, мұқтажсыз / Ғани

[7] Иманға келген әрі ізгі амал істегендердің жамандықтарын әлбетте, кетіреміз және оларға істеген жақсы амалдарының қайтарым сыйын береміз

[8] Әрі Біз адамға ата-анасына жақсылық істеуді өсиет етіп тапсырдық. Ал, егер ол екеуі өзің білмеген нәрсені Маған серік етіп қосуға күштесе, онда оларға бағынба. Қайтуларың Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда Мен сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін

[9] Ал, иманға келген әрі ізгі амал істегендерді Біз ізгілердің қатарына кіргіземіз

[10] Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе

[11] Әрі әлбетте, Аллаһ иманға келгендерді де біледі әрі күмәнсіз, мұнафиқтарды да біледі

[12] Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», - деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар - өтірікшілер

[13] Олар өз жүктерін / күнәларын / әрі өз жүктерімен бірге басқа жүктерді де міндетті түрде көтереді. Әрі Қайта тірілу күні ойдан шығарғандары / өтіріктері / туралы олар міндетті түрде сұраққа тартылады

[14] Әрі Біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған халдерінде топан су алды

[15] Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік

[16] Әрі Ибраһимды да / жібердік / . Ол еліне: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Егер білсеңдер, бұл - / құлшылық пен тақуалық / сендер үшін қайырлы

[17] Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді

[18] Егер сендер / мұны / өтірікке шығарсаңдар, сендерден бұрынғы үмметтер де өтірікке шығарған. Ал, Елшіге - анық түрде жеткізу ғана / жүктелген

[19] Олар Аллаһтың / жоқтан бар етіп! жаратуын, кейін оны / жаратуды / қайталайтынын көрмеді ме? Анығында, бұл - Аллаһ үшін өте жеңіл

[20] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер бетін аралап, Оның жаратылысты қалай бастағанына назар салыңдар. Ал кейін, Аллаһ соңғы жаратуды жасайды / Қияметте қайта тірілтеді / . Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

[21] Ол қалағанын азаптайды және қалағанына рахым етеді. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

[22] Әрі сендер жерде де, аспанда да / Аллаһтың жазасын / әлсірете алмайсыңдар және сендерге Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де жоқ»,- деп

[23] Аллаһтың белгілеріне және Онымен жолығуға / ақиретке / күпірлік етушілер / сенбеушілер, теріске шығарушылар / , міне, солар - Менің мейірімімнен үмітсіз болады. Әрі соларға күйзелтуші азап бар

[24] Ибраһимнің шақыруына / оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», - деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[25] Ибраһим / : «Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың - От әрі сендерге көмекшілер болмайды

[26] Сонда оған / Ибраһимге / Лұт сенді. / Ибраһим / : «Мен Раббыма / Оның жолында / қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол - бәрінен Үстем , өте Дана »,- деді

[27] Әрі Біз оған Исхақты және Йаъқубты тарту еттік, ал оның ұрпақтарына пайғамбарлық пен Кітапты / бердік / . Біз оның сыйын осы дүниеде бердік, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол әлбетте ізгілерден болады

[28] Әрі Лұтты да / жібердік / . Сонда ол еліне: «Негізінде, сендер әлемдердің ішінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген жиіркенішті нәрсені істеудесіңдер

[29] Анығында, еркектерге келетін / жақындасатын / және жол кесетін / жолаушыларды тонайтын / әрі отырыстарыңда айыпталған іс жасайтындар сендер емессіңдер ме?» - деді. Сонда оның елінің жауабы тек: «Егер шын сөзділерден болсаң, бізге Аллаһтың азабын келтір», - деу ғана болды

[30] Ол / Лұт / : «Раббым! Маған бүлдіруші / бұзылған / елге қарсы көмек бер», - деді

[31] Біздің елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабар әкелген кезде олар: «Шын мәнінде, біз мына кент тұрғындарын жоямыз. Ақиқатында, оның тұрғындары әділетсіздер», -деді

[32] Ол / Ибраһим / : «Онда Лұт бар ғой!» деді. Олар: «Ол жерде кімнің бар екенін жақсы білеміз. Біз оны және үй ішін міндетті түрде құтқарамыз, тек қалушылардан болған әйелінен басқа»,- деді

[33] Әрі Елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олар үшін қамығып, өзінің әлсіздігіне қысылды. Сонда олар: «Қорықпа және қайғырма! Анығында Біз сені және қалушылардан болған әйеліңнен басқа үй ішіңді құтқарамыз»

[34] Әлбетте, Біз бұл кенттің тұрғындарына бұзықтықтары / бойсұнбағандықтары / үшін аспаннан азап түсіреміз»,- деді

[35] Біз одан / ол мекеннен / ақылын істетіп ұғынатын адамдар үшін анық белгі-ғибрат қалдырдық

[36] Әрі Мәдиян еліне ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, халқым! Аллаһқа Құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - деді

[37] Олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларды бір сілкініс ұстады да олар үйлерінде етпеттеп жатқан күйлерінде қалды

[38] Сондай-ақ Ад елі мен Сәмұд елін де / жазаладың / , Сендерге олардың мекен еткен тұрақтары белгілі. Шайтан оларға амалдарын әдемі етіп көрсетіп, олардың зеректігіне қарамастан жолдан бұрды

[39] Әрі Қарун, Фиръаун және Һаманды да. Мұса оларға анық дәлелдермен келген еді. Бірақ олар жерде / елдерінде / менменсіп, өздерін жоғары санады әрі / жазадан / озып кете алмады

[40] Әрқайсысын күнәларына сай ұстадық / жазаладық / . Олардың біріне Біз тасты құйын жібердік, бірін сайха алды, ал бірін жерге жұтқыздық және бірін суға батырдық. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздеріәділетсіздік жасады

[41] Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы - өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы - өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса

[42] Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын / табынатындарын / біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол бәрінен Үстем, аса Дана

[43] Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ мұны білетіндер ғана ұғынады

[44] Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар

[45] Ей, Мұхаммед! / Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті / бұзық / істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі

[46] Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз - Оған бойсұнушымыз», - деп

[47] Ей, Мұхаммед! / Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған / Құранға / сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады

[48] Сен бұған дейін ешқандай жазбаны оқыған жоқсың және оны қолыңмен жазған жоқсың. Олай болғанда өтірік санаушылар күмәнданған болар еді

[49] Жоқ! Олай емес, бұл / Құран / - өздеріне білім берілгендердің кеуделеріндегі анық аяттар. Біздің аяттарымызды әділетсіздер ғана теріске шығарады

[50] Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» - деді. Айт: «Мұғжизалар - тек Аллаһта, ал мен - анық ескертуші ғанамын», - деп

[51] Ей, Мұхаммед! / Оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз, олар үшін жеткілікті емес пе? Ақиқатында онда / Құранда / сенетін ел үшін мейірім әрі еске салу бар

[52] Айт: «Мені мен сендердің араларыңа куәлік етуде Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол аспандардағы және жердегіні біледі. Ал жалғанға сеніп, Аллаһқа күпірлік етушілер / сенбейтіндер / - нағыз зиян көрушілер», - деп

[53] Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Егер белгіленген мерзім болмағанда, оларға азап міндетті түрде келген болар еді. Негізінде ол оларға күмәнсіз, кенеттен келіп, олар оны сезбей де қалады

[54] Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Күдіксіз, Жаһаннам кәпірлерді міндетті түрде қоршап алушы

[55] Сол Қайта тірілу күні азап оларды үстерінен және аяқтарының астынан орап алады. / Аллаһ Оларға / : «Істеген амалдарыңның / дәмін / татыңдар», - дейді

[56] Ей, иманға келген құлдарым! Ақиқатында Менің жерім кең, Маған ғана құлшылық етіңдер

[57] Әрбір жан өлімді татады. Содан кейін сендер Бізге қайтарыласыңдар

[58] Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы биік орындарға орналастырамыз. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйы қандай жақсы

[59] Солар - сабыр етушілер және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсырушылар / тәуекел етушілер

[60] Өз қорегін көтеріп жүрмейтін қаншамажан-жануар бар. Оларға және сендерге ризықты Аллаһ береді. Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші

[61] Егер олардан / серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді жаратқан әрі күн мен айды бағынышты етіп қойған кім?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Олар қаншалықты теріс кеткендер

[62] Аллаһ құлдарының ішінен қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші

[63] Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған / өлген / жерді тірілткен кім?» - деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», - де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды

[64] Әрі бұл өмір - тек бос ермек және ойыннан басқа ешнәрсе емес. Егер де олар білетін болса, анығында, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы - шын, нағыз өмір

[65] Ал, қашан олар кемеге мінгендерінде дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / . Ал, оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олар Оғанөзгелерді серік етіп қосады

[66] Олар өздеріне бергендерімізге күпірлік ете / игіліктерімізді теріске шығара / тұрсын әрі пайдалансын. Жақында олар біледі

[67] Олар / Мекке мүшріктері / маңайларындағы адамдардың ұсталып, таланып жатқанында, Біз / Меккені/ қасиетті әрі қауіпсіз еткенімізді көрмеді ме? Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігін теріске шығара ма

[68] Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарғаннан немесе өзіне ақиқат келген кезде оны жалған санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Кәпірлердің орны Жаһаннам емес пе

[69] Ал Біз үшін ынта-жігер мен әрекет еткендерді - Өз жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге

Рум

Surah 30

[1] Әлиф. Ләм. Мим

[2] Рұмдықтар жеңілді

[3] ең жақын / төменгі / жерде. Алайда олар жеңілгеннен кейін жеңіске жетеді

[4] бірнеше жылдың ішінде. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де / барлық / іс Аллаһтың билігінде. Сол күні имандылар қуанады

[5] Аллаһтан болған көмекке. Ол қалағанына көмек береді. Ол -бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[6] Аллаһтың уәдесі / осы / . Аллаһ уәдесін бұзбайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді

[7] Олар осы өмірдің сырттай көрініп тұрғанын ғана біліп, соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қаперсіз

[8] Олар өздері жайлы ойланып көрмеді ме? Аллаһ аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларды ақиқат бойынша және белгілі мерзімге жаратқан. Анығында, адамдардың көбі / қайта тіріліп / өздерінің Раббысына жолығатындығына сенбейді

[9] Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Олар күш-қуат жағынан бұлардан мықты еді, олар жерді жыртып, оны бұлардың игергенінен артық игерген еді. Оларға елшілер анық дәлелдермен келді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті

[10] Кейін жамандық қылғандардың соңы - Аллаһтың аяттарын өтірік санағандықтары және оларды келеке еткендіктері үшін жаман болды

[11] Аллаһ алғаш жаратады, кейін оны қайталайды / қайта жаратады!. Содан кейін сендер Оған қайтарыласыңдар

[12] Сағат / Қиямет / болған күні қылмыскерлердің үміттері үзіледі

[13] Әрі олардың Аллаһқа серік етіп қосқандарынан ешқайсысы оларға ара түсіп болыспайды және олар серік етіп қосқандарын теріске шығарады

[14] Әрі Сағат / Қиямет / болған сол күні олар / адамдар / бөлінеді

[15] Сонда иманға келген және ізгі амал істегендер / Жәннаттағы бақтарда / қуанышқа бөленеді

[16] Ал, сондай күпірлік еткендер / қарсы келгендер / және аят-белгілерімізді және ақиреттегі жолығуды өтірікке шығарғандар азапқа тартылады

[17] Ей, мұсылмандар! / Сендер кештің кіретін уақыттарында және таңның ататын уақыттарында Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер

[18] Әрі аспандардағы және жердегі барлық мақтау - Оған / Аллаһқа / . Әрі түнде және түскі уақыттарда да / Оны дәріптеңдер

[19] Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады әрі жерді өлгенінен кейін / қайта жандандырып / тірілтеді. Сендер де осылай / қабірден қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар

[20] Әрі сендерді топырақтан жаратқаны және кейін сендердің адам / адамзат / болып таралуларың - Оның белгілерінің бірі

[21] Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар

[22] Әрі аспандар мен жердің жаратылуы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы да - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда білетіндер үшін белгі-ғибраттар бар

[23] Әрі түнгі және күндізгі ұйқыларың және Оның кеңшілігін / ризықтарыңды / іздеулерің де - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда тыңдайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[24] Әрі сендерге найзағайды қорқуларың және үміт етулерің үшін көрсетуі және аспаннан су түсіріп, онымен жерді өлгенінен / тіршіліксіз қалғанынан / кейін қайта тірілтуі де - Оның белгілерінен. Ақиқатында Мұнда ақылын істетіп, ұғынатын адамдар үшін дәлелдер бар

[25] Әрі аспан және жердің Оның әмірімен тұруы - Оның белгілерінен. Кейін Ол сендерді / қиямет күні / шақырғанда, сендер сол сәтте жерден / қайта тіріліп / шығасыңдар

[26] Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Барлығы да Оған бағынады

[27] Әрі Ол алғаш / жоқтан / пайда етеді, кейін оны қайталайды / қайта жаратады / .Бұл, Ол үшін өте жеңіл. Аспандар мен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол бәрінен Үстем , аса Дана

[28] Ол сендерге өздерің туралы мысал келтірді. Біз сендерге ризық етіп бергенімізге сендердің қол астарыңдағылардан / құлдарыңнан / серік болатындар бар ма? Әрі сендер олармен оған / меншіктеріңе / қатысты / құқық тұрғысынан / тең болып, олардан өздеріңнен / өздерің секілді меншікке үлесі бардан / қорыққандай қорқасындар ма? Біз ақылдарын істетіп, үғынатын адамдарға аяттарымызды осылай анық етіп түсіндіреміз

[29] Негізінде, әділетсіздік еткендер ешқандай білімі болмаса да көңілі құмарлығына ерді. Аллаһ адастырғанды кім тура жолға сала алады? Әрі оларға көмек берушілер болмайды

[30] Ей, Мұхаммед! / Жүзіңді дінге ханиф болған түрде қарат. Аллаһ адамдарды осы фитрамен / табиғи болмыспен / жаратты. Аллаһтың жаратқанын / фитраны / өзгертуге болмайды. Міне, осы - тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді

[31] Оған бойсұнған күйде қайтып, тақуалық етіңдер / жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар және Аллаһқа серік қосушылардан болмаңдар

[32] сондай діндерін жікке бөлшектеп және топтарға бөлініп, әрбір тобы өздеріндегіге мәз болып жүргендердің қатарынан / болмаңдар

[33] Егер адамдарға бір зиян тисе, олар Раббысына бойсұна жүгініп, Оған жалбарынады. Ал, кейін Ол оларға Өз тарапынан бір мейірім татқызса, олардың бір бөлігі Раббысына серік қосады

[34] сөйтіп / Біздің оларға бергенімізге күпірлік ету / мойындамау, теріске шығару / үшін. Пайдалана тұрыңдар, жақын арада білесіңдер

[35] Әлде Біз оларға олардың серік етіп қосатындары жайлы айтатын бір дәлел түсірдік пе

[36] Қашан адамдарға мейірім таттырсақ, олар оған қуанады. Ал егер оларға қолдарымен істегендері салдарынан бір жамандық келсе, олар сол бойда үмітсіздікке түседі

[37] Олар Аллаһтың ризықты кімге қаласа кеңітіп не тарылтатынын көрмеді ме? Ақиқатында Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[38] Туысқанға өз хақысын бер әрі жарлыға да және жолда қалып қойғанға да. Аллаһтың дидарын / ақиретте көруді / қалағандар үшін осы қайырлы. Міне, солар -мұратына жететіндер

[39] Сендер адамдардың мал-дүниелері ішінде көбейсін деп, өсім үшін бергендерің, Аллаһтың алдында көбеймейді. Ал, Аллаһтың дидарын қалап берген зекеттерің / еселенеді / - міне, солар сауабы еселеніп артатындар

[40] Аллаһ, Ол - сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді / жандарыңды алады / , кейін сендерді / Есеп күні қайта / тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары

[41] Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының / күнә, қылмыстарының / себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. / Бұл / олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың / күнәлардан / қайтулары үшін

[42] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Жер жүзін аралап, бұрынғылардың соңы қалай болғанын көріңдер. Олардың көбі мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / еді», - деп

[43] Аллаһ тарапынан қайтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тура дінге қарат. Сол күні олар / топтарға / бөлінеді

[44] Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , онда күпірлігі / қарсылығы / өзіне зиян. Ал, кім ізгі амал істесе, өздері үшін / игілік / дайындайды

[45] Бұл / Оның иманға келген және ізгі амал істегендерге Өз кеңшілігінен қайтарым сый беруі үшін. Ақиқатында, Ол кәпірлерді жақсы көрмейді

[46] Оның белгілерінің бірі - сендерге Өзінің мейірімінен таттыруы үшін желдерді игі хабаршы етіп жіберуі және Оның кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / Ш іздеп, игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін кемелердің Оның әмірі бойынша жүзуі

[47] Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да елшілерді елдеріне жібердік. Сонда олар елдеріне анық дәлелдермен келді. Кейін, Біз қылмыс істегендерді жазаладық. Өйткені имандыларға көмек беру - Бізге міндет

[48] Аллаһ, Ол сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды / теңіздерден / Шқозғап / көтеріп / , содан оны / бұлттарды / аспанда Өзі қалағандай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сен олардың арасынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің. Қашан Ол оны Өз құлдарынан қалағандарына жіберсе / жаудырса / , сонда олар қуанады

[49] Ал, оған дейін олар өздеріне / жаңбыр / жіберілуден алдын үмітсіз күйде болғанмен

[50] Аллаһ мейірімінің іздеріне / нәтижесіне / Оның жерді өлгенінен кейін қалай тірілтетініне қара. Негізінде Ол - өлілерді де тірілтуші, әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

[51] Егер Біз / егінді құртатын / жел жіберіп, олар оның сарғайғанын көрсе, олар одан кейін де күпірлік етеді / берілген игіліктерді теріске шығарады

[52] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен өліктерге естірте алмайсың және кереңдерге де олар кері бұрылған кезде үндеуіңді естірте алмайсың

[53] Әрі сен соқырларды адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сенгендерге ғана естірте аласың. Міне, солар Мұсылмандар

[54] Аллаһ, Ол сондай, сендерді әлсізден жаратты, одан соң әлсіздіктен кейін қуат берді, одан кейін күш-қуаттан соң әлсіздік беріп, сақал-шашқа ақ түсіреді. Ол Өзі қалаған нәрсесін жаратады. Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы

[55] Әрі Сағат / қайта тірілу күні / болған күні қылмыскерлер / бұл дүниеде / бір аз уақыт қана болдық деп ант ішеді. Олар міне осылай / өткен дүниеде де ақиқаттан / бұрылып кеткен еді

[56] Ал білім мен иман берілгендер болса: «Негізінде сендер Аллаһтың жазуы бойынша қайта тірілтілетін күнге дейін болдыңдар. Қайта тірілтілетін күн - осы. Бірақ сендер білмедіңдер», - дейді

[57] Сол күні әділетсіздік істегендерге ақталулары пайда бермейді әрі олардан талап етілмейді

[58] Біз осы Құранда адамдарға әртүрлі мысалдардан келтірдік. Егер оларға бір белгі, мұғжиза келтірсең де күпір келтірушілер / мойындамаушылар / сөзсіз: «Сендер - тек жалғанды әкелушісіңдер», - дейді

[59] Аллаһ білмейтіндердің жүректерін осылай мөрлеп / бітеп / қояды

[60] Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет. Аллаһтың уәдесі ақиқат. Айқын сенімі болмағандар сенен босаңсу көрмесін

Лұқман

Surah 31

[1] Әлиф. Ләм. Мим

[2] Бұл - хикметті Кітаптың аяттары

[3] жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылыц / әрі мейірім

[4] Олар - сондай, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / айқын сенеді

[5] Міне, солар - өздерінің Раббысынан болған тура жолдағылар әрі солар мұратына жететіндер

[6] Адамдардың ішінде, ешқандай білімі болмаса да / адамдарды / Аллаһтың жолынан адастыру үшін пайдасыз бос әңгімелерді сатып алатын бар әрі ол оны / Аллаһтың жолын / келекеге айналдырады. Міне, соларға қорлаушы азап болады

[7] Қашан оған Біздің аяттарымыз оқылса, ол оны естімегендей, құлағында кереңдік бар секілді, өзін жоғары санап, менменси теріс бұрылады. / Ей, Мұхаммед! / Оны күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»

[8] Ақиқатында иманға келген және ізгі амал істегендерге Наъим бақтары бар

[9] Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол -бәрінен Үстем, аса Дана

[10] Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны / тіреуді / егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды / тауларды / тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда / жерде / барлық көркем түрлерді өсірдік

[11] Міне, бұл - Аллаһтың жаратқаны. Ал, Одан өзгелердің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші? Иә, солай, әділетсіздер анық адасуда

[12] Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір / . Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе / , білдірген алғысы / шүкірлігі / өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе / берілген игіліктерді мойындамаса / , әлбетте Аллаһ - Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік

[13] Міне, кезінде Лұқман ұлына насихат етіп: «Әй, ұлым / кішкентайым / \ Аллаһқа серік қоспа. Өйткені серік қосу - өте үлкен әділетсіздік», - деп айтқан еді

[14] Біз адам баласына ата-анасын өсиет етіп тапсырдық. Анасы жүкті болып, оны әлсіздік үстіне әлсіздікпен көтерді. Әрі / сәбиді омыраудан / екі жылда ажыратады. Маған және ата-анаңа шүкір ет / алғыс, ризалық білдір / . Қайтуларың Маған / Мағанқайтасыңдар

[15] Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін

[16] «Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар

[17] Әй, балам, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, толық / орында, құпталғанға бұйыр әрі тыйым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар - қайрат-жігер танытатын істерден

[18] Адамдардан бетіңді / менменси / қисайтып бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Аллаһ әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді

[19] Әрі жүрісіңде орташа, бірқалыпты бол және дауысыңды бәсеңдет. Өйткені дауыстардың ең жағымсызы - есектің дауысы

[20] Аспандар мен жердегі нәрселерді Аллаһтың сендер үшін бағынышты еткенін, әрі сендерді ап-айқын және жасырын / көрінбейтін / игіліктеріне бөлегенін көрмедіңдер ме? Адамдардың арасында өзінде не білімі, не тура жолға бастаушысы, не жарық беруші кітабы болмаса да Аллаһ жайында айтысатындары бар

[21] Әрі қашан оларға:«Аллаһтыңтүсіргеніне еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ.Біз аталарымызды ненің үстінде / қандай құлшылықта / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де шайтан оларды Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабына шақырса да ма

[22] Кім ықыласпен жақсылық істеуші бол­ған күйінде жүзін / дінін, амалын / Аллаһқа бойсұндырса, сол ең сенімді тұтқадан ұстаған j болады. Істердің нәтижесі - Аллаһта

[23] Ал, кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / сені қайғыртпасын. Олардың қайтар жері - Біздің алдымыз. Сонда Оларға не істегендерінің хабарын береміз. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегі нәрсені толық Білуші

[24] Біз олардың / бұл дүниеден / аз ғана пайдалануына мүмкіндік беріп, кейін оларды ауыр азапқа мәжбүр етіп саламыз

[25] Ей, Мұхаммед! / Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді

[26] Аспандардағы және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Ақиқатында Аллаһ өте Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы

[27] Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз / сия болып / және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Ақиқатында Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана

[28] Сендерді жарату және қайта тірілту - бір жанды / жаратып, тірілту / секілді ғана. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші / Самиъ / , бәрін Көруші / Басир

[29] Аллаһтың түнді күндізге кіргізіп, ал күндізді түнге кіргізетінін көрмедің бе? Әрі күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты еткенін, - / олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады, - сондай-ақ Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар екенін

[30] Бұл солай. Ақиқатында, Аллаһ - әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / , ал олардың Одан өзге шақыратындары / табынып жалбарынатындары / жалған әрі шын мәнінде, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен

[31] Ей, Мұхаммед! / Сен кемелердің Аллаһтың игілігімен, Оның кейбір белгілерін сендерге көрсетуі үшін теңізде жүзетінін көрмедің бе? Ақиқатында, мұндаәрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының бергендерінеалғыс білдірушілер / үшін белгілер бар

[32] Қашан оларды таулардай толқындар орап алса, дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / .Ал қашан оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олардың кейбірі / шүкірліктерін / кемітеді. Біздің белгілерімізді әрбір опасыз, игілігімізге алғыс білдірмеуші / шүкіршілік етпеуші / ғана теріске шығарады

[33] Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / әрі ешбір әке баласы үшін өтем бере алмайтын және ешбір бала әкесі үшін өтем бере алмайтын Күннен қорқындар. Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Сондықтан осы өмір сендерді алдамасын / дүние қызықтарына алданып қалмаңдар / , әрі алдаушы / шайтан / сендерді Аллаһқа қатысты алдап қоймасын

[34] Ақиқатында Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / білімі Аллаһта, Ол жаңбырды жаудырады және жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар

Сәжде

Surah 32

[1] Әлиф. Ләм. Мим

[2] Бұл Кітаптың әлемдердің Раббысынан түсірілгендігіне ешқандай күмән жоқ

[3] Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, олай емес! Бұл - сенен бұрын ескертуші келмеген елдің тура жолға түсуіне үгіттеп, ескертуің үшін Раббыңнан / түскен / ақиқат

[4] Аллаһ, Ол сондай, - аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма

[5] Ол аспаннан жерге дейін Өз әмірін жүргізеді. Кейін ол / ол істер / , мөлшері сендердің есептеріңмен мың жыл болатын бір күнде Оған көтеріледі

[6] Міне, сол - ғайып пен айқын нәрсені Білуші, бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[7] Ол әрбір нәрсені өте жақсы / кемел де кемшіліксіз / етіп жаратты. Әрі Ол адамның / Адам атаның / жаратылысын лайдан бастады

[8] кейін оның ұрпағын әлсіз / елеусіз / судың тамшысынан жасады

[9] Кейін оны / рет-ретімен / теңестіріп, оған Өзіндегі / иелігіндегі / рухтан үрледі. Әрі Ол сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғысбілдіресіңдер

[10] Ал, олар / сенбейтіндер / : «Біз жермен араласып жоғалсақ та жаңадан / қайта / жаратыламыз ба?» - деді. Жоқ, олар өздерінің Раббысымен жолығуға сенбейді

[11] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жандарыңды сендерге уәкіл етілген өлім періштесі алады, одан кейін сендер өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар», -деп

[12] Сен қылмыскерлердің өздерінің Раббы­сы алдында бастарын иіп: «Раббымыз! Біз көрдік және естідік. Бізді артқа қайтар, ізгі амал істейік. Біз енді анық сендік», — деп айтқандарын көргеніңде еді

[13] Егер де қалағанымызда, барлық адамды тура жолмен жүргізер едік. Бірақ Менен: «Тозақты жындардың және адамдардың / кәпір, күнәһарларының / барлығымен әлбетте толтырамын» - деп айтылған сөз болды

[14] Имансыздарға / : «Өздеріңнің осы күндеріңе жолығуды ұмытқандарың үшін / азапты / татыңдар. Анығында, Біз де сендерді / Есеп күнін ұмытқандарыңдай / ұмыттық. Істеп өткен амалдарың үшін мәңгіліктің азабын татыңдар», - делінеді

[15] Анығында, Біздің аяттарымызға, - ол арқылы естеріне салынған кезде, өздерін жоғары санап, менменсімей сәждеге жығылып және өздерінің Раббысына мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтіндер ғана сенеді

[16] Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды

[17] Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді

[18] Иманды жан / мүмін / - бүлдіруші / бойсұнбаушы / біреу секілді ме?! Олар тең емес

[19] Иманға келген және ізгі амал жасағандарға істеген амалдары үшін Мәуа / жәннатының / бақтарында сый-құрметтер болады

[20] Ал, бұзық іс істейтіндердің / бойсұнбағандардың / тұрағы - От. Олар әркез ол жерден шығуды қалағанда, оған қайтарылады әрі оларға: «Өздерің өтірік санаған от азабын татыңдар», - делінеді

[21] Әрі міндетті түрде, Біз оларға / иманға / қайтулары үшін үлкен азаптан алдын жақын азапты / осы дүниедегі ауыртпашылықтарды / таттырамыз

[22] Әрі Раббысының аят-белгілері есіне салынғаннан кейін, одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз қылмыскерлерден кек аламыз

[23] Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға Кітапты бердік. Онымен жолығудан күмәнда болма. Әрі Біз оны / Тәуратты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / жолбасшы еттік

[24] және олар сабыр етіп, аяттарымызға айқын сенген кезде, араларынан әміріміз бойынша тура жолға бастайтын жетекшілер шығардық

[25] Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына, әлбетте, үкім шығарады

[26] Олардан бұрын өткен қаншама ұрпақтарды Біздің жойып жібергеніміз, оларды шынымен жолға салмады ма? Өздері / бүгін / олардың жұрттарынан / мекендерінен / өтіп жүр. Ақиқатында, мұнда белгі-ғибраттар бар. Олар сонда да құлақ аспай ма

[27] Олар / имансыздар / суды шел жерге қарай айдап, ол арқылы олардың малдары және өздері жейтін егін шығарғанымызды көрмеді ме? Олар әлі де көрмей ме

[28] Әрі олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл үкім / шешім / қашан болады?» - дейді

[29] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Үкім берілетін күні сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / сенімдері пайда бермейді және оларға мұрсат та берілмейді», -деп

[30] Енді олардан теріс бұрыл және күт. Өйткені олар да күтуде

Ахзаб

Surah 33

[1] Ей, Пайғамбар! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтан және кәпірлер мен мұнафиқтарға бағынба. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана

[2] Әрі Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ер. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан әлбетте, Хабардар

[3] Әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр / тәуекел ет / . Аллаһ - сенім артылушы, қорғаушы / Уакил / ретінде жеткілікті

[4] Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен / аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған / әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз / бел / балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді

[5] Оларды / асыранды балаларды / өз әкелерімен атаңдар. Бұл, Аллаһтың алдында әділділірек. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар діндегі бауырларың әрі дос-жақындарың. Сендерге ол жөнінде қателескендерің үшін күнә жоқ, егер тек жүректеріңмен әдейі ниеттенген болмасаңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[6] Пайғамбар имандыларға олардың өздерінен де жақын. Ал, оның жұбайлары олардың аналары. Аллаһтың жазуында / үкімінде / мүміндерге және муһажирлерге / қоныс аударғандарға / қарағанда туыстар бір-біріне жақын. Бірақ достарыңа жақсылық істеулерің басқа. Бұл / үкім / Кітапта жазылған

[7] Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде Біз пайғамбарлардан серт алдық әрі сенен және Нұхтан және Ибраһимнен және Мұсадан әрі Мәриямның ұлы Исадан. Біз олардан қатаң серт алдық

[8] сөйтіп, шын сөзділерден олардың адалдықтары туралы сұрау үшін. Әрі Ол кәпірлерге күйзелтуші азап әзірледі

[9] Ей, иманға келгендер! Аллаһтың өздеріңе жасаған игілігін естеріңе алыңдар. Сонда сендерге әскерлер келген кезде, Біз Оларға қарсы жел және сендер көрмейтін әскер жібердік. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

[10] Сол кезде олар сендерге жоғарғы және төменгі жақтарыңнан келген еді. Сонда көздерің шарасынан шығып, жүректерің алқымға жетіп, сендер Аллаһ жайында түрлі ойға барған едіңдер

[11] Сол жерде имандылар / мүміндер / сыналып, олар қатты сілкініспен шайқатылды

[12] Әрі сонда мұнафиқтар мен жүректерінде дерті барлар: «Аллаһ және Оның Елшісінің бізге берген уәдесі тек бос нәрсе / алдау / ғана екен»,- деді

[13] Сол кезде олардың бір тобы / мұнафиқтар / : «Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы / иманы әлсіздері / : «Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», - деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар / соғыстан / қашуды ғана қалады

[14] Ал егер / жау / оған жан-жағынан кіріп, сонан соң олардан бүлік / діндерінен қайту / талап етілсе, олар сәл кідіргені болмаса, көп бөгелмей оған барар / келісер / еді

[15] Негізінде, олар бұрын арттарына бұрылып кетпеуге / қашпауға / Аллаһқа серт берген еді. Ал, Аллаһқа берілген серт сұралады

[16] Ей, Мұхаммед И Айт: «Егер өлімнен не біреудің өлтіруінен қашсаңдар да, қашу сендерге еш пайда бермейді. Ондай жағдайда сендерге аз ғана пайдалану беріледі», -деп

[17] Айт: «Егер Аллаһ сендерге жамандық қаласа, сендерді Аллаһтан кім қорғайды немесе егер Ол мейірім етуді қаласа / кім тоса алады / », - деп. Олар өздеріне Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды

[18] Аллаһ сендердің араларыңнан / соғысудан / тосушыларды және бауырларына: «Біз жаққа келіңдер!» - деп айтатындарды біледі. Олар соғысқа өте аз ғана қатысады

[19] сендерге / олжаны / сараңдық еткен күйде. Қашан оларға қауіп төнсе, олардың саған көздері төңкеріліп, өздерін өлім есірігі басқандай қарағанын көресің. Ал қауіп-қатер кеткенде, жақсылыққа / олжалар бөлінгенде / сараңдық етіп, сендерге ащы тілдерін тигізіп ренжітеді. Олар иманға келмеді, сөйтіп Аллаһ олардың амалдарын зая кетірді. Бұл Аллаһқа жеңіл

[20] Олар одаққа біріккендерді / жау әскерін / кетпеді деп ойлайды. Егер одақ құрғандар / әскері / тағы келсе, олар көшпелі бәдәуилердің арасында болып, сендердің хабарларың жайлы сұрап тұруды қалайды. Егер де олар сендердің араларында болса, азынан басқасы соғыспас еді

[21] Сендерге - Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер әрі Аллаһты көп еске алғандарға - Аллаһтың Елшісінде көркем үлгі-өнеге бар

[22] Имандылар / мүміндер / бір одаққа біріккендерді / жауды / көрген кезде: «бұл Аллаһтың және Оның елшісінің бізге уәде еткені. Аллаһ және Оның Елшісі шындықты айтты», - деді. Бұл олардың иманын және бойсұнуын ғана арттырды

[23] Имандылардан Аллаһқа берген серттерін адал ұстанатындар бар. Олардың кейбірі сертін орындады, ал кейбірі күтіп жүр. Олар / серттерін / еш өзгертпеді

[24] Мұның барлығы / Аллаһтың шын сөзділерге адалдықтары үшін қайтарым сый беруі, ал мұнафиқтарды Өз қалауы бойынша не жазалауы, не оларды Өзіне бойсұнуға қайтаруы / тәубеге келтіруі / үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[25] Әрі Аллаһ күпірлік етушілерді / мұсылманға қарсы одақтастарды / ызаланған кейіптерінде / Мединадан / кері қайтарды және олар игілікке жете алмады. Әрі Аллаһ имандыларды / мүміндерді / шайқастан құтқарды. Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем

[26] Әрі Ол Кітап берілген қауымнан оларға / одақтастарға / көмек бергендерді қамалдарынан шығарды және олардың жүректеріне үрей салды. Сендер / олардың / бір тобын өлтіресіңдер, ал бір тобын тұтқынға аласыңдар

[27] Әрі Ол сендерге олардың жерін, үйлерін және мал-мүліктерін әрі өздерің аяқ баспаған жерлерді мұра етіп берді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

[28] Ей, Пайғамбар! жұбайларыңа айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сәнін қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге пайдаланатын біраз дүние беріп, көркем түрде жіберейін

[29] Ал егер Аллаһты, Оның Елшісін және мәңгілік соңғы өмір / ақирет / мекенін қаласаңдар, ақиқатында Аллаһ сендерден ықыласпен жақсылық істеуші әйелдерге ұлы сый / Жәннат / әзірлеген»,- деп

[30] Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендерден кім жиіркенішті іс / күнә / істесе, оған азап екі есе арттырылады. бұл Аллаһқа жеңіл

[31] Ал, кім сендерден Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі ізгі амал істесе, оның сыйын екі есе етіп береміз әрі оған құрметті ризық / Жәннатты / дайындадық

[32] Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендер / басқа / әйелдердің бірі секілді емессіңдер. Егер тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сөйлегендеріңде жұмсақ болмаңдар, өйткені ол / олай сөйлесу / жүрегінде дерті бар біреуге түрткі болып дәмелендіреді. / Шариғатта / құпталғанға сай сөз сөйлеңдер

[33] Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы / исламға дейінгі / надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар / көріктеріңді ашпаңдар / .ШНамазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бойсұныңдар. / Ей, Пайғамбардың / үй іші! Аллаһ сендерден ластықты кетіруді және сендерді толық тазартуды ғана қалайды

[34] Әрі үйлеріңде Аллаһтың аяттарынан және даналықтан оқылғанды еске алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ өте Жұмсақ, Мейірбан, бәрінен Хабардар

[35] Ақиқатында Мұсылман / бойсұнушы / ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін / иманды / ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді / сөзін амалымен растаушы / ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, / Аллаһқа / беріле бойсұнушы ерлер және / Аллаһқа / беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін / еркектік пәктігін / қорғаушы ерлер және / әйелдік пәктігін / қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және / Аллаһты көп / еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый / жәннатты / дайындады

[36] Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім етсе, ешбір иманды ер мен иманды әйелге ол істі өз білгеніне, таңдауға салуына болмайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнбаса, онда анық адасуға түсті

[37] Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтан», - дедің. Аллаһ саған / уахи етіп / анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың / дұрыс түсінбеуінен / қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген / онымен айрылысқан / кезде, Біз сені оған / Зәйнабқа / үйлендірдік. / бұл / имандыларға / мүміндерге / , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған / айрылысқан / кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады

[38] Пайғамбарға Аллаһтың оған міндеттеген нәрсесінде еш айып жоқ. Бұл Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты жолы. Әрі Аллаһтың әмірі - алдын ала белгіленген бір шешім

[39] Олар / пайғамбарлар / Аллаһтың жібергенін жеткізетіндер әрі Аллаһтан ғана қорқып, Одан басқа ешкімнен қорықпайтындар. Ал, Аллаһ есеп жүргізуде жеткілікті

[40] Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Аллаһтың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

[41] Ей, иманға келгендер! Аллаһты жиі-жиі, көп еске алыңдар

[42] әрі таңертең және кешке Оны дәріптеңдер

[43] Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін сендерге мейірім етеді, әрі Оның періштелері де / сендерге салауат айтады / . Ол имандыларға ерекше Мейірімді

[44] Олардың Онымен / Аллаһпен / жолығатын күнгі амандасулары: «Сәлам / Амандық болсын / !» - / сөзі / . Ол оларға көркем, мол сый дайындаған

[45] Ей, Пайғамбар! Біз сені куә, қуандырушы және ескертуші етіп жібердік

[46] Әрі Аллаһтың рұқсатымен Оған шақырушы және нұрлы / жарық түсіруші / шырақ етіп / жібердік

[47] Имандыларды / мүміндерді / олар үшін Аллаһтан үлкен кеңшілік бар екендігімен сүйіншіле

[48] Кәпірлерге және мұнафиқтарға бағынба және олардың тигізген зәбірлерін елеме, әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр / тәуекел ет / . Аллаһ - сенім артылушы, қорғаушы / Уакил / ретінде жеткілікті

[49] Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда / күту мерзімі / жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер

[50] Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға / мәһрсіз / тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе / рұқсат еттік / . Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға / иманға келгендерге / әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін / рұқсат етілді / . Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[51] Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші / ’Алим / , аса Ұстамды, Жұмсақ / Халим

[52] Бұдан кейін саған басқа әйелдерге / үйлену / және сұлулықтары таң қалдырса да оларды жұбайларыңның бірімен ауыстыруға / біріне талақ беріп, орнына басқасын алуға / рұқсат жоқ. Бірақ қол астыңдағы күңдерің бұдан тыс. Аллаһ - барлық нәрсені Бақылаушы

[53] Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ / тамақтың / дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан / оны түсіндіруден / ұялмайды. Егер олардан / әйелдерінен / бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы - сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен / күнә

[54] Егер бір нәрсені әшкере етсеңдер де немесе оны жасырсаңдар да, әлбетте Аллаһ барлық нәрсені Білуші

[55] Оларға / пайғамбардың әйелдеріне / әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында / жамылғысыз / жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! / Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә

[56] Аллаһ Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер

[57] Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі

[58] Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық күнәні арқалайды

[59] Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[60] Егер мұнафиқтар әрі жүректерінде ауруы барлар және Мединада өсек тарататын арандатушылар тыйылмаса, сені оларға қарсы шығарамыз. Сонда олар онда / Мединада / сенімен бірге тек .аз-ақ уақыт тұрады

[61] қарғысқа ұшыраған түрде. Олар / сонда / қай жерде табылмасын, ұсталып, өлімге кесіліп өлтіріледі

[62] Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты үкімі / осы / . Аллаһтың / бекіткен / үкіміне еш өзгеріс таппайсың

[63] Ей, Мұхаммед! / Адамдар сенен Сағат / Есеп күні / туралы сұрайды. Айт: «Оның білімі Аллаһта», - деп. Қайдан білесің, мүмкін Сағат жақын шығар

[64] Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді лағнеттеді / мейірімінен алыстатты / және Саъирды (жалындаған от) әзірледі

[65] олар онда мәңгі қалады да, не қорғаушы, не көмек беруші таппайды

[66] Сол күні беттері от ішінде аударылғанда олар: «Әттең, егер біз Аллаһқа бойсұнсақ және Елшіге бағынсақ еді!» - дейді

[67] олар: «Раббымыз! Біз басшыларымыз бен үлкендерімізге бағынған едік, олар бізді жолдан адастырды

[68] Раббымыз! Оларға азапты екі есе етіп бер және оларды үлкен лағнетке ұшырат», - дейді

[69] Ей, иманға келгендер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Аллаһ оны олардың айтқандарына / жалаларына / қатысы жоқ екенін көрсетті. Ол Аллаһтың алдында қадірлі еді

[70] Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және тура сөз сөйлеңдер

[71] Сонда / Ол амалдарыңды оңғарады әрі күнәларыңды кешіреді. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, сол ұлы жетістікке жетті

[72] Ақиқатында Біз аманатты аспандарға, жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны міндетіне алудан бас тартты және одан / оны орындай алмауынан / қорықты. Ал оны адам арқалады / өз міндетіне алды / ,- өйткені ол әділетсіз, надан / жауапкерсіз

[73] Осылай болуы! Аллаһтың мұнафиқ ерлерді және мұнафиқ әйелдерді әрі Аллаһқа серік қосушы ерлерді және серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін, ал иманды ерлер және иманды әйелдердің істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі / үшін / . Әрі Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Сәбә

Surah 34

[1] Барлық мақтау аспандардағы және жердегі / барлық / нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де / ақиретте / барлық мақтау Оған. Олс аса Дана, бәрінен Хабардар

[2] Ол жерге кіретінді және одан шығатынды әрі аспаннан түсетінді әрі оған көтерілетінді де біледі. Әрі Олсерекше Мейірімді, өте Кешірімді

[3] Ал, сондай күпірлік етушілер / Қайта тірілуді мойындамайтындар / : «Бізге Сағат / Қайта тірілу / келмейді», деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені / ғайыпты / білуші Раббыммен ант етемін! Ол / Қайта тірілу күні / сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, / бәрі де / анық Кітапта / жазулы / ,- деп

[4] Бұл / иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйын беруі үшін. Міне, соларға кешірім әрі көркем, мол ризық бар

[5] Ал аят-белгілерімізді әлсіретуге ұмтылғандарға қинаушы азаптан қасірет бар

[6] Әрі өздеріне білім берілгендер Раббыңнан саған түсірілгеннің ақиқат екенін және бәрінен Үстем,аса Мақтаулының жолына бастайтынын көреді

[7] Ал күпірлік етушілер / Қайта тірілуді теріске шығаратындар / : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды / жаңадан қайта жаратылатындарыңды / хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе

[8] Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» - деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда

[9] Олар алдарындағы әрі арттарындағыны - аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда / Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар

[10] Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен / Дәуітпен / бірге жаңғырық беріп / Аллаһты дәріптеуін / қайталаңдар. Ей, құстар / сендер де / қайталаңдар» - дедік. Әрі оған темірді жұмсартып

[11] «Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін / шығыршықтарын / мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік

[12] Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді / бағындырдық / . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз

[13] Олар оған, ол қалаған құрылыстарды / сарайлар мен мешіттерді /, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. / Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші / берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші

[14] Біз оған / Сүлейменге / өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен / құрттан / басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар - егер өздері құпияны / ғайыпты / білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді

[15] Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі / нышан / - оң жақ және сол жақтарында / орналасқан / екі бағы - бар еді. / Оларға / : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», - / делінген еді

[16] Алайда олар / шүкірсіздік етіп, құлшылықтан / теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі аз ғана сидры / тікенекті ағашы / бар екі бақпен алмастырдық

[17] Біз оларды күпірлік еткендіктері / Аллаһтың игіліктерін мойындамағандары / үшін осылай жазаладық. Біз күпірлік етушілерден басқаны жазалаймыз ба

[18] Біз олармен Өзіміз берекелі еткен кенттердің арасында / жолай / көзге түсетін елді мекендер жасадық және олардың арасын өлшеулі еттік. / Оларға / : «Онда түндерде де, күндіз де қауіпсіз жүріңдер», - / дедік

[19] Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды / ел аузында қалған / аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер / үшін белгі-ғибраттар бар

[20] Сөйтіп, Ібілістің оларға қатысты болжамы шынға айналып, олардың бір топ имандыларынан / мүміндерінен / басқасы оған ерді

[21] Негізінде оның / Ібілістің / оларға ешқандай билігі жоқ еді. Бірақ, / бұл / соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндерді, оған күмәнда болғандардан айырып анықтауымыз үшін. Раббың әрбір нәрсені Сақтаушы

[22] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһпен қатар / құдай деп / есептегендеріңді шақырыңдар», деп. Олар аспандар мен жерде заттың ең кішкене бөлшегіңдей нәрсеге де не емес және олардың осы екеуіндегі / аспандар мен жердегі / ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Әрі олардың ішінен Оған көмек беруші де жоқ

[23] Әрі Оның алдында Өзі рұқсат бергеннен басқа ешкімге араша түсу / шапағат / пайда бермейді. Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде, / шапағат етілгендер!ш: «Раббың не айтты?» - дейді, олар / періштелер / : «Ақиқатты. Ол аса Жоғары, өте Үлкен », - дейді

[24] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспандар мен жерден кім ризық береді?» - деп. Айт: «Аллаһ»- деп, әрі: «Негізінде біз бен сендерден біріміз туралық үстіндеміз, / ал / біріміз анық адасудамыз», - де

[25] Айт: «Сендер біздің қылмысымыз жайлы сұралмайсыңдар әрі біз де сендердің істегендерің жайлы сұралмаймыз»,- деп

[26] Айт: «Раббымыз бізді / Қайта тірілу күні / бірге жинап, содан кейін арамызға ақиқат бойынша үкім етеді. Ол әділ үкім етуші, бәрін Білуші», - деп

[27] Айт: «Оған серік етіп қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Жоқ, мүмкін емес! Ол Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана», - деп

[28] Біз сені бүкіл адамзатқа қуанышты хабар жеткізуші және ескертіп сақтандырушы етіп жібердік. Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді

[29] Олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бүл уәделерің қашан / болады / ?» - дейді

[30] Айт: «Сендерге Күннің / Есеп күнінің / уәдесі бар, сендер оны бір сәтке де кешіктіре не ілгерілете алмайсыңдар»,- деп

[31] Әрі сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері / ерушілері / өздерін жоғары санағандарға / басшыларға / : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», - дейді

[32] Өздерін жоғары санағандар әлсіз саналғандарға: «Біз сендерге тура жол келгеннен кейін өздеріңді одан тостық па? Жоқ! Сендер өздерің қылмыскер болдыңдар», -дейді

[33] Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін / іштеріне / жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің / Аллаһқақарсы келушілердің / мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына / істемегендеріне / қайтарым жаза беріле ме

[34] Біз қайсыбір елді мекенге ескертуші жіберсек, оның сән-салтанат, рахатқа шалқығандары / дәулетке мастанғандары / : «Біз сен­дер арқылы жіберілгенге сенбейміз», - деді

[35] Әрі олар: «Біздің дүниелеріміз де, балаларымыз да көп, / сондықтан / біз азапқа тартылмаймыз», - деді

[36] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында Раббым қалағанының ризығын кеңітіп, қалағанының ризығын шектеп қояды. Бірақ адамдардың көбі білмейді»,- деп

[37] Сендердің дүниелерің де, балаларың да өздеріңді Бізге жақындатушы нәрсе бола алмайды. Тек кім иманға келген және ізгі амал істеген болса ғана, міне, соларға істеген амалдары үшін еселенген қайтарым сый бар әрі олар / Жәннаттағы / жоғарғы орындарда амандықта болады

[38] Ал, аят-белгілерімізді әлсірету үшін әрекет еткендер болса, азапқа тасталынады

[39] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының / ризығын / шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның / жұмсағандарыңның / орнын қайта толтырады. Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп

[40] Әрі сол / қайта тірілу / күні Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинайды да кейін періштелерге: «Сендерге табынған мыналар ма?» - дейді

[41] Періштелер / : «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», - дейді

[42] Ол күні сендер бір-бірлеріңе не пайда, не зиян келтіре алмайсыңдар. Біз әділетсіздерге: «Өздерің өтірік деп есептеген Оттың азабын татыңдар», - дейміз

[43] Ал оларға / мүшріктерге / анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», - деді. Әрі олар: «Бұл - бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», - деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер / сенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр ғана», - деді

[44] Біз оларға / араб мүшріктеріне / өздері оқып-үйренетін кітаптар бермедік әрі оларға сенен бұрын ескертуші де жібермедік

[45] Олардан бұрын өткендер де / елшілерді / жалғанға шығарды. Бұлар / Мекке мүшріктері / оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Ал олар сонда да елшілерімді жалғанға шығарды. Сонда Менің қаһарым / жазам / қалай болды

[46] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерге бір нәрсеге кеңес беремін. Аллаһтың алдында екі-екіден / бірлесіп / және бір-бірден / жеке / тұрып, содан кейін ойланыңдар. Сендердің жолдастарыңа жын тиген жоқ. Ол - бар болғаны, келетін қатты азаптың алдында сендерге ескерту жасаушы ғана»,- деп

[47] Айт: «Мен сендерден бір ақы сұрамаймын, ол / ақы / өздеріңе. Менің сыйым тек Аллаһта. Ол - барлық нәрсеге Куә»,- деп

[48] Айт: «Анығында, Раббым ақиқатты түсіреді. Ол - жасырын нәрселерді / ғайыптарды / Білуші», - де

[49] Айт: «Ақиқат келді, енді өтірік / оны / шығара алмайды және қайтара да алмайды»,- деп

[50] Айт: «Егер мен адассам, оз зияныма ғана адасамын. Ал егер тура жолмен жүрсем, ол тек Раббымныңмаған уахи етуімен. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, өте Жақын »,- деп

[51] Әрі сен олардың қатты үрейленіп, қашуға мүмкіндік болмай әрі жақын бір жерден ұсталғанын көрсең

[52] Сонда олар: «Оған сендік», - дейді. Алайда, енді алыс орыннан олар қайдан жетсін

[53] Әрі олар оған бұрын күпірлік еткен / сенбеген / еді және / ақиқаттан / алыс тұрып құпия жайлы жорамалдап, айыптады

[54] Олар мен олардың қалаған нәрселерінің / иманға, тәубеге келудің / арасына бөгет қойылады. Дәл өздері секілділерге бұрын жасалғаны сияқты. Негізінде, олар шиеленген күмәнда еді

Фатыр

Surah 35

[1] Барлық мақтау аспандарды және жерді жоқтан бар етіп жаратқан, екі, үш және төрт қанаттары бар періштелерді елшілер еткен Аллаһқа. Ол жаратқандарында Өзі қалағанын арттырады. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы

[2] Аллаһтың адамдарға Өз игілігінен ашқанын / нәсіп еткенін / тосып қалушы жоқ. Ал Оның тосқанын Одан кейін жіберуші жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана

[3] Ей, адамдар! Аллаһтың сендерге берген игілігін естеріңе алыңдар. Аллаһтан басқа аспан мен жерден сендерге ризық беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бұрылып барасыңдар

[4] Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса, негізінде сенен бұрынғы елшілер де өтірікші саналған. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады

[5] Ей, адамдар! Әлбетте Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше сендерді мына дүние тіршілігі азғырып, алдап қоймасын. Әрі азғырып, алдаушы / шайтан / да сендерді Аллаһ жайында алдап қоймасын

[6] Ақиқатында, шайтан сендерге жау, сондықтан оны жау тұтыңдар. Ол өз тобын / оған ерушілерді / Саъирға кіргізілетіндер қатарында болуға шақырады

[7] Сондай күпірлік етушілерге / иманды теріске шығарушыларға / қатты азап бар. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім әрі үлкен сый бар

[8] Жаман істері әдемі етіп көрсетіліп, оны жақсы деп білген біреу ше? Анығында Аллаһ қалағанын адастырады әрі қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ендеше олар үшін жаныңды қинап күйінбе. Ақиқатында Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші

[9] Әрі Аллаһ сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды қозғалысқа салады. Сөйтіп Біз оны тіршіліксіз өлкеге айдап барып, онымен ол жерді өлгеннен / тіршіліксіз қалғаннан / кейін қайта тірілтеміз. Кайта тірілту де осылай болады

[10] Кім үстемдікті қаласа, үстемдік толығымен Аллаһта. жақсы сөз Оған қарай шығады, ал ізгі амал оны / аса ұлы Аллаһқақарай / көтереді. Айла-шарғы арқылы жамандықтар жасайтындарға қатты азап бар. Әрі олардың айла-шарғылары босқа кетеді

[11] Аллаһ сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді . / әйел, еркек етіп / жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның білімі бойынша / белгілеген заңдылығы, тағдыр етуімен / ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл

[12] Екі теңіз бірдей емес. Мынау - тұщы, дәмді, ішуге жағымды. Ал анау - тұзды, ащы. Сендер әрқайсысынан жас ет жейсіңдер және өздерің тағып алатын сәндік әшекейлер шығарасыңдар. Оның кеңшілігін іздеулерің әрі шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін онда / теңізде / жүзіп бара жатқан кемелерді көресің

[13] Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді және күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты етті. / Олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Міне, / осының бәрін жасаған / сендердің Раббың - Аллаһ. Билік - Онікі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрмадәнініңжұқа қабығына да иелік ете алмайды

[14] Егер оларды / қосқан серіктеріңді / шақырсаңдар / сұрап, тілесеңдер / , шақырғандарыңды / тілектеріңді / естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. / Ей, Мұхаммед! / Саған ешкім де бәрінен Хабардар секілді хабарлай алмайды

[15] Ей, адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Ал, Аллаһ мұқтажсыз, бәрінен Бай, аса Мақтаулы

[16] Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, жаңа жаратылысты әкеледі

[17] Бұл Аллаһ үшін қиын емес

[18] Бір де біреу / қиямет күні / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Егер көтергені / күнәсі / ауыр болған біреу, өз жүгін көтерісуге шақырса, жақыны болса да ешкім оның жүгінен бірер нәрсені де көтеріспейді. / Ей, Мұхаммед! / Негізінде, сен Раббысын көрмей тұрып Одан қорқатындарды және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындағандарды ғана ескерте аласың. Ал, кім тазарса, өзі үшін тазарады. Әрі қайту - Аллаһқа

[19] Соқыр мен көруші тең емес

[20] әрі қараңғылықтар мен жарық

[21] және көлеңке мен күннің ыстығы да

[22] Сондай-ақ, өлілер мен тірілер де тең емес. Күмәнсіз, Аллаһ қалағанына естіртеді. / Ей, Мұхаммед! / Ал, сен қабірдегілерге естірте алмайсың

[23] Сен тек ескертуші ғанасың

[24] Біз сені, қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп ақиқатпен жібердік. Өздеріне ескертуші / пайғамбар / келмеген бір де бір ел болмаған

[25] Егер олар сені өтірікші санаса, олардан бұрынғылар да / елшілерді / өтірікші санаған. Елшілері оларға анық дәлелдер, жазбалар және жарық беруші кітаппен келген еді

[26] Содан кейін Мен күпірлік еткендерді / елшілерді мойындамағандарды / ұстадым. Менің жазалауым қалай екен

[27] Аллаһтың аспаннан су түсіргенін көрмедің бе? Біз онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Әрі тауларда да түстері әртүрлі жолақтар бар - ақ, қызыл және өте қарасы

[28] Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Кешірімді

[29] Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын және Біз ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсайтындар ұтылмайтын / зиянға ұшырамайтын / сауданы үміт етеді

[30] Ол / Аллаһ / оларға сыйларын толық береді әрі Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, қайтарым сыйын Беруші

[31] Ей, Мұхаммед! / Біз саған уахи еткен Кітап / Құран / - ақиқат, өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы. Шын мәнінде, Аллаһ құлдарынан толық Хабардар, бәрін көріп тұрушы

[32] Кейін Біз Кітапты құлдарымыздан таңдап алғандарымызға / Мұхаммед үмметіне / мирас еттік. Олардың ішінде өздеріне-өздері әділетсіздік етушілер бар, олардың ішінде орташалары бар және олардың ішінде Аллаһтың қалауы бойынша жақсылықтарда озық болушылар бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік

[33] Олар ’Адн жәннаттарына кіреді, онда алтын білезіктер және інжулермен безенеді. Әрі ондағы киімдері жібектен болады

[34] Әрі олар: «Бізден қайғыны кетірген Аллаһқа мақтау болсын! Ақиқатында Раббымыз аса Кешірімді, қайтарым сыйын беруші

[35] Ол бізді Өз кеңшілігімен / мәңгілік / тұрақты орынға жайластырды, ол жерде бізге шаршау әрі ол жерде бізге қажу да болмайды», - дейді

[36] Ал, сондай күпірлік етушілер / Раббысымен кездесуге сенбегендер / ° үшін Жаһаннам оты бар. Оларға / онда / өлім шешімі шығарылмайды да әрі олардан оның азабы жеңілдетілмейді. Біз әрбір күпірлік етушінің / имансыздықтақасарысқандардың / қайтарым жазасын осылай береміз

[37] Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. / Сонда Оларға / : «Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді / азапты / татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», - делінеді

[38] Ақиқатында, Аллаһ аспандардағы және жердегі ғайыпты / жасырын нәрселерді / Білуші. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[39] Ол сондай, сендерді жерде халифалар / орнын басушылар / етті. Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / өзінің зиянына. Кәпірлерге олардың күпірліктері / имансыздықтары / Раббысының алдында жек көрушіліктен басқаны арттырмайды. Әрі кәпірлерге күпірліктері тек зиянды ғана арттырады

[40] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» - деп. Әлде олардың аспандарда / оларды жаратуда / үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді

[41] Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұра­ды. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды / Аллаһтан / кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді

[42] Әрі олар, егер өздеріне бір ескертуші келсе, онда / пайғамбар жіберілген / барлық үмметтерге қарағанда тура жолда болатындарына, анттарының ең ұлысымен - Аллаһпен ант ішкен еді. Ал, өздеріне ескертуші келген кезде, бұл олардың жиренулерін ғана арттырды

[43] жер бетінде тәкәппарланып, өздерін жоғары санауы және айла-шарғы арқылы жамандық ойластыруын. Алайда, айла-шарғы арқылы ойластырылған жамандықтар тек өз иелерін орап алады. Олар сонда бұрынғыларға болғаннан басқа нәрсені күте ме? Аллаһтың жолында / үкімінде / өзгеріс таппайсың. Әрі Аллаһтың жолында / үкімінде / ауытқу таппайсың

[44] Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы

[45] Егер де Аллаһ адамдарды істегендері / күнәлары / үшін жазалайтын болса, онда оның / жердің / бетінде ешбір жаны барды қалдырмас еді. Бірақ, Ол оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан олардың мерзімі келгенде / есепке тартылады / .Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші

Ясин

Surah 36

[1] Йа, Син

[2] Хикметті Құранмен ант етемін

[3] Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен елшілерденсің

[4] тура жолдағы

[5] Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені

[6] аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін

[7] Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді

[8] Біз олардың / кәпірлердің / мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады

[9] Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді

[10] Ей, Мұхаммед! / Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді

[11] Негізінде, сен Ескертуге / Құранға / ерген және әр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле

[12] Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / Ш есептеп қойдық

[13] Ей, Мұхаммед! / Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді

[14] Біз оларға / елшінің / екеуін жібергенімізде, олар / кент халқы / екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз / ол екеуін / үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз - сендерге жіберілген елшілерміз», - деді

[15] Кент халқы / : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман / аса Қайырымды / ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», - деді

[16] Елшілер / : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз

[17] Әрі Бізге жүктелгені анық - түрде жеткізу ғана»,-деді

[18] Кент халқы / : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», - деді

[19] Елшілер / : «Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма / ескертсе де ме / ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді

[20] Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер

[21] Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер

[22] Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға / Аллаһқа / қалайша құлшылық етпеймін

[23] Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман / аса Қайырымды / маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері / шапағаты / маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды

[24] Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын

[25] Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді

[26] Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді

[27] Раббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», - деді

[28] Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз

[29] Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті

[30] Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар

[31] Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін

[32] Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады

[33] Әрі тіршіліксіз / өлі / жер - олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып / тіршілік бітіріп / , одан олар азық ететін дән шығардық

[34] Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық

[35] оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме

[36] Жердің өсірген нәрселерін, олардың / адамдардың / өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол / Аллаһ / / барлық кемшіліктен / пәк

[37] Әрі олар үшін түн - бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады

[38] Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі / тағдыр еткені

[39] Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық

[40] Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында / кеңістіктегі белгіленген айналу жолында / жүзеді

[41] Әрі олардың / адамдардың / ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз - олар үшін бір белгі

[42] Біз олар үшін соған / кемеге / ұқсастан өздері мінетін нәрселерді / түрлі көлік түрлерін / жаратып бердік

[43] Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды

[44] тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса

[45] Қашан оларға / имансыздарға / : «Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», - деп айтылса

[46] әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды

[47] Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер / Аллаһқа шүкірсіздікетушілер / иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», - деді

[48] Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» - дейді

[49] Олар / дүние істерімен / таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді

[50] Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды

[51] Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден / шығып / , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді

[52] Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» - дейді. / Оларға / : «Бүл әр-Рахманның / аса Қайырымдының / уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», - делінеді

[53] Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады

[54] Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі

[55] Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды

[56] Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады

[57] Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар

[58] Ерекше Мейірімді / әр-Рахим / Раббысынан оларға амандасу сөзі - «Сәләм!» болады

[59] Қиямет күні кәпірлерге / : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар

[60] Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба

[61] Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол - осы», - деп

[62] Ол сендерден көптеген топтарды / адамдарды, халықтарды үмметтерді / адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма

[63] Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне - осы

[64] Күпірлік еткендерің / имансыздықтарың / үшін бүгін онда жаныңдар

[65] Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері / күнәлары / туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді

[66] Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар / жолды / қалай көреді

[67] Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін / басқа түрге / тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді

[68] Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме

[69] Біз оған / елшіге / өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол - тек еске салу әрі анық Кітап

[70] оның / Құранның / тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін

[71] Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді

[72] Сондай-ақ Біз оны / малдарды / оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді

[73] және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе / сүт / бар. Олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме

[74] Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды

[75] Өздері олар / жасанды құдайлары / үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз

[76] Ей, Мұхаммед! / Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз

[77] Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан / ұрық суынан / жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы

[78] Әрі ол өзінің жаратылысын / қалай жаратылғанын / ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деді

[79] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп

[80] Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар

[81] Аспандарды және жерді жаратушы, олар / адамдар / секілдіні жарата алмай ма? Әрине, / жарата алады / , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші

[82] Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» - деу ғана. Сонда ол болады

[83] Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар

Саффат

Surah 37

[1] Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен

[2] және айдаған айдаушылармен

[3] және Еске салушыны / Құранды / оқитындармен

[4] Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид / Бір, жалғыз

[5] Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы

[6] Біз төменгі аспанды аспан денелерімен / жұлдыз, ғаламшарлармен / көріктендірдік

[7] және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық

[8] Олар жоғарыдағы топты тыңдай ал­майды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып

[9] қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар

[10] Ал, кім / тыңдап / іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі

[11] Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, олар­ды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық

[12] Негізінде, сен таңғалдың, ал олар / айтқандарыңды / келеке етеді

[13] Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды

[14] ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді

[15] Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана

[16] Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе

[17] Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» - дейді

[18] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», - деп

[19] Шын мәнінде, ол - бір дыбыс қана. Сонда олар / қайта тіріліп / қарап тұрады

[20] Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл - Есеп күні»,- дейді

[21] Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні - осы», - делінеді

[22] Аса ұлы Аллаһ періштелерге / °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар

[23] Аллаһтан өзге / жалған құдайларын / . Сөйтіп оларды Жахимның / тозақтың / жолына салыңдар

[24] Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады

[25] Оларға / : «Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» - делінеді

[26] Әрине, олар бүгін бойсұнушы

[27] Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды

[28] Ерушілер / : «Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді

[29] Бастаушылары / : «Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер

[30] Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер

[31] Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, / жазаны / татамыз

[32] Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», - дейді

[33] Әрі сол күні олар азапта бірге болады

[34] Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз

[35] Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», - деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын

[36] әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін

[37] Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және / алдыңғы / елшілердің хақтығын растады

[38] Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар

[39] Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі

[40] Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа

[41] Міне, соларға белгілі ризық бар

[42] сан түрлі / жемістер, әрі олар құрметке бөленеді

[43] Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында

[44] көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады

[45] Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді

[46] аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты

[47] Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды

[48] Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен / қыздар / бар

[49] Әрі олар бейне бір / аялап / қорғалған жұмыртқадай

[50] Олар / жәннаттықтар / бір-біріне қарап сұрасады

[51] Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді

[52] Ол маған: «Сен / қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе

[53] Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» - дейтін

[54] Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- / деп жанындағылардан сұрайды

[55] Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді

[56] Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың

[57] Раббымның игілігі болмағанда, мен / тозаққа / келтірілгендерден болар едім», -дейді

[58] Жәннаттықтар / : «Біз өлмейміз бе

[59] дүниедегі / бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» - дейді

[60] Шын мәнінде, бұл - ұлы табыс / жетістік, игілік

[61] Амал етушілер, міне, осы секілді / ұлы игілік / үшін амал етсін

[62] Сый-сияпат ретінде осы / Жәннат / жақсы ма, әлде / тозақтағы / заққұм ағашы ма

[63] Анығында, Біз оны / заққұмды / әділетсіздер үшін сынақ еттік

[64] Ол - Жахим / тозағының / түбінен өсетін бір ағаш

[65] Оның жемістері шайтандардың бастары секілді / өте ұсқынсыз

[66] Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады

[67] Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі

[68] Кейін олардың / әділетсіздердің / қайтар жерлері - Жахим

[69] Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты

[70] әрі өздері де олардың / аталарының / іздерінен асығыс жүгіруде

[71] Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді

[72] Біз оларға ескертетін ескертушілерді / пайғамбарлар / жібердік

[73] Ей, Мұхаммед! / Ал, енді ескертілгендердің соңы / қалай / болғанына назар сал

[74] тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының

[75] Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз

[76] Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық

[77] Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік / қалдырдық

[78] Ол жайлы кейінгілердің арасында / ізгі сөз / қалдырдық

[79] Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем

[80] Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз

[81] Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан

[82] Кейін басқаларды суға батырдық

[83] Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді

[84] Ол Раббысына сау жүрекпен келді

[85] Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар

[86] Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма

[87] Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» - деді

[88] Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да

[89] «Мен ауырып тұрмын», - деді

[90] Сонда олар одан бұрылып кетті

[91] Ал, ол олардың құдайларына / пұттарына / жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме

[92] Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» - деді

[93] Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті

[94] Сонда олар / қауымы / оған асығып келді

[95] Ол / Ибраһим / : «Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма

[96] Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», - деді

[97] Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», - деді

[98] Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік

[99] Оттан аман шыққан соң Ибраһим / : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді

[100] Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», - деді

[101] Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік

[102] Ол / ұлы / оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені / құрбандыққа / шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» - деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», - деді

[103] Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде

[104] Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим

[105] Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз

[106] Ақиқатында, бұл - анық сынақ

[107] Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік

[108] Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы / игі дұға-салауат / қалдырдық

[109] Ибраһимге сәлем / амандық / болсын

[110] Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз

[111] Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан

[112] Әрі Біз оны Исхақпен - ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік

[113] Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар

[114] Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық

[115] Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық

[116] және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті

[117] Әрі Біз екеуіне анық Кітапты / Тәуратты / бердік

[118] және екеуін тура жолмен жүргіздік

[119] Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық

[120] Мұса мен Һарұнға сәлем / амандық

[121] Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз

[122] Күмәнсіз, ол екеуі - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан

[123] Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден

[124] Кезінде ол еліне: « / Аллаһтан / қорқып, сақтанбайсыңдар ма

[125] Сендер Бәълға / пұтқа / жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма

[126] өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» - деді

[127] Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде / тозаққа / келтіріледі

[128] тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары

[129] Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық

[130] Ілиясинге сәлем

[131] Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз

[132] Шын мәнінде, ол Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан

[133] Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден

[134] Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық

[135] тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа

[136] Содан кейін басқаларын жойып жібердік

[137] Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер

[138] және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма

[139] Йунус та жіберілгендерден

[140] Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді

[141] Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды

[142] Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты

[143] Егер де ол / Аллаһты кемшіліктен / пәк деп дәріптеушілерден болмағанда

[144] оның / киттің / ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді

[145] Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді

[146] Әрі Біз оның үстіне / оған / иақтийн өсімдігін өсірдік

[147] Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік

[148] Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық

[149] Олардан / мүшріктерден / сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма

[150] Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны / көріп / куә болды ма

[151] Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады

[152] «Аллаһ туды», - деп. Олар - сөзсіз, өтірік айтушылар

[153] Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма

[154] Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар

[155] Естеріңе түсірмейсіңдер ме

[156] Әлде сендерде анық дәлел бар ма

[157] Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер

[158] Олар / серік қосушылар / Онымен / Аллаһпен / жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің / есеп беруге / келтірілетінін білді

[159] Аллаһ - олардың таңған сипаттарынан / жапқан жалаларынан / пәк

[160] тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа / ондайдан аулақ

[161] Ал, сендер және сендердің табынғандарың

[162] Оған / Аллаһқа / қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар

[163] тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана / бүлікке түсіре аласыңдар

[164] Періштелер / : «Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ

[165] Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз

[166] Әрі біз - / Аллаһты кемшіліктерден / пәк деп дәріптеушіміз», - дейді

[167] Ал, олар / Мекке мүшріктері / кезінде

[168] «Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда

[169] онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», - деп айтатын еді

[170] Алайда, олар оған / Елшіге / күпірлік етті / сенбеді / . Енді олар жақын арада біледі

[171] Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған

[172] Оларға сөзсіз көмек берілетіні

[173] және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы

[174] Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр

[175] әрі Оларға қара, жақында олар / азапты / көреді

[176] Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме

[177] Ал, ол / азап / олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады

[178] Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр

[179] және қара, жақында олар / азапты / көреді

[180] Сенің Раббың - үстемдік Раббысы / Иесі / олардың сипаттағандарынан пәк

[181] Әрі елшілерге сәлем / амандық

[182] Барлық мақтау - Әлемдердің Раббысы Аллаһқа

Сад

Surah 38

[1] Сад. Еске салуды қамтыған Құранмен ант етемін

[2] Ал, сондай күпірлік етушілер / бас тартушылар / тәкаппарлық пен қарсылықта

[3] Біз олардан бұрын қаншама ұрпақтарды жойдық. Сонда олар жалбарынды, бірақ құтылуға кеш болған еді

[4] Әрі олар ескертушінің өз араларынан келгеніне таң қалды және кәпірлер: «Бұл сиқыршы, өтірікші

[5] Ол құдайларды бір ғана құдай етті ме? Шынында, бұл таң қаларлық нәрсе екен!» - деді

[6] Олардың араларындағы беделділері шығып бара жатып: «Жүре беріңдер және құдайларыңа сабыр етіңдер. Негізінде, бұл арнайы істелген нәрсе

[7] Біз соңғы дінде мұндай туралы естімедік. Бұл - ойдан шығарылған өтіріктен басқа нәрсе емес

[8] Ескерту біздердің ішімізден осыған түсірілді ме?» - деді. Жоқ, олай емес! Олар Менің Ескертуімнен / Құраннан / күмәндануда. Иә, солай! Олар әлі азапты татпады

[9] Ей, Мұхаммед!! әлде оларда әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Уаһһаб / сый Беруші / Раббыңның мейірімінің қазыналары бар ма

[10] Әлде аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың билігі соларда ма? Олай болса / қолынан келсе / олар жолын тауып / аспанға / көтерілсін

[11] Қай әскері болмасын, алдыңғы топтар сияқты жеңіліске ұшырайды

[12] Бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад елі және қазықтардың / үлкен әскердің / иесі Фиръаун да / елшілерді / өтірікке шығарды

[13] Әрі сәмұдтықтар да, Лұттың елі және Әйке тұрғындары да. Міне, осылар - / ұқсас / топтар

[14] Елшілерді өтірікшіге шығарғандары үшін олардың әрқайсысына Менің жазам тиісті болды

[15] Олар одан кейін қайта оралу болмайтын, бір ғана сайхадан басқаны күтпейді

[16] Әрі олар: «Ей, Раббымыз! Бізге тиісті үлесімізді / азабымызды / Есеп күнінен бұрын бізге тездет», - дейді / келеке етіп

[17] Ей, Мұхаммед / / Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді

[18] Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен / Дәуітпен / бірге Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық

[19] Әрі топталған түрде құстарды да. Барлығы да Оған / Аллаһқа / бойсұнушы

[20] Біз оның патшалығын қуаттап бекіттік әрі оған даналық пен тура / шешімді / сөз бердік

[21] Ей, Мұхаммед! / Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа / құлшылық ететін орынға / дуалдан асып келген еді

[22] Олар Дәуіттің алдына кірген кезде, ол олардан қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! Біз бір-бірімізге әділетсіздік еткен екі тартысушымыз. Біздің арамызға ақиқатпен үкім шығар да әділетсіздік етпе. Әрі бізге дұрыс жолды көрсет

[23] Бұл - менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол: «Оны менің қарамағыма бер»,- деп, сөзбен менен үстем түсті», - деді

[24] Ол: «Ол сенің саулығыңды өз саулықтарына / қосып алу үшін / сұрап, саған әділетсіздік еткен екен. Негізінде, жақын араласушылардың көпшілігі бір-біріне әділетсіздік етеді. Тек иманға келген және ізгі амал жасағандар ғана ондай емес. Ал, олар аз», - деді. Сонда, Дәуіт Біздің оны сынағанымызды анық түсінді де Раббысынан кешірім тіледі және иіліп / сәждеге / жығылды әрі Раббысына бойсұна жүгінді / тәубе етті

[25] Біз оған мұны кешірдік. Ақиқатында ол үшін Біздің алдымызда жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар

[26] Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз сені жер бетінде халифа еттік. Адамдардың арасында ақиқатпен шешім шығар да көңілқұмарлығына еруші болма. Онда ол / еру / сені Аллаһтың жолынан адастырады / ауытқытып, шығарады / . Ақиқатында, Есеп күнін ұмытқаны үшін Аллаһтың жолынан адасқандарға қатты азап бар

[27] Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл - сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / Оттан үлкен қасірет бар

[28] Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / күнәһарлармен бірдей етеміз бе

[29] Ей, Мұхаммед! / Біз саған түсірген Кітап - берекелі. / Адамдар / оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін / түсірдік

[30] Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. / Сүлеймен / қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы

[31] Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған / тұяғымен жер тарпыған / жүйрік сәйгүліктер көрсетілді

[32] Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол / күн / тосық артына жасырынғанша / күн батқанша / , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын

[33] Оларды маған қайтарыңдар!» - деді. Сөйтіп ол / аттардың! аяқтары мен мойындарын сипай бастады

[34] Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол / Раббысына / беріле, бойсұна жүгінді / тәубе етті

[35] Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді

[36] Біз оған, оның әмірімен қалаған жеріне жеңіл есетін желді бағындырдық

[37] Әрі оған әрбірқұрылысшы және сүңгуші шайтандарды

[38] және кісендермен байланған басқаларын да / бағындырдық

[39] Міне, осы - Біздің сыйымыз. Игілік ет не өзіңде ұста, ол үшін есепке тартылмайсың

[40] Ақиқатында, оған Бізде - жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар

[41] Ей, Мұхаммед! / Құлымыз Айюбты есіңе ал. Ол Раббысына жалбарына: «Маған шайтаннан бір қиыншылық пен бейнет тиді!» - деп үн қатты

[42] Оған / : «Аяғыңмен / жерге / теп. Бұл жуынатын және ішетін салқын / су / »,- дедік

[43] Бізден бір мейірім әрі ақыл иелері үшін еске салу ретінде оған үй ішін және олармен бірге тағы соншасын сыйладық

[44] Әрі оған / : «Қолыңа бір тұтам сабан алып, сонымен / әйеліңді / ұр және берген антыңды бұзба», - дедік. Ақиқатында оны сабырлы түрде таптық. Ол қандай жақсы құл! Ол әрдайым Оған қайтушы

[45] Ей, Мұхаммед! / Қолдар және көздер иелері болған құлдарымызИбраһимді, Исхақты және Йаъқубты есіңе ал

[46] Ақиқатында, Біз оларды / мәңгілік / мекенді / ақиретті / еске алумен тазарттық

[47] Олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсылардан

[48] Исмаъилды, Әлиясағты және Зулкифлді есіңе ал. Барлығы ең жақсылардан

[49] Ей, Мұхаммед! / Бүл еске салу / ескерту / . Ақиқатында тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / қайтар мекеннің көркемі

[50] олар үшін қақпалары ашылып тұратын, ’Адн жәннатының бақтары бар

[51] Олар ол жерде сүйеніп отырып, коп жемістер мен сусындар алдырады

[52] Әрі олардың жанында көздерін / сақтап / өзгелерге салмайтын, өздерімен құрдас қыздар бар

[53] Бұл сендерге Есеп күні үшін уәде етілген нәрсе

[54] Ақиқатында, бұл ризық - Біздікі. Ол ешқашан таусылмайды

[55] Міне, солай. Ал анығында, бойсұнбағандарға, қайтар мекеннің ең жаманы

[56] Жаһаннам (Тозақ) болады. Олар онда күйіп-жанады. Ол - өте жаман мекен

[57] Бұл - қайнап тұрған су және ірің. Енді олар оны татсын

[58] Әрі / жазаның / осы секілді басқа да түрлері бар

[59] Тозақ періштелері / : «Мына топ сендермен бірге кіреді», - дейді. / Тозақтықтар / : «Оларға кеңшілік болмасын! Шын мәнінде олар Отта жанады», - дейді

[60] Тозаққа кейін кіргендер / : «Жоқ! Өздеріңе кеңшілік болмасын! Сендер оны / тозақты / бізге жақындаттыңдар. Ол өте жаман орын!» - дейді

[61] Олар: «Раббымыз! Бізге оны жақындатқанғаОттағы азабын екі есе арттыр», - дейді

[62] Әрі: «Бізге не болды? Біз өзіміз нашар кісілер деп есептегендерімізді / бұл жерде / неге көрмей тұрмыз

[63] Біз оларды келеке етпедік пе? Әлде көзіміз олардан ауытқып, көрмей тұр ма?» - дейді

[64] Ақиқатында, осы - Отты / тозақты / мекен еткендердің тартысуы - шындық

[65] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен - тек ескертушімін. Әрі Жалғыз, бәрін сөзсіз Бағындырушы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ

[66] Ол - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы, бәрінен Үстем, көп Кешіруші», - деп

[67] Ей, Мұхаммед! / Айт: «бұл / Құран / ұлы хабар

[68] Сендер одан бет бұрудасыңдар

[69] Менде жоғарғы топтың әрі олардың тартысқандары туралы ешқандай білім болмады

[70] Маған тек өзімнің анық ескертуші екендігім ғана уахи етілуде», - деп

[71] Міне, кезінде Раббың періштелерге: «Мен лайдан адам жаратамын

[72] Оны / рет-ретімен / теңестіріп Өзімдегі / иелігіміздегі / рухты оның ішіне үрлеген кезде, оған сәжде етіп жығылыңдар», - деді

[73] Сонда періштелердің барлығы, түгелімен сәжде жасады

[74] Ал, Ібіліс өзін жоғары санап, менменсіп, сәжде етуден бас тартты. Сөйтіп, кәпірлерден болды

[75] л / Аллаһ / :«Ей, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәждеетуіңнен сені не тосты? Сен өзіңді жоғары санадың ба, әлде биік мәртебелілерден болдың ба?» - деді

[76] Ібіліс / : «Мен одан абзалмын. Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», -деді

[77] Ол / Аллаһ / : «Ол жақтан шық, сөзсіз сен қуылғансың

[78] Әрі Менің лағнетім саған Қайтарым / қиямет / күніне дейін болады», - деді

[79] Ібіліс / : «Раббым! Маған олар қайта тірілтілетін күнге дейін уақыт бер», - деді

[80] Ол / Аллаһ / : «Негізінде сен уақыт берілгендерденсің

[81] белгілі мерзімдегі күнге дейін»,- деді

[82] Ібіліс / : «Сенің үстемдігіңмен ант етемін, мен олардың барлығын адастырамын

[83] тек олардың ішіндегі тазартылған құлдарыңды ғана / азғыра алмаймын / », -деді

[84] Ол / Аллаһ / айтты: «Бұл - ақиқат! Мен ақиқатты ғана айтамын

[85] Міндетті түрде Жаһаннамды (Тозақта) сенімен әрі олардың ішінен саған ергендердің барлығымен толтырамын», - деп

[86] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын әрі мен / бұған / өз ойымнан жалған қосушылардан / өзгертушілерден / емеспін

[87] Бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салу, / ескерту / ғана

[88] Сендер әлбетте оның хабарын бір уақыттан кейін білесіңдер», - деп

Зумәр

Surah 39

[1] Бұл Кітаптың / Құранның / түсірілуі, бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан

[2] Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде Біз, саған бұл Кітапты ақиқатпен түсірдік. Сондықтан дінді / бойсұну мен ғибадатты / кез келген қоспалардан / серік қосу, риядан / тазартып, Аллаһқа құлшылық ет

[3] Біліндер! Таза дін тек Аллаһтікі. Ал, Онымен қатар басқаны қамқоршы тұтқандар: «Біз бұларға, олардың бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана табынамыз», - дейді. Ақиқатында, Аллаһ олардың тартысқан мәселелеріне қатысты араларына үкім шығарады. Анығында, өтірікшіні, қасарысқан күпірлік етушіні / Аллаһтың аяттарын, белгі-дәлелдерін теріске шығарушыны / Аллаһ тура жолға салмайды

[4] Егер де Аллаһ бала алуды қалағанда, онда Өзі жаратқандарының ішінен қалағанын таңдап алар еді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол Аллаһ Жалғыз, бәрін Бағындырушы

[5] Ол аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ол түнмен күндізді орайды, ал күндізбен түнді орайды. Әрі Ол күн мен айды бағындырды. Әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Біліңдер! Ол бәрінен Үстем, көп Кешіруші

[6] Ол сендерді бір адамнан / Адам атадан / жаратты, кейін одан оның жұбын жасады. Әрі Ол сендерге малдардан сегізін жұбымен түсірді. Ол сендерді аналарыңның құрсағында үш қараңғылық ішінде бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратады. Міне, осы Аллаһ - сендердің Раббың. Билік - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бет бұрып бармақсыңдар

[7] Егер күпірлік етсеңдер / бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер / , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне / берілген игіліктерін мойындамауларына / риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер / , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші / күнә істеуші / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[8] Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, / Оны / көмекке шақырады. Содан кейін оған / зиянын кетіріп / Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын / жалбарынғанын / ұмытады әрі Аллаһтың жолынан / өзгелерді / адастыру үшін Оған теңдестер таңады. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен / қарсы келуіңмен / пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен - Отқа түсетіндерденсің»,- деп

[9] Әлде түннің бір уақыттарында сәжде ете әрі тік тұрып / намаз оқып / , ақиреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» - деп. Негізінде ақыл иелері ғана естеріне алады

[10] Айт! / Оларға Раббыңның / : «Ей, Менің иманға келген құлдарым! Өздеріңнің Раббыңнан / Оныңжазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / ! бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ал, Аллаһтың жері кең. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз», - дегенін

[11] Айт: «Маған дінді түрлі қоспалардан / серік қосудан, риядан / тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық ету бұйырылды

[12] Әрі маған мұсылмандардың / бойсұнушылардың / алды болуым бұйырылды», - деп

[13] Айт: «Егер Раббыма бойсұнбасам, ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп

[14] Айт: «Мен дінімді түрлі қоспалардан / серік қосудан, риядан / тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық етемін

[15] Ал, сендер Одан өзге қалағандарыңа табына беріңдер», - деп. Айт: «Шын мәнінде, зиян шегушілер - Қиямет күні өздеріне және үй іштеріне зиян шектіргендер. Біліңдер! Міне, осы - анық зиян

[16] Оларға төбелерінен оттан болған қалқа және астарынан да қалқалар болады», деп. Аллаһ Өзінің құлдарын осыменен қорқытады. Ей, құлдарым, Менен қорқып, сақтаныңдар

[17] Тағуттан - оған табынудан аулақ болған және Аллаһқа әрдайым қайтушыларға / тәубе еткендерге / қуанышты хабар бар. Құлдарыма қуанышты хабарды жеткіз

[18] сондай, сөздерді тыңдап, оның ең жақсысына / Құран мен сүннетке / еретін. Міне, осылар - Аллаһтың Өзі тура жолмен жүргізгендері. Әрі дәл осылар - ақыл иелері

[19] Ей, Мұхаммед / / Өздеріне азап сөзі міндетті болған біреуді - Оттағы біреуді сен құтқара аласың ба

[20] Бірақ, тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларға / биік жайлар бар, оның үстінен және биік жайлар тұрғызылған. Ал астынан өзендер ағып жатады. Аллаһтың уәде еткені осы. Аллаһ уәдені бұзбайды

[21] Ей, Мұхаммед / / Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, / ғибрат / бар

[22] Аллаһ көкірегін Исламға ашып, Раббысынан нұр үстінде болған біреу / жүректері қатқан біреулермен тең бе / ? Аллаһты еске алудан жүректері / жібімей / , қатып қалғандарға үлкен қасірет бар! Міне, солар анық адасуда

[23] Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған / мағынасы бір / әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл / Құран / - Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ

[24] Қиямет күні азаптың жамандығынан бетімен қорғанатын біреу қандай? Әділетсіздерге: «Істегендеріңді татыңдар!» - делінеді

[25] Олардан / Мекке мүшріктерінен / бұрынғылар да / елшілерді / өтірік санаған еді. Сонда оларға азап өздері сезбеген жақтан келді

[26] Әрі Аллаһ оларға осы өмірде қорлық таттырды. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен, егер де олар білсе

[27] Әрі Біз адамдарға еске алуы / ғибраттануы / үшін осы Құранда әрбір / түрлі / мысалдан келтірдік

[28] Бұл / олардың / адамдардың / тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін ешбір қисықтығы / қарама-қайшылығы, кемшілігі / жоқ, арабша Құран

[29] Аллаһ өзара келіспейтін бірнеше қожайыны бар бір кісі мен тек бір ғана қожайынға бағынышты басқа кісіні мысалға келтірді. Мысал тұрғысында бұл екеуі тең бе? Барлық мақтау - Аллаһқа. Бірақ олардың көпшілігі білмейді

[30] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен өлушісің / бұл дүниеден өтушісің / , олар да өлуші

[31] Кейін сендер Қиямет күні өздеріңнің Раббыңның алдында тартысасыңдар

[32] Аллаһқа қатысты өтірік айтқаннан және өзіне шындық келген кезде оны жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? кәпірлердің орны Жаһаннамда емес пе

[33] Ал шындықты алып келген және оны хақ деп мойындағандар - міне, солар нағыз тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар

[34] Оларға өздерінің Раббысында - қалағандары бар. Бұл - ықыласпен жақсылық істеушілерге берілетін қайтарым сый

[35] Бұл / - Аллаһ олардың істеген амалдарының ең жаманын кешіруі әрі қайтарым сыйларын олардың жасаған амалдарынан да жақсы етіп беруі үшін

[36] Аллаһ Өзінің құлына жеткілікті емес пе? / Ей, Мұхаммед!! Ал, олар сені Одан өзгелермен қорқытады. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ

[37] Ал кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны адастырушы жоқ. Аллаһ бәрінен Үстем / ’Азиз / , жазалау күшіне ие емес пе

[38] Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың / табынғандарың / жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар / Аллаһтан өзге табынғандарың / Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» - деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер / тәуекел етушілер / Оған жүгініп, істерін тапсырады / тәуекел етеді / », - деп

[39] Айт: «Әй, елім! Өз әлдеріңше / қалауларыңша / амалдарыңды жасай беріңдер. Мен де амалымды жасаймын. Жақында білесіңдер

[40] қорлайтын азаптың кімге келетінін әрі тұрақты / мәңгілік / азаптың да кімге түсетінін», - деп

[41] Ей, Мұхаммед! / Күмәнсіз, Біз саған Кітапты адамдар / адамзат / үшін ақиқатпен түсірдік. Кім тура жолмен жүрсе, ол өз пайдасына. Ал, кім адасса, тек өз зиянына адасады. Сен оларға жауапты емессің

[42] Аллаһ жанды / құлдарының жандарын / өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді / ол жанды / ұйқыда жатқан кездерінде / уақытша / алады. Сөйтіп / құлдарынан / өлуін үкім еткендерінікін ұстап қалады да, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді. Ақиқатында, мұнда ойланатын адамдар үшін белгілер бар

[43] Әлде олар Аллаһтан өзгелерді / өздеріне / араша түсушілер етіп алды ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олар ешнәрсеге ие бол­маса да және ешнәрсе ұқпаса да ма?» - деп

[44] Айт: «Араша түсу / шапағат ету / толығымен Аллаһтікі. Аспандар мен жердің билігі -Онікі. Кейін сендер Оған қайтарыласыңдар», - деп

[45] Қашан Аллаһтың бір Өзі туралы айтылса, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері жиренеді. Ал, Одан өзгелер туралы айтылған кезде, олар қуанады

[46] Айт: «Аллаһым, аспандар мен жердің Жаратушысы, құпия мен айқын нәрсені Білуші! Сен құлдарыңның қайшылыққа түскен мәселелері жайлы олардың арасына үкім шығарасың», — деп

[47] Егер де әділетсіздерде жер жүзіндегі барлық нәрселер және онымен бірге тағы соншалық нәрселер болғанда, олар Қайта тірілу күні азаптың жаманынан құтылу үшін оны / Оның барлығын / төлемге берер еді. Оларға / ол күні! Аллаһ тарапынан, өздері ойларына да келтірмеген нәрселер көрінеді

[48] Әрі істеп тапқандарының жамандықтары олардың алдынан шығады және мазақ еткендері өздерін орап алады

[49] Қашан адамға бір зиян тиген кезде, ол Бізге жалбарынады. Содан кейін оған Өзімізден бір игілік берсек, сонда ол: «Шын мәнінде бүл маған білім негізінде берілді», - дейді. Жоқ, олай емес, бұл бір сынақ, алайда олардың көпшілігі білмейді

[50] Мұны / осындай сөздерді / олардан бұрынғылар да айтқан еді. Сонда оларды істеп тапқандары құтқармады

[51] Оларға / алдыңғыларға / істеп тапқандарының жамандықтары тиді. Бұлардың ішіндегі әділетсіздерге де істеп тапқандарының жамандықтары тиеді. Әрі олар / Аллаһтың жазасын, азабын / әлсірете алмайды

[52] Олар Аллаһтың ризықты Өзі қалағанға жаятынын әрі шектеп қоятынын білмеді ме? Ақиқатында, мұнда иманды адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[53] Ей, Мұхаммед! / Айт / Оларға Аллаһтың сөзін / : «Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп

[54] Әрі сендерге азап келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа / күнәдан бас тартқан күйде / қайтыңдар және Оған бағыныңдар. Одан кейін сендерге көмек берілмейді

[55] Әрі сендерге азап кенеттен және оны өздерің сезбеген хәлде келуден бұрын, өздеріңнің Раббыңнан түсірілген ең жақсыға / Құранға / еріндер

[56] «Аллаһқа қатысты қаперсіз болып, жеңіл қарағаным, мен үшін қандай өкініш! Мен мазақ етушілердің бірі болдым!» - деп, жанның айтпауы үшін

[57] немесе: «Егер де Аллаһ мені тура жолғасалғанда, онда / мен де / тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан! болар едім», - демеуі үшін

[58] не болмаса, ол азапты көрген кезде: «Егер менде артқа қайту / мүмкіндігі / болғанда, жақсылық істеушілерден болар едім», - деп айтпауы үшін / өздеріңе жаза келуден бұрын аса ұлыАллаһқабағыныңдар

[59] Сонда ондай күнәһарларға / : «Жоқ, олай емес! Саған Менің аят-белгілерім келген кезде, сен оларды өтірік дедің әрі өзіңді жоғары санадың және кәпірлерден болдың», - делінеді

[60] Ей, Мұхаммед! / Қайта тірілу күні Аллаһ туралы өтірік айтқандардың беттері қарайғанын көресің. Өздерін жоғары санайтындардың орны Жаһаннамда емес пе

[61] Аллаһ тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жетістіктері / тақуалықтары / арқылы құтқарады. Оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды

[62] Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсенің үстінен кепіл, Сақтаушы

[63] Аспандардың және жердің қазыналары - Онікі. Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік ететіндер / сенбейтіндер / , міне солар - шын зиян шегушілер

[64] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ей, надандар! Сендер маған Аллаһтан басқаға құлшылық жасауды бұйырасыңдар ма?» - деп

[65] Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға / алдын өткен әрбір пайғамбарға / : «Егер Аллаһқа біреуді серік етіп қоссаң, амалың жойылып кетеді әрі анық зиян шегушілерден боласың», - деп уахи етілді

[66] Сен Аллаһқа ғана құлшылық ет әрі шүкір етушілерден / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірушілерден! бол

[67] Ал, олар / кәпірлер / Аллаһты Оның қадіріне сай бағалаған жоқ. Қайта тірілу күні жер бүтіндей Оның уысында, ал аспандар оралған түрде Оның оң қолында / болады / . Ол - олардың серік етіп қосқандарынан пәк әрі жоғары

[68] Әрі сүр үріледі де, аспандардағы және жердегі Аллаһ қалағаннан басқа барлығы да құлайды / өледі / . Содан кейін ол тағы бір рет үріледі, сонда олар түрегеп, қарап тұрады

[69] Әрі жер жүзі Раббысының нұрымен жарық болады. Кітап қойылады және пайғамбарлар мен куәлар келтіріледі. және олардың арасына әділдікпен үкім етіліп, оларға әділетсіздік жасалмайды

[70] Әрі әрбір жанға істегені толық беріледі. Ол - олардың не істегендерін жақсы біледі

[71] Әрі күпірлік етушілер / Аллаһқақарсы келушілер / Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» - деген кезде, олар: «Иә», - дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды

[72] Оларға / : «Жаһаннамның қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер!» -делінеді. Өздерін жоғары санағандардың тұрағы қандай жаман

[73] Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар / Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем / амандық болсын / ! Сендер жақсы болдыңдар. Енді оған / жәннатқа / мәңгі тұратын болып кіріндер!» - дейді

[74] Сонда олар / жәннаттағылар / : «Барлық мақтаулар бізге берген уәдесін шындыққа шығарған және бүл / жәннаттағы / жерге мұрагер еткен Аллаһқа! Біз Жәннатта өзіміз қалаған орынға жайғасамыз!» - дейді. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы

[75] Ей, Мұхаммед!I Сен Аршының айналасын қоршаған періштелердің өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптей мақтағанын көресің. Олардың арасына ақиқатпен үкім шығарылады әрі: «Барлық мақтаулар - әлемдердің Раббысы Аллаһқа!» -делінеді

Ғафыр

Surah 40

[1] Ха. Мим

[2] Бұл Кітап бәрінен Үстем, барлық нәрсені Білуші Аллаһтан түсірілген

[3] күнәні кешіруші әрі істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтқанды / тәубені / Қабылдаушы, жаза беруде қатты, мол игілік Иесінен. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қайту -Оған

[4] Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аяттары жөнінде сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / ғана тартысады. Олардың елдерде айналып жүруі сені алдап қоймасын

[5] (Олардан бұрын Нұхтың елі әрі олардан кейінгі / солар секілді / топтар да / елшілерді / жалғанға шығарды. Әрбір үммет өздеріне келген Елшіні ұстауды / өлтіруді )көздеген еді. Олар өтірік арқылы ақиқатты теріске шығару үшін тартысты. Сонда Мен оларды ұстадым / жазаға тарттым / . Менің жазалауым қандай екен

[6] Міне, осылай күпірлік етушілердің / иманға келмегендердің / Отқа түсетіндігі ту­ралы Раббыңның сөзі шындыққа айналды

[7] Аршыны көтеріп тұратындар және оның айналасындағылар өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеп, мақтайды, Оған сенеді әрі имандылар үшін кешірім сұрап: «Раббымыз! Сенің мейірімің мен білімің әрбір нәрсені ішіне алып қамтыған. Істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және Өзіңнің жолыңа ергендерді кешір әрі оларды Жаһим / тозағының / азабынан сақтай гөр

[8] Раббымыз! Оларды Өзің уәде еткен ’Адн жәннатының бақтарына кіргіз әрі олардың әкелерінен, жұбайларынан және ұрпақтарынан ізгі болғандарды да. Ақиқатында, Сен бәрінен Үстем, аса Данасың

[9] Әрі оларды жаман істерден сақта. Сен кімді жаман істерден сақтасаң, сол / Қайта тірілу / күні оған рақым еткен боласың. Міне, осы ұлы жетістік», - дейді

[10] Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / : «Сендер иманға келіңдер деп шақырылып, сонда күпірлік еткен / қарсы келген / кездеріңде Аллаһтың сендерді жек көруі, сендердің өздеріңді / бүгінгі / жек көрулеріңнен үлкен»,- делінеді

[11] Олар: «Раббымыз! Сен бізді екі рет өлтірдің және екі рет тірілттің. Біз күнәларымызды мойындадық. Енді бізге шығатын жол бар ма?» - дейді

[12] Бұл - сендерге Аллаһтың бір Өзіне шақырылғанда күпірлік еткендіктерің / иманға келмегендерің / , ал Оған өзгелер серік етіліп қосылса, сенгендіктеріңнің себебінен. Барлық үкім аса Жоғары, өте Үлкен Аллаһтікі

[13] Ол сондай, сендерге Өзінің белгі-дәлелдерін көрсетеді және аспаннан сендерге ризық түсіреді. Алайда, / Раббысына / қайтушылардан басқалар есіне алмайды

[14] Сондықтан, дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Аллаһтан тілеңдер. Тіпті кәпірлер жек көргенмен де

[15] Дәреже-мәртебелері өте жоғары, Аршының иесі Ол Өз әмірімен құлдарының ішінен қалағанына / пайғамбарларға / кездесу Күнін / Қайта тірілу күнін / ескертіп, сақтандыру үшін рух / уахи / түсіреді

[16] Олар / қабірден / шығарылатын сол / қайта тірілу / күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. / Аллаһ / : «Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. / Кейін Өзі жауап береді / : « Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» - деп

[17] Бүгін әрбір жан істеп тапқанының қайтарымын алады. Бүгін әділетсіздік болмайды. Ақиқатында, Аллаһ есеп алуда жылдам

[18] Ей, Мұхаммед! / Оларға жүректер жұтқыншаққа тығылып, өздері қайғыға батып тұратын жақын Күнді / Қайта тірілу күнін / ескерт. Әділетсіздерге жанашыр дос та, тыңдалатын / айтқаны қабыл болатын / ара түсушісі де болмайды

[19] Ол көздердің қиянатын және кеуделердің нені жасыратынын біледі

[20] Аллаһ әділдікпен үкім етеді. Ал олардың / серік қатушылардың / Одан өзге жалбарынатындары ешнәрсе шеше алмайды. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші

[21] Олар жер бетінде / сапарлап / жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде соңында қалдырғандарымен мықты еді. Аллаһ оларды күнәлары үшін ұстады / жазалады / және оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмады

[22] Мұның себебі - Оларға елшілер анық дәлелдермен келсе де олардың күпірлік етуі / қарсы келуі / . Сонда Аллаһ оларды ұстады / жазалады / . Ақиқатында, Ол бәрінен Қуатты, жазалауда қатты

[23] Біз Мұсаны Өз белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік

[24] Фиръаун, Һаман және Қарунға. Бірақ олар / оны / : «Сиқыршы әрі өтірікші», -деді

[25] Ол / Мұса / оларға Бізден ақиқатпен келген кезде, олар: «Онымен бірге иманға келгендердің балаларын өлтіріңдер және әйелдерін тірі қалдырыңдар»,- деді. Бірақ кәпірлердің айла-шарғысы тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес

[26] Фиръаун: «Мені қалдырыңдар, Мұсаны өлтірейін, қане ол Раббысын шақырсын. Мен оның діндеріңді өзгертуінен не жер бетінде / Мысырда / бұзғыншылық шығаруынан қорқамын», - деді

[27] Мұса: «Мен Есеп күніне сенбеуші, әрбір өзін жоғары санаушыдан менің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорқауын сұраймын», - деді

[28] Фиръаунның әулетінен иманға келгенін жасырып жүрген бір кісі: «Сендер біреуді тек: «Раббым - Аллаһ» дегені үшін өлтіресіңдер ме? Шын мәнінде ол сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлелдермен келді. Егер ол өтірік айтушы болса, өтірігі өз зиянына. Ал, егер шындықты айтса, ол уәде етіп отырғанның кейбірі сендерге келеді. Шын мәнінде, Аллаһ шектен шығушыны әрі өтірікшіні тура жолға салмайды

[29] Әй, елім! Бүгін билік сендерде, әрі жер бетінде үстем болып тұрсыңдар. Егер бізге Аллаһтың жазасы келсе, одан бізді кім құтқарады?» - деді. Фиръаун: «Мен сендерге өзім / қажет, жөн деп / білгенімді көрсетемін әрі сендерді тек дұрысжолға бастаймын», - деді

[30] Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, / алдыңғы өздеріңдей / қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын

[31] Нұх елі, Ад пен Сәмүд елдері және олардан кейінгілердің жағдайы сияқты болуынан. Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуді қаламайды

[32] Әй, елім! Мен сендер үшін бірі-біріне үн қататын Күннен қорқамын

[33] Ол күні сендер арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ

[34] Сендерге / Мұсадан / бұрын Йусуф те анық дәлелдермен келген еді, бірақ сендер оның өздеріңе әкелгеніне үнемі күмәнда болдыңдар. Ал, ол қайтыс болғанда, сендер: «Аллаһ одан кейін Елші жібермейді», - дедіңдер. Аллаһ осылай шектен шығушыны, күмәнданушыны адастырады

[35] Өздеріне Аллаһтың белгілері жөнінде дәлел келмесе де тартысатындар Аллаһтың алдында және иманға келгендердің алдында өте жек көрінішті. Аллаһ әрбір өзін жоғары санаушының, өктемшілдің жүрегін осылай мөрлеп, жауып тастайды

[36] Фиръаун: «Ей, Һаман! Маған биік бір мұнара тұрғыз. Бәлкімжолдарға жетермін

[37] аспандардағы жолдарға. Сөйтіп Мұсаның құдайын көрермін. Әлбетте, мен оны өтірікші деп ойлаймын», - деді. Осылай Фиръаунға істерінің жамандығы / жаман істері / көркем көрсетіліп әрі ол жолдан тосылып шығарылды. Фиръаунның айла-шарғысы тек зиян-қасіреттен өзге ешнәрсе емес

[38] Иманға келген кісі: «Әй, елім! Маған еріңдер, мен сендерді тура жолға бастаймын

[39] Әй, елім! Бұл өмір - бар болғаны уақытша ғана пайдаланатын нәрсе, ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет /- түпкілікті тұрақтау мекені

[40] Кім бір жамандық істесе, онда оған қайтарымы ретінде соның өзіндей ғана / жаза / беріледі. Иманға келген күйде ізгі амал жасаған ерлер мен әйелдер, міне солар жәннатқа кіреді әрі ол жерде есепсіз ризыққа бөленеді

[41] Әй, елім! Мен қалайша сендерді құтылуға шақырмаймын, сендер мені тозаққа шақырғанда

[42] Сендер мені Аллаһқа күпірлік етуге / қарсы келуге / және Оған, ол жайлы білімім болмаған нәрсені серік етіп қосуға шақырасыңдар. Ал мен сендерді бәрінен Үстем , көп Кешірушіге шақырамын

[43] Шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің / ойдан құрастырған құдайларың / дүниеде де, соңғы, мәңгілік өмірде де / ақиретте / бірнәрсе сұрауға лайықты емес. Әрі күмәнсіз, қайтуымыз -Аллаһқа. Әрі сөзсіз, шектен шыққандар, олар - Отқа түсетіндер

[44] Жақында сендер осы айтқандарымды еске аласыңдар. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші»,- деді

[45] Аллаһ оны олардың айла-шарғыларының жамандықтарынан қорғады. Ал фиръаундықтарды жаман азап орап алды

[46] Ол - от. Олар таңертең және кешке қа­рай оған кігізіледі. Ал, Сағат / Қайта тірілу / келген күні: «Фиръаундықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» - делінеді

[47] Әрі олар Оттың ішінде тартысып, әлсіз, нашарлары өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге еріп едік. Енді сендер бізден Оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» - дейді

[48] Өздерін жоғары санағандар: «Біз бәріміз оның / тозақтың / ішіндеміз. Ақиқатында, Аллаһ құларының арасына үкім шығарып қойған», - дейді

[49] Әрі Оттың / тозақтың / ішіңдегілер Жаһаннам күзетшілеріне: «Өздеріңнің Раббыңнан сұраңдаршы, бізге азаптан бір күн жеңілдетсін», - дейді

[50] Олар / күзетші періштелер / : «Сендерге елшілерің анық дәлелдермен келген жоқ па еді?» дейді. / Тозақтағылар / : «Иә, / келген / », - дейді. Олар: «Онда өздерің тілеңдер. Бірақ кәпірлердің тілегі тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес», - дейді

[51] Ақиқатында, Біз елшілерімізге әрі иманға келгендерге осы өмірде де, әрі куәлар тұратын күні де жәрдем береміз

[52] Ол күні әділетсіздерге сылтау айтып, ақталулары пайда бермейді. Оларға лағнет болады әрі оларға тұрақтың жаманы / тозақ / болады

[53] Әрі Біз Мұсаға жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / бердік және Исраил ұрпақтарын Кітапқа мұрагер еттік

[54] ақыл иелеріне тура жол және еске салу / ескерту / етіп

[55] Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі хақ. күнәң үшін кешірім тіле әрі кешке және таңертең Раббыңа мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

[56] Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне қатысты өздеріне ешбір дәлел келмесе де тартысатындардың кеуделерінде тек менмендік-тәкаппарлық бар. Олар дегендеріне жете алмайды. Сен Аллаһқа сиынып, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші

[57] Аспандарды және жерді жарату адамдарды жаратуға қарағанда, сөзсіз, әлдеқайда үлкен. Алайда, адамдардың көбі білмейді

[58] Соқыр мен көре алатын тең бола алмайды. Сондай-ақ иманға келген және ізгі амал жасаушылар мен жамандық істеуші де. Сендер қандай аз еске аласыңдар

[59] Ақиқатында, Сағат / Қайта тірілу күні / сөзсіз келеді, онда күмән жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді

[60] Сендердің Раббың: «Мені шақырыңдар / Менен сұраңдар / , жауап беремін / тілектеріңді қабыл етемін / . Ақиқатында, Маған Құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар, жақында қор болған күйлерінде Жаһаннамға кіреді», - деді

[61] Сендерге түнді - онда тынығуларың үшін, ал күндізді жарық етіп жасаған - Сол Аллаһ. Ақиқатында Аллаһ, адамдар үшін кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс, ризалық білдірмейді

[62] Міне, осы Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы, сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда, сендер қайда бұрылып барасыңдар

[63] Аллаһтың аяттарын теріске шығарғандар да осылай кері бұрғызылады / адастырылады

[64] Аллаһ, Ол сендерге жерді тұратын мекен, ал аспанды құрылым етіп жасады. Ол сендердің кескін-келбеттеріңді қалыптастырып, тұлғаларыңды кемелдендіріп, көркем етті. Әрі Ол сендерге түрлі игіліктерден ризық берді. Міне, осы Аллаһ сендердің Раббың. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі

[65] Ол әл-Хайй / мәңгі Тірі / , Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оған дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Одан ғана тілеңдер. Барлық мақтау -әлемдердің Раббысы Аллаһқа

[66] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған Раббымнан анық дәлелдер келген кезде, сендердің Аллаһтан өзгеге шақырғандарыңа табынуым тыйым салынды. Әрі әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдым», - деп

[67] Ол сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / Адамның ұрпақтарын / тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді / аналарыңның жатырынан / нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар

[68] Ол тірілтеді және өлтіреді. Қашан Ол бір іске шешім қабылдаса, оған: «Бол!» - десе, сонда ол болады

[69] Ей, Мұхаммед! / Сен Аллаһтың аяттары жөнінде таласып-тартысқандарды көрмедің бе? Олар қайда бұрылып барады

[70] Солар Кітапты және елшілеріміз арқылы жібергендерімізді өтірікке шығарғандар. Жақында олар біледі

[71] мойындарына бұғаулар мен шынжырлар салынғанда. Оларды сүйретіп

[72] қайнап тұрған суға / тартады / , ал кейін отта жандырады

[73] Содан кейін оларға: «Сендердің серік етіп қосқандарың қайда

[74] Аллаһпен қатар?» - делінеді. / Серік қосушылар / : «Олар бізден жоқ болып кетті. Негізінде, біз бұрын ешнәрсеге табынған емеспіз», - дейді. Аллаһ кәпірлерді осылай адастырады

[75] Бұл сендердің жер бетінде орынсыз мәз болып, масайрап және өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін

[76] Жаһаннам қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер. Өздерін жоғары санайтындардың орны неткен жаман

[77] Ей, Мұхаммед / / Енді сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі - хақ. Біз саған Оларға уәде еткеніміздің кейбірін көрсетсек те немесе саған өлім берсек те, бәрібір олар Бізге қайтарылады

[78] Біз сенен бұрын да елшілер жібергенбіз. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергендеріміз де бар, әрі олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар. Ешбір Елші Аллаһтың рұқсатынсыз бір де бір аят-белгі әкелген жоқ. Аллаһтың әмірі келген кезде, ақиқатпен үкім етіліп, жалғанға шығарушылар зиян шегеді

[79] Аллаһ сендерге малдарды жаратты. Олардың кейбірін мінулерің, ал кейбірін азықтануларың үшін

[80] Әрі сендер үшін оларда пайдалар бар және олармен көңілдеріңдегі қажеттеріңе жетулерің үшін. Сондай-ақ сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар

[81] Әрі Ол сендерге Өз белгілерін көрсетеді. Аллаһтың қай белгісін теріске шығарасыңдар

[82] Олар / иманға келмегендер / жер бетінде жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олардың бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде артында қалдырғандары мықты еді. Олар бұларға қарағанда көбірек еді және күш-қуатымен әрі жер бетінде артында қалдырған іздерімен де мықты еді. Бірақ тапқандары оларға пайда бермеді

[83] Оларға елшілер анық дәлелдермен келгенде, олар өздеріндегі бар білімге мәз болып, масаттанды. Сонда оларды, өздері мазақ етіп күлген нәрселері орап алды / бастарына жетті

[84] Олар Біздің азабымызды көргенде: «Біз Аллаһтың жалғыз Өзіне сендік және Оған серік етіп таңғандарымыздан бас тартамыз», - деді

[85] Алайда олардың азабымызды көрген кезде иманға келулері өздеріне пайда бермеді. Аллаһтың құлдарына қатысты бекіткен жолы / заңдылығы / осындай. Міне, сонда кәпірлер зиянға ұшырады

Фуссилат

Surah 41

[1] Ха. Мим

[2] Аса Қайырымды, ерекше Мейірімдіден түсірілген

[3] Арабша Құран етіп, білетін адамдар үшін аяттары анық түсіндіріліп / түсірілген / бір Кітап

[4] қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертіп, сақтандырушы ретінде. Бірақ, олардың / адамдардың / көбі теріс бұрылады сөйтіп құлақ аспайды

[5] Әрі олар: «Сенің бізді шақырып жатқан нәрседен біздің жүректеріміз / перделеніп / тұмшаланған әрі құлақтарымызда кереңдік бар, ал біз бен сенің арамызда тосық бар. Сен өз амалыңды істе, біз де өз амалымызды істей береміз»,- деді

[6] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен бар болғаны сендер сияқты ғана адаммын. Сендердің құдайларың бір ғана құдай екендігі маған уахи етілуде. Оған қарай тура барыңдар және Одан кешірім тілеңдер. Ал, серік қосушыларға үлкен қасірет бар

[7] сондай тазартатынды / зекетті / бермейтіндерге және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге»,- деп

[8] Ақиқатында иманға келген және ізгі амал жасағандарға үзілмейтін сый бар

[9] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер жерді екі күнде жаратқанға күпірлік танытып / сенбей, қарсы келіп / және Оған өзгелерді теңдес жасайсыңдар ма? Ол / Аллаһ / - бүкіл әлемдердің Раббысы», - деп

[10] Әрі Ол онда / жерде / , оның үстіне берік тұрғандарды / тауларды / орнатты әрі оған береке берді және онда / жердегі / ризық несібелерін толық төрт күнде мөлшерлеп белгіледі. Бүл сұраушылар үшін

[11] Кейін, Ол түтін / бу / күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер», - деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», - деді

[12] Әрі Ол / Аллаһ / оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оның өзіне қатысты ісін білдірді / реттеп бекітті / . Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен безендірдік және онымен қорғадық. Бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеп бекітуі

[13] Ей, Мұхаммед! / Егер де олар / кәпірлер / теріс бұрылса: «Мен сендерді Ад пен Сәмүд еліне келген саъиқа секілді саъиқаны ескерттім», - деп айт

[14] Оларға елшілері алдынан да, артынан да / жан-жағынан / келіп: «Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер»,- деген кезде, олар: «Егер де Раббымыз қалағанда, періштелерді түсіретін еді. Біз сендермен жіберілгенге сенбейміз», - деді

[15] Ад елі құқылары болмаса да жер бетінде менменсіп, өздерін жоғары санады және: «Бізден күшті кім бар?» - деді. Олар өздерін жаратқан Аллаһтың олардан күшті екенін көрмеді ме? Әрі олар Біздің аят-белгілерімізді теріске шығарды

[16] Сонда осы өмірде қорлаушы азапты таттыру үшін Біз оларға қиын күндері, қатты ұйытқып соққан желді жібердік. Ал, соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / азабы одан бетер қор етуші әрі оларға көмек көрсетілмейді

[17] Ал, сәмудтықтарға келсек, Біз оларға тура жолды көрсеттік, бірақ олар тура жолдың орнына соқырлықты артық көрді. Сонда оларға істеп тапқандары / күнәлары / себебінен қорлаушы азаптың саъиқасы тиді

[18] Ал, иманға келген және тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық

[19] Ол күні Аллаһтың жаулары Оттың алдына жиналдырылып, тосылады

[20] Ал, қашан олар оған / тозаққа / келген кезде есту, көру / мүшелері / және терілері істеген іс-әрекеттері жайлы олардың өздеріне қарсы куәлік береді

[21] Сонда олар өздерінің терілеріне: «Не үшін бізге қарсы куәлік бердіңдер?» - дейді. / Терілері / : «Әрбір нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті», - дейді. Ол сендерді алғашқы ретте / әуел баста / жаратты әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

[22] Сендер естулеріңнің, көрулеріңнің / құлақ, көздеріңнің / және терілеріңнің өздеріңе қарсы куәлік беруінен жасырынбайтын едіңдер. Сендер өздерің істеген істердің көбін Аллаһ білмейді деп ойладыңдар

[23] Өздеріңнің Раббың жайлы осы ойларың / жорамалдарың / сендерді кұртып, зиян шегушілерден болдыңдар

[24] Ал, енді олар шыдар болса, олардың тұрақтайтын мекені От болады. Олар қанша разылық / кешірім / сұраса да разылық / кешірім / алғандардан болмайды

[25] Әрі Біз оларға «жолдастар» / серіктер / бекітіп қойдық. Оларға / ол серіктері / алдарындағы және арттарындағыны әдемі етіп көрсетті. Сөйтіп өздерінен бұрын өткен жындар мен адамдардың қауымдарына қатысты / жазаға тарту жайлы / Сөз бұларға да тиісті болды. Шын мәнінде, олар зиян шегушілерден болды

[26] Әрі күпірлік етушілер / Құраннан теріс бұрылушылар! \ «Бұл Құранды тыңдамаңдар және оған байланысты бос сөзді сөйлеңдер. Сонда мүмкін жеңіске жетерсіңдер», - деді

[27] Біз күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсы келушілерге / міндетті түрде қатты азапты таттырамыз әрі оларға істеген істерінің ең жаманының қайтарым жазасын береміз

[28] Міне, Аллаһтың жауларының қайтарым жазасы От. Біздің аяттарымызды, белгілерімізді теріске шығарғандары үшін оларға ол жерде / тозақта / қайтарым жаза ретінде мәңгілік тұрақ бар

[29] Әрі сондай күпірлік еткендер / иманға келмегендер / : «Раббымыз! Бізді адастырған жындар мен адамдардан болған екеуін корсет, біз оларды ең төмендетілгендерден болулары үшін табандарымыздың астына тастайық», - дейді

[30] Ақиқатында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар әрі сендерге уәде етілген жәннатқа қуаныңдар

[31] Біз - сендердің осы өмірдегі және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / достарыңбыз. Сендерге ол жерде жандарыңның қалағаны бар. Әрі сендерге ол жерде сұрағандарыңның бәрі бар

[32] өте Кешірімді , ерекше Мейірімдіден сый-құрмет ретінде», - дейді

[33] Аллаһқа шақырып, әрі ізгі амал істеп және: «Шын мәнінде, мен - мұсылмандарданмын», - деген адамның сөзінен кімнің сөзі жақсы бола алады

[34] Жақсылық пен жамандық тең бола алмайды. / Жамандықты / ең жақсы нәрсемен қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған біреу жақын достай болады

[35] Бұған / осы сипатқа / тек сабыр етушілер ғана жетеді, әрі бұған тек ұлы үлеске ие болғандар ғана жетеді

[36] Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан саған шайтаннан наз'г / азғыру, жамандыққа итермелеу / болса Аллаһқа жүгініп, өзінді қорғауын тіле. Өйткені, Ол әс-Самиъ / бәрін Естуші / , әл-’Алим / бәрін Білуші

[37] Әрі түн мен күндіз және күн мен ай Оның белгілерінен. Күнге де, айға да сәжде жасамаңдар, оларды жаратқан Аллаһтың Өзіне ғана сәжде жасаңдар, егер құлшылықты Оған арнап істейтін болсаңдар

[38] Ал, егер олар / кәпірлер / өздерін жоғары қойып, тәкаппарланса, біліңдер Раббыңның қасындағылар / періштелер / түнде және күндіз Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайды әрі олар / құлшылық етуден / жалықпайды

[39] Оның белгілерінің бірі - сен жерді кеуіп кеткен күйінде көріп, ал, сонда оның үстіне су түсірсек, ол қозғалысқа түсіп, көпсіп / тіршілік бітіп / шыға келуі. Шын мәнінде, оны тірілткен, әлбетте, өлілерді де тірілтеді. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Жасай алушы

[40] Біздің аяттарымызға қатысты / ақиқаттан / ауытқығандар Бізден жасырын қалмайды. Отқа тасталатын біреу жақсы ма, әлде Қайта тірілу күні аман болып, қауіпсіз күйде келетін біреу ме? Қалағандарыңды істеңдер. Шын мәнінде, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші

[41] Ақиқатында, өздеріне Еске салатын / Құран / келген кезде, оған сондай күпірлік етушілер / теріске шығарып мойындамайтындар / бар.Шын мәнінде, ол - ұлы Кітап

[42] Оған / Құранға / өтірік алдынан да, артынан да келе алмайды, ол аса Дана , өте Мақтаулыдан түсірілген

[43] Ей, Мұхаммед! / Саған өзіңнен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылуда. Ақиқатында, Раббың - кешірім Иесі әрі Ол күйзелтуші жазаның Иесі

[44] Егер де оны араб тілінен басқа тілдегі Құран еткенімізде, олар / құрайыш мүшріктері / : «Араб тілдіге басқа тілде ме? Оның аяттары неге анықтап түсіндірілмеді?» - дейтін еді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл / Құран / - иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолдыұстануға басшылық / әрі шипа. Ал, иманға келмейтіндердің құлақтарында керендік бар әрі бұл / Құран / олар үшін соқырлық. Бұлар - бір алыстан шақырылғандар / секілді / », - деп

[45] Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, сонда ол / Тәурат / туралы тартыс болды. Раббыңнан алдын бекітілген бір Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілген болар еді. Негізінде, олар ол жайында күмән-күдікте

[46] Кім ізгі амал істесе, ол өзі үшін. Ал, кім жамандық істесе, ол да өзіне қарсы / өз зиянына / . Сенің Раббың құлдарға әділетсіздік жасаушы емес

[47] Сағат / Қайта тірілу күні / туралы білім Оған қайтарылады. Барлық жемістердің қауашақтарынан шығуы әрі әрбірұрғашының жүкті болуы және тууы Оның білімімен ғана. Сол күні Ол: «Менің «серіктерім» / Маған таңғандарың / қайда?» - деп оларға үндейді. Олар / серік қосушылар / : «Біз Өзіңе арамызда куә болушы жоқ екенін білдірдік», - дейді

[48] Әрі бұрын жалбарынып келгендері олардан жоқ болады. Сондай-ақ, олар өздеріне құтылар жер жоқ екендігін түсінеді

[49] Адам баласы жақсылықты тілеуден жалықпайды. Ал, егер оған жамандық тисе, күдерін үзіп, үмітсіздікке түседі

[50] Ал, егер өзіне тиген жамандықтан кейін оған Өзімізден бір рахым көрсетсек, ол: «Бұл - мен үшін. Мен Сағатты / Қайта тірілу күнін / болады деп ойламаймын. Ал, егер Раббымның алдына қайтарылсам, Оның алдында маған әлбетте, ең жақсысы болады» , - дейді. Сөзсіз, Біз күпірлік еткендерге / Аллаһқақарсы келгендерге / не істегендерінің хабарын береміз әрі оларға ауыр азапты таттырамыз

[51] Ал, қашан Біз адамға бір игілік берсек, ол теріс бұрылып, қырын қарайды. Ал, оған жамандық келсе, ол тілегін ұзартады

[52] Ей, Мұхаммеді / Айт: «Айтыңдаршы, егер бұл / Құран / Аллаһтан болса, ал кейін сендер оған күпірлік етсеңдер / сенбесеңдер, қарсы келсеңдер / , сонда үлкен қарама-қайшылықта болған біреуден өткен адасушы кім бар?» - деп

[53] Біз оларға оның / Құранның / ақиқат екені анық болғанға дейін шартараптағы / әлемдегі / және олардың өздеріндегі белгілерімізді көрсетеміз. Раббыңның әрбір нәрсеге куә екені жеткілікті емес пе

[54] Біліндер! Олар өздерінің Раббысына жолығудан күмәндануда. Естеріңде болсын! Ол -барлық нәрсені толық Қамтушы

Шура

Surah 42

[1] Ха. Мим

[2] Ъайн, син, қаф

[3] Ей, Мұхаммед! Бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһ саған және сенен бұрын болғандарға / пайғамбарларға / осылай уахи етеді

[4] Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер - Онікі. Әрі Ол өте Жоғары, аса Ұлы

[5] Аспандар / бір-бірінің / үсті жағынан жарылып / бөлшектеніп / кете жаздайды. Ал, періштелер өздерінің Раббысына мақтау айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді және жердегілер үшін кешірім тілейді. Біліндер! Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[6] Ей, Мұхаммед! / Одан өзгені қамқоршылар етіп алғандарды Аллаһ бақылаушы, ал сен олар үшін жауапкер емессің

[7] Әрі осылай саған елді мекендердің анасын / «Уммул-Қура» / және оны айнала орналасқандарды насихаттауың үшін арабша Құранды уахи еттік. Әрі болуында күмән жоқ, Жиналу / Қайта тірілу / күні жайлы ескертуің үшін. Бір топ Жәннатта, ал бір топ Саъирда (Тозақта) / болады

[8] Ал, егер де Аллаһ қалағанда, оларды бір үммет етер еді. Бірақ Ол Өзі қалағанды мейіріміне бөлейді. Ал, әділетсіздерге ешбір қамқоршы да, көмектесуші де болмайды

[9] Әлде олар Одан өзгені қамқоршылар етіп алды ма? Аллаһтың Өзі - әл-Уәли / анық Қамқоршы / . Ол өлілерді тірілтеді әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы

[10] Сендер қайшылыққа түсіп, тартысқан нәрсенің шешімі Аллаһта. / Ей, Мұхаммед! / : «Міне, осы Аллаһ - менің Раббым. Мен Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі әрдайым Оған бойсұнып, жүгінем» - де

[11] Аспандардың және жердің Жаратушысы! Ол сендер үшін өздеріңнен жұптар жасады. Әрі малдардан да жұптар жасады. Ол сендерді осылай көбейтеді. Оған ұқсайтын ешбір нәрсе жоқ. Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші

[12] Аспандардың және жердің кілттері Оның иелігінде. Ол қалағанына ризықты кеңітеді не шектеп қояды. Ол барлық нәрсені Білуші

[13] Ол сендерге діндерінде Нұхқа бұйырғанын әрі / ей, Мұхаммед! / саған уахи еткенімізді және Ибраһимге, Мұса мен Исағабұйырғанымызды: «Дінді толық орындаңдар және онда / дінде / бөлінбеңдер», - деп бекітті. Сенің шақырған нәрсең серік қосушыларға ауыр тиді. Аллаһ оған / дініне / Өзі қалағанды таңдайды әрі Өзіне бойсұнуға қайтушыны тура жолмен жүргізеді

[14] Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана өзара қызғаныштан бір-біріне іштарлықпен әділетсіздік етіп, жікке бөлінді. Егер де Раббыңнан белгіленген мерзімге дейінгі берілген Сөз болмағанда, олардың арасына үкім берілер еді. Ал, олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер бұған қатысты қатты күмәнда

[15] Ей, Мұхаммед! / Міне, сен осыған шақыр да өзіңе бұйырылғандай туралықта бол. Олардың көңілқұмарлықтарына ерме және айт: «Мен Аллаһ түсірген кітаптарға сендім. Әрі сендердің араларыңа әділ болуға бұйырылдым. Аллаһ біздің Раббымыз әрі сендердің де Раббың. Бізге өзіміздің амалдарымыз, ал сендерге өздеріңнің амалдарың. Біз бен сендердің арамызда тартысқа негіз жоқ. Аллаһ бәрімізді жинайды. Баратын жер - Оның алды», - деп

[16] Ал, Аллаһ жайында, Оған / Аллаһқа / жауап берілгеннен / адамдар дінді қабылдағаннан / кейін де тартысатындардың уәждері Раббысының алдында негізсіз. Оларға - / Аллаһтың / қаһары әрі оларға ауыр азап бар

[17] Аллаһ Кітапты ақиқатпен түсірді және Таразыны. Әрі қайдан білесің, бәлкім Сағат / Қайта тірілу күні / жақын болар

[18] Оған / Қайта тірілу күніне / сенбейтіндер оның болуын асықтырады. Ал иманға келгендер, одан қорқынышқа түседі және оның ақиқат екенін біледі. Біліндер! Сағат / Қайта тірілу күні / жөнінде сөз таластыратындар, анығында ұзақ адасуда

[19] Аллаһ құлдарына мейірбан, бәрін толық Білуші. Ол қалағанына ризық береді. Әрі Ол өте Күшті, аса Үстем

[20] Кім соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жемісін қалайтын болса, оған өнімін арттырамыз. Ал, кім осы өмірдің жемісін қаласа, оған одан береміз, алайда ол үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес болмайды

[21] Әлде оларға дінде Аллаһ рұқсат етпегенді олар үшін заң етіп бекітетін серіктері / құдайлары / бар ма? Егер де шешуші Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілер еді. Шын мәнінде, әділетсіздер үшін күйзелтуші азап бар

[22] Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Қайта тірілу күні! өздерінің істеп тапқандарынан зәресі ұшып, қорыққанын көресің, әрі ол / амалдарының жазасы / оларға болады. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер жәннаттардың бақтарында болады. Оларға Раббысының алдында қалағандары бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік

[23] Бұл - Аллаһтың иманға келген және ізгі амал істеген құлдарына сүйінші хабары. I Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек туысқандық жақсы көруді ғана болмаса», деп. Кім бір жақсылық істесе, Біз оған ондағы жақсылығын көбейтеміз. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, бойсұнушы құлдарының аз амалына мол сауап беруші

[24] Олар әлде: «Ол Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарды»,- дей ме? Егер Аллаһ қалағанда, жүрегінді мөрлеп қоятын еді. Аллаһ жалғанды өшіреді және ақиқатты Өзінің сөздерімен бекітіп, жүзеге асырады. Ақиқатында, Ол - көкіректегіні жақсы Білуші

[25] Ол / Аллаһ / сондай, құлдарының істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді және жамандықтарын кешіреді әрі Ол сендердің не істейтіндеріңді біледі

[26] Әрі Ол иманға келген және ізгі амал істегендерге жауап береді / тілектерін қабылдайды / және оларға Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ал, кәпірлерге қатты азап бар

[27] Егер де Аллаһ құлдарына ризық-несібені жайып қойса, олар жер бетінде шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол - құлдарынан Хабардар, оларды Көруші

[28] Әрі Ол олар үмітсіздікке түскеннен кейін жаңбыр түсіреді және Өз мейірімін жаяды. Ол — анық Қамқоршы, Ие, аса Мақтаулы

[29] Аспандардың және жердің жаратылуы әрі Оның оларда әрбір жандыны таратуы Оның белгілерінен Әрі Ол қалаған кезінде оларды жинап алуға Құдіреті жетуші

[30] Ал, сендерге келген қайғы, қиыншылық қолдарыңның істегендері себебінен әрі Ол көбін кешіріп жібереді

[31] Сендер жер бетінде / Аллаһты / әлсірете алмайсыңдар. Әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ

[32] Теңізде таулар секілді жүзушілер / кемелер / - Оның белгілерінен

[33] Ол қаласа, желді тыныштандырып, олар оның / теңіздің / үстінде қозғалыссыз қалады. Анығында, мұнда әрбір әрдайым сабыр, шүкір етушіге / Раббысының берген игіліктеріне әрдайым алғыс білдірушіге / белгілер бар

[34] Немесе оларды істеген күнәлары үшін жойып жібереді, әрі Ол көбін кешіріп жібереді

[35] Біздің аят-белгілеріміз жайында сөз тартысатындар өздеріне құтылар жер жоқ екенін білсін

[36] Сендерге берілген барлық нәрсе осы өмірде ғана пайдаланылатын уақытша заттар. Ал Аллаһтағы нәрселер–иманға келген және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер / үшін қайырлы әрі тұрақты

[37] Солар - үлкен күнәлар мен жиіркенішті істерден өздерін алыс ұстайтын және ашуланған кездерінде кешіретіндер

[38] әрі солар - өздерінің Раббысына жауап беретін, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын, істерінде өзара кеңесетін және Біз өздеріне ризық етіп нәсіп еткеннен беретіндер

[39] және солар, өздеріне әділетсіздік етілсе, жауап қайтаратындар

[40] Жамандықтың қайтарымы - дәл өзіндей ғана жамандық. Ал кім кешірсе және түзетсе, оның сыйы - Аллаһта. Ақиқатында, Ол әділетсіздерді жақсы көрмейді

[41] Ал, кім өзіне әділетсіздік етілгеннен кейін есесін қайтарса, оларға қарсы жол жоқ

[42] Адамдарға әділетсіздік ететіндер және жер жүзінде ешбір хақысы болмаса да шектен шығатындар ғана айыпқа лайықты. Оларға күйзелтуші азап бар

[43] Ал, кім сабыр сақтаса және кешірім етсе, ақиқатында бұл - қатты көңіл бөлетін / жігерлілік танытатын / істердің бірі

[44] Аллаһ кімді адастырса, бұдан кейін оған ешбір қамқоршы жоқ. / Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Есеп күні / азапты көрген кездерінде: «Қайтуға жол бар ма?» - деп айтатындарын көресің

[45] Әрі сен олардың оған / тозаққа / келтірілгенінде, қорлықтан төменшіктеп, көздерін жасыра / ұрлана / қарағанын көресің. Сонда иманға келгендер: «Анығында, зиян шегушілер - олар Қайта тірілу күні өздерін және үй ішін зиянға ұшыратқандар», - дейді. Біліңдер! Шын мәнінде әділетсіздер тұрақты / мәңгі / азапта болады

[46] Әрі олар да Аллаһтан басқа өздеріне көмектесетін қамқоршылар болмайды. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешбір жол жоқ

[47] Аллаһ тарапынан кері қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа жауап беріңдер / бойсұныңдар / . Ол күні сендерге паналайтын ешбір орын болмайды әрі сендерде / күнәларыңды / мойындамай теріске шығару да болмайды

[48] Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған / күнәлі / істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам / берілген / игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады

[49] Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Ол қалаған нәрсесін жаратады. Кімге қаласа қыздарды сыйлайды әрі кімге қаласа ұлдарды сыйлайды

[50] Немесе оларға ұлдар мен қыздарды қосып береді, ал қалағанын бедеу / перзентсіз / етеді. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , барлық нәрсені, қалағаны Жасай алушы

[51] Аллаһ тек уахи арқылы не тосық артынан болмаса, ешбір адаммен сөйлеспейді. Не Ол бір елші / періште / жіберіп, ол / періште / Оның бұйрығымен Оның қалағанына уахи етеді. Ақиқатында, Ол өте Жоғары, аса Дана

[52] Ей, Мұхаммед! / Біз осылай етіп саған Өз әмірімізден бір Рухты / Құранды / * уахи еттік. Сен / ол кезде / Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда, Біз оны / Құранды / құлдарымыздан қалағандарымызды тура жолмен жүргізетін нұр еттік. Әрі шын мәнінде, сен, тура жолға бастайсың

[53] аспандардағы және жердегілер Өзінікі болған Аллаһтың жолына! Біліңдер, / барлық / істер Аллаһқа қайтады

Зухруф

Surah 43

[1] Ха. Мим

[2] Анық Кітаппен ант етемін

[3] Шын мәнінде Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран еттік

[4] Әрі күмәнсіз, ол / Құран / - Біздегі негізгі Кітапта / Ләухул-махфузда / . Ол - өте жоғары, хикметті

[5] Сендер шектен шығушы ел болғандықтарың үшін сендерден Еске салуды түсірмей,ұстап қаламыз ба

[6] Әрі Біз алдыңғыларғақаншамапайғамбар жібердік

[7] Өздеріне пайғамбар келген сайын, олар оны келеке ететін

[8] Ал, Біз күш-қуатта олардан да мықтыларды жойып жібергенбіз. Әрі бұрынғылардың мысалы өтті

[9] Ей, Мұхаммед! / Егер олардан / Аллаһқа серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар сөзсіз: «Оларды бәрінен Үстем, бәрін Білуші жаратты», - дейді

[10] Ол сендерге жерді тұрақ етті әрі онда жол табуларың үшін сендерге жолдар белгіледі

[11] әрі Ол аспаннан суды мөлшермен түсірді. Біз онымен өлі мекенді тірілттік. Сендер де осылайша / қабірлерден / шығарыласыңдар

[12] Ол барлық түрлерді жаратты және сендерге кемелер мен малдардан өздерің мінетінді жасады

[13] оларға мінулерің үшін, кейін оның үстіне мініп отырғанда өздеріңнің Раббыңның игілігін еске алып: «Бізге мұныбағынышты еткен Ол / барлық кемшіліктен / пәк, әйтпесе біздің оған шамамыз келмес еді

[14] әрі біз күмәнсіз, Раббымызға қайтушымыз», - деп айтуларың үшін

[15] Ал, олар / Аллаһқа серік қосушылар / Оның құлдарынан бір бөлімін / періштелерді / Оның бөлігі етті / Оған таңды / . Негізінде, адам анық күпірлік етуші / берілген игіліктерді анық мойындамаушы

[16] Әлде Ол Өзі жаратқандарының ішінен қыздар алып, ал сендерге ұлдар беріп ерекшеледі ме

[17] Қашан олардың бірі, өздері әр-Рахманға мысал етіп таңғанмен / қызбен / сүйіншіленсе, ішінен тынып, жүзі түнеріп кетеді

[18] Сәндік бұйымдар, әшекейлер ішінде бой жетіп және айтыс-тартыста анық еместі / телиді / ме

[19] Әрі олар / мүшріктер / әр-Рахманның құлдары болып табылатын періштелерді әйел затына теңеді. Олар бұлардың жаратылуын көрген бе еді? Олардың куәліктері жазылады және олар бұдан сұралады

[20] Әрі олар: «Егер де әр-Рахман қалағанда, біз оларға табынбас едік», - деді. Оларда бұл туралы ешбір білім жоқ. Олар тек өтірік айтады

[21] Немесе Біз оларға бұдан бұрын бір Кітап беріп, олар соны ұстанып келе ме

[22] Жоқ! Олар: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың іздерімен жүріп келе жатырмыз», -деді

[23] Ей, Мұхаммед! / Осылай сенен бұрын бір елді мекенге ескертуші жіберсек, ондағы сән-салтанат, рахатқа шалқып жүргендер: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың салған іздерімен жүреміз», - деді

[24] Ол / пайғамбар / : «Мен сендерге ата-бабаларың ұстанғаннан да тура нәрсені / дінді / әкелсем де ме?» - деді. Олар: «Біз сендермен жіберілгенге әлбетте сенбейміз», - деді

[25] Сонда Біз оларды жазаға тарттық. Енді, назар сал, жалғанға шығарушылардың соңы немен біткеніне

[26] Кезінде Ибраһим өзінің әкесі мен еліне: «Шындығында, мен сендердің табынатындарыңа қатысым жоқ / олардан бас тартамын

[27] тек өзімді жаратқанға / құлшылық етем / . Ақиқатында, Ол ғана мені тура жолмен жүргізеді»,- деді

[28] Әрі бұл сөзді ұрпақтарына, олардың / тура дінгеРқайтуы үшін мәңгі қалдырды

[29] Иә, Мен / Аллаһ / бұларды / мүшріктерді / және олардың ата-бабаларын, өздеріне ақиқат әрі анық Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім

[30] Ал, олар өздеріне ақиқат келген кезде: «Бұл - сиқыр. Біз оған сенбейміз»,- деді

[31] Әрі олар: «бұл Құран екі қаладан ұлы бір адамға неге түсірілмеген?» - деді

[32] Раббыңның игілігін солар бөліп бере ме? Оларға осы өмірдегі тіршілік қажеттерін Біз үлестірдік. Әрі бірін-бірі жұмыс істеуге алуы үшін дүниелік дәрежелерде олардың бірін кейбірінен жоғары көтердік. Әрі Раббыңның мейірімі олардың жинағандарынан қайырлы

[33] Егер де адамдардың бір қауым болып алуы болмағанда, әр-Рахманға күпірлік еткендердің / қарсы келгендердің / үйлерінің шатырлары мен оған көтерілетін сатыларын күмістен жасар едік

[34] сондай-ақ олардың үйлеріндегі есіктерді де және олар сүйеніп отыратын жұмсақ жиһаздарды да / күмістен жасар едік

[35] әрі әшекейлерді де. Анығында бұлардың барлығы осы өмірдің ғана болмашы нәрсесі. Ал Раббыңның алдындағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / арналады

[36] Кімде-кім әр-Рахманның Еске салуынан / Құраннан / теріс бұрылса, Біз оған шайтанды бекітіп қоямыз да ол оған ажырамас серік болады

[37] Әрі сөзсіз, олар / шайтандар / бұларды тура жолдан қайтарады, ал бұлар өздерін тура жолдамыз деп есептейді

[38] Ал, қашан Бізге келгенде, ол / серігіне / : «Әттең! Мені мен сенің араң екі шығыстың / батыс пен Шығыстың / қашықтығыңдай болса еді! Қандай жаман серіксің!» - дейді

[39] Оларға / : «Сендер әділетсіздік істедіңдер, бүгін азапта бірге болуларың сендерге еш пайда бермейді», - делінеді

[40] Ей, Мұхаммед! / Сен кереңдерге естірте аласың ба немесе соқырларды және анық адасуда болғандарды тура жолға сала аласың ба

[41] Біз сені алып кетсек те, оларды міндетті түрде жазалаймыз

[42] Немесе Оларға уәде еткенімізді саған көрсетеміз. әлбетте, Біздің Оларға күшіміз жетеді

[43] Өзіңе уахи етілгенді ұстан! Ақиқатында, сен тура жолдасың

[44] Шын мәнінде, бұл / Құран / - саған және сенің қауымыңа еске салу. Әрі сендер жақында сұраласыңдар

[45] Сен өзіңнен бұрын жіберген елшілерімізден / олардың үмметтерінен / сұра, Біз әр-Рахманнан өзге құлшылық етілетін құдайлар жасадық ба

[46] Әрі Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Ол: «Ақиқатында мен бүкіл әлемдердің Раббысының елшісімін», - деді

[47] Ол / Мұса / Оларға Біздің белгі-мұғжизаларымызды келтірген кезде, олар оған күлді

[48] Әрі Біз оларға бір белгі көрсетсек, сөзсіз, ол алдыңғысынан үлкен болды. Сондай-ақ, Біз оларды қайтулары үшін азапқа ұшыраттық

[49] Сонда олар / фиръаундықтар / : «Ей, сиқыршы! Біз үшін Раббыңа өзіңе берген уәдесі бойынша дұға қыл, біз тура жолға келеміз»,- деді

[50] Ал, қашан Біз оларды азаптан айықтырған кезімізде, олар / уәделерін / бұзады

[51] Әрі Фиръаун еліне жар салып: «Ей, елім! Мысырдың билігі әрі мына астымнан ағып жатқан өзендер менікі емес пе? Көрмей тұрсыңдар ма

[52] Әлде мен мына қадірсіз / қор / және сөзін әрең түсіндіретін біреуден артық емеспін бе

[53] Әрі неге оған алтыннан білезіктер тағылмаған? Немесе неге онымен періштелер бірге еріп келмеген?» - деді

[54] Ол елін жеңіл ойлы / байыппен ойламайтын / санады, ал олар оғанбағынды. Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді

[55] Сөйтіп, олар Бізді ашуландырған кезде, оларды жазалап, барлығын суға батырдық

[56] Әрі оларды / өздері секілді / кейінгілерге / теріс / жол салушы және өзгелер үшін ғибратты мысал еттік

[57] Ей, Мұхаммед! / Мәриям ұлы мысалға келтірілгенде, сенің елің айқайлап шулай түседі

[58] Әрі олар: «Біздің құдайларымыз жақсы ма, әлде ол ма?» - дейді. Олар оны сенімен дауласу үшін ғана келтіреді. Негізінде, олар даушыл ел

[59] Ол - бар болғаны, Біз игілік берген және Исраил ұрпақтарына / ғибратты / мысал еткен құлымыз ғана

[60] Егер де қалағанымызда, сендерді жер­де орындарыңды басатын періштелермен алмастыратын едік

[61] Оларға айт / : «Ақиқатында ол / Иса / -Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / бір белгісі. Оған еш күмәнданбаңдар әрі маған еріңдер. Міне, осы - тура жол

[62] Әрі шайтан сендерді одан / ақиқатқа еруден / тоспасын. Анығында ол - сендерге анық дұшпан», - деп

[63] Ал, Иса анық белгі-дәлелдермен келген кезде, ол: «Мен сендерге даналықпен әрі өздерің қайшылыққа түсіп отырған нәрселердің кейбірін сендерге түсіндіру үшін келдім. Ал, енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және мағанбағыныңдар

[64] Ақиқатында, Аллаһ - менің де Раббым әрі сендердің де Раббың. Сондықтан Оғанқұлшылық етіңдер. Осы - тура жол», - деді

[65] Алайда діни топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай әділетсіздік еткендерге күйзелтуші Күннің азабынан үлкен қасірет бар

[66] Олар өздеріне кенеттен, сезбеген күйлерінде келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсені күте ме

[67] Сол күні тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан / басқа жақын достар біріне-бірі жау болады

[68] Аллаһ тақуаларға / : «Ей, Менің құлдарым! Сендерге бүгін қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар», - дейді

[69] Солар Біздің аяттарымызға сенген және мұсылман болғандар / бойсұнғандар

[70] Оларға / : «Сендер және жақын достарың шаттыққа бөлендірілген күйде Жәннатқа кіріңдер», - делінеді

[71] Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар

[72] Міне, сендерге істеген амалдарың үшін мұра етіліп берілген Жәннат - осы

[73] Сендерге ол жерде көптеген жемістер бар. Олардан жейсіңдер

[74] Шын мәнінде, қылмыскерлер Жаһаннам азабында мәңгі қалады

[75] Оларға / азап / үзіліссіз беріліп әрі олар ол жерде күдер үзген күйде болады

[76] Біз оларға әділетсіздік істеген жоқпыз, олардың өздері әділетсіз болды

[77] Олар: «Ей, Мәлик / тозақ сақшысы / !Раббың бізді өлтірсін», - деп дауыстайды. Ол: «Сендер / мәңгілік / қаласыңдар», - дейді

[78] Біз сендерге ақиқатты әкелдік, бірақ сендердің көбің ақиқатты ұнатпадыңдар

[79] Олар бір істі бітіруге шешім қабылдады ма? Біз де шешім қабылдадық

[80] Әлде олар өздерінің жасырын сырларын және құпия әңгімелерін Біз естімейді деп ойлай ма? Олай емес! Біздің елшілеріміз / періштелер / олардың жанында жазып жүреді

[81] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әр-Рахманның баласы болса, онда мен алғашқылардан болып, құлшылық еткен болар едім», - деп

[82] Аспандардың және жердің Раббысы, Аршының Раббысы олардың таңған нәрселерінен пәк

[83] Оларды жайына қалдыр, өздеріне уәде етілген Күніне жолыққандарына дейін бос сөздерге батып, ойнап-күліп жүре тұрсын

[84] Ол - аспандарда да құдай әрі жерде де құдай. Ол аса Дана, бәрін Білуші

[85] Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Өзінде болған Ол - аса Берекелі. Сағат / Қайта тірілу күні / жайлы білім Оған тән. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар

[86] Олардың / мүшріктердің / Одан өзге жалбарынатындары ара түсу күшіне / шапағат етуге / ие емес. Тек ақиқатқа куәлік бергендер басқа, олар біледі

[87] Ал, егер олардан / серік қосушылардан / өздерін кім жаратқанын сұрасаң, олар сөзсіз: «Аллаһ», - дейді. Сонда олар қайда бұрылып барады

[88] Әрі ол: «О, Раббым! Негізінде бұлар иманға келмейтін адамдар», - деді

[89] Ей, Мұхаммед! / Олардан / кең пейілдікпен / бұрылып: «Тыныштық болсын!»- деп айт. Жақында олар білетін болады

Духан

Surah 44

[1] Ха. Мим

[2] Анық Кітаппен ант етемін

[3] Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз

[4] Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді

[5] Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық

[6] Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші

[7] Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл / мейірім / - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан

[8] Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол - сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы

[9] Бірақ олар / сенбейтіндер / күмәнда болып, ойын етіп жүр

[10] Ей, Мұхаммед! / Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт

[11] Ол адамдарды орап алады. Бұл - күйзелтуші азап

[12] Олар / : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді

[13] Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой

[14] Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», - деді

[15] (Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер / имансыздьіща) қайта ораласыңдар

[16] Сол / қиямет / күні Біз / имансыздарды / қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз

[17] Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді

[18] Ол / : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен - сендерге / жіберілген / сенімді Елшімін

[19] Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім

[20] Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорғауына жүгіндім

[21] Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», - деді

[22] Сөйтіп / кейін / ол: «Негізінде, бұлар - қылмыскер ел», - деп, Раббысына жалбарынды

[23] Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі

[24] Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар / фиръаундықтар / суға батырылатын әскер»,- / деген уахи келді

[25] Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды

[26] егіндер мен кең салтанатты орын жайларды

[27] әрі өздері рахатын көрген игіліктерді

[28] Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік

[29] Оларға / фиръаундықтарға / аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады / мұрсат берілмеді

[30] Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық

[31] Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді

[32] Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық

[33] Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді

[34] Ақиқатында, бұлар / мүшріктер / әлбетте былай деп айтады

[35] «Біздің тек бірінші өлуіміз ғана / бар / әрі біз қайта тірілтілмейміз

[36] Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - деп

[37] Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді

[38] Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, / бостан-бос / жаратқан жоқпыз

[39] Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді

[40] Шын мәнінде, Айыру Күні - олардың барлығы үшін белгіленген мерзім

[41] Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді

[42] тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді

[43] Күдіксіз, заққұм ағашы

[44] күнәһардың тамағы

[45] Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды

[46] қайнап тұрғаны судың / бұрқылдап / қайнағанындай

[47] Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар

[48] Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар

[49] Сонда сенбеушілерге / : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой

[50] Анығында, бұл - сендердің күмәнданып келгендерің

[51] Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / бейбіт орындарда

[52] Жәннат бақтары мен бұлақтарында

[53] Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады

[54] Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен / хурлармен / үйлендіреміз

[55] Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады

[56] Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол - оларды Жахим азабынан сақтаған

[57] Ей, Мұхаммед! / Бұл - сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы - ұлы жетістік

[58] Шын мәнінде, Біз оны / Құранды / олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік

[59] Енді күт, негізінде олар да күтуде

Жасия

Surah 45

[1] Ха. Мим

[2] Бұл Кітап бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан түсірілген

[3] Ақиқатында, аспандарда және жерде имандылар үшін белгі-ғибраттар бар

[4] Әрі сендерді жаратуда және Оның барлық жаны барды / жаратып, оларды / таратуында анық сенетін адамдар үшін белгі-дәлелдер бар

[5] Сондай-ақ, түн мен күндіздің алмасуында, Аллаһтың аспаннан ризық / жаңбыр / түсіруінде, онымен / жаңбырмен / жерді тіршіліксіз қалғанынан / өлгенінен / кейін жандандыруында және желдерді бағыттауында ақылын істетіп, үғынатын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар

[6] Ей, Мұхаммед! / Бүл / Құран / Аллаһтың аят-белгілері, оны саған ақиқатпен оқимыз. Сонда Аллаһтан және Оның аят-белгілерінен кейін олар қай сөзге сенеді

[7] Әрбір өтірікші күнәһарғаүлкен қасірет бар

[8] Ол өзіне оқылған Аллаһтың аяттарын естіп, содан кейін оны естімегендей, менменсіне қасарысады. / Ей, Мұхаммед! / Міне, соларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»

[9] Ал, қашан ол Біздің аят-белгілерімізден бірнәрсені білсе, оны келеке етеді. Міне, соларға қорлаушы азап бар

[10] Олардың артынан Жаһаннам бар. Оларға істеп тапқандары да, Аллаһтан өзге қамқоршы етіп алғандары да ешбір пайда бермейді. Әрі оларға үлкен азап болады

[11] Бұл / Құран / — жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / . Ал, өздерінің Раббысының аяттарына сондай күпірлік еткендерге / теріске шығарғандарға / күйзелтуші азаптан ауыр жаза болады

[12] Аллаһ сендерге теңізді, онда Оның әмірімен кемелердің жүзуі әрі сендер Оның кеңшілігін іздеулерің және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін бағындырды

[13] Әрі Ол сендерге аспандардағы және жердегі нәрселерді бағындырды. Мұның барлығы да - Одан. Анығында, мұндаақылға салып ойланатын адамдар үшін белгілер бар

[14] Ей, Мұхаммед!! Иманға келгендерге айт: «Аллаһ адамдарға істегендеріне сай қайтарым жазасын беретін болғандықтан, олар Оның күндерін / сыйын, сауабынРүміт етпейтіндерге / имансыздарға / кешіріммен қарасын», - деп

[15] Кім ізгі амал жасаса, өзінің пайдасына. Ал кім жамандық істесе, өзінің зиянына. Кейін сендер, өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар

[16] Біз Исраил ұрпақтарына Кітап, патшалық / үкім / және пайғамбарлықты бердік, оларға таза / жақсы / нәрселерден ризық бердік әрі оларды әлемдерден артық еттік

[17] Әрі Біз оларға іс / дін / жайлы анық белгі-дәлелдер бердік. Олар өздеріне білім келген соң ғана, бір-біріне деген ашу-ызадан / күншілдіктен / қайшылыққа түсті. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні олардың тартысқан нәрселеріне қатысты үкім етеді

[18] Ей, Мұхаммед! / Содан кейін сені істе / дінде / шариғат жолына салдық. Енді соған ер және білмейтіндердің көңіл құмарлықтарына ерме

[19] Анығында, олар сені Аллаһтан қорғай алмайды. Негізінде, әділетсіздер - бір-біріне жолдас. Ал, Аллаһ - тақуалардың / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / Қамқоршысы

[20] Бұл / Құран / адамдар / адамзат / үшін анық көрінетін белгі-дәлел және айқын сенетін адамдар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім

[21] Әлде жамандық істегендер - Біз оларды иманға келген әрі ізгі амал жасағандар секілді етеді деп және осы өмірде және өлімнен кейін оларды бірдей етеді деп есептей ме? Олардың пайымдағаны неткен нашар

[22] Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен, әрі әрбір жан істеген амалына жараса қайтарым алуы үшін жаратты. және Оларға әділетсіздік етілмейді

[23] Құмарлықтарын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Аллаһ оны, оған білім келгеннен кейін адастырды және есту мүшесі мен жүрегін мөрлеп қойды әрі көзін перделеді. Аллаһтан кейін оны кім тура жолға сала алады? Еске алмайсыңдар ма

[24] Әрі олар: «Бұл - дүние тіршілігіміз ғана. Біз өлеміз және өмір сүреміз әрі бізді уақыттан басқа ешнәрсе өлтірмейді», деді. Ал оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар тек жорамалдайды

[25] Ал, қашан оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, олардың: «Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - дегеннен басқа уәждері болмайды

[26] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ сендерді тірілтеді, кейін өлтіреді, содан соң сендерді болуы күмәнсіз, Қайта тірілу күні жинайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді», - де

[27] Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Сағат / Қайта тірілу / болатын сол күні - өтірікке шығарушылар зиян шегеді

[28] Ей, Мұхаммед!! Сен әрбір үмметті тізерлеген күйінде көресің. Әрбір үммет өз Кітабына шақырылады. / Оларға!: «Бүгін сендер істеп өткен амалдарыңның қайтарымын аласыңдар

[29] Бұл кітабымыз / амал кітабы! сендерге қарсы ақиқатты сөйлейді. Өйткені Біз сендердің істеген әрбір амалдарыңды жазуды бұйырғанбыз», - делінеді

[30] Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, олардың Раббысы Өз мейіріміне кіргізеді. Міне, осы - анық жетістік

[31] Ал, сондай күпірлік еткендерге / иманнан теріс бұрылғандарға / : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді? Сонда сендер өздеріңді жоғары санадыңдар және қылмыскер адам болдыңдар»

[32] Сендерге!: «Аллаһтың уәдесі шын әрі Сағатта / Қайта тірілу күнінде / күмән жоқ», - делінсе: «Біз Сағаттың не екенін білмейміз. Бізде ол туралы түрлі ойлар бар әрі оған айқын сеніміміз жоқ», - деп едіңдер» - делінеді

[33] Сонда істеген жамандықтары олардың алдынан шығып әрі өздері мазақ еткен нәрселері оларды орап алады

[34] Оларға/: «Осы Күнге жолығудыұмыт қалдырғандарыңдай / естен шығарғандарындай / , Біз де бұл Күні сендерді ұмыт қалдырамыз. Сендердің орындарың От болады әрі сендерге көмектесушілер болмайды

[35] Бұл сендерге, Аллаһтың аят-белгілерін мазақ етіп күлгендіктерің әрі бұл өмірдің сендерді қызықтырып, алдап қойғандығы себепті болды», - делінеді. Енді бүгін олар ол жерден шығарылмайды әрі олардан / тәубеге келіп, Аллаһтың / ризалығын алу талап етілмейді

[36] Барлық мақтау - аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі әлемдердің Раббысы - Аллаһқа

[37] Аспандар мен жердегі ұлылық - Онікі. Әрі Ол бәрінен Үстем , аса Дана

Ахқаф

Surah 46

[1] Ха. Мим

[2] Бұл Кітап бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан түсірілген

[3] Біз аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын тек ақиқатпен және белгіленген бір мерзіммен жараттық. Ал, кәпірлер өздеріне ескертіліп, сақтандырылғаннан теріс бұрылуда

[4] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені / қай бөлігін / жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда / оны жаратуда / үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған / сөздеріңді растайтын / осыдан / Құраннан / алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», - деп

[5] Аллаһтан өзге, Қайта тірілу күніне дейін өзіне жауап бермейтіндерге жалбарынғаннан өткен адасушы кім бар? Әрі бұлар / табынған нәрселері / олардың дұға тілектерінен хабарсыз

[6] Ал, адамдар жиналған кезде / қайта тірілу күні / , бұлар / табынғандары / оларға / серік қосушыларға! жау болады және олардың өздеріне құлшылық еткенінен бас тартады

[7] Ал, қашан оларға / серік қосушыларға / анық аяттарымыз оқылған кезде, өздеріне келген ақиқатқа күпірлік еткендер / Аллаһқасенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр», -дейді

[8] Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан / келетін / ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар / Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді », - деп

[9] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен елшілердің алғашқысыемеспін және маған да, сендерге де не істелінетінін білмеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін әрі мен - бар болғаны анық ескертуші ғанамын», - деп

[10] Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл / Құран / Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер / мойындамасаңдар / әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға / Тәуратқа / куә болып, кейін / Құранға / сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», - деп

[11] Әрі сондай күпірлік етушілер / Құранды теріске шығарушылар / иманға келгендер жайлы: «Егер де ол / Құран / жақсылық болғанда, онда олар оған / сенуде / бізден озбас / оны алдын біз қабылдар едік / еді», - деді. Өздері онымен тура жол таппағандықтан: «Бұл ежелгі өтірік», - дейді

[12] Ал, бұдан / Құраннан / алдын жетекші әрі мейірім - Мұсаның кітабы болды. Ал бұл / Құран / - араб тілінде, / алдыңғы кітаптарды / растаушы, әділетсіздерді ескерту әрі жақсылықты ықыласпен істеушілерге қуанышты хабар ретінде / түсірілген / Кітап

[13] Анығында: «Раббымыз - Аллаһ» - деп, кейін тура жолды ұстанғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды

[14] Міне, осылар - жәннаттық. Олар істеп өткен амалдарының қайтарым сыйы ретінде, ол жерде мәңгі қалады

[15] Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны / құрсағында / ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы - отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс, разылық білдіруімді / және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым / тәубе еттім / . Мен - мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - дейді

[16] Міне, осылардың істеген барлық жақсы амалдарын қабыл етеміз және жамандықтарын кешіреміз, оларға берілген шын уәде бойынша олар жәннаттықтардан болады

[17] Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сен­дерден! Сен екеуің мені, / қабірден / шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі - хақ», - дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», - дейді

[18] Міне, солар - өздеріне, олардан ал­дын өткен жындар мен адамдар қауымына қатысты, / жаза туралы / Сөз хақ болғандар / тиетіндер / .Анығында, олар зиянға ұшыраушылардан болды

[19] Әрі оларға амалдарының қайтарымын толық беруі үшін әркімге істеген амалдарына сай дәрежелері болады. Әрі оларға әділетсіздік етілмейді

[20] Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген сол күні / Оларға /:«Сендер дүниелік өмірлерінде / берілген / жақсылықтарды ысырап еттіңдер және онымен рахаттандыңдар. Енді бүгін, құқықтарың болмаса да жер бетінде өздеріңді жоғары санағандықтарың және бұзықтықтарың / бойсұнбауларың / үшін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлайтын азап беріледі»,-делінеді

[21] Ей, Мұхаммед! / Ад елінің ағайынын / Һұдты / есіңе ал. Сол кезде ол Ахқафтағы еліне, өзінен бұрын және кейін өткен ескертушілер секілді: «Аллаһтан басқаға табынбаңдар! Мен сендер үшін ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп ескерткен еді

[22] Олар: «Сен бізді өз құдайларымыздан қайтару үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге қорқытқан нәрсеңді келтір», - деді

[23] Ол: «Шын мәнінде, білім - бір Аллаһта. Ал, мен сендерге өзіммен жіберілгенді ғана жеткіземін. Дегенмен, мен сендердің түсінбейтін / надан / ел екендіктеріңді көріп тұрмын», - деді

[24] Олар оны / жазаны / алқаптарына қарай / бұлт секілді / жайылып келе жатқанын көрген кезде: «Мына бұлт бізге жаңбыр әкеледі», - деді. «Олай емес! Ол өздерің тез болуын сұрағандарың - ішінде күйзелтуші азабы бар жел

[25] Ол Раббысының әмірі бойынша әрбір нәрсені қиратады!» Ал, таңертең олардың тұрақ жайларынан басқа ешнәрсе көрінбей қалды. Біз қылмыскер елдің қайтарым жазасын осылай береміз

[26] Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат / мүмкіншілік / бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес / жүректі / бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды

[27] Әрі Біз сендердің айналаларындағы елді мекендерді жойып жібердік және олардың / хақ дінге / қайтуы үшін белгі-дәлелдерді ашып түсіндірген едік

[28] Сонда олардың Аллаһтан өзге / Оған / жақындатады деп, құдайлар етіп алғандары Оларға неліктен көмектеспеді? Керісінше, олар бұлардан жоқ болып кетті. Міне, бұл - олардың өтіріктері және ойдан құрастырғандары

[29] Ей, Мұхаммед! / Әрі саған Құранды тыңдау үшін жындардың бір тобын жібердік. Сонда олар / жындар / оның / пайғамбардың / қасына келген кезде: «Тыңдаңдар», - десті. Ал ол / оқу / аяқталған кезде, олар / дінді қабылдаған жындар / елдеріне ескертуші / насихаттаушы / болып қайтты

[30] Олар: «Әй, біздің қауым! Біз шын мәнінде, Мұсадан кейін түсірілген, өзіне дейінгі болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бастайды

[31] Ей, біздің қауым! Аллаһтың шақырушысына / Мұхаммедке / жауап беріңдер және Оған сеніңдер, / сонда / Ол / Аллаһ / сендердің күнәларыңды кешіреді және сендерді күйзелтуші азаптан сақтайды

[32] Ал, кім Аллаһтың шақырушысына жауап бермесе, ол жер бетінде / Оны / әлсірете алмайды әрі оған Одан өзге құтқарушы, қамқоршы болмайды. Міне, солар - анық адасуда»,- деді

[33] Олар білмеді ме, аспандар мен жерді жаратқан әрі оларды жаратуда әлсіздік танытпаған Аллаһтың өлілерді де тірілтуге Күші жетуші екенін? Сөзсіз, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

[34] Әрі сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген күні / Оларға / : «Бүл ақиқат емес пе?», - делінеді. Олар: «Әрине, Раббымызбен ант етеміз!»,- дейді. Ол: «Қарсы келгендіктерің үшін енді азапты татыңдар», -дейді

[35] Ей, Мұхаммед / / Елшілерден ъазм иелері сабыр еткендей, сабыр ет және олар үшін / жазаны / тездетуді сұрама. Олар өздеріне уәде етіліп жатқанды көрген күні күндізден бір уақыт қана тұрғандай болады. Бұл / Құран / -бір жеткізу. Бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан басқасы жойылатын ба еді

Мұхаммед

Surah 47

[1] Күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / және / адамдарды / Аллаһтың жолынан бұрғандардың амалдарын Ол зая кетірді

[2] Ал, иманға келген және ізгі амал жасаған әрі Мұхаммедке түсірілгенге - бұл / Құран / олардың Раббысынан келген ақиқат сенгендердің, Ол жамандықтарын өшірді әрі жағдайларын түзелтті

[3] Мұның себебі, сондай күпірлік етушілердің / имансыздардың / жалғанға ілескендігі, ал иманға келгендердің өздерінің Раббысынан келген ақиқатқа ергендіктерінен. Аллаһ адамдарға, олардың мысалдарын осылай келтіреді

[4] Ал, қашан / соғыс майданында / күпірлік етушілермен / сендермен соғысушы кәпірлермен / кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер / тұтқындарды қамаңдар / ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге / аяқталғанға / дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін / осылай етті / . Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді

[5] Ол / Аллаһ / оларды тура жолмен жүргізеді және олардың жағдайларын түзетіп оңалтады

[6] әрі оларды Өзі сипаттап таныстырған Жәннатқа кіргізеді

[7] Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһқа көмек берсеңдер, Ол сендерге көмек береді және табандарыңды бекітеді

[8] Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / - оларға жойылу бар әрі Ол / Аллаһ / олардың барлық амалдарын зая кетіреді

[9] Бұл - олардың Аллаһтың түсіргенін жақтырмағандығы / жек көргендігі / себебінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етті

[10] Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Аллаһ оларды жойып жіберді. Кәпірлерге де сол секілді / болады

[11] Мұның себебі, иманға келгендердің Иесі, Қамқоршысы - Аллаһ, ал кәпірлердің қамқоршысы жоқ болғандығынан

[12] Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарғакіргізеді. Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / болса, олар / дүниеден / рахаттанып пайдаланады әрі малдардың қоректенгені секілді жеп-ішеді. Олардың тұрағы - От / тозақ

[13] Ей, Мұхаммед! / Сені қуып, шығарып жіберген кенттен де күш-қуаты мол, мықты қаншама елді мекенді Біз жойып жібердік. Оларға көмектесуші ешкім болмады

[14] Раббысынан анық дәлел үстінде болған біреу, өзіне ісінің жамандығы әдемі етіп көрсетілген және көңілқұмарлығына ергендер секілді бола ма

[15] Тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға! уәде етілген жәннаттың сипаты: ол жерде суы бұзылмайтын өзендер, дәмі айнымаған сүттен өзендер, ішушілерге ұнамды сусыннан өзендер және таза / қоспадан тазаланған / балдан өзендер бар. Оларға ол жерде әртүрлі жемістер бар әрі Оларға өздерінің Раббысынан кешірім болады. / Осылар / Отта мәңгі қалатын, сондай қайнап тұрған су ішкізіліп, ол ішектерін тіліп жіберетін біреулермен бірдей бола ма

[16] Әрі олардың / мұнафиқтардың! арасында сені тыңдайтындар бар. Алайда сенің алдыңнан шыққан кезде, олар білім берілгендерге / сахабаларға / : «Ол әлгінде не айтты?» - дейді. Міне, солар - жүректерін Аллаһ мөрлеп тастағандар әрі олар - көңіл құмарлығына ергендер

[17] Ал, тура жолды ұстанғандарға Ол / Аллаһ / туралықтарын / тура жолды ұстануын / арттырады әрі оларға тақуалықты / Өзінің жазасынан қорқып, сақтануды / береді

[18] Олар өздеріне кенеттен келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсенің келуін күтуде ме? Негізінде, оның / кейбір / белгілері келді. Ол / Сағат / өздеріне келген кезде, еске алу Оларға не береді

[19] Ей, Мұхаммед! / Біл, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Өзіңнің күнәң үшін және иманды ерлер мен иманды әйелдер үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің қозғалып, әрекет ететін орындарыңды және тұрақтайтын орындарыңды біледі

[20] Иманға келгендер: «Бір сүре түсірілмей ме?» - дейді. Ал, қашан анық бір сүре түсіріліп және онда соғыс туралы айтылса, жүрегінде дерті барлардың саған өлімнен қорқып есі кеткен біреудің қарағанындай қарайтынын көресің. Негізінде, Оларға көбірек лайықтысы

[21] бойсұну және жақсы соз еді. Шешім қабылданған кезде олардың Аллаһқа адал болуы өздері үшін қайырлы болар еді

[22] Ал, егер сендер теріс бұрылсаңдар, онда жер бетін бұзушы және туыстық байланысты үзушілерден боласыңдар

[23] Міне, бұлар - Аллаһтың лағнет еткендері / мейірімінен алыстатқандары / , сөйтіп / Ол / оларды керең әрі көздерін де соқыр қылды

[24] Олар Құранға зер салып қарамай ма? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма

[25] Ақиқатында, өздеріне тура жол анықталғаннан кейін арттарына қайтқандарға шайтан / имансыздықты / көркем етіп көрсетті әрі / өтірік үмітке! иландырды

[26] Бұлай болуы, олардың Аллаһтың түсіргенін жаман көрушілерге: «Біз кейбір істе сендерге бағынамыз», - деп айтқандығы себебінен. Аллаһ олардың не жасырғандарын біледі

[27] Періштелер олардың жандарын алғанда, беттері мен арқаларынан ұрғанда қалай болмақ

[28] Мұның себебі олардың Аллаһтың қаһарын шақыратын нәрселерге еруі және Оның ризалығын / Ол ұнатқан істерді / жаман көрулерінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын пайдасыз, бекер етті

[29] Сонда жүректерінде дерті барлар, Аллаһ олардың өшпенділігін ешқашан әшкерелемейді деп ойлады ма

[30] Ей, Мұхаммед! / Егер де қалағанымызда, Біз оларды саған көрсетіп, сен олар­ды белгілерінен / нышандарынан / танитын едің. Алайда сен оларды сөз әлпетінен / мағынасынан / танисың. Аллаһ сендердің істеріңді біледі

[31] Әрі Біз сендерді міндетті түрде, сынаққа ұшыратамыз - сендерден күресушілер және сабыр етушілер анықталғанға дейін әрі хабарларыңды да / сөздері мен амалдарыңды / сынаймыз

[32] Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар - Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етеді

[33] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар және амалдарыңды зая кетірмеңдер

[34] Анығында, сондай күпірлік еткен / иманға келуден бас тартқан / және өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарған, кейін кәпір күйлерінде өлгендерді Аллаһ ешқашан кешірмейді

[35] Босаңдық танытпаңдар және өздерің жоғары бола тұрып келісімге шақырмаңдар. Аллаһ сендермен бірге әрі Ол амалдарыңды ешқашан кемітпейді

[36] Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі - ойын және ермек қана. Егер иманға келсеңдер және тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , Ол сендерге сыйларыңды береді әрі Ол сендерден мал-дүниелеріңді сұрамайды

[37] Егер Ол сендерден оны сұрап, / тұтас берулеріңді / қатаң талап ететін болса, онда сендер сараңдық етіп әрі Ол сендердің іштеріңдегі қарсылықты / ашу-ызаны / әшкере етер еді

[38] Міне, сендер Аллаһтың жолында мал-дүние жұмсауға шақырылудасыңдар. Сендердің араларыңда сараңдық ететіндер бар. Ал, кім сараңдық етсе, өз-өзіне / өз зиянына / ғана сараңдық етеді. Аллаһ әл-Ғани / Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес / , ал сендер - мұқтажсыңдар. Егер сендер теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді басқа адамдармен алмастырады, содан кейін олар сендер секілді болмайды

Фәтх

Surah 48

[1] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Біз саған анық жеңіс бердік

[2] сөйтіп, сенің бұрынғы жіберген және кейінгі жаңсақтық, қателеріңді Аллаһ кешіріп, саған Өзінің игілігін толықтыруы және сені тура жолымен жүргізуі үшін

[3] әрі Аллаһтың саған ұлы көмекпен жәрдем беруі үшін

[4] Ол иманға келгендердің имандарын арттыру үшін олардың жүректеріне сакина / тыныштық / түсірді. Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана

[5] і/ Әрі бүл жеңіс / иманды ерлер мен иманды әйелдерді астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізуі және олардың жамандықтарын кешіру үшін. Бұл - Аллаһтың алдында ұлы табыс

[6] Әрі Аллаһқа байланысты жаман ой ойлаған мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерді және Аллаһқа серік қосушы ерлер мен серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін. Жамандық олардың өздеріне қайтады. Аллаһ оларға ашуланды, оларды лағнет етті және оларға Жаһаннамды дайындады. Ол баратын орын неткен жаман

[7] Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ өте Үстем , аса Дана

[8] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз сені куә етіп, қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп жібердік

[9] Аллаһқа және Оның Елшісіне сенулерің, әрі Оны ұлықтауларың және Оны құрметтеулерің, әрі Оны / Аллаһты / таңертең және кешке / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеулерің үшін

[10] Ей, Мұхаммед! / Негізінде саған серт беретіндер, шын мәнінде Аллаһқа серт береді. Аллаһтың қолы олардың қолдарының үстінде. Сонда кім / сертті / бұзса, өз зиянына бұзады. Ал, кім Аллаһқа берген сертін орындаса, Ол оған ұлы сый береді

[11] Бәдәуилердің ішіндегі қалып қойғандар саған: «Бізді мал-мүліктеріміз бен үй ішіміз ұстап қалды. Біз үшін кешірім тіле»,- дейді. Олар жүректерінде жоқ нәрсені тілдерімен айтады. Айт: «Егер Ол сендерге бір зиян қаласа немесе Ол сендерге бір пайда қалайтын болса, сендер үшін кім Аллаһтың алдында бірнәрсеге иелік ете алады?» Жоқ! Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[12] Керісінше, сендер Елші және иманға келгендер үй-ішіне ешқашан оралмайды деп ойладыңдар. Әрі бұл сендердің жүректеріңде көркем етіліп көрсетілді. Сендер жаман ой ойладыңдар әрі жойылуға ұшырайтын топ болдыңдар

[13] Кім Аллаһқа және Оның елшісіне сенбесе, Біз анығында, кәпірлер үшін Саъирді дайындадық

[14] Аспандар және жердің билігі Аллаһта. Ол кімді қаласа кешіреді, әрі кімді қаласа азаптайды. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[15] Сендер олжа алу үшін жорыққа шыққандарыңда / соғысқа шықпай / қалдырылғандар: «Бізді жіберіңдер, сендерге ерейік», - дейді. Олар Аллаһтың сөзін өзгертуді қалайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер бізге ешқашан ермейсіңдер. Аллаһ сендерге қатысты бұрын осылай деген», - деп. Сонда олар: «Жоқ, сендер бізден қызғанып тұрсыңдар», - дейді. Анығында, олар аз ғана түсінеді

[16] Ей, Мұхаммед! / Бәдәуилерден қалдырылғандарға айт: «Сендер жақында бір күшті елге қарсы шақырыласыңдар. Олармен не соғысасыңдар, не олар бойсұнады. Егер сендер / Аллаһтың бұйрығына / бағынсаңдар, Аллаһ сендерге көркем сый береді. Ал, егер бұрын теріс бұрылғандарың сияқты теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен жазалайды», - деп

[17] Соқырға күнә емес, ақсаққа да күнә емес және ауруға да / соғысқа қатыспағаны / күнә емес. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Ал, кім теріс бұрылса, оны күйзелтуші азапқа ұшыратады

[18] Ей, Мұхаммед! / Саған имандылар, ағаш түбінде серт берген кезде, Аллаһ олардан разы болды. Ол / Аллаһ / олардың жүректеріндегіні білді, әрі олардың үстінен сакина / тыныштық / түсірді және оларды жақын бір жеңіспен марапаттады

[19] және олар алатын көп олжалармен де. Әрі Аллаһ өте Үстем, аса Дана

[20] Аллаһ сендерге өздерің алатын көп олжаларды уәде етті және оны сендерге берілуін тездетті әрі адамдардың қолдарын сендерден тосты. Ол мұны имандыларға бір белгі болуы үшін және сендерді тура жолға салуы үшін / жасады

[21] Сондай-ақ, әлі шамаларың келмеген басқа да нәрселер бар. Аллаһ оларды қоршап қойған әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алу­шы

[22] Ал, егер күпірлік етушілер / иманға келмегендер / сендермен соғысса, артқа бұрылып қашар еді, содан кейін олар қамқоршы да, көмектесуші де таппайды

[23] Бұл бұрыннан келе жатқан Аллаһтың бекіткен жолы. Аллаһтың бекіткеніне ешбір өзгеріс таппайсың

[24] Ол Мекке жазығында сендерді олардан үстем еткеннен кейін олардың қолдарын сендерден, ал сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

[25] Олар - күпірлік еткендер / Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы шыққандар / , әрі сендерді әл-Харам мешітінен және құрбандық малдарын сойылатын орнына жетуден тосқандар. Егер де сендер өздерің білмеген иманды ерлер мен иманды әйелдерді таптап кетіп, білместікпен обалына / күнәға / қалмайтын болмағандарыңда еді, алайда Аллаһ қалағандарын Өзі мейіріміне ендіруі үшін / осылай істеді / . Егер де олар бір-бірінен / ерекшеленіп / бөлінгенде, олардан күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / күйзелтуші азапқа душар етер едік

[26] Күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігіне қарсы шьщцандар/ өз жүректеріне қайнаған ыза-кекті - жәһилият кезінің ыза-кегін кіргізген кезде, Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және имандылардың үстінен сакинасын / тыныштығын / түсірді, әрі оларға тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылық / сөзін айрылмас / тұрақты / етті. Олар бұған хақылы әрі лайықты еді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші

[27] Аллаһ Өз Елшісінің көргенін / түсін / ақиқатпен растады. Аллаһ қаласа, сендер әлбетте әл-Харам мешітіне қауіпсіз түрде, шаштарыңды қырған не қысқартқан күйі қорықпай кіресіңдер. Ол сендер білмегенді білді әрі алдын ала жақын бір жеңіс белгіледі

[28] Ол - Өз елшісін / тура жолды ұстану үшін / басшылықпен және хақ дінмен, оны / ислам дінін / діндердің барлығынан үстем ету үшін жіберді. Аллаһ - бәріне куә / Шәһид / ретінде жеткілікті

[29] Мұхаммед - Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаң, ал бір-біріне мейірімді. Оларды рукуғ жасаған / намазда иілген / , сәжде еткен, Аллаһтан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың белгілері - жүздеріндегі сәжделердің эсері. Олардың Тәураттағы сипаты осындай. Ал, олардың Інжілдегі мысалы - тұқымнан бүршіктеніп шығып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрып, егіншілерді сүйсіндіретін егін сияқты. / Бұл / кәпірлерді олармен ызаландыру үшін. Аллаһ олардың ішінен иманға келген әрі ізгі амал жасағандарға кешірім және ұлы сый / жәннат / уәде етті

Хұжурат

Surah 49

[1] Ей, иманға келгендер! Аллаһтың және Оның елшісінің алдын орамаңдар. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші

[2] Ей, иманға келгендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысынан жоғарыкөтермеңдер және оған бір-біріңе дауыстарыңды көтеріп сөйлейтіндей дауыстап сөйлемеңдер, әйтпесе амалдарың өздерің сезбеген күйде зая болып кетеді

[3] Аллаһ елшісінің алдында дауыстарын бәсеңдететіндер - міне, солар, Аллаһ жүректерін тақуалық үшін / Раббысының жаза­сынан қорқып, сақтануларына / сынаққа алғандар. Оларға кешірім әрі ұлы сый бар

[4] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сені бөлмелердің сыртынан айқайлап шақыратындардың көбі ақылдарын істетпейді

[5] Ал, егер олар сен шыққанға дейін сабыр етсе, бұл өздері үшін қайырлы болар еді. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

[6] Ей, иманға келгендер! Егер сендерге бір бұзық / бойсұнбаушы / қандай да бір хабар әкелсе, білместікпен адамдарды айыптап / тиісіп / , істегендеріңе өкініп қалмауларың үшін анықтап алыңдар

[7] Әрі біліңдер, сендердің араларыңда Аллаһтың Елшісі бар. Егер де ол сендерге көп істе бағынатын болса, өздерің қиналып қалатын едіңдер. Бірақ, Аллаһ сендерге иман­ды сүйікті етті және оны жүректеріңде көркем етті, әрі сендерге күпірлікті / имансыздықты / , бұзықтықты / үлкен және кіші күнәларды / және бойсұнбауды жек көрсетті. Міне, бұлар - тура жолмен жүрушілер

[8] Аллаһтың кеңшілігі және игілігі арқасында. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана

[9] Егер имандылардан екі топ бір-бірімен соғысса, олардың арасын жарастырыңдар. Егер де біреуі екіншісіне қарсы шектен шықса, онда шектен шыққанымен, олардың Аллаһтың әміріне қайтқанына дейін соғысыңдар. Ал егер қайтса, олардың арасын әділдікпен түзетіңдер және бір жағына тартпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді

[10] Ақиқатында, имандылар - бауырлар / аға-інілер / . Сондықтан екі бауырдың арасын түзетіңдер. Әрі өздеріңе мейірім етілуі үшін Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар

[11] Ей, иманға келгендер! Бір топ / бір адамдар / басқа бір топты / адамдарды / келемеж етпесін, / адамдар бір-бірінің үстінен күлмесін / ,бәлкім олар бұлардан қайырлы шығар. Сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерді / келемеж етпесін / , бәлкім олар да бұлардан қайырлы шығар. Әрі өздеріңді-өздерің кемсітпеңдер және жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер. Иманға келгеннен кейін бұзық ат тағу өте жаман! Ал кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпаса / тәубеге келмесе / , міне, солар - әділетсіздер

[12] Ей, иманға келгендер! Дәлелсіз / жорамал / ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың / күмәнның / кейбірі - күнә. Сондай-ақ бір-біріңді аңдымаңдар, әрі бірің өзгелеріңнің сыртынан ғайбаттамасын / ол естіген кезде жақтырмайтын сөз айтпасын / . Сендерден біреу өлген бауырының етін жеуді ұната ма? Әрине, сендер оны жек көресіңдер. Әрі Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімді

[13] Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық. Анығында, Аллаһтың алдындағы сендердің ең құрметтілерің - тақуаларың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарың / . Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар

[14] Бәдәуилер: «Біз иманға келдік / сендік / »,- деді. Айт: «Сендер иманға келмедіңдер / жетпедіңдер / . Алайда: «Бойсұндық», - деп айтыңдар. Ал иман сендердің жүректеріңе әлі кірмеді. Егер Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнсаңдар, Ол сендердің амалдарыңнан ешнәрсені кемітпейді. Ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді», - деп

[15] Имандылар / мүміндер / - олар Аллаһқа және Оның елшісіне сеніп, одан кейін күмәнданбағандар, әрі мал-дәулеттері және жандарымен Аллаһтың жолында күрескендер. Міне, осылар - нағыз шын сөзділер

[16] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ аспандар мен жердегі нәрселерді біліп тұрғанда, сендер Аллаһқа өздеріңнің діндерің жайлы білдірмекшісіңдер ме? Аллаһ - барлық нәрсені Білуші», - деп

[17] Ей, Мұхаммед! / Олар бойсұнғандықтарын / исламды қабылдағандарын / саған міндетсінеді. Айт: «Бойсұнғандықтарыңды / мұсылман болғандарыңды / маған міндетсінбеңдер. Анығында, егер шын сөзді болсаңдар, сендерді Аллаһ иманға алып келумен өздеріңе игілік етуде», - деп

[18] Ақиқатында, Аллаһ аспандардың және жердің құпиясын біледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды толық Көруші

Қаф

Surah 50

[1] Қаф. Ұлы дәрежелі Құранмен ант етемін

[2] Иә, олар өз араларынан бір ескертуші келгеніне таң қалды әрі кәпірлер: «Бұл - бір таңқаларлық нәрсе екен

[3] Біз өліп, топыраққа айналған кезімізде ме? Бұл қайту - ұзақ / мүмкін емес / », - деді

[4] Біз олардан / мүрделерінен / жердің нені кемітіп жатқанын білеміз, әрі Біздің алдымызда сақтаушы Кітап бар

[5] Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде оны өтірік деді, ал енді олар сасқалақтап абыржуда

[6] Олар үстеріндегі аспанға назар салмай ма? Оны қалай құрғанымызға және безендіргенімізге? Онда бір сызат / жарықшақ / жоқ

[7] Әрі жерді жайып және оған берік орналасқандарды / тауларды / тастадық / орнаттық / , әрі онда барлық көркем түрлерден өсірдік

[8] мұны әрбір Раббысына әрдайым қайтушы құлға көрнекі белгі етіп және есіне салу / ғибрат / үшін істедік

[9] Аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік

[10] әрі қауашақтары шоғырланған ұзын құрмаағаштарын да

[11] құлдарға ризық ретінде. Әрі ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. / Қабірлерден / шығу да осылай болады

[12] Олардан бұрын Нұхтың елі, ар-Рас тұрғындары / құлық иелері / және Сәмұдтықтар / елшілерін / өтірікші санады

[13] Әрі Ад елі, Фиръаун және Лұттың ағайындары да

[14] Әйке тұрғындары мен Туббаъның елі де. Барлығы елшілерді өтірікші санады, сонда Менің / жазамен / қорқытуым шындыққа айналды / орындалды

[15] Біз алғашқы жаратқанда әлсіз болдық па? Жоқ! Алайда олар жаңадан жаратуға / қайта тірілтуге / қатысты күмәндануда

[16] Ақиқатында, адамды Біз жараттық және оған оның жаны не деп сыбырлағанын / уәсуәса еткенін / білеміз. Әрі Біз оған күре тамырынан да жақынбыз

[17] Міне, / әрбір адамның / оң жағынан және сол жағынан екі тіркеп / жазып / алушы отыр

[18] Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар

[19] Әрі өлім арпалысы / жан шығатын кездегі қиыншылық / ақиқатпен келеді. Сен қаламай қашқақтап келген нәрсең - міне осы

[20] Әрі Сүр үріледі. Бұл - уәде етілген / ескертілген / Күн

[21] Сонда әрбір жан бір айдаушымен және куәгермен бірге келеді

[22] «Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір, -деп әрбір сенбеушіге үнделеді

[23] Әрі оның қасында бірге болған / періште / : «Міне, мынау мендегі дайындағаны», -дейді

[24] «Екеуің ақиқатқа қасарысқан әрбір кәпірді Жаһаннамға тастаңдар

[25] жақсылыққа кедергі жасаған, шектен шыққан және күмән келтіргенді

[26] сондай, Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алғанды. Оны қатты азапқа тастаңдар», -делінеді

[27] Оның серігі: «Раббымыз! Мен оны күнәға батырып адастырған жоқпын, керісінше оның өзі ұзақ адасуда болды», - дейді

[28] Ол / Аллаһ / : «Менің алдымда дауласпаңдар. Мен сендерге алдын ала ескерткенмін

[29] Менің алдымда сөз өзгертілмейді әрі Мен құлдарға әділетсіздік етуші емеспін», -дейді

[30] Сол күні Біз Жаһаннамға: «Толдың ба?» - дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» - дейді

[31] Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жәннат жақындатылып, / олардан / алыс болмайды

[32] Міне, осы сендерге - әрбір әрдайым Раббысына қайтушыға, сақтаушыға уәде етілген нәрсе

[33] сондай әр-Рахманнан көрмей-ақ, құпия түрде қорыққанға әрі әрқашан Раббысына бұрылған жүрекпен келгенге

[34] «Оған / жәннатқа / амандықпен кіріңдер! Міне, бұл - мәңгілік Күні

[35] Оларға ол жерде қалаған нәрселері бар, ал Бізде және қосатынымыз бар

[36] Біз олардан / Мекке кәпірлерінен / бұрын қаншама халықты жойып жібердік. Олардың күш-қуаты бұларға қарағанда мықты әрі көп елдерді шарлаған еді. Оларға қашатын / құтылатын / жер болды ма

[37] Ақиқатында, Мұнда жүрегі барға немесе естігенін қабылдағанға еске салу / ескерту / бар

[38] Біз аспандарды және жерді, әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жараттық және Бізге шаршау тимеді

[39] Ей, Мұхаммед! / Сен олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі күн шығардан алдын және күн батардан бұрын Раббыңды мақтап, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

[40] және түннің бір бөлігінде және сәжделердің / намаздардың / артында да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

[41] Әрі шақырушы сол күні жақын жайдан шақырғанда тыңда

[42] Сол күні олар сайханы анық естиді. Міне, бұл - Шығу күні

[43] Анығында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз, әрі қайту - Бізге

[44] Сол күні жер жарылып, олар асыққан күйде болады. Бүл жинау Бізге оңай

[45] Ей, Мұхаммед! / Біз олардың не айтып жатқандарын жақсы білеміз, ал сен оларға мәжбүрлеуші емессің. Менің ескертуімнен қорқатындарға Құран арқылы еске сал / насихат ет

Зарият

Surah 51

[1] Ұшырып жіберушілермен ант етемін

[2] Әрі жүкті көтерушілермен

[3] және жеңіл жүзушілермен

[4] әрі / Аллаһтың / әмір еткендерін үлестірушілермен

[5] Анығында, сендерге уәде етілген нәрсе - шындық

[6] Әрі есепке тарту міндетті түрде болады

[7] Жүретін жолдары бар аспанмен ант етемін

[8] Негізінде, сендер қарама-қайшы сөздесіңдер

[9] Одан / Құраннан / бұрылғандар бұрып жіберіледі

[10] Өтірікшілер / анық білмейтін нәрселер жайлы сөйлейтіндер / жойылсын

[11] сондай, / имансыздық пен адасудың / ұйығында қаперсіздікте жүргендер

[12] Олар: «Есеп күні қашан болады», - деп сұрайды

[13] Ол күні олар Отта азапталады

[14] «Азаптарыңды татыңдар! Сендер асықтырған / тез болуын сұраған / нәрсе - осы»

[15] Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында

[16] өздеріне Раббысының бергенін алады. Анығында, олар бұдан алдын жақсылықты ықыласпен істеуші еді

[17] Олар түннің аз ғана бөлігін ұйықтайтын

[18] ал сахарда кешірім тілейтін еді

[19] Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар

[20] Әрі айқын сенушілер үшін жерде белгі-дәлелдер бар

[21] және сендердің өздеріңде де. Көрмейсіңдер ме

[22] Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар

[23] Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл - сендердің / сөз / сөйлеулерің секілді ақиқат

[24] Ей, Мұхаммед! / Саған Ибраһимның құрметті қонақтары жайлы хабар келді ме

[25] Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» / бейбітшілік болсын! / - деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм / амандық болсын / , ей, бейтаныс адамдар!» - деді

[26] Ол ақырын әйеліне шығып, әзірленген бір семіз бұзау әкелді

[27] Оны Оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» - деді

[28] Сонда ол олардан / қауіптеніп / қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», - деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі

[29] Ал, оның әйелі дауыстап, бетін ұрып: «Бедеу кемпір ме?» - деді

[30] Олар / періштелер / : «Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді

[31] Ол: «Әй, елшілер, не шаруаменкелдіңдер?» - деді

[32] Олар: «Біз қылмыскер елге жіберілдік

[33] оларға лайдан / жасалған / тас жаудыру үшін

[34] шектен шыққандарға Раббың тарапынан белгіленген», - деді

[35] Біз ол жерден имандыларды шығардық

[36] Алайда, біз ол жерде бір үйден басқа мұсылмандарды / бойсұнушыларды / таппадық

[37] Әрі ол жерде күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін белгі қалдырдық

[38] Мұсада да / белгілер бар /. Сол кезде оны Фиръаунға анық дәлелмен жібердік

[39] Бірақ ол айналасындағылармен бірге теріс бұрылды және: «Бұл - сиқыршы не жын соққан», - деді

[40] Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық / жазаладың / және оларды теңізге тастадық. Ол / Фиръаун / айыпталуға лайықты болды

[41] Ад елінде де. Сол кезде оларға / пайдасы жоқ / зиянды желді жібердік

[42] Ол тиген нәрсесін аман қалдырмай, оны үгіндіге айналдырады

[43] Сәмұд елінде де. Сол кезде оларға: «Бір уақытқа дейін пайдаланыңдар», - делінді

[44] Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді

[45] Сонда олар тұруға шамалары келмей қалды әрі қорғана да алмады

[46] Бұдан бұрын Нұхтың елін де / жойдық / . Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді

[47] Біз аспанды құдіретімізбен құрдық әрі Біз кеңейтушіміз

[48] Ал жерді жайып қойдық. Біз қандай жақсы жаюшымыз

[49] Әрі сендердің еске алуларың / ғибраттануларың / үшін Біз әрбір нәрсені жұбымен жараттық

[50] Ей, Мұхаммед! / : «Аллаһқа қарай қашыңдар / пана іздеп ұмтылыңдар / . Анығында, мен - сендерге Одан / жіберілген / анық ескертушімін

[51] Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», - деп айт

[52] Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», - деді

[53] Олар бұл сөзді бір-біріне өсиет етіп қалдырды ма? Жоқ, олай емес! Олар шектен шыққан ел

[54] Ей, Мұхаммед! / Олардан теріс бұрыл, сен жазғырылмайсың

[55] Алайда естеріне сал, өйткені еске салу - имандыларға пайдасын тигізеді

[56] Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. / Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым

[57] Мен олардан ешбір ризық / несібе, үлес / қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын

[58] Ақиқатында, Аллаһ Ризық беруші, күш-қуат Иесі, өте Мықты

[59] Анығында, әділетсіздік еткендерге / алдыңғы өткен осы ұстанымдағы / өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын / тез болуын сұрамасын

[60] Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / өздеріне уәде етілген Күннен қасірет бар

Тур

Surah 52

[1] Турмен ант етемін

[2] әрі жазылған Кітаппен

[3] жайылған жұқа нәрсеге / жұқа теріге, қағазға

[4] Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді)

[5] және биік көтерілген шатырмен

[6] және көтерілген теңізбен ант етемін

[7] Раббыңның жазасы / азабы / міндетті түрде түседі

[8] оны қайтарушы жоқ

[9] Ол күні аспан теңселіп шайқалады

[10] ал таулар қозғалып жылжиды

[11] Сол күні / Аллаһты әрі Оның Елшісін / өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады

[12] сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге

[13] Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі

[14] Оларға / : «Міне, осы - сендер өтірік санап келген От

[15] Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма

[16] Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да - сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», - делінеді

[17] Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді

[18] олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады

[19] Оларға: / «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» - делінеді

[20] Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді / хурларды / қосамыз

[21] Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының / амалының / тұтқыны

[22] Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді / ет тағамдарын / қосамыз

[23] Ол жерде олар / сусын / толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды

[24] Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді

[25] Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады

[26] Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік

[27] Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады

[28] Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр / аса Игі / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / »,- дейді

[29] Ей, Мұхаммед! / Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің

[30] Не болмаса олар: «Ол - ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», - дейді

[31] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», - деп

[32] Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма

[33] Әлде олар: «Ол оны / Құранды / ойдан шығарды», - дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді

[34] Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас / Құран секілді / хабар келтірсін

[35] Немесе олар еш нәрсесіз / өздігінен / жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма

[36] Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты / айқын / сенбейді

[37] Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма

[38] Әлде олардың / көтеріліп / тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін

[39] Немесе қыздар - Аллаһтікі, ал ұлдар - сендердікі ме

[40] Ей, Мұхаммед! / әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма

[41] Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма

[42] Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы шыққандардың / өздері ілінеді

[43] Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ - олардың қосқан серіктерінен пәк

[44] Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл - шоғырланған бұлт», - дейді

[45] Ей, Мұхаммед! / Енді оларды, өздерінің жойылатын / қайта тірілу / күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр

[46] Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді

[47] Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді

[48] Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың / қорғауымыздасың / . Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

[49] Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

Нәжм

Surah 53

[1] Батып / көрінбей / бара жатқан жұлдызбен ант етемін

[2] Ағайындарың адаспады және жолдан ауытқымады

[3] Әрі ол өз ойынан сөйлемейді

[4] Бұл - тек білдірілген уахи ғана

[5] Оны оған орасан күшті үйретті

[6] бітімі келіскен. Кейін ол тұрды

[7] ең жоғарғы көкжиекте

[8] Содан кейін ол жақындап, төмендеді

[9] әрі ол екі садақ арасындай немесе одан да жақын болды

[10] Сонда ол Оның / Аллаһтың / құлына Ол / Раббысы / уахи еткенін білдірді

[11] Ал, жүрегі оның көргенін жалғанға шығармады

[12] Сендер оның көргені жайлы, онымен тартысасыңдар ма

[13] Әрі ол оны басқа бір түскенінде де көрді

[14] соңғы шектегі Сидрдің жанында

[15] Оның қасында Маъуа жәннаты бар

[16] Сол кезде Сидраны (Бұл аса ұлы Аллаһқа ғана мәлім нәрсе) қаптайтын нәрсе қаптады

[17] Оның көзі одан аумады да әрі шектен де аспады

[18] ол, анығында, Раббысының белгілерінен ең үлкендерін көрді

[19] Сендер Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме

[20] Әрі басқасын, үшіншісі - Манатты

[21] Сендердікі ер, ал әйелдер Онікі ме

[22] Бұл онда - әділетсіз бөліс

[23] Олар / пұттар / бар болғаны өздерің және аталарың қойған құр есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірген жоқ. Оларға / мүшріктерге / Раббысынан тура жол келсе де олар жорамалдарына және жандары ғана ереді

[24] Әлде адамға қалағаны бола бере ме

[25] Соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / , алғашқы да / осы өмір де! -Аллаһтікі

[26] Аспандардағы қаншама періштенің ара түсуі / шапағаты / ешқандай пайда бермейді, егер тек Аллаһ Өзі қалаған және разы болғандар үшін рұқсат бермейінше

[27] Анығында, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер періштелерді әйелдерге тән аттармен атайды

[28] Алайда, оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар бос ой, болжамдарына ғана ереді. Ал, анығында - болжам ақиқаттың орнын баспайды

[29] Ей, Мұхаммед! / Біздің Еске салуымыздан / Құраннан / сырт айналғандардан және осы дүниедегі өмірден басқаны қаламағандардан теріс бұрыл

[30] Олардың білімінің жеткен жерлері - міне, осы. Ақиқатында, Раббың Өзінің жолынан адасқанды жақсы біледі әрі Ол тура жолдағыны да жақсы біледі

[31] Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, - Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін

[32] тек кішігірім күнәлардан басқа, сондай күнәнің үлкендерінен және жиіркенішті істерден аулақ болатындарға. Анығында, Раббыңның кешірімі кең. Ол сендерді / Адам атаны / жерден пайда еткенде әрі сендер аналарыңның құрсағында болған кездеріңде жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді ақтамаңдар. Ол тақуа болғандарды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жақсы біледі

[33] Теріс бұрылғанды көрдің бе

[34] аз берген және сараңдық еткенді

[35] Онда ғайып жайлы білім бар ма, ол көретіндей

[36] Әлде оған Мұсаның жазбаларындағы / оған түскен сухуфтарда / хабар айтылмады ма

[37] және / бұйырылғанды / толық орындаған Ибраһимнің де / сухуфтарындағы

[38] ешбіреу басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейтіні

[39] әрі адамға өзі ұмтылып істеген амалынан басқа ешнәрсе болмайтыны / тек өз амалына сай алатыны

[40] әрі оның ұмтылыс-амалы ғана көрсетілетіні, / қайта тірілу күні алдынан шығатыны

[41] кейін оған / істерінің / қайтарымы толығымен берілетіндігі

[42] және соңғы шек / қайту / - Раббыңа екендігі жайлы

[43] Әрі күлдіретін де, жылататын да - Ол

[44] және өлтіріп, тірілтетін де Ол екендігі

[45] Әрі Оның жұпты - ер және ұрғашыны жаратқандығы

[46] атылып шығатын тамшыдан

[47] және басқа / ақиреттегі / жарату да Оған тән екендігі

[48] Әрі Ол - байлық беруші және қанағаттандырушы

[49] және Ол Шиъраның / Сириус жұлдызының / Раббысы екендігі жайлы

[50] Әрі Ол алдыңғы Ад елін жойғаны

[51] және Сәмұд елін де жойып ешкімді қалдырмағандығы жайында

[52] ал, одан бұрын Нұхтың елін де / жойғандығы жайлы / . Анығында, олар өте әділетсіз әрі шектен шыққандар еді

[53] Әрі Ол төңкеріліп түскен елді де құлатты

[54] сонда оны жапқан нәрсемен жапты

[55] Енді Раббыңның қай игілігіне күмән келтіресің

[56] Бұл - алдыңғы ескертушілер қатарындағы бір ескертуші

[57] Жақындап келе жатқан жақындады

[58] оны Аллаһтан өзге қайтарушы жоқ

[59] Ал, сендер бұл Сөзге / Құранға / таң қаласыңдар ма

[60] әрі күлесіңдер де жыламайсыңдар ма

[61] қаперсіздікте болған күйлеріңде

[62] Енді Аллаһқа сәжде етіңдер және құлшылық қылыңдар

Қамар

Surah 54

[1] Сағат / Қайта тірілу күні / жақындады және ай бөлінді

[2] Егер олар Аллаһтың бір белгісін көрсе де, теріс бұрылады да: «Күшті сиқыр», - дейді

[3] Әрі олар өтірікке шығарды және көңіл құмарлықтарына ерді. Әрбір істің өз орны / уақыты / бар

[4] Ақиқатында, оларға тыйымдарды / ескертулерді / қамтыған хабарлар келді

[5] Кемел, даналыққа толы / хабарлар / . Бірақ ескерту / имансызға / не пайда бермек

[6] Ей, Мұхаммед! / Енді олардан теріс бұрыл. Шақырушы / сүр үрлеуші / қиын бір нәрсеге шақырған күні

[7] олардың көздері қорлана жасыған күйде, бытырап жайылған шегірткелер секілді қабірлерден шығады

[8] шақырушыға қарай асыққан күйлерінде. кәпірлер: «Бұл - ауыр күн!» - дейді

[9] Олардан бұрын Нұхтың елі де өтірікке шығарған еді. Сөйтіп олар құлымызды / Нұхты / жалғаншыға шығарды және: «Жын қаққан», - деп жәбірлеп, тыйым салды

[10] Сонда ол Раббысына: «Мен жеңілдім, маған көмек бер!» - деп дұға қылды

[11] Біз аспан қақпаларын құйылған сумен аштық

[12] және жерді жарып, бұлақтарды шығардық. Солай етіп сулар белгіленген іс үшін қосылды

[13] Сонда оны тақтайлар мен дусурдан құралғанға / кемеге / мінгіздік

[14] Ол / кеме / Біздің көз алдымызда жүзеді, / елі / күпірлік еткенге / теріске шығарғанға / қайтарым сый ретінде

[15] Біз оны белгі-ғибрат етіп қалдырдық. Енді еске алушы бар ма

[16] Менің азабым әрі ескертуім қалай болды

[17] Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма

[18] Ад елі / елшілерді / өтірікші санады. Сонда Менің азабым мен ескертуім қалай болды

[19] Біз оларға жамандығы жалғасқан күні суық жел жібердік

[20] Ол адамдарды опырылған құрма ағаштарындай жұлып әкетеді

[21] Менің азабым мен ескертуім қалай болды

[22] Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма

[23] Сәмұд елі ескертуді өтірік санады

[24] Олар: «Біз өз арамыздағы бір адамға ереміз бе? Онда біз әлбетте адасуда және ессіздікте боламыз

[25] Ескерту / уахи / біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», - деді

[26] Олар ертең-ақ шектен шыққан өтірікшінің кім екенін біледі

[27] «Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да / не істейтіндерін күтіп / сабыр ет

[28] Оларға судың араларында бөлінгенін хабарла. Әркімге су алу / кезегі / белгіленген»

[29] Сонда олар серіктерін шақырып, ол оны / түйені / ұстап тірсегін қиды, / сойып өлтірді

[30] Сонда Менің азабым әрі ескертуім қалай болды

[31] Біз оларға бір ғана сайха жібердік те, олар қора салушының кепкен қоқым шөбі секілді жапырылып қалды

[32] Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма

[33] Лұттың елі насихат, ескертуді өтірік санады

[34] Біз оларға, тас жаудырған қатты жел жібердік. Тек Лұттың үй-ішінен басқасына. Ал, оларды сахарда / таң алдында / құтқардық

[35] Бізден болған игілікпен. Біз игіліктерімізге алғыс білдіргеннің / шүкір еткеннің / қайтарым сыйын осылай береміз

[36] Ол / Лұт / оларға Біздің ұстауымызды / азапқа тартуымызды / ескерткен еді, бірақ олар ескертуден күмәнданды

[37] Олар одан қонақтарын / беруді / талап етті, сонда Біз олардың көздерін тегіс еттік. Енді Менің азабым мен ескертуімді татыңдар

[38] Оларға ерте таңда бекітілген азап келді

[39] Оларға: / «Енді Менің азабым мен ескерткенімді көріңдер!» - делінді

[40] Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма

[41] Әрі фиръаундықтарға да ескерту келген еді

[42] Олар Біздің белгілеріміздің барлығын өтірік санады. Сонда Біз оларды бәрінен Үстем, бәріне Күші жетушінің ұстауымен ұстадық

[43] Сендердің кәпірлерің солардан артық па? әлде сендер үшін кітаптарда кепілдік бар ма

[44] Әлде олар: «Біз - үстем бір топпыз», дей ме

[45] Жақында бұл топ / мүшріктер / жеңіледі де арттарына бұрылып қашады

[46] Күмәнсіз, Сағат / Қайта тірілу / - оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат - өте ауыр, мүлдем ащы

[47] Анығында, қылмыскерлер адасуда және ессіздікте

[48] Сол күні олар Отқа беттерімен сүйретіледі. / Оларға: / «Сақардың ұстауын татыңдар!» - делінеді

[49] Ақиқатында, Біз әрбір нәрсені алдын ала белгілегеніміз бойынша жараттық

[50] Біздің бұйрығымыз көздің бір нәрсеге түскен сәтіндей ғана

[51] Әрі Біз өздерің секілділерді жойып жібердік. Енді еске алушы бар ма

[52] Олардың істеген барлық нәрселері кітаптарда

[53] әрбір кішісі де, үлкені де - жазулы

[54] Анығында, тақуалар / Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтанушылар / / Жәннаттағы / бақтар мен өзендер арасында

[55] барлық нәрсені Жасай алушы Үкім иесінің алдындағы ақиқат мекенінде

Рахман

Surah 55

[1] әр-Рахман / аса Қайырымды

[2] Құранды үйретті

[3] адамды жаратты

[4] оған түсіндіріп жеткізуді үйретті

[5] Күн мен ай есеппен / қозғалады

[6] және жұлдыздар мен өсімдіктер сәжде етеді

[7] Әрі Ол аспанды көтерді және таразыны орнатты

[8] таразыда шектен шықпауларың үшін

[9] Өлшеуді де туралықпен орындаңдар және таразыда кемітпеңдер

[10] Әрі Ол, жерді жаратылғандар үшін орнатты

[11] Онда жемістер және қауашақты құрма ағаштары бар

[12] және дәнді дақылдар, хош иісті шөптер бар

[13] Сонда сендер / адамзат пен жын / , өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[14] Ол адамды / Адам атаны / қыш / құмыра / секілді құрғақ лайдан жаратты

[15] Ал жынды оттың жалынынан жа­ратты

[16] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер

[17] Ол - екі шығыстың Раббысы әрі екі батыстың Раббысы

[18] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[19] Ол бір-бірімен кездесетін екі теңізді қосты

[20] Ол екеуінің арасында, екеуі бір-біріне өтіп, араласа алмайтын кедергі бар

[21] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[22] Ол екеуінен інжу және маржан шығады

[23] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер

[24] Теңізде көтерілген тау секілді жүзетіндер / кемелер / Оның иелігінде

[25] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[26] Оның / жердің / үстіндегілерінің барлығы да өтеді

[27] ал ұлылық пен кеңшілік Иесі болған Раббыңның дидары мәңгі қалады

[28] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[29] Аспандардағы және жердегілер Одан / Аллаһтан / тілейді. Ол әр күні іс үстін /іспен шұғылдануда

[30] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[31] Жақында / Есеп күні / сендермен айналысамыз, ей, екі ауыр топ

[32] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[33] Ей, жын мен адамзат тобы! Аспандар мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Тек, бұйрық арқылы болмаса, өте алмайсыңдар

[34] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер

[35] Сендерге оттан жалын және түтін жіберіледі, сендер қорғана алмай қаласыңдар

[36] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[37] Аспан жарылып, қызыл тері сияқты болған кезде

[38] сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[39] Сол күні адамдар да, жындар да күнәсі жайлы сұралмайды

[40] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[41] Қылмыскерлер белгілерінен танылып, кекілдері мен аяқтарынан ұсталады

[42] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[43] Қылмыскерлер өтірікке шығарған Жаһаннам (Тозақ) - осы

[44] Олар оның / тозақ отының / және қайнап тұрған / қызуы шегіне жеткен / судың екі арасында жүреді

[45] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[46] Ал, Раббысының алдында тұрудан қорыққанға екі бақ бар

[47] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[48] Олардың бұтақтары бар

[49] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[50] Ол екеуінде ағып жатқан екі бұлақ бар

[51] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[52] Ол екеуінде әрбір жемістің екі түрі бар

[53] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер

[54] Олар астарлары қалың жібектен болған көрпелердің үстінде сүйеніп отырады. Әрі екі бақтың да үзілетін жемісі жақын

[55] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[56] Онда олардан / адам мен жыннан / бұрын адам да, жын да жақындамаған, көздерін тыйып, сақтаушылар бар

[57] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[58] Олар бейне бір жақұт пен маржан секілді

[59] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[60] Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма

[61] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[62] Ол екеуінен өзге тағы да екі бақ бар

[63] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[64] Екеуі де қою жасыл болғандықтан қара болып көрінетін

[65] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер

[66] Ол екеуінде қайнардан бұрқылдап шығып тұрған екі бұлақ бар

[67] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[68] Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар

[69] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[70] Онда игі де көріктілер

[71] сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[72] шатырларда қорғалып күтілетін, көздері үлкен де әдемілер / хурлар / бар

[73] сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[74] олардан бұрын оларға адам да, жын да жақындамаған

[75] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер

[76] Олар әдемі қалың кілемдердің үстінде, жасыл жастықтарға сүйеніп отырады

[77] Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер

[78] Ұлылық пен кеңшілік иесі Раббыңның есімі берекелі

Уақиға

Surah 56

[1] Әл-Уақиъа / Қиямет / болған кезде

[2] оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды

[3] ол төмендетеді, жоғарылатады

[4] Жер сілкініп қозғалтылған кезде

[5] және таулар қирап, талқандалып

[6] әрі шашылған тозаңға айналған кезде

[7] сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер

[8] Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не

[9] Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не

[10] Әрі озушылар, / олар / - озушылар

[11] Міне, солар - жақындатылғандар

[12] Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады

[13] Олар / әуелгілерден көбірек

[14] соңғылардан азырақ

[15] Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда

[16] оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады

[17] Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді

[18] қайнар бұлақтан / толтырылған / көзе, құмыралар және кеселермен

[19] одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды

[20] әрі олар таңдаған жемістерімен

[21] және қалаған кұс етімен

[22] Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі / хурлар

[23] бейне бір / қабығы ашылмаған / сақтаулы інжу секілді / жұбайлар бар

[24] Бұлар - істеген амалдарының қайтарым сыйы

[25] Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді

[26] Тек: «Сәләм! Сәләм! / Бейбітшілік бол­сын! Амандық болсын! / » - деген сөзді ғана / естиді

[27] Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не

[28] Тікенегі жоқ лотос / ас-сидр / өсімдіктері

[29] және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында

[30] әрі жайылып жатқан көлеңкеде

[31] және сарқырап аққан су

[32] мол жемістер арасында

[33] сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын

[34] әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде / болады

[35] Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық

[36] әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік

[37] күйеулеріне сүйікті, құрбылас

[38] Бұл / оң жақтағылар үшін

[39] Олар / әуелгілерден көп

[40] әрі кейінгілерден де көп

[41] Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не

[42] Олар / саммум / денені тесіп өтетін ыстық ауа / және қайнап тұрған суда

[43] және қара түтіннің көлеңкесінде / болады

[44] салқын емес әрі жақсылығы да жоқ

[45] Негізінде, олар бұдан бұрын / дүниеде / сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін

[46] және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын

[47] Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе

[48] Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» - дейтін

[49] Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де

[50] белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады

[51] Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар

[52] Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар

[53] әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар

[54] Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер

[55] сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», - деп

[56] Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” - осы

[57] Сендерді Біз жараттық. Неге / қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер

[58] Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме / ол жайлы ойладыңдар ма

[59] Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба

[60] Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды / кедергі келтіре алмайд

[61] сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда

[62] Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма

[63] Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме

[64] Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе

[65] Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып

[66] «Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық

[67] Оған қоса несібемізден де айрылдық», - дейтін едіңдер

[68] Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме

[69] Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе

[70] Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер / болмай ма

[71] Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме

[72] Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе

[73] Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі ' жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік

[74] Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

[75] Жұлдыздардың орындарымен ант етемін

[76] Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл - ұлы ант

[77] Ақиқатында, бұл - Құран Кәрим / игілігі мол Құран

[78] Ол сақталынған Кітапта / Ләухул-Махфузда

[79] Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды

[80] Әлемдердің Раббысынан түсірілген

[81] Сендер бұл Сөзге / Құранға / немқұрайлылық танытасыңдар ма

[82] Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын / нәрсе / етесіңдер ме

[83] Ал / жан / жұтқыншаққа жеткен кезде

[84] әрі сендер сол уақытта / өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда

[85] Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер

[86] Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге

[87] оны / жанды / кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар

[88] Ал, егер ол жақындатылғандардан / озушылардан / болса

[89] онда / оған / тыным, ризық / хош иіс / және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар

[90] Ал, егер оң жақтағылардан болса

[91] онда оған: «Саған сәләм / бейбітшілік, амандық / болсын! Сен - оң жақтағылардансың», - делінеді

[92] Ал, егер / ол / жалғанға шығарушы, адасушылардан болса

[93] онда / оның / «сыйы» - қайнап тұрған су

[94] әрі Жахимда (Тозақ) жану

[95] Шын мәнінде, бұл / айтылғандар / - айқын ақиқат

[96] Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / бүкіл кемшіліктен / пәк деп дәріпте

Хадид

Surah 57

[1] Аспандағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол бәріненҮстем, аса Дана

[2] Аспандардың және жердің билігі Онікі. Ол тірілтеді және өлтіреді. Әрі Ол әрбір нәрсені Жасай алушы

[3] Ол - әл-Әууәл / Өзінен бұрын еш нәрсе болмаған, ең Алғашқы / әрі әл-Ахир / Одан кейін ешнәрсе болмайтын, ең Соңғы / , әз-Зохир / өте Анық, барлық нәрсені Өзіне бағындырып тұрушы, бәрінен Жоғары / , әрі әл-Батин / өте Жасырын, жаратылғандарға көрінбей бәрін қамтып тұрушы, ең Жақын / . Әрі Ол - барлық нәрсені Білуші

[4] Ол сондай, аспандарды және жерді алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол жерге ненің кіретінін және одан ненің шығатынын әрі аспаннан ненің түсетінін және оған ненің көтерілетінін біледі. Әрі Ол қай жерде болсаңдар да сендермен бірге. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші

[5] Аспандардың және жердің билігі Оған тән. Әрі / барлық / істер Аллаһқа қайтарылады

[6] Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді. Әрі Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[7] Аллаһқа және Оның Елшісіне сеніңдер әрі Ол сендердің қол астарыңа / иеліктеріңе / берген нәрселерден жұмсаңдар. Сендерден иманға келгендерге әрі жұмсағандарға үлкен сый бар

[8] Елші сендерді өздеріңнің Раббыңа сенуге шақырса да Аллаһқа сенбейтіндей сендерге не болды? Егер сендер иманды / мүмін / болсаңдар, негізінде, Ол / Аллаһ / серттеріңді алған еді

[9] Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына анық аят-белгілер түсіреді. Ақиқатында, Аллаһ - сендерге аса Мейірбан, ерекше Мейірімді

[10] Әрі аспандардың және жердің мирасы Аллаһтікі бола тұрып, Аллаһтың жолында / садақа / бермейтіндей сендерге не болды? Сендерден жеңіске дейін бергендер және соғысқандар / кейінгілермен / бірдей емес. Олардың дәрежесі / жеңістен / кейін берген және соғысқандарғақарағанда үлкенірек. Алайда Аллаһ әрбіріне ең жақсыны / Жәннатты / уәде етті. Аллаһ не істейтіндеріңнен Хабардар

[11] Кім Аллаһқа көркем қарыз берсе, Ол оған оны еселеп арттырып қайтарады әрі оған құрметті сый бар

[12] Сол / Қайта тірілу / күні иманды ерлер мен иманды әйелдердің нұрлары алдарында және оң жақтарында болғанын көресің. / Оларға: / «Бүгін сендер үшін қуаныш - астынан өзендер ағып жататын, сендер онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар бар. Міне, осы - ұлы жетістік

[13] Ол күні мұнафиқ ерлер мен мүнафиқ әйелдер иманға келгендерге: «Бізді күте тұрыңдаршы, сендердің нұрларыңнан пайдаланайық», - дейді. / Оларға: / «Нұрды арттарыңа қайтып, іздеңдер», -делінеді. Кейін олардың арасына қақпасы бар қамал орнатылады. Оның ішінде игілік, ал сыртқы жағында азап болады

[14] Олар / мұнафиқтар / бұларға: «Біз сендермен бірге болмадық па?!» - деп дауыстайды. Бұлар / имандылар / : «Иә, бірақ сендер өздеріңді-өздерің азғырып бүлікке салдыңдар, не боларын күттіңдер, күмәндандыңдар, Аллаһтың әмірі / өлім / келгенге дейін сендерді бос армандар алдады. Әрі Аллаһ жайында сендерді алдаушы / шайтан / алдады», - дейді

[15] Енді бүгін сендерден де және сондай күпірлік еткендерден де / Аллаһқа ашық түрде қарсы шыққандардан да / ешқандай өтем алынбайды. Сендердің баратын орындарың - От. Ол -сендер үшін ең лайықтысы. Ол баратын орын өте жаман

[16] Иманға келгендерге, олардың жүректері Аллаһты және ақиқаттан түсірілгенді / Құранды / еске алғанда бойсұна берілуінің уақыты келмеді ме әрі олардың өздерінен бұрын Кітап берілгендей болмауларына? Олардың жүректері ұзақ уақыт өтуімен қатайған әрі олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[17] Біліндер, Аллаһ жерді тіршіліксіз қалғаннан кейін қайта тірілтеді. Біз сендерге ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін аят-белгілерді анықтап түсіндірдік

[18] Шын мәнінде, садақа беруші ерлер мен садақа беруші әйелдерге және Аллаһқа көркем қарыз бергендерге еселеп көбейтіледі әрі оларға құрметті сый / Жәннат / болады

[19] Аллаһқа және Оның елшілеріне сенгендер, солар шыншылдар. Ал, шәһидтер - олардың сыйлары және нұрларыөздерінің Раббысында. Ал, сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / және Біздің аяттарымызды өтірік санағандар болса, олар Жахимда (Тозақ) - болатындар

[20] Біліңдер, бұл өмір - бар болғаны бір ойын әрі ермек және сән-салтанат, өзара мақтанысу және дүние-мүлік пен балаларды арттыра түсу ғана. Ол - жауып өткеннен кейін, өсіп шыққан өсімдіктері дән себушілерді таңқалдырған бір жаңбыр секілді. Кейін ол / өсімдіктер / қурайды, сонда сен оның сарғайғанын көресің. Сонан соң ол қоқымға айналады. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты азап және Аллаһтан кешірім мен ризалық бар. Бұл дүниедегі өмір - бар болғаны алдамшы рахат / өткінші пайдалану / ғана

[21] Өздеріңнің Раббыңның кешіріміне және Аллаһ пен Оның елшілеріне сенгендер үшін әзірленген, ені -аспан мен жердің еніндей жәннатқа жарысыңдар. Міне, осы - Аллаһтың Өзі қалағанына беретін кеңшілігі. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі

[22] Жер бетіне және сендердің өздеріңе болатын әрбір қиыншылық - Біз оны пайда етуден бұрын Кітапта / жазылып қойылған / Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл

[23] Бұл / болып өткенге өкініп, қайғырмауларың және Оның сендерге бергеніне масаттана қуанбауларың үшін. Аллаһ әрбір өзін өзгеден жоғары санаушыны, мақтаншақты ұнатпайды

[24] сараңдық ететін және адамдарға да сарандықты бұйыратындарды. Ал, кім теріс бұрылса, ақиқатында Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы

[25] Біз елшілерімізді анық дәлелдермен жібердік әрі олармен бірге Кітапты және адамдардың туралықта тұрулары үшін Таразыны / Әділдікті / түсірдік. Әрі темірді Біз түсірдік, онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар. Ал, бұл - Аллаһ Өзіне / дініне / және елшілеріне көрмей тұрып-ақ көмектескендерді айқындауы үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем

[26] Әрі Біз Нұхты және Ибраһимді жібердік әрі екеуінің ұрпағына пайғамбарлық пен Кітап бердік. Олардың ішінде тура жолды ұстанғандар бар, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[27] Кейін олардың соңынан елшілерімізді жібердік. Әрі Мәриямның ұлы Исаны жіберіп, оған Інжілді бердік және оған ілескендердің жүректеріне жанашырлық және мейірім салдық. Ал, монахтықты олардың өздері ойлап тапты, Біз оларға оны белгілеп бекіткен жоқпыз. Алайда олар оны Аллаһтың ризалығын іздеу үшін шығарды. Бірақ олар оны / өздеріне-өздері міндет еткендей / лайықты түрде ұстай алмады. Біз олардың іштерінен иманға келіп сенгендеріне сыйларын бердік, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[28] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Оның елшісіне сеніңдер, сонда Ол сендерге Өзінің мейірімінен екі есе береді және сендерге, өздерің онымен жүретін нұр / жарық / жасайды әрі сендерді кешіреді. Өйткені Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[29] Кітап берілген қауым, өздерінің Аллаһтың кеңшілігінен ешнәрсеге шамалары жетпейтіндігін әрі кеңшілік Аллаһтың қолында екенін, Ол оны Өзі қалағанға беретінін білсін, әрі Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі

Мүжәдәлә

Surah 58

[1] Ей, Мұхаммед! / Аллаһ сенімен өзінің күйеуі жайында тартысып, әрі / оның үстінен / Аллаһқа шағым жасап жатқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуіңнің өзара әңгімелеріңді естиді. Сөзсіз, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші

[2] Сендердің араларындағы өз әйелдерін зиһар ететіндердің әйелдері олардың аналары емес. Олардың аналары өздерін туғандар ғана. Негізінде, олар теріс әрі өтірік сөзді айтады. Ақиқатында, Аллаһ жазаламай Кешіруші, өте Кешірімді

[3] Әйелдерін зиһар етіп, кейін айтқан сөздерінен қайтатындар, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын бір құл азат етуі тиіс. Сендерге осы арқылы насихат етіледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[4] Сонда кім / азат ететін құл / таба алмаса, / жұбайы / екеуі жақындасудан бұрын екі ай үздіксіз ораза тұтуы тиіс. Кімнің / бұған / шамасы келмесе, алпыс кедейді тамақтандырсын. Бұл - сендердің Аллаһқа және Оның елшісіне сенгендіктерің үшін. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ал, кәпірлерге күйзелтуші азап бар

[5] Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығатындар, өздерінен бұрынғылар қорлыққа ұшыратылғанындай, қорлыққа ұшыратылады. Біз анық аяттар түсірдік. Ал, кәпірлер үшін қорлаушы азап бар

[6] Сол күні / қияметте / Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтіп, оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Аллаһ оны есептеп сақтады, ал олар ұмытып кетті. Әрі Аллаһ - әрбір нәрсеге Куә / Шаһид

[7] Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аспандардағы және жердегі нәрселерді білетінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Үшеу құпия сөйлессе, Ол төртіншісі, бесеу сөйлессе, Ол алтыншысы болады. Әрі бұдан аз не көп болса да, олар қайда болмасын Ол әлбетте олармен бірге. Со­дан кейін Ол Қайта тірілу күні оларға істеген іс-амалдарының хабарын береді. Ақиқатында Аллаһ - барлық нәрсені Білуші

[8] Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: «Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?» - дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман

[9] Ей, иманға келгендер! Егер құпия сөйлесетін болсаңдар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайында емес, игілік және тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану / туралы құпиясөйлесіңдер әрі өздерің алдында жиналатын Аллаһтан қорқыңдар

[10] Анығында, құпия сұхбат - шайтаннан, иманға келгендерді қапаландыру үшін. Алайда, Аллаһтың рұқсатынсыз ол / шайтан / Оларға ешқандай зиян тигізе алмайды. Сондықтан иманға келгендер Аллаһқа жүгініп, істерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін

[11] Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», - делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ - сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар

[12] Ей, иманға келгендер! Елшімен оңаша сөйлесетін болсаңдар, сөйлесулеріңнің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін қайырлы әрі тазарақ. Ал, егер / садақа / таба алмасаңдар, ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[13] Сендер / Елшімен / оңаша сөйлесулеріңнен алдын садақа беруден қорықтыңдар ма? Егер сендер мұны істемесеңдер, ал Аллаһ істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етсе,онда намазды / барлық шарттарын сақтап,ықыласпен, толық / орындаңдар, зекетті беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыныңдар. Аллаһ - сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар

[14] Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың қаһарына қалған адамдарды өздеріне дос / жақтас / тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде, олар сендерден де емес, олардан да емес. Олар өздері біле тұра өтірікке ант ішеді

[15] Аллаһ оларға қатты азап әзірлеген. күмәнсіз, олардың істеген амалдары өте жаман

[16] Олар / мұнафиқтар / өздерінің анттарын қалқан қылып алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан тосып, қайтарады. Енді оларға қорлаушы азап бар

[17] Оларға дүниелері де, балалары да Аллаһтан / келетін / ешнәрсені қайтара алмайды. Міне, солар - Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады

[18] Сол / Есеп / күні Аллаһ олардың барлығын қайта тірілтеді де, олар сендердің алдарыңда ант ішкендей, Оның алдында да ант ішеді. Әрі олар өздерін пайда тигізетін нәрседеміз деп ойлайды. Біліндер! Ақиқатында, олар - өтірікшілер

[19] Шайтан оларды иектеп, билеп алып, оларға Аллаһты еске алуды ұмыттырды. Олар -шайтанның жақтастары. Біліңдер! Негізінде, шайтанның жақтастары нағыз зиян шегушілер

[20] Анығында, Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шығып жатқандар - ең қор болғандардың қатарында болады

[21] Аллаһ / Ләухул-махфузда / : «Мен міндетті түрде жеңемін және елшілерім де», - деп жазған. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті , бәрінен Үстем

[22] Аллаһқа және Ақирет күніне сенетін адамдардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендерді ұнатқанын көрмейсің, мейлі ол әкелері, не балалары, не бауырлары немесе туыстары болса да. Міне, солардың жүректеріне Ол иман жазған және оларды Өзінен болған бір рухпен / Өзінің көмегі, мейірімі және білімімен / қолдаған. Әрі Ол / Аллаһ / оларды астынан өзендер ағып жататын және олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Аллаһ оларға разы, олар Оған разы болды. Міне, солар - Аллаһтың жақтастары. Біліңдер! Ақиқатында Аллаһтың жақтастары мұратына / бақытына / жетушілер

Хашыр

Surah 59

[1] Аспандағылар мен жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол аса Үстем, аса Дана

[2] Ол Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендерді / келісімді бұзғандарды / алғашқы жинауда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығып кетеді деп ойлаған да емес едіңдер. Ал, олар қамалдары өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған еді. Бірақ, Аллаһ оларға өздері күтпеген жақтан келді және олардың жүректеріне үрей салды. Олар үйлерін өз қолдарымен және иманға келгендердің қолдарымен талқандауда еді. Ғибрат алыңдар, ей, көретін көзі барлар / зерделі жандар

[3] Егер де Аллаһ оларға көшіріп жіберуді / сүргінді / жазбағанда, онда міндетті түрде оларды осы дүниеде / басқа азаппен / жазалайтын еді. Әрі олар үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / От азабы бар

[4] Бұл, олардың Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келгендіктері себепті. Кім Аллаһқа қарсы келсе, күмәнсіз, Аллаһтың жазасы қатты

[5] Сендер / жаудың / құрма ағашынан кессеңдер де, не оларды өз тамырларында тұрған күйінде қалдырсаңдар да, / бұл / Аллаһтың рұқсатымен бұзықтарды / бойсұнбаушыларды / қорлау үшін

[6] Әрі Аллаһ Өз елшісіне олардан соғыссыз олжа етіп бергендеріне, сендер аттармен де, түйелермен де атойлап шауып барған жоқсындар. Алайда, Аллаһ елшілеріне Өзі қалағандардың үстінен билік береді. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы

[7] Аллаһ елді мекен тұрғындарынан Өз елшісіне соғыссыз олжа етіп берген нәрселер -Аллаһқа, Елшіге, оның жақындарына, жетімдерге, жоқ-жітікке және жолда қалғандарға тиісті. / бұл, олжалар / сендердің қатарларындағы байлар арасында / үлестіріліп / қолдан-қолға өтетін нәрсе болмауы үшін. Елші сендерге не берсе соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса содан тыйылыңдар және Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһтың жазасы қатты

[8] Олардың ішінде / Аллаһтан кеңшілік және ризалық іздеп әрі Аллаһқа және Оның елшісіне көмек беріп, жұрттарынан қуып шығарылған және мал-мүліктерінен айрылған муһажир кедейлерге тиісті. Міне, солар - шын сөзділер

[9] Ал, олардан алдын / Мәдинада / үй-жайы болып әрі иманда орныққандар / ансарлар / , өздеріне қоныс аударғандарды / муһажирлерді / жақсы көреді, кеуделерінде оларға берілген нәрселерге ешқандай қажеттілік, кірбіңдік сезбейді. Әрі өздерінде мұқтаждық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар - табысқа жетушілер

[10] Олардан кейін келгендер: «Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иманға келген бауырларымызды кешір! Әрі иманға келгендерге қарсы жүрегімізге жек көрушілік салма! Раббымыз! Ақиқатында, Сен өте Мейірбан, ерекше Мейірімдісің !» - деп айтады

[11] Мұнафиқтарды көрмедің бе, Кітап берілген қауым қатарындағы күпірлік етуші / имансыз / бауырларына: «Егер сендер шығарылсаңдар, онда біз де міндетті түрде сендермен бірге шығамыз. Сендерге қатысты ешкімге, ешқашан бағынбаймыз. Егер сендермен соғысса, әлбетте сендерге жәрдем береміз», - деп айтатын. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екендігіне куәлік береді

[12] Егер олар шығарылса, бұлар олармен бірге шықпайды. Егер Оларға қарсы соғыс болса, Оларға көмек бермейді. Көмек беруге келсе де, міндетті түрде арттарына бұрылып қашады. Содан кейін Оларға / ешқандай / көмек берілмейді

[13] Негізінде, олардың кеуделерінде / жүректерінде / Аллаһқа қарағанда сендерден қатты қорқыныш бар. мұның себебі, олар түсінбейтін адамдар

[14] Олар, қорғандар ішінде не қамалдардың артынан болмаса, сендермен бәрі бірге соғыспайды. Олардың өз араларындағы қарсылықтары қатты. / Ей, Мұхаммед! / Сен оларды бірлікте деп ойлайсың, алайда олардың жүректері әртүрлі. Бұл, олардың ақылын істетіп ұғынбайтын адамдар болғандығы себебінен

[15] Олар өздерінен таяуда өткен алдыңғылар сияқты. Олар істерінің жаман нәтижесін татты әрі Оларға күйзелтуші азап бар

[16] Олар шайтанға ұқсайды, ол адамға: «Күпірлік ет / бойсұнба / », - деп, ал ол күпірлік еткен / бойсұнудан бас тартқан / кезде: «Негізінде менің саған қатысым жоқ. Шын мәнінде, мен әлемдердің Раббысы - Аллаһтан қорқамын», - деді

[17] Енді ол екеуінің соңы - От / тозақ / , олар онда мәңгі қалады. Әділетсіздердің қайтарым жазасы - осы

[18] Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар! Әрбір адам ертеңі үшін не дайындағанына қарасын. Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар / Хабир

[19] Сендер Аллаһты ұмытқандар, Ол оларға олардың өздерін ұмыттырған біреулер секілді болмаңдар. Міне, солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар

[20] Оттағылар / тозақтағылар / мен жәннаттағылар тең болмайды. жәннаттықтар, олар -жетістікке / табысқа / жеткендер

[21] Ей, Мұхаммед / / Егер де осы Құранды бір тауға түсірсек, оның Аллаһтан қорыққаннан иілген / бойсұнған / түрде бөлшектеніп кеткенін көрер едің. Бұл мысалдарды адамдарға, олардың ойланулары үшін келтіреміз

[22] Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол құпияны да, айқын нәрсені де Білуші. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді

[23] Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Мәлик / бүкіл әлемдердің шын Билеушісі / , әл-Қуддус / барлық кемшіліктен пәк / , әс-Сәлам / амандық иесі әрі айып, нұқсаннан таза кемелділік иесі / , әл-Мүмін / иманға келгендердің сенімін Растаушы / , әл-Муһаймин / Сақтаушы, бәрін бақылап тұрушы / , әл-’ Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Жаббар / Бағындырушы / әрі әл-Мутәкәббир / ақиқи ұлылық Иесі / . Аллаһ, олардың серік етіп қосқандарынан пәк

[24] Ол Аллаһ - әл-Халиқ, / Жаратушы / , әл-Бәри / жоқтан бар етіп Жасаушы / , әл-Мусаууир / кескін-келбет беріп Бейнелеуші / . Ең көркем есімдер Оған тән. Аспандардағылар мен жердегілер Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол -әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана

Мүмтәханә

Surah 60

[1] Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды / имансыздарды / өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де / мойындамаса да / , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың - Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар / жауларымды дос тұтпаңдар / . Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады

[2] Егер олар сендерді кездестірсе, сендерге жау болып, сендерге жамандықпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді әрі сендердің күпірлік етушілерден / имансыздардан / болғандарыңды қалайды

[3] Сендерге өздеріңнің туыстарың да, балаларың да / Қиямет күні / еш пайда бермейді. Қайта тірілу күні Ол араларыңды ажыратады. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды көріп тұрушы

[4] Анығында, сендер үшін Ибраһимде және онымен бірге болғандарда көркем өнеге бар. Олар еліне: «Негізінде біз сендерден де, Аллаһтан өзге табынатындарыңнан да бас тартамыз. Біз сендердің діндеріңді мойындамаймыз. Қашан Аллаһтың жалғыз Өзіне сенгендеріңше, сендер мен біздің арамызда мәңгі дұшпандық әрі өшпенділік орнады», - деді. Бірақ Ибраһимнің / өз / әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін кешірім тілеймін. Бірақ сен үшін Аллаһтың алдында ешнәрсеге ие бола алмаймын», - деген сөзі ғана бұған кірмейді. / Олар!: «Раббымыз! Біз Өзіңе жүгініп, саған ісімізді тапсырдық / тәуекел еттік / және Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубе еттік / , әрі қайтуымыз Саған

[5] Раббымыз! Бізді күпірлік етушілерге / имансыздарға / сынақ етпе және бізді кешір. Раббымыз! Ақиқатында Сен бәрінен Үстем, аса Данасың»

[6] Ақиқатында, сендер үшін, Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер үшін, оларда көркем өнеге болды. Ал, кім теріс бұрылса, әлбетте Аллаһ Бай, Мұқтажсыз , Мақтауға лайық

[7] Аллаһтың сендер мен олардың ішінен өздерің жауласып жүргендердің арасында сүйіспеншілік орнатуы мүмкін. Аллаһ бәріне Күші жетуші. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[8] Аллаһ дін тұрғысында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Шын мәнінде Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді

[9] Негізінде, Аллаһ, сендерді тек дін тұрғысында сендермен соғысқандармен, жұрттарыңнан қуып шыққандармен және сендерді қуып шығуға көмектескендермен дос болуларыңа тыйым салады. Ал, кім олармен дос болса, міне, солар - әділетсіздер

[10] Ей, иманға келгендер! Қашан сендерге иманды әйелдер қоныс аударып келсе, оларды тексеріп көріңдер. Аллаһ олардың имандарын жақсы біледі. Сонда егер олардың иманды әйелдер екенін білсеңдер, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Себебі бұлар / иманды әйелдер / оларға / кәпірлерге / рұқсат етілмейді, әрі олар да / кәпірлер / бұларға / иманды әйелдерге / рұқсат етілмейді. Оларға / кәпірлерге / жұмсағандарын беріңдер. Қашан бұларға / әйелдерге / мәһрлерін / сыйларын / берсендер, оларды некелеріңе алуларың сендерге күнә емес. кәпір әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. Оларға бергендеріңді сұраңдар, олар да бергендерін сұрасын. Бұл - Аллаһтың үкімі. Ол араларыңа үкім етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, өте Дана

[11] Егер кейбір әйелдер мәһрлерімен кәпірлер жаққа өтіп кетсе, үстемдікке жеткен кездеріңде әйелдері кетіп қалғандарға жұмсаған сыйындай / мәһріндей / өтем беріңдер. Өздерің иманға келіп, сенген Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар

[12] Ей, Пайғамбар! Қашан саған иманға келген әйелдер Аллаһқа ешнәрсені серік етіп қоспауға, ұрлыққылмауға, зина жасамауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға / бұзық жолмен тапқан баланы күйеуіне телімеуге / әрі құпталғанда саған қарсы келмеуге серт беруге келсе, олардың серттерін қабыл ет және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[13] Ей, иманға келгендер! Аллаһтың ашуына қалған адамдарды дос / қамқоршы / тұтпаңдар. Негізінде, олар соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қабірдегі кәпірлердің үміт үзгені секілді үміт үзген

Сафф

Surah 61

[1] Аспандардағылар мен жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол өте Үстем, аса Дана

[2] Ей, иманға келгендер! Өздерің істемейтін істерінді не үшін айтасыңдар

[3] Өздерің істемейтін нәрсені айтуларың Аллаһтың алдында өте жеккөрінішті

[4] Анығында, Аллаһ Өзінің жолында арасы тығызқаланған қамалдай сап түзеп соғысатындарды жақсы көреді

[5] Кезінде Мұса еліне: «Ей, елім! Аллаһтың елшісі екенімді біле тұра не үшін маған жәбір бересіңдер?» - деп айтты. Олар / хақтан / ауытқыған кезде, Аллаһ олардың жүректерін / жолдан / бұрды. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / елді тура жолға салмайды

[6] Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сен­дерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде / жіберілген / Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», - деді

[7] Исламға шақырыла тұра Аллаһ жайында өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды

[8] Олар Аллаһтың нұрын ауыздарымен / ауызекі сөздерімен / өшіруді қалайды. Алайда кәпірлер жеккөрсе де, Аллаһ Өз нұрын соңына жеткізеді

[9] Ол, Өз елшісін / тура жолды ұстануға / басшылықпен / Құранмен / және ақиқат дінімен / Исламмен / , оны барлық діндерден үстем ету үшін жіберген, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / мұны жек көрсе де

[10] Ей, иманға келгендер! Сендерге өздеріңдіжантүршігерлік азаптан құтқаратын бір «сауданы» көрсетейін бе

[11] Аллаһқа және Оның елшісіне сеніңдер, Аллаһтың жолында малдарыңмен әрі жандарыңмен күресіндер. Білсеңдер, сендер үшін осы қайырлы

[12] Сонда Ол күнәларыңды кешіріп, сендерді астынан өзендер ағатын / Жәннаттағы / бақтарға және ’Адн жәннатындағы көркем жайларға кіргізеді. Міне, осы - ұлы табыс

[13] Әрі өздерің жақсы көретін басқа да нәрселер: Аллаһтан жәрдем және жақын бір жеңіс бар. / Ей, Мұхаммед! / Имандыларды осы хабармен сүйіншіле

[14] Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ / жолындағы / жәрдемшілерім кім?» - дегенінде, хауарилердің: «Біз - Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың / Оның дінінің / жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді / қарсы шықты / . Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды

Жұма

Surah 62

[1] Аспандардағы және жердегілер барлық нәрсенің шын Билеушісі, өте пәк, бәрінен Үстем, әрі өте Дана / Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді

[2] Ол сауатсыздарға өздерінің арасынан Елші жіберді. Ол оларға Оның аяттарын оқиды, оларды тазартады және оларға Кітап пен даналықты үйретеді, олар бұрын анық адасуда болса да

[3] Әрі оларға әлі қосылмаған басқаларға да. Ол бәрінен Үстем, өте Дана

[4] Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі, Ол оны Өзі қалағанға береді. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі

[5] Өздеріне Тәурат міндеттеліп, кейін оны алып жүрмегендердің / орындамағандардың / мысалы - кітаптар артылған есек сияқты. Аллаһтың аят-белгілерін өтірік санаған адамдардың мысалы қандай жаман! Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды

[6] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, иудейлікті ұстанушылар! Егер өздеріңді адамдардың ішінде өзгелерден Аллаһқа жақынбыз деп ойласаңдар / өздеріңе / өлімді тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар», - деп

[7] Олар өз қолдарымен бұрын істегені / күнәлары / себепті ешқашан оны тілемейді. Аллаһ - әділетсіздерді жақсы Білуші

[8] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ақиқатында өздерің қашатын өлім, күмәнсіз, сендерге кездеседі. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар да, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», деп

[9] Ей, иманға келгендер! Қашан жұма күнгі намазға шақырса / азан айтылса / , Аллаһты еске алуға ұмтылыңдар да сауда-саттықты қойыңдар. Білсеңдер, бұл - сендер үшін қайырлы

[10] Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне / баратын жерлеріңе / тарқалыңдар да Аллаһтың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһты көп еске алыңдар

[11] Олар сауданы не бір бос нәрсені көрген кезде, сол жаққа бет алды да, сені тұрған күйіңде қалдырып кетті. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтағы / сый /- бос нәрседен де, саудадан да қайырлы. Аллаһ - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп

Мунафиқун

Surah 63

[1] Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: «Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз», - дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді

[2] Олар анттарын қалқан етіп алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан қайтарды. Шын мәнінде, олардың істеп жатқандары өте жаман

[3] Бұл, олардың алдын иманға келіп, кейін күпірлік етулері / имансыздыққа қайтулары / себепті. Сөйтіп олардың жүректері мөрленді, енді олар түсінбейді

[4] Ей, Мұхаммед! / Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар - жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар / шындықтан / қайда бет бұрып барады

[5] Қашан Оларға: «Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді», - делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің

[6] Олар үшін кешірім тілесең де, кешірім тілемесең де - оларға бәрібір. Аллаһ оларды кешірмейді. Негізінде, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолға салмайды

[7] «Аллаһтың елшісінің жанындағыларға ешнәрсе бермеңдер, олар тарап кетсін», - дейтіндер солар. Аспандардың және жердің қазыналары Аллаһта. Алайда мұнафиқтар түсінбейді

[8] Олар: «Біз Мәдинаға қайтып барсақ, әлбетте, үстем ол жерден нашарды қуып шығарады», -дейді. Ақиқатында, үстемдік - Аллаһта әрі Оның елшісінде және иманға келгендерде. Бірақ мұнафиқтар білмейді

[9] Ей, иманға келгендер! Дүние-мүліктерің мен балаларың сендерді Аллаһты еске алудан алаңдатып, бұрып қоймасын. Кім бұлай жасаса, міне, солар - зиян шегушілер

[10] Сендерден біріңе өлім жетіп: «Йа, Раббы! Маған жақын бір мерзімге дейін мұрсат берсең, сонда мен садақа беріп әрі түзулерден болар едім», - деп айтуынан бұрын, Біз сендерге ризық етіп берген нәрселерден / зекет, садақа / беріңдер

[11] Біреудің / белгіленген / уақыты келген кезде, Аллаһ оған мұрсат бермейді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар

Тәғабун

Surah 64

[1] Аспандардағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Билік - Онікі әрі мақтау да Оған арналады. Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

[2] Сендерді жаратқан - Сол / Аллаһ / . Сендердің араларыңда кәпір де бар, әрі сендердің араларыңда иманды да / мүмін де / бар. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші

[3] Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты және сендерге түр-тұлға беріп, тұлғаларыңды көркем етті. Әрі қайту да Оған

[4] Ол аспандар мен жердегі нәрселерді біледі әрі Ол сендердің жасырғандарың мен жариялағандарыңды да біледі. Аллаһ кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші

[5] Сендерге бұрыннан сондай күпірлік еткендердің / иманды теріске шығарушылардың / хабары келмеді ме? Олар істерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар

[6] Бұл, оларға елшілері анық дәлелдермен келген кезде олардың: «Бізді адам тура жолға салады ма?» - деп, күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері / және теріс бұрылғандықтары себепті. Аллаһ / Оларға / мұқтаж емес. Аллаһ - Бай, Мұқтажсыз, мақтауға лайық

[7] Күпірлік етушілер / ақиретке сенбегендер / ешқашан тірілтілмейміз деп есептеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олай емес, Раббыммен ант етемін! әлбетте, қайта тірілтілесіңдер, содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаһқа оңай»,- деп

[8] Аллаһқа, Оның елшісіне және Біз түсірген Нұрға / Құранға / сеніңдер. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар

[9] Сол күні Ол сендерді Жинау / Қиямет / күні үшін жинайды. Бұл - Тағабун (Бірін - бірі алдаудың белгілі болатын, бірі пайда тауып,бірі ұтылатын) күні. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оны астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы жетістік

[10] Ал, сондай күпірлік етіп / қарсы келіп / және Біздің аят-белгілерімізді өтірік санағандар, олар - Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады. Ол баратын орын неткен жаман

[11] Кез келген қиындық тек Аллаһтың рұқсатымен ғана болады. Кім Аллаһқа сенсе, Ол оның жүрегін тура жолға бұрады. Аллаһ - барлық нәрсені жақсы Білуші

[12] Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар. Егер теріс бұрылсаңдар, Елшімізге анық жеткізу ғана жүктелген

[13] Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан имандылар Аллаһқажүгініп, істерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін

[14] Ей, иманға келгендер! Негізінде жұбайларыңның және балаларыңның ішінде сендерге жау болатындар бар, олардан абай болыңдар. Егер жазаламай, кең пейілдік танытсаңдар және кешірсеңдер, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[15] Анығында, сендердің мал-дәулеттерің және балаларың бір сынақ. Ал, Аллаһта ұлы сый бар

[16] Шама-шарықтарың жеткенше Аллаһ­тан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Тыңдаңдар, бойсұныңдар және өздерің үшін қайырлы нәрседен / зекет, садақадан / беріңдер. Кім өзінің сараңдығынан сақталса, міне, солар - мұратына жететіндер

[17] Егер Аллаһқа көркем қарыз берсеңдер, Ол оны сендерге еселеп арттырып қайтарады және сендерді кешіреді. Әрі Аллаһ - алғысқа бөлеуші, өте Ұстамды, Жұмсақ

[18] құпия мен айқын нәрсені Білуші бәрінен Үстем, аса Дана

Талақ

Surah 65

[1] Ей, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгіленген иддаларында / бекітілген күту мерзімінде / талақ етіңдер және идданы / күту мерзімін / есептеңдер. Әрі өздеріңнің Раббың -Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар! Ашық жиіркенішті іс істемесе оларды үйлерден шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Міне, осы - Аллаһтың / белгілеген / шектері. Кім Аллаһтың шектерінен / тыйымдарынан / аттаса, шын мәнінде, өзіне өзі әділетсіздік етеді. Сен білмейсің, мүмкін Аллаһ осыдан кейін басқа жағдай пайда етер

[2] Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды құпталған бойынша қалдырыңдар немесе олармен құпталған бойынша ажырасыңдар әрі араларыңнан әділ болған екі ер адамды куә етіңдер және куәлікті Аллаһ үшін орындаңдар. Аллаһқа және Ақирет күніне сенгенге осымен насихат етіледі. Кім Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды

[3] Әрі Ол оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді. Ал, кім Аллаһқа жүгініп, Оған ісін тапсырса / тәуекел етсе / , Ол оған жеткілікті. Ақиқатында Аллаһ - ісін соңына жеткізуші. Аллаһ әрбір нәрсеге өлшем белгілеген

[4] әйелдеріңнен етеккірден күдер үзгендерінен, егер күмәндансаңдар, олардың иддасы - үш ай және етеккірі жоқтардың да. Ал жүкті әйелдердің иддасы құрсақтарындағыны босанғандарына дейін. Кім Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтанса, Ол оған ісін жеңілдетеді

[5] Бұл - Аллаһтың сендерге түсірген бұйрығы. Кім Аллаһтан / Оның тыйғанынан / қорқып, сақтанса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оған берілетін сыйын ұлғайтады

[6] Өздерің тұратын жерден оларға шамаларыңа қарай тұрақ беріңдер. Әрі оларға қысым көрсету үшін / олар өздері кетсін деп / зиян жасамаңдар. Ал, егер олар жүкті болса, құрсақтарындағыны босанғандарына дейін оларға қаражат жұмсаңдар. Егер олар сендер үшін / босанғаннан кейін балаларыңды / емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер және өзара құпталғанға сай кеңесіңдер. Ал егер келісе алмасаңдар, онда ол үшін / баланы / басқа әйел емізеді

[7] Жағдайы жеткілікті адам өзінде бардан жұмсасын. Ал, ризық-несібесі шектеулі адам, өзіне Аллаһтың бергенінен жұмсасын. Аллаһ ешбір жанға, Өзі оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ қиыншылықтан кейін жеңілдік жасайды

[8] Қаншама елді мекендер Раббысының әміріне және Оның елшілеріне қарсы шықты. Сонда Біз оларды қатаң есеппен есепке тарттық әрі оларды ауыр азапқа душар еттік

[9] Олар істерінің жазасын татты және олардың істерінің соңы зиян шегу болды

[10] Аллаһ оларға қатты азап дайындады. Ей, ақыл иелері - иманға келгендер, Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, Аллаһ сендерге Еске салушыны / Құранды / түсірді

[11] сендерге Аллаһтың анық аяттарын оқитын Елшіні / жіберді / - иманға келіп және ізгі амал жасағандарды қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оны астынан өзендерағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Шын мәнінде, Аллаһ оның үлесін көркем етті

[12] Аллаһ жеті аспанды әрі жерден де сондай жаратқан. Оның бұйрығы олардың / аспандар мен жердің / арасында түседі, Аллаһтың әрбір нәрсені Жасай алушы екенін әрі Аллаһтың барлық нәрсені біліммен қамтығанын білулерің үшін

Тахрим

Surah 66

[1] Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын қалап, неге Аллаһтың өзіңе рұқсат еткеніне тыйым саласың. Ал, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

[2] Аллаһ сендерге анттарыңнан азат болудың жолын бекітті. Аллаһ - сендердің Қамқоршыларың. Ол - бәрін Білуші, аса Дана

[3] Кезінде Пайғамбар әйелдерінің біреуіне бір сөзді құпиялап айтқан еді. Ал, ол / әйелі / сырды басқағахабарлағанда, сонда Аллаһ мұны оған / елшіге / білдірді. Ол / Пайғамбар / оның кейбірін / әйеліне / айтты және кей бөлігін бүгіп қалды. Ол оны оған хабарлаған кезде, / әйелі / «Мұны саған кім хабарлады?» - деді. Ол: «Маған бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар хабарлады», - деді

[4] Екеуің істеген күнәләріңе шына­йы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубе етсеңдер / , өйткені сендердің жүректерің ауытқыды. Ал, егер оған қарсы бір-біріңе болыссаңдар, ақиқатында, Аллаһ оның Қамқоршысы әрі Жәбірейіл мен иманға келгендердің ізгілері оның досы. Ал, одан кейін періштелер де оған көмектесуші

[5] Егер ол сендерді талақ етсе, Раббысы оған әлбетте сендерден жақсы мұсылман, иманды, бағынушы, істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушы / тәубе етуші / , құлшылық жасаушы, ораза ұстаушы, тұрмыста болған / жесір не күйеуден қайтқан / және тұрмыс құрмағандарды ауыстырып береді

[6] Ей, иманға келгендер! Өздеріңді және үй іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан сақтаңдар. Оның басында қатал, ызғарлы, Аллаһтың бұйрықтарына қарсы келмейтін әрі өздеріне бұйырылғанды орындайтын періштелер бар

[7] Ей, сондай күпірлік еткендер / иманды теріске шығарғандар / ! Бүгін ақталып, уәж айтпай-ақ қойыңдар. Сендерге тек, істеген амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі

[8] Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын ықыласпен, істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубе етіңдер / , әлбетте сендердің Раббың жамандықтарыңды кешіреді әрі Пайғамбарды және онымен бірге иманға келгендерді қорламайтын күні Аллаһ сендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олардың нұрлары алдарында және оң жақтарында жүреді. Олар: «Раббымыз! Бізге нұрымыздытолықтыр және бізді кешір, сөзсіз Сен - барлық нәрсені жасай алушысың», - дейді

[9] Ей, Пайғамбар! Кәпірлермен және мұнафиқтармен күрес және Оларға қатаң бол. Олардың орындары - Жаһаннам (Тозақ) . Ол баратын орын неткен жаман

[10] Аллаһ Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін күпірлік етушілердің / имансыздардың / мысалы етіп келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі құлдың некесінде еді. Ол екеуі оларға қиянат жасады. Алайда, ол екеуіне Аллаһтың алдында еш нәрсе пайда бермеді және: «Екеуің кірушілермен бірге Отқа / тозаққа / кіріңдер», - делінді

[11] Ал, иманға келгендердің мысал-үлгісі етіп, Аллаһ Фиръаунның әйелін келтірді. Кезінде ол: «Раббым! Маған Өзіңнің құзырыңнан Жәннатта бір үй тұрғыз және мені Фиръаун мен оның істерінен құтқар әрі мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деген еді

[12] Сондай-ақ әйелдік пәктігін қорғаған ’Имранның қызы Мэриямды да. Біз оған / Өз иелігіміздегі / рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздеріне және Кітаптарына сенді әрі / Раббысына / берілушілерден болды

Мүлк

Surah 67

[1] Билік қолында болған Ол - аса Берекелі әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы

[2] Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол - аса Үстем, өте Кешірімді

[3] Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан - Сол / Аллаһ / . Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба

[4] Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады

[5] Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен / аспан денелерімен / безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға / шайтандарға / Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабын әзірледік

[6] Сондай-ақ өздерінің Раббысына, сондай күпірлік еткендерге / сенбегендерге / Жаһаннам (Тозақ) азабы бар. Ол - баратын орын неткен жаман

[7] Олар / имансыздар / онда лақтырылған кезде, оның өкіргенін естиді, әрі ол бұрқылдап қайнап тұрады

[8] Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: «Сендерге ескертуші келмеген бе еді?» - деп сұрайды

[9] Олар: «Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар», - дегенбіз», - дейді

[10] Әрі олар: «Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) түскендер қатарында болмас едік», - дейді

[11] Сөйтіп олар күнәсін мойындайды. Саъирға түскендер құрысын

[12] Шын мәнінде, өздерінің Раббысынан, Оны көрмей тұрып қорқатындарға кешірім әрі үлкен сый / Жәннат / бар

[13] Сендер сөздеріңді жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да, әлбетте, Ол - көкіректердегіні / жүректердегіні / Білуші

[14] Бәрін Жаратқан білмей ме?! Әрі Ол - аса Жұмсақ, Қырағы, әрбір нәрседен Хабардар

[15] Ол сендерге жерді көнгіш / пайдалануға жеңіл / етті. Оның / жердің / жан-жағында / барлық тарабында / жүріңдер және Оның / Аллаһтың / ризық еткенінен жеңдер. Әрі қайта тірілгеннен кейін Оған ораласыңдар

[16] Аспандағының / Аллаһтың / сендерді жерге, теңселіп тұрған кезінде жұттырып жіберуінен қауіпсізсіңдер ме

[17] Немесе сендер, аспандағының / Аллаһтың / өздеріңе тасты дауыл жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Жақында сендер ескертуімнің қалай екенін білесіңдер

[18] Ақиқатында, олардан бұрынғылар да өтірікке шығарған еді. / Сонда / Менің жазалауым қалай болды

[19] Олар өздерінің үстінде қанаттарын жаятын және жинайтын кұстарды көрмей ме?! Оларды / ауада / әр-Рахманнан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Көруші

[20] Сендердің әр-Рахманнан басқа жәрдем беретін жасақтарың кім / олар бар ма / ? Шын мәнінде, кәпірлер тек алданышта

[21] Егер Ол ризық беруін тоқтатса, сендерге кім ризық береді? Ақиқатында, олар қасарысуда және безулерін жалғастыруда

[22] Жүзімен жер сүзіп жүрген тура жолда ма, әлде түзу жолда еңсесін тіктеп жүрген бе

[23] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер / », - деп

[24] Айт: «Сендерді жер бетіне таратқан - Сол / Аллаһ / , әрі сендер Оған жиналасыңдар», - деп

[25] Олар / сенбейтіндер / : «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан / келеді / ?»- дейді

[26] Ей, Мұхаммед!! Айт: «Шын мәнінде / ол жайлы / білім - тек Аллаһта. Ал, мен - анық ескертуші ғанамын», - деп

[27] Ал, оны / Есеп күнін / жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің / Есеп күнін өтірікке шығарғандардың / жүзі түнеріп кетеді. Оларға: «Міне, осы сендердің сұрағандарың!» - делінеді

[28] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!» - деп

[29] Айт: «Ол - әр-Рахман / аса Қайырымды / , біз Оған сендік әрі Оған жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік / . Сендер жақында кімнің анық адасуда екенін білесіңдер», - деп

[30] Айт: «Айтыңдаршы, егер суларың жер астына сіңіп кетсе, сендерге ағатын су көзін кім келтіреді?!» - деп

Қалам

Surah 68

[1] Нун. Қаламмен және олардың жазып жатқандарымен ант етемін

[2] Ей, Мұхаммед! / Сен Раббыңның игілігі арқасында жын соққан біреу емессің

[3] әрі күдіксіз, саған таусылмайтын сый бар

[4] және сен, шын мәнінде, ұлы мінезге иесің

[5] Жақында көресің және олар да көреді

[6] сендердің қайсы біріңде ессіздік / бүлік / бар екенін

[7] Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі

[8] Ей, Мұхаммед! / Өтірікке шығарушыларға бағынба

[9] Олар сенің көнгіш болғаныңды қалайды, сонда олар да жұмсақтық танытпақшы

[10] Әрбір көп ант бергішке, жексұрынға бағынба

[11] мін таққышқа, өсек тасығышқа

[12] жақсылыққа кедергі болушыға, шектен шығушыға, күнәға батушыға

[13] дөрекіге бұған қоса өзін өзгенің баласы атағанға бағынба

[14] дәулеті және перзенттері көп болса да

[15] Оған аяттарымыз оқылған кезде ол: «Бұрынғылардың ертегілері», - деді

[16] Таяуда оның тұмсығын таңбалаймыз

[17] Ақиқатында, Біз оларды, бақ иелерін сынағанымыздай сынадық. Сол кезде олар таң уақытында оның жемістерін жинап алуға ант етті

[18] Алайда олар ескермеді / тосын жағдайды есепке алмады

[19] Сөйтіп, олар ұйықтап жатқанда, оны / бақты / Раббың тараптан бір айналушы айналды

[20] Сонда, таңға қарай жемістері қиылғандай кейіпке түсті

[21] Ал, олар таң сәріде бір-бірін шақырды

[22] « / Өнім / Жинайтын болсаңдар, бақтарыңа ерте барыңдар», - деді

[23] Сөйтіп олар / баққа / жол тартып, сыбырласқан күйде

[24] «Бүгін оған ешбір кедей кірмесін», - деді

[25] Олар күштері жететініне сеніп, ертемен оңаша барды

[26] Ал, оны көрген сәтте: «Ақиқатында біз адасып кетіппіз

[27] жоқ, біз айрылған екенбіз», - деді

[28] Олардың ішіндегі дұрыстауы: «Сен­дерге: « / Аллаһты / дәріптеңдер демеп пе едім», - деді

[29] Олар: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Ақиқатында біз әділетсіз болдық», - деді

[30] Сонда олар бірін-бірі жазғырып

[31] «Сорымыз құрысын! Ақиқатында, біз шектен шыққан екенбіз

[32] Мүмкін Раббымыз бізге бұның ор­нына одан жақсысын берер. Ақиқатында, біз Раббымыздан үміт етеміз», - десті

[33] Міне, осындай азап! Күмәнсіз, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен. Егер, олар білген болса

[34] Шын мәнінде, тақуалар үшін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысында - Наъим (Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтары бар

[35] Біз мұсылмандарды / бойсұнушыларды / қылмыскерлер сияқты етеміз бе

[36] Сендерге не болды, қалай үкім шығарып жатырсыңдар

[37] Әлде сендерде өздерің оқитын бір кітап бар ма

[38] Онда / ол кітапта / : «күдіксіз, сендерге таңдағандарың болады» делінген бе

[39] Әлде сендер үшін Қиямет күніне дейін жететін: «Шешкендерің орындалады», - деген, Біз міндетімізге алған ант бар ма

[40] Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, қайсылары бұған кепіл болады екен

[41] Әлде олардың серіктері бар ма? Егер шын сөзді болса, серіктерін әкелсін

[42] Ол күні балтыр ашылғанда, олар сәжде етуге шақырылады, бірақ олардың оған шамалары келмейді

[43] Олардың көздері жуасып, өздерін қорлық орап алады. Анығында, олар аман-сау кезінде / осы өмірде / сәжде жасауға шақырылған болатын

[44] Ей, Мұхаммед! / Енді осы Сөзді / Құранды / өтірік санайтындарды Маған қалдыр. Біз оларды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте ұстаймыз

[45] Әрі оларға уақыт беремін. Ақиқатында, Менің айла-тәсілім өте мықты

[46] Әлде сен олардан / ақиқатқа шақырғаның үшін / ақы сұрап, олар борышты болып қиналып жатыр ма

[47] Әлде оларда ғайыптан бір нәрсе болып, олар жаза ма

[48] Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкіміне сабыр ет және балық ішіндегі секілді болма. Сол уақытта ол қайғыға батып, жалбарынды

[49] Егер оған Раббысынан бір игілік болмағанда, онда ол ашық жерге / жағалауға / айыпталған күйде лақтырылар еді

[50] Раббысы оны таңдап, ізгілерден етті

[51] Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / Еске салуды / Құранды / тыңдаған сәтте, сені көзбен атып сүріндіруге әзір және: «Ол - анық жын соққан», - дейді

[52] Негізінде, бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салудан өзге нәрсе емес

Хаққа

Surah 69

[1] Әл-Хаққа / міндетті түрде болатын

[2] «Міндетті түрде болатын», - деген не

[3] Ей, Мұхаммед! / Әрі «Міндетті түрде болатынның» не екенін саған не білдірді

[4] Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» / Қиямет күнін / өтірік санады

[5] Сөйтіп, Сәмүдтықтар «Тағиямен» / шектен тыс қуатты нәрсемен / жойылды

[6] Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды

[7] Ол / Аллаһ / оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол елді іші кеуек кұрма ағаштарындай құлап жатқанын көресің

[8] Сен олардан қалған бірер нәрсені көресің бе

[9] Фиръаун мен одан алдыңғылар да және асты үстіне төңкеріліп ойран болған елдер де әдейі / біле тұра / қате істеді

[10] Олар Раббысының Елшісіне бойсұнбады да Ол / Аллаһ / оларды өте қатты ұстаумен тұтты

[11] Ақиқатында, су тасыған кезде, Біз сендерді кемеге мінгіздік

[12] оны сендерге еске салу үшін әрі оны ұғатын құлақтардың ұғуы үшін / істедік

[13] Ал, қашан сүр бір рет үрілгенде

[14] әрі жер мен таулар көтеріліп, бір соққымен күйретілген кезде

[15] міне, сол күні Уақиъа / Қиямет / басталады

[16] Сондай-ақ аспан сетінеп, сол күні ол әлсіз / берік емес / күйде болады

[17] Әрі Періштелер оның шеттерінде болады. Сол күні олардың үстінде Раббыңның аршын сегіз / періште / көтеріп тұрады

[18] Сол күні сендер / Аллаһтың / алдына шығарыласыңдар, сендердегі ешбір құпия жасырын қалмайды

[19] Міне, сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар

[20] Анығында, мен осы Есебіме кездесетініме сенген едім», - дейді

[21] Сөйтіп ол разы болатын өмірде

[22] биік / Жәннат / бағында болады

[23] сондай жемістері төніп тұратын

[24] Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер», - делінеді

[25] Ал, кімнің кітабы сол жағынан берілсе, ол: «Еһ, әттең, маған кітабым берілмесе еді

[26] Есебімнің не екенін білмесем еді

[27] Әттең, бұл / өлімім бәрін / бітіруші болғанда еді

[28] Мал-дүнием мені құтқармады

[29] Менің билігім / күш-қуатым / жойылды», - дейді

[30] Тозақ сақшыларына бұйырылады / : «Оны ұстаңдар да бұғаулаңдар

[31] Кейін оны Жахимға салыңдар

[32] Содан кейін оны / денесін / ұзындығы жетпіс шынтақ шынжырдан өткізіңдер

[33] Себебі ол ұлы Аллаһқа сенбеген еді

[34] әрі кедей, жарлыларды тамақтандыруға үгіттемеген / өзгелерді шақырмаған / еді

[35] Бүгін мұнда оған бір жақын / дос / жоқ

[36] және сасық іріңнен басқа ешбір тамақ та жоқ

[37] Оны біле тұра қателескендерден / күнәһарлардан / басқа ешкім жемейді

[38] Сендердің көріп тұрғандарыңмен ант етемін

[39] Әрі көрмей тұрғандарыңмен де

[40] Ақиқатында, бұл / Құран / - ардақты бір Елшінің / Аллаһтан жеткізген / сөзі

[41] Бұл - ақынның сөзі емес. Сендер қандай аз сенесіңдер

[42] Әрі ол бақсы-балгердің, сәуегейдің де сөзі емес. Сендер қандай аз еске аласыңдар

[43] Бұл - әлемдердің Раббысынан түсірілген

[44] Егер де ол кейбір сөздерді Бізге таңса

[45] онда оны оң қолынан ұстап алатын едік

[46] кейін оның күре тамырын үзер едік

[47] Сонда сендерден ешкім де оны тосып қала алмас еді

[48] Әрі шын мәнінде, бүл / Құран / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін бір еске салу

[49] Және анығында, Біз сендердің араларыңда өтірікке шығаратындар бар екенін анық білеміз

[50] Әрі күдіксіз, бүл күпірлік етушілер / теріске шығарушылар / үшін өкініш

[51] Және күдіксіз, ол - айқын ақиқат

[52] Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте

Мәғриж

Surah 70

[1] Бір сұраушы, болатын азапты сұрады

[2] Кәпірлерге болатын. Оны қайтарушы жоқ

[3] Ол / азап / сатылар / дәрежелер / Иесі - Аллаһтан

[4] Періштелер мен Рух / Жәбірейіл / Оған / Аллаһқа / өлшемі елу мың жыл болған бір күнде көтеріледі

[5] Ей, Мұхаммед! / Көркем сабырмен сабыр ет

[6] Шын мәнінде олар оны алые көреді

[7] ал, Біз оны жақын көреміз

[8] Ол / қиямет / күні аспан еріген мыс сияқты болады

[9] ал, таулар түтілген жүн секілді болады

[10] Әрі жақын жақынынан сұрамайды

[11] олар бір-біріне көрсетілсе де. Қылмыскер сол күннің азабынан құтылу үшін өзінің перзенттерін өтемге беруді қалайды

[12] және өзінің әйелін, өзінің аға-інісін

[13] әрі өзіне қамқор болып, паналатқан туыстарын да

[14] және жер жүзіндегі адамдардың барлығын да, тек кейін өзі құтқарылса болды

[15] Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, ол - Ләзо

[16] Бас терісін сыдырып алушы

[17] Ол / тозақ / теріс айналғанды және бет бұрғанды өзіне шақырады

[18] әрі / дүние / жинап, жасырғанды

[19] Негізінде, адам баласы / орнықсыз / етіп, тұрақсыз жаратылған

[20] Қашан оған жамандық жетсе, ол тым мазасыз

[21] ал, оған жақсылық келгенде өте сараң

[22] Тек намаз оқитындар ғана мұндай емес

[23] Олар - намаздарын әрқашан қалдырмай орындайтындар

[24] әрі мал-дүниелерінде белгілі бір үлес барлар

[25] сұраушыға және еш нәрсесі жоқтар үшін

[26] әрі олар - Есеп күнін шын деп білетіндер

[27] және олар - Раббысының азабынан зәресі ұшып қорқатындар

[28] ақиқатында, Раббысының азабынан ешкім де қауіпсіз емес

[29] Әрі олар - өзінің әурет мүшесін сақтаушылар

[30] жұбайлары мен қол астарындағы күңдерінен басқалардан, оларға бұл күнә емес

[31] ал, бұдан өзгені қалағандар - шектен шығушылар

[32] Әрі олар - аманаттары мен серттерін сақтайтындар

[33] және олар - куәліктерін әділ орындайтындар

[34] әрі олар - намаздарына мұқият қарайтындар

[35] міне, осылар - жәннаттарда сый-құрметке бөленетіндер

[36] Ей, Мұхаммед! / Сондай күпірлік етушілерге / Раббыңның игіліктерін мойындамағандарға / не болды, алдында асығыс-үсігіс жүгіріскен

[37] оң жақтан және сол жақтан топ-топ болып

[38] Олардан әрбірі Наъим(Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бағына кіргізілуін шынымен дәмете ме

[39] Жоқ, олай емес! Анығында, Біз оларды өздеріне мәлім болған нәрседен жараттық

[40] Шығыстар мен батыстардың Раббысымен ант етемін! Күмәнсіз, Біз жасай аламыз

[41] олардың орындарына олардан да жақсыны алмастыруды. Әрі Бізден ешкім озушы емес

[42] Оларды жөніне қалдыр. Олар өздеріне уәде етілген Күнге жолыққанға дейін бос сөз, жалғанға сүңгіп, ойнап-күле тұрсын

[43] Ол күні олар орнатылған белгілерге жүгіргендей қабірлерден асыға шығады

[44] олардың көздері жуасып, өздерін қорлық басқан күйде болады. Міне, оларға уәде етілген Күн - осы

Нұх

Surah 71

[1] Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», - деп жібердік

[2] Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен - сендерге анық ескертушімін

[3] Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар

[4] Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», - деп

[5] Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де / иманға / шақырдым

[6] Алайда, шақыруым олардың кері қашуын ғана арттырды

[7] Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті

[8] Мен оларды ашық түрде шақырдым

[9] Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша / жекеше / түрде де / үгіттедім

[10] Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол - көп Кешіруші / Ғаффар

[11] Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді

[12] сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады

[13] Сендер неге Аллаһқа бойсұнып, Одан қорықпайсыңдар

[14] Негізінде, Ол сендерді кезең-кезеңдермен жаратты

[15] Аллаһ жеті аспанды қабат-қабат етіп қалай жаратқанын көрмедіңдер ме

[16] Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді жарық шығарушы қылды

[17] Аллаһ сендерді жерден / өсімдік секілді / шығарды

[18] Содан кейін сендерді оған қайтарады және қайта шығарады

[19] Әрі Аллаһ сендерге жерді кілем етті

[20] онда кең жолдармен жүрулерің үшін», - деп

[21] Нұх айтты: «Раббым! Ақиқатында, олар мағанбағынбай, сондай, өздеріне мал-дүниесі мен перзенттері зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті»

[22] Сондай-ақ, олар өте үлкен құлықпен айлакерлік істеді

[23] және / қауымына / айтты: «Сендер ешқашан өз құдайларыңды тастамаңдар. Уадты, Суағты, Яғусты, Яғуқты және Нәсірді еш уақытта тастаушы болмаңдар», - деп

[24] Нұх / : «Ақиқатында, бұлар көбін адастырды. Сен де / Раббым / әділетсіздерге адасудан басқаны арттырма!» - деді

[25] Олар біле тұра істеген қателерінің салдарынан суға батырылып әрі отқа кіргізілді. Сөйтіп, олар өздеріне Аллаһтан басқа ешқандай көмек берушілерді таппады

[26] Нұх айтты: «Раббым, кәпірлерден жерде бірде-бір тұрғын қалдырма

[27] Өйткені, Сен оларды қалдырсаң, олар құлдарыңды адастырады және бұзық, кәпірден басқаны көбейтпейді

[28] Раббым, мені, ата-анамды, үйіме иманды болып кіргендерді және иманды ерлер мен иманды әйелдерді кешір! Ал, әділетсіздерге жойылып кетуден басқаны арттырма!» - деді

Жын

Surah 72

[1] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жындардың бір тобының тыңдағаны маған уахи етілді, сонда олар: «Ақиқатында, біз бір ғажап Құранды естідік

[2] Ол тура жолға салады. Біз оған сендік. Енді Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз

[3] Әрі күдіксіз, Раббымыздың ұлылығы - өте жоғары. Ол Өзіне жұбай да, бала да алған емес

[4] Ал біздің ішіміздегі жетесіз / Ібіліс / Аллаһ жөнінде шектен шыққан сөз айтатын еді

[5] Ақиқатында, біз адамдар да, жындар да Аллаһ жөнінде ешқашан өтірік айтпайды деп ойлаған едік

[6] Адамдардың ішіндегі кейбір кісілер жындардың ішіндегі кейбір еркек жындардан пана сұрап, олардың менменсіп, басынуларын арттыратын еді

[7] Әрі олар да сендер сияқты «Аллаһ ешқашан, ешкімді қайта тірілтпейді», - деп ойлаған еді

[8] Анығында, біз аспанға шыққанымызда, оны / аспанды / қатаң күзетшілер мен отты ұшқындар толы түрде таптық

[9] Әрі расында, біз оның / аспанның / кейбір жайларында тыңдау үшін отыратын едік. Ал, енді кім тыңдамақшы болса, сол сәтте-ақ ол өзін көздеген отты ұшқынға кезігеді

[10] Шын мәнінде, біз білмейміз, жер бетіндегілерге жамандық көзделді ме әлде оларға өздерінің Раббысы тура жолды қалады ма

[11] Ақиқатында, біздің арамызда түзулер де бар және арамызда одан өзгелер де бар. Біз түрлі жолдарда едік

[12] Негізінде, біз Аллаһты / Оның құдіретін / жерде ешқашан әлсірете алмайтынымызды және қашып та Оны / Оның азабын! ешқашан әлсірете алмайтынымызды білдік

[13] Әрі біз тура жолды естіген соң, оған сендік. Кім Раббысына сенсе, ол / жақсылығының / кемуінен де, әділетсіздіктен де қорықпайды

[14] Ақиқатында, біздің арамызда мұсылмандар / бойсұнушылар / да бар және арамыз­да ауытқығандар бар. Кім бойсұнса, міне, солар туралықты ұстанған болады

[15] Ал, ауытқығандар Жаһаннамға отын болады»,- деді

[16] Егер олар / ауытқығандар / жолда тура / дұрыс / тұрғандарында, онда Біз оларды мол сумен қамтамасыз етер едік

[17] сонымен оларды сынау үшін. Кім Раббысының Еске салуынан / Құраннан / бет бұрса, Ол оны ауыр азапқа салады

[18] Әрі ақиқатында, мешіттер Аллаһтікі. Аллаһпен қатар ешкімді шақырмаңдар / құлшылық етпеңдер

[19] Әрі шын мәнінде, Аллаһтың құлы Оған дұға қылып тұрған кезінде, олар / жындар / үсті-үстіне үймелеп, оның үстіне түсе жаздады

[20] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен тек Раббымнан ғана тілеймін, Оған ешкімді серік етіп қоспаймын», - деп

[21] Айт: «Ақиқатында мен сендерге зиян да тигізе алмаймын әрі тура жолға салу билігіне де ие емеспін», - деп

[22] Айт: «Ақиқатында мені ешкім Аллаһтан қорғай алмайды әрі мен де Одан басқа бір қорғаныш-пана таба алмаймын

[23] Мен тек Аллаһтан жіберілгенді әрі Оның тапсырғанын жеткіземін. Енді кім Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келсе, әлбетте, оған Жаһаннам оты бар. Олар онда мәңгі қалады», - деп

[24] Олар өздеріне уәде етілгенді көрген сәтте, кімнің жәрдемшілерінің әлсіз және саны аз екенін біледі

[25] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге уәде етілген нәрсе жақын ба, әлде Раббым оғанұзақ мерзім белгіледі ме, білмеймін», - деп

[26] Ол - ғайыпты Білуші. Өзінің ғайып еткенін ешкімге білдірмейді

[27] тек, Өзі разы болған елшілерге ғана / білдіреді / . Сонда оның алдынан да, артынан да күзетушілер / қорғаушылар / қойып қояды

[28] олардың / елшілердің / Раббысының жібергендерін жеткізгендігін білу үшін. Ол олардағыны / барлық нәрсені / қамтыған және әрбір нәрсені санап, есептеп қойған

Муззәммил

Surah 73

[1] Ей, жамылып алушы

[2] Түннің аз бөлігінен өзгесін, тұр / намаз оқуға

[3] оның жартысын не одан біраз кеміт

[4] не оған қос. Әрі Құранды анық етіп оқы

[5] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, саған салмақты Сөзді түсіреміз

[6] Шын мәнінде, түнде түру өте эсерлі және айтылуы түсініктірек

[7] Ақиқатында, күндіз сенің ұзақ істерің бар

[8] Әрі Раббыңның есімін еске ал және Оған толығымен беріл

[9] Ол - шығыс пен батыстың Раббысы. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Оны Қамқоршы етіп ал

[10] Олардың / серік қатушылардың / айтып жатқандарына сабыр ет және оларды сыпайы түрде тәрк ет

[11] Әрі өтірік санаушы дәулет иелерін Маған қалдырып, оларға біраз уақыт бер

[12] Шын мәнінде, Бізде бұғаулар және Жахим бар

[13] әрі өңештен өтпейтін тамақ және күйзелтуші азап бар

[14] Ол күні жер мен таулар тітірейді де таулар сусымалы құм төбелерге айналады

[15] Анығында, Біз Фиръаунға Елші жібергеніміздей, сендерге де өздеріңе қарсы куәлік беруші Елші жібердік

[16] Ал, Фиръаун Елшіге бағынбады. Сондықтан оны қатты ұстаумен қолға алдық

[17] Ал, егер сендер күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер / , сәбилердің шашы ағаратын Күннен қалай сақтанасыңдар

[18] Сонда аспан жарылады. Оның уәдесі орындалады

[19] Ақиқатында, бұл - Еске салу. Ендеше кім қалайтын болса, Раббысына қарай жол ұстанады

[20] Анығында, Раббың сенің түннің үштен екісінен азырақ бөлігін әрі оның жартысын және үштен бір бөлігін / намазда / тұрып өткізетініңді біледі және сенімен бірге болғандардан бір топтың да. Түн мен күндіздің мөлшерін Аллаһ белгілейді. Ол сендердің есептей алмайтындарыңды біледі, сондықтан Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Ол араларыңда науқастар болатынын, біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп сапарда болатындарын және біреулер Аллаһтың жолында соғысатынын біледі. Ендеше, одан жеңіл келгенін оқыңдар әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындаңдар және зекетті беріңдер және Аллаһқа көркем қарыз беріңдер. Өздерің үшін алдын ала қандай жақсылық істеген болсаңдар, оны Аллаһтың алдында содан да қайырлы әрі ұлы сый күйінде табасыңдар. Аллаһтан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Рақымды

Муддәссир

Surah 74

[1] Ей, бүркеніп алушы

[2] Орныңнан түр, ескерт

[3] Әрі Раббыңды ұлықта

[4] Әрі киіміңді тазала

[5] және лас нәрселерден аулақ бол

[6] Әрі жақсылықты - көп болып қайтуы үшін жасама

[7] Әрі Раббың үшін сабыр ет

[8] Ал, қашан сүр үрілсе

[9] міне, сол күн - ауыр күн

[10] кәпірлер үшін оңай болмайтын

[11] Ей, Мұхаммед! / Жалғыз етіп жаратқанымды Өзіме қалдыр

[12] Мен оған мол мал-дәулет бердім

[13] және жанында тұратын перзенттерді

[14] әрі оған / дүниені / жайып қойдым

[15] Содан кейін де ол Менің арттыра түсуімді қалайды

[16] Жоқ, олай болмайды! Ақиқатында, ол аяттарымызға қарсы қасарысушы еді

[17] Таяуда оны «өрге» мәжбүрлеймін

[18] Анығында, ол ойлап, есептеді

[19] Жойылып кеткір, ол қалай есептеді

[20] Содан кейін тағы жойылғыр, ол қалай есептеді

[21] Сосын ол ойланып қарады

[22] Содан кейін қабағын шытып, бетін тыржитты

[23] Одан соң теріс айналып, өзін жоғары санап, менменсіп

[24] «Бұл - айтылып келе жатқан сиқырдан басқа ештеңе емес

[25] Бұл - бар болғаны адамның сөзі», - деді

[26] Жақында оны Сақарға кіргіземін

[27] Сақардың не екенін саған не білдірді

[28] Ол қалдырмайды да, тастамайды

[29] теріні жандырып жіберуші

[30] Оның үстінде он тоғыз бар

[31] Біз тозақ сақшыларын періштелерден ғана қылдық. Әрі олардың санын сондай күпірлік етушілер / имансыздар / үшін бір сынақ еттік. Бұл Кітап берілгендердің көздері жетуі, имандылардың иманы артуы үшін және Кітап берілгендер мен имандылардың күмәнданбауы үшін. Сондай-ақ жүректерінде дерті барлар мен кәпірлер: «Аллаһ бұл мысалмен нені қалады?!» - деп айтуы үшін. Осылай, Аллаһ кімді қаласа адастырып, кімді қаласа тура жолға салады. Раббыңның әскерін Одан басқа ешкім білмейді. бұл - адамзат үшін бір Еске салудан басқа еш нәрсе емес

[32] Иә, солай! Аймен ант етемін

[33] Әрі кейін қайтқан түнмен

[34] және ағарып жатқан таңмен

[35] Ақиқатында, ол / тозақ / - өте үлкендердің / құбылыстардың / бірі

[36] адамзатты ескертуші ретінде

[37] сендерден алға жүруді немесе артқа шегінуді қалағандар үшін

[38] Әрбір жан - істеп тапқанының / амалының / тұтқыны

[39] Бірақ оң жақтағылар олай емес

[40] Олар жәннаттарда бір-бірінен сұрасады

[41] қылмыскерлер туралы

[42] Тозаққа түскендерге / : «Сендерді Сақарға / тозаққа / не кіргізді?» - дейді

[43] Олар: «Біз намаз оқушылардан болмадық

[44] әрі кедейді тамақтандырмайтын едік

[45] және / бос, өтірік сөздерге / батушылармен бірге батушы едік

[46] және Есеп / қиямет / күнін өтірік санауда болдық

[47] бізге айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін», - дейді

[48] Сонда оларға араға түсушілердің / шапағат етушілердің / араға түсуі пайда бермейді

[49] Оларға не болды, Еске салатыннан / Құраннан / бет бұратындай

[50] бейне бір үріккен жабайы есектер тәрізді

[51] Арыстаннан қашқан

[52] Негізінде, олардың әрбірі өзіне ашық жазбалардың берілуін қалайды

[53] Жоқ, керісінше, олар соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қорықпайды

[54] Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу, / ескерту

[55] кім қаласа, оны есіне алады

[56] Алайда олар Аллаһ қаламаса, есіне алмайды. Ол / жазасынан / қорқуға лайықты әрі кешірім Иесі

Қиямәт

Surah 75

[1] Жоқ! Қайта тірілу күнімен ант етемін

[2] Әрі жазғырушы жанмен ант етемін

[3] Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме

[4] Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді

[5] Алайда, адам алдағы уақытта да бұзық іс істеуді қалайды

[6] Ол: «Қайта тірілу күні қашан?» - деп сұрайды

[7] Қашан көз қатты үрейленіп көруден қалғанда

[8] және ай тұтылған / сәулесі өшкен

[9] әрі күн мен ай біріктірілген кезде

[10] сол күні адам: «Қашатын жер қайда?»- дейді

[11] Жоқ! Паналайтын ешқандай орын жоқ

[12] Ол күні тұрақтар орын - сенің Раббыңда

[13] Сол күні адам баласына ілгері жібергендері және кейінге қалдырғандары туралы хабар етіледі

[14] Күмәнсіз, адам өз-өзіне қарсы куәлік береді

[15] тіпті ол, өз уәж-сылтауларын ортаға салса да

[16] Ей, Мұхаммед! / Оған / уахиды жаттауға / асығып, тіліңді қимылдатпа

[17] Анығында, оны жинау және оқып беру Біздің міндетімізде

[18] Ал, Біз оны оқығанда, оның оқылуына ілес

[19] содан кейін оны түсіндіру - Біздің міндетімізде

[20] Жоқ! Негізінде, сендер осы өмірді ұнатасыңдар

[21] ал, соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / тастап, қалдырып қоясыңдар

[22] Ол күні кейбір жүздер жайнап

[23] Раббысына қарайды

[24] Әрі ол күні кейбір жүздер түнеріп

[25] Омыртқа үзілетіндей іс / азап / болатынына көздері жетеді

[26] Жоқ, олай емес! Қашан ол / жан / алқымға жеткен кезде

[27] әрі «Кім шара көреді», - делінгенде

[28] және ол, шын мәнінде, бұл - айрылу екенін сезгенде

[29] балтыр - балтырға қосылған кезде

[30] сол күні сенің Раббыңа айдалады

[31] Өйткені ол шын деп білмеді / сенбеді / және намаз оқымады

[32] Керісінше, оны өтірік санап, теріс бұрылды

[33] кейін ол кердеңдей басып, өзінің үй-ішіне кетті

[34] Сорың құрсын, сенің, сорың құрғыр

[35] Сосын тағы сорың құрсын, соры қайнағыр

[36] Адам баласы өз бетімен қараусыз, бос қалдырыламын деп ойлай ма

[37] Ол төгілген мәниден / ұрық сұйығынан / бір тамшы емес пе еді

[38] Кейін, ол ұйыған қан болды. Сөйтіп ол оны жаратып / тұла бойын үйлестіріп / теңестірді

[39] Әрі одан екі жыныс: ер және әйел жасады

[40] Сонда, Оның өліктерді тірілтуге күші жетпей ме

Дәһр

Surah 76

[1] Адамға ол еске алынбаған кезінен / жаратылғанға дейін / біраз уақыт өтпеді ме

[2] Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік

[3] Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер / , немесе күпірлік етер / ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар

[4] Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік

[5] Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен / сусын / ішеді

[6] Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны / қалағанынша / ағызады

[7] Олар нәзірді / Аллаһ жолына атағанын / орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады

[8] Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді

[9] Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз

[10] Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», - дейді

[11] Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді

[12] және сабыр еткендері үшін оларға / Жәннаттағы / бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді

[13] Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді

[14] Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады

[15] Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді

[16] Ал шынысы - күмістен. бұл ыдыстар / сайма-сай / өлшеніп қойылған

[17] Әрі оларға зәнжәбил / сусыны / араластырылған кеседен ішкізіледі

[18] «Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан

[19] Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып / қызмет етіп / жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың

[20] Әрі көрген кезде, онда / жәннатта / игілік әрі ұлы патшалықты көресің

[21] Олардың / жәннаттықтардың / үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді

[22] Оларға / : «Ақиқатында, бұл - сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», - делінеді

[23] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп / біртіндеп / түсірдік

[24] Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба

[25] Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал

[26] Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте

[27] Ақиқатында, бұлар / имансыздар / тез өтетінді / осы дүниені / жақсы көріп, ауыр Күнді / қияметті / арттарына қалдырады

[28] Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз

[29] Анығында, бұл - еске салу / насихат / . Енді кім қаласа, Раббысына / апаратын / жол ұстанады

[30] Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана

[31] Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі

Мурсәләт

Surah 77

[1] Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен

[2] әрі қатты есушілермен

[3] және жайып таратушылармен

[4] және ажыратып айырушылармен

[5] және еске салынатынды / уахиды / жеткізушілермен / ант етемін

[6] уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде

[7] Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады

[8] жұлдыздар сөндірілген кезде

[9] әрі аспан айрылған кезде

[10] және таулар үгітіліп ұшырылған кезде

[11] және елшілерге уақыт белгіленген кезде

[12] Мұрсат қай күнге дейін берілген еді

[13] Айыру күніне дейін

[14] Ей, Мұхаммед! / Айыру күнінің не екенін саған не білдірді

[15] Сол күні / Аллаһтың уәдесін / өтірік санаушыларға қасірет бар

[16] Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе

[17] Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз

[18] Біз қылмыскерлерді осылай етеміз

[19] Сол күні / ақиретті / өтірік санаушыларға қасірет бар

[20] Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па

[21] әрі оны бір берік жайға / жатырға / орналастырмадық па

[22] белгілі бір мерзімге дейін

[23] Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз

[24] Сол күні / Аллаһтың құдіретін / өтірік санаушыларға қасірет бар

[25] Біз жерді жинаушы етпедік пе

[26] тірілерді және өлілерді

[27] Әрі онда мызғымас биік болғандарды / тауларды / орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік

[28] Сол күні / Аллаһтың белгілерін / өтірік санаушыларға қасірет бар

[29] Оларға / : «Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар

[30] Үш тармақты көлеңкеге барыңдар

[31] Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды

[32] Ол / тозақ / зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады

[33] Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», - делінеді

[34] Сол күні / Сот күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар

[35] Бұл - олар сөйлемейтін күн

[36] әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді

[37] Сол күні / Есеп күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар

[38] Бұл - Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз

[39] Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер

[40] Сол күні / Аллаһтың жазасын / өтірік санаушыларға қасірет бар

[41] Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / саялар мен бұлақтарда

[42] көңілдері қалаған жемістер арасында болады

[43] Оларға / : «Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» - делінеді

[44] Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз

[45] Сол күні / Қайтарымды / өтірік санаушыларға қасірет бар

[46] Күнәһарларға / : «Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер - қылмыскерсіңдер» - делінеді

[47] Сол күні / Қайта тірілуді / өтірік санаушыларға қасірет бар

[48] Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», - делінгенде, олар рүкүғ жасамайды

[49] Сол күні / діни парыздарды / өтірік санаушыларға қасірет бар

[50] Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді

Нәбә

Surah 78

[1] Олар бір-бірінен не туралы сұрасып жатыр

[2] Ұлы хабар туралы

[3] өздері ол жөнінде қарама-қайшылықта

[4] Жоқ, олай емес! Олар жақында біледі

[5] Кейін, тіпті олай емес! Олар әлі-ақ біледі

[6] Біз жерді төсеніш етпедік пе

[7] ал тауларды қазық

[8] Әрі Біз сендерді жұптар етіп жараттық

[9] Ал ұйқыларыңды тынығу еттік

[10] әрі түнді жамылғы етіп жасадық

[11] және күндізді тіршілік / уақыты / етіп жасадық

[12] Әрі үстеріңнен жеті берікті құрдық

[13] және лаулаған шырақ жасадық

[14] Әрі сығылушылардан / бұлттардан / мол су түсірдік

[15] онымен дән және өсімдікті шығару үшін

[16] және ну бақтарды да

[17] Ақиқатында, Айыру күні - белгіленген бір мерзім

[18] Ол күні сүр үрленеді де сендер топ-топ болып келесіңдер

[19] Әрі аспан ашылып, қақпаларға айналады

[20] ал таулар жүргізіліп, сағымға айналады

[21] Ақиқатында, Жаһаннам - аңдып, күтіп тұрушы

[22] шектен шығушылар үшін қайтар орын

[23] Олар онда ғасырлар бойы қалады

[24] Ол жерде олар салқындықты да, су сын да татпайды

[25] тек қайнап тұрған су мен іріңнен басқа

[26] істеріне лайықты қайтарым ретінде

[27] Анығында, олар, есепке тартылуды «үміт» етпеген / қорықпаған / еді

[28] әрі аяттарымызды мүлде өтірікке шығарған еді

[29] Ал, Біз барлық нәрсені жазып, есептеп қойдық

[30] Енді, татыңдар. Сендерге азаптан басқа ешнәрсені арттырмаймыз

[31] Күмәнсіз, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін - игілік мекені

[32] бақтар мен жүзімдіктер

[33] әрі құрбылас, толық омыраулы қыздар

[34] және толы кеселер

[35] Олар онда / Жәннатта / бос сөзді де, өтірікті де естімейді

[36] Бұл - Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый

[37] аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы - ар-Рахманнан. Одан / рұқсатсыз / тіл қатуға ие болмайды

[38] Ол күні Рух / Жәбірейіл / және періштелер тізіліп тұрады. Ар-Рахманның рұхсат еткенінен басқа ешкім сөйлемейді. Әрі / рұқсат берілгенде / дұрысты ғана сөйлейді

[39] Сол күн - ақиқат. Кім қаласа, Раббысына қайтатын жолды ұстанады

[40] Ақиқатында, Біз сендерді жақын бір азаптан сақтандырып, ескерттік. Ол күні адам екі қолы алдын-ала дайындағанына қарайды. Сонда кәпір: «Әттең! Топырақ болып кетсем еді», - дейді

Назиғат

Surah 79

[1] Қатты тартып, суырып алушылармен

[2] жеңіл етіп шығарып алушылармен

[3] және жылдам жүзушілермен

[4] солай, екпінді озушылармен

[5] бұйрықты орындаушылармен ант етемін

[6] Ол күні сілкінуші сілкінеді

[7] оған артынан келесісі жалғасады

[8] Ол күні жүректер тітірейді

[9] көздер қорлана бағынып, төмен қарайды

[10] Олар / сенбеушілер / : «Біз артқа қайтарыламыз ба

[11] Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» - дейді

[12] Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», - дейді

[13] Ақиқатында, ол - бар болғаны бір ғана қатты дауыс

[14] Сонда олар жер бетінде / тіріліп / тұрады

[15] Саған Мұсаның хабары келді ме

[16] Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді

[17] «Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты

[18] Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба

[19] Саған Раббыңа / апаратын / жолды көрсетейін. Сонда сен / Оның жазасынан / қорқатын боласың», - / деп

[20] Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті

[21] бірақ / Фиръаун / оны өтірікке шығарды және қарсы шықты

[22] Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті

[23] Әрі / халқын / жинап, жар салды

[24] «Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», - деп

[25] Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / және осы өмір азабымен жазалады

[26] Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар

[27] Жаратуда / сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды

[28] оның төбесін көтеріп, оны теңестірді

[29] және оның түнін қараңғы етіп, / күндіз / жарығын шығарды

[30] Әрі одан кейін жерді жайды

[31] Одан / жерден / оның суы мен жайылымдарын шығарды

[32] және тауларды бекітіп орнықтырды

[33] сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін

[34] Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде

[35] сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады

[36] және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі

[37] Сонда кім шектен шыққан болса

[38] әрі бұл өмірді артық көрген болса

[39] онда күмәнсіз, оның баратын орны - Жахим (Тозақ)

[40] Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса

[41] онда күмәнсіз, оның баратын орны - жәннат

[42] Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағат / Қиямет / туралы: «Ол қашан болады?», - деп сұрайды

[43] Ол туралы сен не айта аласың

[44] Оның / ол жайлы толық мағлұматтың / шегі Раббыңда

[45] сен тек одан / Есеп күнінен / қорыққандарды ғана ескерте аласың

[46] Олар оны / қияметті / көрген күні, / дүниеде / бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады

Абаса

Surah 80

[1] Ол қабағы түсіп, бұрылды

[2] оған соқыр кісінің келгендігінен

[3] Ей, Мұхаммед! / Сен қайдан білесің, мүмкін ол тазаратын шығар

[4] Немесе еске алар, сөйтіп еске салу оған пайда берер

[5] Ал, қажетсінбейтін біреу болса

[6] сен оған көңіл бөлесің

[7] Ал, оның тазармауында тұрған саған еш нәрсе жоқ

[8] Ал біреу саған ынталанып келсе

[9] әрі / Раббысынан / қорыққан халде

[10] сен одан / басқаға / көңіл аударасың

[11] Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу

[12] Кім қаласа, оны есіне алады

[13] құрметті жазбаларда / сухуфтарда

[14] жоғары бағаланған тап-таза

[15] елшілердің / періштелердің / қолында

[16] қадірлі, игі

[17] Сенбеген / адамның жаны шықсын! Күпірлік етуде / игіліктерді мойындамауда / ол қандай қатты

[18] Ол / Аллаһ / оны не нәрседен жаратты

[19] Бір тамшыдан жаратты, әрі белгіледі

[20] Содан соң оған жолды оңайластырды

[21] Одан кейін оның жанын алып, / мүрдесін / қабірге қойдырды

[22] Кейін оны Өзі қалаған кезде қайта тірілтеді

[23] Жоқ! Ол болса, Оның бұйрығын орындамады

[24] Ал, енді адам өзінің тамағына, бір көз салып қарасын

[25] Біз суды мол етіп құйдық / жаудырдық

[26] содан кейін жерді тілімдеп айырдық

[27] Сөйтіп одан дәнді / дақылдар / өсірдік

[28] әрі жүзім мен жоңышқаны

[29] және зәйтүн мен құрманы

[30] және қалың бау-бақтарды

[31] сондай-ақ, жемістер мен шөптерді

[32] сендердің пайдалануларыңа әрі малдарың үшін

[33] Ал енді Сохха келген кезде

[34] сол күні адам, туған бауырынан қашады

[35] және анасы мен әкесінен

[36] әрі әйелі мен балаларынан

[37] Ол күні әрбір адамды әлек ететін оз ісі бар

[38] Ол күні / кейбір / жүздер жарқын

[39] күлімсіреген, қуанышты

[40] Әрі ол күні / кейбір / жүздерді шаң басып

[41] олар қарайған болады

[42] Міне, солар - кәпірлер, бұзықтар

Тәкуир

Surah 81

[1] Күн оратылып бүктелген кезде

[2] әрі жұлдыздар төгілген кезде

[3] және таулар / орнынан / қозғалтылған кезде

[4] және он айлық буаз түйелер қараусыз қалған кезде

[5] әрі аңдар жиылған кезде

[6] және теңіздер отқа айналған кезде

[7] және жандар топтастырылған кезде

[8] әрі тірідей көмілген қыз сұралған кезде

[9] «Қай күнәсі үшін өлтірілді?» - / деп

[10] Аман / жазбалары таратылған кезде

[11] және аспан сыдырылып алынған кезде

[12] және Жахим (Тозақ) жандырылған кезде

[13] әрі Жәннат жақындатылған кезде

[14] әрбір жан нені дайындап, алып келгенін біледі

[15] Жоқ! Қайтушылармен ант етемін

[16] қозғалушы, жасырынушы

[17] әрі қараңғылығы түсе бастаған түнмен

[18] және тыныс алып, ағарабастаған таңмен

[19] Анығында, бұл - ардақты Елшінің сөзі

[20] күшті және Аршы Иесінің алдында мәртебелі

[21] оған ол жақта / періштелер / бағынатын, сенімді

[22] Сендердің жолдастарың жынды емес

[23] Ол, оны анық көкжиекте көрді

[24] Әрі ол ғайыпты / уахиды / жеткізуде сараңдық / кемітушілік / істемеді

[25] және бұл - қуылған шайтанның сөзі емес

[26] Сонда, қайда барасыңдар

[27] Ол / Құран / - әлемдер үшін еске салу ғана

[28] сендерден туралықты ұстануды қалағандар үшін

[29] Әлемдердің Раббысы Аллаһ қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар

Инфитар

Surah 82

[1] Аспан жарылған кезде

[2] әрі аспан денелері төгілген кезде

[3] және теңіздер / тасып / , бір-біріне құйылған кезде

[4] және қабірлер аударылған кезде

[5] сонда әрбір жан ілгері не жіберілгенін, артына не қалдырылғанын біледі

[6] Ей, адам баласы! Әл-Кәрим / аса Жомарт / Раббың жайлы сені не алдады

[7] Ол / Аллаһ / сені жаратты, / дене мүшелерін үйлесімді етіп / теңестірді және / тұлабойыңды / түзулеп

[8] Өзі қалаған бейнеде сені құрастырды

[9] Жоқ, сөйтсе де сендер Есеп күнін өтірікке шығарасыңдар

[10] Ал, шын мәнінде, сендердің үстеріңнен күзетіп тұрушылар бар

[11] құрметті жазып тұрушылар

[12] Олар не істеп жатқандарыңды біледі

[13] Шын мәнінде, ізгілер, сөзсіз игілікте болады

[14] ал бұзықтар, міндетті түрде Жахимда болады

[15] Олар оған Есеп күні кіреді

[16] әрі олар одан жоқ болып та құтыла алмайды

[17] Ал, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді

[18] Сосын тағы да, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді

[19] Сол күні жан / өзге / жан үшін еш нәрсе істей алмайды. Әрі ол күні әмір беру - Аллаһқа ғана тән

Мутаффифин

Surah 83

[1] Өлшеу-тартуда кемітушілерге қасірет бар

[2] Солар, қашан адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар

[3] ал, егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді

[4] Олар өздерінің қайта тірілетіндіктерін ойламай ма

[5] ұлы Күн үшін

[6] Ол күні адамдар әлемдердің Раббысының алдында тұрады

[7] Жоқ! Әлбетте, бұзықтардың кітабы сөзсіз сижжинде болады

[8] Сижжиннің не екенін саған не білдірді

[9] Жазылған кітап

[10] Өтірікке шығарушыларға ол Күні қасірет бар

[11] солар - Қайтарым күнін өтірікке шығаратындар

[12] Ал, оны әрбір шектен шығушы күнәһар ғана өтірікке шығарады

[13] Оған аяттарымыз оқылғанда, ол: “Әуелгілердің ертегісі”, - деді

[14] Жоқ, керісінше, олардың жүректерін істеп тапқандары / күнәлары / бүркеп алды / іс-амалдарының кірі басты

[15] Жоқ! Анығында, олар ол Күні өздерінің Раббысынан тосылатындар

[16] Кейін олар, сөзсіз Жахимға кіреді

[17] Содан соң / Оларға / : “Міне, сендердің өтірікке шығарғандарың - осы!” - деліндеді

[18] Жоқ! Шын мәнінде ізгілердің кітабы сөзсіз Иллиунда болады

[19] Иллиунның не екенін саған не білдірді

[20] Жазылған кітап

[21] Оны, жақындатылғандар көреді

[22] Анығында, ізгілер, сөзсіз игілікте

[23] перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерден қарайды

[24] Олардың жүзінен игіліктің сәулесін көресің

[25] Олар мөрленген шәрбәттан сусындайды

[26] Оның сарқыны - жұпар. Талпынушылар, міне осыған ұмтылсын

[27] Әрі оған Тәсним сусыны қосылған

[28] Ол - жақындатылғандар ішетін бір бастау

[29] Ақиқатында, қылмыскерлер иманға келгендерге күлетін

[30] және олар жандарынан өткенде, бір-біріне көз қысып ымдасатын

[31] Әрі үйлеріне қайтқан кезде мәз болып, масайрап қайтатын

[32] Әрі қашан оларды / Мұсылмандарды / көрген кезде: «Сөзсіз, бұлар - шынында да адасқандар», - дейтін

[33] Алайда өздері олардың үстінен күзетуші етіліп жіберілмеген еді

[34] Ал, енді бұл / Қиямет / күні иманға келгендер кәпірлердің үстінен күледі

[35] сәнді перделі сәкілерден қарап

[36] Кәпірлерге істегендерінің қайтарым жазасы берілді ме

Иншиқақ

Surah 84

[1] Аспан айрылған кезде

[2] және Раббысына бойсұнып әрі міндетті болып

[3] Әрі жер созылып

[4] ішіндегісін шығарып, босаған кезде

[5] Раббысына бойсұнып, міндетті болып

[6] Ей, адам! Негізінде сен іс-әрекеттеріңмен Раббыңа қарай ұмтылып бара жатырсың, сөйтіп Оған жолығасың

[7] Сонда, кімге кітабы / амал дәптері / оң жағынан берілсе

[8] жеңіл есеппен есептеліп

[9] жәннаттағы / үй ішіне қуанған күйде қайтады

[10] Ал, кімге кітабы арқа жағынан берілсе

[11] ол сонда өлім тілейді де

[12] Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) кіреді

[13] Ақиқатында ол / осы өмірде / үй-ішіндегілері арасында мәз-мәйрам болған еді

[14] Анығында ол, қайтпаймын деп ойлайтын

[15] Жоқ, олай емес! Шын мәнінде Раббысы оны көруші

[16] Жоқ! Кешкі шапақпен ант етемін

[17] және түнмен әрі ол жинаған нәрселермен

[18] және толған кездегі айменен

[19] Сендер міндетті түрде, бір халден басқа бір халге өтесіңдер

[20] Сонда оларға не болды, иманға келмейтіндей

[21] әрі оларға Құран оқылған кезде, сәжде етпейтіндей

[22] Алайда, күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / хақты өтірікке шығарады

[23] Ал, Аллаһ олардың жасырған нәрселерін жақсы білуші

[24] Ей, Мұхаммед! / Сондықтан оларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»

[25] Ал, сондай иманға келген және ізгі амал істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар

Буруж

Surah 85

[1] Шоқжұлдызды аспанмен ант етемін

[2] және уәде етілген Күнмен

[3] Куәлік берушімен және куәлік берілгенмен ант етемін

[4] Жойылып кетсін ордың иелері

[5] ішінде отыны бар отты / ордың

[6] Сол кезде олар оның / ордың / маңында отырған еді

[7] имандыларға / мүміндерге / не істегендеріне өздері куә болып

[8] Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек бәріненҮстем, аса Мақтаулы Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті

[9] Ол / Аллаһ / сондай, аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Әрі Аллаһ барлық нәрсенің үстінен Куә / Шаһид

[10] Ақиқатында, иманды / мүмін / ерлер мен иманды әйелдерді сынаққа салып / азаптап / , кейін істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпағандарға / тәубе қылмағандарға / - міне, соларға Жаһаннамның азабы әрі Оларға өртеуші оттың азабы бар

[11] Анығында, иманға келген және ізгі амал істегендерге астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтар бар. Бұл - үлкен жетістік

[12] Шын мәнінде, Раббыңның қолға алуы - өте қатты

[13] Ақиқатында, Ол бастайды / бастапқыда жаратып / әрі қайталайды

[14] Әрі Ол - өте Кешірімді, аса жақсы көруші

[15] Аршының Иесі, аса дәріптеліп Мақтаулы

[16] қалаған нәрсесін әрқашан Жасаушы

[17] Ей, Мұхаммед! / саған әскерлердің хабары келді ме

[18] Фиръаун және Сәмүдтықтардың

[19] Бірақ, кәпірлер өтірікке шығаруда

[20] Ал, Аллаһ оларды сыртынан / алды-артынан / орап, қамтып тұрушы

[21] Сөзсіз, ол - ұлы Құран

[22] Ләухул-Махфузда

Тариқ

Surah 86

[1] Аспанмен және Тариқпен / жарық жұлдызбен / ант етемін

[2] Ей, Мұхаммед / / Тариқтың / жарық жұлдыздың / не екенін саған не білдірді

[3] Ол / жарығы / өткір жұлдыз

[4] Анығында, әрбір жанның үстінде сақтаушы бар

[5] Ал енді адам / өзінің / не нәрседен жаратылғанына бір қарасын

[6] Ол атылып шыққан судан жаратылған

[7] Бел / сүйегі / мен көкірек сүйегінің арасынан шығады

[8] Ақиқатында, Ол оны қайтаруға күші жетеді

[9] Сырлар сынаққа тартылған сол күні

[10] оның / кәпірдің / күші-қуаты да, көмек берушісі де болмайды

[11] Қайталаушы / жаңбырлы / аспанмен ант етемін

[12] Тілімденіп айырылушы жермен ант етемін

[13] Анығында ол / Құран / - айырушы Сөз

[14] ол - әзіл емес

[15] Негізінде, олар / имансыздар / қулықпен айлакерлік түзуде

[16] Мен де / айла-шарғыларынақарсы / шара қолданамын

[17] Ей, Мұхаммед! / Кәпірлерге уақыт бер де оларды аз ғана кейінге қалдыр

Ағла

Surah 87

[1] Ей, Мұхаммед! / Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте

[2] Ол жаратып, / орын-орнымен / теңестірген

[3] және алдын ала белгілеп, бағыттаған

[4] әрі жайылымдарды шығарған

[5] кейін оны қурап, қарайған қоқымға айналдырған

[6] Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құранды / оқытамыз, сен есіңнен шығармайсың

[7] тек Аллаһтың қалағанын ғана / ұмытасың / . Шын мәнінде, Ол жарияны да және жасырылғанды да біледі

[8] Әрі Біз саған ең жеңілін оңайластырамыз

[9] Естеріне салу пайда беретін болса, естеріне сал

[10] Аллаһтың жазасынан / қорыққан есіне алады

[11] Ал, одан ең бақытсыз ғана өзін аулақ ұстайды

[12] үлкен отта жанатын

[13] Кейін ол онда өлмейді де, өмір де сүрмейді

[14] Сөзсіз, мұратына жетті - өзін тазартқан

[15] әрі Раббысының есімін еске алған және намаз оқыған

[16] Алайда сендер осы өмірді артық көресіңдер

[17] Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / қайырлы әрі тұрақты

[18] Анығында, бұл әуелгі жазбаларда бар

[19] Ибраһим және Мұсаның жазбаларында / оларға түсірілген сухуфтарда

Ғашия

Surah 88

[1] Ей, Мұхаммед! / Саған Fашияның хабары келді ме

[2] Ол күні / кейбір / жүздер қорланған болады

[3] амал етуші, шаршаған

[4] олар / ыстығы қатты отқа жанады

[5] қатты қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі

[6] Оларға «дариъден» / ұлы тікеннен / басқа ешбір тамақ жоқ

[7] ол оңалтпайды да, аштықты да баспайды

[8] Сол күні / кейбір / жүздер шаттықта

[9] амал, әрекеттеріне разы

[10] биік бақтарда болады

[11] Олар ол жерде бос сөз естімейді

[12] Ол жерде ағып жатқан бұлақ бар

[13] Онда жоғары көтерілген жайлы орындар

[14] әрі қойылған кеселер

[15] және тізілген жастықтар

[16] жайылған кілемдер бар

[17] Олар түйеге, оның қалай жаратылғанына назар салмай ма

[18] әрі аспанға, оның қалай көтерілгеніне

[19] және тауларға, оның қалай тұрғызылғанына

[20] әрі жерге, оның қалай төселгеніне

[21] Ей, Мұхаммед! / Еске сал, анығында сен тек еске салушысың

[22] Сен оларға күшпен үстемдік етуші емессің

[23] Алайда кім теріс бұрылса және күпірлік етсе / қарсы келсе

[24] онда Аллаһ оны ең үлкен азаппен қинайды

[25] Ақиқатында, олардың қайтуы - Бізге

[26] Содан кейін, күмәнсіз, олардың есебі - Бізде

Фәжр

Surah 89

[1] Таңғы араймен ант етемін

[2] Әрі он түнмен

[3] және жұп әрі тақпен

[4] және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін

[5] Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін / жеткілікті / ант емес пе

[6] Ей, Мұхаммед! / Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе

[7] ұзын бағаналары бар Ирамға

[8] Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді

[9] Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға

[10] және қазықтар иесі Фиръаунға

[11] Олар елдерде шектен шығып

[12] әрі онда бұзықтықты көбейткен еді

[13] Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды

[14] Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы

[15] Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді

[16] Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді

[17] Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер

[18] және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар

[19] әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер

[20] Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер

[21] Жоқ, олай емес! Жер / сілкініп / теп-тегіс болған кезде

[22] әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде

[23] және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде - міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда

[24] Ол: «Әттең! Өмірім үшін / ізгі амалдар / жіберген болсам еді»,- дейді

[25] Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды

[26] әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды

[27] Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан

[28] Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт

[29] Енді құлдарымның қатарына кір

[30] Әрі Менің жәннатыма кір

Бәләд

Surah 90

[1] Жоқ! Осы қаламен ант етемін

[2] Ей, Мұхаммед! / Саған осы қалада рұқсат етілген

[3] Әрі атамен және одан туылғанмен ант етемін

[4] Шын мәнінде Біз адамды ауыртпалықтарға жараттық

[5] Ол өзіне ешкімнің күші жетпейді деп есептей ме

[6] Ол: «Мен көп мал-дүние құрттым», - дейді

[7] Сонда ол оны ешкім көрмеді деп ойлай ма

[8] Біз оған екі көз жаратып бермедік пе

[9] және тіл мен екі ерінді

[10] Әрі оған екі биіктікті көрсетпедік пе

[11] Ал, ол асудан өтуге тырыспады

[12] Асудың не екенін саған не білдірді

[13] Ол / - құлды азат ету

[14] немесе ашаршылық күні тамақ беру

[15] туыстығы бар жетімге

[16] немесе шаң топырақтағы кедейге

[17] Кейін иманға келіп, бір-біріне сабырды насихаттап, өсиеттеген және бір-біріне мейірімділікті насихаттап, өсиет еткендерден болу

[18] Міне, осылар - оң жақтағылар

[19] Ал, аяттарымызға сондай күпірлік еткендер / сенбегендер / , олар - солшылдар

[20] Олардың үстінен қамап алушы От / тозақ / бар

Шәмс

Surah 91

[1] Күн және оның жарығымен

[2] әрі оның соңынан ілескен кездегі аймен

[3] және оны / күнді / анық көрсеткен кездегі күндізбен

[4] әрі оны жапқан кездегі түнмен

[5] Аспан және оны тұрғызғанмен

[6] әрі жермен және оны Жайғанмен

[7] және жанмен әрі оны лайықтап Жасағанмен

[8] сөйтіп оған / жанға / бұзықтықты әрі тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / Білдірушімен ант етемін

[9] Оны / жанды / тазартқан мұратына жетті

[10] Ал, оны / күнәға / батырған зиянға ұшырады

[11] Шектен шығулары себепті Сәмұд елі / Елшіні / өтірікшіге шығарды

[12] Сонда олардың ең бақытсызы қозғалғанда

[13] Аллаһтың елшісі / Салих / оларға: «Аллаһтың түйесіне әрі оның суарылуына / тиіспеңдер / », - деді

[14] Ал, олар болса оны / Елшіні / өтірікшіге шығарып, оның / түйенің / тірсегін кесті / өлтірді / . Сонда, Раббысы олардың қылмыстары үшін бәріне бірдей апат жіберді

[15] Әрі Ол / Аллаһ / оның салдарынан қауіптенбейді

Ләйл

Surah 92

[1] Ант етемін, / қараңғылығы / жапқан кездегі түнмен

[2] және жарық болған кездегі күндізбен

[3] әрі ер мен әйелді Жаратқанмен

[4] Негізінде, сендердің ұмтылыстарың әртүрлі

[5] Ал, кім берсе және тақуалық етсе / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанса

[6] әрі ең жақсыны шын деп білсе

[7] жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз

[8] Ал, кім сараңдық істесе, қажетсінбесе

[9] және ең жақсыны өтірік деп білсе

[10] жақында Біз оған ең ауырын оңайластырамыз

[11] Ол құлағанда, дүние-мүлкі оған пайда бермейді

[12] Анығында, тура жолмен жүргізу - Бізге тән

[13] Әрі шын мәнінде соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / және алғашқысы да / осы өмір де / Біздікі

[14] Міне, Мен сендерді жалындаған Оттан / сақтандырып / ескерттім

[15] оған ең бақытсыз ғана кіреді

[16] сондай өтірік деп, теріс бұрылғандар

[17] Одан тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынанқорқып, сақтанғандар / ғана алыстатылады

[18] сондай, мал-дүниесінен беріп тазарған

[19] біреулерге беруге міндетті болмасада

[20] ол тек аса жоғары Раббысының дидарына ұмтылып қана / береді

[21] Әрі ол сөзсіз, жақында разы болады

Духа

Surah 93

[1] Сәскемен ант етемін

[2] және қоюланған түнмен ант етемін

[3] Ей, Мұхаммед! / Раббың сені тастап кетпеді және жеккөрген де жоқ

[4] Әрі күмәнсіз, сен үшін соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , алғашқысынан / осы өмірден / қайырлы

[5] Әрі сөзсіз, жақында Раббың саған береді де сен разы боласың

[6] Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма

[7] Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма

[8] және кедей халде тауып, байытпады ма

[9] Енді сен де жетімді қор санама

[10] сұраушыны зекіп, қума

[11] Әрі Раббыңның игілігі жайлы айт

Инширах

Surah 94

[1] Ей, Мұхаммед! / Біз саған көкірегіңді ашпадық па

[2] Әрі сенен жүгіңді алмадық па

[3] арқаңа ауыртпалық түсірген

[4] Әрі сенің еске алынуыңды жоғарылатпадық па

[5] Негізінде, қиыншылықпен бірге жеңілдік бар

[6] Шын мәнінде, қиыншылықпен бірге жеңілдік бар

[7] Ал, енді босай қалсаң, тырыс / әрекет ет

[8] және Раббыңа қарай ұмтыл

Тин

Surah 95

[1] Ант етемін әнжір және зәйтүнмен

[2] және Синин тауымен

[3] және осы қауіпсіз қаламен

[4] Ақиқатында, адамды көркем бейнеде жараттық

[5] Кейін оны төмендердің төменіне қайтардық

[6] Ал, сондай иманға келген және ізгі іс істегендер - басқа. Оларға таусылмайтын сый бар

[7] Осыдан кейін Есеп беруді өтірік деуге сені не итермелейді

[8] Аллаһ үкім шығарушылардың ең әділ үкім берушісі емес пе

Алақ

Surah 96

[1] Ей, Мұхаммед! / Оқы, жаратқан Раббыңның атымен

[2] адам баласын ұйыған қаннан жаратқан

[3] Оқы! Әрі сенің Раббың аса Жомарт

[4] Ол қалам арқылы үйретті

[5] Адамға, ол білмегенді үйретті

[6] Жоқ, күмәнсіз, адам баласы шектен шығады

[7] өзін бай, мұқтажсыз санағанынан

[8] Ал, анығында, қайту - Раббыңа

[9] Көрдің бе, кедергі жасағанды

[10] бір құлға, ол намаз оқыған кезде

[11] Айтшы, егер ол тура жолда болған болса

[12] немесе тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / бұйырған болса

[13] Көрдің бе, оның өтірікке шығарғанын және теріс айналғанын

[14] сонда ол Аллаһтың көріп тұрғанын білмей ме

[15] Жоқ, олай емес! Егер ол осылай істегенін тоқтатпаса, сөзсіз Біз кекілден ұстаймыз

[16] Өтірікші, біле тұра қателесуші кекілден

[17] Қане, шақырсын ол жақтастарын

[18] Біз де сақшыларды шақырамыз

[19] Олай емес! / Ей, Мұхаммеді / Сен оған бағынба. / Раббыңа / сәжде қыл және жақындай түс

Қадр

Surah 97

[1] Ақиқатында, Біз оны / Құранды / Қадр түнінде түсірдік

[2] Ей, Мұхаммед! / Қадр түнінің не екенін саған не білдірді

[3] Қадр түні - мың айдан қайырлы

[4] Періштелер және Рух / Жәбірейіл / онда / бұл түні / өздерінің Раббысының рұқсатымен барлық істермен түседі

[5] Ол - таң рауандағанға дейінгі сәлам / амандық / түні

Бәйинә

Surah 98

[1] Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендер / Аллаһқақарсы келгендер / және мүшріктер / Аллаһқа серік қатушылар / ажырамаған еді, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін

[2] пәк жазбаларды оқитын Аллаһ тарапынан жіберілген Елші

[3] Оларда ең тура үкімдер бар

[4] Кітап берілгендер, өздеріне ашық дәлел келгеннен кейін ғана бөлінді

[5] Ал олар, ханиф болған / Аллаһты бірлеген / түрде Оған діндерін / серік қосудан / тазартып, құлшылық етуден, намазды орындаудан, зекетті беруден басқаға бұйырылмаған еді. Міне, осы - туралық діні

[6] Ақиқатында, Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендері / Аллаһтың Кітаптарын және Елшілерін мойындамағандар / және мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / Жаһаннам отында мәңгілік қалады. Міне, солар - жаратылғандардың ең жаманы

[7] Анығында, иманға келген және ізгі амал жасағандар, міне, солар - жаратылғандардың қайырлысы

[8] Раббысы алдындағы олардың сыйлары - астынан өзендер ағып жататын ’Адн бақтары. Олар онда мәңгі қалушылар. Аллаһ олардан разы, олар да Одан разы. Міне, бұл - Раббысынан қорыққандар үшін

Зилзәлә

Surah 99

[1] Жер сілкінуімен сілкінген кезде

[2] әрі ішіндегі жүгін шығарған кезде

[3] және адам: «Оған не болды?» - деген кезде

[4] сол Күні ол, оз хабарын айтады

[5] Раббыңның оған уахи етіп білдіруімен

[6] Міне, сол Күні, адамдар топ-тобымен амалдары көрсетілуі үшін шығады

[7] Сонда кім / заттың / ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді

[8] Және кім / заттың / ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жамандық істесе, ол да оны көреді

Адият

Surah 100

[1] Ант етемін, қатты ентігіп шабатын

[2] әрі / тұяқтарынан / ұшқын шығаратын

[3] әрі таң ата шабуылдайтын

[4] онымен бұрқырата шаң көтеретін

[5] әрі онымен / жаудың / ортасына топ бо­лып кіретіндермен

[6] Ақиқатында, адам Раббысына шүкірлік етпеуші / Оның берген игіліктерін мойындамаушы

[7] және анығында, ол осыған куә

[8] Әрі шын мәнінде, ол қайырлы нәрселерді сүюде тым қатты

[9] Ал, сонда ол білмей ме, қабірдегілер шығарылған кезде

[10] және көкіректегі нәрселерәшкереленіп, жария болғанда

[11] күмәнсіз, ол күні, Раббысының олар жайлы толық Хабардар / екенін

Қария

Surah 101

[1] Әл-Қариъа / үлкен апат

[2] Әл-Қариъа деген не

[3] Әл-Қариъа не екенін саған не білдірді

[4] Ол күні адам баласы бытырап таралған көбелектей болады

[5] әрі таулар түтілген жүндей болады

[6] Сонда кімнің таразысы ауыр тартса

[7] онда ол -разы болатын бір өмірде болады

[8] Ал, кімнің таразысы жеңіл тартса

[9] онда оның «анасы» / баратын орнының негізі / Һауия болады

[10] Ал оның не екенін саған не білдірді

[11] Ол - жалындаған от

Тәкәсур

Surah 102

[1] Сендерді арттыра түсу құмарлығы / өзіне бұрып / шұғылдандырып қойды

[2] тіпті қабірлерді зиярат еткендеріңше

[3] Жоқ, олай емес! Сендер жақында білесіңдер

[4] Кейін, тағы да жоқ! Сендер жақында білесіңдер

[5] Жоқ! Егер сендер айқын біліммен білгендеріңде еді

[6] Сендер Жахимді міндетті түрде көресіңдер

[7] Кейін оны айқын түрде көресіңдер

[8] Содан кейін сол күні сендер / берілген / игіліктер үшін міндетті түрде сұраласыңдар

Аср

Surah 103

[1] Асрмен ант етемін

[2] Анығында, адам баласы сөзсіз, зиянда

[3] тек иманға келген әрі ізгі амал жасаған және бір-біріне ақиқатты насихат етіп, өсиеттеген әрі бір-біріне сабырды насихат етіп, өсиеттегендерден басқалары

Һумәзә

Surah 104

[1] Әрбір айып таққышқа, балағаттаушыға қасірет бар

[2] Сондай мал-дүние жиып, оны санаушыға

[3] Ол байлығы, өзін мәңгі қалдырады деп ойлайды

[4] Жоқ, олай емес! Ол міндетті түрде Хутамаға тасталынады

[5] «Хутаманың» не екенін саған не білдірді

[6] Ол - Аллаһтың жандырылған оты

[7] сондай, жүректерге жететін

[8] Ақиқатында ол / от / олардың үстерінен жауып тұрады

[9] созылған діңгектермен

Фил

Surah 105

[1] Ей, Мұхаммед! / Раббыңның піл иелеріне не істегенін білмедің бе

[2] Сонда / олардың айлакерліктерін адасуға айналдырмады ма

[3] әрі оларға құстарды топ-тобымен жібермеді ме

[4] Құстар / оларды балшықтан күйдірілген тастармен атқылады

[5] сөйтіп оларды дәні желініп / тапталған / сабандай қылды

Құрайш

Surah 106

[1] Құрайштың қауіпсіздігі / таңданарлықіс

[2] Олардың қысқы және жазғы сапар- ларындағы қауіпсіздігі

[3] Ендеше олар осы Үйдің / Қағбаның / Раббысына Құлшылық етсін

[4] оларды аштықтан / кейін / тамақтандырған және қауіп-қатерден аман еткен

Мәғун

Surah 107

[1] Сен дінді / қайта тірілуді / өтірік деп санаушыны білдің бе

[2] Міне, сол - жетімді зекіп қайтарады

[3] және кедейді тамақтандыруға түрткі болмайды

[4] Намаз оқушыларға қандай қасірет

[5] солар, намаздарына немқұрайлылар

[6] солар, / амалдарын / өзгелерге көрсету / рия / үшін істейтіндер

[7] және олар тұтыну заттарын да бермейді

Кәусәр

Surah 108

[1] Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған Кәусәрді бердік

[2] Раббың үшін намаз оқы және құрбандық шал

[3] Анығында, сені жеккөрушінің, өзінің соңы кесілген

Кәфирун

Surah 109

[1] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, кәпірлер

[2] Сендердің құлшылық еткен / табынған / нәрселеріңе мен құлшылық жасамаймын / табынбаймын

[3] сендер де мен құлшылық еткенге / Аллаһқа / құлшылық етуші емессіңдер

[4] Әрі мен сендердің құлшылық еткен / табынған / нәрселеріңе құлшылық жасаушы емеспін

[5] және сендер де мен құлшылық жасағанға құлшылық етуші емессіңдер

[6] сендерге - сендердің діндерің, ал, маған - менің дінім», - / деп

Наср

Surah 110

[1] Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың көмегі және жеңіс келген кезде

[2] әрі адамдардың Аллаһтың дініне топ-тобымен кіргенін көргеніңде

[3] Раббыңды мақтаулар айтып дәріпте және Одан кешірім тіле. Ол тәубені / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оғанбойсұнуғақайтуды / Қабыл етуші

Ләһаб

Surah 111

[1] Әбу Ләһабтың екі қолы құрысын әрі өзі де құрыды

[2] Оған дүниесі мен тапқандары пайда бермеді

[3] Ол жақында жалындаған отқа кіреді

[4] және отын көтеріп оның әйелі де

[5] Оның мойнында - есілген арқан / болады

Ықылас

Surah 112

[1] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол, Аллаһ - Ахад / Жалғыз

[2] Аллаһ - ас-Самад / Мұқтажсыз, ал барлық жаратылыс Оған мұқтаж

[3] Ол тумаған және туылмаған

[4] әрі Оған ешкім тең емес

Фәләқ

Surah 113

[1] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Таңның Раббысына / Иесіне / сиынып, қорғауын тілеймін

[2] жаратқан нәрселерінің жамандығынан

[3] әрі қараңғылықтың жамандығынан, ол жапқан кезде

[4] және түйіндерге үрлеушілердің жамандығынан

[5] әрі хасадшының қызғанған / хасад қылған / кездегі жамандығынан

Нас

Surah 114

[1] Ей, Мұхаммед! / Айт: «Адамдардың Раббысына / Иесіне / сиынып, қорғауын тілеймін

[2] адамдардың шын Билеушісіне / әл-Малик

[3] адамдардың құдайына

[4] Аллаһ еске алынғанда / шегінуші азғыратынның / уәсуасул ханнастың / жамандығынан

[5] сондай, адамдардың көкіректеріне уәсуәса (азғыру) салатын

[6] жындар және адамдардан»